124
3) тауарлар мен қызметтер бағасының өсуі;
4) отбасы табысының өсуі.
Төмендегілердің қайсысын инфляцияға мысал ретінде келтіруге болады?
Сурет 25 - Инфляция
туралы
Шешуі.
Инфляцияның көрнекілігі ретінде «инфляция» анықтамасына
сәйкес №3 диаграмманы ұсынуға болады.
Инфляцияның анықтамасына сүйене отырып, «Инфляция (латын тілінен
inflatio – «ісіну») ұзақ уақыт бойы тауарлар мен
қызметтерге бағаның жалпы
деңгейінің өсуі. Инфляция кезінде сол ақшаға біраз уақыттан кейін бұрынғыдан
азырақ тауарлар мен қызметтерді сатып алуға болады. Бұл жағдайда олар өткен
уақыт ішінде ақшаның сатып алу қабілеті төмендеді, ақша құнсызданды - ол
өзінің нақты құнының бір бөлігін жоғалтты дейді. Тауарлар мен қызметтер уақыт
өте келе қымбаттайды. N1, N2, N4 диаграммаларды ұсынуға болмайды, өйткені
инфляция ұғымына анықтамаға сай келмейді.
5-есеп.
Диаграммада 2014-2018 жылдар аралығында жиналған сақтандыру
сыйлықақыларының құрылымы көрсетілген (сурет 26). Диаграмма мәліметтерін
талдаңыз және келесі сұрақтарға жауап беріңдер:
1-ші сұрақ
: Ауыл шаруашылық сақтандыру
бойынша сақтандыру
сыйлықақысының үлес салмағы мүлікті сақтандыру бойынша сақтандыру
сыйлықақысының құрылымында қай жылы ең жоғары болды?
2-ші сұрақ:
2015 жылмен салыстырғанда 2018 жылғы мүлікті сақтандыру
бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жалпы құрылымында көлікті
сақтандыру сыйлықақысының үлесі қанша пайызға өзгерді?
Достарыңызбен бөлісу: