130
маржа және дисконт сияқты қаржылық ұғымдарға негізделген есептеу
дағдыларын қалыптастырады демекпіз. Сондай-ақ,
қаржылық-экономикалық
мазмұнды мәтінді есептерді шығару арқылы есеп мазмұнындағы қаржылық
жағдайларды талдау, қаржылық ұғымдарды игеру барысында оқушылардың
қаржылық сауаттылығын төмендегіше қалыптастыра алады:
- адам қажеттіліктерінің тобын нақты мысалдармен сипаттай және суреттей
алуы;
- қоғамдық өмірдің экономикалық құбылыстары мен процестерін ажырата
алады;
- жеке қаржы жағдайын талдау бойынша
қарапайым практикалық
тапсырмаларды орындау;
- инфляцияның күнделікті өмірге әсерін түсіну;
- тұтыну бағаларының индексін талдау әдістерін қолдану;
- жеке қаржы саласындағы азаматтық, еңбек қатынастарына байланысты
қарапайым
жағдайларды талдау;
- шектеулі қаржылық ресурстар мәселесін түсіндіру;
- мысалдар арқылы салық түрлерін білу және нақтылау;
- ақшаның әртүрлі нысандарының қолданылу аясын ажырату;
- отбасы шаруашылығын сипаттау және отбасы бюджетінің құрылымын
талдау;
- қаржылық мақсаттарды тұжырымдау, олардың
орындылығын алдын ала
бағалау;
- күнделікті өмірде ақшаны сауатты өңдеу және үнемдеу;
- банк жүйесінің қаржылық қызметтері туралы түсініктері болуы;
- несие және оның рәсімделуі мен несие түрлерін ажырата білуі;
- несие карталары мен банктік есептеулерді сауатты жүргізе алуы;
- қаржылық мәселелерде барысында алаяқтардан сақтана білу.
Достарыңызбен бөлісу: