86
уақыт ағымы мен пайыздық өсім арасындағы кідіріс теңдеулері көмегімен
белігілі нәтижеге қол жеткізуге болады.
Сонымен қатар, экономикалық процесстерде
ерекше бір қасиетке ие
ауытқымалы аргументі бар интегралдық-дифференциалдық теңдеулер үшін
шеттік есеп қарастырылған. Яғни, мұнда ауытқымалы түрлендіру ретінде
2
( )
( (t))
t
t
=
=
қасиетін
қанағаттандыратын
: 0,
0,
T
T
→
түрлендіруі
қарастырылады. Мұндай гомеоморфизм – инволютивті түрлендіру деп аталады.
[0, ]
T
кесіндісінде инволютивті түрлендіру ретінде
( )
T
t
t
= −
түрлендіруін
қарастырсақ болады. Инволютивті түрлендірудің қасиеттерін қолданып, есепті
интегралдық – дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есепке келтіреміз [156].
Оқушылардың қаржылық-экономикалық
мазмұнды есептерді игеру
деңгейін анықтау үшін жалпы сыныпқа әртүрлі деңгейлі тапсырмалар беріледі.
Мұндай оқушыларға деңгейлік тапсырмалар арқылы білім алуға бағытталған
әрекет
саралап оқыту әдісі
болып табылады.
Ж.Ізгіғали саралап оқытуды даралау деп түсіндіріп, даралық бағыт әр
оқушының танымдық күштерін, белсенділігін
бейімділігін және дарынын
дамытуға аса қолайлы мүмкіндіктер түзуге жәрдем береді. Мұндай тәрбиелік
бағыт «қиын» шәкірттер, қабілеті төмен оқушылар үшін қажет – деп көрсеткен
[141, б.10]. Саралап оқыту әдісі оқушының жеке талпынысы мен ынтасын ояту
мақсатында әр мұғалімнің жетекшілігімен жүргізіледі. Осындай саралау әдісі
арқылы әртақырып бойынша оқулықта үш деңгейдегі А, В, С топтарына бөлінген
жаттығулар ұсынылады [42, б.57].
Оқытудың педагогикалық
технологиясында деңгейлеп, саралап оқыту
технологиясы алынған нәтижеге сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде
анықталады. Бұл жағдай оқушының оқу материалын жеңілден күрделіге қарай
жүйелі меңгеруі арқылы жүзеге асырылады. Сабақты ұйымдастыру кезінде
деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының жүйесін
қолдану сабақтың
тиімділігін көтереді. Деңгейлік бағалау әдісі әр оқушының дамуын
қадағалайтын педагогикалық мониторинг құруға мүмкіндік береді.
Case-study әдісі.
Орта мектеп оқушыларының қаржылық сауаттылығын
қалыптастыруда case-study әдісі оқушылардың белсенділігін арттыруға ықпалы
бар әдістердің бірі. Шынайы өмірдегі
қаржылық мәселелерді шешуде
қаржылық сауаттылықты қалыптастыру үшін, оқушылардың қаржылық
білімдері мен дағдыларын дамыту әдісі. Берілген мәтінді есептер мазмұнына
сай, қаржылық сауаттылықты қалыптастыру аясында
келесі іс-әрекеттерді
жетілдіру үшін пайдаланылады:
- берілген тапсырма мазмұнында сипатталған жағдайлардың мәнін түсіну;
- берілген тапсырма мазмұнындағы ақпаратпен жұмыс жасау, талдау және
синтездеу;
- берілген тапсырмаға сай болжамдармен және қорытынды жасау;
- берілген жағдайды түсіну барысында топтық коммуникативтік
дағдылары қалыптастыру [42, б. 56-57,155, б. 60]
.
Достарыңызбен бөлісу: