Ерлер денсаулығы елеусіз қалмауы тиіс


Сұхбаттасқан Ерман әБДИЕВ



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата08.01.2017
өлшемі6,83 Mb.
#1401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Сұхбаттасқан Ерман әБДИЕВ.

Махметғали САРЫБЕКОВ,

М.Х.  Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік  университетінің                           

ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық 

ғылыми кеңестің төрағасы:

талаптыға нұр жауар.  

 

„

  Ол бақытын еңбектен тапты. Ұстаз, ғалым әрі бір қолымен бесікті, 



екінші қолымен әлемді тербеткен ана. Бүгінде ұл-қыздарынан бес немере 

сүйіп, әже атанып отыр. Оның да өмір жолы тақтайдай тегіс болған жоқ. 

Бір кездері Меркі ауданынан мектепті бітірген бойда Жамбыл педагогика 

институтына келіп оқуға түскен қаршадай ғана қайсар қыздың да 

ғылымның тастақ жолдарымен тынбай  биікке өрлеуіне тура келген. 

көкжиЕк


//   «Жамбыл - тараз»  //  №14 (1302),  6 сәуір 2016 Жыл  //

8

 

„

Оңтүстік Кореяның дэджон қаласында өткен мектеп оқушыларының 

Халықаралық «Жас ғалым» ғылыми жобалар жарысына қатысқан 

облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын 

мамандандырылған мектептің 9-сынып оқушысы Еркежан Қайназарова 

екінші орынды иеленді. 

ҚанаТың ТалМаСын, 

ЕрКЕЖан!

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Сайыстың басты мақсаты - дарынды оқушыларды іріктеп, қолдау 

көрсету. Сондай-ақ зерттеушілік-ізденіс қызметіне қызығушылық 

танытқан оқушылардың үздік жетістіктерін насихаттап, Кореяның 

жоғары  оқу  орындарымен  шығармашылық  қарым-қатынасын 

нығайту болып табылады.

         Халықаралық конкурсқа әлемнің барлық елдерінен оқушылар 

қатысты.


- Мен лингвистика бойынша жоба дайындағанмын.  Ол «Үш 

тілдің  семантикалық құрылымына байланысты туыстық  атау-

лары» деген тақырыпты қамтыды. Жобамның жетекшісі - біздің 

мектептің ағылшын тілі пәнінің ұстазы Виктория Мельникова. 

Зерттеу барысында туыстық, яғни, отбасы, туған-туыстарға қатысты 

сөздердің  төркіні  қаралды.  Қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдерінің 

ұқсастығы  мен  айырмашылығына  тоқталдым.    Өз  еңбегімде 

347  мақал-мәтелді оқып, талдадым. Мысалы, ата-анаға қатысты 

мақалдар қай тілде, қаншалықты жиі қолданылатындығына көңіл 

бөлдім.    Туған-туыс  жайлы    тақырыпты  мен  кездейсоқ  алған 

жоқпын.  Мен  үшін  ең  маңыздысы  -  киелі  шаңырақ.  «Ұяда  не 

көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, бар жақсыны отбасы, 

ошақ қасынан аламыз. Жылы сөз, ыстық құшақ арқылы бар игі 

қасиеттер бойымызға таралса керек. Міне, сондықтан да мен өз 

еңбегіме осы сөздерді таңдадым. Ал мақал-мәтелдер жайлы айтар 

болсақ,  ол  мәдениетіміздің  айнасы.    Сондықтан,  бұл  тақырып 

менің жаныма жақын болғандықтан қиындық тудырмады. Қазылар 

алқасын да, тіпті қатысушыларды да менің таңдаған тақырыбым 

қызықтырыпты. Қазақстан бойынша халықаралық конкурсқа 142 

оқушы қатысты. Мен екінші орынды иелендім. Медаль мен сер-

тификат алып қайттым. Сондай-ақ, ҰБТ тапсырмаймын және де 

алдағы уақытта  Woosong университетінде 50 пайыз жеңілдікпен 

оқимын. Бұл жолсапар маған ерекше көңіл-күй сыйлады. Оңтүстік 

Кореяның «Lotteworld» атты ең үлкен саябағын араладым. Бұл 

өлкенің ерекшелігі адамдарының жайдарылығында екен. Мәдениеті 

де  ерекше.  Есесіне  адамдары  бейбітсүйгіш,  сенгіш,  көңілді. 

Олардың күлкісінен жылылық тарап тұрғандай әсерде болдым,-

дейді Еркежан. 

Модель  агенттігінде  шыңдалып,  би  өнерімен  де  айналысқан 

талантты қыз  енді барлығын қойып, ғылымға ғана көңіл бөлмек. 

Талабы таудай дарын иесі болашақта ағылшын тілін жетік меңгеріп, 

журналист болуды арман етеді. Қанатың талмасын, Еркежан!  



Берлинде білімін жетілдіруде

Индира ТәЛІПҚЫЗЫ

Алғашқы еңбек жолын ауыл мектебінде орыс тілі мен әдебиеті 

пәнінің  мұғалімі болып бастағанмен, оны «өзі сауал, өзі жауап» 

ғылым әлемі өзінің тылсым кеңістігіне баурап тартты да тұрды.

Ақыры ойлана келе ұстаздық қызметін Тараз мемлекеттік 

педагогикалық институтында ғылыммен ұштастыра жүргізуге 

ұйғарған. Оның ғылыми жолы осыдан жиырма бір жыл бұрын 

осылай  басталып  еді...  Шын  мәнінде,  ол  өзінің  ғылыми-

педагогикалық еңбек жолында нағыз зерттеуші ғалым ретінде 

танылды. Осы жылдар ішінде «Практикалық орыс тілі», «Педа-

гогика және этнопедагогика», «Психология және акмеология» 

кафедраларында  аға  оқытушы,  доцент,  институттың  Тәрбие 

және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орталығының басшысы 

қызметтерін атқарған Лескүл Нұсұпқұлқызы өз саласы бойынша 

шеберліктің шыңына да жетті. 2007 жылы жалпы педагогика, пе-

дагогика және білім тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша 

кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты. 

          Ғалым-ұстаз педагогикалық пәндерді оқыту мәселелері 

саласында еліміз көлемінде айтарлықтай жұмыстар тындырды. 

Атап айтқанда, ол өзінің көп жылдық тәжірибесі мен ғылыми-

зерттеулерінің негізінде қазіргі отбасы мәселелері пәнінің ұлттық 

мазмұндағы оқу бағдарламасын, әдістемелік нұсқаулықтарын 

түзіп шықты. Оның «Отбасында балаларға ұлттық тәрбие беру», 

«Қазіргі отбасы мәселелері» атты авторлық, «Қазақ отбасы», 

«Отбасында балаларға ұлттық тәрбие беру» арнайы курсының 

бағдарламалары да табысты жүзеге асырылу үстінде. «Қазақ 

этнопедагогикасындағы отбасылық тәрбие», «Этнопедагогика» 

оқу құралдары оқу үрдісіне енгізілген.

         Л. Ибраимова бүгінде  аталған білім ордасының «Өнер 

және мәдениет» факультетінің деканы,  институт Ғылыми кеңесінің 

де мүшесі.  Ол түрлі деңгейдегі конференциялар мен семинар-

ларда бүгінгі таңдағы педагогиканың өзекті мәселелері туралы 

баяндамалар жасап, тың ой, идеяларымен бөлісіп те отырады.  

Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен халықаралық 

ынтымақтастық департаментінің «Педагогикалық мамандықтарға 

шығармашылық емтихандарды енгізу мәселелері жөніндегі» 

жұмыс тобының мүшесі ретінде бірқатар шешімдер қабылдануына 

қомақты үлесін қосқаны да бар.  Лескүл Нұсұпқұлқызы  «Болашақ» 

халықаралық стипендиясының иегері атанып, бүгінде Берлин 

техникалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде. 

Ұдайы шығармашылық ізденісте, тынбай еңбектенумен жүретін 

ғалым-ұстаздың жетістігі мұнымен де шектеліп қалмасы анық. 

Биіктен биікке өрлей беруіне тілектеспіз біз де!

 

„

нобель сыйлығы - әлемдегі ең 



беделді сыйлық болып табылады. 

Оның лауреаттары қатарында рентген 

сәулеленуін, пенициллинді ойлап 

тапқан атақты ғалымдар бар.  Жыл 

сайын қазан айының басында бүкіл 

әлем назары швеция мен норвегия 

еліне ауады. дәл осы уақытта 

Стокгольм және Осло қалаларында 

нобель сыйлығы лауреаттарының 

есімі жарияланады.  

нобель - теңдессіз 

сыйлық

Нобель сыйлығы 1901 жылдан бері әр жыл сайын физика, 

химия, медицина, әдебиет және бейбітшілік салалары бойынша 

елеулі жетістікке жеткен ғалымдар мен ұйымдарға беріледі. 

Марапаттау рәсімі жыл сайын 10 желтоқсан күні өтеді. Осы 

салтанатты марапаттау күнінде Швеция королі лауреаттарға 

Нобель медалін, диплом және де ақшалай сыйлық тапсырады. 

альфред нобель мұрасы

Нобель сыйлығы швед өнертапқышы және өнеркәсіп иесі 

Альфред Нобельдің  (1833—1896) өсиеті бойынша құрылған. 

1895 жылы жазылған өсиетте Нобель өзінің қаржы жағдайын 

сенімді бағалы қағаз күйінде ұстауды бұйырған. Өсиетке сәйкес, 

марапат беруге Швеция мен Норвегия еліндегі төрт ұйым жауап-

ты болуы қажет. Олар Швед Ғылым академиясы, Стокгольмдегі 

Каролин институты, Стокгольм академиясы, сондай-ақ, бес 

мүшеден тұратын Норвегия парламенті сайлаған комитет.

динамит атасы 

Нобель сыйлығын құрушы Альфред Нобель инженер-

химик, өнертапқыш және ірі өнеркәсіп иесі болған. Ол 1833 

жылы 21 қазанда Стокгольм қаласында туып, 1896 жылдың 

10 желтоқсанында Сан-Ремода дүниеден озды. Нобель өз 

еңбегінің көбін жарылғыш заттарға бөлген. Ол капсюль-дето-

натор, динамит, түтінсіз дәрі секілді өнертабыстардың авторы. 

Альфред Нобель есімі бүкіл әлемге 1882 жылы Сен-Готард 

туннелінің құрылысы кезінде алғаш рет динамит қолданылған 

бойда танылды. 

Өз өмірінде Нобель 355 өнертабысты бес түрлі елде па-

тенттеген. Оның ойлап тапқан жарылғыш заттары әлемнің әр 

жерінде орналасқан 100 зауытта өндірілді. 

Атақты өнертапқыш Швеция, Ресей, Франция, Ұлыбритания, 

Германия, Италия секілді елдерде жұмыс істеген. Ол сонымен 

қатар 5 тілді білген, әдебиет оқу мен өлең, пьеса жазуды сүйген 

адам болған.

нобель сыйлығы

  1901 жылы алғаш рет Нобель сыйлығы берілгеннен бастап, 

2011 жылға дейін Нобель сыйлығы лауреаты атанған адамдар 

мен ұйымдар саны 853-ке жеткен. Олардың 23-і ұйым болып 

есептеледі.  Лауреат  атанған  адамдардың  кейбірі  мұндай 

құрметке екі рет лайық болған. Физика саласында тұңғыш 

лауреат атанған адам - сәулеленуді ойлап тапқан Вильгельм 

Конрад Рентген болды. Рентген сәулеленуі қазіргі күнге дейін 

бүкіл әлемде медицина саласында қолданылып келеді. 

1905 жылы тарихта алғаш рет Нобель сыйлығы лауреаты 

австриялық жазушы Берта фон Зутнер атты әйел адам бол-

ды.  Әдебиет саласы бойынша, Нобель сыйлығына лауреат 

атанғандарының ішінде Эрнест Хемингуэй (1945), Тони Мор-

рисон (1993), Дарио Фо (1997), Гарольд Пинтер (2005) бар. Ал 

осы номинация бойынша ең қарт лауреат Дорис Лессинг еді. 

Ол 2007 жылы 87 жасында марапатталған болатын. Сондай-ақ  

Нобель сыйлығын иеленген азаматтардың қатарында  Нельсон 

Манделла, Барак Обама секілді танымал қайраткерлер де бар.

Марапаттау рәсімі

   Салтанатты марапаттау рәсімінде лауреаттарға Швеция 

королінің қолынан Нобель медалі, диплом, сонымен қатар 

ақшалай сый (Бүгінгі таңда Нобель сыйлығының ақшалай 

сый мөлшері 10 миллион швед кронын құрайды (бұл 1,5 млн. 

АҚШ доллары) тапсырылады.  Бұл сыйлыққа ие болған қазаққа 

келетін болсақ, халықаралық атом қуаты жөніндегі агенттік 

(МАГАТЭ) ұжымына Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығы 

берілді. Осы ұжымдағы 11 адамның ішінде қазақстандық Достай 

Раманқұлов та бар. Алайда, теңдессіз сыйлыққа жеке-дара қол 

жеткізген қандастарымыз жоқ.   



Дайындаған Индира БАЙҚОНЫС.

әлЕуМЕт

11

//   «Жамбыл - тараз»  //  №14 (1302), 6 сәуір 2016 Жыл  //



Әр ӘзілдЕ Бір МыСҚал...

 

„

 «Баласағұн» орталық концерт залында көңілді тапқырлар клубының 



«Маусымашар-2016» фестивалі өз мәресіне жетті.

әкім кубогі шығыста.  

 

 

„

Тараздағы «алтел» байланыс жүйесінің интернет қолданушыларының бірқатары «шектеусіз интернет» тарифінің өшірілетінін 



ескертпеді деп наразылықтарын білдірді. аталған байланыс жүйесі қолданысқа енгізілгелі бері өз тұтынушыларын «шектеусіз 

интернет» тарифі арқылы қуантып келген еді. 

«алтел» халықты неге шулатты? 

Сейділдә ТӨРЕН

Ғаламды  интернет  иіріп,  бар  жұмысы  осы  интернет-

ке  тәуелді  мына  алмағайып  заманда  отандық  байланыс 

жүйесінің ісіне еңкейген кәріден еңбектеген жасына дейін 

барлығы бірдей қуанған-тын. Себебі, «Алтелдің» ғаламторы 

арзан әрі жылдамдығы да айтарлықтай. Бағасы айына әрбір 

қолданушыға 4500 теңге болған. Енді «Шектеусіз интер-

нет» тарифі жойылып, орнына 4500 теңгеге бар-жоғы 30 

ГБ қана берілетін болыпты. Ал бұл жүйе таңның атысынан 

кештің батысына дейін интернетке үңіліп отыратын кейбір  

мекемелердің кеңсе жұмысшылары мен тұрғындар үшін мүлде 

тиімсіз болып қалған. 

Сәуір айының алғашқы аптасы басталысымен «Алтелдің» 

ғимаратына  тұрақты  да  сүйікті  қолданушылары 

интернеттерінің өшуіне байланысты себебін сұрамақ болып 

келе бастаған. Барлығының да байланыс операторларына 

өкпесі қара қазандай. Себебі, өткен наурыз айының аяғында 

төлемдерін төлеген кездерінде ешбір қызметкер «Шектеусіз 

интернет» тарифінің өшірілетінін хабарламаған.

- Мен 28 наурыз күні төлемақымды төлеуге келген кез-

де  осындағы  қызметкерлер  1  сәуірге  дейін  өтемақыңды 

төлесең «Шектеусіз интернет» тарифі келесі айдың 28-іне 

дейін сақталады деді. Егер 1 сәуірден кейін төлейтін болсақ, 

30  ГБ  қана  берілетіндігінен  хабардар  етті.  Осы  себеп-

тен 4500 теңге төлемақымды 28 наурыз күні өтедім. Рас, 

лимитсіз интернеттің өшірілетіндігінен хабардар болдым. 

Бірақ, мұндағы қызметкерлер жоғарыдағыдай түсіндірген 

соң сенген болатынбыз. Бүгін байланыс өшіп қалған соң, 

кеңселеріне  келіп  сұрасам,  менің  төлеген  4500  теңгем 

күйіп кетіпті. Енді 1 сәуірден бастап тарифтік жүйелердің 

өзгеруіне байланысты қайтадан 4500 теңге төлеп «30 ГБ» 

интернетті қайтадан қостыруым керек екен. Білдей байланыс 

жүйесі қызметкерлерінің мені жас балаша алдағандарына 

таңмын. Немесе өздері өз іштерінде не болып жатқандығын 

түсінбейді,-дейді  «Алтел»  байланыс  жүйесінің  тұрақты 

қолданушысы  Жәнібек  Салабеков.    Аталмыш  байланыс 

жүйесінің кеңсесіне бас сұққандардың көпшілігі өздеріне 

«Шектеусіз  интернет»  тарифінің  өшірілетіндігі  туралы 

ешбір хабарлама келмегендігін алға тартып отыр. Мұның 

ішінде өз істерін ғаламтор арқылы өрбітіп отырған бірқатар 

мекемелердің өкілдерін де кездестірдік. Мәселен, жедел пош-

та қызметінен өзге Қазақстан, ТМД мен  шет елдер бойынша 

жүк жеткізу және Канадаға бару визасын рәсімдеуге арналған 

құжаттарды қабылдау қызметтерін қатар атқаратын «Пони 

Экспресс» ЖШС-і өкілдері ғаламтордың өшуіне байланысты 

жұмыстарының тұралап қалғандығын жеткізуде. Сондай-ақ 

олар интернеттің өшірілетіндігін алдын ала хабарламаған 

байланыс  жүйесінің  қызметкерлеріне  наразы.  Өйткені 

осының салдарынан қаншама клиенттерінің тапсырыстарын 

уақытысында орындай алмай, сенімдерінен айырылған. 

Мән-жайдың барысын байланыс жүйесінің қызметкерлерінен 

сұрағанымызда, бастапқыда бас кеңседен 1 сәуірге дейін 

төлемақы  төлегендердің  «Шектеусіз  интернет»  тарифі 

сақталады деген ақпарат келген екен. Дегенмен, сәуірдің 

алғашқы аптасы, яғни 4 сәуірден бастап ол тарифті өшіріп 

тастағандығын  айтты.  Ал  басты  жауап  беруші,  тілшілер 

көп күткен «Алтел» байланыс жүйесінің Жамбыл облыстық 

филиалының директоры Сәуле Сүлікова барлық абоненттерге 

«Шектеусіз интернет» тарифінің өшірілетіндігі туралы 16 

наурыздан бастап нөмірлері мен жеке кабинеттеріне смс-

хабарламалар жолданғандығын мәлімдеп отыр.  

- 16 наурыздан бастап барлық нөмірлер мен жеке кабинет-

терге «Шектеусіз интернет» тарифінің өшірілетіндігі туралы 

смс-хабарламалар жібердік. Енді сәуір айынан бастап біздің 

байланыстың интернет қызметіне шектеу қойылатын болады. 

Яғни, 4500 теңгеге «30 ГБ» интернет алатын болады. Ал 1 

сәуірге дейін 4500 теңге төлеп, бүгінде ол ақшалары күйіп 

кеткен абоненттерімізге ол ақшаны қайтармаймыз. Себебі, 

біз өшетіндігі жөнінде хабарладық. Барлығын біле тұра сол 

ақшаны төлеген өздері кінәлі,-дейді филиалдың басшысы. 

Ал ашуланған қолданушы абонент өкілдері болса ендігі жер-

де мүлде «Алтел» байланыс жүйесін қолданбайтындықтарын 

айтып, бір күнде қызметі өзгере қалған байланыс жүйесіне 

реніштерін білдіріп тарқасты. Сондай-ақ олар бірауыздан 

қалталарынан себепсіз шыққан қаржыны қайта өндіріп алу 

мақсатында Тараз қаласының прокуроры Бағлан Телеудің 

атына арыз жазып, заңды түрде шешілуін талап етіп отыр.          

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Биылғы  жылы  Жамбыл  облысында  «Әулие  ата» 

республикалық орталық лигасы, «Жайдарлы» жастар КВН 

лигасы,  «Жайдарлы  жас  ұлан»  мектеп  лигасы  және  «Шу» 

жастар  лигасы  ресми  түрде  жұмыс  жасайды.  Жалпы  осы 

лигаларда биылғы маусымда ойнауға 100-ден аса командалар 

ниет білдірген екен. 

Ал, «Баласағұн» орталық концерт залында өткен фести-

вальге  30-дан  аса  командалар  тіркеліп,  Шығыс  Қазақстан, 

Оңтүстік  Қазақстан,  Алматы,  Қызылорда  және  Жамбыл 

облысының белді командалары қатысты.

Тараз  қаласы  әкімдігінің  Ішкі  саясат  бөлімі  Жастар 

ресурстық орталығының қолдауымен өткен ойынның ерек-

шеленген тұсы - қала әкімінің арнайы Кубогі тігіліп, орын 

алған  командаларға  жүлделер  тағайындалғаны.  Сонымен 

қатар «Үздік ойыншы», «Үздік әзіл», «Жайдарман аруы» және 

«Көрермендер көзайымы» номинациялары да болды. 

      Екі  бөлім  бойынша  өткен  ойынның  шымылдығын 

жас  командалар  ашып,  негізгі  бәсекені  тәжірибелі  топтар 

жалғастырды.  Қатысқан  барлық  командалар  жақсы  өнер 

көрсетіп, жоғары дайындықпен келгендерін аңғартты. Әсіресе,  

Жамбыл облысының намысын республикалық жоғарғы лига 

ойындарында қорғап жүрген «Шу-Чу» құрамасының әдемі 

өрілген қағытпа қалжыңдары мен әзілдері көрермен көңілінен 

шықты.

Қоғамның кейбір көріністерін әзілмен астарлап, қалжыңмен 



қағыта білген ойында қазылар алқасының шешімі бойынша 

«Үздік  әзіл»  номинациясын  Тараз  қаласының  «Болашақ» 

құрамасы,  «Жайдарман  аруы»  номинациясын  Қаратау 

жас-  тар  құрамасының  ойыншысы  Дильназ  Бекназарова, 

«Үздік  ойыншы»  номинациясын  Шығыс  Қазақстан  облы-

сынан  келген  «Престиж»  жайдарман  тобының  ойыншысы                                                 

Мухтарбек Ахатаев және «Көрермендер көзайымы» номина-

циясын Талдықорған қаласының «Асар» тобы жеңіп алды.  

Ойынның жалпы нәтижесі бойынша жүлделі 3-орынды Тараз 

қаласы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің 

«Бұзық  қыздар»  жайдарман  тобы,  2-орынды  Тараз  қаласы 

«Болашақ» колледжінің «Болашақ» құрамасы және бас жүлде 

мен  Тараз қаласы әкімінің Кубогін Шығыс Қазақстан облысы 

мемлекеттік техникалық университетінің «Престиж» жайдар-

ман тобы жеңіп алды. Ойынға қатысушы барлық жеңімпаздар 

арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.



 

„

Тараз қаласы әкімдігінің 



жанындағы кәмелетке 

толмағандардың істері және 

олардың құқықтарын қорғау 

жөніндегі комиссияның кезектен 

тыс №7 көшпелі отырысы 

Жамбыл облыстық салауатты 

өмір салтын қалыптастыру 

орталығы жанынан құрылған 

«Жігер» жастар орталығында 

өтті. 

Жастарға берері мол 

орталық

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Қиындыққа  кездескен  жастарға  ақыл-кеңес  беріп 

қана  қоймай,  сонымен  қатар,  тура  жолдан  тайдырмай, 

дұрыс жол сілтеу мақсатында құрылған орталық жастар 

үшін маңызды. Мұнда  қиындықпен бетпе-бет жүздескен 

жасөспірім көкейіндегі сауалға жауап алумен қатар, кешенді 

медициналық, психологиялық, әлеуметтік көмек те алады.

Комиссия мүшелері қолөнер шеберханасында, гине-

кология, психология, сондай-ақ тренинг залдарын аралап, 

осы орталықтың төрағасы Светлана Нұрмағамбетованың  

баяндамасын тыңдап, балауыздан жасалған медициналық 

мүсіндерді тамашалады. 

Орталық  қиындыққа кездескен жастардың көңілін аулау 

мақсатында түрлі көмек көрсетеді. Тығырыққа тірелгендер 

түрлі жағдайға тап болып, шырмауық ойлардың әсерінен 

томаға тұйықталып қана қоймай, өз өмірін қиюға бара-

тын болып жүр. Жолсыз жерден жол тауып, шырғалаңға 

түскендердің жанын меңдеген зауалдың түйінін шешіп, за-

лалсыз, жаңа өмір бастауына расында орталықтың берері мол. 

Осы  орталықта  еңбек  еткен  өмірлік  тәжірибесі  мол        

Светлана Кубашқызымен сұхбаттасқан едік.

-  Дәрігер  -  ол  адамның  тәнін  ғана  емес,  жанын  да 

емдеуші. Кез келген жасөспірімнің күйзелген жанының 

демеуі боларлық дауа іздеймін. Олардың біреуі жылылыққа 

зәруліктен томаға тұйықталып, өмірмен қош  айтысуға бел 

буды делік. Оны қалайда сол ойдан алып шығуды міндетім 

деп білемін. Менің қобдишамда түрлі-түсті шар, әсем қанатты 

ойыншық көбелектер, гүлдер бар. Олар адамдарға ерекше 

көңіл-күй сыйлайды. Сондай әсем ойыншықтарды жиі сый-

лап, сонымен қатар, тұңғиыққа батуға мұрша бермейтін, өзі 

ұнатып айналысатын  бір іспен шұғылдануына жағдай жасау 

қажет балаға. Және де ең бастысы, бала өзінің керек екенін, 

оның амандығы бәрінен маңызды екенін, оны жақсы көретін 

адамның бар екеніне сенімді болуы керек. Біздің орталық 

кез келген жағдайда құпия түрде де көмектесе аламыз. 

Әзірге қалалық ауруханаға ауысуға асықпыз. Себебі қазіргі 

орналасқан мекеме орталықтан жырақ,- деді.

Біршама ұл-қыздардың тығырықтан шығуына ұйытқы 

болып, алдағы күнге сеніммен қадам басуына себепші болған 

орталыққа қайырылған жастар өздеріне қажетті көмекті ала 

алатынына көзіміз жетті.


10

//   «Жамбыл - тараз»  //  №14 (1302), 6 сәуір 2016 Жыл  //

кЕлбЕт

 

„

Жалпы, жамбылдық жұртшылық ардагер-журналист Тұрсынхан Толқынбаевты 



жақсы таниды. Тұрсекеңнің уақытында «ақ жолда» еңбек етіп жүргенде жазған 

мақалалары, сын-зерттеулері өз бағасын алған-ды. Қай мәселеге болсын 

терең баратын, жазғанда да өткір, өкіртіп жазатын аға буын өкілдерінің ішінде 

Тұрсынхан ағаның қолтаңбасын тану оңай.

КӘСіБін СүйгЕн МайТалМан

Ерман әБДИЕВ

Редакцияға іздеп келген ағам Тараз қаласындағы 

«Формат-Принт» баспасынан шыққан «Жол азық» 

кітабын сыйға тартты. Сөйтсем, Тұрсынхан аға 

70-ке келіпті. Үнемі ізденісте жүріп, тыным тап-

пайтын ағамның еңбекқорлығы енді керемет. Мен 

журналистикадағы  еңбек  жолымды  облыстық 

«Ақ жол» газетінде бастап, 2005-2007 жылдары 

аймақтың айнасы болған газетте жұмыс істеген 

едім. Тұрсекеңмен сонда таныстым. Алғаш тілші 

болып, кейін хаттар бөлімінде жүріп, біраз жау-

апты хатшының орынбасары да болдым. Ол кезде 

Тұрсынхан аға білдей жауапты хатшы. Ал еңбек 

жолын  аудандық  газетте  бастаған  Тұрсынхан 

Толқынбаевтың өмірден түйгені де, көргені де 

мол,  тәжірибелі  журналист.  Бүгінде  аға  буын 

журналистердің ішінде өзінің ізін басқан жур-

налистер  қауымына  сыйлы  ағаның,  қарымды 

публицистің  әлі  де  бергенінен  берері  көп  бұл 

қоғамға... Шындығында, адамгершілігі жоғары, 

үлкенмен де, кішімен де тез тіл табысып, қай 

тақырыпта болмасын еркін пікір айтып, ағалық 

ақылын аямайтын Тұрсынхан ағаның еңбек жолы 

жаңа кітап.  

 

бізге үлгі болса керек-ті. Өз кәсібін жан-тәнімен 



сүйген жан ол – Тұрсекең!

Еврей халқында: «Біреуден бір нәрсені сұрап 

алма,  ұрлап  ал»  деген  қағидалы  сөз  бар  екен. 

Ондағысы  «ұрлап  ал  дегені  қол  сұғып,  затын 

ұрлау» мағынасында емес, жақсылардың жанында 

жүріп, жақсы қасиетін сіңіру мақсатында айтылса 

керек. Мен Тұрсекеңнің жанында жүріп, қарбалас 

газет жұмысының, әсіресе бетті ұйымдастыру, 

келесі  санды  жоспарлау,  тақырып  табу  сынды 

көзге көрінбейтін, бірақ тынымсыз ізденісті талап 

ететін жұмыстың қыр-сырын үйрендім десем артық 

айтқандық емес. Жақсы адамнан үйренетін жақсы 

дүние көп болса неге үйренбеске?! Тұрсекеңнің 

ашуланғанын да көрдім. Әй, бірақ Тұрсынхан аға 

сол ашуын да дұрыстап шығара алмайды-ау, ұрса 

да алмайды ғой...

Ал қолыма тиген соңғы еңбегін Тұрсынхан аға 

«Жол азық» деп атапты. Тұрсеке, сіз өзіңіздің сана-

лы ғұмырыңызда журналистика саласында тынбай 

еңбек еттіңіз. Өзіңіз сүйген кәсібіңізді өмірлік азық 

еттіңіз. Өз биігіңізге, өз шыңыңызға шыға алдыңыз. 

Және одан еш төмендемесіңіз тағы анық. Өмірлік 

азық болар өнегелі еңбектеріңіз өміршең боларына 

мен сенемін.

Тұрсынхан  аға  екеуміз  облыстық  «Ақ  жол» 

газетінде еңбек етіп жүргенде Мақұлбек Рысдәулет 

бас редактор еді. Сол Мақаңның Тұрсынхан ағаға 

берген бағасы: «Тұрсынхан өмірдің ащысын да, 

тұщысын да көрген, талай оқиғаларды басынан 

өткізген, өңірдің марқасқаларымен пікірлескен, 

сұхбаттасқан азамат. Біраз, қандай кезеңде болсын 

ол өзінің біліктілігімен тек еңбек қана мақсатқа 

жеткізетінін дәлелдеген журналист. Осы қасиетті 

өмірлік ұстанымына айналдырғанын әріптестері 

жақсы біледі. Оның жазғандарынан тақырыбы терең 

әрі жан-жақты білетін қаламгер екенін танисыз. 

Оған тапсырылған іс сапалы орындалатындығына 

әрқашанда сенімді болатынбыз. Осыдан да «Ақ 

жол» газетінің 85 жылдығы тойланар қарсаңда 

оған басылымның шежіресін жасау тапсырылды. 

Бұл тақырыпқа алғаш қалам тартқан ақжолдық 

болғанына қарамастан, осы міндетті ол өте сәтті 

орындап шықты. Мемлекеттік мұрағатты талмай 

ақтарып, бұрын айтыла бермейтін, көпшілікке 

жеткізілмеген деректер мен дәйектерді екшеп, 

зерделеп, солардың құндысын ғана оқырманға 

ұсына  білді.  Ол  шежіре  кітап  «Ақ  жолдың» 

тарихын  айғақтауда  өлкетанушылар  мен  газет 

оқырмандарының, тарихшылар мен ғалымдардың 

дерек көзіне айналатыны сөзсіз».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет