Ерлердің ісі бітер ме? ҚОс арнаның тоғысы



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата22.12.2016
өлшемі0,9 Mb.
#108
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ЕРЛЕРДІҢ ІСІ БІТЕР МЕ? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
       
ҚОС АРНАНЫҢ ТОҒЫСЫ: 
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ 

ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ 
Бізге  бір  мәселенің  басы  айқын:  қазақ  патриотизмі  халықтык, 
болмыстан  бойға  дарып,  ойға  қанат  бітіретін  құбылыс.  Оны  бойтұмардай 
сақтай білу, Қазақ мемлекеттілігін нығайту жолындағы үрдіспен үйлестіруге 
үлес қосу әрбір алаш азаматының парызы. 
Ол  үшін  не  істеу  керек?  Ал  мемлекет,  мемлекеттілік  ұғымын  қалайша 
пайымдаймыз?  Мәселенің  мәнісі  де  осы  ұғыну,  түйсіну,  зерделеуден  арна 
алмақ.  Зерделеу  зерттеуге  барар  соқпақ.  Міне,  әңгімеге  осы  тұрғыдан 
келгенде  үстірт  пайымның,  асығыс  тұжырымның  тарихи  тағдырымызға 
қиянат  жасайтынын  көп  ретте  аңғара  бермейміз.  Айталық,  осы  соңғы 
уақыттарға  дейін  үлкенді-кішілі  жиын  бас  қосуларда,      мәслихаттарда, 
тіпті   баспасөз беттеріне Қазақ мемлекетін жас мемлекет, оның бар тағ-дыр 
талайы кешегі бодандықтың бұғауын үзіп, егемендікке қол жеткен күннен 
басталады деген пікірлер белең алып жүр. Мәселенің осылайша қойылуы 
дұрыс  па  еді.  Әрине,  еліміздің  тәуелсіздік  алуы,  егемендікке  қол  жетуі 
ұлттық  өркендеуіміздің  жаңа  дәуіріне  бастау  болды.  Оған  ешкімнің  дауы 
жоқ. 
Тәуелсіздік – туымыз! Еліміздің тағдыр талайы осы бір саяси мәні зор, 
терең  де  асқақ  ұғыммен  астасып  жатқанына  ешкім  шүбә  келтірмейді.  Ал 
бірақ  тәуелсіздік,  егемендік  ұғымдарын  «мемлекет,  мемлекеттілік»  деген 
ұғымдарымен  шатыстыруға  болмайды  ғой.  Қазақстан  Республикасының 
Президенті  Н.  Назарбаев  Қазақстан  Халықтары  Ассамблеясының  үшінші 
сессиясында  осы  мәселеге  айрықша  тоқталған  еді.  «Бұдан    бұрынғы  кезде 
қазақтардың  мемлекеттілігі  болмаганы  туралы  алуан  түрлі  сыпсың 
пікірлерге  елеулі  түрде  тосқауыл  қою  қажет,  –  деді  Президент.–  Осыған 
байланысты «мемлекеттілік» пен «мемлекет» деген ұғымдар бір мағынаны 
білдірмейтініне көңіл аударар едім. Біз мемлекеттілік туралы айтқанымызда 
ең алдымен жер аумағын ғана емес, қайта саяси құқықтық қатынастардың 
әлеуметтік  және  мәдени  рухани  бастаулардың  бүкіл  кешенін  ескереміз. 
Міне, осылардың негізінде де қоғам тұтас жүйе ретінде тіршілік ете алады. 
Бұл  мағынада  алғанда  қазақтардың  мемлекеттілігі  ежелден  орын  алған. 
Қазақ  мемлекетін  саяси  құқықтық  құрылым  ретінде  хаттауға  келсек,  бұл 
басқа іс. Бұның съезі XV ғасырда болғаны белгілі. Алайда, зерттеушілердің 
арасында  қазақ  мемлекетін  құрудың  нақты  датасы  бойынша  бір 
көзқарастың  жоқ  екені  өкінішті.  Ал  осы  тұста идеологиялық  жұмыстың 
орасан  зор  бағыты  тұр.  Өйткені,  өз  мемлекетіміздің  бастауын  іздесуде 
жазылған  және  жазылмаған  деректер  бойынша  осы  күнге  дейін  адасып 
жүргенімізде өскелең ұрпаққа патриоттык, тәрбие беру туралы талай әңгіме 
айта  алмақмыз.  (Астын  сызған  біз  –Ж.  К.)  Міне,  тарих  ғылымының  кезек 
күттірмес міндетінің өзі осында». 
Ой саларлық әңгіме. Рас, біздің қатпар-қатпар тарихымыз, оның құпия 
сырлары  күні  кешегі  тәуелсіздік  алған  күнге  дейін  жеті  құлыптың 
аржағында  құпия  сыр  боп  жатқаны  рас  еді.  Ал  нақты  тарихи  дәлдік  пен 
ақиқаттың  алдына  жүгінген  қазақ  зиялыларының  ой  жосықтары  кезінде 

үстемшіл  идеологияның  қаһарына  ілігіп  отырды.  Оған    қазақ  тарихы  мен 
оның  тәуелсіздік  жолындағьі  күресін  басқарған,  азаттық  жолында 
арпалысқа  басын  тіккен  азаматтар  хақындағы  зерттеулер  авторларының 
әлденеше  рет  қуғындалғаны  мәлім.  Жас  ұрпақтың  көбіне-көп  бабалар 
даңқын  әспеттеген,  өшпес  ерлігін  зергерлеген  тарихи  талдамалы 
туындылардан  бейхабар  болуы,  міне,  осындайдан  еді.  Мемлекетіміз  мен 
мемлекеттігіміз  тарихын  күні  кешегі  дейін  жиырмасыншы  ғасырдың 
жиырмасыншы  жылдарынан  шенірелеп  келсек,  кеңестік  дәуір  тарих 
сахнасынан  кетіп,  елімізде  тәуелсіздік  салтанат  құрғалы  бері  қазақ 
мемлекетінің  бүкіл  тағдыр  талайы  бар  болғаны  соңғы  бес-алты  жылдың 
болмысына сайып жүргеніміз де, міне, сондьқтан. 
Елбасымыздың  мәртебелі  мінберден  айтқан  орынды  пікірінен  соң 
Қазақстан  тарихшылары  бұл  мәселені  түптеп  тиянақты  зерттеуге  біржола 
бет бұрды. Соның бірі болса да бірегейі «Қазақ мемлекеттілігі тарихының 
кейбір мәселелері» («Ақиқат» № 2, 1997 ж.) деген мақаланы атап айтуға 
болады.  Мұнда  академик  Манаш  Қозыбаев  Қазақ  мемлекеттілігі 
тарихнамасын  парасат  сүзгісінен  өткізіп,  осы  бір  күрделі  тақырыптың 
күнгейі  мен  көлеңкелі  тұстарына  назар  салады.  Айталық,  қазақстандық 
тарихнамаға үлес қостым деп есептейтін оқымыстылардың пікірлері ақыл 
таразысына  түседі.  А.  Якуниннің,  С.  Фукстың  пікірлерінің 
қисынсыздығы, үстірттігі нақты дәлелденеді.. Соидай-ақ ол М. Вяткиннің, 
С. Юшковтың, В.  Шахматовтың,  И.  Бичуриппің,  Л.  Окладниковтің,  М. 
Иваниннің  зерттеулері  төңірегінде  толғамды  пікір  өрбітеді.  Сөйтіп,  сақтар 
мен  түркілер,  қыпшақтар  мен  моңғолдар,  қазақ  хандығы  туралы  білікті 
пайымнан  шыққан  ой  орамдары  оқырмандар  талғамынан  шыкқаны  сөзсіз. 
Қысқасы,  ежелгі  қазақ  тарихын  зерттеушілердің  пікірлерін  салыстыра, 
дәлдестіре  отырып,  мемлекеттігіміздің  негізі  сонау  XІІ  ғасырдан  бастау 
алатынын  дәлелдеп  шыкқан  автордың  еңбегін  айрықша  атап  өтуіміз  керек. 
Ғасырлардан  ғасырларға,  атадан  балаға  мирас  боп  табысталған  ұлы 
аманатты  көздің  қарашығындай  сақтау  ұлт  парызы  дегенге  айрықша 
тоқталады  ғалым.  «Өлгенімізді  тірілтіп,  өшкенімізді  жағып,  үлттық 
мемлекетіміздің –Қазақстан  деп  аталатын  Республиканың  нақты  құқықтық 
субъектісіне айналған біздер қазақтар өз қарашаңырағымызда этносаралық 
қақтығыстарға  қанды  текетіреске  ешқашан  жол  бермеуіміз  керек. 
Тәуелсіздігіміздің ғұмырлы, егемендігіміздің баянды, мемлекетіміздің берік 
болуы міне осыған байланысты» деп түйеді автор. 
Мемлекеттілікті  ныгайту  жолындағы  үрдіске  үлес  қосу  деген  мәселе, 
міне, осы тұстан келіп шығады. Еліннің шын патриоты екенсің, ең алдымен 
өз тарихыңды, өз тағдыр талайыңды біл! Осыны жүрегімен сезініп, түйсінген 
жан  ақ  найзаның  ұшымен,  ақ  білектің  күшімен  қорға-лып,  күні  бүгінгі 
ұрпақ  игілігіне  айналып  отырған  атамекен  үшін  отқа  да  суга  да  түседі. 
Отаншылдық  сезімді  бойға  дарыту  дегеннің  қарапайым  ғана  қағидасы 
осында.  Патриоттык, тәрбие деп екі күннің бірінде айтатын әңгімеміздің бар 
бағыт бастауы, міне, осы бір арнадан бастап алып жатса дейміз. Ал Қазақстан 
Республикасы  Конституциясының  бірініші  бабында:  «Республика  қызметінің 

түбегейлі  принциптері:  қоғамдық  татулық,  пен  саяси  тұрақтылық:  бүкіл 
халықтың  игілігін  көздейтін  экономикалық  даму;  Қазақстандық  патриотизм 
мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның 
ішінде  ресііубликалық  референдумда  немесе  Парламентте  дауыс      беру   
арқылы шешу»   деп   атап   көрсетілген. 
1995 жылы тамыз айында жалпыхалықтық референдумда қабылданған 
еліміздің Негізгі заңында қоғамдық саяси өмірімізде отансүйгіштіктің алар 
орны  осылайша  соқырға  таяқ  ұстатқандай  етіп  жазылған.  Демек, 
қазақстандық патриотизм мемлекеттік идеология дәрежесінде қолға алынып 
отырған күретамыр мәселелердің бірі екен. Біз жоғарыда ұлттық мұрат пен 
қазақстандық  патриотизмнің  бастау  көздеріне  үңіліп,  оның  қоғамдық  ой 
сана көшінде алатын орнына тоқталған болатынбыз. Бұл жолы енді жалпы 
мемлекеттік  құрылысымызда  бүтіндей  мемлекеттігімізде  маңызды  роль 
атқаратын  осынау  ұғымдардың  өтпелі  кезең  деп  аталатын  шақтағы  сыр 
сыпатына, нақты проблемаларына назар аудармақпыз. 
Себебі патриоттық тәрбие, жас ұрпақты отаншылдық рухты тәрбиелеу 
қашаннан  өзекті  мәселелердің  бірі  болып  келген  және  солай  бола  береді 
де. Өйткені қай қоғамдық құрылыста да Отан үшін, атамекен үшін отқа да, 
суға да түсетін жеткіншек тәрбиелеу міпдеті бірінші кезекте  қойылатыны 
мәлім. Айталық, кешегі кеңес дәуірінде де болай болды ғой, Жас ұрпақты 
даңқты дәстүр рухында баулу бағытында қыруар жұмыс атқарылып жатты. 
Бүкіл  ел  көлемінде  қоғамдық  ұйымдар  мен  мекеме  ведомстволардың  осы 
мәселені орағытып өткендері кем де кем-ақ шығар. 
Егер  ақиқат  алдында  жүгінер  болсақ,  соңғы  жылдары  да  патриотизм, 
патриоттық  тәрбиеге  қатысты  мәселелердің  арқа  бауын  босатыңқырап 
алған тұстарымыз да болмай қалған жоқ.  Бұл қосымша  дәлелдеуді қажет 
етпейтін  ақ  пен  қарадай  шындық.  Еліміз  өз  егемендігін  жариялады, 
тәуелсіздік  байрағы  желбіреді.  Бөркімізді  аспанға  ата  қуандық.  Сол 
аспанға атқан бөркіміз қайта жерге түспей, едәуір қалықтаңқырап қалған 
ұқсайды. 
Егемендік  шеруін  тым  ұзатыңқырап  алдық.  Әрекідік  патриотизм, 
отаншылдық  туралы  әңгіме  қозғалса  болды  демократиялық  дүмпудің 
дөңгелегінде жүрген жұрт оны кеңестік идеологияның жапсырмасы деп ұқты. 
Себебі  әне  бір  жылдары  патриотизм  ұғымы  пролетарлық  интерна-
ционализммен тікелей байланыстырылатын... 
Әңгіменің  түп  мәніне  бойламаған  көпшіліктің  жаңғырған  қоғам 
жағдайында  да  патриотизм,  жас  ұрпақты  патриоттық  рухта  тәрбиелеу 
мәселесіне  үрке  қарауы  сондықтан  еді.  Себебі  осы  үғымды  ойына  алса 
болды  кеңестік  дәуірмен  бірге  жойылған  пионерлік,  комсомолдық, 
партиялық  ұйымдардың  болмыс  бітімі  қайта  бой  көрсетердей  сезінетін. 
Оның  үстіне  нарықты  экономика  өз  заңдылықтарын,  өз  өктемдігін  жүргізе 
бастады.  Енді  жұрт  жоспарлау,  реттілік,  жүйелілік,  сабақтастық, 
отаншылдық  тәрбие  деген  ұғымдарды  ескі  қоғамның  қалдығындай  соның 
сөздік  қорының  белгілеріндей  сезініп,  тұшынатын.  Бұл  әрине  түсінікті  де 

еді.  Жаңа  дәуір  тұсындағы  рухани  үрдістегі  сұраныс  қажеттілік  ескі 
түсініктерге қанағаттанбағандығын осылайша айғақтап отырды. 
Уақыт өте демократиялық эйфория сабасына түсті. Шаруашылықты шаш-
етектен  шаужайлағап  қиынпық  алды-арты  орап,  байлап-матап  тастады. 
Сөйтіп  жұрттың  рухани  құндылықтарға  деген  сұранысынан  гөрі  енді 
әлеуметтік  салалардағы  қажеттілігі  күн  тәртібіне  қойылды.  Ұлан-ғайыр 
Қазақ  елінде  құмырсқаның  илеуіндей  қым-қуыт  тірлік  басталды  да  кетті. 
Бар көріп-білгенін кешегі өткен дәуірмен өлшеп-пішетін аға ұрпақ енді не 
болар  екен  деп  елеңдеп  отыр.  Сарыуайымға  салынып  бүгінгі  өзгеріс 
атаулының  бәрінен  теріс  айналғандары  да  қаншама.  Ал  тәуекелге  белді 
бекем  буған  бүгінгі  үрпақ  ше-гінерге  жер  жоң  екеидігіп  сезінген  жаңа 
толқын  жандал-басаның  қамында.  Әйтеуір,  ұра  берсе  қүдай  да  өледі 
дегеннің жетегіндегі жастар бірдеңе шығару керек деп ойлайды. Сол дүбірлі 
дүрмектің  ағысы  қайда  тартып  барады?  Ал  «қара  қарынның  қамы  үшін» 
деген  ниеттің  меңдей  бастауы  тегін  емес.  Сол  пиғылдың  жетегінде 
кеткендер арасынан ақша үшін бәрін де сатуға дайын тоғышарлардың 
қара көбейтіп бара жатқанына таңқалуға бол-майды. 
Бұл  бастапқыда  шылбырды  бос  ұстағандықтың  салда- 
ры.  Еркіндік  саясаты  кейбір  шолақ  ойлы,  доғал  пішетін- 
дерді  тым  есерлендіріп  жіберді.  Мынау  –  менікі,  мынау 
қоғамдыкі 
дегенді 
көзбе-көз 
шатастыра 
бастады. 
Сөйтіп, 
мемлекет,  мемлекеттік  мүдде  деген  мәселе  екінші  қатар- 
ға  сырғи  бергеніне  өзіміз  куәміз.  Міне  осы  тұста  «Енді  не 
істеу  керек?»  деген  сауал  өзінен  өзі  бой  көтерді.  Байқап 
бағамдап 
қарасаңыз 
егеменді 
еліміздің 
тарихындағы 
1990—
1995 
жылдар 
мемлекеттік 
құрылыстың 
негізін 
қа- 
лаудың  алғашқы  кезеңі  деп  қарастыратын  болсақ,  ал 
оның  екінші  кезеңі  1995  жылдан  бермен  қарай  бастала- 
ды.  Демек,  осы  екінші  кезең  Қазақстанды  мекендейтін 
сан 
ұлттың 
қолжеткен 
ауыз-бірлігін 
ынтымақтастығын 
баянды  ету  жолындағы  тынымсыз  санқилы  жұмыстармен 
тікелей  сабақтас.  Елімізде  жаңа  Конституцияның  дүние- 
ге 
келіп, 
оның 
қоғамдық 
құрылыстың 
механизмдерін 
жүзеге  асыра  бастау  үрдісі  міне,  осы  кезеңмен  тұспа  тұс 
келеді. 
 
Қазақстандық 
патриотизм, 
отаншылдыққа 
тәрбиелеу 
мәселелерінің ғылыми-зерттеу еңбектерінде айналымға түсе бастауы 
оның  қоғамдық  ой-сана  көшінен  дәл  осы  кезеңнен  берік  орын  ала 
бастауы тегіннен тегін емес. Демократиялық жаңғыру дәуірінде орын 
алған  кейбір  ол-қылықтардың  орнын  толтыруға  бағытталған 
мақсатты жұмыстар бастау алды. Сөйтіп жер-жерде елдікті дәріптеу, 
отансүйгіштік  қасиетті  қалыптастыру  мәселелеріне  арналған  ірілі-
уақты мәслихат-кеңестер өте бастады. Соның сан тарау арнасы 1996 
жылғы  сәуір  айында  Алматы  қаласында  өткен  Қазақстан  Халықтар 
Ассамблеясының  үшінші  сессиясында  тоқайласты.  Сессияның  күн 

тәртібіне  «Мемлекетаралық  интеграцияны  тереңдету,  егемендікті 
нығайту  және  қазақстандық  патриотизмді  қалыптастыру  туралы» 
мәселе  қаралды.  Осынау  алқалы  жиында  сан  ұлттың  өкілдері  бас 
қосқан  ортада  туған  Қазақстанды  қайтсек  қарашаңыраққа 
айналдырамыз  деген  проблеманың  төңірегінде  толғаулы  әңгімелер 
қозғалды.  Осы  Ассамблея  сессиясындағы  айтылған  ой-жосықтар 
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында өткен ғылыми-
практикалық коиференцияға да өзек болды. 
Онда  «Қазақстандық  патриотизм  –  егеменді  мемлекет  ретіндегі 
Қазақстаң  Республикасының      қалыптасуы  мен  дамуы  кезеңінде 
қоғамды  топтастырудың  жетекші  факторы»  деген  тақырыпта  әңгіме 
өрбіді.  Түрлі  партиялар  мен  қоғамдық  қозғалыстардың  жетекшілері, 
сарапшылар  мен  ғалымдар  пікір  тоғыстырған  бұл  мәслихатта 
қоғамдық ой-сапа көшінде өзіндік із қалдырары сөзсіз. 
Осынау келелі тақырып, ұлтты ұлығылауымыздың үлкен үрдісіне 
айналып  отырған  мәселеге  белгілі  қоғам  қайраткерлері  мен 
көсемсөзшілер үнемі қалам тартып  отырғанын  атап  айтуымыз  керек. 
Осы  ретте  Әбіш  Кекілбаевтың  «Арға  тартпай  –  арман  тұл,  намыс 
тумай  –  мақсат  тұл»,  Қуаныш  Сұлтановтың  «Үйлесімділіктер  мен 
қайшылықтар»,  Сағатбек  Медеубекұлының  «Ақау;  құмған-ай,  отта 
тұрған-ай>>,  «Құттыбек  Аймахановтың  «Отан  қайдан  басталады?», 
белгілі  тарихшы,  профессор  Талас  Омарбековтың  «Өтпелі  кезеңнің 
өткір  мәселелері»  деп  аталатын  ғылыми  көсемсөздік  мақалаларын 
атап айтуға тұрады. Бұл аталган авторлардың мақалаларының рухани 
үрдісімізге  қосар  үлесі  зор.  Олардың  әрқайсысы  өтпелі  кезең, 
өлара дәуірдегі қазақ болмысының жай-күйіне, оның арғы-бергісіне 
барышна  мұқият  зер  салып,  қазақ  әлеуметін  келер  күндерден  не 
күтеді деген сауалға жауап іздейді.  
Бір  қарағанда  қыруар  жұмыс  атқарылған  секілді,  талпыныс  бар. 
Бірақ мәселенің шешуі осымен түгесілді деп ойлауга бола ма? Жоқ. 
Жас  ұрпақты  отаншылдыққа,  патриотизмге  тәрбиелеу  үздіксіз, 
өне  бойы  мақсаткерлікпен  атқарылатын  сан  қырлы  алуан  дерделі 
мәртебелі  де  мерейлі,  мехнаты  көп  жұмыс.  Біз  онді  қадау-қадау 
мәселелеріне тоқталып өтейік. 
Біріншіден, біздің елімізде жастардың белсенді өмірлік бағдарын 
қалыптастыратын  оңтайлы  тәжірибе  қашаннан  болған.  Айыбы  сол 
біз  соны  соңғы  жылдары  көрсек  те  көрмеген  болып,  білсек  те 
білмеген  болып  келе  жатқанымыз.  Сондықтан  бұрын-соңды 
жинақталған тәжірбиені іс қылып, ортақ қазынаға айналдыра білу о да 
өнер.  Даңқты  аталарымыз  бен  бабаларымыздың  мерейтойлары  елдің 
рухын көтеруге аруағын асқақтауға үлкен үлес қосары сөзсіз. Менің 
түсінігімде  біз  мерейтойларды  кеңестік  дәуірден  соңғы  халықтың 
сілкінісін,  желпінісін  қолдау,  қуаттау  бағытында  өткізгендігіміз. 
Бірақ осыбір шаруаны тойгершілік сыпаттан гөрі, ендігі жерде жастар 
тәрбиесіне  шарапаты  тиетіндей  арнаға  бұрсақ.  Сол  даңқты 

мерейтойлар  болар        қарсаңында  алдын  ала  өнер,  спорт  сайыстары 
өткізілсе. Танымдық сыпаты бар бүгінгі өрке-ниет талабына сай іс шаралар 
жүзеге асырылса. Бұл жерде, әрине, соңғы жылдары сен тимесең мен тиме 
бадырақкөз  кейпіне  көшкен  жастар  ұйымдарын  ұйқыдан  оятып,  оларды 
жігерлендіретіндей мемлекеттік механизмдер іске қосылуы керек. 
Екіншіден, біздің идеологиямызда саяси тәрбие жұмысының тағаны да 
Ата заңымыз екенін түсінетін уақыт жетті. Мемлекеттік саясат дегеніміздің 
бүкіл  болмысы,  тіні  Конституциямызда.  Олай  болса,  қоғамды  әлеуметті 
Ата  заңды  ардақтауға  баулу  керек.  Бұл  талап  қалай  орындалады.  Демек, 
басшымыз  да  қосшымыз  да  Конституциялық  талап  тұрғысынан  көрінуге 
міндеттіміз.  Бүгінгі  саяси  тәрбие  идеологиялық  жұмыс  Конституциялық 
нормалардан  арна  тартып  жатуы  керек.  Заң  үстемдік  құрған  елде,  зорлық-
зомбылық, зұлмат болмайды. 
Үшіншіден,  мен  қазақ  елінің  азаматымын  деген  пенде  отандық 
рәміздерді  ардақтай  білген  жөн.  Осыдан  бірер  жыл  бұрын  Түркия  елінде 
Стамбулда  болғанымыз  бар.  Сонда  бір  байқағанымыз  көше-көшенің 
бойына  ілінген  Түркия  тулары.  Желбіреп  түр.  Жыртығы  да  жамауы  да 
жоқ.  Сүйсінесің.  Желбіреген  туға  қарап  өзіңнің  де  көңілің  асқақтайды. 
Үлкенді-кішілі  кеңселерде  де  болдық.  Мұнда  да  көздің  жауын  алардай 
жарқыраған  елтаңбалар,  анадайдан  алаулаған  алқызыл  тулар.  Демек, 
отаншылдық  тәрбиенің  бір  арнасы  туған  елдің  рәміздерін  ардақтаумен 
басталмақ. 
Әне  бір  жылы  қазак,  теледидарынан  көпшілікке  арналған  сауалдама-
хабар  жүрді.  Сонда  кейбір  жастардың  топты  тулардың  ішінен  өзіміздің 
көкбайрағымызды  ажырата  алмай  журналист  сұрағына  жауап  бере  алмай 
қиналғанын  көргенде  бетімізден  отымыз  шыққаны.  Өлімнен  ұят  күшті 
деген осы екен ғой. 
Төртіншіден,  қазір  елімізде  оқулық  бағдарламалар  қайта  жасалып 
жатыр. Меніңше сол бағдарламаларға саясаттану пәндерін арнайы кіргізіп, 
онда  Қазақстан  патриотизміне  қатысты  мәселелер,  жас  ұрпақты 
отаншылдыққа тәрбиелеу проблемалары өзекті орын алуы керек. 
Бесіншіден,  соңғы  жылдары  бұқаралық-ақпарат  құралдары  төртінші 
билікке бекерден-бекер телініп жүрген жок,. 
Олай  болса,  біз  әңгіме  етіп  отырған  тақырып  газеттер  мен 
журналдардың  беттерінде,  радио-телехабарларға  белгілі  бір  мерейтойлар 
қарсаңында  ғана  жалт  етіп  көрініп  қалатын  тақырып  болмауы  керек. 
Әлеуметтің  бойында  отаншылдық  рух  қалыптастыру  мәселесі  бұқаралық-
ақпарат  құралдарының  ең  өзекті,  өнікті  тақырыптарының  бірі  болуы 
қажет. 
Алтыншыдан,  қазір  жалпы  экономикалық  үрдіске  қарағанда  ақшаның 
құнсыздануы тежеліп экономика тұрақтылыққа бет алған сыңайлы. Аракідік 
болса  да  отандық  товарымыз  өндіріліп,  ел  игілігіне  айналып  жатқан 
жағдайы  бар.  Олай  болса,  сол  товарларды  өндіріп  жатқан  кәсіп  иелері 
қазақстандық  маркаға  ерекше  назар  аударғанын  қалар  едік.  Өз  елімізде 

шығарылған  қандай  да  болсын  заттың  қазақстандық  маркаға  лайық 
жасалып, оның әлемдік базар бәсекесінде үнемі бәйге алуына жа-сымыз да 
жасамысымыз да үлес қосуымыз қажет. 
Жетіншіден, қазак, ұлты бүгінде сан ұлттар мен ұлыстардың мекеніне 
айналған ежелгі қазақ жеріндегі аға ұлт. Олай болса, бұл ұлт қандай бір 
мәселеде өзгелерге үлгі боларлықтай өнегесімен, ұлылығымен ұйтқы болуы 
керек.  Демек,  бір  жылдары  Жұбан  ағамыз  айтқандай:  «Мен  қазақпын!» 
деген бірауыз сөз бүкіл халықтың ұранына оны өзгелерден даралап көрсетер 
үніне айналуы қажет. 
Сегізіншіден, қазақ зиялысы қашаннан ұлт ұйтқысы, елдің ар-намысы, 
абырой-беделі  болған.  Ұлттың  ұяты  мен  мияты  боларлық  ұрпақ  өсіріп 
шығару бір парыз болса, ұлттың мұрат үшін басын бәйгеге тігер зиялыны 
аялау, ардақтау, міндеті одан да олқы болмауы керек. 
Сәкен  Сейфуллин,  Тұрар  Рысқұлов,  Смағүл  Садуақасов!  Тағдыр-
талайы курделі тұлғалар. Өз идеалының құрбанына айналған алты алаштың 
ақиықтары  бұлар.  Айталық,  Сәкеңнің  бағы  да,  соры  да  өзі  өмір  сүрген 
қоғам  мұратына  жан-тәнімен  көзсіз  сенгендігінде.  Ал  бірақ  тоталитарлық 
жүйе елінің ертеңіне қалтқысыз сенген қайраткерді қырқып түсірді. 
Өткеннің бәрі сабақ. Өркениетке қол созып отырмыз. Олай болса өзекті 
өртер өкініш енді қайталанбаса екен. Өсер ұрпақ ұлт зиялысына қарап сап 
түзейді.  Бүгінгі  мына  өлара  шақта  зиялыға  да  заман  тиер  күн  жақып 
екенін естен шығармаған абзал. 
1997 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҰЛТ МӘРТЕБЕСІ 

 
Әр алаш азаматы бойында отансүйгіштік 
қасиет қалыптасқанда ғана биіктейді 
 
ҚАЗАҚ  ЕЛІНІҢ  үстіміздегі  жылы  алған  үлесі  аз 
болды 
деп  ауызды 
қу 
шөппен  сүрте  алмаймыз.  Табаны  күректей  үш  ғасыр  бойғы  бодандықтан 
бостандыққа 
ие 
болған ежелгі алаш жерінің тарихын соңғы 
бір 
жыл ғаламат 
уақиғалармен  айшықтап  отыр.  Бір  жыл  бір  қарағанде  онша  көп  мерзім  де 
емес.  Көзді  ашып-жұмғандай  ғана  уақыт.  Ал  осы  бір  жыл  ішінде  өткен 
өзгерістерді  сараптап  көрсек,  бір  жылымыз  бір  ғасырдың  жүгін 
көтерерліктей екен. Бұл, бәлкім, зымыран заманымыздың белгісі, бәлкім бар 
жаңалығымен қоса жақсылығын, қуанышы мен ренішін үйіп-төккен дүбірлі 
дәуіріміздің ерекшелігі болар. Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар 
Ұйымына  мүше  болуы,  басқа  да  ізгілікті  мұраттарға  жетелейтін  ғаламдық 
қауымдастыкта өзге де өркениетті елдер қатарында сап түзеуі, ТМД елдері, 
сондай-ақ  Еуропа  Парламентаралык  Ассамблеяларына  мүше  болуы, 
республикамыздың жаңа  мемлекеттік рәміздерінің  қабылдануы,  Дүние  жүзі 
қазақтарының  құрылтайы  өтіп,  тағдырдың  талайлы  қасіреті  салдарынан 
әлемнің  түкпір-түкпіріне  пышырай  шашырап  кеткен  қандастарымыздың  ес 
жиып, туған атамекенінде бас 
қосуы, қашаннан 
ырыс-несібесі мол Қазақ елі 
мекендеген  халықтар  форумының  өтуі,  тәуелсіз  мемлекетіміздің 
тұңғыш 
Негізгі  Заңының  бүкілхалықтық  талқылауға  ұсынылуы  секілді  тарихи 
жағдаяттардың  алар 
орны 
ерекше,  Мұның  қай-қайсысы  Қазақстанның 
егеменді  мемлекет  ретінде  қаз  тұрып, 
қадам 
басқан  қалыптасу  үрдісіндегі 
сәттерін  айқындайтын  оқиғалар,  Мұның  бер  жағында  республикамыздың   
ішкі-сыртқы   экономикалық саясатын айқындайтын жұмыстар үрдісінің өзі 
бір төбе. 
Сіздер 
мен 
біздер қадірменді, оқырман қауым, осы бір жылдың ішіндегі 
талайды  тамсандырған  оқиғаларды  жүректен  өткізіп,  сезініп  -  түйсініп,  сол 
буырқанған  күндерге  толы  жағдаяттардың  ортасында  жүріп,  соның  куәгері 
болдық. Біле білген пендеге осының өзі, тәуелсіз мемлекет құрылысындағы 
қат-қабат  қам-қаракетті  көзбен  көріп,  көңілмен  түйсіну,  әрине,  бақыт!  Ел 
өмірінің  тағдырлы  кезеңіндегі,  тұтастай  елара  шағындағы  ұлан-ғайыр 
аткарылып  жатқан  істерге  өзіңнің  де  қатысты  екендігіңді  сезіну  қандай 
ғанибет. Бүгінгі күннің талабы — ет жүрегі Отан деп соққан әрбір азаматтан 
кісілік  пен  кішілікті,  қайраткерлік  пен  іскерлікті,  табандылық
 
пен 
қажырлылықты қажет ететіндігінде. Біздің замандастарымыз осынау өлшем 
биігінен  көрініп  келе  жатқандығына  өзіміз  куәміз.  Тәуелсіз  мемлекеттің 
іргетасы  қаланып,  қабырғасын  қалау  үрдісіндегі  жұмыстарда  сіздер  мен 
біздердің  қолтаңбамыз  бар.  Мұны  әдепкі,  күнделікті  шаруақорлық 
мәселелердің  әншейін  ғана  бірі  екен  деп  қарастыруға  болмайды.  Дәл  бұл 
күндері  тарих  сағатының  тілі  ел  өміріндегі  әрбір  өзгерісті  белгілеп  жатыр. 
Тәуелсіз  мемлекет  өмірінде  жаңалық  пен  кедергі,  кеңшілік    пен  кемшілік 
алмағайып    түсетігі  өзінен-өзі  белгілі.  Ал  келер  ұрпақ  соп  тарихи 

уақиғалардың шежіресін білуі керек. Сол шежірені жасап жатқан Қазақстан 
журналистерінін қатарында «Халық кеңесі» газетінің қызметкерлері де бар. 
Редакция 
журналистерінің, 
оның 
бүтіндей 
шығармашылық, 
аппаратының  тәу-елсіздігіміздің  тұғырлы  болуы  жолында  жұмсап    жатқан 
қажыр-қайраты  оқырмандарымыздың  көз  алдында.  Атқарылған  жұмыс 
газеттің  бетінде.  Ал  бірақ  өз  жұмысымызға  сын  көзімен  қарайтын  болсақ, 
кезегін күткен мәселелер көп екен. Бір ғана мәселеге тоқталайық. Еліміздің 
нарықтық экомомикаға енуімен байланысты қоғамдық ой-санада да қыруар 
өзгеріс  пайда  болды.  Ілкімділік,  іскерлік,  шаруақорлықтың  тамыр  алуымен 
қоса  адам  бойындағы  жылдар  бойы  қалыптасатын  имандылық  дейтін 
қасиеттердің де бірте-бірте көмескі тарта бастағаны жасырын емес. Осының 
бір  себебі,  бүгінгі  заманның  белгісі  ғой  деп  алыпсатарлықты  ілкімділік, 
іскерлік қасиет деп әспеттегенімізден де болса керек. Тепсе темір үзетіндей 
жігіттердің  тең-тең  дорба  арқаланып,  балжаңдап  сағыз  шайнап,  өлексеге 
үймелеген 
қара 
қарғадай қарқылдасып, өзгені алдап, арбап күн көруді мақсұт 
еткенін  көргенде  қарадай  карның  ашады.  Ащы  да  болса  бүгінгі  күннің 
ақикаты  осы.  Бұларға  жалпы  адамзаттық  кұндылықтар.  Отан  тағдыры 
хақында  әңгіме  қозғасаңыз,  өзіңізді  келеке  қылып,  осының  өзінің 
денсаулығы дқрыс па дегендей кейіп танытады. 
Бүгінгі заманның қыспағына ғылым ордалары душар болып отыр. Білікті 
деген ғылыми қызметкерлер оздерінің ғылыми зерттеулерін тастап, бизнеске, 
коммерцияға  кетіп  жатқан  жағдайлары  бар.  Іргелі  жоғары  оқу 
орындарындағы қазіргі көрініс те дәл осындай. 
Соңғы  бірер  жыл  көлемінде  отансүйгіштік  қасиет  ханында  қаншама 
пікірлер айтылмады десеңші. Мұны біреулер көкезуленіп, ескі коммунистік 
ндеологияның жалған ұрандары ғой деп соқты. Біз қай-қай мәселеге болсын 
сырттай  ғана  бағалап  тон  пішеміз  де,  ал  оның  ішкі  мәніне,  мәйегіне  үңіле 
бермейміз.  Тәуелсіз  мемлекет  құрамыз  деп,  ізгілікті  қоғамға  жетеміз  деп 
жанталасып  жатырмыз.  Ал  сондай  қоғам  құру  үшін  де  сол  елдің  мақсат-
мұратына қалтқысыз қызмет ететін, сол жолда малымнан жаным садаға дей 
білетін  азаматтар  керек  емес  пе.  Ал  қазіргідей  жағдайда  республиканы 
алыпсатарлық  пен  жемқорлық,  алаяктың  жайлаған  шақта  кей  сәттері 
ойланып  калатының  да  жасырын  емес.  Қазақтардың  ұлттық  мақтанышы 
саналуға  тиісті  жас  кадрлардың  қалыптасуына  дәл  қазіргі  кезде  көңіл 
бөлінбесе, ертеңіне ол, әрине, кеш болады. Сан соғып қаламыз. 
Осындайда,  міне,  ұлт
 
мәртебесіне 
қыз
мет  етуге  тиісті  отансуйгіштік 
қасиетті  қалыптастыру,  патриотизм  рухын  бойға  сіңіру  қажеттігі  жиі-жиі 
еске туседі, 
Кешегі бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімем жаудан 
қорғап қалған атамекенімізді, оның байлығын бүгінгі күннің талабы ғой деп 
реті  келсін-келмесін  саудаға  салсаң,  еркін  экономикалық  аймақ  деп 
ойымызға келгенін істесек, ертеңгі ұрпаққа не бетімізбен қараймыз! 
Міне,  «Халық  кеңесі»  газеті  алдағы  уақыттарда  осындай  бір  толғаулы 
шаруаларға бет бұрып, қал-қадерінше үлес 
қоспақ. 
Біз нарықтық экономика 
әкелген коммерциялық, делдалдық құрылымдардың бүкіл жұмысын теріске 

шығарғымыз  келмейді.  Бірақ  тәуелсіз  мемлекетіміздің  игілігі  үшін,  осынау 
бір өлара шақта күн-түн демей қызмет етуге тиісті азаматтарымыздың арзан 
пұлға  бола  орын  ауыстырып  кетіп  жатқандығы  қынжылтады.  Ау,  сонда 
ұлтты кім көркейтеді, мемлекет мәртебесін кім өсіреді? «Егемендік алдық!», 
«Тәуелсіз  мемлекетпіз!»,  «Қазақ  елі  бостандыққа  жетті!»  деп  кеуде  қағып, 
даурыға  бергеннен  енді  ештеңе  өнбейтіндігің  уақыттың  өзі  анық  байқатып 
отыр. 
Сол  егемендік,  тәуелсіздік  тамыры  тым  тереңге  кетсін,  оның  бәйтерегі 
мәуелене  берсін  десеңіз  ұлт  мәртебесі  жолындағы  ұлы  идеяға  бет 
бұрғаныңыз жөн. Әңгіменің ақиқаты осы. 
 
1992  
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет