Ерлердің ісі бітер ме? ҚОс арнаның тоғысы



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата22.12.2016
өлшемі0,9 Mb.
#108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

             
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы 
мен дамуының стратегиясы» А., Дәуір., 1992 ж., 4 - бет 
2.  Назарбаев  Н.Ә.  «Қазақстанның  болашағы  —  қоғамның  идеялық 
бірлігінде», «Қазақстан — ХХІ ғасыр» А., 1993 ж., 11 - бет 
3. «Ақиқат» № 12, 1997 ж. 

4.  Әбсаттаров Р.Б. «Саясаттану  және оның проблемалары»  А.,  2007  ж., 
363 - 
бет  
5. «Әкім 16 мың доллар парамен ұсталды», «Айқын» 20 ақпан  2008 жыл 
6.«Қызметтік  кабинетте  он  бір  конверт,  бір  миллион  теңге»,  «Егемен 
Қазақстан» 20 ақпан 2008 жыл 
7. «Егемен Қазақстан», 5 мамыр, 2005 жыл  
8.  «Қазақстан  халқының  әл-ауқатын  арттыру  мемлекеттік  саясаттың 
басты мақсаты», «Ана тілі» 14 ақпан, 2008 жыл 
9.  «Жемқорлыққа  жойқын  соққы  басталды»,  «Айқын»  14  ақпан  2008 
жыл 
10. «54 миллиард кімнің құлқынына құйылды», «Айқын» 19 ақпан 2008 
жыл 
11. «Әкім 16 мың доллар парамен ұсталды», «Айқын», 20 ақпан       2008 
жыл 
12.  «101  миллиард  салықтан  жалтарған  Миттал»,  «Айқын»,  23  ақпан 
2008 жыл  
13.  «Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2006-2008  жылдарға  арналған 
бағдарламасы»,  «Елорда», Астана, 2006 жыл, 49-бет 
 
2008 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

БАҚ МЕНЕДЖМЕНТІ: ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІН КҮШЕЙТЕ 
БІЛСЕК 
 
Қазақстан өзінің 15 жылдық Тәуелсіздігі  тарихындағы ендігі алар асуды 
әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  елу  елдің  қатарына  кіру  статегиясымен  тығыз 
байланыстырып  отыр.  Бұл  туралы  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  өзінің 
Қазақстан  халқына  Жолдауында  ашық  айтып,  осы  бағыттағы  жеті  негізді  
атап берген еді. Ол өз сөзінде: «...Біз аға ұрпақты,  ана мен баланы, жастарды 
қамқорлық  пен  ілтипатқа  бөлейтін    әлеуметтік  бағдарланған  қоғам,  ел 
халқының  барлық  топтары  тұрмысын  жоғары  сапасымен  алдыңғы  қатарлы  
әлеуметтік  стандарттарын  қамтамасыз  ететін  қоғам    құрудамыз»    деп  атап 
көрсетті.  /1/  Ойлап  қарасаңыз,  Елбасының  аузымен  айтылған    әлеуметтік 
қоғам құрудамыз деген  тұжырымды пікірде үлкен мән жатыр.  
Нарықты  экономиканы  өтпелі  кезеңінен    ойдағыдай  өтіп  келе  жатқан 
қоғамның    ендігі  сыпаты  мен  мәні  осы    әлеуметтік  қоғам  құру 
стратегиясымен айқындалмақ.  Ал  әлеуметтік  қоғам - әлеуметке бет бұрған,  
халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын  ізгілікті қоғам.  Оның саясаты -  
әлеуметтік  саясат.  «Әлеуметтік  саясат  –  қоғамның  ең  жақсы  дамуын 
қамтамасыз  етуге,    әлеуметтік    мүдделер  мен  қажеттіліктер 
қанағаттандыруға,    лайықты  өмір  салтын  орнатуға  бағытталған    саяси 
шешімдер  мен    іс-әрекеттер  жиынтығы.  /2/    Олай  болса,  мемлекеттің  
әлеуметтік  позициясы,  әлеуметтік  мұраты,  әлеуметтік    мүддесі  бір  арнада  
тоғысып  жатуы  тиіс.  Ол  үшін    барша  қазақстандықтардың    әлеуметтік 
белсенділіктерін арттыратын шаралар қолға алыну керек.  
Жекелеген    тұлғаның  білім  деңгейі  мен  бүгінгі  болмысқа  икемділігі, 
қоршаған  ортаға  деген  көзқарасына    байланысты  оның    әлеуметтік 
белсенділігі    айқындалатыны  сөзсіз.  Азаматтардың  бойындағы  белсенді 
өмірлік  позициясы,  білімділігі,  елдік    мұраттарға  мүдделілігі  әлеуметтік 
белсенділіктің  алтын діңгектері болып табылады.  
Осы бағыттағы атқарылар  жұмыстың  алтын арқауы адамдардың рухани 
қажеттіктері  мен  қоса    олардың    материалдық    мұқтаждықтарының  
ойдағыдай  шешіліп  отыруымен  де  әспеттеледі.    Осы  екі  талаптың    бірі  
кемшін    болған  жағдайда  енжарлық  пен    көнбістік  белең  алатыны  сөзсіз. 
Сондықтан да міне, Елбасының 2006 жылғы  Қазақстан халқына Жолдауында 
«Мемлекет    бұрынғысынша    халықтың    әлеуметтік  жағынан  «әлжуаз» 
топтарына қолдау көрсету үшін қаражат аямайтын болады.  
...Мемлекет  қоғамның шын мәнінде  осындай көмекке зәру мүшелеріне  
ғана  қолдау  көрсету  жөніндегі  толық  жауапкершілікті    өз  мойнына    алуға 
міндетті деп санаймын.  
...Әлеуметтік  қызмет  көрсету  саласын,    әлеуметтік  қызмет  көлемін  
кеңейту  және олардың сапасын арттыру үшін әлеуметтік қызметтің кепілді  
және  қосымша  тізбесін  әзірлеп,  оны    заң  жүзінде  бекіту  және  оларды  беру 
тәртібіне өзгерістер енгізу қажет» деп атап көрсетті. /3/  
Міне,  осынау    мәселелер  еліміздегі    бұқаралық  ақпарат  құралдарының 
күнбе-күнгі    қым-қуыт    тіршілігімен,    оны    ұйымдастыру  шараларымен  

айналысып  жүрген    азаматтардың  тағдырына  да  тікелей  байланысты.  Бұл 
орайда  Қазақстандағы  БАҚ  маркетингі  мен  менеджментінің  қазіргі  сапасы  
оның  жүріп  өткен  жолдары  төңірегінде  ой  қозғау  өте  орынды  ғой  деп 
есептейміз.  Ал  бұқаралық  ақпарат  құралдарындағы  менеджмент  пен  
маркетингтің  бүгінгі  күн  талабына  сай  ұйымдастырылуы,    арналы  жолға 
қойылуы    осы  салада    қызмет  істейтін    азаматтардың    әлеуметтік  
белсенділігінің қайнар көзі болып табылмақ.  
Біз  екі  күннің  бірінде    қазақстандық  патриотизм,  отаншылдық  пен  
елжандылық  туралы    айтқанда  осы  ұғымдардың  түп  тамыры  әлеуметтік  
белсенділікпен  де  тығыз  байланысты    екендігіне  көбіне-көп  назар  аудара  
бермейміз.  Соның  салдарынан  біржақты  пайымдауларға    жол  беріп  
алатындығымыз  тағы рас.  Күні  кешеге дейін ақпараттық кеңістікте қазақ 
басылымдарын  орыс  баспасөзінен  бір  саты  кейін  қоя    сөйлеу  орын  алғаны  
жасырын емес. Бұл -  ақ пен қарадай шындық. Ал енді осының түпкі мәніне 
үңілдік  пе?  Ол  үшін  кешегі  90-шы  жылдардың    аласапыран  күндерін  еске 
алсақ та жеткілікті.  
Бұрын  бүкіл  билігі,  тағдыр-талайы  партиялық  ұстанымның  жетегінде 
болған баспасөз атаулы Кеңес өкіметі құлаған  кезеңнің  алғашқы айларында  
әр  тарт  та,  бері  тарт    күй  кешкені    мәлім.  Бәрін  былай  қойғанда, 
Қазақстандағы  70-80  жылдық  тарихы  бар  газеттер  мен  журналдардың 
құрылтайшысы  кім  болуы  керек, оларды   кім  қаржыландырып  отыру  керек  
деген мәселе едәуір уақыт түпкілікті шешілмей басылымдардың  әрі-сәрі күй 
кешкені  ақиқат.  
Мұның  бәрі  айналып  келгенде  газеттер  мен  журналдардың    уақытылы 
қаржыландырылмағанына  әкеліп  соқты.    Сөйтіп,  басылымдарда    жұмыс 
істейтін қызметкерлер  айлап жалақы ала алмайтын, жылдап  қаламақы көре 
алмайтын    уақытқа  кезікті.  Баспаханалық  шығын  мен  қағаз  үшін  төленетін 
қаржы уақытылы өнім берушілерге жөнелтілмегені  себепті келісім-шарттар  
күшін  жойып,    газеттер    дер  кезінде    басылмай  жатты.    Мұның  үстіне  
ақшаның құнсыздануы мен бағаның  тым шарықтап  шегіне жетуі мерзімді 
басылымдарға жазылым бағасын шығандатып жіберді.  
Соның салдарынан баспасөзге жазылушылар саны азайып, газеттер мен 
журналдардың  таралым  тиражы  күрт  төмендеп  кетті.  Шығу  жиілігі  
сирегендіктен  бірқатар  басылымдар  жарнама  берушілерінен  айырылды.  
Мұның өзі редакциялардың табыс көздерінің бірін  жоғалту деген сөз еді.  
Міне,  осынау  қиямет-қайымның  ноқтасын  мойнына  алғаш  ілген де 
қазақ  басылымдары  еді.  Ал  мұның  бәрі    түптеп  келгенде    газет  сапасының  
солғын  тартуына,  ақпаратты    өз  оқырмандарына    уақытылы    жеткізе 
алмауына  қатты  әсер  еткені  сөзсіз.  Осы  кезеңдерде  ақпараттық  кеңістікте 
тәуелсіз  басылым    деген    айдар  таққан  газеттер  мен  журналдар  жаңбырдан 
кейінгі  саңырауқұлақша шыға бастады. Шыға бастады деп айтқанымызбен, 
олардың  да  тағдыры  байлаулы  аттай  еді.  Үш  нөмірі,  төрт  нөмірі    шығып, 
кейін    қаржы  тапшылығынан  жабылып  қалып  жатқандары  тіптен  көп-ақ 
болатын.  

Есесіне «Караван»  секілді  іргелес ел  тілінде шығатын  басылымдар бел 
алып,  елдің    ақпараттық  саясатына  «бел  шеше»  кірісе  бастағаны  жасырын 
емес.  Оның  да  объективтік    себебі    бар  еді.  90-шы  жылдары  әкімшілдік-
әміршілдік жүйенің құрсауынан босанған ел оқырмандарының менталитетіне 
жолбике  басылымдардың  өсек-аяңға,  нақтыланбаған  деректерге  құрылған 
мақалаларды оқуға деген құштарлығы да тән еді. Қарапайым оқырмандардың 
осынау  әлсіздігін  «Караван»  секілді  басылымдар    тиімді  пайдалана  білді. 
Бұның  үстіне  жарнама  мен  жарнамалық  материалдарды  ұтымды 
ұйымдастыра  білген    олардың  таралым  тиражы  сол  жылдары  адам  сенгісіз 
мөлшерге жетті.  
Өкініштісі  сол,  біздің  байшыгештеріміз  бен  «жас  қазақтарымыз» 
өздерінің насихаттарын орыс тілінде жүргізді, өздерінің  компанияларының 
жарнамаларын орыс тілінде бергенді абырой-бедел санады.  Сөйтіп, мұндай 
басылымдардың    материалдық  базасы  да  нығайып,    жылдар  бойы  дәстүрлі  
газеттерде жұмыс істеген қызметкерлер солай қарай ағыла бастады... Өйткені 
ол басылымдарда қызметкерлердің  әлеуметтік мұқтажы  ойдағыдай шешіліп, 
олардың    толыққанды  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  жасалып  жатты.  Осы 
жолбике басылымдардың қатардағы қызметкерлері үш жүз, төрт жүз доллар 
көлемінде жалақы алып жүргенде,  қазақ журналистері айлықтарын  қай күні 
алып, қай қарызына  берерін білмей  басы қатып жататын... 
Ал  қазақ  газеттеріне  «екінші  сортты»  деген  дәйексіз  пікірлердің 
қалыптаса бастағаны да, міне, осы тұс болатын. Міне, осынау келеңсіздіктен  
қалай  құтылуға  болады?  Әрі-бері  ойласулардан  соң  ілгеріде  мемлекет  
тарапынан  қаржыландырылып  келген  басылымдардың  менеджментін  
жетілдіру,  оны  бүгінгі    күн  талабына  сай    қайта  құру  керек  екендігі 
айқындалды. Сөйтіп, 1999 жылдың 12 маусымында «Қазақ газеттері» жабық 
акционерлік  қоғамы  мемлекеттік  тіркеуден  өтіп,  оның  құрамына  «Қазақ 
әдебиеті»,  «Ана  тілі»,  «Қазақ  елі»,  «Уйғур  авази»  газеттері  мен  «Ақиқат», 
«Мысль»,  «Жұлдыз»,  «Простор»,  «Жалын»  секілді    журналдар  енді. 
Акционерлік  қоғамның  Директорлар  кеңесі  құрылып,  Президенті 
тағайындалды.  
Осы шешімдерден соң аталған  газеттер мен журналдардың ішкі басқару 
құрылымдары  жетілдіріліп,  оңтайландырылды.  Бухгалтерия  бір  орталыққа 
бағындырылып,  менеджерлік  және  құқықтық  қызметпен  қамтамасыз  ету 
топтары  құрылды.  Маркетингтік    ізденістерге    жол  ашылды.  Соның 
нәтижесінде  соңғы  3-4  жылдың  көлемінде  қаржылық  шығында  отырған 
ұжымдардың  қарыздарын    өтеу,  жаңа  үрдісте    жұмыс  істеу    жедел  қолға 
алынды.  Акционерлік  қоғам  құрылғанға  дейін    әрқайсысы  3-4  миллионмен 
шығында  отырған    редакциялар  2001  жылдан  бастап  шаруашылық  қаржы 
жылдарын  пайдамен  аяқтайтын  жағдайға  жетті.  Қызметкерлер  айлығын, 
материалдық көмегін, қаламақысын  уақытылы алып тұратын болды.  
Еңбек  ұжымдары  мүшелерін  әлеуметтік  белсенділігін  арттыруға 
бағытталған  сан  қырлы  жұмыстардың  нәтижесі  олардың  шығармашылық  
ізденістеріне де жол ашты. Бәсекеге қабілеттіліктің мүмкіндіктерін көрсетті. 
Мұны бір ғана «Ана тілі» газетінің мысалынан-ақ байқауға болады. Бастапқы 

жылдары таралым тиражы 10 мың  дананың көлемінде жүретін  басылымның 
таралым ауқымы  соңғы жылдары  күрт өсе бастады. Ол қазір республикаға 
30 мыңнан аса данамен  тарайды.  
Қазір    еліміздің  ақпараттық  кеңістігінде    ана  тілімізде  шығатын 
басылымдардың пікірімен  есептеспейтін ұйымдар мен қоғамдар  кемде-кем. 
Ел  тағдыры,    жер  тағдыры,  тәуелсіздігімізді  баянды  ету  жолындағы  
мәселелерді    өздерінің  күнбе-күнгі    тақырыптарының    алтын  қазығына 
айналдырған  қазақ  газеттері  мен  журналдары  оқырмандардың    іздеп  жүріп 
оқитын  басылымдары  саналады.  Сөйтіп,  көп  жағдайда  ана  тіліміздегі 
басылымдар  туралы  сырт  көздің  дәйексіздеу  пікірлерін  бүгінгі  күннің 
ақиқаты  терістеді  ғой деп ойлаймыз. 
«Қазақ газеттері» жабық акционерлік  қоғамының оң тәжірибесі  балалар 
мен жасөспірімдер баспасөзінде осындай негізде қайта құруға  итермелегені 
сөзсіз. Сөйтіп, 2001 жылы шаңырақ көтерген «Жас өркен»  ашық акционерлік 
қоғамының  аяқ  алысы  республикамыздағы  БАҚ  менеджментінің  оңтайлы  
ізденістерінің бірі деп айтуға болады.   
Қазақстан  Республикасының  «Акционерлік  қоғамдар  туралы»  заңының 
талаптарына сай бұл қауымдастықтар әділет органдарының қайта тіркеуден 
өтіп,  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігі  заңды  тұлғасы  болып  құрылды. 
Жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігі    меншік  түріне  өтуіне  орай  «Қазақ  
газеттері»  қауымдастығының  қаз  тұру,    қадам  басу,    еліміздің    ақпараттық 
кеңістігіне  өзінің орнын  айқындауының бірінші кезеңін толық аяқталды деп 
нық сеніммен айтуға болады. 
Ал,  екінші кезең жауапкершілігі шектеулі серіктестік меншігі түріндегі 
құрылымды    одан  әрі  жетілдіруді,  бүгінгі  болмысқа  барынша  икемді  етуге 
бағыттау  міндетін  қойғаны  сөзсіз.  Ол,    әрине,    өз  кезегінде    Қазақстан 
Республикасы  ақпараттық  кеңістігінің    бәсекеге  қабілеттілігін    дамытудың 
2006-
2009  жылдарға    арналған  тұжырымдамасынан  туындайтын 
мәселелермен    сабақтасатыны  мәлім  /4/.  Олай  болса,  «Қазақ    газеттері» 
ЖШС-індегі  қазіргі  ізденістер  мен  талпыныстар  осы  міндеттерді    оңтайлы 
шешуге деген  құлшынысты аңғартқандай. 
Әрине,  соңғы  15  жылда  қазақстандық  БАҚ-тың    менеджменті  мен  
маркетингін    қалыптастыру  бағытында  қыруар  іс  атқарылғаны  сөзсіз.  Оған 
тоқмейілсуге болмайды. Жасайтын жұмыс  әлденеше есе  көптігі өзінен-өзі 
түсінікті. Бұл ретте тағы қайталап айтамыз, ұжым  мүшелерінің  әлеуметтік  
мұраты  мен  мүддесі  редакциялардың  стратегиялық  бағдарламаларымен 
үйлесім тапқанда өз жемісін бермек. Бұл – бір.  
Екіншіден,  көшбасы  «Егемен  Қазақстан»  газетінен  бастап  «Қазақ 
газеттері»    ЖШС-і,  «Жас  өркен»  ЖШС-інің  мүмкіншіліктерінен  тыс 
атқарылу тиіс шаралардың бар екенін  естен шығармағаны абзал. Бұл туралы 
үстіміздегі  жылдың  қаңтар  айында    еліміздің  жаңа  премьер-министрі 
М.Қ.Мәсімовтің қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Мәдениет  және 
ақпарат министрлігінің алқа мәжілісінде барынша  ашық айтылды. 
Әсіресе,    журналистердің    айлық  жалақысы  мен    қаламақысы 
мөлшерін көтеру,  газеттер мен журналдарда қосымша құн салығынан  

құтқару,  пошта  тасымалы  қызметінің  монополиясын  жүгендеу  секілді 
мәселелер өткір қойылды. Осы төңіректегі  ашық  әңгімелерге депутаттар 
Қ.Сұлтановтың,  Ғ.Шалахметовтың,  М.Шахановтың  белсене  қатысып, 
журналист  ағайындарының    намысын  жырта  сөйлегені    қандай  жарасымды 
болды  десеңізші!  Өз  кезегінде    қазақ  мәдениеті  мен  баспасөзінің 
қайраткерлері М.Әуезовтің, С.Абдрахмановтың, М.Құлкеновтың ортақ мүдде 
орайындағы  сөз  саптаулары    көзі  ашық,  көкірегі  ояу    азаматтардың  қай-
қайсысын да бей-жай қалдырмағаны сөзсіз.  
Әрине,  қазір    бүкіл  ел  көлемінде  мемлекеттік  тапсырыспен  жұмыс 
істейтін мекемелерге мүдделі көзқараспен қарау қалыптаса бастағаны белгілі. 
Мерзімді  қазақ  басылымдарының  қаржыландыру  көзінің  бірі  осы 
мемлекеттік тапсырысқа байланысты берілетін қаржы көлемі болса, екіншісі, 
жарнама  берушілерден  түсетін  қаржыға  байланысты.  Сондықтан    әлі  күнге 
дейін белең алып отырған бір тілде ғана (орыс тілінде) жарнама берушілік 
үрдісіне    тиым  салып,  жарнаманы  негізінен  қазақ  тілінде  беруге,  я 
болмаса,  екі  тілде  –  қазақша  және  орысша  жариялауды  құқықтық 
жағынан  негіздеу  қажет  деп  білеміз.  Біз  құрамыз  деп  отырған  әлеуметтік 
қоғамның  әлеуметтік    әділдік  дейтін  критерийі,  міне,  сонда  ғана    үстемдік 
құрар еді.   
 
                                                                                                       2007 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
         
 

ҰЛТ МҰРАТЫНА АДАЛДЫҚТЫҢ АЙНАСЫ 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  жыл 
сайынғы  халыққа  Жолдауының    бұқаралық  ақпарат  құралдарында 
жарияланғанына  біршама  уақыт  өтті.  Бұл  мерзімде  біздер  журналистер, 
жалпы  зиялы  қауым  өкілдері  Жолдаудан  туындайтын  міндеттерді  талдап, 
таразылауға, ой қорытуға мүмкіндік алдық деп ойлаймын.  
Жолдауда Президент, әсіресе, мемлекетіміздің атымен аталатын ұлттың 
қоғам  алдындағы  биік  парызы  мен  қарызы  туралы,  атқаратын  міндеттері 
хақында айрықша тоқталып өткені  мәлім. Оның: «Дағдарыстар өтеді, кетеді. 
Ал, мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар 
мәңгі қалады» /1/ деген ой-орамдарының саяси, әлеуметтік маңызы өте зор. 
Дәлірек айтсақ әрқайсысы ойдың белін қайыстырардай осы үш ұғымның 
бір  контексте    сабақтаса  аталуы  тегін  емес.  Бірімен  бірі  іштей  мағыналық 
байланысы  зор  осы  ұғымдар  болмысы  байырғы  Қазақ  Елінің    отын  оттап, 
суын  ішіп  отырған  әр  пенденің  мемлекетшілдік  сананы  қалыптастыруы 
қажет деген талапқа маңдай тіреп тұрғаны  айқын. Ал мемлекетшілдік сана 
әрбір қазақстандықтың Қазақ Елі мемлекеті үшін қызмет етуім керек, мен де 
бір соның кірпішімін деген сенімнен өрбитін ұғым!  
Он екі мүшең мен алпыс екі тамырыңның бүлкілі осылай деп соққанда 
ғана сіз өзгенің есебінен ішіп-жеп, шет елден сарай салдырып, басына бұлт 
үйірілгенде қыр асып кетуге деген пиғылдан арыласыз!  
Сондай-ақ,  оның  «Сан  түрлі  саясаткерлер,  сарапшылар  Қазақстан 
қазіргідей қиындықтан өтер ме екен, осы кезде  ел бірлігін сақтап қалар ма 
екен, бұл ел өзінің мемлекеттілігін құрметтей білер ме екен деп тұрған сын 
сағатта  мен,  әсіресе,  қазақ  халқына    бөлекше  жауапкершілік    жүктеп,  сөз 
арнаймын.    Қазір  алып  бара  жатқан  қиын  ештеңе  жоқ.  Жеріміз  кең,  еліміз 
бай,  істеген  адамға  далада  да,  қалада  да  жұмыс  жетіп  жатыр.  Бел  шеше 
кірісіп, білек сыбанып, жұмыс істейтін кез келді. Бір-бірімізге қарайласатын, 
көмектесетін,  ағайыншылықты  танытатын  кез  дәл  осы  кез»/2/  деген 
толғанысының да үлкен  мәні бар. Елбасының ой орамдарындағы біз мысалға 
келтірген осы бір екі дәйексөз оның бүгінде мемлекеттік маңызы зор құжатқа 
айналып отырған Жолдауының  алтын арқауы іспеттес! 
Әсіресе, екінші дәйексөздегі «...бұл ел өзінің мемлекеттілігін білер ме 
екен  деп  тұрған  сын  сағатта  мен,  әсіресе,  қазақ  халқына  бөлекше 
жауапкершілік  жүктеп,  сөз  арнаймын»  деген  жолдар  кеудесінде  намыс 
оты  бар  кім-кімді  де  болса-ақ  қамшылары  сөзсіз.  Бұл  арнау  бірде    Сәкен 
ағамыздың ел өміріндегі өлара шақтағы:  
«Азамат, жүнжіме, жүрме бос, 
Қол ұстас, бірігіп тізе қос!»/3/ – деген ұранымен қанаттасып жатқанын 
сезінсек, енді бірде Жұбан ағамыздың: 
«Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген, 
Жөргегінде таныстым мұң тілімен. 
Жылағанда жүрегім күн тұтылып, 

Қуанғанда күлкімнен күн түрілген»/4/ – деген жыр-шумақтарынан өзіне 
үндестік  тауып  тұрғанын  көзі  ашық,  көкірегі  ояу  кісі  қапысыз  аңғарары 
сөзсіз. 
Ашығын айтқанда, Елбасының қазаққа қарата Сөз арнауы тегіннен тегін 
емес.  
Неге?  
Негесі  сол,  бас-аяғы  соңғы  жиырма  жылға  жетер-жетпес  уақыттың 
ішінде    Қазақ  Елі  ғаламат  өзгерістер  мен  жаңғырулардың,  жаңалықтар  мен 
жасампаздық  істердің  мекеніне  айналды!  Елбасының  тікелей  өзінің  
мұрындық  болумен  дүниеге  келген  тың  шешімдер,  орайын  тапқан  оңтайлы 
бастамалар ортақ игілігіміз болып отыр.  
Жеткен  жетістігіміз  әмбеге  аян.  Төрткүл  дүние  күн  дидарлы 
Қазақстанның  әр  қадамын  сын  тезінен  өткізе  қарап  отыр.  Оның  ішінде 
тілектестеріміз де, теріс ыңғайдағылар да бар.  Әрине, табысты бізден ешкім 
тартып ала алмайды, яки иеленіп кете алмайды.  
Алайда, осынау ұлы үдерісте «әттеген-ай» дегізіп жатқан жайттар да жоқ 
емес.  Президент    қазаққа  қарата  сөз  айтқанда,  міне,    осы  жағдаяттарды  
аңдатқан  болу  керек.  Соның  ең  бастысы,  жемқорлық,  масылдық,  алаяқтық 
секілді  қатерлі  дертпен  күресу  кезек  күттірмес  шаруаның  шаруасы, 
науқанның науқаны болып отыр.  
Науқан қарқынды жүргізілуін жүргізіліп-ақ жатыр.  Бітіспес күрес қанат 
жайып  келеді.  Бірақ  жемқорлық  дейтін  пәлеңіз  жеті  басты  аждаһа  секілді 
екен...  Басын  шауып  үлгеру    мүмкін  емес.  Бірін  шапсаң,  екіншісі  қылтиып 
шығып тұрады. Құдды, саңырауқұлақ секілді.  
Осы  бір  қатерлі  дертті  түбірімен  сылып  тастамай,  қоғамның  сауығуы, 
ілгерілеуі  мүмкін  емес.  Ол  үшін  не  істеу  керек?  Әрине,  бұл  тарапта  
атқарылып  жатқан  іс  мардымсыз  деп  ауызды  қу  шөппен  сүртуге  болмас, 
жұмыс жүріп жатыр. Бірақ соның дәйектілігі шамалы болып тұр. Атқарылған 
жұмыстар,  негізінен,  құқық  қорғау  органдарының  тіркеуіндегі  деректердің  
айналасынан аспай келеді. 
 
Шыны керек, ілгеріректе лауазымды қызмет иесі істі болыпты дегенде 
ел  үрписе  қалатын.Өйткені,  мұндай  оқиға  ілеуде  біреу  болатын  да,өзгелер 
айылын  тез  тарта  қоятын.  Ал  бүгінде  министрлер  мен  оның 
орынбасарларының, әкімқаралардың қойдай тоғытылып қамалып жатқанына 
жұрттың  еті  үйреніп  кеткені  соншалық,  оны  бүгінгі  күннің  қалыпты 
жағдайындай  қабылдайтын  болды...  Міне,  сізге  меншік  психологиясының 
жеткен межесі! 
Халық  дәулетін,  ел  байлығын  опырып  жеуді  дәстүрге  айналдырған 
алаяқтар  адалдық    пен  тазалық  дейтін  ұғымдарды  бойтұмардай  сақтайтын 
кісілерді ақымақ санайтын кез келді. Бұл ретте жекелеген қоғамдық ұйымдар 
үн  көтерген  болып  жүр.  Бірақ  дауысы  тым  әлсіз,  бәсең.  Жетер  жеріне 
жетпейді.  Тіпті,  оны      айтасыз,  «Нұр-Отан»  партиясы  бастамасымен  қолға 
алынып жатқан шаруалар да аздық етеді. 

Ал  аудандық,  облыстық  мәслихаттар  осы  бір  шаруада  иық  көрсетуі 
керек-ақ еді. Олардан да ел іші асқан белсенділік көре алмай отыр... Бұл – ақ 
пен қарадай ақиқат нәрсе. 
 
Осы тұста ілгерідегідей  жемқорлықпен бүкілхалықтық майдан ашатын 
кез  келген  секілді.  Яғни,  әрбір  еңбек  ұжымында  халықтық  бақылау 
комитеттерін  құрып,  атқарылып  жатқан  жұмыстардың  жариялылығына  
ерекше назар аударатын, қылмыс пен сыбайластықтың жолын кесетін нақты 
шаруаларды қолға алатын уақыт болды деп ойлаймыз.  
Бұл  ретте,  әрине,    еліміздің  бұқаралық  ақпарат  құралдарына  да  елеулі 
міндет жүктелері сөзсіз. Сондықтан да міне, Президент Жолдауына арналған 
республика 
Парламенті 
палаталарының 
бірлескен 
отырысынан 
ұжымдарымызға  оралысымен-ақ  ең  басты  шаруа  осы  Үндеудің  мәнін 
әріптестерімізге  ұғындыруға  арналды.  Арнайы  бас  редакторлар  кеңесінің 
мәжілісін  өткіздік.  Сөйтіп,  «Қазақ  газеттері»  жауапкершілігі  шектеулі 
серіктестігіне  қарасты  әрбір  басылымның  өзінің  тақырыптық  сыпатына 
байланысты атқарылар міндеті сараланды.   
Айталық, «Ана тілі» газеті Жолдаудағы рухани мәселелер төңірегіндегі 
проблемаларды  жазып  көрсетудің  қыр-сырына  үңілсе,  «Экономика» 
апталығы  дағдарыстан  шығар  жолдың  нақты  шаруашылық-экономикалық  
механизмдері  жайынан  әңгіме  қозғап  келеді.  Ал  «Ұйғыр  авази»  басылымы 
Қазақстан  халықтары  Ассамблеясы  мұрындық  болып  отырған  келелі  істер 
төңірегінде  ой  толғап,  қоғамдық  келісім  мен  ұлтаралық  қатынасты  
нығайтудың кешенді мәселелерін байыптап жазып отыр. 
Осы  тұрғыдан  келгенде  «Ана  тілінде»  жарияланған  Абай  атындағы 
Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университетінің  ректоры,  профессор 
С.Ж.Пірәлиевтің («Ұлттық идея, елдік мұрат – басты бағытымыз», 26 наурыз 
2009ж),  Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамының  президенті,  академик 
Ө.Айтбайұлының («Мемлекеттік тіл мерейі – ұлт мерейі», 26 наурыз 2009ж), 
Мемлекеттік  тілді дамыту  президенттік  қорының  директоры  Б.  Әбдіғалидің 
(Ұлт  мықты  болмай,  тілдің  жағдай  түзелмейді»,  9  сәуір  2009ж)  деп  алатын 
сұхбаттарында оқырман  қауым  көкейіндегі  мәселелерді дөп басқаны  сөзсіз. 
Бұл  орайда  «Экономика»  газетінде  жариялаған  журналист  Қ.  Қонысбайдың 
(«Қиындықтан қиналмай шығу үшін», 9 сәуір 2009ж) деп аталатын мақаласы, 
ҚР  Ауыл    шаруашылығы  министрі  А.  Күрішбаевтың  «Мақсат  айқын, 
міндеті–зор»  (23  сәуір  2009ж),  Ресей  оқымыстылары,  академиктер  А.  
Спицын мен О.Кузнецовтың «Остается восхищается прозорливастью вашего 
лидера», 30 апреля 2009г) деп аталатын сұхбаттары назар аударарлық.  
«Ұйғур  авази»  газеті  өз  оқырмандарына  ұсынған  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясының  мүшесі,  «Қазақстан  ұйғырларының  республикалық  
мәдениет  орталығы»  қоғамдық  бірлестігінің  төрағасы,  Алматы  қалалық 
мәслихатының  депутаты,  «АЗМК»  ЖШС-нің  директоры,  Ахметжан 
Шардиновтың мақаласы   («Құт-береке мол болсын десек», №11, 13 наурыз),  
Республика  Парламенті  Мәжілісінің  депутаты,  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясының  мүшесі  Мұрат  Ахмадиевтің  мақаласы  («Төзімді  және 
белсенді  болуға  ынталандырады».,  №12,20  наурыз),    Л.  Гумилев  атындағы 

Евразия  ұлттық  университетінің  кафедра  меңгерушісі,  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясы және сол ұйым жанындағы ғылыми сараптау кеңесінің мүшесі, 
заң  ғылымының  докторы,  профессор  Әнвәр  Хажиевпен  сұхбат  («Ұлттар 
достығы  –  өркениет  кепілі».  №14,  3  сәуір)  оқырман  ойынан  шықты  деп 
айтамыз. 
Ұлттық-қоғамдық  саяси    «Ақиқат»  және  «Мысль»  журналдары  зиялы 
қауым өкілдеріне сөз беріп, Президент Жолдауының теориялық аспектілерін 
талдап  көрсетіп  келеді.  Ал,    шығармашыл  жастардың  үніне  айналмақ 
«Үркер»  журналы  жас  жеткіншектер  мен  таланттардың  ортақ  мүдде 
орайындағы  келелі  іске  қосар  үлестері  төңірегінде  тақырыптық 
материалдарды  жариялай  бастады.  Өйткені,  жас  ақындар  мен 
жазушылардың,  ғылымның  қиялына  құлаш  ұрған  болашақ  ғалымдардың  да 
ой-пікірлері ортақ игілікке қызмет етіп жатса, несі айып?  
Енді  атқарылар  жұмысты  нақтылайтын  болсақ,  онда  мына  мәселелерді 
атап-атап  көрсетуге  болар  еді.  Мәселен,  мамыр,  маусым  айларында  «Ана 
тілі»,  «Экономика»  газеттерінің  редакцияларында  зиялы  қауым  өкілдерінің 
дөңгелек стол басындағы  сұхбатын өткізу жоспарланып отыр. Ал, «Ақиқат» 
және «Мысль» журналдарының редакциялық алқалары Алматы қаласындағы  
іргелі жоғарғы оқу орындарының оқытушыларымен, студенттерімен бірнеше 
кездесулер  ұйымдастырып,  өз  оқырмандарының  өзекжарды  мәселелер 
төңірегінде әңгімелерге қатысады.  
Жолдауда бастан кешіп жатқан қиындықтарға қарамастан экономикалық 
дамуға  тың  серпін  беретін  нысандар  жөнінде  айрықша  атап  өтілгені  мәлім. 
Осы тұрғыдан келгенде «Экономика» апталығы Елбасы назарындағы Атырау 
мұнай-химия кешені құрылысының, Мойнақ ГЭС-і құрылысының, Екібастұз-
1 ГРЭС-інің, Екібастұз-2 ГРЭС-інің және Балқаш ЖЭС-нің салыну барысын 
бақылауға  алатын  болады.  Оқырмандарына  осы  маңызды  нысандардағы 
мәселенің мән-жайын жеткізіп отырмақ.  
«Үркер» 
журналының 
қызметкерлері 
Қызылорда, 
Жамбыл 
облыстарындағы  жас  әдебиетшілер  бірлестіктерінің  өкілдерімен  бірлесе 
отырып,  «Жас  қайраты  елімнің»  деп  аталатын  акцияға  қатысады.  Біздің 
пікірімізше,  осы  аталған  іс-шараларға  бұқаралық  ақпарат  құралдары 
өкілдерінің белсене қатысуы, оған ұйытқы болуы пайдалы іс болмақ. Себебі, 
сол іс-шаралардан, акциялардан жазылған материалдар оқырман қауымға ой 
тастамақ,  өзекті  шаруалардың  шешім  табуына  түрткі  болмақ  деген 
пікірдеміз.  
Журналистердің  осындай  саяси  мәні  зор  үлкенді-кішілі  іс-шараларға  
қатысуы,  газеттер  мен  журналдардың  облыстардағы    күндерін  өткізуі,  оны 
дәстүрге айналдыруы екі жаққа да тиімді болатыны сөзсіз.  
Ал  жуық  маңда  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Сенатының 
депутаты Қожахмет Баймахановтың, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан 
Нұршайықовтың, 
академик 
Аманжол 
Қошановтың, 
философия 
ғылымдарының  докторлары,  профессорлар  Нүсіп  Сағадиевтің,  Бекет 
Нұржановтың,  ауылшаруашылығы  ғылымының  докторы  Махамеджан 
Абдуллаевтың,  басқа  да  зиялы  қауым  өкілдерінің  ой-толғаныстары  мен 

мақалалары  «Қазақ  газеттері»  ЖШС-не  қатысты  басылымдарда 
жарияланатын болады.  
Енді бірер сөз газеттер мен журналдар өндірісінің ішкі экономикасына, 
басылымдарды  шығарып  отырған  еңбек  ұжымдарының  әлеуметтік 
тұрмыстық  мәселелеріне    қатысты  болмақ.  Бұл  тұрғыдан  келгенде 
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басқару аппараты мен редакцияларда 
құрылымдық  өзгерістер  жасау  қолға  алынды.  Газет-журнал  өндірісінің 
маркетингіне айырықша назар аударылды. Ақиқат қоғамдық-саяси журналы 
мен  «Экономика»  газетінің  жанынан  құрылған  ақпараттық-талдау 
орталығының  жұмысынан  үлкен  үміт  күтіп  отырмыз.  Оның  құрамына 
елімізге білікті экономист мамандар мен ғалымдар енгізілген. 
Президент өзінің Жолдауының соңында «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» 
деген  қанатты  қағиданы  жайдан-жай  жұрт  қаперіне  салған  жоқ.  Осы  аталы 
сөздің  салмағы  біздерге,  бұқаралық  ақпарат  құралдары  өкілдеріне  де  көп 
міндет жүктейтіні сөзсіз.  
Бірлесіп  атқарған  істің  берекелі  болатыны  әлденеше  рет  көзімізді 
ақиқатқа  жеткізгеніндей,  осынау  өтпелі  өлара  кезеңде  бір  жағадан  бас,  бір 
жеңнен қол шығара қимылдағанымыз жөн-ақ. Мұны айтып тұрғандағы ойым, 
газеттер  мен  журналдардың,  радио  мен  телевидениенің  қоғам  өміріндегі 
өзекті  мәселелер  төңірегіндегі  акциялары  бірлесіп  өткізілсе.  Бұдан  біз 
ұтпасақ ұтылмас едік. Себебі, Жолдаудағы: «...Бұқаралық ақпарат құралдары 
адамдар  үшін  қиындықты  қалай  еңсеруге  болады.  Мынандай  қиын  кезде 
қалай  аман  қаламыз,  қалай  төтеп  береміз  деген  мәселелерге  «кеңесші» 
ретінде көрінуге тиіс. Азаматтарды басқа адамдардың оң тәжірибесі арқылы 
үйрету  керек»/5/  деген  сөздері  біздің  атқарған  шаруаларымыздың  әлі  де 
орасан зор екендігін айқындап отыр.  
2009  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет