Ерлердің ісі бітер ме? ҚОс арнаның тоғысы



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата22.12.2016
өлшемі0,9 Mb.
#108
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 
 
 
 
           
 
     
 
 
 
 
 
 

АДАЛДЫҚТЫҢ БӘЙГЕСІНДЕ БАҚ 
СЫНАҒЫН, АЛАШЫМ! 
«Осы  сайлауда  халықтың  маған  көрсеткен  қолдауын  мен  бүгінде 
елімізде  берік  орныққан  саяси  тұрақтылық,  ұлтаралық  келісім  және 
экономикалық  қарқынды  өрлеу  саясатын  қолдау  ретінде  қабылдадым. 
Сондықтан  Қазақстан  халқына  адал  қызмет  ету  алдағы  уақытта  да  мен 
үшін ең мәртебелі әрі қасиетті борыш болып қала бермек».
 
/
Н.Назарбаев. Қазақстан
 
Республикасы  Президентінің  лауазымына  ресми  кірісу  рәсімінде 
сөйлеген сөзінен/.
 
Адалдық!
 
Осы бір ауыз сөз әңгіме-әфсаналарға арнау болып, қисса, хикметтердің 
өзегіне  айналғалы  қашан.  Ақын-жыраулардың  көмейінен  ақтарылған  талай 
сыршыл шумақтардың мәні мен сәні де осы бір ұғымның ішкі иірімдеріне 
бойласақ  деген  арманнан  туындаған.  Ата-ана  алдындағы  адалдық,  дос-
жаранға  адалдық,  туған-туысқанға  адалдық,  жар  алдындағы  адалдық, 
мамандыққа адалдық... Міне, осылайша тізбектеліп кете бермек.
 
Ал  осының  бәрінен  биігі  Антқа  Адалдық,  Отан  алдындағы  Адалдық! 
Халқымыздың біртуар перзенті Бауыржан Момышұлы: «Отан үшін отқа түс 
күймейсің!» дегенде осы ойды меңзеген болу керек.
 
Осы Адалдық ұғымы дәл қазіргі таңда айырықша мәнге ие болып тұр. 
Тәуелсіздігіміздің он бес жылдығында біз, міне, осындай ақиқатпен бетпе-
бет келіп отырмыз. Неге?
 
Неге сол - күні кешегі шаруашылықтың қиюы қашқан күндер келмеске 
кеткен  секілді.  Тамақ  тоқ.  Көйлек  көк.  Зейнетақының,  жалақының 
уақытылы  берілмей  қалуы  деген  ұмытылғалы  қашан?  Бастапқыда 
әзірейілдей көрінген нарықтың заңдылығына қазекем үйреніп алды қазір.
 
Кешегі күннің күркірі ұмытыла бастаған секілді.
 
Ашкөздік, қомағайлық жайлап барады маңайды.  «Кедей бай болсам, 
бай құдай болсам» дейтін заман келді.
 
Ал,  қазіргі  әкімдер  туралы  не  қилы  әңгімелер  жүр  ел  ішінде.  Қазір 
мынадай пиғыл қалыптасқан.   Кішкене ғана креслоға ие болғандар бірден
 
қай  жерден  нені  қарпып  қалу  керек  екендігін  ойлайды.  Қарақан 
бастың  қамына  кіріскен  әкім  үшін  аудан,  ауыл-аймақ  дегеннің  тағдыры 
екінші,  үшінші  реттегі  мәселе  болып  қалатыны  шындық.  Құнды  бір  бұл 
дүниедегі  жиған-тергенін  о  дүниеге  өзімен  бірге  ала  кететіндей 
ашкөзденетінін  қайтерсіз?..  Осы  орайда  Майлықожа  бабамыздың  мына 
бір шумақтары еріксіз ойға оралады.
 
Елде журген жақсы көп,
 
Халықты жегіш лыпылдап.
 
Жай халыққа сөз бермес,
 
Аузы-басы жыпылдап.
 

Жақсыны көрсе табалар,
 
Сауысқанша шоқылдап.
 
Алар жерге келгенде,
 
Жан салмайды сыпылдап.
 
Бір парасы тым салақ,
 
Шаруаға сылпылдап.
 
Түзге шықса сырдаң боп,
 
Мен белгілі мырзаң деп,
 
Үйінде қалар қылпылдап.
 
Өсекшілдің белгісі,
 
Сөйлесе сөзді шым-шымдап.
 
Сулу шырар керіліп,
 
Кербез турар қылтыңдап.
 
Тақыстардың мінезі,
 
Жақтырмас сөзді қыртыңдап.
 
Насихатты сөзімнен,
 
Кез келгенде өзімнен,
 
Қалса деймін бір тыңдап.
 
Жаман-жақсы әр істі
 
Пейілінен адам табады.
 
Парасатты ер жігіт
 
Жақсыдан ыбырат алады.
 
Ерінбей бейнет еткеннің,
 
Ецбегі дейді жанады.
 
Жақсы болып өседі,
 
Осылай қазақ деседі.
 
Ғазалда  өрнектелген  осы  бір  ғибрат  сөздер  әкімқаралардың  қаперінде 
жүрсе   дейсіз ғой армандап.
 
Біздің  елімізде  «Мемлекеттік  қызметшілер  туралы»  заң  бар.  Ол  аз 
десеңіз  былтыр  Елбасының  өзі  қол  қоюымен  «Қазақстан  Республикасы 
мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі» қабылданды.
 
Онда  негізгі  талап  тайға  таңба  басқандай  жазылған.  Ал  бірақ  соның 
талаптары  мүлтіксіз  орындалып  жатыр  деу  қиын.  Осы  құжаттар  кейбір 
кеңселердің  әрін  кіргізіп  тұруы  үшін  іліп  қоятын  мүліктің  ролін  ғана 
атқарып түрған жоқ па екен дейсіз...
 
         
Тарихтан тағылым түю о да өнер.
 
Кеңес өкіметі қайраткерлерінің, қарап отырсаңыз, бір басына бақ талай 
да, тақ таласы да, қасірет-қайғысы да артылып жететін еді. Оның бәрі талай 
рет  айтылды  да,  жазылды  да.  Тіпті  артығырақ  сілтеңкіреп  жіберген 
тұстарымыз да болмай қалған жоқ. Демократия дедік... жариялылық дедік...
 
Ал  бірақ  қос  ғасыр  тоғысында  ілгеріде  өткенді  саралап,  тағы  бір  рет 
ақыл-парасатқа  салудың  еш  айыбы  жоқ.  Бұл  да  еріккеннен  емес,  әрине. 
Себепсіз  салдар  болмайды.  Түкпірдегі  кейбір  ауылдың  шаруашылығы 
шатқаяқтап,  берекесі  кетіңкіреп  тұрған  сәтінде  «неге  олай»,  «неге  бұлай» 

деген  сауалдардың  жиі  қойылатыны  әбден  түсінікті.  Оған  қиналмай-ақ 
бәрін де нарық шіркінге ысыра салуыңызға болады. Бұл - оңай жолы.
 
Ал осының бәріне жаны ауырып, ел тағдыры арқасына аяздай бататын 
азамат  өйтпесе  керек.  Сан  сауалға  жауап  табу  үшін  жүрегін  ауыртады, 
мыйға салмақ түсіреді. Түн ұйқысы төрт бөлінеді. Ондай азаматтар шүкір 
жоқ  емес,  бар.  Бірақ,  селдіреп  әр  жерден  бір  көрінеді.  Шіркін,  солардың 
қатары  молайса  ғой!  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына Жолдауын әдіптеп отырған ойдың бір арнасы, міне, осындай.
 
Тағы  да  тарихқа  жүгінелік.  Күні  бүгінге  осы  қалпымызда  аспаннан 
аяғымыз  салбырап  түсе  қалған  жоқпыз.  Кешегінің  бәрі  біздің  тағдыр-
талайымыз. Ал өткеннен тағылым түю о да өнер. Осы тұрғыдан келгенде, 
тіпті,  әріге  бармай-ақ  әлгінде  ғана  тілге  тиек  еткен  Кеңес  өкіметі 
қайраткерлерінің  іс-әрекетіне  назар  салсақ  та  жетіп  жатыр.  Біз  қанша 
жерден кұстаналағанымызбен Ленин жарықтық «Кеңес өкіметінің кезектегі 
міндеттері»  деген  еңбек  жазды.  Жанын  қинап  жазды.  Мемлекет  құрудың, 
әрине,  оңай  болмағандығынан  ғой.  Бір  ғажабы  осы  «...кезектегі  міндеттер» 
Ленин  өзі  құрған  саяси  жүйенің  идеологиясына  мінсіз  қызмет  атқарған 
еңбек болды. Осы шығармасында ол жас мемлекетті күшейту үшін бармақты 
бүгіп тұрып мынаны істеу керек, мынаны былай атқару керек деп тәптіштеп 
жазып берді.
 
Біз  де  жаңа  жүйе,  жаңа  мемлекет  құрып  жатырмыз.  Олай  болса, 
ғаламдық  өркениетте  өткен  әргі-бергі  мемлекеттер  тарихындағы  іліп  алар 
жақсылықты тәжірибеге пайдалана білсек несі айып? Сол себепті егемендік 
алған еліміздің еңбеккерлері осы еңбектің керекті жеріне ара-тұра болса да 
көз қиығын салып тұрғанының еш сөкеттігі жоқ. «Ақшаны ұқыптылықпен, 
адалдықпен  есептеп  жұмса,  шаруашылықты  жүргізгенде  үнемшіл  бол, 
жалқау  болма,  ұрлама,  еңбекте  қатаң  тәртіп  сақта  деген  ұрандар,  -
буржуазия  қанаушылар  табы  ретінде  өз  үстемдігін  нақ  осындай  сөздермен 
бүркеген кезде ревалюцияшыл пролетарлар орынды дұрыс күлкі еткен нақ 
осы ұрандар енді буржуазия құлатылғаннан кейін қазіргі кезеңнің кезектегі 
және  басты  ұраны  болып  отыр»  /В.И.Ленин.  Таңдамалы  шығармалары,  3-
томдық, 2-том, 643-бет/.
 
Лениннің  бұл  пікірін  біз  дәйексөзшілдігімізден  келтіріп  отырған 
жоқпыз.  Кешегі  өзіміз  шинелінен  шыққан  Кеңес  өкіметі  кезінде  де 
қарапайым қағидалар іске нұсқа ретінде үнемі айтылып отыратын еді дегенді 
аңғартқанымыз келгендігінен ғой. Ал енді қазір қалай?
 
 
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  болса  халқымның  қайтсем  көйлегін  көк, 
тамағын  тоқ  етемін  деп  жанұшырып  жүр.  Стратегиялық  бағыт  айқын. 
Қиындықты  жеңудің  тактикалық  тәсілдерін  таңдап  алдық.  Реформаны 
жеделдетуден  басқа  жол  жоқ  деп  отырмыз.  Билік  бөлінісі  айқындалған. 
Парламентіміз  заманына  сай  заң  шығарып  жатыр.  Үкімет  іс  үстінде.  Ал 
сонда  Президентіміз  айтқандай  малтығуымыздың  сыры  неде?  Бір  әңгімені 
бастасаңыз, екіншісі маңырап шыға келеді.
 
 

Бар  гәп  басшымыздың  біреу  болғанында,  өзгеміздің  тіреу  бола  алмай 
келе жатқандығымызда. Күні кешегі тоталитарлық жүйеден сырықтай бодып 
шыққан  атқамінерлеріміздің  біразы  жаңа  заманда  жарқын  тұлға  бола 
алмады.  Қарапайым  тілмен  айтсақ,  ел  сенді  деген  ерлеріміз  құлқынының 
құлына айналды. Жекешелендіру саясатын жеу, қарпу саясаты деп  ұғынды 
олар.  Сөйтіп,  мемлекеттік  мүдде,  Отан  қуатын  ойлау  деген  шаруалар 
жайына  қалды.  Атқамінерлер  бірімен  бірі  жарыса  жеді.  Түйені  түгімен, 
вагонды жүгімен дегендей. Бұл үрдіс өкінішке қарай әлі жалғасып жатыр.. 
 
«Кейбір  мемлекет  қызметкерлері  заңсыз  ақша  табудың  тиімді,  ең 
бастысы  ешқандай  тексеру,  бақылау,  қадағалау  органдары  көп  біле 
бермейтін жаңа жолдарын ойлап тауыпты», - деп жазады «Айқын» газеті. -
Қызылорда  облыстық  төтенше  жағдайлар  жөніндегі  департаменті 
бастығының  орынбасары  Абай  Әбенов  өзінің  мемлекеттік  еңбек  өтімін 7 
жыл 10 айға ұзартып, мемлекеттің қалтасына ұрлыққа түскен. Сөйтіп, 2000-
2005  жылдар  арасында  142  631  теңгені  сырт  көзге  өзіне  тиесілі,  маңдай 
терімен  тапқан  «таза  жалақы»  ретінде  көрсетіп,  ай  сайын  алашақ  соманың 
тұсына автонимын қойып тұрып алып отырған».
 
Жергілікті жерлерде Есеп пен Бақылау Тәртіпті қадағалау дегендеріңіз 
біржола  ұмытылған.  «Кім  не  алып  жатыр?»,  «Неге?»,  «Не  үшін?»  деген 
сауалдардың  сөздік  қорымыздан  шығып  қалғаны  қашан.  Жекешелендіру 
тұсында жіліктің майлы басын иемденіп қалған әкімдеріміз менен кейін енді 
топан  су  қаптаса  да  мейлі  деген  пиғылда  отыр.  Соның  салдарынан  қолда 
барды ұқсата алмай қолын мезгілінен кеш сермеген ел іші. Өзіне тиесілі 
үлес  пайын  ала  алмай  әуре  сарсаңға  түскен  түкпірдегі  түтін  иелерінің 
тағдыры ойланарлық.
 
Бәрі  де  Ұғымға  және  Түсінікке  байланысты.  Егемендік,  Тәуелсіздік 
талай ғасырлар бодандықтың бұғауында келген халқымыз үшін аса қастерлі 
ұғым. Ал бірақ оның берген бостандығын, еркіндігін өзімізше ойлап-пішіп 
ойымызға  келгенді  істеу,  әрине,  парықсыздық.  Ащы  да  болса  ақиқатты 
айтпай тұра алмайсыз.
 
Қазір  реті  келсе,  мемлекеттік  мүлік  есебінен  баю  психологиясы 
алдыңғы орынға шықты. Ел тоғайсын. Байысын. Оған ешкімнің қарсылығы 
жоқ. Себебі байлар көбейсе мемлекет марқаяды делініп жүр ғой қазір. Ал 
бірақ  баюдың  да  түрлі-түрлі  тараптары,  түрлі-түрлі  жолдары  бар.  Ел 
дәулетін  тонап  байып,  қомданып  ұшпаққа  шықпайсың.  Өкініштісі  сол,  ел 
үстінен  күн  көру  дерті  уақыт  өткен  сайын  меңдеп  барады.  Өзгені  былай 
қойғанда  осы  дерт  жылағанның  жоқшысы  болуға  тиіс  құқық  қорғау 
органдары   тарапынан   жиі   кездесіп   отырса   не   дерсіз?   Сыбайластық,
 
ұйымдасқан  қылмыс  жасау  науқанға  айналып  барады.  «Шығыс 
Қазақстан облыстық экономикалық және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес 
жөніндегі  департаменттің  қызметкерлері  Өскемен  қаласында  түратын 
әлеуметтік  тұрмысы  төмен  немесе  ішімдікке  салынған  жалғызбасты 
адамдардың  баспаналарын  алдап,  күштеп  немесе  жалған  құжаттар  жасау 
арқылы сол пәтерлерді сатқан алаяқтар тобын үстады.
 

Ұйымдасқан  түрде  қылмыстық  істермен  айналысып  жүрген  бұл 
коррупциялық  топтың  ішінде  облыстық  Ішкі  істер  департаментінің 
басшылық  қызметте  істейтін,  подполковник  шеніндегі  офицер  бар 
көрінеді.
 
Үйдің  қожайынын  алдап,  пәтерді  қолға  түсіру  жұмыстары  алдын  ала 
жоспарланып,  белгіленген  схема  арқылы  жүзеге  асырылып  отырған. 
Полиция подполковнигі мен оның сыбайластарының арбауына түскен пәтер 
иелері  өздері  тұрып  жатқан  үйлерін  «басқа  біреудің  атынан  сатуға  рұқсат 
етемін»  деген  сенімхатты  өз  қолдарымен  жазып  беретін  болған  немесе 
мұндай  сенімхаттарды  алаяқ  топтың  мүшелері  қолдан  жасап,  жалған 
құжаттар  арқылы  пәтерлерді  сырттай  сатып  жібереді  екен.  Сөйтіп, 
саудадан  түскен  ақшаны  өзара  бөлісіп,  пайда  табудың «өте  тиімді»  жаңа 
көзін  тапқан.  Полиция  подполковнигінің  командасы  осындай  алаяқтық 
жолмен алты пәтердің ақшасын иемденген» / «Айқын», 7.04.06 ж/.
 
Біз  жүздің  бір  мысалын  ғана  айтып  отырмыз.  Ал  күнбе-күнгі 
редакцияға  келіп  жатқан  ақпарат  мәліметтеріне  қарасаңыз  жаныңыз 
түршігеді.  Сонда  дейсіз:  «Құдай-ау,  ел  тағдыры  табысталған  азаматтар  өз 
үйіміздің  -  ортақ  шаңырағымыздың  ішінде  осындай  ойран  шығарғанда 
ертеңіміз  не  болады?»  Ел  дәулетін  еселейміз  деген  әңгіме  қайда  қалады 
сонда.
 
Сонымен, Жолдауға  жұрт үн қосып жатыр.  Ел пікіріне құлақ  түрсеңіз 
Президентіміздің  жанайқайы  жұрт  жүрегіне  жеткен  секілді.  Бірақ  бір 
мәселені ескерген жөн. Осындай халық тағдырына қатысты бағдарламалық 
құжаттар  ілгерілі-кейінгі  жылдары  қабылдағанын  да  білеміз.  Соның 
кейбірінің межелі түсқа жетпей кейде ұмыт қалынуының да себебі бар-тын. 
Оның  бірі  өзіміздің  енжарлығымыздан,  екіншісі  науқаншылдығымыздан 
туындаған болатын.
 
Әп-әдемі  дүниеге  келген  құжатты  байыпты,  салмақты  іске  нұсқа 
ретінде пайдаланудың орнына ол туралы алаулатып-жалаулатып, ұрандатып 
баяғы  науқаншылдығымызға  басқанбыз.  Сөйтіп,  сол  құжаттарымыздың 
көбі  қарапайым  ел  ішінде  әні  бір  кеңес  дәуіріндегідей  кезекті  науқанның 
мысқалындай  ұмыт  қалған.  Міне,  науқаншылдықтың  зардабы  не  нәрсеге 
әкеп соғатыны. Ал енжарлық туралы мыжып айта берудің өзі орынсыз. Ол 
түсінікті жай. Күнде ертең деп салбөкселеніп жүргенде талай нәрседен құр 
қалғанымыз     қазақ     тағдырынан     белгілі.     Сондықтан 
Президент
 
Жолдауындағы жоталы мәселелер жүзеге ассын десек, осы екі дерттен 
арылғанымыз абзал.
 
Тағы  бір  мәселе.  Қарапайым  ғана  реттілік  пен  тәртіпті  жолға  қоймай 
мемлекет түтінін түзу ұшырамыз деу бос әурешілік.    Ол үшін қоғамның
 
әрбір мүшесі өз мүмкіндігінде, отырған орнында Адал болғанда ғана 
көсегеміз көгереді.
 
Сөз соңында Ақтамберді бабамыздың мына бір ғибратты сөзіне тағы бір 
назар аударғанды жөн көрдік.
 
Сары аязда қата ма,
 
Қайнардың аққан тұнығы
 

Қап түбінде жата ма,
 
Болаттыц асыл сынығы,
 
Халқы тозып кем болмас
 
Әділ болса ұлығы
 
Рақымсыз жақыннан
 
Халқы қатты түңілер,
 
Сырқат болсаң жат жерде,
 
Жаныңда кім бөгелер.
 
Әділ туған жақсыға
 
Екі даугер жүгінсе,
 
Тізесін қисық бурмаса,
 
Асылдығы білінер.
 
 
2006  
                                   
      
Сыбайлас жемқорлық: індетпен күресте іркіліс болмасын 
 
Қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен күрес кеше- бүгін ғана пайда бола 
қалған мәселе емес. Адамзат дамуының қай кезеңін алып қарасаңыз да, осы 
бір  жағымсыз  құбылыспен  әр  дәуірдің  өз  сипатына  сай  күрестің  әдіс-
тәсілдері,  ерекшеліктері  жүргізіліп  отырған.  Патшалық  Ресей  боданында 
болған  заманында  да,  кеше  өзіміз  шекпенінен  шыққан  кеңестік  дәуір 
кезеңдерінде де бұл үрдіс бір сәт те толастамаған, тоқтамаған.  
Халық  арасында  жұлынқұрт,  індет  деп  аталып  кеткен  осы  дертті  жою 
мүмкіндігі  қоғамдық  дамудың  қай  кезеңінде  де  түбегейлі  жүзеге 
аспағанымен,  оны  ауыздықтаудың,  тежеудің  сәті  кейде  түсіп,  кейде 
шарасыздықтың белең алғаны тағы рас.  
 
Еліміз  өз  тәуелсіздігін  жариялағаннан  бастап  алғашқы  күннен-ақ 
мықтап қолға алған қым-қуыт шаруаның ең бірегейі де, бастыларының  бірі 
де  осы  сыбайлас  жемқорлық  үрдісімен  күрес  еді.  Президент  Н.Ә.Назарбаев 
егемендігіміздің елең-алаңында-ақ бұл кеселді дертті болдырмаудың амалын 
қарастыру,  оны  түп  тамырымен  жою  жөнінде  нақты  тапсырмалар  мен 
ұсыныстар айтқан болатын.  
Ол  өзінің  «Қазақстанның  егеменді  мемлекет  ретінде  қалыптасуы  мен 
дамуының  стратегиясы»  деп  аталатын  еңбегінде:  «Саналы  мұратсыз,  асқақ 
армансыз өмір сүретін адамдарды ұсақ, тоғышарлық мүдде, бір сәттік жеке 
бастың  материалдық  пайдасын  ойлау  стихиясы  сөзсіз  арбап  алады.  Сөйтіп, 
соның  салдарынан  қоғамдық  азғындау  басталады»  /1/  деп  осы  бір 
жұлынқұрттың пайда болу, шығу төркін тап басып ескертсе, «Қазақстанның 
болашағы  —  қоғамның  идеялық  бірлігінде»  атты  еңбегінде:  «Өркениетті 
нарықтың  қанат  жаюының  орнына  барлық  салада  —  қаржы,  сауда,  сыртқы 
экономикалық байланыстар саласында алыпсатар капитал екі бірдей серігі — 
қылмыстық элементтермен және номенклатураның жемқор бөлігімен жүген 
түйістіріп  қатар  келеді.  Бұл  процестердің  осы  заманғы  дүниежүзілік 
нарықпен үш қайнаса сорпасы қосылмайды, бірақ олар ақиқат өмірде орын 

алып, либералдық идеологияның мәніне қарсы келуде»/2/ деп тәуелсіздіктің 
алғашқы  жылдарында-ақ  бел  алған  кесел  туралы  қалың  елге  ашық  айтты. 
Осынау  созылмалы  дертті  бүркемеді,  бүркемелемеді,  қайта  елді  осы 
жұлынқұртпен бітіспес күреске ашық шақырды.  
Президенттің  айтса  айтқанындай,  ол  бір  ел  экономикасының 
шатқаяқтаған  жабайы  нарықтың  шаужайлаған  кезі  еді.  Өкінішке  орай  ел 
өміріндегі  өтпелі  кезеңнің  қиындықтарынан  пайда  тауып  ұпай  түгендеп 
жүргендер де жоқ емес болатын. Елбасы, міне, өзінің кітабында осыған назар 
аударған.  
Сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін құбылыс 
деп білген Президент осы бағыттағы атқарылар міндетті өзінің «Қазақстан — 
2030»  деп  аталатын  ұзақ  мерзімді  бағдарламасында одан әрі  шегелей  түсті. 
Демек,  қоғамға,  бүтіндей  мемлекеттік  құрылысқа  қауіп  төндіретін  бұл 
жағымсыз  құбылыспен  күрес  жүргізуде  сабақтастық  дәстүрі  берік 
сақталғанын  атап  айтуымыз  қажет.  «Бет-жүзіне,  лауазымына  қарамай, 
сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  ымырасыз  күрес  жүргізу  қажет.  Басқару 
корпусы батыл тазаруға және жаңаруға тиіс. 
Жаңа  тұрпатты  шенеунік  —  өз  ұлтының  отаншыл  әрі  әділ,  ісіне  адал 
және кәсіпқой білікті қызметшісі болуға тиіс. Мемлекеттік қызметтің беделін 
биік  көтеру  және  қолдап  отыру  біздің  таяу  жылдарда  шешуге  тиіс 
стратегиялық міндетіміз» /3/. Елбасы осынау мақсаттарды орындау жолында 
нақты қадамдар жасады.  
Сөйтіп,  Қазақстан  Президенті  жанынан  жемқорлыққа  қарсы  күрес 
комиссиясы,  республикалық  Экономикалық  қылмысқа  және  жемқорлыққа 
қарсы  күрес  агенттігі  құрылды,  мұның  сыртында  республика  Ішкі  істер 
министрлігі  мен  Ұлттық  қауіпсіздік  комитетіне,  сот,  прокуратура 
органдарына  бүтіндей  құқық  мекемелеріне  жаңа  міндеттер  жүктелді. 
Олардың  жұмысын  жаңа  жағдайға  байланысты  ұйымдастыру  жөнінде 
талаптар қойылды. Сондай-ақ жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде арнайы заң 
шығарылып,  одан  туындайтын  міндеттерді  мүлтіксіз  жүзеге  асыру  жөнінде 
ведмостволық нормативтік-құқықтық құжаттар мен актілер қабылданды.  
Бір  қарағанда  осы  бір  індеттің  алдын  алу  шараларының  барлық 
мүмкіндіктері  қарастырылған  секілді.  Ал,  бірақ  үлкен  өлшеммен  келсек, 
қалың  ел  күткендегідей  нәтиженің  ойдағыдай  бола  бермегендігі  тағы  рас. 
Оның  бір  себебін  профессор  Раушанбек  Әбсаттаров  былайша  пайымдайды: 
«Ескі  кеңестік  номенклатурамен  қатар  қазіргі  Қазақстан  элитасы  мейлінше 
шамданғын және белсенді жас адамдар есебінен толықты. ... Қазақстан саяси 
элитасының  барлық  бөлігін  сипаттайтын  ортақ  белгілер  көп.  Олардың  ең 
бастысы  баюға  жұлқына  ұмтылу  болды.  Осы  элитаның  мүшелері,  шетелдік 
шолушылардың айтыстарына қарағанда, кеңестік жүйенің ыдырауын баюдың 
жақсы  мүмкіндігі,  ескі  кеңестік  номенклатура  өкілдері  әдетте  бақылау 
жасаған  меншікті  иеленудің  мүмкіндігі  ретінде  қараған.  Менің 
көзқарасымша,  қазақстандық  элита  екі  басты  құндылыққа  —  билік  пен 
меншікке  табынады.  Бір  қызығы,  оның  біріншісі  екіншісін  алуда  маңызды 
саналады.  Аталмыш  екі  құндылықтардың  жағдайында  өзге  құндылықтар 

соның  ішінде  адалдық,  әділдік,  жоғары  кәсібилік,  жұмысты  беріле  істеу, 
үлестен  құр  қалып  бейшаралық  қалге  түскендерге  қамқорлық  және  т.б. 
құндылықтар  өшіп,  жойылған.  ...  Қазақстан  билеуші  тобының  құрамына 
әдеттегідей,  қоғамның  таңдаулы  элеметтері  емес,  керісінше  ұятсыздар, 
мансапқорлар, жемқорлар, халық үшін көк тиын шығармайтын қайырымсыз 
адамдар кірген»/4/.  
Профессордың осы пікірінің ақиқаттығына Қазақстан бұқаралық ақпарат 
құралдары  арқылы  таратылып  жатқан  мәліметтер  айқын  көз  жеткізеді. 
Басқасын  былай  қойғанда  ел  үмітін  ақтайды,  халық  мұқтажы  үшін  қызмет 
қылады деп есептелетін әкімқаралардың пара алу үстінде ұсталуы ешқандай 
дәлелмен  ақтап  алуға  келмейтін  фактлер.  Айталық,  Оңтүстік  Қазақстан 
облысындағы  Созақ  және  Шардара  аудандарының,  Жетісай  қаласының 
бұрынғы әкімдерінің парақорлығы, сұғанақтығы ел Президентінің командасы 
деп  есептелетін  әкімдер  институтына  абырой  әпермес  жағдаят    деп  білеміз 
/5/.  
Әкімдерден  министрліктер  мен  ведомстволардың  атқамінерлері  де 
қалыспайтын  әдет  шығарды.  Мәселен,  Денсаулық  сақтау  министрлігі 
фармацевтикалық  бақылау  комитетінің  Алматы  қалалық  фармацевтикалық 
бақылау  басқармасының  директоры  өз  қызмет  бабын  асыра  пайдаланып, 
ақша  табумен  айналысқан.  Өзгелерді  бопсалау  арқылы  парақорлықпен 
айналысқан оның қызмет кабинетінен тексеру кезінде 1миллион 600 мыңнан 
астам  теңге және  4000  АҚШ доллары табылған.       14  ақпан  күні  Қорғаныс 
министрлігі сот сараптамасы зертханасының бастығы В.Новапашенный мен 
осы  зертхананың  сарапшысы  С.Батырбеков  те  ҰҚК  әскери  барлау 
қызметкерін  сатып  алмақшы  болып,  оған  20  мың  АҚШ  долларын  пара 
ретінде беру үстінде ұсталған/6/.  
Ел  бұрын  «бұл  қалай?»  деп  таңданыспен,  кейде  сенбестікпен  сауал 
қоятын  болса,  қазір  кеңес  өкіметінің  алғашқы  жылдарындағыдай  «Алаңға 
шығарып атып тастау керек!» деп айқайлайтын болды.  
Қазақстан  Президенті  2005  жылғы  3  мамырда  №1567  Жарлыққа  қол 
қойды. Ол «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс 
кодексі  туралы»  деп  аталды.    Он  тармақшадан  тұратын  осы  бір  құжатта  ел 
үшін  қызмет  етем  дейтін  азаматтарға  қойылар  талап-таразы  бүге-шігесіне 
дейін  жазылған  /7/.  Амал  қанша,  осы  кодекс  әрбір  мекемедегі  азаматтық 
қызмет  этикасының  бағдаршысы  болып  отыр  деп  айту  қиын.  Ол  көпшілік 
жағдайда  кербез  кеңселердің  сәнін  кіргізетін  көрнекі  құралдың  рөлін  ғана 
атқарып тұр...  
Ал,  осы  кодекстің  орындалуы  әрбір  мемлекеттік  қызметкерден  күнбе-
күн талап етіп отырмағанның өзінде айына не болмаса тоқсанына бір оның 
кейбір  баптары  еске  алынып  тұрса,  кейбір  азаматтарымыз  пендешіліктен 
бойын аулақ ұстар ма еді деген ой келеді. Президентіміздің биылғы Жолдауы 
осы бір мәселелерді талап еткені сөзсіз.  
Шынын  айту  керек,  Елбасының  жыл  сайынғы  Жолдаулары  қалың 
әлеумет  асыға  күтетін  оқиғаға  айналды.  Қарапайым  адамдар  билік  биыл 
қандай  жақсылықпен  қуантар  екен  деген  ой  жетегінде  болатыны  сөзсіз. 

Халықтың  сеніміне  ие  болу,  ел  үмітін  ақтау  іс  басында  отырған  азамат 
парызы. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін, ақ пен қарадай ақиқат нәрсе.  
Осы  тұрғыдан  келгенде  биылғы  Жолдаудың  өн  бойынан  мемлекеттік 
қызмет  тұтқасы  сеніп  тапсырылған  кісілердің  жауапкершілігін  арттыруға 
бағытталған  талаптарды  байқауға  болады.  Президент  тұрғындардың  әл-
ауқатын  жақсарту  барлық  дәрежедегі  әкімдердің  бірінші  кезектегі  міндеті 
екендігін  айта  келіп,  жер  телімдерін  жасырын  бөлу  тәжірибесін  тоқтатуды 
талап  етті.  «...  Кейбір  адамдар,  олардың  ішінде  көпшілігі  шенеуніктер,  бұл 
жерлерді  нарықтық  бағамен  сатып,  ешқандай  шығын  шығармай-ақ 
мемлекеттің есебінен баюда» деп атап көрсетті /8/.  
Елбасы осы мәселелерді «Нұр-Отан» партиясы өз бақылауына алса деген 
пікірін  де  ортаға  салды.  Біздің  ойымызша,  Елбасының  осындай  күрмеуі 
күрделі мәселеде партия белсенділеріне арқа сүйеуі орынды деп білеміз. Күн 
өткен  сайын  тамырын  тереңге  жайып  бара  жатқан  осынау  інтетпен  күрес 
жүргізу  баршаның  парызы  болуға  тиіс.  Ұлт  қауіпсіздігіне  қатер  төндіретін 
жағымсыз құбылыспен күрес мақсатты түрде жүргізілгенде ғана өз нәтижесін 
берері  сөзсіз.  «Нұр-Отан»  партиясы  оның  жаңа  басшылығы  жемқорлықпен 
бітіспес күрес жүргізетіндігін мәлімдеді. Ал бірақ осының бәрі кеңес дәуірі 
кезіндегідей науқаншыл айқай шуға айналып кетпесе екен дейміз. 
Еліміз өміріндегі  өтпелі кезең  деп  айқындалған өткен  ғасырдың 90-шы 
жылдары  қарапайым  халық  адам  тонаушылардан,  рэкеттерден,  кісі 
өлтірушілерден  қорқатын  болса,  қазір  билік  тұтқасындағы  әкімқаралардың 
бопсалауынан, құқық қорғау органдарының әділетсіздігінен қорқатын болды. 
Сондықтан  болу  керек  2007  жылдың  деректеріне  көз  жүгіртіп  отырсақ, 
жемқорлық  үшін  лауазымды  шенеуніктер  үстінен  1014  қылмыстық  іс 
қозғалған /9/.  
Ал,  Үкіметтің  осы  жылдың  қаржы-экономикалық  қорытындыларын 
қараған  мәжілісінде  ел  қазынасынан  министрліктер  мен  облыстарды  бетке 
алып  шыққан  54  миллиард  теңгеден  астам,  орасан  мол  қаржы  жолай  ізім-
қайым жоғалып кеткені атап өтілді /10/.  
Қай-қай  елдің  тарихында,  оның  мемлекет  құру  тәжірибесінде,  ең 
алдымен,  есеп  пен  бақылауды  күшейту  жолға  қойылған.  Бұл  іске  қалың 
бұқара  тартылған.  Ел  байлығын  рәсуа  етіп,  талан-таражға  түсірген 
сұғанақтар мен жемқорлар халық соты алдында жауап берген. Осы мәселеде 
жариялылыққа  қатты  назар  аударылған.  Қылмыскерлер  мен  құқық  қорғау 
органдарының  сыбайластыққа  баруы,  ауыз  жаласып  кетуі,  мемлекет 
мүддесінен  өз  мүддесін  жоғары  қоюы  қазір  індетке  айналды.  Есеп  пен 
бақылаудың әлсірегенінен халық қазынасы ұстағанның қолында, тістегеннің 
аузында  кетіп  жатыр.  Тағы  да  нақты  мысал.  Дерек  көздеріне  қарағанда 
энергетика  және  минералдық  ресурстар  министрлігінің  бір  топ  лауазымды 
қызметкерлері  мем  лекетке  41  миллиард  теңгеге  жуық  шығын  келтіріп, 
шетелдік компанияның күйін күйттеген (11). Ал атышулы «Арселор Миттал 
Теміртау» АҚ-ы 2002 жылдың басынан 2005 жылға дейін табыс салығынан 
жалтарып,  ел  қазынасына  101  миллиард  теңге  шығын  келтірген  (12).  Осы 
деректерге  қарап-ақ,    сыбайлас  жемқорлықпен  күрес  директивалық    әдіс-

тәсілдерден  гөрі  бүкіл  халықтық  қозғалыспен  жүзеге  асуы  қажет  деп 
есептейміз.  Сондықтан,  біріншіден,  халық  қазынасына,  мемлекет  мүлкіне 
жанашырлық  танытатын  халықтық  бақылау  комитеттерін  қайтадан  құру 
керек.  Оның  бастауыш  ұйымдарынан  бастап,  жоғарғы  органдарына  дейін 
мүше болатын кісілер сайланбалы жолдан өтуі тиіс.  
Екіншіден,  осы  халықтық  бақылау  комитеттерінің  белсенділеріне 
жергілікті  және  республикалық  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  үнемі 
мінбер  беріп  отыру  керек.  Ал  «Егемен  Қазақстан»  газетінде  айына  бір  рет 
жарияланып тұратын «Халықтық бақылау» беті қайтадан жаңғыртылса. 
Үшіншіден,  қоғамды  сауықтыру  әртүрлі  бастамашы  топтардың 
жекелеген  энтузиастардың  идеяларын,  олардың  құнарлы  пікірлерін  батыл 
қолдау арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыдан келгенде белгілі социолог Жұма-
Назар  Сомжүректің  «Қылмыссыз  қоғам  орнату  тұжырымдамасы»  секілді 
бастамаларды жер-жерде талқылап көрудің артықтығы болмас деп ойлаймыз.  
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2006-2008  жылдарға  арналған 
бағдарлама  қабылдап,  онда  ұлттық  қауіпсіздік  пен  қоғамдық  тұрақтылыққа 
төнген  қауіп  ретінде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрестің  кешенді 
жалпыұлттық  бағдарламасын  дәйекті  іске  асыру  жөнінде  мәселе  қарағаны 
белгілі.   
Осы  құжатқа  сай  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрестің  2006-2010 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын»  және  «Қазақстан 
Республикасында  көлеңкелі  экономиканың  мөлшерін  қысқарту  жөніндегі 
экономикалық саясат  пен ұйымдастыру шараларының 2005-2010 жылдарға 
арналған негізгі бағыттары» бағдарламасын іске асыру жалғасатын  болады 
делінген (13).  
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  саласында  кешенді  іс-қимылға 
жеткізуге  ұлттық  компаниялар  мен  мемлекеттік  кәсіпорындардың  қызметін 
регламенттейтін  заңнамаға  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу,  сыбайлас 
жемқорлыққа  қарсы  күрес  саласындағы  уәкілетті  органдардың  құзыретін 
және олардың жұмысының нәтижелілігін арттыру жолымен қол жеткізілетіні 
атап  көрсетілген.  Біздің  пікірімізше  осынау  келелі  мәселеде  мақаламызда 
нақты  аталған  халықтық  бақылау  комитеттері  туралы  ұсыныс  та  көрініс 
табуы  тиіс  қой  деп  ойлаймыз.  Өйткені  әрбір  мекемедегі,  өндіріс 
орындарындағы 
қаржы-экономикалық, 
шаруашылық 
мәселелердің 
шынайылығына  көз  жеткізбей  сыбайлас  жемқорлық  деп  аталатын  індетті 
ауыздықтау мүмкін емес.   
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет