Ерлердің ісі бітер ме? ҚОс арнаның тоғысы



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата22.12.2016
өлшемі0,9 Mb.
#108
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

БАҚ: 
ҰЛТАРАЛЫҚ 
ЖАРАСЫМДЫЛЫҚ 
МӘДЕНИЕТТІ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЖАЙБАСАРЛЫҚ ЖАРАСПАЙДЫ
 
Қазір  бүкіл  ел  көлемінде  Қазақстанның  әлемнің  дамыған  50 
мемлекетінің  қатарына  кіруі  мақсатында  қам-қаракет  жүріп  жатыр. 
Осыған  байланысты  Президент  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  былтырғы 
Жолдауында этносаралық қатынас мәдениетін жетілдіруіе айрықша назар 
аударып:  «ұлтаралық  және  мәдениетаралық  келісімді,  біртұтас  Қазақстан 
халқының  ілгері  дамуын  қамтамасыз  етеміз»  (1)  деп  атап  көрсетсе,  ал 
биылғы «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» деп аталатын Жолдауында осы 
мәселеге  қайыра  бір  айналып  соғып,  «...халықтардың  бірлігін 
нығайту  және  Қазақстан  қоғамын  жаңартудың  саяси  идеология  мен 
ағымдағы  «сұраныстан»  биік  тұратын  негіз  қалаушы  құндылықтары 
бойынша арналы қоғамдық келісімді қолдау мен дамыта беру» керектігін 
қадап айтты. (2)
 
Елбасының  осынау  мақсаткерлік  бағыты  Қазақстан  Республикасы 
Мэдениет  жэне  ақпарат  министрлігі  қабылдаған:  «Қазақстан 
Республикасы  ақпараттык  кеңістігінің  бәсекеге  қабілеттілігін 
дамытудың  2006-2009  жылдарға  арналған  Тұжырымдамасы  мен 
өзектесетіні сөзсіз.
 
Бұл  ретте  «...мемлекетік  органдар  мен  мемлекеттік  БАҚ-тардың 
атынан  мемлекеттің  өзара  тиімді  іс-қимыл  жасауына  жағдай  жасау,  оның 
ішінде  өзара  ақпарат  алмасу  тетіктерін  жолға  қою,  (астын  сызған  біз  — 
Ж.К.)  мемлекеттік  билік  пен  басқару  органдарының  іс-қимылы  туралы 
жедел  және  толық  хабардар  етуі,  мемлекеттік  БАҚ-тардың  қызметін 
стратегиялық  жоспарлауды  ұйымдастыру  және  қазіргі  заманғы 
менеджментті енгізу» (3) қажеттілігі міндеттелді.
 
Осы  тұрғыдан  келгенде  елімізді  мекендейтін  130-ға  жуык  ұлыстар 
мен  этносаралық  топтардың  ынтымағын  нығайту,  жарасылымдықты 
баянды ету мәселесінде бұқаралық ақпарат құралдарына елеулі міндет 
жүкетелетіні  байқалады.  Ортақ  Отанымыз  Тәуелсіз  Қазақстанның 
өсіп-өркендеп,  экономикасы  қуатты,  халқының  ынтымағы  жарасты 
болуы  жолындағы  ізденісте  газеттер  мен  журналдардың атқарар міндеті 
ұшан-теңіз.  Бір  ғана  жаңсак  басылған  ақпарат  жылдар  бойғы  жинаған 
абырой-беделінді  айрандай  етігі  тексе,  бір  ғана  жан  семіртер 
жақсылық  жалпақ  жұртты  жаңа  жеңістерге  жігерлендіретіні  ақ  пен 
қарадай ақиқат.
 

Айталық,  бүгінде  «Қазақ  газеттері»  жауапкершілігі  шектеулі 
серіктестігіне  қарасты  басылымдар  үш  тілде:  қазақ,  орыс,  ұйғыр  тілінде 
ақпарат таратып отыр.
 
«Ана  тілі»,  «Қазақ  әдебиеті»,  «Ұйғыр  авази»  газеттері  мен 
«Ақиқат»,  «Жұлдыз»,  «Мысль»,  «Простор»  журналдары  еліміздегі 
этносаралық  келісімнің  мән-жайын  жазып  көрсетуде  едәуір  тәжірибе 
жинақтағаны  сөзсіз.  Ал  бірақ  атқарылар  іс  жеткен  жетістіктен  де 
ауқымды. Енді мәселеге нақты тоқталсақ.
 
2006  жылғы  28  маусымда  Қазақстан  Үкіметінің  қаулысымен 
«Этносаралық  және  конфессияаралық  келісімнің  қазақстандық  моделін 
жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданған.
 
Онда  бұқаралық  акпарат  құралдарында  төзімділік  ұғымын 
қалыптастыру  жөнінде  материалдар  жариялау,  республикамызда 
ұлтаралық  және  концессиялық  келісімді  насихаттайтын  жарнамалық 
материалдар  жасау,  сондай-ақ  қоғамдық  орындарда  орналастыруды 
қамтамасыз  етуге  орай  қаржы  бөлініп  тұратындығы  айтылған.  Бұл  мәселе 
жергілікті бюджеттен әкімдердің шешімімен жүзеге асырылуға тиіс. Және 
оған республика бойынша 241 миллион теңге жұмсалуы қажеттігі көрсетілген 
(4). Ойлап қарасаңыз, бұл едәуір қаражат. Егер оны тиімді етіп ұқсата білсе, 
бұдан жергілікті әкімшілік те, бұқаралық ақпарат құралдары да ұтары сөзсіз.
 
Қазір,  міне,  Шелекте  орын  алған  оқиғалар  туралы  пікір 
қайшылықтары болғаны мәлім. Мәселенің мәнісі де алғашқы кезекте бірқатар 
басылымдарда  берілген  ақпараттардың  «дейді  екен  де,  дейді  екен»  деген 
әңгімеге  негізделгендігі.  Мақалалар  шығып  кеткеннен  кейін  айғайға  басып 
«аттандаған»  жергілікті  билік  өкілдерінің  уәжі  көпшіліктің  көкейіне  қона 
қоймағаны тағы белгілі.
 
Бұдан  шығатын  қорытынды:  аудандық,  облыстық  әкімшіліктердің 
бұқаралық 
ақпарат 
құралдарымен 
байланысының 
тым 
нашарлығында.  «Тоқырау  заманы»  деп  ат  қойып  айдар  таққан  кешегі 
кеңестік  кезеңнің  өзінде  редакция  өкілдері  мен  шаруашылықтардың, 
кәсіпорындардың  арасындағы  тығыз  шығармашылық,  әріптестік 
байланысқа  айрықша  назар  аударылатын.  Мәселен,  халықтар 
достығы,  ұлттар  ынтымағы,  қоғамдық  келісім  дейтін  мәселелер 
бойынша  аймақтық,  республикалык  семинарлар,  өндірістік 
лездемелер жиі өтетін.
 
Сол  лездемелер  кезінде  журналист  мәселенің  мәніне  көз  жеткізіп,  өзін 
ойландырған  шаруаларға  қанығатын.  Көкейдегі  сауалына  жауап  табатын. 
Әңгіменің ақ-қарасын ажыратып, содан кейін ғана қолға қалам алатын.
 
Жоғарыда біз тілге тиек еткен бағдарламадағы көрсетілген қаражаттан, 
айталық «ұлттық азш беттер, нөмерлер шығарып тұру үшін қаржы бөлініп 
тұрса,  қандай  ғанибет!  Бұл  шаруаны  әкімшіліктердің  ішкі  саясат 
департаменттері арқылы-ақ жасауға болады ғой.
 
Өткен  жолдың  ізгілікті,  өрісті  ісін  іскерлікпен  пайдалана  білу  де  өнер. 
Сондықтан  осындай  бір  мәселелерге  жиі  назар  аударсақ.  Сол 

ұйымдастыратын шараларға ауыз шаюға тұрмайтын тиын жұмсалар. Соған бола 
тартынбайық. Бұл – бір.
 
Екіншіден,  қазір  республикамыздың  ақпарат  кеңістігінде  қазақ,  орыс 
тілдеріндегі шығатын газет-журналдардан баска ұйғыр, кәріс, неміс, украин 
т.б.  тілдерінде  де  мерзімді  басылымдар  жарық  көріп  келеді.  Мәселен, 
«
Ұйғыр  авази»,  «Или  вадиси»,  «Йени  заман»,  «Хуш  кэйпият»,  «Яш  эвлад», 
«Сэньят»,  «Йени  эвлат»,  «Яркент  тэбәси»,  «Азие  бугун»  –  ұйғыр  тілінде, 
«Коре  ильбо»  –  корей  тілінде,  «Украінські  новини»  –украин тілінде, «Дойтче 
Альгемайне»  —  неміс  тілінде,  «Дунганская  газета»  –дүнген  тілінде,  «Жийана 
курд» - курд тілінде, «Сайрам сабоси», «Баложон», «Жанубий Козогистон», 
«Комрон». «Мактабдош» – өзбек тілінде, «Зубр» — белорус тілінде, «Яшьлек» 
— 
татар тілінде ақпарат таратады. Бір мәселені ашық айтуымыз керек: бүкіл 
ТМД  елдерінде  өзге  тілдегі  басылымдарға  дәл  Қазақстандағыдай  қолайлы 
жағдай жасалып жатқан жоқ.
 
Осы  аталған  газет-журналдардың  басым  бөлігі  мемлекеттік 
тапсырыс  негізінде  қаржыландырылып  келе  жатқаны  ешкімге 
жасырын емес. Олай болса, ұлы Алаш елінің отын оттап, суын ішіп отырып 
сол елдің салт-санасын, әдет-ғұрпын, тарихын елемеу нағыз көзсіздік болар 
еді.
 
Сондықтан,  өздерінің  ең  басты,  ең  қасиетті  міндеті  Қазақстанды 
мекендеген  ұлттар  мен  ауызбіршілігін,  ынтымағын  жазып  көрсетуге,  өз 
оқырмандары  арасында  осы  рухта  тәрбие  жүргізуге  тиісті 
басылымдарға  талап  қай  кездегіден  де  күшейтілуге  тиіс.  Осы 
басылымдардын,  беттерінде  қазақтың  тіліне,  діліне,  оның  рухани 
құндылықтарына деген құрмет айқын атқарылып тұрылуы қажет. Қазақ елінің 
тарихын  жөңдеп  білмеген  оқырманнын  оның  болашақ  тағдырына  да 
қарайтыны белгілі.
 
Сондықтан  жоғарыда  аталған  басылымдарға  сараптама  жасау, 
олардың  бағыт  бағдарын  белгілеу,  нақты  әдістемелік  көмек  көрсету  кезек 
күттірмес  міндеттердің  бірі  болуы  керек.  Бұл,  әрине,  кешегі  өзіміз  өткен 
кеңестік  кезең  идеологиясының  қалыбын  аңсау  емес,  қайта 
демократиялық  жаңару  мен  қарапайым  ғана  жүйелілікті  реттілікті  өз 
деңгейіне көтере білсек деген ойдан туған пікір.
 
Өйткені,  кешегі  зобалаң,  үркіншілік  заманында  кеңқолтық 
қазақтың  мейірімінен  пана  тапқан,  оның  қадір-қасиетін  білетін  өзге  ұлт 
өкілдерінің  орнына  енді  олардың  жаңа  ұрпағы  өсіп-жетілді.  Бұл  ұрпақ 
«
ұлыстың  ояну»    үрдісімен    ауызданған,      өзімбілермендікке
  
шалдыққан 
ұрпақ  екені  мәлім.  Біздің  айтып  отырған  әңгімеміз  осыларға  қатысты, 
соларға БАҚ тарапынан берілетін бағыт-бағдарға қатысты болып отыр.
 
Үшіншіден,  тоқсаныншы  жылдардың  ортасында,  дәлірек  айтсақ 
демократияның  екі  иығынан  дем  алып  тұрған  шағында 
республикалық  бір  топ  белгілі  басылымдарының  бас  редакторлары 
«Журналистік  этика  кодексін»  (4)  қабылдаған  еді.  Сол  мәселеге  қайта 
айналып бір соқсақ артықтық етпес еді.
 

Өйткені,  жуырда  Алматы  қаласында  өткен  «Ұлтаралық  және 
конфессияаралық 
келісімді 
нығайтудағы 
бұқаралық 
ақпарат 
құралдарының  рөлі»  атты  «дөңгелек  столға»  қатысқаннан  кейін 
осындай ой туды. Ара-кідік болса да келелі мәселені талдап шешуге талап 
қылған  осынау  басқосудағы  профессорлар  Ә.  Жүнісовтың,  К. 
Бурхановтың,  Ә.  Ғалидың,  С.  Қозыбаевтың,  Б.  Жақыптың,  білікті 
қаламгер  журналистер  С.  Әбішқызының,  Ю.  Азаматовтың, 
әзірбайжан,  түркімен  мәдени  орталықтарының  өкілдері  А. 
Османованың, Г.Аннакулиеваның, Алматыдағы Орталық мешіт имамы 
Маханбет  Құлмұхаммед  Пірманұлының,  Астана-Алматы  епархия 
басқармасының  хатшысы  Андрей  (Иевлев)  әкейдің  ой  тұжырымдары 
назар  аударарлық  еді.  Әсіресе,  «дөңгелек  столға»  қатысушылардың 
журналистердің  кәсіби  шеберлігі,  еліміздің  ақпараттық  кеңістігіндегі 
медиакратия,  БАҚ  қызметкерлерінін.  әлеуметтік  мұңқтаждықтары, 
азаматтық  патриотизм  идеялары  төңірегіндегі  ой  жосықтарының 
әрқайсысы жеке-жеке әңгіме өзегіне айналдыруға тұрары сөзсіз.
 
Біздің  ортақ  Отанымыз  біреу.  Ол  –  Қазақстан.  Еліміздің 
тәуелсіздігін баянды ету – баршаның парызы. Сол себепті Қазақ елінің 
өркенді, желкенді болуы үшін, оның тыныштығы үшін біздер, бұқаралық 
ақпарат  құралдарының  өкілдері  де  –  қазағымыз  бар,  орысымыз  бар, 
ұйғырымыз бар өз қал-қадірімізше үлес қосқанымыз абзал.
 
 
2007 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚАРА ҚЫЛДЫ ҚАҚ ЖАРУ ПАРЫЗ 
 
деген  ниетте  құрылған  Қазақстан  Республикасы  Конституциялық 
Сотының төрағасы Мұрат БАЙМАХАНОВПЕН сұхбат 
 
– 
Ассалаумағалейкум, Мұқа! 
– 
Уағалейкумуссалам, шырағым. 
– 
Сізге  сан  мыңдаған  оқырмандар  сәлемін    әкеліп    отырмын.  Ең  
алдымен  жаңа жұмысыңызға жемісті еңбек тілейміз!.. 
– 
Рахмет, айналайын, рахмет! 
– 
Көп  жағдайда  лауазымды  қызмет  иелері  туралы  біржақты 
түсініктің қалыптасатыны жасырын сыр емес. Қолына билік тиген соң   
әкімдеріміз,   атқамінерлеріміз оқтау жұтқандай қақияды да қалады осы. 
Аяғы аспаннан салбырап түскендей. Иілмейді-ау, иілмейді. Сосын жұрт 
өзінше  долбарлайды.  Осы    бір    дерт    соңғы    кездері    өршіп    бара 
жатқандай көрінеді. Бұл бастықтар әулетінің бәрі осындай екен деген сөз 
емес.  Бірақ  та  бес  саусақ  бірдей  ме?  Сізге  келе  жатқанда  осыны 
ойладым. Халқына, еліне рақымы мол азаматпен сұхбаттассам екен деп 
тіледім. Бұл – бір. Айтыңызшы, Сіз де ет пен сүйектен жаралған пендесіз 
ғой. Мұндай зор мәртебелі қызметке кірісу мәселесі көтерілгенде қандай 
күй кештіңіз? 
– 
Тілектестігіңізге шын жүректен  рахмет! «Жақсы сөз – жарым ырыс» 
дейді  ғой  халық  даналығы.  Ал  Казақстан  Республикасы  Конституциялық 
Сотынын торағасы болу жөнінде әңгіме көтерілгенде іштей толқығаным да, 
ептеп  абдырап  қалғаным  да  бар.  Іштей:  «Үлкен  сенімді  ақтай  аламын  ба?» 
деген   сұрақ   қойып,   жүз   ойланып,   мың толғандым. Мен ешқандай да 
мамандықтың  мәртебесін  кеміткім  келмейді.  Бұл  –  қызмет  түбегейлі   
түбірімен   тың   тұрпатты   жаңа лауазым. Өйткені бұл қызметтің құлағында 
отырған  адам  бүтіндей  бір  елдің  қоғамдық-саяси   құрылымы      жөніндегі  
мәселелермен  айналысатын,    соның    көптеген    өзекжарды  құжаттарын  ой 
сарабына,    ақыл-парасатқа  салатын  адам  болуы  керектігі  айдан  айқын. 
Осыны  ойлағанда  іштей  қатты  толқығаным  рас.  Мәселені  жан-жақты 
салмақтай  келе,  таңдау  өзіме  түсіп  тұрғаннан  соң  тәуекелге  бел  будым.  Біз 
қазір  тәуелсіз  мемлекеттің  негізін  қалап  жатырмыз.  Осындай  бір  тарихи 
кезеңдерде  тартқыншақтап,  жауапкершілікті  өзгеге  қарай  ысыра  салуды 
азаматтық арыма сын көрдім. 
Ал  енді  әлгі  сөз  басында  қолына  билік  тиген  азаматтардың  мінез 
тұрпаты,  болмысы  хақындағы  пікірлеріңіз  ойлантарлық.  Ойлантарлық 
болғанда ол енді бүгінгі күннің ақиқаты ғой. Қазіргідей қоғамдық өміріміздің 
өлара  шағында  арпа  ішінде  бір  бидайдың  кетіп  ортақ  мүдде  орайындағы 
ұмтылысымызға кедергі келтіретіні жасырын емес. Мұндаймен күресу керек, 
бітіспес күрес жүргізу керек. Бұл қолға сойыл ұстап атқа қон деген сөз емес, 
барлық  мәселеде  ақыл-парасат  үстем  болып,  заң,  заңдық  актілер  негізге 
алынуға тиіс. 

– 
Сіздің бұл пікіріңіз өте орынды. Халқымыз қашаннан жалтақтап, 
төбесінен  шоқпар  арылмаған      халық      қой.      Бүгінгі      нарықты 
экономиканың  қиындығын  саудаға  салып,  ел  үстінен      күн      көруді   
әдетке   айналдырған кейбір бастықсымақтардың әрекеті ойға оралған 
соң  әңгіме  қозғап  жатқаным  да.  Бұл  жөнінде  редакция    почтасына  
хаттар    легі  толастамай  келіп  жатады.  Енді  екінші  сұрағыма  көшсем. 
Республиканың  Конституциялық  Соты  –  мемлекетіміз  тарихында 
бұрын-соңды болмаған тың құрылым. Сондықтан   газет  оқырмандары  
оның  өзіндік ерекшеліктерін, ішкі әлемін білгісі келеді. Олары дұрыс та 
ғой деймін. 
– 
Дұрыс  айтасыз.  Конституциялық  Сот  сияқты  мекеме  Қазақстан 
тарихында, тіпті бұрынғы   бүкіл   Кеңес   Одағы   тарихында мүлде болған 
жоқ. Шынын айтқанда, барлық өкімет   билігі   әкімшіл,    әміршіл   жүйенің 
қолында  тұрғанда  толғаулы  мәселенің  тиянағын  тауып,  түбірлі  шаруаға 
төрелік айтатын    Конституциялық  Соттыңболуы  да  мүмкін  емес    еді.  Бірақ 
демократия  мен  жариялылықтың    толқыны  оның    ауадай  қажеттігін  күн 
тәртібіне    қойды.  Алдымен  Конституциялық  бақылау  комитетін  құрайық 
деген  пікір  үстемдік  алған  еді,  бірақ  жан-жақты  талдаудан  соң 
Конституциялық Соттың кажеттігі айқын байқалды. 
Конституцинлық Сотты басқа сот мекемелерімен теңестіруге болмайды. 
Оның  өзіндік  сипатын  және  көптеген  ерекшеліктерін  еске  алуымыз  керек. 
Сот  деп  аталғанымен  ол  ешкімді  жауапқа  тартпайды  да,  жазаламайды  да. 
Бізде  қылмыстық  және  азаматтық  істерді  қарайтын  арнайы  сот  жүйесі 
ежелден қалыптасқан болатын, сонымен қатар көп жылдар бойы мемлекеттік 
арбитраждар  да  өз  міндетін  атқарып  келеді.  Ал  Конституциялык  Соттың 
мақсаты басқа. Ол – тәуелсіз Қазақстанның Негізгі Заңын қорғау.  
Бұл  мақсатқа  жету  жолдары  екі  заңда  белгіленген.  Олар  –  «Қазақстан 
Республикасының  Конституциялық  Соты  туралы»  және  «Қазақстан 
Республакасында Конституциялық Сот ісін жүргізу туралы». Осы екі заңның 
қағидаларын  басшылыққа  ала  отырып,  біздің  сот  мемлекет  құрылысында 
туатын көптеген маңызды мәселелерді қарайтын болады. 
Әрине,  Конституцияны  қорғайтын  органдар  бізде  аз  емес.  Бұл  міндет 
Жоғарғы  Кеңеске  де,  Президентке  де,  Министрлер  Кабинетіне  де,  сонымен 
қатар  тағы  да  кейбір  республикалық  органдарға  жүктеледі.  Бірақ 
Конституциялық  Сот  бұл  міндеттерді  атқаратын  арнайы  мекеме.  Осы 
жұмыстың негізгі салмағы соған түседі. 
Соттың кұрамына 11 кісі сайланды. Олар заң саласының теориялық және 
практикалық  жағына  тікелей  қатысы  бар,  жоғары  дәрежелі  мамандар:  екеуі 
ғылым докторы (И. И. Рогов, С. Ф. Ударцев), бесеуі ғылым кандидаты (С. А. 
Қасымов, В. А. Малиновский, О. Қ. Ықсанов, Г. В. Ким, А. Нұрмағамбетов), 
үшеуі  сот  жүйесінің  және  Кеңес  органдарының  жауапты  кызметкерлері  (Л. 
И. Башаримова, К. Д. Жалмұханбетов, Ж. Н. Бәйішев) болып жұмыс істеген 
кісілер.  Тағы  бір  айта  кететін  жәй:  сот  мүшелерінің  көбісі  ғылыми 
зерттеулермен  әлде  тек  практикалық  жұмыспен  ғана  шұғылданбайды,  олар 

заң саласының аталған екі түрін дәйекті сабақтастыруға тырысады. Келешек 
осы принциптің дұрыс әлде бұрыс екенін көрсетер. 

 
 
Мұқа жаңа сөз басында да айтып кеттім, талантыңыздан  шығар, уақыт 
шіркіннің  шешімі  солай  шығар,  Сіз  тәуелсіз  мемлекетіміздің  тұңғыш   
Конституциялық  Сотының  тұңғыш  төрағасы  болдыңыз.  Бұл  басқа  қонған 
бақыт.  Ол  екінің  біріне  бұйыра  бермейтін  нәрсе.  Сіз,  міне,  тарихқа  солай 
ендіңіз.  Ал  жаңа  құрылымның  сол  қоғамдық-саяси  құрылыстағы      атқарар   
рөлі  мен  беделі  оның  төрінде  отырған  қайраткерлерге  де  байланысты. 
Сондықтан жаңа қызметтегі басты міндет неде деп санайсыз? 
– 
Бұл сұрағыңызға жауап бергенде мен екі мәселеге тоқтағым келеді. Ең 
алдымен, біз  Конституцияға  адал  боламыз деп ант бердік. Сол антқа берік 
болып,  Конституцияның  қоғамымызда  рөлін  көтеруге  бар  күшімізді 
салуымыз керек. Бұрыннан бізде Конституцияға ашықтан-ашық ешкім қарсы 
шықпаса  да,  оны  тек  сөз  жүзінде  ғана  бағалайтынбыз.  Сондықтан   
Конституцияның  бүгінгі  халі  мүшкіл  десек  артық  болмас.  Бұл  жағдайды   
толық   өзгертетін   мезгіл болды. 
Екінші  менің  басты  міндетім  –  Конституциялық  Соттың  абыройы  мен 
беделінің  өсуіне  мүмкіндігімше  атсалысу.  Барлық  сот  мүшелерінің 
жұмысына тиісті жағдай туғызуым керек. 
– 
Заң  –  замана  зердесі.  Демек,  оның  баптары  сол  қоғамдық-саяси 
құрылымының қан тамырын дәл басып, оны бағыттап отыру керек. Ал  
бірақ  кейде  заңдық  нормаларға  сыймайтын  ахуал  болып  жатады. 
Бүгінгідей  нарықты  экономика  бас  бермей  бүкіл  қиыншылық 
қарапайым еңбек адамының мойнына түскен шақта, алыпсатарлық пен 
қылмыс  үдеп      келе      жатқан  тұста,    сіз  басқарып  отырған  
Конституциялық  Соттың  құрылуына  халық  көп үміт  арта  қараған 
еді. Бұған не дейсіз? 
– 
Қоғамымызда  болып  жатқан  түбегейлі  өзгерістер      құқық      жүйесіне   
терең ықпал жасауда. Бұл өзгерістерге байланысты көптеген жаңа құқыктық 
қағидалар туып, ескі нормалар кейде жойылып, кейде өзгеріп жатыр. Соңғы 
жылдары  республикамыз  егемендік  туын  көтеріп,  іле-шала  мемлекеттік 
тәуелсіздікке  жетті.  Тәуелсіздік  айтуға  ғана  оңай  болғанымен,  оның 
жауапкершілігі ұшан-теңіз. Мұның түп қойнауында еселі еңбекті, білім мен 
білікті, орасан зор қажыр қайратты қажет ететін мәселелер жатыр. Бұрынғы 
тәртіп  бойынша  республика  заңдары  одақтық  заң  нормаларын  сол  күйінде, 
өзгеріссіз  көшіріп  алып,  қайталаумен  шектелетін.  Тәуелсіз  мемлекеттің 
заңдары басқа мемлекеттердің заңдарына ұқсас болуы мүмкін емес. 
Мәселенің  тағы  бір  қырын  қозғамасқа  болмайды.  Қоғамымыздағы 
экономикалық  жағдай  өте  қиын.  Реформаны  бастап  жүргізгенімізге  талай 
уақыт  өтсе  де,  халық  шаруашылырының  барлық  салаларында  жақсы 
өзгерістер,  тың  үрдістер  байқалмайды.  Осыған  байланысты  қарапайым 
халықтың  күн  көруі  барған  сайын  қиындай  түсуде.  Қоғамымыздағы  тәртіп 
нығаймай,  береке  болмайды.  Ал  тәртіптің  бір  тірегі  –  Негізгі  Заңның 
ықпалының күшеюі. 

– 
Сөзіңіз аузыңызда, Мұқа. Кейбіреулер тәртіп мәселесін айтсаңыз, 
осқырына,  адырая  қарайды.  Өзіңді  әйкәпір  көреді.  Ескіні  аңсаушыдай 
көреді. «Ә, э Сталин заманын аңсап жүрсің бе?» деп мысқылдайды. Ал 
сіздің  айтып  отырғаныңыз  қарапайым  еңбек  тәртібі,  жұмыстағы 
реттілік, жауапкершілік емес пе? 
– 
Әлбетте,   солай.   Шаш   ал   десе   бас алатын    науқан   емес    айтып    
отырғаным.  Ондай  заман  келмеске  кетті  деп  ойлаймын.  Атқарушылық, 
орындаушылық тәртіптің босаңсуы көп нәрсеге кедергі келтіріп жатыр. Бас 
бермес  жүгенсіздік  көбейді.  Міне,  осыны  назарға  алу  керек.  Ал  әлгі  айтып 
отырған  шаруаның  бәрінің  –  тәртіптің  босаңсуының  зардабын  қарапайым 
халық тартып отыр. 
– 
Сауалымның   енді   бір   жүйесі   сіздің пікіріңізден туындап отыр. 
Жаңа тәртіптің бір   тірегі – Негізгі  Заңның ықпалының күшеюі дедіңіз. 
Өркениетті  қоғам  құрудын  бір  кілті  де  заң    үстемдігі.  Демек,      бүкіл 
тыныс-тіршілігіміз заңмен үйлестірілуі керек. Бұл басы   ашық   мәселе.   
Ал    енді көпшілігіміз көріп жүргендей мына  жағдаяттар алдымыздан  
шығады:  бір  зан  қабылданды    делік,    енді  сол  заңнан    қоздап,  түрлі 
министрліктер, ведомстволардын нұсқаулар мен жарлықтары шығады. 
Сөйтіп,  заң  талаптары  былай  қалып,  жергілікті  жерлердің    шешімдері  
үстемдік  алады.  Бұған  не дейсіз? 
– 
Сіз  айтқан  әдіс  кеңестік  құқық  жүйесінің  қанына  сіңген 
кемшіліктерінің  ең бастысы.    Бұл   кемшілік,    әсіресе,    тоқырау    заманында 
кең  етек  жайып,  күні  бүгінге  дейін  жойылмай  келеді.    Күнделікті  өмірде 
Конституция  мен  заңдарда  көрсетілген  адамның  тәп-тәуір  кұқық  пен    
бостандыктарының  мазмұны  жеке  министрлік,  ведомстволар  әлде    
жергілікті    органдарының    актерлері арқылы жоққа шығарылатынын талай 
байқағанымыз бар. Мысалы, кейбір жергілікті әкімдердің жарлығы бойынша 
азаматтардың жекешелендіріп   алған   тұрғын  үй-пәтердің үш-төрт жылдық 
мерзімде  ешкімге  сатуға  әлде  сыйға  тартуға  қақысы  жоқ.  Бұл  жарлықтар  
меншік  туралы  заңға  қарама-қайшы келеді. Халықтың тұрмыстық қажетін 
өтеу  саласына  келсек,  онда  ведомстволар  мен  жергілікті  мекемелерінің   
шешімдері, нұсқаулары, қаулы-қарарлары жиі үстемдік алады.                    
Көрсетілген  әдіс  құқық  жүйесінің  табиғатына  жат  келеді  де  заңдылық 
талаптарымен  сыйыспайды.  Қоғамымызда  Конституция  мен  заң  үстемдігін 
орнықтыруымыз  керек.  Жоғарыда  айтылған  кемшіліктермен  кездескенде 
Конетитуциялық Сот тиісті шаралар қолданбақ. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет