Ерте балалық шақтағы баланың психикалық дамуының жалпы сипаттамасы



бет3/3
Дата11.12.2023
өлшемі28,85 Kb.
#137157
түріКонспект
1   2   3
Баланың ақыл-ойының дамуы. Ерте сәбилік шақтың басында бала айналасындағы заттардың қасиеттерін қабылдап, олардың арасындағы қарапайым байланыстарды аңғарып, оларды пайдалана бастайды. Бұл заттық іс-әрекетті, ойынның қарапайым формаларын , сурет салу мен сөйлеуді игеруге байланысты бұдан арғы ақыл-ой дамуының алғы шартарын жасайды. Ерте сәбйлік шақтағы ақыл-ой дамуының негізін балада қалыптасып жатқан қабылдау мен ойлау әрекеттерінің жаңа түрлері құрастырады. Қабылдау заттық іс-әрекетте қалыптасатын арақатынастық іс-әрекеттер есебінен дамиды. Бала заттарды олардың формаларына, көлеміне, түсіне сәйкес іріктеген кезде, оның сыртқы бағдарлау әрекеттері қалыптасады. Сыртқы бағдарлау әрекеттерін табысты игеру баланың, атап айтқанда, қандай заттармен шұғылдануына тәуелді болады. Бұл жастағы балаларға деген ойыншықтардың көпшілігі олардың құрылыстарының өзінде бөлшектерін бір-бірімен салыстырып өлшеу қажеттігін туғызатындай етіп (матрешкалар, қорапшалар, мозаикалар т.б.) жасалынған. Мұндай ойыншықтарды автодидактикалық, яғни өзін өзі үйретуші ойыншықтар деп атайды. Сыртқы бағдарлау әрекеттерінің көмегімен заттардың қасиеттерін салыстырудан, арақатынастарын белгілеуден бала енді оларды көз арқылы табуға ауысады. Қабылдау іс-әрекетінің жаңа типі қалыптасады. Көзбен қабылдаумен қатар ерте сәбилік шақта естіп қабылдау да дамиды. Әсіресе фонематикалық есту өте тез дамиды. Әдеттегідей екі жастың соңында балалар ана тілінің барлық дыбыстарын қабылдайтын болады. Дегенмен, фонематикалық естудің жетілуі кейінгі жылдарда жүріп өтеді.

Баланың ойлауының дамуы. Баланың ойлауының дамуы, біріншіден, баланың өз іс-әрекетіне (ойлау негізіне, оның сезімдік тәжірибесіне) жататын, екіншіден, іс-әрекет тәсілдеріне үйрететін және заттардың жалпылама аттарын беріп отыратын үлкендердің ықпалына байланысты. Затпен практикалық әрекет жасау сәбиді көбіне нақтылы ситуцияда пайда болған міндеттерді шешуге алып келеді. Әрекет үстінде табиғи үйрену болып өтеді: заттарға әсер ете отырып, бала бір әрекеттердің жемісті, екіншілерінің нәтижесіз екендігін байқайды. Алғашқы іс-әрекет тәжірибесі кейінгіде көрініп отырады. Ойлау заттық міндетті шешу процесінде жүзеге асады және көрнекі ықпал ету сипатында болады. Ойлауды дамытуда жеке бастың практикалық тәжірибесі қанша маңызды болғанымен, баланың ойлауын дамытуда әлеуметтік орта ерекше әсер етеді. Л.С.Выготский бала өмірінің алғашқы күннен бастап оның мінез-құлқының сипатына әлеуметтік ситуация терең ықпал ететінін атап көрсеткен еді. өзінің ақыл-ойы шешімдерінде бала әрқашан үлкендерге қарап бағдар алады.
Ш. Сатиеваның еңбегінде көрсетілгендей: «Балалық шақты зерттеу тарихы өте күрделі. Себебі, бұл салада бақылау, тәжірибе өткізу, тексеру мүмкін емес. Этнографтардың мәлімдеуі бойынша, археологиялық қазба байлықтарында балалар ойыншықтары, балаларға байланысты мәліметтер аз кездеседі. Теория экспериментальды фактілерге әсерін тигізеді. Балалық шақ туралы тарихи теориялық сұрақтарды П.П. Белинский, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин еңбектерінен кездестіруге болады. Л.С. Выготский бойынша, бала психикасының дамуы табиғаттың, ағзаның пісіп жетілу заңдылығына бағынбайды. Таптық қоғамда балалық шақтың дамуы топтық сипатқа ие. Сондықтан ол мәңгілік балалық жоқ тарихи ғана болады дейді» [1, 6 б.]. Ерте балалық кезең бір жастан үш жасқа дейінгі кезеңді қамтиды. Екінші бір аты мектеп жасына дейінгі кезең. Кезеңнің басталуы бір жастағы дағдарыстан басталады. Ерте кезеңнің дамуының негізгі ерекшелігінің мақсаты – баланың анасынан психологиялық бөлектенуі. Бала бұл кезеңде кеңістікте еркін қозғала алады. Сөзді меңгергендіктен, бала өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Баланың заттарды меңгеруі ойын мінездемесіне ие. Д.Б. Элькониннің айтуынша, бір жастың соңында баланың әлеуметтік жағдаяттарға ересек адамдармен бірігуі ішкі себептерге байланысты болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі ерекшелігі – заттық – манипулияциялық әрекеттер. Оның дамуына заттармен жасалатын әртүрлі кубиктер, пирамидкалар т.б ойыншықтар әсерін тигізеді. Ерте балалық кезеңдегі балалардың жалпы дамуына тән – жүйелі, ақырын өсу [1, 93 б.]. Бала бір жастан бастап дүниені танып білуде белсенділік танытады. Бала бір жастан екі жас аралығында бір әрекетті орындау үшін әр түрлі нұсқауларды пайдаланады, ал бір жарым жастан екі жас аралығында балада инсайт, аяқ асты шешім табуда жол табады. Балада екі жаста қабылдау өзгереді. Бала затпен әрекет ету барысында жағдаяттарды шешуді табандылықты танытады. Қабылдаудың дамуына байланысты балада ойлау үрдісі қалыптаса бастайды. Д.Б. Элькониннің қарастыруынша, бұл үрдісті бала былайша қарастырады: зат физикалық мінездемеге ие. Балаға бұл мінездеме белгілі, алайда заттың қоғамдық қызметі балаға белгісіз, ол тек қана ересек адамға белгілі. Балада заттармен манипуляция жасауға деген қажеттілік пайда болады. Алайда, заттармен қарым-қатынас жасау ересек адамдармен бірлескен іс-әрекеттер арқасында жүзеге асады. Ересек адамның нұсқауымен заттық әрекеттер баланы қарым-қатынас жағдаятына қояды. Бала ересек адамға әртүрлі өтініш, тілек айтып, ересек адамның нұсқауымен заттық тапсырманың шешімін табады. Тіпті, кей жағдайда бала интеллектуалды тапсырманы да шеше алады. Бұл жағдайлар баланың қарым – қатынас аймағының дамуына және тілдің дамуына әсерін тигізеді. Л.С. Выготскийдің айтуынша, ерте балалық кезеңнің негізгі ерекшелігі – қабылдаудың дамуына. Қабылдау нәрестелік кезеңде қалыптасқан түйсік негізінде дамиды [1, 96 б.]. Бала нәресте кезеңнен бастап әрбір көрген заттарына мән беріп, өз түйсігімен қабылдайды. Бала санасындағы сан сұрақтар туындап, айналасынан жауап іздеуге талпынады. Балалар психологиясы – жас баланың өз мүмкіндігіне қарай жақсы білім алуына жасалынатын баспалдақ. Сондықтан ғылыми принципке сүйенсек, оқулыққа деген оқушының қызығушылығын арттыру қажет-ақ. Мұнда терең білім алуға ұмтылдыру, жалықтырып алмау қағидаларын сақтаудың маңызды екендігі ашылады. Оқушыға білім беруде мынадай негізгі оқыту қағидаларын ескеру қажет: ғылыми, көрнекілік, бірізділік, жас шамаға лайықтылық, беріктілік, нақтылық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет