сөйлеу аппаратының иннервациясының жеткіліксіздігінің салдарынан сөйлеу тілінің дыбыс айтуының бұзылуы.Дизартрияда негізгі кемістік дыбыс айту мен сөйлеу тілінің просодикалық жағының орталық және шеткі нерв жүйесінің органикалық зақымдалуына байланысты бұзылуы болып табылады. Дизартрия гректің artron-мүшелеу,бөлшек, dis-бұзылу сөздерінен шыққан.
Дыбыс айтудың антрофониялық (бұрмалап айту) және фонологиялық (алмастыру,шатастыру) түрінде айтылуы кездеседі.
Фонологиялық түрлерінде айтылуы ұқсас дыбыстарды артикуляциялық, акустикалық сипаттамалары бойынша ажырату қиындық туғызады. Сондықтан да көп жағдайда ондай балаларда жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы,бұлшық еттердің (артикуляциялық аппараттың, беттің, мойынның) қатаюы-гипертонус, әлсіреуі, төмендеуі,босансуы-гипотония байқалады