Ерте көшпенділер мәдениетінің қалыптасуы жағдайында Ежелгі Қазақстан аумағындағы энеолит және қола дәуірін зерттеудегі жаңа көзқарастар



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата05.03.2023
өлшемі0,56 Mb.
#71743
1   2   3   4
Қола дәуіріндегі Қазақстан. 
Қазақстан жерінде қола дәуірі осыдан 4 мың жыл бұрын, яғни б.з.б. 2 мыңыншы жылдықта 
басталған. Қола дәуірі жалпы адамзат баласының даму тарихында ерекше орын алды. Қола 
дәуірінде жалпы адамзат металл өңдеуді игерді.
Зерттеушілердің көпшілігі Қола дәуірін 3 кезеңге бөледі:
1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ.
2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) – б.з.б. ХҮ-ХIII ғғ.
3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) – б.з.б. XII-YIII ғғ.
Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес Федоров, Алакөл, Замараев деп 
аталды. 
Қола дәуірінің негізгі сипаттамасы. 
Металл игеру
-Қола табиғатта таза күйінде кездеспейді.
-Ол негізінен мыс пен қалайының қосындысынан алынды.
Металл кеніштері:
-Зыряновск;
-Жезқазған маңайында;
-Қарқаралы,
Ақшатау тауларында болған.
Қазақтың белгілі ғалымы Қ.И.Сәтбаевтың есебі бойынша, көне заманда:
-Жезқазғаннан 1 млн тоннадай кен өндіріп, одан 100 мың тоннадай мыс қорытылған.
-Нарын мен Қалба кен орындарда 1100 тонна қалайы өңделген.
Көне замандағы кен өндірушілердің орны кенішке жақын орналасты.


«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ 
 
NSEO «KAZAKH-RUSSIAN MEDICAL 
UNIVERSITY» 

-Кенді қорыту үшін құрылысы өте күрделі қазандыққа салынды.
-Қазандыққа ауа үрлейтін көрік жасалды. 
Қола дәуірінің ерекшеліктері. 
Қола дәуірінің атап көрсетерлік ерекшеліктері мынадай:
1. Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі (қола металлургиясы).
2. Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал шаруашылығының егіншіліктен 
бөлініп шығуы.
3. Аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы.
4.Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі – көшпелі мал 
шаруашылығына көшті.
5.Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады.
6.Қыш құмыралар жасалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет