Мұртты обалар – ерте темір дәуірінен сақталған ескерткіштер (б.з.б. 7–4 ғасырлар)
Мұртты обалар Сарыарқаның ерте темір дәуіріндегі тасмола мәдениетінің ғұрыптық ескерткіштері болып саналады. Мұртты обалар кешенінің барлық мағынасын ашып тұратын да осы ғұрыптық оба. Оның астында жылқы қаңқасы немесе жекелеген сүйектері (көбіне бас сүйек), ал одан шығысқа қарай қыш ыдыс қойылады. Шағын құрылыстар астынан аз мөлшерде күл, кейде мал сүйектері табылған. Бір топ ғалымдар мұртты обалар кешенінің семантикасын ашу барысында мұны жылқыға, күн (от) тәңіріне табыну, ежелгі ата-баба рухын қастерлеу сияқты дәстүрлермен байланыстыратын жалпы сипаттама жасады. Ғылымда ерте темір дәуіріндегі Қазақстан тайпаларын таза парсы тілдес орта ретінде сипаттау қалыптасқанын ескерсе, Мұртты обалардың түркілік дәстүрлерге бейім келуі ерекше назар аудартады.
Сақтар мен сарматтардың әлеуметтік,қоғамдық-саяси құрылымдары Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Осымен қатар Геродот өзінің «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, дайлер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б. Сақтарда негізінен, әскери қоғам болды.
Сақ тайпалары одақтарының басында көсемдер тұрды, оны патша деп атады. Патшаларды тайпа көсемдерінің кеңесі сайлады. Тайпа көсемдерін оның барлық мүшелері сайлайтын болған. Тайпа ішіндегі аса маңызды ішкі және сыртқы істер халық (вече) жиналысында талқыланып отырды. Оған әйелдер де қатысқан. Қоғамның осындай саяси ұйымын Ф. Энегельс әскери демократия деп атады. Себебі ол кезде соғыстың мәні зор еді. Соғыс тайпа үшін жайылымдық жер мен мал тартып алудың және өздерін сыртқы жаудан қорғап отырудың құралы болды. Көсемдер әскер басы болды да, билік жүргізді. Олар тайпаны қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ол өз тайпасы атынан бітім немесе келісім жасады. Патшалар (көсемдер) рулар мен тайпаларға жайылымдарды, көшіп қонатын жерлерді бөліп берді; ол жерлерді пайдалану тәртібін белгіледі. Жер үшін таластарды шешіп, рулар мен тайпалар арасында қарулы қақтығыстар болмауын қадағалады. Көсем қаза болса, оның сүйегін арбаға салып, ел аралатқан.. Сонымен Сақтар арасында бірте-бірте мүлік теңсіздігі пайда болды. Малға жекеменшік қалыптаса бастады.Қолға түскен тұтқындарды құлға айналдырды. Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар: жауынгерлер — сүңгі мен оқ («ратайштар-арбада тұрғандар»), абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар, қауымшыл сақтар, яғни «сегізаяқтар» (соқаға жегетін екі өгізі барлар). Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс — патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды деректері- қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Археологтар зерттеулері Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын, байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндік берді.
Сармат тайпаларының қалыптасуы өте ерте заманнан басталады. Бұл тайпаның аты б.з.б. III ғ. бастап тарихқа кірген. Сармат тайпалар одағы Батыс Қазақстан өңірінде өмір сүрген.Олар б.з.б. үшінші және б.з. төртінші ғасыр аралығында Тобыл мен Дунай аралығын мекендеген. Олар алғашында, б.з.б. VIII ғасырда «савроматтар» деп аталған. Б.з.б. II ғасырдан бастап ірі саяси одаққа бірігіп, Оңтүстік Орал, Еділ бойына, Қазақстанның батыс аумағына қоныстанған. Б.з. IV ғ. ғұндардан жеңіліп, батысқа қарай қоныс аударған.Сарматтардың саяси одағының батыс тобы Солтүстік Кавказ, Солтүстік Қара теңіз жағалауы елдерінің ежелгі тарихында елеулі рөл атқарды. Б.з.б. II-I ғасырларда олар Скифияның көп бөлігін жаулап алып, Қырым мен Солтүстік Қара теңіздегі антикалық қалаларға қоныстанған.
Сарматтардың шығыс тобының Орталық Азия мен Хорезм, Сырдария бойы сақтарымен байланысты болды. Жауынгер сармат тайпалары дах (дай) массагеттермен туыс болған. Сарматтардың тілі иран тілінен түрік тіліне ауысқан. Сарматтардың құрамында роксоландар, аландар, аорстар, сирактар т.б. тайпалар болған.
Б.з.б I мыңжылдықтың орта шеніндегі тайпалық одақтар мемлекеттіліктің тууының алғашқы сатысы болды. Сармат қоғамының жоғарғы сатысында сайланып қойылатын тайпа көсемдері, шонжарлар, абыздар, салт атты жауынгерлер тұрды. Ал төменгі сатысында тәуелді адамдар: малшылар, қызметшілер, құлдар тұрды.Сайланып қойылатын көсемдердің қолына азаматтық және әскери билік шоғырланды, әскери жасақтар құрылды. Алғашқы рулық қатынастардың ыдырау заманын әскери демократия кезеңі деп атайды. Рулық қоғам енді әскери-демократиялық құрылымға тән қоғамдық билік пен басқарудың ұйымдастыру түріне айналды.
Ғұндар Б.з.д. III ғасырдың ортасында ғұндар тайпалық одақ құрады. Одақтың негізін құрушы және тұңғыш көсемі Тумен болды. Ғұн одағы Қытай үшін үлкен қауіп болып көрінді. Қытай жылнамалары бойынша ғұндардың отаны Хуанхэбен солтүстікке қарайғы жер (Ордос облысы) деп саналады. Ғұндар Қытайдың Ганысу (Ордос) провинциясынан (Ордос) солтүстікке және батысқа қарай Алтай мен Тарбағатайға дейін созылып жатқан ұлан-ғайыр аумақты мекендеді. Оңтүстікте олардың иеліктері Гоби шөлінің оңтүстік шеті мен Тянь-Шанның солтүстік сілемдеріне дейінгі аралықты алып жатты.
24 тайпадан тұратын ғұн одағы шығыс қанат және батыс қанат болып бөлінді. Әр қанатқа 12 тайпа кіретін, бұдан кейінгі ғасырларда бұл «оң ғар» — он қанат және «сол ғар» — сол қанат болып билік басында жоғарғы көсемге бағынатын, «жауке», «дуки» (данышпан) деген атақтары бар екі көсем тұратын. Ғұндардың жоғарғы көсемі «тәңрі» немесе «тәңрі-құт», шаньюй (кытайша айтылуында таньғой) деген атақпен аталды. Тәңрі-құт пен 24 тайпаның көсемдері мемлекеттік басқарудың өзегі болды. 24 тайпалық көсемнің әрқайсысының бағыныштылығында мыңбасы, жүзбасы, онбасылар болып, бұлар атқарушы биліктің міндеттерін орындады. Әр тайпа көсемінің қарауын — 10 000 салт атты болды.
Ғұн одағы б.з.д. II ғасырдың бүкіл өне бойыңда өз құдірет-күшін сақтады. Мөде Ордостан Каспий теңізіне дейінгі, Алтайдан Памирге дейінгі барлық жерді өз билігіне бағындырды. Б.з.д. 209 ж. ғұндар өздерінен солтүстік-шығысқа қарайғы өңірді мекендеген дун-ху тайпасын бағындырды. 177 ж. олар Орталық Азиядағы ең ірі тайпалардың бірі юечжилерге қарсы жорық жасады. Юечжилерді бағындырып алғаннан кейін олар бүкіл Шығыс Түркістанды иеленіп, Жетісуды қоныстанған үйсіндерге өз билігін орнатты. Қытай жылнамасының хабарлайтынындай, бұл уақытта «ғұндар сол төңіректегі шамамен 26 иелікті өздеріне бағындырды». Ғұн тайпалар одағына Сырдария өзенінің аңғары мен Жетісуды мекендеген тайпалар — юечжилер, қангюйлер (қаңлы), үйсіндер кірді.