Ертегілерде оқиғасы өмірде сирек кездесетін не болмаса адамның қиялынан туған, өмірде мүлдем кездеспейтін оқиғалар баяндалады. Ертегілер көбінесе қарасөз



бет18/22
Дата07.01.2022
өлшемі69,79 Kb.
#17146
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Ауыз әдебиеті сұрақтар мен мәліметтер

«Біржан мен Сара» айтысының тақырыбы – әйел теңдігі, қазақ әйелдерінің бас бостандығы. Осы тақырыпты батыл көтерген Біржан Сараның басына бостандық алып береді.

 

«Біржан – Сара» айтысы құрылысы жағынан да, түрі мен мазмұны жағынан да салт айтысының ең биік шыңы болып табылады.

 

Осы күнгі айтыстар жаңа заманға лайық сөз саптауымен, тақырыптық жаңалығымен, жарасымды әзіл-қалжыңмен ерекшеленеді. Осы күнгі айтыскер ақындар: Балғынбек Имашев, Мұхамеджан Тазабеков, Мэлс Қосымбаев, Айнұр Тұрсынбаева, Дәулеткерей Кәпұлы, Ринат Зайытов, Ақмарал Леубаева, Сара Тоқтасынова, т.б.

Осы бөлім бойынша тест тапсыру



СҰРАҚТАР

  1. Салт айтысы нешеге бөлінетінін көрсетіңіз.

  2. Ауыз әдебиетінің түрін көрсетіңіз.

  3. Жұмбақ айтысына жататын қатарды көрсетіңіз.

  4. «Сапарғали мен Нұржанның» айтысы айтыстың қай түріне жататынын белгілеңіз.

  5. Салт айтысының түрін көрсетіңіз.

  6. «Шолақ сиыр, көзіңді ояйын ба? Биылғы жыл соғымға сояйын ба?» деп басталатын айтыстың қай түрі екенін табыңыз.

  7. Айтыстың көне түрін табыңыз.

  8. Психологиялық параллелизм тәсілі қолданылатын айтысты көрсетіңіз.

  9. Ескі наным-сенімге байланысты туған айтыс түрін көрсетіңіз.

  10. «Айтыс – сөз барымтасы» деген сөздің авторын көрсетіңіз.

  11. «Омарқұл мен Табияның» айтысы айтыстың қай түріне жататынын табыңыз.

  12. Алшынбайдың таздығы мен Құнанбайдың соқырлығын әшкерелеген ақынды көрсетіңіз.

  13. Айтыстың екі түрін де қамтитын айтыс түрін белгілеңіз.

  14. Көкшетау өңірінен шыққан айтыс ақынын көрсетіңіз.

  15. «Ішінен ер Қаптағай дара шыққан» ақын қызды белгілеңіз.

  16. «Біржан мен Сара» айтысының тақырыбын көрсетіңіз.

  17. Ұлы ақын Абайдың әділдігін, халық алдындағы беделін жырға қосқан айтысты табыңыз.

  18. Ирония мен сарказм элементі шебер қолданылған айтысты көрсетіңіз.

  19. «Арғынға дес бермеген есіл тілім, Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім» деген сөзді айтқан айтыс ақынын белгілеңіз.

  20. «Қырандай желді күнгі аспандаймын» деген жолдағы асты сызылған сөздер көркемдегіш құралдың қай түрі екенін табыңыз.

  21. Жетісу өңірінде дүниеге келген ақын қызды көрсетіңіз.

  22. Біржан мен Сара қай өлкеде кездесіп айтысқанын көрсетіңіз.

  23. Қазіргі айтыс өкілін көрсетіңіз.

  24. «Айтыс – ат бәйгесімен пара-пар» деген сөздің авторын көрсетіңіз.

  25. Біржан мен Сара кімнің ауылында кездесіп айтысқанын табыңыз.

  26. Біржан-Сара айтысында:Тәттімбет – ардагерім Арғын асқанҚырық түрлі күй арналған бармағынан...– деген сөздің кімдікі екенін белгілеңіз.

  27. Табиғат құбылысын білсем деген арман-тілегінің иесі болып табылатын айтыс түрін көрсетіңіз.

  28. «Біржан-Сара» айтысында Сара өзін қандай сөздер арқылы сипаттайды?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет