Жарасымды жақсылық тақырыбы



бет1/3
Дата17.09.2022
өлшемі19,89 Kb.
#39353
  1   2   3

  1. Жарасымды жақсылық тақырыбы


Үлкеннің тыңда сөзін болса зердең,
Ажалсыз пенде өлмейді қайғы-шерден.
Артыңа бір естелік қалдырмасаң,
Тірлікте не болады алған-берген.

Болғанда ақыл-дария, кеудең-кеме,
Кемесіз дариядан өтем деме.
Кеудеңде санаң болса талап ізде,
Талапсыз мақсатыма жетем деме.

Қол созар талапты адам көңілі қалап,
Жетесің жас күніңде етсең талап.
Болсыншы халқым аман, жерім тыныш,
Қой үстінде бозторғай жұмыртқалап.

Уағда сөз атасы лебізбенен,
Бір сөзді екі қайта дегізбеген.
Сарқылып сағасыз су тап болады,
Телегей тең болмайды теңізбенен.

Айта берсе өлеңді аққан селдей,
Жүрген жері жақсының рулы елдей.
Үлкен кіші алдына келіп тұрмын,
Қара өлеңмен халқымның сөзін сөйлей.


  1. Пенделік жағымсыз көріністер


Парықсызбен дос болма, үлгі болмас,
Ақылсыздың еш сөзі мақұл болмас.
Екі туып болса да бір қалғаның,
Еңбегіңдей өзіңнің жақын болмас.

Сұрасаң арғы атамыз болып өткен,
Ұсынса туған айға қолы жеткен.
Несіне айтар сөзге іркілемін
Қара өлеңге таңдайым толып өткен.

Аршындап артық сөйлеп асқан да бар
Жай сөйлеп сарайыңды ашқан да бар.
Алланың бергеніне шүкір етпей,
Тәуба демей өмірде сасқан да бар.

Жеріген үйірінен тұлпар оңбас,
Басқаның ұясына сұңқар қонбас.
Жақсы да, жамандық та жалпыға ортақ,
Шен үшін елін сатқан сұлтан оңбас.


  1. Өмір оралымдары тақырыбы:


Ауылым көшіп барады Көлмекөлге,
Көлмекөл ұзақ дейді көрмегенге.
Айналайын Қараөлең құдіреттім,
Қадіріңді білмес ем келмегенде.

Өлеңді айт дегенде тіл айтады,
Тіліме қандай адам мін айтады.
Жерім кең, елім азат, заман бейбіт,
Өлеңді біздер айтпай кім айтады.

Ат көркем көрінеді тұрманымен,
Дүние жеткізбейді қуғанменен.
Қарайып көкіректі кір шалғанмен,
Не пайда су кетіріп жуғанменен.

Дүние опа бермес жиғанменен,
Бір күні өтер өмір қимағанмен.
Барында оралыңның ойна да күл,
Жақсының ортасында сыйлағанмен.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет