«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған



бет7/12
Дата06.01.2022
өлшемі119 Kb.
#15987
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
-этномәден 7-сынып Оразбекова Алина

рухани мұрасы.................................................................................................9

1.2. Абай өлеңдері – мәңгілік тақырып.......................................................12

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ................….......................................................................20

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…........................................................21

Кіріспе

2020 жыл – менің елім үшін айтулы жыл болды. Биылғы жыл – Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы. Ақынның сенім артқан ұрпағы ретінде мен де осы мерейтойға қол ұшын тигізгім келді. Ол үшін маған зерттеу тақырыбын таңдау мәселесі туындады. Мені қызықтырған тақырып – ақынның білім-ғылым тақырыбындағы маған таныс, жадымда жатталып қалған «Ғылым таппай мақтанба», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Әсемпаз болма әрнеге» деген өлеңдері. Біріншіден, «Бұл өлеңдердің неге осы күнге дейін маңызы зор?» деген сұрақ көкейімде тұрды. Екіншіден, барлық бұқаралық ақпарат құралдарынан ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жыл бойы қызу талқыланды. Қасым-Жомарт Кемелұлының сөзінде: «Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек емеспіз», – деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударды. Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет», - деген болатын [1]. Ендеше, Абай өз заманында айтқан білім-ғылым мәселесі бүгінгі күні де өзектілігін жойған жоқ деген шешімге келдім. Сондықтан зерттеу жұмысымның тақырыбын «Абайдың білім-ғылым тақырыбындағы өлеңдері – ұлтымыздың рухани байлығы» деп таңдадым. Бұл қадам – Абай атаның алдында перзенттік парызымды өтеу және үміт артқан ұрпағы ретінде сол ғылымды игеру жолындағы алғашқы қадамым деп білемін. Зерттеу тақырыбымның өзектілігі де, міне, осында. Ол үшін мен «ұлтымыздың рухани байлығын Абайдың білім-ғылым тақырыбындағы өлеңдері арқылы терең тану» деген мақсатты көздеп, оны жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді алдыма қойдым:

1. Абай Құнанбайұлының өлеңдерімен толық танысу;

2. Абай Құнанбайұлының рухани жан дүниені дамытатын өлеңдерін анықтау, іріктеу;

3. Абай өлеңдеріне қатысты айтылған пікірлер мен мақалаларды іздестіру, теру, дәлелдеу;

Зерттеу жұмысымның соңында қандай нәтижеге қол жеткізгім келеді? Сол нәтиже зерттеу жұмысымның жаңалығы болмақ. Зерттеу нысаны бойынша келесі мәселелер өз шешімін тапты:

- Абайдың білім-ғылым тақырыбындағы өлеңдері арқылы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың ұсынған Елбасының «Рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асырып, ақын шығармаларының ұлтымыздың рухани мұрасы екендігі дәлелденді;

- Абайдың білім-ғылым тақырыбындағы өлеңдері Тәуелсіз Қазақстанның рухани даму жолын көрсететін бойтұмар деп танылып, әр қазақстандықтың адами құндылықтарға бет бұрар қойын кітапшасы бола алатыны айқындалды.

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы Тәуелсіз Қазақстанның рухани даму жолында оқушылардың қарым-қатынасын Абайдың білім-ғылым тақырыбындағы өлеңдері арқылы дамытуға Отансүйгіштік сезімдерін оятары сөзсіз. Жұмыстың практикалық мәнінде материалдар Абайдың 175 жылдық мерейтойына қосар үлес ретінде көмекші құрал етіп пайдалануға, сайттарға жариялауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет