«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған



бет8/12
Дата06.01.2022
өлшемі119 Kb.
#15987
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
-этномәден 7-сынып Оразбекова Алина

Негізгі бөлім

Абай мұрасы – ұлтымыздың рухани байлығы.

Абай мұрасы дегенде, аузымызға М.Әуезовтің есімі бірден түседі. Себебі өмірінің жартысын Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеуге арнаған ғалымның еңбегі зор. Ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов өзінің «Қазақ халқының ұлы ақыны» атты мақаласында: «Абайдың өлеңдер мен поэмалардан, аудармалар мен ғақлиялардан тұратын әдеби Мұрасы соңғы жолы үлкен-үлкен екі том болып басылды. Ақынның көп жылдар бойындағы ойлары мен толғаныстарының, ізгі жаны тебіренуінің аса бір қымбатты нәтижесіндей бұл еңбектері енді, тарихи тұрғыдан қарағанда, қазақ халқының рухани мәдениетінің жиынтығы сияқты болып көрініп отыр. ... Ерекше дарынды, кемел ойлы Абай, жаңа мәдениетті ақыл сарабынан өткізе, өз бойына сіңіре білді. Осындай асыл қазынаны қабылдаудан суретші Абайдың өзіндік айқын ерекшелігі өсіп, көркейе берді. ...Абай, қазақ халқы әлі меңгеріп жетпеген мәдениеттерге бойұрғанда, жаңа көркемдік суреттеу құралдарымен ғана молыққан жоқ, рухани дүниесін жаңа идеялармен де байытты», - деп Абай Құнанбайұлының қазақ поэзиясын әлемдік деңгейге көтерген еңбегін зор бағалаған болатын [2].  Осындағы «рухани дүниесі» сөзінің мағынасын ашатын болсақ, қазақ тілінің «Түсіндірме сөздігінде» «рух» сөзіне «табиғи материалдық бастамадан өзгеше, затсыз, идеалды бастаманы білдіретін философиялық ұғым» деген түсінік берілсе, «рухани» сөзіне «адамның ой санасына, ішкі дүниесіне байланысты, соған тән» деген түсініктеме берілген [3]. Ендеше мен рухани байлық дегенде адамға ең құнды, ең қымбат, еш материалдық байлықпен өлшенбейтін Абайдың өлеңдері адамның ішкі дүниесін, ой-санасын байытатын құндылық деген тұжырымға келемін.

«Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде баға­ланды. ... Себебі ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз. Ал біздің міндетіміз – осы ілгері көшке ілесіп қана қоймай, алдыңғы қатардан орын алу. Ол үшін ең алдымен, білім беру саласын заманға сай дамытуымыз керек», - деген мақсатты айқын қойып отыр», - деген ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында айтылғандай [1], бүгінгі таңда ілгері даму үшін бізге білім мен ғылымға баса назар аудару керектігін анық білеміз. Ендеше Елбасының рухани жаңғыру деген ұсынысын Абайдың оқу-білімге арналған өлеңдерінен бастау керектігін түсіндім.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет