«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған


Абайдың ғылым-білім тақырыбындағы өлеңдері –



бет9/12
Дата06.01.2022
өлшемі119 Kb.
#15987
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
1.1. Абайдың ғылым-білім тақырыбындағы өлеңдері –

ұлтымыздың рухани мұрасы.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры, профессор Сәуле Саветқызы САҒЫНТАЕВА өз мақаласында: «Абай мұрасы ұлт санасын қалыптастыруға, жастардың бойында елі мен жеріне деген патриоттық сезімді оятуға, рухани жаңғыруымызға игі ықпалын тигізеді», - деп есептейді. [4] Осы пікірге сүйене отырып, Абай ұлтымыздың кемшілігін қатты сынаса да, өз заманында көңілі толмаған жайттардан арылу, қиындықтарды жеңу үшін тек білім-ғылымды игеру арқылы тығырықтан шығуға болатынын меңзейді. Қазақ халқын білімі мен мәдениеті дамыған елге айналдыруды көздегеніне тағы бір мәрте көзімді жеткіздім. Сондықтан Тәуелсіз Қазақстанның рухани даму жолында өсіп-өркендеуіміз үшін, тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайту үшін Абайдың өнегесіне зейін қойғанымыз абзал деп ойлаймын.

А.Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» мақаласында : «1903-ші жылы қолыма Абай сөздері жазылған дәптер түсті. Оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес. Олар сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықсаң, түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қалады. Көп сөздерін ойланып дағдыланған адамдар болмаса, мың ара оқыса да түсіне алмайды. Не мағынада айтылғаны біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі. Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр тиетіні рас. Бірақ ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағанынан болатын кемшілік. Олай болғанда, айып жазушыда емес, оқушыда. Не нәрсе жайынан жазса да Абай түсіндіріп, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады», - деп жазған болатын [5]. Абайдың өлеңдерін оқып отырып, мен де кейбір сөзін түсінбей қаламын, бірақ ізденіс жұмыстарынан кейін сөздің мағынасын түсінген сайын құлшына кірісе оқимын. Мәселен, Абайдың 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінде [6] жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз еткенін түсіну қиын емес. Ақынның заманында ескіше молдадан хат тану, медреседен сабақ алумен шектелген болатын. Өзі кезінде ғылым-білімді терең зерттей алмағанына өкінішін білдіреді. Өз қателігін балаларын оқытумен түзегісі келетінін айтады. Сонымен қатар ол балаларын «Қызмет қылсын, шен алсын» деп бермейтінін айта келіп, халық мүддесіне жат тәрбие жайын мінеп, сынайды. Ал 1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдерін [6] ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазған. Бүкіл өлең бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып, адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы – ғылым болуы керектігін түсіндіреді.

Ғылым таппай мақтанба!

Орын таппай баптанба!

Құмарланып шаттанба!

Ойнап босқа күлуге, - дейді. Сөйтіп, ғылымға берілудің, ғалым болудың жолдарын әңгімелейді. Ғылым жолы – Абай үшін – әділдік жолы. Оны ұстаған адам ескі жолмен жүре алмайды. «Надандарға бой берме, шын сөзбенен өлсеңіз», - дегенде, ол ғылым үйренетін жастың қараңғы, надан қауымнан өзгеше болуын қалайды. Бүгінде осы мәселенің сонша өзекті екендігі мені қайран қалдырады. Әрине, бүгінгі білім-ғылым Абай заманындағы білім-ғылымнан өзгеше, бірақ бүгінгі заманда жастарға артылатын жүктің талабы зор, күшейтілген түрі дер едім. Осы тұста менің пікірім Елбасы мақаласындағы «Білімнің салтанат құруы», «Сананың ашықтығы» бағдарламасының идеяларымен үндес екені анықтадым. Мақалада «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» [7] делінген пікірі менің ойымды дөп басқандай.

Ұлы Абай жас ұрпақтың білім алып, ғылымды игеруіне айрықша мән бергендігі оның өлеңдері мен қара сөздерінде мейлінше байқалады. Өйткені, білім мен ғылым өркениетке бастар алғышарт екендігін ұлы ойшыл жете түсінген, жан-тәнімен терең ұғынған. Білім алу бүгінде әрбір адам баласы үшін міндетті түрде алдынан ашылатын есік болса, оның мектеп атты қасиетті табалдырығын аттау – барша жас өскіндер мен өрендердің басынан өтетін жағдай. Білімге деген көңіл бөлу қазірде тәуелсіз елімізде мемлекеттік деңгейге көтерілген басты әрі негізгі мәселе екендігінде ешкімнің күмәні жоқ. Яғни, білім алуға жан-жақты алғышарт жасалынған. Қазірде елімізде интеллектуалдық дүмпу қажет екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Ал, ендеше, ұлы Абайды толғандырған білім мен ғылым мәселесінен біздер бүгінде нені ұғамыз? «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңінде [6] ақын ғылымды жас кезден бастап үйрену, білудің қажеттігіне ерекше назар аударады. Ер жеткен соң бәрі кеш екендігін ұқтырады. Жас шыбық секілді иілгіш, бейімделгіш шақта, ғылым да бойға тез даритындығын сендіреді. Қазірде білім берудің сандық және сапалы деңгейі мен түрлері сан алуан болған шақта, білімнің қадір-қасиеті мен құдіретін жоғалтып алмауды ұмытпаған жөн. Білім, шын мәнінде, ұлы күш екендігін әрбір жас ерекше сезінгені абзал. Абай заманында да медреседе тек қана діни білімді беріп қоймай, жаратылыстану пәндерін де өте бастаған кез еді. Әр ата-ана секілді ұлы ақын да баланы оқытуды жөн санады. Баланы оқытудағы мақсат – ақын тұжырымы бойынша қызмет қылу, шен алу емес. Медресеге біл деп беру – бала танымының кеңеюі, дүниені, ортаны танып, түсінуі деп түйсінеміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет