«Абайдың білім-ғылым тақырыбындағы өлеңдері –
ұлтымыздың рухани байлығы»
тақырыбындағы зерттеу жұмысына
Пікір
Оқушы өзінің «Абайдың ғылым-білім тақырыбындағы өлеңдері – ұлтымыздың рухани байлығы» тақырыбына жазған зерттеу жұмысында Абай Құнанбайұлының білім-ғылым тақырыбындағы өлеңдері арқылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен байланысын анықтау мақсатын көздеген.
Жұмыста Абайдың білім-ғылым тақырыбындағы өлеңдері Тәуелсіз Қазақстанның рухани даму жолында ұлтымыздың рухани мұрасы ретінде әсер ететін маңызын анықтаса, болашақта елдің дамуына, жастардың рухани құндылықтарды бағалауына бетбұрыс жасауына үлес қосатынын, көмекші құрал ретінде септігін тигізетінін теориялық тұрғыда негіздеген. Абайдың білім-ғылым тақырыбындағы өлеңдерінің ел тарихындағы айрықша орнын, ұлттық болмысымызды қалыптастырудағы рөлін айқындап, ұлттың рухани жаңғыру үрдісінің өзегі – ақын мұрасын терең зерделеу екеніне назар аударады. Күнделікті өмірдегі қолданысын, рухани, адами құндылықтарды тануға септігін тигізетініне сенеді.
Зерттеу барысында жұмыстың өзектілігін аша білген. Осындай ізденістер барысында Абайдың білім-ғылым тақырыбындағы өлеңдерінің рухани даму үшін маңызын айқындаған. Өзіндік көзқарастарын айқын көрсете білген.
Зерттеу жұмысы ғылыми жобаларға қойылатын талаптарға сай орындалған. Алдына қойған мақсаттарын іздену, талдау, мәліметтер жинастыру, салыстыру арқылы толық дәлелдей білген.
Оқушының талапкерлігіне, мақсатқа жету жолындағы ізденгіштігіне мән бере отырып, болашағына үлкен сенім білдіруге болады.
Ғылыми жетекшісі: Дүсіпова А.Ә.
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ................................................................……..…….…………......6
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Абай мұрасы – ұлтымыздың рухани байлығы........8
1.1. Абайдың ғылым-білім тақырыбындағы өлеңдері – ұлтымыздың
Достарыңызбен бөлісу: |