Есеналиева жанар е с е н а



Pdf көрінісі
бет45/81
Дата19.09.2023
өлшемі10,61 Mb.
#108775
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   81
әке, ана, ұл, қыз, апа, аға
сөздері 
семантикалық көбейткіштерге талданады: жыныс: 
ер адам - 
әйел адам
; туысқандық: 
тура-жанама
; ұрпақ: 
үлкен-кіші
. Бұл 
талдау әдісі - тілдік бірліктердің мағыналық жақтарын зерттеу 
тәсілі. Оның мақсаты – мағынаны ең кіші семантикалық, 
грамматикалық бөлшектерге бөліп қарастыру. Компоненттік 
талдау әдісі – лингвистикалық типологияның ажырамас бір 
бөлігі болып табылады. Мұнда сөз - морфемдік, сөйлем - 
мүшелік бөлшектерге талданады. Компоненттік талдау бүтін 
элементтерінің парадигматикалық және синтагматикалық 
қатарларының түйісуін, жеткізу өрісі мен мазмұн өрісінің өзара 
әрекетін анықтауды көздейді. Сөз мағынасын былай талдау 
мазмұнның ең кіші бірлігі – семаны айқындайды. Компоненттік 
талдау жасау сөз құрамындағы (түбір элемент, деривациялық 
элемент, реляциялық элемент), сөз тіркесіндегі (негізгі сыңар, 
қосалқы сыңар), сөйлемдегі (предикаттайтын компонент, 
предикатталатын компонент) негізгі бөліктерінің грамматикалық 
көздерін анықтап, белгілейді.


Лингвистиканың өзекті мәселелері
154
Тілдің құрылымдық ерекшелігін зерттеуде қолданылатын 
келесі әдіс – құрылымдық (структуралық) әдіс. Бұл әдістің 
құрылымдық деп аталуының себебі, мұны қолданушылар тілді 
тығыз байланыста, шартты қатынаста тұратын, біріне-бірі 
тәуелді бөлшектерден құралған біртұтас, бірбүтін құрылым деп 
есептесе, лингвистиканың міндеті сол құрылымын көрсету
болып табылады. 
Бұл әдіс үстіміздегі ғасырдың 20-жылдарынан бастап 
қолдана бастады. Оны алғаш қолданушылар - Чехославакия 
мен Дания лингвистері. Бұл көзқарасты жақтаушылар, яғни 
құрылымдық әдісті қолдана отырып, тілдің құрылымын зерттеу 
– тіл білімінің бірден-бір міндеті деп санайтындар – 
структуралистер деп аталады. Структуралық әдістің мақсаты - 
жоғарыда айтқанымыздай, тілді құрылымдық жүйе ретінде 
қарастыру. Структуралық әдіс тілдік бірліктердің қарым-
қатынастары мен байланыстарын ашуға, оның жүйелік 
құрылымын көрсетуге талпынады. 
Структуралық әдіс көп жағдайда сипаттамалы әдіске өте 
жақын. Бұл екі әдістің айырмашылығы: сипаттама әдістің 
ерекше назар аударып, негізге алатыны - тілдік элементтер мен 
категориялар, тілдік деңгейлер /қабаттар/, олардың жиынтығы 
болса, структуралық әдістің ерекше мән беріп басшылыққа 
алатыны – сол элементтер мен категориялар деңгейлерінің 
арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар, олардың бір-
біріне тәуелділігі.
Тілді структуралық әдіспен зерттегенде тек тілдік 
элементтерді ғана емес немесе тілдік ерекшеліктер мен 
айырмашылықтар, сәйкестіктер мен ұқсастықтар т.б. ғана емес 
осы элементтерді және сол элементтердің арасындағы қарым-
қатынастар мен байланыстарды бірге алып, екеуін бірлікте 
қарастыру керек.
Тіл фактілерінің ерекшеліктері мен өзіндік қасиеттерін 
ғылыми негізде дұрыс түсінуге, оларды белгілі бір жүйеге 
келтіріп қарауға мүмкіндік туғызған тағы бір тәсіл - 
салыстырмалы-тарихи әдіс болып табылады. Бұл әдіс тіл 
білімінде көптеген күрделі проблемаларды зерттеп, олардың 
қыр-сырын дұрыс зерделеуге бірқатар мүмкіндік жасады. 
Мәселен, бұл тәсіл өміргекелгеннен кейін туыстас тілдердің 


155
Лингвистиканың өзекті мәселелері
өзара қарым-қатынасын, туыстығын, сондай-ақ, әрбір нақты 
тілдің дамуын кезең-кезеңдерге бөлу тәрізді мәселелер қарала 
бастады. Салыстырмалы-тарихи тәсілдің көмегімен жеке тілдер 
мен тіл топтарының ғылыми тарихын жасауға қадам жасалды. 
Қазақ 
тіл 
білімінде 
Р.Ғ.Сыздық, 
Ә.Т.Қайдар, 
Ш.Ш.Сарыбаев, С.Аманжолов, Б.Әбілқасымов, Ә.Жүнісбеков, 
К.Ш.Құсайынов, Ж.Манкеева, З.К.Сәбитова т.б. ғалымдар өз 
зерттеулерін салыстырмалы-тарихи сипатта жазды. Сөйтіп, 
ғылыми тәсіл тіл білімінің жеке, дербес пән ретінде дамуына 
жол ашып берді.
Салыстырмалы-тарихи зерттеу - өзара туыстас, төркіндес 
тілдерді жеке, жеке зерттегені болмаса, құрылымы әртүрлі 
тілдерді бір-бірімен салғастыра жинақтап қарау, сөйтіп дүние 
жүзіндегі тілдердің барлығына немесе көпшілігіне ортақ типтік 
сипаттарды ашу ісіне келгенде дәрменсіз. Жалпы тіл білімі тек 
тілдер туыстығын айқындауды ғана көздемейді, ол дүние 
жүзіндегі тілдердің жалпы сипаттарын, типтік белгілерін ашып, 
тіл атаулының барлығын да қамти алатын типологиялық 
классификация жасауды да көздейді. Осы мақсатты іске асыру 
үшін салыстырмалы-тарихи тұрғыдан зерттеумен қатар 
салыстырудың екінші түрі - типологиялық салғастыру дүниеге 
келді. Лингвистикада зерттеудің бұл түрі салғастырмалы әдіс, 
типологиялық әдіс, типологиялық лингвистика немесе тілдер 
типологиясы деп түрліше аталады. Егер салыстырмалы-тарихи 
әдіс тілдің өткені мен бүгінгісіне көңіл бөлсе, салғастырмалы 
әдіс бірнеше тілдің қазіргі кезеңіне көңіл аударады.
Екеуінде де тіл фактілерін салыстыру болғанмен, 
типологиялық зерттеу – салыстырмалы-тарихи зерттеуден 
өзгеше. Бұлардың зерттеу нысандарында да, көздейтін түпкі 
мақсаттарында да өзгешеліктер кездеседі. Типологиялық 
зерттеуде туыстас тілдер ғана емес, бір-бірімен ешқандай 
туыстық жақындығы жоқ тілдік фактілері де салғастырылады. 
Екіншіден, салыстырмалы-тарихи әдістегідей тілдік жүйедегі 
жеке элементтер емес, олардың жүйе құрылымы салыстырылады. 
Үшіншіден, мұнда тілдік тұлғалардың материалдық туыстығын 
ашу көзделмейді, салыстырылып отырған тілдердің ортақ 
белгілерін, типтік сипаттарын айқындау, сөйтіп, тілдерді 
типологиялық белгілеріне қарай жіктеу көзделеді. Типологиялық 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
156
зерттеудің алға қоятын мақсаты – барлық тілдерге немесе 
тілдердің көпшілігіне ортақ универсалды, типтік белгілерді 
ашу [3,195].
Отандық ғалымдардың Қ.Жұбанов, С.С.Құнанбаева, 
Э.Д.Сүлейменова, 
З.Қ.Ахметжанова, 
З.К.Сәбитова, 
К.К.Дүйсекова, Н.А.Сәрсембаева, Қ.Т.Рысалды, Н.И.Букетова, 
С.Ж.Тәжібаева, Б.Қ.Мырзалина т.б. еңбектері типологиялық 
әдісті қолданған зерттеулер. 
Салғастырмалы әдіс арқылы шыққан зерттеу нәтижесі 
ана тілі мен шет тілін салыстыра оқыту әдістемесінде кең түрде 
пайдаланылды. Әсіресе, шет тілін үйренуде оның маңызы өте 
зор. Салғастырмалы типологиялық зерттеуде әдеттегідей тілдік 
жүйедегі жеке элементтер емес, тілдің өзіне тән жүйелік 
құрылымы салыстырылады.
Лингвистикалық типологияда оппозициялық талдау әдісі 
де кеңінен қолданылады. «Оппозиция» сөзі латынның
«opposito» қарама-қарсы деген сөзінің негізінде пайда болған. 
Лингвистикада оппозиция деп кез-келген минималды жұпты 
айтады. Мәселен, антоним сөздер, бастауыш пен баяндауыш, 
дауысты мен дауыссыз т.б. тіл бірліктерінде осы жұптарды 
біріктіре отырып зерттеу көптеген лингвистикалық мектептерге 
тән. Бұл талдаудың негізінде Н.С.Трубецкойдың оппозиция 
теориясы жатыр. Фонологиялық оппозициялар теориясын 
жасаушы ғалым фонологиялық оппозиция терминін 
функционалды тіл бірліктерімен қатар функционалды емес 
бірліктерге қатысты қолданды.
Н.С.Трубецкойдың алғаш рет оппозиция типтерін 
жүйеледі және оларды үш ұстаным бойынша топтастырды 
[5,35]:
1. Аталмыш оппозицияның бүкіл оппозиция жүйесіне 
қатысы;
2. Оппозиция мүшелері арасындағы қатынастар бойынша;
3. Мағына ажырату мүмкіндіктерінің көлеміне қарай. 
Қазіргі кезеңде салғастырмалы типология тіл білімінің 
негізгі бір саласы. Ол өзінің даму барысында түбегейлі 
қалыптасып, зерттеу нысаны мен әдісін саралап, даралап 
келеді. Салғастырмалы зерттеу мен жалпы лингвистикалық 
типологияның ішінде ара жігі ажыратыла қарастырылып жүр. 


157
Лингвистиканың өзекті мәселелері
Салыстырмалы зерттеу өзара туыс тілдерді салыстыра зерттеп, 
олардың 
туыстық 
деңгейін 
анықтауға 
бағытталса, 
салғастырмалы әдіс туыс емес, құрылымы әртүрлі тілдерді 
синхронды қалыпта салғастыра зерттеу болып табылады.
Тілдерді типологиялық топтастыруда басшылыққа 
алынатын негізгі белгілер: ең алдымен тілдердің грамматикалық 
жүйесінің қалай құрылғандығы, белгілі бір тілдердегі 
грамматикалық тәсілдердің қайсысы басымдық ететіні, сол 
тілдердегі сөздердің өзгеру, түрлену жолдары, ерекшеліктері, 
белгілі тілдердің құрылымы мен құрылысы [22,67б.]. Тілдерді
типологиялық жағынан классификациялау дегеніміз – оларды 
тектігіне, туыстығына қарап бөлмей, сырт ұқсастығы мен 
грамматикалық құрылымының ерекшеліктеріне қарай 
топтастыру. 
Салғастырмалы типология тілдерді салыстыруды
салғастырмалы-типологиялық әдіс арқылы жүзеге асырады, 
сондықтан зерттеуіміздің өн бойында біздің бірінші басшылыққа 
алатын зерттеу әдісіміз – салыстыру (салғастыру) болып 
табылады.
Салғастырмалы әдістің мақсаты – екі не одан да көп туыс 
емес тілдердегі бір типтес тілдік құбылыстар мен категорияларды 
бір-бірімен салғастыра отырып, олардың бүкіл тілдік 
материалдарын сипаттап беру. Сол арқылы әлгі тілдердің 
фонетикалық, морфологиялық, сөзжасамдық, грамматикалық 
құрылымындағы айырым-өзгешеліктер мен ұқсастықтарды
көрсету.
Зерттеу жұмысында структуралық әдістің де орны бөлек. 
Структуралық әдістің мақсаты - әрбір тілді құрылымдық жүйе 
ретінде қарастыру. Бұл әдіс тілдерді типологиялық тұрғыдан 
әрі негізгі базалық деңгейлер бойынша сипаттағанда оның 
қарым-қатынастары мен байланыстарын ашуға, оның жүйелік 
құрылымын көрсетуге мүмкіндік береді.
Оппозициялық тәсіл көбіне фонология деңгейі бойынша 
(бинарлық, консонантты-вокалды, айтылу белгісіне қарай, және 
тон белгісіне қарай) қолданылады.
Компоненттік талдауға келсек деңгейлік және 
деңгейаралық (фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік) 
типологиялық басымдылықтарды анықтауда көмегі зор.


Лингвистиканың өзекті мәселелері
158
Зерттеу әдістері ретінде модельдеу, жалпылама жинақтау 
әдісі, сандық (количественный) әдістері қолданылады. Тіл 
тарихын, оның ішінде типологиялық тіл білімінің тарихын, 
өткені мен бүгінін танып-білуге негізделген сипаттама әдісіне 
де жүгінуге болады.
Тіл білімі дүние жүзіндегі барлық тілдерді туыстығы мен 
шығу тегі, даму жағдайларының ортақтығына қарай 60 шақты 
семьяға топтаса, сол тілдер құрамы мен құрылысына қарай ірі-
ірі төрт типке ғана бөлінеді.
Тілдерді құрылымы мен құрылысына қарай топтастыру 
типологиялық классификация деп аталатындығын жоғарыда 
айттық. Тілдерді бұлайша топтастыруда басшылыққа алынатын 
негізгі белгілер: ең алдымен тілдердің грамматикалық жүйесінің 
қалай құрылғандығы, белгілі бір тілдерде грамматикалық 
тәсілдердің қайсысы басымдық ететіні, сол тілдердегі сөздердің 
өзгеру-түрлену жолдарының ерекшеліктері. 
Жалпы тіл білімінің тілдердің құрылымы мен құрылысын 
зерттейтін саласы - типологиялық тіл білімі. Типологиялық тіл 
білімі туыстас тілдердің де, бір-бірімен туыс емес тілдердің де 
сәйкестіктері мен ұқсастықтары, сондай-ақ, қарама-қарсы 
өзгешіліктері сияқты мәселелерге көңіл бөледі. Типологиялық 
тіл білімінің мұндай мәселелерді қарастыратын саласын 
лингвистикалық типология деп те атайды.
Салғастырудың 
нәтижесінде 
әртүрлі 
тілдер 
құрылымындағы ортақ сәйкестіктерді анықтау мүмкіншілігі 
артады. Тілдерді географиялық белгілеріне қарай топтастыруды 
санамағанда (қазіргі уақытта тілдер толық зерттелмеген 
жағдайда қолданылып жүр) оларды типологиялық айырым-
белгісіне (критерий) қарай жеке топтарға бөлу, ертеден 
қолданып келе жатқан зерттеудің бір түрі[6,186]. 
Типологиялық зерттеулердің нәтижесінде біз барлық 
тілдерге тән қандай да бір белгілерді немесе тілдерде тіпті 
кездеспейтін ерекше белгілерді анықтай аламыз. Соның 
нәтижесінде нақты типологиялық заңдылықтарды ашамыз. 
Осылайша тілдердің ортақ белгілері туралы айта аламыз.
Лингвистикалық типологияның негізгі мақсат-міндеті – 
барлық тілдерге тән тілдік универсалийлерді анықтау, яғни 
тілдің жалпы теориясын құру. Сонымен қатар, типология тек 


159
Лингвистиканың өзекті мәселелері
кейбір тілдерге ғана тән ерекшеліктерді де анықтай алады. 
Соның негізінде типологиялық классификация жасалынады.
Салғастырмалы әдіс арқылы шыққан зерттеу нәтижесі 
ана тілі мен шет тілін салыстыра оқыту әдістемесінде кең түрде 
пайдаланады. Әсіресе, шет тілін үйренуде оның маңызы өте 
зор. Салғастырмалы типологиялық зерттеуде әдеттегідей тілдік 
жүйедегі жеке элементтер емес, тілдің өзіне тән жүйелік 
құрылымы салыстырылады.
Типологиялық зерттеу мәні, функциясы жағынан тілдердің 
барлығына немесе көпшілігіне ортақ, жалпылық сипаты бар 
обьектілерді салғастырады. Мұндай обьекті фонология 
саласында да, семантикалық, грамматикалық салаларында да 
болады. Типология тілдердің осы аталған жүйелеріндегі 
жалпылық мәні бар обьектілерді бір-біріне салғастыра қарау 
арқылы олар арасындағы ұқсастықтар мен өзгешіліктер 
ашылады [7,251].
Типологиялық зерттеуде тіл жүйесіндегі ішінара 
кездесетін ұқсастықтар емес, осылар сияқты универсалды 
тұлғалар мен тілдік тенденция салғастырылады. 
Салғастырмалы типология лингвистикалық
типологияның ең басты тармағының бірі. Оның өзіндік
міндеті мен мақсаттары бар. Салғастырмалы типологияның 
зерттеу нысаны – зерттеліп отырған тілдің жүйесі. 
Лингвистикалық типология әлемдегі тілдердің жүйесін 
салыстырудың жалпы принциптерін белгілейді. Сондай-ақ ол 
тілдерді салыстыруды бір ізге түсіру (жүйелі түрде салғастыру) 
мәселелерін де қарастырады. Генетикалық, құрылымдық, тағы 
басқа ерекшеліктеріне байланысты тілдердің жалпы және жеке
белгілерін анықтайды. Тілдерді типтік белгілеріне байланысты 
классификациялаудың негізін береді.
Лингвистикалық типология алғашында генеалогиялық 
классификацияның бір тарауы ретінде пайда болса, бертін келе 
тіл білімінің жеке бір саласына айналды. Қазіргі кезде 
лингвистикалық типологияның пәні, зерттеу обьектісі мақсаты 
мен міндеті толық анықталған.
Типология жеке тілдерді зерттеумен шұғылданып, жалпы 
тіл біліміндегі тілдің құрылысы мен қызметі жөнінде айтылған 
тұжырымдарды да пайдаланады. Зерттеу пәніне байланысты 


Лингвистиканың өзекті мәселелері
160
функциональды типология (әлеуметтік лингвистика) және 
құрылымдық 
типология 
ерекше 
қарастырылады. 
Функциональды типология байланыс құралы ретіндегі тілдің 
әлеуметтік қызметін зерттесе, құрылымдық типология - тілді 
жүйе ретінде алып, ішкі құрылысын зерттейді.
Ш.Уалиханов атындағы
Көкшетау мемлекеттік университетінің Хабаршысы.
Филология сериясы 
№ 
1 /2015 126 -132 66.
Әдебиет
1. Языковые универсалии и лингвистическая типология. - М., 1969. 
- 342 с.
2. Климов Г.А. Вопросы контенсивно-типологического описания 
языков. – В кн.: Принципы описания языков мира. – М.: Наука, 1978, С. 
122-146.
3. Юсупов У.К. Теоретические основы сопоставительной лин гвис-
тики. Сопоставительная лингвистика как самостоятельная дисцип лина //
Методы сопоставительного узучения языков. - Москва: Наука,1988. - 93 с.
4. Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі. -Алматы, 1999. -190 б.
5. Трубецкой Н.С. Основы фонологии. Пер.с немецкого. - М.: Изд-
во иностр.лит., 1960. - 342 с.
6. Звегинцев В.А. История языкознания ХІХ и ХХ веков в очерках 
и извлечениях. ч. ІІ. -М.: Учпедгиз, 1960. - 406 с.
7. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. - 783 б.


161
Лингвистиканың өзекті мәселелері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет