Лингвистиканың
өзекті мәселелері
206
пәннің мақсаты мен міндеттеріне тоқтала келіп, тілдік бірліктер
негізінде ғана мәдени бірліктердің көзі ашылмайды, керісінше,
мәдени бірліктер арқылы тіл бірліктерінің
табиғатын ашуға
әбден болады деген пікір айтады (Маслова, 1997).
Қазіргі таңда «тіл мен мәдениет», «адам және тіл»
байланысын когнитивтік тұрғыдан қарастыру өзекті
мәселелердің бірі болып табылады. Когнитивтік лингвистика
зерттеулердің шеңберін маңызды түрде күшейте түсетін қазіргі
антропоцентристік парадигмалар болып табылады.
Когнитивтік лингвистика адамның менталитетімен,
білімімен байланысты болса, лингвистикалық мәдениеттану
мәдениет пен тілдің арақатынасына көңіл бөледі.
Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттің
өзара байланысын
зерттейді. Оның негізі мақсаты – халықтың ойлау ерекшелігі
мен оның мәдениетін тіл арқылы ашу. Тіл мен мәдениеттің
ажырамас бөлігі, әрі ол лингвомәдениеттануда рухани болмыс
ретінде танылады, яғни, тілде ұлттың дүниетанымы, әдет –
ғұрпы, дәстүрлері, ұлттық мәдениеттің еркшеліктері – рухани
өмірі көрініс табады.
Тіл зерттеушілері арқылы халықтың менталитетін,
дүниеге, қоғамға, өздеріне көзқарасын түсінуге болады деп
есептейді.
Халықтың өмірі, дүниеге көзқарасы мақал –
мәтелдерде, фразеологизмдерде, метафоралар мен символдарда
сақталып қалған. Олар халықтың мәдениеті мен менталитетінің
ең бағалы мәліметтерінің дереккөздері. Лингвомәдениеттану
мәдениетте метафора мен символдардың, ғасырлар бойы тілде
сақталып келген фразеологизмдердің рөлін анықтауға
тырысады, себебі фразеологизмдер халықтың көзқарасын,
белгілі қоғамдық кезеңдегі сол заманның идеологиясын жанама
түрде жеткізеді, яғни, халықтың мәдениеті фразеологизмдерде,
метафораларда, символдарда бейнеленген.
Әлемдік және отандық тіл білімінің қазіргі таңдағы дамуы
лингвистикалық зерттеулердің антропоцентристік зерттеулерге
көшу ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы тіл
білімінің ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Себебі тілдік
құбылыстарды зерттеуде лингвистика тек қана тілдік, атап
207
Лингвистиканың өзекті мәселелері
айтқанда, фонетикалық, грамматикалық, лексикалық т.б.
жүйелермен шектеліп қана қоймайды.
Тіл – ұлттық мәдениеттің көрінісі. Осы ұлттық мәдениет,
қоғамдық өзгерістер мен инновациялық атаулының барлығы
тілдік көрініс табуы заңды құбылыс. Себебі тіл – халықтың
рухани және материалдық мәдениетінің, барлық бітім–
болмысының айнасы іспетті. Тіл біліміндегі таңба теориясының
танымдық негізін салушы В.фон Гумбольдтың: «Халықтың тілі
барда оның рухы бар, халықтың рухы бар да оның тілі бар, ал
өзіме осыларға тең келетін нәрсені елестету қиын», деген пікірі
осы ойды негіздей түседі.
Адам өзін қоршаған ортаны бейнелейтін көптеген қызмет
түрлерін – еңбекті, өнерді және т.б. шығармашылық, өндірістік
салаларды біледі. Олардың
әрқайсысы шындыққа апаратын
психикалық болмыстың дербес жүйесін көздейді. Осымен
байланысты танымдық деңгейге қатысты қазірде жиі айтылатын
«концептуалдық ғылым» шындықты ұғынудың негізгі тәсілі
болып табылады. Дүниетанымының құрылысы негіздерін
анықтауға бағытталған тілдік бейненің когнитивті модельдері
ғылыми талдаулар жасауға мүмкіндік береді. Дүниедегі заттар
мен құбылыстардың жер шарын мекендейтін адамдарға ортақ
болуымен қатар, әр халық сол заттар мен құбылыстарды өз
мәдениетіне,
танымына, болмысына қарай ыңғайлап, өзінің
таным – түсінігінің деңгейі мен тану мүмкіндігіне сәйкес атау
береді.
Атаудың танымдық – қызметтік табиғатын терең тану
үшін оның теориялық негізін қалаушылардың ғылыми
пайымдауларының маңызы зор. Ғалым А.А.Потебня
еңбектерінде антропологиялық тіл білімі адамның шығарма-
шылық рухы туралы әлемдік ілімнің
ең ірі бөлігі ретінде
концептілік негізде зерттеулерге бастау болғандығы белгілі.
Когнитивтік лингвистика терминдерді зерттеуде жаңа
бағыттарға жол ашады. Өйткені бұған дейінгі дәстүрлі
семантикалық, жүйелі – құрылымдық парадигмалар жоққа
шығарылмай, қайта керісінше, терминологиялық процестерді
жаңа тұрғыдан зерттеп ұғынуға ұмтылыс жасайды. Когнитивтік
Лингвистиканың өзекті мәселелері
208
лингвистика жалпы лингвистиканың аумағынан шыға отырып,
философия,
психология, логика, әлеуметтану пәндерімен
байланыс жасап, осы саладағы ғылымның ауқымын кеңейтеді.
Қоршаған дүние – адам мен оның ортасының өзара
байланысы, ал дүние белгісі – адам мен оның ортасы жайлы
ақпараттарды өңдеудің нәтижесі. Дүние бейнесі – «тұрақсыз,
үнемі өзгермелі құбылыс». Қазіргі таңда ғаламның тілдік
бейнесі
мәселесі
Е.С.Кубрякова,
В.И.Постовалова,
Ю.М.Караулов, В.Н.Телия, А.А.Уфимцева және т.б. ғалымдар
еңбектерінде қарастырылып жүр.
Әр
ұлт тілінде, әлем туралы түсініктер, ұғымдар түрлі
тілдік деректер арқылы таңбаланып, қоршаған әлемнің тілдік
бейнесі, адамдар санасындағы дүниенің логикалық бейнеленуі
жағынан ұқсас болып келеді. Құбылыстар арасындағы
ұқсастықтар ұғым категорияларын жасайтын лексемалардың
толығуына әсер етеді. Сол ұғым түрлерінің тұтастай алғандағы
атаулары тілдің негізін құраса, әлемнің ондағы құбылыстардың
тілдегі бейнесінен ұлт ерекшеліктерін танып–білуге болады.
«Шаңырақ» сөзінің талдануы
Достарыңызбен бөлісу: