Есеналиева жанар е с е н



Pdf көрінісі
бет23/97
Дата17.05.2022
өлшемі10,61 Mb.
#34721
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   97
Байланысты:
Лингвистиканың өзекті мәселелері

концептосфера дегені-
міз нақты ұлттық-мәдени қауымдастыққа тән құрылым, оның 
ерекшелігі  мен  бірегейлігін  көрсететін  концепттердің 
жиынтығы. Ал ұлттық концептосфераны анықтаудың мынадай 
жолдарын көрсетеміз:
1. Концептосфераны құрастыру мен байытуда аса маңыз-
ды  рөл  атқаратын  тұлғалар:  жазушылар  (әсіресе  ақындар); 
халық ауыз әдебиетін таратушылар; белгілі бір кәсіп иелері;
2. Қандай  да  бір  ұлттың  ауыз  әдебиетін  және  жазба 
әдебиетін  зерттеу,  тарихи  мәдени  тәжірибесін  зерттеу,  ол 
этностың концептілерін интерпретациялау;


83
Лингвистиканың өзекті мәселелері
3. Белгілі бір ұлттың тарихымен танысып, ұлт тағдырында 
маңызы зор ұғымдарды зерттеу;
4. Ұлттың  мәдениетімен  танысу  арқылы  олардың  әр 
қырын ашу т.б.
Ұлттық концептосферасының бір қайнар көзі жазушылар 
мен ақындардың творчествосы болса, Абай шығармалары, Абай 
тілі
 қазақ ұлттық концептосферасының бастауы бола ала ма?
Абай шығармаларында адам болмысы толық суреттеледі. 
Абай қазақ даласына адам болмысының негізі ретінде білімді 
әкелді,  оны  даму  принципімен  байланыстырды[5].  Абайдың 
өлеңдерінде  ақыл,  білім,  ғылым  қатар  жүреді.  Ғылымды 
насихаттай отырып, жастарды тәрбиеге шақырады:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге,
Ақын  өлеңдерінде:  «Ғалым  болмай  немене,  балалықты 
қисаңыз», «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге», - деген 
соны ойлары Абайдың ғылым-білімге аса үлкен мән бергенін 
дәлелдейді. Абай тілінде адам болмысы эволюциялық жолмен 
Кәміл  адамға  (Толық  адамға)  ұласады.  Кәміл  адам  портретін 
Абай өлеңдерінде бес жақсы, бес жаман  концептерді бір-біріне 
қарама-қарсы қою арқылы аша түседі:
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой [1,65].


Лингвистиканың өзекті мәселелері
84
Адамға қатты кесірін тигізетін бес жаман қасиетті Абай 
«өсектен»  бастайды.  Шынында  да,  қазақ  халқы  Абайша 
айтқанда «өсекті жүндей сабайды». Өсектің адам өміріне де, 
бүкіл халықтың өміріне де тигізер зияны орасан зор. Өсектің 
әсерінен  қаншама  адам  жазықсыз,  бекерден  бекер  өмірмен 
қоштасты  десеңізші! Қазіргі уақытта да осы өсектің кесірінен 
қаншама  жыл  бір  мекемеде  жұмыс  істесе  де  мансабы  өспей, 
жасаған қызметі бағаланбай жүрген жандар қаншама! 
Ұлы  Абай  өсектен  кейінгі  жаман  қасиеттерді    өтірік, 
мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ деп жалғастырады. Ал 
осы жаман қасиеттерге қарсы концептілер талап, еңбек, терең 
ой, қанағат, рақым! Осы қасиеттер адамды ішкі құндылықтарды 
бойына сіңіре өсуіне үлкен мүмкіндік береді. Кәміл адам (Толық 
адам) Абайдың қарасөздерінде де толысып, жалғасын табады. 
«Толық  адам»  ілімі  арқылы  жастарды  тәрбиелей  аламыз. 
Алланың  бойындағы  сегіз  сипат  адамда  да  бар,  бірақ 
Алладағыдай  толық  емес.  Сондықтан  бойымыздағы  сегіз 
сипатты  Аллаға    еліктей  отырып  күрделендіріп,  жөндеуіміз 
керек.  Соған  ұмтылуымыз  керек.  «Толық  адам»  ілімі  содан 
барып шығады», — дейді Мекемтас Мырзахмет.
Алайда, Абайдың сөзсаптауында  жақсы адам жаман адам 
бір  біріне  қарсы  суреттеліп,  тереңделе  түседі:  жақсы  адам, 
адамшылық, сотты адам, даугер адам, байқаған адам, жарым 
адам  т.б.    Концептосфера  дегеніміз  концептердің  жиынтығы 
болса,  Абайдың  жоғарыдағы  өлеңі  бірнеше  концептерді 
қамтыса,  Абай  тілі  қазақ  концептосферасының  бастауы  деп 
толық  айтуымызға  болады.  Абай  тілі  концептосферасы 
әлеуметтік,  қоғамдық,  адамгершілік-моральдық  мәселелерді 
көтеретін, тәрбиелік мәні бар жеке концептілерден тұрады.
Абайдың  «Қансонарда  бүркітші  шағады  аңға»,  «Өлең 
сөздің  патшасы,  сөз  сарасы»,  «Қартайдық,  қайғы  ойладық», 
«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» сынды туындыларындағы 
концептосфера қазақ тіліне ғана тән концептілерді құрайды. 


85
Лингвистиканың өзекті мәселелері
Мәселен, «Қансонарда...» өлеңінде  қансонарда, томаға-
сын тарту, қандыкөз, шыбын жан, қырық пышақ, сегіз найза, 
алпыс екі айла, «Өлең сөздің патшасы...» өлеңіндегі сөз сарасы, 
зар нала, жоқтан қармау, сөз қадірі, тілін безеу, сөз түзелді, 
өсекті  жүндей  сабау,  «Қартайдық,  қайғы  ойладық,  ұйқы 
сергек» өлеңіндегі ашыған у, өнерсіздің қылығы, еріншек ездігі, 
шайтан өрмек, өзімнің иттігім, «Жігіттер, ойын арзан, күлкі 
қымбат»  өлеңіндегі    қызыл  жібек  бозбала,  мақтан  күйлеу, 
нәпсіге  еру,  жеңсікқойлық,  қылықты  тамыршы,  сасық  ми, 
қабақпен  имендіру,  алты  ала  сияқты  Абай  тілінде  көптеп 
кездесетін сөздер мен сөз тіркестерін тек қазақ халқының сөз 
қоржынынан ғана кездестіретініміз хақ. Бұл Абайдың танымы 
шығармаларында ұлттық дүниетаныммен астасып жатқанының 
айғағы.  «Көркем  шығармалардағы  ұлттық  дүниетанымның 
тілдік көрінісін бірнеше жікке бөліп қарастыруға болады. Олар 
негізінен: ұлттық мәдениет; ұлттық өнер; діни дүниетаным мен 
ұлттық таным әлемі. Ұлттық мәдениет: ұлттық салт-дәстүр мен 
жол-жоралғының  көркем  шығармадағы  тілдік  көрінісі  болып 
табылады.  Ұлттық  өнер:  халықтың  ұлттық  тұрмыс-тіршілік 
нышандарының  көркем  сөзбен  суреттеліп  берілуі.  Діни 
дүниетаным  мен  ұлттық  таным  әлемі:  қазақ  ұлтының  діни 
дүниетанымдық түсініктері» [7,3].
Абай  тілінде  ұлттық  мәдениет  те,  ұлттық  өнер  де,  діни 
дүниетаным  да,  ұлттық  таным  әлемі  де  жырланған.  Абайдың 
концептосферасы қазақ халқының тарихын, әдет-ғұрпын, салт-
дәстүрін,  ментальдық  ерекшелігі  мен  қазақ  халқының 
психологиясын    ашатын  білім,  ғылымды,  адал  еңбекті, 
талаптылықты,  адамгершілікті  уағыздайтын  концептілер 
жиынтығынан тұрады. 
Абай  творчествосында  негізгі,  басты  концепт  -  Адам. 
Абай тіліндегі Адам үнемі дамып отырады. Өлмейтін Адамның 
доминантты ерекшелігі- Атаның баласы емес Адамның баласы 
болу


Лингвистиканың өзекті мәселелері
86
Адамды    жасайтын  қасиет  ыстық  қайрат,  нұрлы  ақыл, 
жылы  жүрек.  Абайда  нағыз  адамды  жасайтын  концептілер 
нақты, олар: Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рақым. Абайдың 
басты мақсаты – «Адам бол!» деген үндеуді паш ету.
Абай танымында Адамды болашаққа, алға жетелейтін – 
ар, намыс, ұят, ал оларды басқаратын – ақыл. Абай танымында 
Адамның қасиеттері тек өзіне ғана емес,  қоғамға да қатысты. 
Сондықтан  «Адам»  концептісіне байланысты танымдық сөздер 
бір-біріне  қарсы  жақсы,  жаман,  адалдық,  арамдық  сияқты 
ұғымдармен ұштасып жатады. Абай Адам концептісіне Пендені 
қарама қарсы қояды.
Абайда қазақи болмысты, менталитетті көрсететін, әдет-
ғұрыптық,  адами  қарым-қатынасты,  туыстық  қатынас 
ерекшеліктер  көрсететін    Әділет,    Ар,  Ағайын    концептері 
айрықша  орын  алады.  Абай  танымында  қазақи  мінез-құлық 
этикеті жоғары орын алады. Ол әсіресе туыстық қатынаста, ата-
ана мен балалары  арасындағы  сыйластық түрінде көрінеді.
Абай  дүниетанымында  әлемнің  тілдік  бейнесін,  адам 
құндылықтарын  көрсететін  дос,  береке,  талап,  абырой  т.б. 
концептілер  құрайды.    Бұлардың  ішінде  ар,  намыс,  ұят
концептілері – қазақ халқының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет