Бірінші бөлім бойынша тұжырымдар Білім беру менеджерлерін кәсіби дайындаудың теориялық негіздерін
талдау келесі қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Білім беру менеджерлерін дайындауға қойылатын талаптардың өсуі
келесі факторлармен байланысты:
–
мектептегі білім берудің нәтижеге негізделген басқарудың жаңа
үлгілеріне көшуі;
–
білім беруді жан басына қаржыландыру;
–
инновациялық мектеп пен білім беру ортасының дамуы;
–
мұғалімдердің мәртебесінің жоғарылауы;
–
басқарушылық лауазымдардың конкурстық түрде ауыстырылуы.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын
үнемі жаңарту, кәсіби стандарттар мен кәсіп атласын жаңарту, менеджерлерді
жаңа форматта даярлау үшін бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие білім беру
технологияларын жобалау қажеттілігі туындап отыр.
Бүгінгі білім беру менеджері заманауи менеджменттің әдістерін,
ұстанымдарын, әрекеттерін пайдалана отырып, білім беру үдерісінде
басқарушылық және педагогикалық қызметтерді жүзеге асыратын басқарудың
субъектісі.
Білім беру менеджерлерін дайындау жүйелерін салыстырмалы талдау
алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені қорытындылауға мүмкіндік берді.
Осыған
байланысты
бірінші
бөлімде
салыстырмалы-педагогикалық
зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері талданады. Сонымен қатар бөлімде білім
беру менеджерлерін дайындау жүйесін терең талдауға қажет әдіснамалық
тұғырлар мен психологиялық-педагогикалық теориялар жинақталған.
Білім беруді басқару әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде педагогикалық
жүйенің бір бөлігі болатындықтан, жүйелік тұғырдың, мәдени негізде білім
беру менеджерінің адами сапаларын пайымдауға қажет мәденитанымдық
тұғырдың, әлеуметтік тәжірибедегі ұрпақтан ұрпаққа қалдырылатын негізгі
құндылықтарды талдауға керек аксиологиялық тұғырдың, білім беру
менеджерінің білім беру үдерісінде
кәсіби құзыреттілікті маман ретінде
қалыптасуын зерделеу үшін құзыреттілік тұғырдың әлеуеті мен үйлесімді
өзара байланысы көрсетілді. Білім беру менеджерлерін дайындау жүйесін
құрудың басқару теориясы, салыстырмалы педагогика, кәсіби даярлау,
менеджмент, педагогикалық менеджмент,білім беру менеджменті және білім
берудегі басқарушылық іс-әркет теорияларын қамтитын психологиялық-
педагогикалық негіздері айқындалды.