Есенова камчат аугажыевна



Pdf көрінісі
бет28/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

Мамандық:
тиісті құжаттармен расталған, нақты қызмет түріне қажетті 
арнайы дайындық пен іскерлік дағдылар, практикалық жұмыс тәжірибесі мен 
білім кешені. 

Біліктілік:
білімі және мамандығы, кәсібі бойынша белгілі бір қызмет 
түрін құзыретіне сай орындауға дайындық деңгейі. 

Біліктілік деңгейлері:
бұл техникалық және кәсіптік білім берудің оқу 
бағдарламаларының бір кезеңінің аясында тарифтеу және аттестациялау 
жүйесінің (тарифтік дәреже, сынып, санат) тиісті құжаттары бойынша 
реттелетін және орындалатын міндеттер мен тапсырмалардың көлемі мен 
күрделілігі бойынша анықталатын кәсіби шеберлікті білдіреді. 

жеке тұлғаның
біліктілік сипаттамаларына және талаптарына сәйкес 
кәсіптік білім, дағдылар мен қабілеттерді меңгеруіне бағытталған, маман 
ретінде қалыптастыру және дамытудың ұйымдастырылған үрдісі ң техникалық 
реттеу және метрология комитеті. 
2010 жылдан бастап жаһандық білім беру кеңістігінде Қазақстанның 
ұстанымын нығайтуға бағытталған жоғары білім беру жүйесін дамытудың жаңа 
кезеңі басталды. Қазақстан Болон процесіне қосылды. Білім беруді дамытудың 
2020 жылға дейінгі жаңа мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 
Бағдарламаның мақсаты – Білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, 
тұрақты экономикалық өсу үшін сапалы білім беруді қамтамасыз ету арқылы 
адам капиталын дамыту мақсатын көздеді . 
Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері әзірлеген 
кәсіптік стандарттарды бекітіп 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа 
енгізді: 

біліктілік
– қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы 
орындауға дайындық деңгейі;

біліктілікті деңгей/біліктілік деңгейі 
– күрделілік, бейстандарттық 
еңбек әрекеттері, жауапкершілік пен дербестік параметрлері бойынша 


79 
сараланатын қызметкердің дайындығы мен біліктілігіне қойылатын талаптар 
жиынтығы; 

ұлттық біліктілік шеңбері 
– еңбек нарығында танылатын біліктілік 
деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы; 

ұлттық біліктілік жүйесі 
– еңбек нарығындағы мамандардың 
біліктілігіне сұраныс пен ұсынысты құқықтық және институционалды реттеу 
механизмдерінің жиынтығы;

салалық біліктілік шеңбері 
– салада танылатын біліктілік деңгейлерінің 
құрылымдық сипаттамасы; 

кәсіп 
– арнайы дайындық нәтижесінде алынған және тиісті 
құжаттармен расталған білім мен практикалық дағдылар талап етілетін 
адамның еңбек жолындағы негізгі қызмет түрі. 
Құзыреттілік біліктіліктің жалғаспалы сипаттамасы ретінде қолданылады. 
Бұдан бөлек, халықаралық нормативтік актілердің бірде-біреуі дерлік біліктілік 
пен құзыреттіліктің мәнін нақты айқындамайды. Себебі де түсінікті, өйткені 
олардың мазмұны жаһандық мәдени және технологиялық тенденциялардың 
динамикасына байланысты үнемі өзгеріп отырады.
Басқару сапасы көбіне білім беру саласындағы басшылардың білікті 
басшылық ету деңгейімен анықталады, олардың басым бөлігінде жүйелі 
басқару дайындығы жоқ. Жақында ғана педагогикалық ғылымда білікті 
басшылық ету ұғымы енгізіліп, дами бастады. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылдың 13 
шілдесіндегі «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың 
лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамасын бекіту туралы» № 338 
Бұйрығымен білім беру ұйымы (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) 
директорының біліктілік сипаттамасынының негізінде лауазымдық нұсқаулық 
әзірленді. 
Білім беру ұйымдары қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік 
сипаттамасы (бұдан әрі – Сипаттама) мыналарға негіз болады: 

білім беру ұйымдарындағы рөлі мен орнын анықтайтын құрылымдық 
бөлімшелер туралы ережелер жасау; 

қызметкерлердің міндеттері, құқықтары мен жауапкершіліктерін 
бекітетін лауазымдық нұсқаулықтар әзірлеу;

кадрларды іріктеу, орналастыруда, оларды пайдаланудың дұрыстығына 
бақылау жүргізу; 

білім беру ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау.
Басшыларға, педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға 
біліктілік санатын білім беруді басқару органы белгілейді. Сипаттамалар 
секілді ұйымдастыру-үйлестіру құжаттарын әзірлеуге негіз болып табылады 
ішкі өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктерін, 
сондай-ақ олардың құқықтары мен жауапкершіліктерін ескере отырып, 
қызметкерлердің лауазымдық міндеттерінің нақты тізбесін қамтитын 
лауазымдық нұсқаулығы [147]. 


80 
Лауазымдық нұсқаулық білім беру ұйымы директорының міндеттерін 
және қойылатын талаптарды белгілейді. Біліктілік сипаттамасы негізінде 
әзірленген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет