Есенова камчат аугажыевна



Pdf көрінісі
бет22/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

жүйелік, мәдени, аксиологиялық және құзыреттілік 
тұғырларына 
көңіл бөлген абзал. Біздің ойымызша, бұл тұғырлар білім менеджерлерінің 
маңызды құзыреттерін қалыптастыру мен дамыту мәселелерін зерттеуде ең 
тиімділері болып табылады.
Білім берудің әлеуметтік-мәдени феномен ретінде әлеуметтік жүйенің бір 
бөлігі екендігін ескере, оған қатысты жүйелік тұғырды қолдануға болады. Көп 
өлшемді құбылыс – білім беруді жүйелік тұғыр тұрғысынан қарастыру үлкен 
эвристикалық мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл білім беруді жүйе ретінде оның 
құрылымы мен ерекшеліктерін, даму заңдылықтары мен қағидаларын 
анықтайды. Бұдан бөлек, жүйелік тұғыр нақты әлеуметтік-мәдени 
жағдайлардағы білім беру жүйесінің тәртібін болжауға, оны басқарудың түрлі 
үлгілерін жобалап, жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
«Жүйелік тұғыр» ұғымы (ағылшын тілінде «systems approach») 1960 
жылдардың соңы, 1970 жылдардың басында ағылшын тіліндегі және орыс 
философиясы әдебиеттерінде кеңінен қолданыла бастады. «Жүйелік 
зерттеулер», «жүйелік принципі», «жүйелердің жалпы теориясы» және 
«жүйелік талдау» ұғымдары мазмұны бойынша «жүйелік тұғыр» ұғымына 
жақын [119].
Заманауи ғылымдағы әдістемелік бағыттардың бірі болып табылған 
жүйелік тәсіл XIХ–XX ғ.ғ. межесінде ғылыми танымды билеген дағдарысты 
еңсеру кезеңімен байланысты қалыптасқан [113, б. 110].
Жүйелік тұғыр идеясын зерттеуге ауқымды үлестерін қосқан ғалымдар: 
Р. Аккофф, Ч. Барнард, Дж.Ван Гиг, У. Кинги, Д. Клиланд, С. Оптнер, 
Г. Саймон және т.б.
Жүйелік тұғырдың негізін қалаған ғалымдардың бірі болып Карл Людвиг 
фон Берталанфи саналады, өткен ғасырдың ортасынан бері АҚШ-та тұратын 
австриялық биолог, ғылыми танымның түрлі сегменттерінде изоморфизм 
заңдылықтарын зерттеген.
К. Уэст Черчмен: «Басқарудағы жүйелік тұғыр деп жүйеленген ойлау 
жолы айтылады. Оған сәйкес шешімдерді түсіндіру процесі жүйенің жалпы 
мақсаттарын анықтау арқылы және осы мақсаттарға жету жолындағы көптеген 
ішкі жүйелер қызметінің жұмыс жоспарлары мен стандарттары ретінде 
түсіндіріледі» [120].
Жүйе «қажет нәтижелерге қол жеткізу мақсатында көптеген белгіленген 
фунцияларды атқару үшін ұйымдастырылған элементтер жиынтығы» [121]. 
Американдық мамандар жүйелік тұғыр әдіснамасын – systems approach 
деп атайды; алайда, біз, терминологиялық шатасулар болмауы үшін тиісті 
жағдайдарда «жүйелік талдау» дейміз. Бұл білім беру саласындағы мәселелерді 
шешудің жүйелік әдіснамалық ұғымын береді [113, б. 129].


61 
Жүйелік тұғыр (Л. Берталанфи, В.Г. Афанасьев, И.В. Блауберг, 
Э.Г. Юдин, Э.С. Маркарян, В.П. Кузьмин және т.б.) қоршаған шындықтың 
құбылыстары мен процестерінің өзара шарттастықтары мен ортақ байланысын 
көрсетеді. Жүйелік әдістің негізгі категориясы қоршаған ортамен біртұтас 
құбылыс ретінде өзара әрекеттесетін, басқарудың ортақ мақсатымен біріккен 
өзара байланысты, реттелген көптеген элементтердің айқындалған белгілерінің 
негізіндегі «жүйе» ретінде көрсетіледі.
Э.Г. Юдин атап көрсеткендей, заманауи қоғамдық өмірдің барлық дерлік 
тараптары функциялары барған сайын кеңейіп жатқан әлеуметтік басқарудың 
тұрақты объектісіне айналды. Қоғамдық құрылымның түптамырындағы 
ерекшеліктер бұл функцияларға, олардың жүзеге асырылу жолына, ең бастысы, 
басқару мақсаттарына өзінің терең ізін қалдырады. Алайда барлық 
индустриалды дамыған елдерде басқаруды әмбебап әлеуметтік функцияға 
айналдыру жоғары мамандандырылған басқару аппаратының құрылуына, бұл 
қызмет түрін бұқаралық кәсіп түріне айналуына әкелгенін атау қажет 
[113, б. 208].
Жүйелік тұғыр күрделі объектінің (жүйенің) ерекшелігі оның құрамдас 
элементтерінің ерекшеліктерімен ғана емес, сондай-ақ, ең алдымен, 
элементтердің өзара әрекеттесу ерекшеліктеріне байланысты негізделеді. Сол 
себепті бірінші орынға бұл байланыстар мен қатынастардың механизмі мен 
ерекшеліктерін, әсіресе, белгілі бір қоғамдастықтағы адамдар, адам мен қоғам 
қатынасын тану міндеті қойылады [122].
Е.И. Бражниктің пікірінше, салыстырмалы зерттеулерде (компаративтік 
зерттеулер) жүйелік тұғыр білім беру үдерісінің жеке инвариантты-
интегративтік аспектілерімен қатар, сондай-ақ түрлі елдердің немесе өңірлердің 
ынтымақтастығы мен ішкі қатынастарын тұтас қамти отыра, білім беру 
жүйелерін қарастырады деп санайды. Жүйелік тұғыр «тұрақты қызмет, 
дамудың бағыттары мен тенденцияларын анықтауға, әлеуметтік-экономикалық 
және әлеуметтік-мәдени факторлардың білім беру саласындағы осы 
процестерге ықпалын анықтауға бағытталған» [123]. 
Компаративтік 
зерттеулердегі 
жүйелік 
тұғыр 
салыстырылатын 
педагогикалық ерекшеліктер, құбылыстар мен процестер және олардың 
байланыс ерекшеліктеріндегі элементтер құрамының біртұтастығын зерттеуге 
мүмкіндік береді. Жүйелі педагогикалық объектілерді зерттеуде құрылымдық-
функционалдық талдауды қолдану өзекті, өйткені оның негізіне құрылымдар 
(құндылықтар жүйесі, әлеуметтік нормалар, қауымдастық түрлері мен оның 
қатысушыларының рөлі) және функциялар (өзін-өзі қорғау, интеграция, 
мақсаттарға жету және бейімделу) енеді [116, б. 152]. 
Э.Г. Юдиннің ойынша, элементтер ерекшеліктерінен тұтас ерекшеліктің 
туындауы, 
сондай-ақ, керісінше, 
тұтас 
ерекшеліктен 
элементтердің 
ерекшеліктерінің туындауы жүйелік тәсілге тән болып табылады [113, б. 103].
В.А. Зингер атап өткендей, компаративисткада жүйелік тұғыр аясында 
зерттелетін объектінің даму процесінің құрылымы мен оның субстраты, 


62 
сондай-ақ даму жүйесінің сатыларын анықтайтын критерийлері (ерекшеліктері) 
зерттеледі. Субстрат есебінде зерттеу мәселелерінің жиынтығы шығады [124].
З.А. Каргина заманауи ғылыми-педагогикалық зерттеулерде «жүйелік 
тұғыр» жүйелік біртұтастықта оған тән барлық байланыс пен тәуелділіктердің 
алуандығы мен жүйелік ұйымдастыру күрделілігімен білім берудің тану және 
даму процестерін қамтамасыз ететін әдістеме ретінде қарастырады [119, б. 7].
Ресей 
педагогикалық 
ғылымының 
белгілі 
өкілдерінің 
бірі 
В.А. Сластениннің айтуынша, жалпы ғылыми әдіснама әмбебап байланыс пен 
құбылыстар қоршаған шындық процестерінің өзара тәуелділігін көрсететін 
жүйелік тұғыр ретінде ұсынылуы мүмкін. Ол зерттеуші мен практикті өмірдің 
құбылыстарына белгілі бір құрылымы мен функциялық заңдары бар жүйелер 
ретінде қабылдау қажеттігіне бағыттайды [125].
В.С. Иванова жүйелік тұғырды жалпы ғылыми құндылыққа ие 
диалектикалық материалистік әдістеменің ғылыми әдісі ретінде қарастырады. 
Автордың пікірінше, жоғары тұтастыққа байланысты жүйелік тұғыр 
диалектиканың бірқатар қағидасына негізделген: өзара байланыс және даму, 
тәуелділік (байланыстылық) және тәуелсіздік (автономия), бөлшек пен тұтас 
арасындағы сапалы айырмашылық. Бұл тұғыр объектіні оның жұмысының 
зерттелген нәтижелеріне ықпал ететін ішкі және сыртқы байланыстары бар 
жүйелік элементтері анықталған жүйе ретінде қарастырады, ал әр элементтің 
мақсаты объектінің жалпы мақсаттарына негізделе анықталады [126].
Жүйелік тұғыр заманауи басқару теориясында ерекше орынға ие. Өйткені 
ол басқару (білім беру) объектісінің күрделі ерекшелігін, сондай-ақ басқару 
процестерінің динамикасы мен құрамдастарының өзара әрекеттесуін ескереді. 
Жүйелік тұғыр саналы және жоспарлы басқаруды қамтиды. Басқару 
салаларында өзара байланыстар орнатылып, басты мақсат белгіленеді, содан 
кейін оған сәйкес жеке кезеңдік мақсаттар қалыптасады, міндеттер қойылады, 
оларды шешу жолдары мен уақыты жоспарланады, күштер таратылып
қаражаттар бөлінеді, бақылау орнатылады. Нобай бойынша, жүйелік тұғырдың 
келесі тізбек түрінде ұсынуға болады: мақсат – ресурстар – жоспар – шешім – 
жүзеге асыру – бақылау – түзеу және жетілдіру. (М.Л. Портнов). Жүйелік 
басқару функциялары: талдау, мақсатты айқындау, жоспарлау, ұйымдастыру, 
реттеу және бақылау [127].
Отандық ғалым Ш.Т. Таубаеваның пікірінше, жүйелік тұғыр – басқару 
жүйесін ішінен, оны өзара байланысты элементтер құрайтын жиынтық ретінде 
қарастыруға мүмкіндік береді [128]. 
А.Б. Айтбаева жүйелік тұғыр нысандарды жүйе ретінде зерттеу, жобалау 
және құрастырумен байланысты пәнаралық, жалпы ғылыми әдіснамалық білімнің 
ең белгілі және мойындалған формаларының бірі деп есептейді [118, б. 79]. 
Жүйелік тұғыр – нақты гносологиялық жағдаяттағы диалектикалық 
әдістердің көрінісі. Сондықтан жүйелілік жалпы ғылыми әдіснамалық 
зерттеудің бір құралы ретінде оқу-тәрбие үдерісін және бір-бірімен байланысты 
құбылыстарды жүйелі зерттеуге қажетті сапалы ғылыми тұғыр.


63 
Жүйелік тәсілдің негізгі принциптерін қалыптастырумен А.А. Богданов, 
Г. Саймон, П. Друкер и А. Чандлер айналысты. Бұл ғалымдар педагогикалық 
ғылым жүйесінен алыста болса да, олардың ғылыми еңбектері педагогикадағы 
жүйелік тәсілдің дамуына септігін тигізді. Педагогикадағы жүйелік тәсілдің 
заманауи тұжырымдамасы өткен ғасырдың ортасындағы тұжырымдамадан көп 
өзгеше, алайда оның негізі дәл сол жылдары қаланған болатын.
Жүйелік тәсілдің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет