Есенова камчат аугажыевна



Pdf көрінісі
бет30/75
Дата29.10.2023
өлшемі7,45 Mb.
#121142
түріДиссертация
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   75
Байланысты:
6D010300 ДИССЕРТАЦИЯ ЕСЕНОВА К.А.

Біліктілікке қойылатын талаптар: 
жоғары (немесе жоғары білімнен 
кейінгі) педагогикалық білім және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде 
басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл, бірінші немесе жоғары 
біліктілік санатының және (немесе) кәсіби құзыреттілігінің болуы: педагог-
сарапшыға, педагог-зерттеушіге, педагог-маманға қойылатын жалпы талаптарға 
сәйкес болуы (мемлекеттік қызметшіні, ЖОО және әдістемелік қызмет 
қызметкерлерін қоспағанда). 
Шағын жинақты мектеп үшін: 

жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі) педагогикалық білім және 
басшылық лауазымдағы жұмыс өтіліне қойылатын талаптарсыз, кемінде 3 жыл 
педагогикалық жұмыс өтілі, бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және 
(немесе) кәсіби құзыреттілігінің болуы: педагог-сарапшыға, педагог-
зерттеушіге, педагог-маманға қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы 
(мемлекеттік қызметшіні, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін 
қоспағанда).
Зерттеуіміздің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес салыстармалы талдау 
Литва мемлекетімен болғандықтан аталған мемлекеттің білім беру заңына 
лауазымдық нұсқаулығына талдау жасалды.
Литва Республикасы, Вильнюс. 1991 жылдың 25 маусымдағы №1489 
білім туралы заңы:
59–бап. Білім беру мекемесіне басшы тағайындау және оның өкілеттіктері
1. Мемлекеттік білім беру мекемесі (жоғары оқу орындарынан басқа) 
басшысының 
лауазымдық 
сипаттамасы 
бойынша, 
меншік 
иесінің 


82 
(қатысушылар жиналысы) құқығы мен міндетін атқарушы орган немесе 
уәкілетті тұлға басшыны конкурс нәтижесінде қызметке тағайындайды және 
қызметтен босатады. 
2. Өзін-өзі басқаратын білім беру мекемесі басшысының лауазымдық 
сипаттамасы бойынша, бекітілген құқықтық актілер тәртібімен басшы конкурс 
нәтижесінде қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 
3. Мемлекеттік және муниципалдық оқу орындарының (жоғары оқу 
орындарынан басқа) басшыларына қойылатын біліктілік талаптарын және осы 
мекемелердің басшылары лауазымына конкурс тәртібін Білім және ғылым 
министрі белгілейді. 
4. Мемлекеттік емес білім беру ұйымдарының басшылары заңнамаға 
сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады. 
5. Білім беру ұйымының басшысы: 
1) 
стратегиялық жоспарды және мекеме қызметінің жылдық 
жоспарларын, оқу бағдарламаларын дайындауды басқарады, бекітеді, оларды 
жүзеге асыруда жетекшілік етеді; 
2) белгіленген тәртіп бойынша мұғалімдерді, оқу үдерісіне қатысы бар 
басқа да тұлғаларды, сондай-ақ қызмет көрсетуші персоналдарды қызметке 
алады, қызметтен босатады, олардың лауазымдық сипаттамаларын бекітеді; 
3) осы Заңның 26-бабына сәйкес ақпаратты жариялауға, оқу орнын 
демократиялық басқаруға, әріптестікке негізделген қатынастарды қамтамасыз 
етуге, мұғалімдер этикасының нормаларына сәйкестігіне, қабылданған 
шешімдердің ашықтығына, қоғам мүшелерін ақпараттандыруға, педагог және 
педагог емес қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, кез келген зорлық-
зомбылықтың, мәжбүрлеудің және жаман әдеттердің алдын алатын сау, қауіпсіз 
ортамен қамтамасыз етуге жауапты; 
4) білім беру мекемесінің қызметі мен басқару ресурстарының ахуалына 
талдау жүргізеді және білім беру мекемесі қызметінің нәтижесіне 
жауапкершілікті алады; 
5) мектеп жарғысында және білім беру мекемесі басшысының 
лауазымдық сипаттамасында бекітілген өзге де міндеттерді атқарады;
6) мектеп кеңесімен бірге бекітілген заңнамалық актілерге сәйкес, 
мектеп ғимараттарында немесе мектеп аумағында жылжымалы (мобильді) 
байланыс стансаларын орнатуға рұқсат беру/бермеу туралы шешім 
қабылдайды; 
7) мінез-құлық ережесін бұзғаны үшін оқушыға тәрбиелік ықпал ету 
мақсатында балалар құқығын қорғау негіздері туралы заңда көрсетілген 
тәртіптік шаралар белгілейді; 
8) баланы минималды және орташа бақылау туралы заңда белгіленген 
тәртіппен балаға минималды немесе орташа бақылау шараларын тағайындау 
туралы өзін-өзі басқару әкімшілігінің директорына жүгінеді. 
6. Жоғары оқу орны басшысының тағайындалуы, өкілеттіктері және 
жауапкершілігі Білім және ғылым туралы заңмен белгіленеді [148]. 
Жоғарыда аталған заңда мынандай терминдерге түсінік берілген:


83 
1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет