Бруцеллезді микробиологиялық диагностикалау үшін қандай әдістер қолданылады? Диагностиканың негізгі әдісін сипаттаңыз.
Диагноз қою үшін бактериологиялық, серологиялык, биологиялық, аллергологиялык әдістерді пайдаланады. Серологиялық әдіс және аллергиялық сынамаларды базалық зертханаларда жүргізеді. Бруцеллалардың таза дақылын арнайы зертханаларда қауіпсіздікережелерін сақтай отырып, бөліпалады және сәйкестендіреді. Зерттеуге алынатын заттар: қан, сүйек кемігінің пунктаты, несеп, сүт және сүттен жасалған өнімдер, ағза кесінділері.Гемодакыл бөліп алу үшін аурудың алғашқы күндері дене қызбасы кезінде қаннан себінді жасайды, теріс нәтижелі болғанда зерттеуді бірнеше рет қайталайды.Бруцеллалардың баяу өсетінін ескере отырып, себінділерді термостатта 1 айға дейін ұстайды: сүйек кемігінің пунктан- тын тиісті орталарға себеді; бруцеллез кезінде гемодақылға қарағанда миелодақылды 1,5-2 есе жиірек алуға болады. Миелодақылды аурудың жедел, жеделдеу, тіптен созылмалы түрінде алуға болады. Уринодақылды бөліп алу үшін несепті алдын ала центрифугалайды және тұнбасынан себінді жасайды. Уринодақылды бруцеллездің жедел түрінде де және айығу кезеңінде де бөліп алады.
Зерттеудің биологиялық әдісі бөтен микрофлорамен контамина- цияланған немесе құрамында қоздырғыш аз мөлшерде болатын заттардан бруцеллаларды бөліп алу үшін пайдаланылады.
Биосынама қою үшін ақ тышқандарды және теңіз шошқаларын (морские свинки) пайдаланады. Зертханалық жануарларға құрсақішілік жолмен қанды, несеп тұнбасын және сүтті тері астына жұктырады. Жұқтырылған жануарлардан 20-30 күннен кейін қанын алып сарысумен агглютинациялық реакция қояды. Содан кейін жануарларды өлтіріп, өлігін жарып жүрек қанынан, ішкі ағзаларынан және лимфа түйіндерінен себінді жасайды.Бөлініп алынған бруцелла дақылдарын көмірқышқылының жоғарғы концентрациясында өсу қабілеттілігіне қарай күкіртті сутек бөлуі, бруцеллездік фагқа сезімталдығы және анилиндік бояғыштардың (фуксин және тионин) бактериостатикалық әсері бойынша дифференциялайды.
Бруцеллезбен ауырған адамдардың қан сарысуында агглютинация- ланушы антиденелер (алғашында IgM, содан кейін IgG) және жартылай тоскауылдаушы (блокирующие) антиденелер (IgA, IgG) жинакталады.Диагноз қою мақсатында оларды анықтау үшін Райт реакциясын (жайылмалы РА) және Хеддельсон (пластикалық) реакциясын, ПГАР, ИФТ және Кумбс реакцияларын пайдаланады. Агтлютинациялык реакциялар адамдар мен ауыл шаруашылык жануарларының бруцеллезі кезінде негізгі диагностикалық әдістің бірі болып табылады. Аглютининдер, әдетте бруцеллалар жүкканнан кейін науқастың канында ен алғашқы кезінде пайда болады, сондықтан агглютинациялық реакциялардың жедел бруцелез кезінде диагностикалық маңызы күшті. Бруцеллез кезінде антиденелердің жоғарғы титры ПГАР және ИФТ- мен де анықталды. Кумбс реакциясын бруцеллездің созылмалы және латентті түрінде диагностикалық әдіс ретінде қолдануға болады. Бруцеллезге жаппай тексеру кезінде Хеддельсон пластикалық агглютинация- сын тері-аллергиялық Бюрне реакциясымен бірге пайдаланады.Аллергологиялық әдісті бруцеллезбен науқастанғандарда, бруцел- лалармен инфекцияланғандарда және бруцеллезге карсы тірі вакцина егілгендерде байқалатын ЖБТ анықтау үшін қолданылады. Оны аурудың 15-20 күндерінен бастап қояды. Ауырып тұрғаннан кейін және егілгеннен соң аллергиялық реакция көптеген жылдар бойы оң нәтижелі болады. Серологиялық реакциялар және тері-аллергиялық сынама диагностикалық маңызының құндылығы бойынша бірдей емес, сондықтан олар бірін-бірі алмастыра алмайды. Осыған орай, бруцеллезге диагноз қоюдың ең сенімді тәсілі ретінде кешенді серологиялықәдісті қолдануды қажет етеді.