Қосымша:Бруцеллалар - сарып (бурцеллез) ауруының қоздырғыштары болып табылады. Бруцеллез (сарып) - жедел немесе созылмалы ан- тропозоонозды жұқпалы ауру.
Бруцеллалар - майла грам-теріс микробтар (0,4- 0,6х0,5-3 мкм), шар тәріздес, овоид пішінді немесе таякша тәріздес болады. Спора түзбейді, талшықтары жоқ. Спецификалық фагтың әсер етуі кезінде немесе 10% иммунды сарысу қосылған ортада нәзік капсула түзуі мүмкін.
Аэробтар, капнофилдер. Қоректік орталарға талғампаз, қарапайым орталарда өспейді, оларды күрделі қоректік орталарда (сарысулы-декстрозалы және қанды агар) дақылдандырады.
Биохимиялық белсенділігі өте төмен: бруцеллалар каталаза және ок- силаза өндіреді, нитраттарды нитриттерге редуцирлейді, цитраттарды- жоймайды, Фогес-Проскауер реакциясы теріс нәтижелі, күкіртті сутек өндіреді, несепнәрді ыдыратады,
Антигендік кұрылымы күрделі және бруцеллалардың барлык түрлерінде бір-біріне жақын келеді. Соматикалық О және капсулалық Vi-антигендері бар. Бруцеллалардың әрбір түрлері А- (абортус) және M- (мелитензис) антигендерінің сандык қатынасы бойынша айырмашылығы болады. G- және R-антигендері болады. Жедел және айқын белсенділік белгілері бар созылмалы бруцеллез кезінде кең спектрлі антибиотиктер (эритромицин, рифампицин) тағайындау қажет. Антибиотиктер жасуша ішіндегі бруцеллаларға әсер етпейді, сондықтан оларды тек қана бактериемия бар кезде тағайындауға болады, созылмалы бруцеллезде олар тиімді емес. Сонымен бірге антибиотиктер бруцеллез рецидивтерінің алдын ала алмайды, сондықтан бруцеллездік емдік өлі вакцинамен (аптасына 1-2 рет үдемелі дозамен 5-7 рет көктамырға құяды) немесе бруцеллинмен (аптасына 2 рет бұлшықет ішіне) спецификалық иммунды терапия кең қолданылады. Жедел және рецидивті түрлерінде бруцеллездік иммун- дыглобулин тағайындайды. Алдын алу (профилактикасы). Спецификалық алдын алу мақсатында брупеллезлік тірі вакцинаны қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |