Диагнозды растау үшін микробиологиялық диагностиканың қандай әдістерін қолдану керек? Бұл ауруды емдеу және алдын-алу принциптері.
Диагноз қоюдың негізгі әдісі бактериологиялық зерттеу болып табылады. Зерттеуге алынатын заттар: қан (септицемия кезінде), жұлын сұйықтығы (менингит кезінде),ірің және жарақат бөліндісі (инфекцияланған жаракат және күйікке шалдыққан кезде), несеп (несеп шығару жолдарының инфекциясында), қақырық (респираторлық арнаның инфекциялары кезінде) және
т.б. зерттелген заттардан жасалған жағындыны микроскопта қараудың ақпараттылығы төмен. P. aeruginosa-ны сәйкестендіру кезінде ЦПХ- агарда өсу сипатын, пигмент түзуін, дақылдың спецификалық иісі болуын, оң нәтижелі цитохромоксидалазық тест, термофилділігін анық-
тау (42 °С-та өсуі), OF-тест бойынша глюкозаны тотықтандыру қабілеттілігі есепке алынады. Бактерияларды түр аралық сәйкестендіру үшін серологиялық типтеу, пиоцинтиптеу,фагоциттеу жүргізіледі.Серологиялық әдіс КБР, ЖГАР, опсонды-фагоцитарлық реакция және кейбір басқа тесттердің көмегімен көк ірің таяқшасының антигендеріне спецификалық антиденелерді табуға бағытталған.
Емдеуі. Көк іріңдік инфекцияны емдеу үшін антибиотиктерді қолданады, негізінде әр түрлі топтарға жататын препараттардың қоспасы ұсынылады. Антимикробты емдеуді антибиотикограммасы анықталғаннан кейін ғана тағайындайды. Тосын жағдайларда антибиотиктерді эмпиризмдік жолмен қолданады.Көк ipiндiк инфекцияның ауыр түрлерін емдеу үшін поливалентті корпускулярлы көк іріңдік вакцинамен иммунизацияланған еріту-
шілердің қанынан алынған гипериммунды плазманы да пайдаланады.P. aeruginosa қоздырған терінің инфекцияларын жергілікті емдеу кезінде (профилактикалық ойықжара, эктеймие, күйік жара) көкіріңгеқарсы гетерологиялық иммундыглубинді қолданады. Оны формалинмен өлтірілген әр түрлі 7 иммундық типтерден тұратын көк ірің таяқшасы дақылдарының қоспасымен гипериммунизацияланған қойлардың қан сарысуынан алады.Көкіріңдік инфекциямен терінің ауруларын, абсцестерді, термиялық күйіктерді, көк іріңдік этиологиясы бар циститтерді, маститтерді және басқа ауруларды (сепсистен басқаларды) емдеу үшін көк іріңдік бактериофагты (бактериофаг пиоцианеус) немесе поливалентті сұйық пио-
бактериофагты қолдануға болады.
Алдын алуы. Тиімді стерилизация, дезинфекция және антисептика және асептикалық ережелерді сақтау стационарларда көк іріңдік инфекцияны бейспецификалық алдын алудың негізгі шаралары болып табылады. Алдын алу шаралары жоспарына сыртқа ортаның (ауа, әр түрлі заттар, аспаптар, аппараттар) ластанбауын бақылау, жеке дене гигиенасын сақтау ережелері міндетті түрде енгізілуі қажет.Антиинфакциялық иммунитеті әлсіз пациенттерде іріңді-қабыну ауруларын асқындырмау үшін бейспецификалық алдын алу мақсатында
иммундымодуляторлар тағайындау ұсынылады.Көк іріңдік инфекцияға қарсы белсенді иммунитет жасау үшін вақциналар қолданылады. Қазіргі кезде көк ірің таяқшасының ЛПС-нан
дайындалған вакциналар, полисахаридті субкорпускуярлы (химиялық)вакциналар, рибосомалық вакциналар, P. aeruginosa-ның талшықтық антигендерінен және жасуша сыртындағы шырыш компоненттерінен препараттар және жасушадан тыс протеазалардан және А экзотоксин анатоксиндер жасалған. Ресейде поливалентті корпускулярлы көк
іріңдік вакцина (P. aeruginosa-ның 7 штамдарынан) және стафилопротейлік-көк іріңдік вакцина қолданылады.B. abortusa қоздыратын инфекцияларға қарсы белсенді иммунизациялауды, қауіпті топтарға жататын науқастар (муковисцидоз, диабетке шалдыққандар және иммундытапшылықпен зардаптанғандар) арасында жүргізген дұрыс. Дегенмен, иммундытапшылыққа шалдыққан адамдарда вакциналық препараттарға иммунды жауап кешеуілдейтініне және әрқашан толыққұнды бола бермейтініне байланысты, белсенді
және енжар иммуннизациялауды комбинирлеп жүргізудің маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |