Есеп №1 Зерттеу үшін баклабораторияға крупозды пневмонияға күдікті науқастың қақырығы түсті. Қақырықтан жағынды жасап микроскопиялық зерттеу жүргізілді және капсуласы бар ланцет тәрізді грам-оң диплококктар табылды



бет34/55
Дата18.04.2022
өлшемі107,16 Kb.
#31312
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55
Байланысты:
СС микрош рк1

Тұқымдастық: Chlamydiaceae

Туыстастық: Chlamydiales

Түрі: C.trachomatis, C.pneumoniae, c.psittaci

Хламидиялар - Chlamydiales қатарына Chlamydiaceae тұқымдастығына жататын, майда грам-теріс кок тәріздес облигатты-паразиттік бактериялар. Қазіргі кезде бұл тұқымдастықка скі туыстастық кіреді, оларды антигендік құрылымы, жасуша ішілік қосындылары және сульфонали- мидтерге сезімталдығы бойынша ажыратады: Chlamydia (C. trachomatis), Chlamydophila (C. pneumonia, C. psittaci).«Хламидия» атауы (грек. chlamys - мантия) микробтық бөлшектердін айналасында қабықша болатынын көрсетеді. Хламидиялардың барлық түрлеріне ортақ жалпы морфологиялық ерекшеліктері, топтық антигендері, байланыссыз көбею циклы болады. Хламидиялар АТФ синтездеу қабілеттілігін жоғалтқан грам-теріс бактериялар ретінде қарастырылады. Сондықтан, олар облигатты жасуша ішілік энергетикалық паразиттер.

Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері. Хламидиялар - шар немесе сопақша пішінді, майда, грам-теріс бактериялар. Споралар түзбейді, капсуласы және талшықтары жоқ. Хламидияларды Романовский-Гимза әдісімен анықтайды. Боялу түсі тіршілік циклының сатыларына байланысты: элементарлық денешіктер көкшіл цитоплазма фонында қою қошқыл (пурпурный) түске, ал ретикулярлық денешіктер - ашық көк түске боялады.Жасуша қабатының құрылымы грам-теріс бактериялардыкіне ұқсайды, дегенмен айырмашылығы бар. Оның құрамында нағыз (типті) пептидогликан болмайды, яғни, N-ацетилмурам қышқылы жоқ.Жасушалық қабатының құрамына қосалкы сыртқы мембрана кіреді, ол ЛПС және нәруыздардан тұрады. Құрамында пептидогликан жоқ екеніне қарамастан хламидиялардың жасушалық кабаты серпінділік касиетке ие. Жасуша цитоплазмасы ішкі цитоплазматикалык мембранамен қоршалған.Хламидиялардың сырткы мембранасын (НМ) талдау оның құрамына ЛПС, сыртқы мембрананың негізгі нәруызды (МОМР) және сыртқы мембрананың ішкі беткейімен байланысқан цистеинге бай Omp2 және Omp3 нәруыздары кіретінін көрсетті. С. рneumoпіа-ның МОМР на қарағанда С. psittaci және C. trachomatis-тің ЛПС және МОМР-ы жасушаның сыртқы беткейінде орналасады. Осы жерде С. psittaci- дің және С. рпеитопіа-ның молекулалық массасы 90-100 кД Pотp нәруыздары орналасады.Хламидиялар полиморфты, олардың репродукциялану ерекшеліктеріне байланысты, хламидиялардың бірегей (екі фазалы) циклының дамуы тіршілік етуінің екі түрде алмасып отыруымен сипатталады: инфекциялық түрі (элементарлы денешіктер - ЭД) және вегетативті түрі (ретикулярлы, немесе инициалды, денешіктер - РД).Хламидиялар құрамында РНҚ және ДНҚ бар. Ретикулярлы дене- шіктерде РНҚ 4 есе көп, ДНҚ-ға қарағанда, элементарлық денешіктерге екеуінің мөлшері эквивалентті.

РД сопақша, жарты ай пішінді, биополярлы таяқшалар және кок- кабациллалар тәріздес болуы мүмкін, мөлшері 300-1000 нм. РД инфекциялық қабілетке ие емес және бөліне отырып, хламидиялардың репродукциялануын қамтамасыз етеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет