Есеп №1 Зерттеу үшін баклабораторияға крупозды пневмонияға күдікті науқастың қақырығы түсті. Қақырықтан жағынды жасап микроскопиялық зерттеу жүргізілді және капсуласы бар ланцет тәрізді грам-оң диплококктар табылды



бет30/55
Дата18.04.2022
өлшемі107,16 Kb.
#31312
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55
Қосымша:Факультативті анаэроб. Қарапайым орталарда өсе береді. Оптималды өсу температурасы 28 °C, дегенмен 2-ден 40 °C аралығында өсінді бере алады. Өсуін күшейту үшін қоректік орталарға ынталандырғыштар-натрий сульфитін және гемолизденген қан қосады. Тығыз қоректік орталарда 8-12 сағаттан кейін,сынған шыны сияқты колониялар пайда болады.

Құрамында бірнеше антигендік кешендер бар,олардың көпшілігі патогенділік факторларға жатады. Термостабильді о-антигені және термолабилді капсулалық антигендері бар. Fl-антиген

және LCR-нәруыз протективті белсенділікке ие. Оба ауруы табиғи-ошақты инфекцияларға жатады.Табиғи ошақтарда оба қоздырғышының негізгі тасымалдаушылары кеміргіштер болып табылады (сары тышқандар,тарбағандар, құм тышқандар т.б. — жан-жануарлар мен жәндіктердің 300-дей түрлері).

• ошақ аумағында Xenopsylla cheopsis түріне жататын бүрге шаққанда

трансмиссивті жолмен;

• инфекцияланған жануарлармен жанасқанда (оба жұққан жануар-

лардың терісінде және етін өңдегенде);

• оба қоздырғышымен ластанған тағамдық өнімдерді пайдаланғанда

алиментарлық жолмен (сирек жағдайда);

• обаның өкпелік түріне шалдыққан науқастан аэрогенді (респира-

торлы) жолмен.

Адамдардың оба жұқтырғыштығы өте жоғары. Кесел жедел басталуымен, дене қызбасымен, қалтырау, қатты бас ауыруы, лоқсу және құсумен сипатталады. Клиникалық көрінісі жұғу жол-

дарына байланысты болады.Ауру бубондық, септикалық және өкпелік түрлерге бөлінеді. Терілік және ішекті түрлері сирек кездеседі.Бубондық түрі бүрге шаққанда және ауру жануармен, хайуанаттармен тікелей жанасқанда пайда болады.Ең ауыр түрі кеселдің өкпелік түрі болып табылады, ол мынадай жағдайларда: бубоннан өкпеге гематогенді жолмен қоздырғыш түскенде, обаның өкпелік түріне шалдыққан аурудан аэрогенді жолмен жұққанда, қоздырғышты биологиялық лаңкестіктің агенті ретінде пайдалану нәтижесінде пайда болады. Өкпелік түрінде пневмония дамиды, бұл кезде құрамында көптеген оба қоздырғышы бар серозды-геморрагиялық экссудат «канды» жөтел және өкпелік жетіспеушілік пайда болады. Кесел үдей бастағанда науқаста естен тану басталып, комаға түсіп кетуі мүмкін. Емделмеген жағдайда бубондық түрінен өлім-жітім 60%-ға жетеді, ал өкпелік түрінде өлім-жітім өте жоғары — 95-100%-ға дейін құрайды.Протективті белсенділік негізінде иммунды макрофаг-

тармен іске асырылатын жасушалық иммундық жауаппен қамтамасыз етіледі. Иммунитет ұзақтығы және кернеулігі бойынша шектелген. Қайтадан ауруға шалдығу жағдайлары тіркелген.Арнайы алдын алу EV штамына дайындалған түрі вакцина енгізу арқылы жүргізіледі. Вакцина еккенен кейін иммунитеті ұзаққа созылмайды (6 айдай уакытка). Вакцинаны бір рет

тері бетіне немесе тері астына енгізеді. Жаппай иммунизациялау үшін вакцинаны инесіз инжектордың көмегімен енгізедіБейспецификалық профилактикаға табиғи ошақтарда кеміргіштер арасында эпизоотияны қадағалау, қалаларда синантропты кеміргіштерді

және бүргелерді жою кіреді және халықаралық санитарлық шарттарға сәйкес елдің аумағанда оба ауруының таралуына жол бермеу шарал атқарылады.


Есеп № 12.

Күйік жарасы бар науқастан 3-ші күні жарадан тән көк-жасылға боялған іріңді бөліндісі анықталды. Грам әдісімен боялған іріңді жағындыда грам-теріс қозғалмалы түзу таяқшалар табылды, олар бір-бірден, жұп немесе қысқа тізбектер түрінде орналасқан.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет