Есеп №1 Зерттеу үшін баклабораторияға крупозды пневмонияға күдікті науқастың қақырығы түсті. Қақырықтан жағынды жасап микроскопиялық зерттеу жүргізілді және капсуласы бар ланцет тәрізді грам-оң диплококктар табылды


Қоздырғыштың таксономиялық жағдайын және жалпы сипаттамасын көрсетіңіз



бет41/55
Дата18.04.2022
өлшемі107,16 Kb.
#31312
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55
2. Қоздырғыштың таксономиялық жағдайын және жалпы сипаттамасын көрсетіңіз.

Таксономиясы:

Бөртпе сүзек қоздырғышы

Антропоноз, инфекция қоздырғышының (R. prowazekii) айналымы адам (резевуары) және киім биттері кіретін паразитарлық жүйеде аткарылады. Бит риккетсиялары организмде ішек эпителийінде көбейеді, сол жерде бұзылыстарды қоздырады (жетілмеген бейімделу) және инфецирленген тасымалдаушылардың өлімін туғызады. Биттердің нәжісінде риккетсиялар жоғарғы концентрацияда болады. Киімдік биттер ауру иесін бөртпе сүзектік қызба кезінде тастап кетеді де жаңа иесіне ауысады, ол оның тасымалдаушылық қабілетін көрсетеді. Берілу механизмі- трансмиссивті (биттер шаққан жерді қасығанда). Эпидемиялық тізбек бөртпе сүзек кезінде: науқас адам -> бит -> сау адам. Эпидемиялық бөртпе сүзек тарихи ең маңызды эпидемиялық инфекцияның бірі, соғыс кезінде, басқа әлеуметтік және табиғи күйзелістер кезінде (яғни, тұрғындар арасында биттеушілік көбейгенде) кең таралған. Сонымен қатар, R. Prowazekii-мен Брилль-Цинссер ауруы байланысты. Бұл кезде бөртпе сүзекпен ауырып тұрғаннан соң, айлар - ондаған жылдар өткеннен кейін бөртпе сүзек рецидиві болады (қоздырғыштың эндогенді реактивациялануы). Брилль ауруына шалдыққан науқастарда киімдік биттер болса да, ол бөртпе сүзек инфекциясының тұтануы, эпидемия тізбегінің бастапқы тізбегі болуы мүмкін. Жедел инфекция клиникалық тұрғыдан орташа есеппен 10-12 күнге созылатын жасырын кезеңнен кейін циклмен өтеді. Ол ұзақ қызбамен, ауру қозу кезінде алдымен розеолезді, содан кейін розеолоезді-петехиалды немесе розеолезді-популезді бөртпелер шығумен, жүрек-қантамырлар жүйесінің (менингоэнцефалитке дейін) жедел өзгеруімен, сүзектік статуспен, асқынулар дамуымен көрініс береді. Брилль ауруы бұрын ауырған адамдарда эндогенді инфекцияның рецидиві ретінде пайда болады. Клиникалық көрініс жедел инфекция кезіндегідей. Бірақ әрбір көрінісі айқын емес.



Қосымша:Бөртпе сүзектік тірі вакцина жасалған. Дегенмен, БС- пен күресудін манызды шарттарына педикулезді (биттеушілік) болдырмау, ұзақ уақыт қызба байқалатын адамдарды, әсіресе, қауіпті топтарға жататындарды (қаңғыбастар, биттегендер, қашқындар т.б.) бөртпе сүзекке зертханалық тексеру жүргізу кіреді.

Есеп № 17.

Есеп. Ауыл дәрігеріне 55 жастағы әйел иық аймағында диаметрі 18 см тұрақты емес пішінді сақина түрінде эритемаға шағымданды. Сақинаның ортасында терісі ашықтау. Науқас үш апта бұрын орманға барып, оны кене шағып алғанын айтты. Бастапқыда тістеу аймағында қызару аз болды, бірақ уақыт өте келе қабыну аймағы мөлшері күрт өсті. Дәрігердің алдын-ала диагнозы: "Лайм-боррелиоз".




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет