Дәрігердің болжама диагнозын растау үшін микробиологиялық диагноздың қандай әдістерін қолдану керек? Олардың ішіндегі бір әдісті сипаттаңыз.
Зертханалық диагноз қою:Зерттеу үшін алынады: карбункула және күлдіреуік бөлінділері, какырык, нәжіс, қан және несеп. Патолого-анатомиялық зерттеу кезінде ағзалардың кесінділерін немесе бүтін ағзаларды алады. Эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша сырткы
ортаның әр түрлі нысандарын зерттейді және жануарлардың жүнін және қылшықтарын зерттейді. Сынамаға алынған заттардың бәрін арнайы герметикалық ыдыстарға салады, мұқият жабылған бокстарға немесе ағаш жәшіктерге салып, пломбылап, аса қауіпті инфекциялар зертханасына жеткізеді.Микробиологиялық диагноз қою аса қауіпті инфекциялар
кезіндегідей қауіпсіздік техникалық ережелерін сақтап жүргізіледі. Диагноз қою үшін микробиологиялық әдістердің бәрін қолданадыЕң алдымен зерттеу заттарынан жағынды дайындап Грам және Poмановский – Гимза әдісімен және капсуланы анықтау үшін метилендік
кокпен бояйды. Жағындыларда капсуламен қоршалған ірі грам-оң стрептобациллалар болуы алғашқы болжамдау диагнозын қоюға мүмкіндік береді. Люминисценттік микроскопта қарау күйдіргі диагнозын қоюдың қосымша әдісі ретінде қолданылады, бұл кезде күйдіргілік бациллалар(люминисцентті сарысумен өңделген) айнала шеті көкшілдеу болып,жарқырап көрінетін таяқшалар сияқты көрінеді.Таза дақылмен бөліп алу үшін зерттеу заттарынан ЕПА және ЕПС-ға себеді және зертханалық жануарларға (ақ тышқандар, теңіз шошқалар) жұқтырады. Бөлініп алынған таза дақылды келесі тесттер бойынша сәйкестендіріледі: ЕПА және ЕПС-да өсу сипаты, желатинді «төңкерілген шырша» тәрізді сұйылту, қозғалысының (талшықтарының) болмауы, «інжулік алқа» тесті, ВА-9 және «Саратов» күйдіргілік бактерио-
фагтарымен лизистенуі. Қосымша лецитиназалық және гемолитикалык белсенділігін анықтайды.Биосынама бойынша паталогиялық материалды немесе сыналатын дақылды теңіз шошқаларының шап терісінің астына, ақ тышқандардың құйрығының өзегіне енгізеді. 10 күндей жануарлар байкауда болады. Өлген жануарлардың бауырын, көкбауырын, лимфа
түйіндерін, бүйректерін, жүрегінен алынған қанды зерттейді. Күйдіргі қоздырғышының болуына тәжірибелік жануарлардағы айқын патолого-анатомиялық өзгерістер дәлелдейді: материал енгізген жерде ісіну,қою ұйымайтын кан, шелмайларда қан құйылу, борпылдақ көкбауыр,қатты қызыл бауыр. Ағзалардан және қаннан дайындалған таңба жағындыларда капсуламен қоршалған грам-оң таяқшалар болады.Серологиялық диагноз қою материалдарда қоздырғыш табылмаған жағдайларда жүргізіледі. Науқастың қан сарысуындағы антиде-
нелерді анықтау үшін агглютинациялық латекстік реакцияны немесе протективті күйдіргілік антигенмен ПГАР қоюды пайдаланады.Күйдіргілік антигендерді ИФР, ИФТ, КБР, ЖГАР, гельдегі РП жәнеАсколи бойынша термопреципитциялық реациялармен анықтайды.
Жануарлардың шіріген немесе мумифицирленген өліктерінде,теріде (балғын, кептірілген, өңделген) немесе одан жасалған заттарда, жүндерінде т.б. күйдіргілік антигендердің болуы Асколи әдісімен термопреципитациялық реакцияның көмегімен анықталады. Бірақ оның тірі кезде диагноз қоюда, бактериологиялық және серологиялык әдістерге қарағанда артықшылығы жоқ.Ретроспективті диагноз қою үшін (эпидемиологиялық зерттеу негізінде) антраксинмен тері-аллерегиялық реакция қояды. Антраксинді 0,1 мл көлемінде тері ішіне енгізеді, нәтижесінде 24-48 сағаттан кейін тіркейді. Теріде диаметрі 16 мм-ден үлкен қызару (гиперемия) және инфильтрат пайда болса сынама оң нәтижелі деп есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |