Анықталған қоздырғыштың патогендік факторларын және олардың аурудың дамуындағы рөлін атаңыз.
Негізгі патогенділік факторлары: капсула, IV типті пили, эндотоксин, сыртқы мембрананың нәруызы, секретпен персистенциялық факторлар, бактериоциндер,ферменттер. Капсула (микрокапсула), оның құрамындағы сиал қышқылы маңызды қызмет атқарады, комплименттің белсенділігін тежейді, фагоцитоздан қорғайды, гонококтардың жасуша ішілік орналасуына әсер етеді. Түкшелер (пилилер, фимбриялар), IV-типтілер гонококтарды несеп-жыныс жолдарының шырышты қабаттарының жасушаларының беткейіне адгезиялаушы фактор. Адгезиядан басқа,
түкшелер эпидемия ішілік инвазияға әсер етеді және гонококтың фагоцитозға төзімділігін күшейтеді. Сыртқы мембрана нәруыздары (Ора,Opc, pl, pІІ және басқалары) гонококтың колонизациялық факторы ретінде маңызды рөл атқарады. Олар адгезиялануды, жасуша ішілік
инвазияны, антифагоциттік белсенділікті, сарысудың бактериоциндік әсеріне төзімділікті күшейтеді. Колонизациялық факторлардың бірі-гонококтардың бактериоциндері (гоноциндер). Гонококтардың лизоцимдік және бактериоциногендiк белсенділігі арасындағы үйлесімді-
лік, олардың микробтың биоценозын қалыптастырудағы рөлін дәлелдейді. АПБ және АКБ гонококтардың маңызды персистенциялық факторлары болып табылады. АЛБ және АКБ Жоғары гонокок штамдары создың созылмалы түріне шалдыққан науқастарда жиірек бөлінеді.
Гонококтардың эндотоксиндері нәруыз және липополисахарид патогенді шырышты қабаттардың эпителиясына құрылым бұзушылық әсер етуге қатысады. Гонококтардың патогенділік ферменттеріне жатады: гиалуронидаза, протеазалар, супероксиддисмутаза, каталаза, Муромидаза (лизоцим). Гиалуронидаза-гонококтарды жасуша аралық кеңістіктерге таратушы фактор, ол кіші жамбастың зақымдануына әкеледі (өрлемелі соз). Протеазалар жасушалық байланыстарды түзеді, мембраналардың бүтіндігін бұзады, шырыштарды сұйылтады. IgA-протеаза секреторлық антиденелерді бұзады. Лизоцим,каталаза, супероксиддисмутаза, В-лактамаза ферменттері-микробтың антигонизм факторлары. Гонококк штамдарының белгілі бір бөлігі R-плазмиданың, р-лактамаза өндірілуінің және басқа антибиотиктерге төзімділігі нәтижесінде антибиотиктерге тұрақты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |