Есеп өндірістік тәжірибе бойынша


Ет өнімдерін қайта өңдеуге арналған тәжірибелік - өндірістік цехы



бет5/15
Дата19.06.2023
өлшемі0,55 Mb.
#102340
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Мадешова Жанел 21-15 2 курс практика----(2) (1) (2)

Ет өнімдерін қайта өңдеуге арналған тәжірибелік - өндірістік цехы

Меңгерушісі – Какимов Мұхтарбек Мұқанұлы, «Тамақ және қайта өңдеу өндірісінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доценті


Негізгі мақсаты мен міндеттері.
Мақсаты: «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасының теориялық және қолданбалы білімі мен құзыреттілігіне ие бакалаврлар, магистрлер мен PhD докторларының тәжірибелік дайындығы бойынша білім беру, өндірістік жұмыстардың сапалы деңгейін ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ жаңа ғылыми бағыттар бойынша қолданбалы зерттеулер жүргізу және кәсіпорындардың сұранысы бойынша ғылымның, білім мен өндірістің өзара байланысын нығайту.
Міндеттері:

  • Ет өнімдерін қайта өңдеу заманауи технологияларды қолданудың тәжірибелік дағдыларын жетілдіру мақсатында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ студенттері, магистранттары мен докторанттарының зертханалық-тәжірибелік сабақтарын өткізу;

  • іргелі, қолданбалы және ізденістік ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізу;

  • зерттеу нәтижелерін жетекші Қазақстан, Ресей және шетел басылымдарында жариялау;

  • С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ атынан ғылыми зерттеу нәтижелерін патенттеу;

  • 2, 3 және 4 курс студенттерін, магистранттарды және докторанттарды ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша ғылыми зерттеулерді орындауға және қатысуға тарту, ғылыми мектептерді қалыптастыру;

  • заманауи әлемдік үрдістермен дамытудағы салаларға сәйкес дипломдық жұмыстар мен диссертацияларды даярлау үшін бакалаврлар мен магистранттарға кәсіби дағдыларды игеру үшін тәжірибенің барлық түрлерін ұйымдастыру және жүргізу;

  • техника мен технологияны жасау және жетілдірудегі қолданбалы зерттеулердің басым бағыттары бойынша, халықаралық жобаларға, ғылыми жобалар мен конкурстарға қатысу;

  • ет өнімдерін қайта өңдеуге арналған жаңа машиналарды, аспаптарды, жабдықтарды, технологиялық процестерді, технологияларды, автоматтандырылған басқару жүйелерін қолдану;

  • ет өнімдері өндірісі технологиясында негізгі ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін етті қайта өңдеу кәсіпорындармен ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың перспективалық нысандарын дамыту[2].





Сурет - 1 - Ет өңдеу цехының схемасы

Ет өңдеу цехының бөлмелерінің атауы:



  1. Өндірістік цех

  2. Термиялық бөлме

  3. Қойма

  4. Тұрмыстық бөлме

  5. Душ

  6. Санитарлық бөлме

  7. Холл

Ет өңдеу цехының қондырғылары:



  1. Үстел

  2. Таспалы ара

  3. Массажер

  4. Вакуумдық тығыздағыш

  5. Ет тартқыш

  6. Тартылған ет араластырғыш

  7. Куттер машинасы

  8. Мұз жасаушы

  9. Бойлер

  10. Термокамера

  11. Суық душ

  12. Стерильді камера

  13. Екі секциялы раковина

  14. Термо камера

  15. Шприц

  16. Үстел

  17. Мұздатқыш

  18. Таразы

  19. Тоңазыту камерсы

  20. Киім ілгіш



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет