Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы
ОҚУ ІС-ТӘЖІРИБЕ КҮНДЕЛІГІ
Студент-практиканттың аты-жөні: Айтанова Аяжан Серікқызы
Факультеті: Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі
Білім беру бағдарламасы: 6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Курсы: 1
Іс-тәжірибеден өту орны: ШҚО Білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша Білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 лицейі» КММ
Кафедра тарапынан іс-тәжірибе жетекшісі: Кайырбаева Ж.К.
Мекеме тарапынан іс-тәжірибе жетекшісі: Жылбекқызы.Б
Өскемен, 2022
Оқу іс-тәжірибеден өтуі туралы күнделік – есеп
Айтанова Аяжан Серікқызы
_______________________________________________________________
(аты-жөні, тегі)
р/с
№
|
Оқу іс-тәжірибенің бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (меңгерілген) жұмыстардың атауы
|
Оқу іс-тәжірибе тақырыптарының, жұмыстарының орындау мерзімдері
|
Мекеме тарапынан оқу іс-тәжірибе жетекшісінің қолы
|
Басталуы
|
Аяқталуы
|
1
|
Алғашқы күні оқу іс-тәжірибесі жетекшісімен, мектептегі педагогикалық ұжыммен және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен, мектептің ішкі тәртібімен, өзіндік ережелерімен танысып шықтым. Мектептің тарихын зерттеп, таныстым.
|
30.05.2022
|
30.05.2022
|
|
2
|
Мектептің білім беру жүесінің бағытына, білім беретін мекеменің сайттарындағы мәілметтерге, мектептегі басқару жүйесіне зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Мектептің басқару жүйесі бойынша мектеп директоры – Газизова Карлыгаш Кабдешовна. Мектепте барлығы 8 меңгеруші бар. Оның ішінде 6 оқу ісінің меңгерушісі, 2 тәрбие ісінің меңгерушісі болып табылады. Мектепте қазіргі таңда 1600 оқушы білім алуда. 114 педагог жұмысын атқаруда . Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімінің саны-7. Мектептің инстаграм және фейсбук желілеріндегі парақшаларымен танысып, мекеме жайында мәліметтер ала алдым.
|
31.05.2022
|
31.05.2022
|
|
3
|
Мектептің жұмыс бағытымен оқу және тәрбие жоспарларымен, күн тәртібімен және де санитарлық шарттарымен таныстым. Мектептегі білім беру жүйесі математика және жаратылыстану бағыты бойынша оқытады. Мектеп 2 ауысым бойынша жұмыс істейді, яғни таңғы және түскі ауысым бойынша. Мектептің жеке 2021-2022 жылға арналған оқу және тәрбие жоспарлары құрылған. Оқу және тәрбие жоспарларында мектептің өткізетін бір жылдық іс-шаралары, оқушылардың оқу үлгерімдері, жетістіктері, мұғалімнің атқаратын қызметтері жайлы жоспарланған. Мектепте санитарлық-гигиеналық нормалар орындалған. Санитарлық – гигиеналық ережелері бар стендтер бекітілген.
|
01.06.2022
|
01.06.2022
|
|
4
|
Нормативтік құжаттармен танысып шықтым. Білім берудің барлық деңгейінің жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы заңында баланы әлеуметтендіру, қоғамда толлыққанды өмір сүру үшін қажетті білім беру, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқытудың нормативті мерзімі, инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арнайы білім жағын ескеру жайын, білім мазмұнына қойылатын талаптар, білім алушылардың дайындық деңгейіне байланысты қойлатын талаптар қарастырылған. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңымен таныстым. Ол 2007 жылы 27-шілдеде қабылданған. ҚР Білім туралы заңы 68 баптан, 12 тараудан тұрады. «Педагог мәртебесі туралы» заң 2019 жылы 27-желтоқсанында шықты. Бұл заңда педагогтік әдеп,педагогтің кәсіптік қызметін қамтамасыз ету, педагогтің қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары, педагогтік қайта даярлау, педагог міндеттері, педагогтің біліктілігін арттыру секілді мәселелер қарастырылған.
|
02.06.2022
|
02.06.2022
|
|
5
|
Мектептегі қазақ тілі және әдебиеті пәнінің кабинетімен танысып шықтым. Мектепте қазақ тілі және әдебиеті пәнінің кабинетінің жалпы саны үшеу екен. Олар №208,305,306 кабинеттер. Кабинеттер оқуға қажетті арнайы заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. 306 ,305 кабинетте қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Қанипа Омарғалиқызы жайында бірнеше мағлұмат алуға болады. Ондағы Абай атамыз жайлы стэндтерде өмірбаяны, шығармашылығы секілді мәліметтер бар.
|
03.06.2022
|
03.06.2022
|
|
6
|
Білім алу кезінде оқушыларға да, мұғалімдерге де септігін тигізетін платформалармен, бағдарламалармен таныстым.
Biliimland, Kundelik.kz, Daryn.online бағдарламасы арқылы 1-11 сынып оқушылары тіркеліп, сабақ өте алады. Әр тақырыптың соңында арнайы тапсырмалар немесе тесттер беріліп үйренгенін, білгенін түйіндей алады.
Kundelik.kz бағарламасының бірнеше пайдалы жағы бар. Олар: бұл бағдарлама арқылы мұғалімдер бір-бірімен тәжірибе алмаса алады;
Ата-аналар балаларының білім деңгейін кез-келген уақытта бақылай алады;
Оқушы мұғалімнің қойған бағаларын көріп отыра алады; Сабаққа дайындалу үшін арнайы видеофайлдар бекітілген;
Daryn.online платформасы арқылы мұғалімдерге, оқушыларға арналған бірнеше курстар, сабақтар жинақталған. НИШ, ҰБТ-ға дайындалуға көмектесетін сабақтар бар.
|
06.06.2022
|
06.06.2022
|
|
7
|
Бұл күні де білім беру жүйесін жеңілдететін платформалармен таныстым. Google Classroom бағдарламасы арқылы оқытушы өзінің презентациясын, видеоматериалдарын жүктей алады. Оқушыға өзінің тапсырмасын беріп, оқушымен кері байланыс жасай алады.
Zoom платформасы Платформада 100 адаммен де жиналыс, конференция, сабақ өткізуге болады. Оқушылар мұғаліммен бетпе-бет отырып сабақ өтіп, дайындаған презентацияларын көрсетуге мүмкіндік бар.
Opiq платформасына келер болсақ оқушы тарих сабағында отырып тарихи кино көре алады, яғни оқушы қосымша мәлімет алғысы келсе музыка, кино, қызықты деректер барлығы жүктелген.
Edus бағдарламасы арқылы күнделікті сабақ кестесі, сабақ уақыты, тақырыбы, үй тапсырмасы бекітіледі.
Microsoft teams бағдарламасы универде, жұмыста мектепте болсын ұжыммен бірлесіп жұмыс атқаруға қажетті құралдардың бірі болып табылады.
|
07.06.2022
|
07.06.2022
|
|
8
|
Жазғы мектеп барысымен, сабақтардың кестесімен танысып шықтым. Мен оқу іс-тәжірибеден өткен мектепте жазғы мектеп жұмысын 26 мамыр күні бастады. Жазғы мектепке 1-8 және 10 сынып оқушылары қатысуда. Мектепте жазғы мектепке оқушыларға арнап түрлі психологиялық тренингтер өткізілуде. Және оқу іс тәжірибе жетекшімнің оқу жоспарымен танысып шықтым. Жазғы мектеп бағдарламасына зерттеу жүргіздім.
|
08.06.2022
|
08.06.2022
|
|
9
|
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5-8 сыныптардың жаңартылған білім беру жүйесі бойынша қысқа, орта және ұзақ мерзімді жоспарларымен таныстым. Жоспарларды қалай құрудың, олардың маңызын үйрендім. Бұл жоспарларды жасау арқылы мұғалім өзінің сабағын тиянақты әрі жүйелі етіп жасауға мүмкіндік береді.
|
09.06.2022
|
09.06.2022
|
|
10
|
Жетекшімен қортынды жұмыс жасап, іс-тәжірибе жоспарын жаздым. Оқу іс-тәжірибе жетекшіме өткізіп, талдап, қортындыладым.
|
10.06.2022
|
10.06.2022
|
|
Мен оқу іс-тәжірибе барысында мекеме тарапынан тағайындалған жетекшім Жылбекқызы Ботагөз берген тапсырмалар болашақта өз мамандығыма,яғни өзіме керек болатын айқын болғандықтан, барынша зейін қоя отырып, мұқият қарап атқаруға тырыстым. Соның ішінде атап айтар болсам мектептің әкімшілік басқару жүйесімен, білім беру бағдарламаларымен, бағалау жүйесі, сабақ жоспарларымен таныстым, мұғалімге қажетті құжаттарды қалай жасауды және оларың маңызы неде екенін білдім, мұғалімдер қолданатын электронды бағдарламалар, порталдарды қолдануды үйрендім. Оқу іс-тәжірибесінен үйренгенім көп, өзіме керекті барлық мәліметтерді ала алдым, өз мамандығыммен жақын таныстым, мұғалімнің атқаратын қызметтерін білдім. Әлі талай үйренерім көп екенін білдім.
Білім алушының қолы ____________ Айтанова.А.С
2022 ж. «____»____________
Оқу іс-тәжірибе жетекшісі __________ Кайырбаева Ж.К.
(кәсіптік практикасының тікелей жетекшісі)
2 ж. «____»____________
1. Білім алушы практиканттың мадақтамалары мен жазалары
2. Мекеме тарапынан оқу іс-тәжірибе жетекшісінің қорытындылары
Мекеме тарапынан оқу іс-тәжірибе жетекшісінің қолы Жылбекқызы Ботагөз
2022 ж. « »
Достарыңызбен бөлісу: |