ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ СУЛАНДЫРУ
Отардағы жайылымдарды суландыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде суат құрылы-
стары үшін технологиялық жабдықтарды сатып алуға және құқықтарды салуға 45,3 млн
теңге сомасына 12 АШТӨ қаржыландырылды және 24 бірлік құдық енгізілді.
52
2015 жылы суландыру жүйесінің құрылысы және жаңғырту бойынша жоспарлы көр-
сеткіштердің орындалуы туралы ақпарат
«СҮТ ҚАБЫЛДАЙТЫН ПУНКТТЕРДІ ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША
НЕСИЕЛЕУ
Осы бағдарлама бойынша 2015 жылы 113,5 млн теңге сомаға 18 сүт қабылдайтын пунктті
ашу және 1 сүт қабылдайтын пунктті жаңғырту үшін 19 қарыз берілді. Бағдарламаның ая-
сында 96 адамға жұмыс орны ұсынылды. Бағдарламаның мақсаты сүт қабылдайтын пункт-
терді құру, ауылд елді мекендерде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ШҚ, ЖШ, ДК, жеке
және заңды тұлғаларға арналған қарыздар болып табылады.
53
2016 жылы осы мақсаттарға 220,5 млн теңгені бағыттау және 13 сүт қабылдайтын пункт-
терді ашу жоспарланып отыр.
БИЗНЕСТІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚТАН ТЫС ТҮРЛЕРІН НЕ-
СИЕЛЕНДІРУ
Ауылдық жерлерде инфрақұрылымдық дамыту мақсаттарында 2007 жылдан бастап «Аграр-
лық несие корпорациясы» АҚ арқылы ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығынан тыс қы-
змет түрлерінің дамуына қолдау көрсетіліп келеді. Несиелер ауыл туризмін, қоғамдық
тамақтану пунктерін, сауданы, қонақ үй бизнесін дамытуға және балықты өсіруге және өң-
деуге беріледі. Ауылда ауыл шаруашылығынан тыс бизнесті несиелендіру бағдарламасын
іске асыру басталғаннан кейін жалпы сомасы 3 432,3 млн теңгеге 201 жоба қаржыланды-
рылды, олардың ішінде 2015 жылы келесі бағыттар бойынша жалпы сомасы 329,3 млн тең-
геге 33 жоба қаржыландырылды:
• 11 ауылдық сауда нүктелері;
• қоғамдық тамақтанудың 4 пункті;
• логистика бойынша 2 жоба;
• ауыл шаруашылық инфрақұрылымын дамыту бойынша 16 пункт.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
2015 жылы Холдингтің қызметінің нәтижесінде іске асырылып жатқан инвестициялық жо-
балар мен бағыттар есебінен 29337 адам жұмыспен қамтылды және 5 880 жаңа жұмыс
орындары құрылды. Қолданыстағы 23 457 адамдық жұмыс орындарына қолдау көрсетілді.
54
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020»
Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру, халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдем-
десу, жұмыссыздықты қысқарту- бағдарламаның мақсаты болып табылады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты - әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, даму әлеуеті
орташа және жоғары ауылдарда, қалалық елді мекендерде жеке ісін ұйымдастыру немесе
кеңейту арқылы кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру мақсатында несиелеу, сондай-ақ ауыл
шаруашылық өнімдерін даярлау және өткізу пункттері кешенімен бірге ұсақ тауарлар өн-
дірісінің жеке қосалқы шаруашылығы базасында ұйымдастыруы арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік бастаманы мемлекеттік қолдауды іске асыру үшін тірек ауылдық елді мекендер
басым елді мекендер болып табылады.
Шағын несиелеудің басымды бағыттары 500 000 (бес жүз мың) теңгеге дейін құс, ұсақ мал-
ды сатып алу, халық қолөнерін дамыту, тез орнына келетін қызметтерді көрсету болып та-
былады.
2015 жылы 500 000 (бес жүз мың) теңгеге дейін 11,9 млрд теңге сомаға 5 224 қарыз беріл-
ді, 6 175 адам жұмыспен қамтылды.
55
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 2015 жылы іске асырылуы
БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ-2020
Өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрақты жұ-
мыс орындарын сақтап қалуды қолдау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру бағдар-
ламаның мақсаты болып табылады.
Моноқалалар, шағын қалалар және ауылды елді мекендердің кәсіпкерлерінің жаңа биз-
нес - бастамаларын шағын кәсіпкерліктің субъектілерін шағын несиелеу арқылы қолдау
бағдарламаның бағыты.
56
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Моноқалалар, шағын қалалар және ауылды елді мекендерде өз жобаларын іске асыра-
тын және асыруды жоспарлаушы кәсіпкерлер, Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мақсатты
топ болып табылады:
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 2015 жылы 933,3 млн теңге сомаға
233 шағын несие берілді, 233 адам жұмыспен қамтылды.
2016 жылы шағын қаржыландыру ұйымдары арқылы несиелеуді енгізу болжамдалып отыр,
бұл ретте мақсатты топ кеңейтіледі, моноқалалардың кәсіпкерлеріне шағын қалалар және
ауылды елді мекендердің кәсіпкерлері қосылады.
БЖК - 2020 бағдарламасын шағын несиелеу бойынша ақпарат, оның ішінде моноқа-
лаларды дамыту бағдарламасы
57
АӨК-ДЕ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ДАМЫТУ
«Қазагромаркетинг» АҚ-мен «E-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешеннің салаларын басқа-
рудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі» (ББАЖ) ақпараттық жүйесі әзірленді және
ендірілді.
2015 жылы ҚР АШМ-мен мына қызметтерді көрсетуге шарттар жасалды:
• ҚР АШМ үшін бейнеконференция байланыстары.
• ББАЖ бағдарламалық-аппараттық кешеніне техникалық қызмет көрсету және басқару
бойынша.
ББАЖ кешенді жүйесі өзіне келесі ішкі жүйелерді қамтиды:
1. «Өсімдіктер карантині» порталы – фитосанитариялық, карантиндік сертификаттарды
беруді және фитосанитариялық посттардың қызметтерін автоматтандыру үшін арналған
ақпараттық жүйе, өзіне өтінімтерді беруді, оны өңдеуді, рұқсат құжаттарын беруді неме-
се карантиндік қарау актілерін рәсімдеумен бас тарту жөнінде хаттарды беруді қамтиды.
ҚР АШМ АӨК-де Мемлекеттік инспекция комитетінің инспекторлары (620 адам) жүйенің
пайдаланушылары болып табылады.
Портал «электрондық үкімет» құрауышы «Е-лицензиялау» МДҚ-мен біріктірілген, жүйеден
карантиндегі өнімдерге рұқсат құжаттарын (карантиндік/фитосанитариялық сертификат-
тарды) беруге өтінімтер беріледі.
Сондай-ақ портал алдағы болатын тексерулер жөнінде хабарламалар жіберу бөлігінде
ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша коми-
тетінің АЖ-мен біріктірілген.
2. «Кеден одағының тасымалданатын өнімдерінің ветеринарлық қауіпсіздігі» порталы –
кеден одағының қатысушы-елдері арқылы енгізілетін, шығарылатын және транзитпен
тасымалданатын өнімді ветеринариялық қадағалауды және бақылауды іске асыру үшін
арналған ақпараттық жүйе. Сондай-ақ, жүйе ҚР өндіруші-кәсіпорындарының есептік нөмір-
лерінің деректер қорын, ҚР ветеринарлық препараттарының, азықтарының және азық
қоспаларының деректер қорын, берілген ветеринарлық сертификаттардың және ветери-
нарлық-санитариялық қорытындылардың деректер қорын жүргізу үшін арналған.
Осылайша, Қазақстанның БСҰ-на енуі бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде, сон-
дай-ақ 2015 жылғы 16 қазандағы «ЕАЭК кеден аумағында тауарларды енгізу және айна-
лымының кейбір мәселелері туралы» хаттаманы орындау үшін КАМ-пен «КО шеңберін-
де тасымалданатын өнімнің ветеринарлық қауіпсіздігі» порталында жаңа функционалды
мүмкіндіктерді әзірлеу бойынша жұмыс жасалды, сондай-ақ ветеринарлық анықтамалар-
ды қалыптастыру және беру бөлігінде «Ауыл шаруашылық жануарларын сәйкестендіру»
порталымен бірігу жасалды.
58
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің ветеринарлық инспекторла-
ры, ветеринарлық станциялардың/пункттердің ветеринарлық дәрігерлері, ЖАО-дың вете-
ринарлық дәрігерлері (4 118 адам) жүйенің пайдаланушылары болып табылады.
Портал «электрондық үкімет» құрауышы «Е-лицензиялау» МДҚ-мен біріктірілген, одан ве-
теринарлық бақылаудан өтуі тиіс өнімге рұқсат құжаттарын (ветеринарлық сертификат-
тарды, ветеринарлық рұқсаттарды) беруге өтінімдер беріледі.
Сондай-ақ, портал тірі жануарларға № 1 ветеринарлық анықтаманы қалыптастыру және
беру бөлігінде «Ауыл шаруашылық жануарларды сәйкестендіру» жүйесімен де біріктірілген.
3. «Ауыл шаруашылық жануарларды сәйкестендіру» порталы.
Бүгінгі күні ТМД аумағында бұл жүйенің баламасы жоқ. ҚР Әділет Министрлігінің Зияткер-
лік меншік комитетімен Авторлық құқық туралы патент берілді.
Бұл ақпараттық жүйе 2 басты міндетті шешуге арналған:
1. облыстардың, аудандардың, ауылдық округтердің кескінінде және жалпы республика
бойынша жануарлардың жалпы бас санын есепке алу;
2. жануарлардың вакцинациясын есепке алу, жануарлар орын ауыстырған кезде және ка-
рантиндік іс-шараларды жасаған кезде бақылау.
Пайдаланушылардың жалпы саны шамамен 5 000 адамды құрайды.
«АШЖС» АЖ пайдаланушылары келесі әр-түрлі мамандар болып табылады:
• ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің ветеринарлық инспектор-
лары;
• ветеринарлық станциялардың/пунктердің ветеринарлық дәрігерлері;
• ЖАО-дың ветеринарлық дәрігерлері;
• ҚР АШМ Республикалық ветеринарлық зертханасының, ҚР АШМ Процессинг орталығы-
ның мамандары;
• «ҚазАгро» Холдингінің еншілес ұйымдары (КАФ, АКК, АШҚҚҚ).
Жүйе келесі ақпараттық жүйелермен біріктірілген:
• Мал шаруашылығы және ветеринария ұлттық-инновациялық орталығының ақпараттық
аналитикалық жүйесімен;
• Жануарларды зерттеу және вакцинациясын жасау бөлігінде ҚР АШМ Республикалық ве-
теринарлық зертханасы АЖ-мен біріктіруді іске асыру кезеңінде;
• Статистика комитетінің АЖ-мен бірігу сервисі іске асырылды.
2015 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы бойынша
«МШАЖ» АЖ-де мыналар сәйкестендірілді:
59
• ІҚМ – 6 733 477 бас;
• Жылқылар – 1 508 969 бас;
• Шошқалар – 770 247 бас;
• Түйелер – 164 066 бас;
• ҰҚМ – 18 977 201 бас.
Жүйені Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығының ақпа-
раттық сараптама жүйесімен біріктіруді іске асыру жасалып жатыр. Сондай-ақ, жануарлар-
ды зерттеу және вакцинациясын жасау бөлігінде ҚР АШМ Республикалық ветеринарлық
зертханасы АЖ-мен біріктіруді іске асыру кезеңінде.
4. «Ауыл шаруашылық техникасын мемлекеттік тіркеу» ішкі жүйесі. «Ауыл шаруашылық
техникасын мемлекеттік тіркеу» ішкі жүйесі – ауыл шаруашылық техникасын есепке алуға
арналған ақпараттық жүйе. Бұл жүйе:
• Механикаландырылған көлік құралдарын (МТҚ) есепке қою/есептен шығару туралы ақпа-
ратты жинауға және талдауға, МТҚ иелеріне құқық белгілеуші құжаттарды беру (ауыстыру)
туралы ақпаратты жинауға және талдауға;
• МТҚ бірыңғай базасын жүргізуге (зауыттық нөмір, түрі, мамандануы, қуаты және басқасы);
• кепілдік МТҚ және іздеудегі МТҚ бірыңғай деректер базасын жүргізуге;
• МТҚ техникалық қаралуын бақылауға және т.б. мүмкіндік береді.
Жүйенің пайдаланушылары жергілікті атқарушы органдардың техникалық инспекторла-
ры болып табылады (262 адам).
Жүйе:
• ауыртпалықтың жоқтығы немесе болуы туралы анықтаманы беру бөлігінде «электрон-
дық үкімет» порталымен;
• заңды тұлғалардың тіркелген көлігі туралы ақпаратты беру бөлігінде ҚР Қаржы министр-
лігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесімен;
• ауыртпалықтың жоқтығы немесе болуы туралы ақпаратты беру бөлігінде ҚР Бас прокура-
турасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алулар бойынша комитетінің ақпа-
раттық жүйесімен біріктірілген.
«Қазагромаркетинг» АҚ мен «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ арасында
шарттық міндеттемелерінің шеңберінде КАМ-пен АШҚҚҚ облыстық филиалдарын техни-
калық ілеспе бойынша жұмыстар жасалады.
60
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
2015 ЖЫЛДЫҢ
ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША
ХОЛДИНГ ҚЫЗМЕТІ
НӘТИЖЕЛІГІНІҢ НЕГІЗГІ
КӨРСЕТКІШТЕРІНДЕГІ
ЖЕТІСТІКТЕР ТУРАЛЫ ЕСЕП
62
2015 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША
ХОЛДИНГ ҚЫЗМЕТІ НӘТИЖЕЛІГІНІҢ НЕГІЗГІ
КӨРСЕТКІШТЕРІНДЕГІ ЖЕТІСТІКТЕР ТУРАЛЫ ЕСЕП
1-кесте. Өндірістік қызмет (кредиттік және лизингтік бағдарламалардың нәтиже-
лері)
1-кестеге түсініктеме:
«Холдингпен қаржыландырылған жобалардың шеңберіндегі кәсіпорындардағы еңбек
өнімділігі» көрсеткішінің 79,6% деңгейіне қол жеткізілді. 100% нақты нәтиже макроэко-
номикалық факторларға байланысты орындалмады: 2014 жылдың соңындағы рубльдің
күрт құнсыздануы РФ келетін өнімнің импортының өсуіне алып келді, бұл өз кезегінде Қа-
зақстандық өнімнің сатылу көлемін төмендетті.
«Жобаларды қаржыландырудың жалпы көлеміндегі инновациялық жобаларды қаржылан-
дыру үлесі» көрсеткішіне қол жеткізілді. Нақты нәтижесі жоспарлық мәннен 2,3 есеге артты.
«Ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуды субсидиялаудың жалпы көлемінен ауыл
шаруашылық техникаларын иеленуді қаржыландыру үлесі» көрсеткішіне 233% қол жет-
кізілді. Нақты нәтижесі жоспарлық жоспарлық мәннен 1,3 есеге артты.
Холдингпен қаржыландырылатын жобалар өндірістік негізде ет, сүт өнімдерінің маңызды
көлемдерін өндіреді. 2015 жылдың нәтижесі бойынша «Холдинг компаниялары топтары-
ның ресурстары арқылы қайта қаржыландырылған жобалар бойынша ет, сүт өнімдерінің
және оларды қайта өңдеу өндірісінің көлемі» жоспарлық өндірістік көрсеткіштер 127,5%-ға
орындалды. Сонымен қатар Холдинг қаржыландырушы ұйым ретінде өзінің қарыз алушы-
63
ларын Астана және Алматы қалаларының нарықтарына негізгі өнім түрлерін үздіксіз жет-
кізуді қамтамасыз етуге ынталандырады.
«Аграрлық сала экспортының жалпы көлемінде, Холдинг компанияларының топ ресурста-
ры арқылы өндірілген, экспортталған өнімнің үлесі» көрсеткішіне – 201,1%-ға қол жеткізіл-
ді. Нақты нәтижесі жоспарлық жоспарлық мәннен 2 есеге артты.
«Холдинг компанияларының топ ресурстары арқылы құрылған астықты сақтау бойынша
қуаттылықтарды енгізу» жоспарлы көрсеткіші қарыз алушылардың төмен бесенділігіне
байланысты 300 мың тонна мөлшерінде 95,7% орындалды.
2-кесте. Қаржылық қызмет
2-кестеге түсініктеме:
«ЕДБ, ХҚҰ және НС қорландыру көлемі»,«Қорландырылатын қаржылық ұйымдардың және
Холдингтің қызмет көрсету көрсеткіштерінің өсімі» көрсеткіштері толық көлемде орын-
далды. Көрсеткіштің көп ретті асыра орындалуы Холдингтің тарапынан қорландыруға ЕДБ
сұранысының болжамдалғаннан едеуір асуімен, оның ішіде банктерде қолжетімді теңге
өтемпаздығының жетіспеушілігімен байланысты. Қаржылық қызметтердің қол жетімділі-
гін арттыру мақсатында Холдинг 2015 жылы жеңілдік пайыздық ставкасымен АӨК субъе-
ктілерін одан әрі қаржыландыру үшін ЕДБ, МҚҰ және НС қорландыруға 71,7 млрд теңге
бағыттады, бұл 2015 жылға арналған КПД жоспарлық мәнінен 8,9 есе артты.
«ROA» және «ROE» жоспарлы көрсеткіштеріне теңгенің құнсыздануы және теріс қаржылық
нәтижеге алып келген АҚШ долларының күрт өсуіне байланысты қол жеткізілмеді.
1. «Холдингтің ЕАҚ несие қоржыны бойынша (18% кем емес) қалыптастырылған резерв-
тердің (азық- түліктердің) тиімді деңгейін қолдау» көрсеткіші. Нақты нәтиже шекті деңгей-
64
2015 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША
ХОЛДИНГ ҚЫЗМЕТІ НӘТИЖЕЛІГІНІҢ НЕГІЗГІ
КӨРСЕТКІШТЕРІНДЕГІ ЖЕТІСТІКТЕР ТУРАЛЫ ЕСЕП
ден 7,5% төмен, бұл 2015 жылы ЕАҚ несие қоржынын сапалы басқарылғанын куәланды-
рады.
3-кесте. Корпоративтік даму
3-кестеге түсініктеме:
«Холдинг компаниялары тобының қызметіне инновацияларды ендіру деңгейі» көрсет-
кішінің жоспарлы мәніне қолжеткізілді. Бизнес – процестерге және активтерді басқару жүй-
есіне инновацияларды ендіру бойынша шаралар табысты түрде жүзеге асырылды.
«Моралдық-психологиялық климатпен және еңбегіне ақы төлеу жүйесімен қызметкер-
лердің қанағаттандырылуы пайызы (қызметкерлердің кемінде 80%)» көрсеткішінің жоспар-
лы мәніне қол жеткізілді. Холдингтің еңбек ұжымында қолайлы климат қалыптас қан,
адамдық ресурстарды басқару жүйесі Холдингтің бас активін – яғни оның қызметкерлерін
жетілдіруге бағытталған.
«БАҚ Холдингтің және оның ЕАҚ қызметі туралы ескертпелер санының 5%-ға өсуі» көрсет-
кішінің жоспарлық мәні орындалды. Холдингтің қызметі ақпараттық кеңістікте толығымен
сипаттталды.
2014-2015 жылдары Холдинг пен ЕАҚ үшін біріңғай брендті құру көрс еткішінің жоспар-
лы мәні Холдингтің жеке еншілес компанияларын белсенді ортаға берілуін жоспарлаумен
байланысты орындалмады.
ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ ОҚИҒАЛАРЫ
ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ ОҚИҒАЛАРЫ
66
НАУРЫЗ
2015 жылдың 13 наурызында «ҚазАгро» холдингі Басқарма төрағасының міндетін атқарушы
Д.С.Мақажанов Астана қаласында Қазақстандағы Америка сауда палатасы ұйымдастырған
«Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі: ауыл шаруашылығын және агробизнесті дамытудың
кідірмеушілігі» конференциясында сөз сөйледі.
2015 жылдың 30-31 наурызында Холдингтің өкілдері ұйымдастырушысы Мәскеу облысы-
ның Үкіметі болып табылатын Мәскеу облысының Красногорск қаласында өткен Көкөніс
дақылдарының халықаралық аграрлық форумының жұмысына қатысты.
СӘУІР
2015 жылдың 1 сәуірінде Венгрияның Премьер-министрі Виктор Орбанның Қазақстанға са-
парының шеңберінде Қазақстандық ауыл шаруашылық өсу қорын құру туралы келісімге
қол қойылды. Қорды құрудың мақсаты Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің жобала-
рын инвестициялау болып табылады.
2015 жылдың 1 сәуірінде «ҚазАгро» холдингінің Астана қаласындағы өкілдері қазақстан-
дық-венгриялық бизнес-форумның жұмысына қатысты.
2015 жылдың 10 сәуірінде «ҚазАгро» холдингінің атқарушы директоры Л.С.Мусина Минск
қаласында Еуразиялық экономикалық комиссиясының кәсіпкерлік мәселелері бойын-
ша Консультативтік комитетінің 8-ші отырысына қатысты, отырыстың барысында «Еура-
зиялық экономикалық одақ шеңберінде кәсіпкерлік қызмет субъектілерін қолдау шаралары
және ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің ұлттық даму институттарының өзара әрекеттесу меха-
низмдерін қалыптастыру қажеттілігі туралы» мәселені талқылауға қатысты.
МАМЫР
2015 жылдың 19 мамырында «ҚазАгро» холдингінің Астана қаласындағы өкілдері қа-
зақстандық-литвалық бизнес-форумның жұмысына қатысты, онда АӨК саласында ынты-
мақтастық мәселелері бойынша «Pieno zvaigzdes» ЖАҚ-ның және «Eligita Group» литвалық
компанияларымен кездесулер өткізілді.
2015 жылдың 26 мамырында ынтымақтастық мәселелерін талқылау және потенциалды
хорватиялық инвесторларды Холдингтің қызметімен және АӨК саласындағы инвести-
циялық мүмкіндіктермен таныстыру үшін Холдингтің басшылары хорватиялық компания-
лармен кездесуді өткізді.
2015 жылдың 27 мамырында «ҚазАгро» холдингінің Астана қаласындағы өкілдері қа-
зақстандық-хорватиялық бизнес-форумның жұмысына қатысты. Форумның шеңберінде
«Podravka», «Atlantic Grupa», «Sinitech» хорватиялық компанияларымен кездесулер өткізіл-
ді, екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
67
2015 жылдың 26-29 мамырында «ҚазАгро» холдингінің және «Ауыл шаруашылығын
қаржылық қолдау қоры» АҚ-ның өкілдері «Иран Агрофуд 2015» 22-ші халықаралық ауыл
шаруашылық және азық-түліктік көрмесінің жұмысына қатысты. Көрме шеңберінде Иран-
ның Ауыл шаруашылық министрлігінің, «JE Group» және «JAHAD-E-SABZ» компаниялары-
ның өкілдерімен кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында өсімдік шаруашылығы (бақша
шаруашылығы, жылыжайларды салу), мал шаруашылығы (сүт өндіру, ет өңдеу) бағыттары
бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Кездесулердің қорытындылары бойын-
ша Қазақстанда қарқынды бақшаларды құру бойынша жобаларды іске асырумен байла-
нысты мәселелерді егжей-тегжейлі талқылау үшін ирандық компаниялардың өкілдерінің
жақын уақытта Қазақстанға келуі жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
МАУСЫМ
2015 жылдың 30 маусымында «ҚазАгро» холдингінің атқарушы директоры Л.С.Мусина
Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік мәселелері бойынша кон-
сультативтік кеңестің жанындағы Еуразиялық экономикалық одақтың мүше-мемлекет-
терінің ұлттық даму институттарының өзара әрекеттесу мәселелері бойынша сараптамалық
топтың 1-ші отырысының жұмысына қатысты. Сараптамалық топтың отырысы барысында
келесі мәселелер: Еуразиялық даму банкінің қызметі туралы; жұмысының тиімділігінің ба-
сты көрсеткіштерін қалыптастыруға келістерді қоса, ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің даму ин-
ституттарының қызметінің тиімділігін бағалау туралы; ЕАЭО шеңберінде ЕАЭО мүше-мемле-
кеттерінің арасында өнеркәсіптік корпорацияның бірыңғай кеңістігін (субконтрактацияны)
құру туралы; халықаралық лизинг мәмімелерін ұйымдастыру мәселелері және қаржы тәуе-
келдерін сақтандыру, инвестициялардың қайтып келмеуі туралы қаралды.
ШІЛДЕ
2015 жылдың 15-16 шілдесінде «ҚазАгро» холдингі Басқарма төрағасының орынбасары
А.А.Ходжаназаров Киев қаласында Экономикалық ынтымақтастық бойынша қазақстан-
дық-украиндық комиссияның 12-ші отырысының жұмысына қатысты.
Комиссияның отырысының барысында ауыл шаруашылық саласында екіжақты ынты-
мақтастық мәселелері талқыланды, сондай-ақ келесі бағыттар отбасылық типті сүт-тау-
арлық фермаларды және қарқынды (отбасылық) алма бақтарын құру, ауыл шаруашылық
техникасын жасау, ауыл шаруашылық өнімдерін және азық-түлік тауарларын өткізу бой-
ынша логистикалық орталықтарды салу, сондай-ақ Украинаға мал шаруашылығы өнімдерін
жеткізу бойы нша инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері:бойынша ук раиналық
компани ялармен кездесулер өткізілді.
2015 жылдың 20-22 шілдесінде «ҚазАгро» холдингі Басқарма төрағасының орынбасары
А.А.Ходжаназаров Ұлыбританияда өткен «Royal Welsh Show» аграрлық көрменің жұмысы-
на қазақстандық делегацияның құрамында қатысты. Көрме барысында инвестициялық жо-
баларды іске асыру мәселелері бойынша британдық компаниялармен кездесулер өткізілді.
ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ ОҚИҒАЛАРЫ
68
ҚЫРКҮЙЕК
2015 жылдың 18 қыркүйегінде «ҚазАгро» Холдингі Басқарма төрағасының орынбасары
А.А.Ходжаназаров Сингапурде Қазақстанның инвестициялық климатын презентациялау
бойынша роуд-шоуға қатысты. Роуд-шоу кезінде инвестициялық жобаларды бірлескен іске
асыру мәселелері бойынша шетел компаниялармен екіжақты кездесулер өткізілді.
ҚАРАША
2015 жылдың 3-4 қарашасында «ҚазАгро» холдингі Басқарма төрағасының орынбасары
А.А.Ходжаназаров Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен сауда-экономикалық, ғылы-
ми-техникалық және мәдени ынтымақтастық бойынша қазақстандық-британдық үкімет-
аралық комиссияның 2-ші отырысының жұмысына қатысты. Комиссияның отырысының
барысында келесі британдық компаниялармен ынтымақтастық жөнінде меморандумдарға
қол қойылды:
• FPP Asset Management LLP – тікелей инвестициялар қорын құру бойынша ынтымақтастық;
• Abacus Emerging Markets Limited – ауыл шаруашылығының жобаларын талдау, іріктеу және
құрылымдау бойынша ынтымақтастық.
2015 жылдың 5 қарашасында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төраға-
сы Н.Т.Малелов АӨК саласында ынтымақтастық мәселелері бойынша Чехия Республика-
сының Ауыл шаруашылығы министрі М.Юречкамен кездесу өткізді.
Достарыңызбен бөлісу: |