Есеп туралы


ҚАРЖЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫ ҚОРЛАНДЫРУ



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата03.03.2017
өлшемі21,17 Mb.
#5500
1   2   3   4   5   6   7   8

ҚАРЖЫЛЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫ ҚОРЛАНДЫРУ
Қаржылық сауықтыру
АӨК  субъектілерін  қаржылық  сауықтандыру  бағдарламасы  бойынша  «Агробизнес 
2020» Бағдарламасына сәйкес Қаржы агентінің рөлін жүзеге асыру 2013-2015 жылдары 
 ҚазАгро-ның басымды міндеті болды. АӨК 214 субъектілерін қамтумен 331,1 млрд теңге 
мөлшерінде 11 қаржы институттарына қорландыруға қаржы ұсынылды.
2013-2014 жылдарда халықаралық қаржы нарықтарында 1 млрд АҚШ долларына және 600 
млн евро сомасына еурооблигацияларды шығару арқылы капиталды Холдингпен тартуы 
Қаржылық институттарды қорландыру көздері болып табылады.
Қаржылық сауықтыру бағдарламасын іске асыру 15 мың жұмыс орнын сақтауға, айна-
лымда 4,5 млн га жыртылған жерлерді сақтауға, АШТӨ несиелік жүктемесін төмендетуге 
мүмкіндік берді, 
Көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын өткізуге, сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімін 
өндіру және қайта өңдеуге ЕДБ қорландыру 
Холдингпен алғашқы рет ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін әрі қарай қаржылан-
дыру мақсатында Қаржылық институттарды қорландыру бағдарламасын тәжірибелік іске 
асыру басталды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша Холдингпен 8 қаржылық институт 
35,1 млрд теңге сомасына қорландырылды: («Цеснабанк» АҚ; «Delta Bank» АҚ; «Еуразия-
лық Банк» АҚ; «АТФ Банк» АҚ; «Қазкоммерцбанк» АҚ; «Астана Банкі» АҚ; «RBK Банкі» АҚ; 
«Нұр Банк» АҚ). 
36
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ еншілес компаниясы арқылы 3 ЕДБ «RBK Банкі» АҚ, 
«Астана Банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ 9,3 млрд теңге сомаға қорландырылды. Бұл қаржылар 
негізінен мал шаруашылығы саласындағы, жылқы шаруашылығы, қой шаруашылығы, «Сы-
баға» бағдарламасы бойынша ІҚМ аналық басын сатып алуға, мал бордақылайтын алаңдар 
құрылысына, қоспа жем зауыттары салаларына бағытталды.
ОРТА ЖӘНЕ ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ
2015 жылы Холдингпен орта және шағын бизнестің саласында келесі жобалар қаржылан-
дырылды:
• несиелік серіктестіктерді несиелеу бағдарламасы бойынша 20,1 млрд теңге сомасына 137 
кредиттік серіктестік (2 053 қатысушы);
•  етті жас малды өндіру үшін асыл тұқымды өндіруші қошқарлармен ҰҚМ аналық басын са-
тып алуға 608,6 млнтеңгеге 49 кредиттік серіктестік (86 қатысушы);
• 804 АШТӨ қамтумен 69,4 млн теңге сомасына 3 ауылдық тұтыну кооперативтері;
• АШТБ бағдарламасы бойынша 329,3 млнтеңге сомасына 33 ауыл шаруашылығы өн-
дірушілері;
• ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді не-
сиелеу бағдарламасы бойынша – 16 жоба 1712,1 млн теңге сомасына;
• фермерлік шаруашылықты несиелеу бағдарламасы («Сыбаға») бойынша ІҚМ 57 мың бас 
аналығы және 2754 бас бұқа сатып алынды;
• етті және майлы етті ҰҚМ санын ұлғайту бағдарламасы («Алтын асық») бойынша 132,2 мың 
бас аналық қой және 5,8 мың бас өндіруші қошқар 3,5 млрд теңге сомасын сатып алынды;
• етті және майлы етті бағытта ҰҚМ санын көбейту бағдарламасы бойынша 727 млн теңге 
сомасына 69 жоба («Алтын Асық»);
• етті және етті-сүтті бағытта жылқылар санын ұлғайту («Құлан») бағдарламасы бойынша 
32,7 мың дана бие және 3,1 мың бас өндіруші-айғырлар 10,5 млрд теңге сомасына сатып 
алынды;
• «Ырыс» (мини CТФ) бағдарламасы бойынша 3388 жалпы баспен 49 шаруашылық қаржы-
ландырылды;
• құдық құрылысына және суғару құрылыстарына арналған технологиялық жабдықты сатып 
алуға инвестициялық шығындарды субсидиялау жолымен жайлауды суландыру бағдарла-
масы бойынша 24 құдық қосылды;
• микронесиелендіру бағдарламасы бойынша 25,6 млрд теңгеге 8230 шағын несие;
• 2015 жылы әрі қарай АӨК субъектілерін несиелеу мақсатында ЕДБ несиелендірудің жаңа 
бағдарламасы іске қосылған. АӨК субъектілері 9,3 млрд теңгеге қаржыландырылды;
• бизнесті жүргізу үшін өзекті мәселелер бойынша 300 мың ауыл тұрғынына консультация-
лық көмек көрсетілді.
ХОЛДИНГТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ 
Холдинг 2007 жылдан бастап инвестициялық жобаларды іске асырады.
37

2015 жылдың 31 желтоқсандағы ахуалы бойынша Холдингтің инвестициялық қоржынында 
жалпы көлемі 318,6 млрдтеңгенің 527 инвестициялық жобасы бар, оны пайдалану мерзімін-
де құрылатын жұмыс орны – 16 мың.
2007 жылдан бастап жалпы құны 262,3 млрдтеңгені құрайтын 14,0 мың жұмыс орнын құру-
мен 453 инвестициялық жоба Холдингпен қаржыландырылды және іске қосылды. Бұл рет-
те, 2015 жылы жалпы құны 41,5 млрд теңге 2,6 мың жұмыс орнын құрумен 92 инвестиция-
лық жоба іске қосылды.
Осы жобаларды толықтай іске асыру келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Құс фабрикалары - құны 37,9 млрд теңгені құрайтын 23 жоба– жылына 910,8 млн дана жұ-
мыртқа, жылына 82,6 мың тонна құс еті мөлшерінде жиынтық өндіріс қуаттылығына қол 
жеткізуге мүмкіндік береді. 
31.12.2015 ж. жағдай бойынша құны 33,0 млрд теңгені құрайтын 21 жоба енгізілді.
Сүт-тауарлы фермалары - құны 41,5 млрд теңгені құрайтын 41 жоба – жылына 176 мың 
тонна сүт және сүт өнімі жиынтық өндіріс қуаттылығына қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
31.12.2015 ж. жағдай бойынша құны 37,1 млрд теңгені құрайтын 33 жоба енгізілді.
Көкөніс сақтау - құны 16,4 млрд теңгені құрайтын 45 жоба – біруақытта 188,3 мың тонна 
сыйымдылықты сақтауға мүмкіндік береді. 
31.12.2015 ж. жағдай бойынша құны 12,9 млрд теңгені құрайтын 36 жоба енгізілді.
Жылыжайлар - құны 45,5 млрд теңгені құрайтын 40 жоба, ауданы 146 га 62,0 мың тонна 
көкөністің жиынтық өндіріс қуаттылығына қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
31.12.2015 ж. жағдай бойынша құны 26,4 млрд теңгені құрайтын 30 жоба енгізілді.
Суландыру жүйесін қолданумен өнімнің өндірісі - құны 18,6 млрд теңгені құрайтын 40 
жоба, 239,2 мың тонна көкөніс өнімінің жиынтық өндіріс қуаттылығына қол жеткізуге мүм-
кіндік береді. 
31.12.2015 ж. жағдай бойынша құны 13,5 млрд теңгені құрайтын 57 жоба енгізілді. 
Бақтарды құру және дамыту - құны 2,9 млрд теңгені құрайтын 13 жоба, жылына 14,4 мың 
тонна жиынтық өндіріс қуаттылығына қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
31.12.2015 ж. жағдай бойынша құны 1,9 млрд теңгені құрайтын 8 жоба енгізілді. 
Жем өндірісінің дамуы - құны 7,4 млрд теңгені құрайтын 35 жоба, жылына 207,9 мың тон-
на жем және 68,7 мың тонна қоспа жем шығарумен.
38
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 

31.12.2015 ж. жағдай бойынша құны 6,2 млрд теңгені құрайтын 33 жоба енгізілді.
Астық қоймасы - құны 25,0 млрд теңгені құрайтын 47 жоба, біруақытта 888,8 мың тонна 
сақтау қуаттылығымен. 
31.12.2015 ж. жағдай бойынша құны 18,9 млрд теңгені құрайтын 36 жоба енгізілді.
Қазақстандық бидайды экспорттау және оны өңдеу инфрақұрылымын дамыту - құны 
18,77 млрд теңгені құрайтын 27 жоба, жылына 3,15 млн тонна астықты өндірумен, жылына 
279,7 мың тоннаға дейінгі көлемде өңделген бидай өнімдері өндірісімен.
31.12.2015 ж. жағдай бойынша құны 17,57 млрд теңгені құрайтын 26 жоба енгізілді.
Бордақылау алаңдары - құны 24,2 млрд теңгені құрайтын 21 жоба, 66,9 мың ІҚМ басты 
бордақылауға. 
31.12.2015 ж. жағдай бойынша құны 19,0 млрд теңгені құрайтын 12 жоба енгізілді.
шаруашылықтар-репродукторлар - құны 45,3 млрд теңгені құрайтын 105 жоба, 65,1 мың 
бас ІҚМ. 
31.12.2015 ж. жағдай бойынша құны 44,7 млрд теңгені құрайтын 102 жоба енгізілді. 
Ет өңдеу өндірісін, соятын цехтардың желісін құру - құны 10,6 млрд теңгені құрайтын 
25 жоба, жылына 40,4 мың тонна ет және ет өндірісі жиынтық өндіріс қуаттылығымен.
31.12.2015 ж. жағдай бойынша құны 9,5 млрд теңгені құрайтын 21 жоба енгізілді.
Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу (жүнді, балықты, күрішті, теріні, көкөністерді, 
күнбағысты өңдеу, балық өсіру) құны 15,6 млрд теңгені құрайтын 28 жоба, оның ішінде 
құны 13,1 млрд теңгені құрайтын 23 жоба енгізілді.
Сүтті өңдеу - құны 2,0 млрд теңгені құрайтын 7 жоба, 24,3 мың тонна сүт өнімінің жиын-
тық өндіріс қуаттылығымен.
31.12.2015 ж. жағдай бойынша құны 1,8 млрд теңгені құрайтын 5 жоба енгізілді.
Ауылшаруашылық техникасын жинау - құны 4,1 млрд теңгені құрайтын 3 жоба енгізіл-
ді жоба енгізілді, 1500 МТЗ тракторы өндіріс қуаттылығымен, 36 Фермер ұшағы; Бұл жоба-
лар қолдануға енгізілген.
Басқа бағыттар (құбыр, целлюлоза, дәрілік заттар, мақтаны өңдеу, демалыс үйі, 
кафе, дүкен құрылысы, фотоэлектр модулі және жел генераторы) - құны 3,1 млрд тең-
гені құрайтын 8 жоба, оның ішінде құны 2,8 млрд теңгені құрайтын 7 жоба енгізілді.
39

ӨҢІРЛЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ  ЖОБАЛАРМЕН 
ҚАМТЫЛУЫ

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 
40
КӨКТЕМГІ-ЕГІС ЖӘНЕ ЕГІН ЖИНАУ ЖҰМЫСТАРЫ 
2015 жылы көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарына Холдингпен 79,5 млрд теңге жұмсал-
ды. Бұл қаражаттардың қомақты үлесі 023 «Агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілерін қол-
дау бойынша шараларды өткізу үшін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ын несие-
лендіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша алынды. Берілген бағдарламаның шеңберінде 
Холдингке 2015 жылдың 20 желтоқсанына дейінгі мерзімге 60 млрд теңге сомасына бюд-
жеттік несие берілді («2015-2017 жылдарға республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 
қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес). Несие шартының талаптарына 
сәйкес, республикалық бюджетке бюджеттік несие бойынша негізгі борыш және сыйақы 
сомасы толық және уақытылы өтелді.
Берілген несие Холдингтің екі еншілес ұйымы мен екінші деңгейлі банктер арасында ке-
лесі тәртіпте қарыздар түрінде үйлестірілді:
• «Азық түлік корпорациясы» ҰК» АҚ (АКК) – 16,5 млрд теңге;
• «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (АНК) – 8,4 млрд теңге;
• Екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) – 35,1 млрд теңге. 
2015 жылдың келесі сандық көрсеткіштері орындалды:
АНК – игеру 100% құрады, 1 645 АШТӨ қаржыландырылды, мәлімделген егіс ауданы 2 749,9 
мың га;
АКК – игеру 100% құрады, 32 АШТӨ қаржыландырылды, мәлімделген егіс ауданы 763,5 
мың га;
ЕДБ – игеру 100% құрады, 8 ЕДБ қаржыландырылды, олар өз кезегінде нақты егілген ауда-
ны 1 660 мың га 212 түпкі АШТӨ қаржыландырды,

41
2015 жылы Холдингтің қолдауымен ЕДБ-ді қолдандыру арқылы астықты өсіретін ұсақ және 
орташа фермелерден тұратын астық ауыл шаруашылық кооперативтерін қаржыландыру 
бағдарламасы іске асырылды. Холдинг бағдарламаны кооперацияның әлемдік тәжірибесін 
ескерумен әзірледі және кооператив қатысушыларының ортақ жауапкершілігін қамтама-
сыз ету қағидасына негізделеді. 
Аталған пилоттық жобаның нәтижелері бойынша 2015 жылы Ақмола, Солтүстік Қазақстан 
және Қостанай облыстарында кооперативтер құрылды. 2015 жылы кооперативтерді қаржы-
ландыру көлемі шамамен 2,6 млрд теңгені құрады.
Холдингтің меншікті қаражаттарын пайдаланумен жалпы сомасы 19,5 млрд теңгені құрай-
тын көктемгі-егіс жұмыстары қаржыландырылды. 
Берілген қаражаттар келесідей үйлестірілді: 
• Несие серіктестері жүйесі арқылы - 5,9 млрд теңге; 
• ауыл шаруашылық техникасының лизингісінің бағдарламасы -11,5 млрд теңге;
• «Егінжай» бағдарламасы бойынша (көктемгі-далалық және жинау жұмыстарын жасауға 
АӨК субъектілерін несиелендіру) - 2,1 млрд теңге.
Берілген шаралар қосымша 1,4 млн га жерге астық егуге мүмкіндік берді. 
Жалпы алғанда, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ жіберген қаражаттар фермерлерге 6,5 млн га жерде 
астық салу жұмыстарын жасауға мүмкіндік берді, бұл өткен жылдың деңгейінен 20% көп 
(2014 ж. - 5,4 млн га). Республикада астық және астық-бұршақ аудандарының жартысы 
«ҚазАгро» қаражаттарының есебінен сеуіп тасталды, оның ішінде астық кооперативтерін 
қаржыландыру есебінен 2,6 млрд теңге сомасына 220 мың га астам жер қамтылды.
Жаңа жұмыс орындары құрылды динамикасы және жұмыспен қамтылды, адам

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
«СЫБАҒА»
2011-2015 жылға «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру 
бойы нша іс-шаралардың кешенді жоспарын іске асыру аясында Холдингпен «Сыбаға» не-
сиелеу бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарлама АӨК субъектілеріне етті 
тұқымды қайта жаңғырту үшін ІҚМ аналық басы мен асыл тұқымды бұқа-өндірушілер-
лі сатып алуға арналған. 2015 жылы Холдинг үшін 55 мың бас ІҚМ деңгейінде жоспарлы 
көрсеткіш белгіленді. 31.12.2015 ж. ахуал бойынша бағдарламаны орындау аясында 1018 
АШТӨ 10,8 млрд теңге сомаға ІҚМ -57 мың бас аналықты және 2754 бас бұқаны сатып алуға 
қаржыландырылды.
 
2015 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ІҚМ аналық басын сатып алу бойы нша 
жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы туралы ақпарат
42
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА РЕПРОДУКТОРЛАРДЫ ҚҰРУ»
«Қазақстан Республикасында репродукторларды құру» бағдарламасы бойынша 2015 жылға 
18 мың бас асыл тұқымды, жоғары өнімді, шетелдік селекциялы таза тұқымды ІҚМ алып 
келу жоспарланған. 31.12.2015 ж. ахуал ҚР 5 448 бас ІҚМ импортталды. Холдингтің қаржы-
сы есебінен 1 980 бас ІҚМ алып келінді, АШТӨ қаржысы есебінен 3 468 бас ІҚМ алып келінді.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша көрсеткіштердің динамикасы
«МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢДАРЫ ЖЕЛІСІН ҚҰРУ»
«Мал бордақылау алаңдары желісін құру» бағдарламасы бойынша 2015 жылы ҚР 35 мың 
бас ІҚМ мал жемдейтін орынды құру жоспарланған. 2015 жылғы 31.12 ахуал бойынша 44 
140 мал бордақылау алаңдары қолданысқа енгізілді, оның ішінде Холдинг қаражатының 
есебінен 10 650 мал бордақылау алаңы.
43

2015 жылы Холдингтің өз қаржысы есебінен 4 жоба қаржыландырылды:
- «Шаған Жер» ЖШС (Қызылорда облысының Сырдарья ауданының Шаған ауылы) 399,86 
млн теңге сомаға (жобаның құны – 399,86 млн теңге), енгізілді 23 декабря 2015 жыла;
- «Meat Processing Service» ЖШС (Алматы облысының Райымбек ауданының Болексаз 
ауылы) сомаға 279,35 млн теңге (жобаның құны – 400,0 млн теңге), ҚМЖ жүргізілуде;
- «Сарыарқа» АӨШ ЖШС (Қарағанды облысының Абай ауданының Акбастау ауылы) 95,0 
млн теңге сомаға (жобаның құны – 400,0 млн теңге), ҚМЖ жүргізілуде;
- «Ерейментау Құлан» ЖШС (Ақмола облысының Ерейментау ауданының Ақсуат ауылы) 
50,0 млн теңге сомаға (жобаның құны – 388,21 млн теңге), ҚМЖ жүргізілуде.
СҮТТІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Республикада сүтті мал шаруашылығын дамыту бойынша ҚР АШМ мастер-жоспарлары-
на сәйкес сүтті-тауар фермаларын дамуын қолдау мақсатында 200 бас ІҚМ ірі ТФ және 50 
және 100 бас ІҚМ шағын СТФ құру жоспарланған.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 2014 ж. қыркүйегінде «Ырыс» бағдар-
ламасы бойынша 50 және 100 бас ІҚМ шағын СТФ дамытуға несиелеу бағдарламасын іске 
асыру басталды.
2015 жылы осы бағдарлама бойынша 47 қарыз берілді (22 СТФ 50 бас және 25 СТФ 100 бас 
бойынша) 1,7 млрд теңге сомаға, оның ішінде 2015 жылдың қаржысынан 1,5 млрд теңге 
сомаға 3 388 бас ІҚМ сатып алу үшін 43 қарыз берілді (20 СТФ 50 бас және 23 СТФ 100 бас 
бойынша). Берілген қаржыларға 279 адам жұмыспен қамтылды.
44
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 

2014-2015 жж. «Ырыс» бағдарламасы аясында сүтті ІҚМ сатып алынуы
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАҢА ЖОБАЛАР
2015 жылы Холдингпен мал шаруашылығын дамыту бойынша жаңа несие өнімдері бойы-
нша қаржыландыру жүзеге асырылды:
•  «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 456 АШТӨ 3,5 млрд теңге сомаға 132,2 мың бас ана-
лық қой және 5,8 мың бас қошқар-өндірушілерді сатып алуға қаржыландырылды;
•  «Құлан» бағдарламасы бойынша 724 АШТӨ 10,5 млрд теңге сомаға 32,7 мың бас аналық 
бие және 3,1 мың бас айғыр– өндірушілерді сатып алуға қаржыландырылды.
45

2015 жылы»Алтын асық» бағдарламасы бойынша аналық қойларды сатып алу бойы-
нша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы туралы ақпарат
46
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 

2015 жылы «Құлан» бағдарламасы бойынша биелерді сатып алу бойынша жоспар-
лы көрсеткіштердің орындалуы туралы ақпарат
15 ірі мал бордақылау алаңдарында алыс-беріс негізде іске асырылатын «Аманат» ІҚМ 
бордақылау бағдарламасының шеңберінде 2015 жылы 2,03 млрд теңге сомасына 17 238 
ІҚМ бас бордақылауға қойылды, ІҚМ бордақылау бойынша қызметтер 419,7 млн теңге-
ге төленді.
АСТЫҚТЫ САТЫП АЛУ
2015 жылдың қорытындысы бойынша Холдингтің еншілес компаниясы «Азық түлік корпо-
рациясы» ҰК» АҚ арқылы Астана, Алматы қалаларында және Қазақстанның 13 облыстарын-
да нан өнімдеріне бағаларды тұрақтандыру мақсатымен Меморандумдар бойынша мін-
деттемелерді орындау үшін 214,5 мың тонна көлемінде астық сатылды.
47

1 млн тонна астық сатылды, оның ішінде: 590 мың тонна еркін нарықта, 239 мың тонна Ме-
морандум бойынша және 145 мың тонна экспортқа.
Астықты сатып алу динамикасы 
48
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 

АСТЫҚ ЭКСПОРТЫ
Холдингтің еншілес компаниясы «Азық түлік корпорациясы» ҰҚ» АҚ арқылы 2015 жылы 
экспорттық бағытта 170 400 тонна астық сатылды. Оның ішінде Иранға 98 124 тонна, Қы-
тайға - 58 820 тонна, Әзірбайжанға 13 456 тонна.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫ МЕН ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ ЛИЗИНГІ 
Жиын-терім науқанын тиімді өткізу үшін ауылдықтардың отандық өндірісте жасалған ком-
байндарды жеңілдікпен сатып алуы бойынша бағдарлама енгізілді (2015 жылдың 15 қара-
шасына дейін аванстық төлемді 10% көлемінде шегерумен 7 жыл несиелендіру мерзімімен). 
Жылдық жағдайлардың ықтимал күрделенуін ескеріп, ұқсас жағдайлар астық тазалайтын 
және астық кептіретін жабдықтарды лизингке сатып алу үшін де қаралды. 
Жалпы, 2015 жылы Холдингпен «ҚазАгроҚаржы» АҚ еншілес компаниясы арқылы жалпы 
сомасы 57,5 млрд теңгені құрайтын 4 195 а/ш техникасы сатып алынды. Сатып алудың ая-
сында 594 комбайн, 52 тұқым сепкіш, 1 334 трактор, 103 сепкіш кешені және 2020 бірлік 
басқа техника мен 92 бірлік технологиялық жабдықтар сатып алынды.
Жалпы 2000-2015 жж. мерзімде более 34 мың бірлік техника мен жабдықты сатып алу 344,8 
млрд теңге сомаға қаржыландырылды. 
49

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 
Лизингке сатып алынатын техника мен жабдықтың динамикасы
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН САТЫП АЛУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ 
2015 жылы мал шаруашылығының өнімдерін сатып алуға, өңдеуге, сақтауға және тасымал-
дауға 5,1 млрд теңге жұмсалды.
1 сұрыпты бидай ұнынан жасалған қалыпты нанға бағаларды тұрақтандыру шаралары 
жөніндегі Меморандумның шеңберінде 1 сұрыпты ұн 2015 жылдың қаңтарынан желтоқ-
санына дейін жоспарланған көлемнен (республика бойынша квота 738 мың тонна) «Азық 
түлік корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы 214,5 мың тонна астық өткізілді. 
ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ 
2015 жылы жаздық және күздік дақылдар бойынша сақтандыру компаниялармен және 
өзара сақтандыру қоғамдарымен жалпы ауданы 9 058 999 га жерге 9 258 шарт жасалды, 
сақтандыру сыйақыларының сомасы 830 570 мың теңгені құрайды, сақтандыру сомасы – 
37 697 693 мың теңге, олардың ішінде:
• Сақтандыру компанияларымен жалпы ауданы 2 349 591 га жерге 1 532 шарт жасалды, 
сақтандыру сыйақыларының сомасы 401 963 мың теңгені құрайды, сақтандыру сомасы– 
13 239 172 мың теңге;
• өзара сақтандыру қоғамдарымен жалпы ауданы 6 709 408 га жерге 7 726 шарт жасалды, 
сақтандыру сыйақыларының сомасы 428 607 мың теңгені құрайды, сақтандыру сомасы– 
24 458 521 мың теңге.
50

2015 жылы жасалған шарттар бойынша сақтандыру жағдайларына шығулар саны 252 бір-
лікті құрайды, жағымсыз табиғи құбылыстардың фактісі бойынша щерттеу актілері 378 бір-
лікті құрайды. Зерттеу актілеріне сәйкес, егістің опат болуының ауданы 151 474 га құрайды.
Сақтандыру компанияларымен және өзара сақтандыру қоғамдарымен ауыл шаруашылық 
тауар өндірушілеріне 406 996 мың теңге жалпы сомасына сақтандыру төлемдері жасалды. 
«Қазагромаркетинг» АҚ 197 062 мың теңге жалпы сомасына төленген сақтандыру төлем-
дерінің бір бөлігін өтеді. 
2015 жылдың 31 желтоқсанына ахуал бойынша сақтандыру төлемдерінің бір бөлігін өтеу 
бойынша міндеттемелерді орындау үшін резервтелген Ұлттық Банктегі ақша қаражатта-
рының қалдығы 783 478 мың теңгені құрайды. 
НЕСИЕЛІК ЖӘНЕ ЛИЗИНГТІК ШАРТТАР БОЙЫНША СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІН СУБ-
СИДИЯЛАУ 
«Қазагромакетинг» АҚ-на қаржы қарызының 2515 шарттарын субсидиялауға 1 488 өтінім 
келіп түсті. Жасалған қарыз шарттарының жалпы сомасы 64 290,3 млн теңгені құрайды. 
Өтінімді беру сәтіне негізгі борыштың қалдығы 51 881 млн теңгені құрайды. 
2015 жылы «Қазагромаркетинг» АҚ субсидиялаудың бағдарламасы шеңберінде 6,3 млрд 
теңге сомасына 4285 өтінімі қарастырылды, сонымен қатар АӨК субъектілерін инвестиция-
лық субсидиялау бағдарламасы бойынша 13 млрд теңгеге 1143 өтінім мақұлданған.
Комиссиямен өткізілген отырыстың қорытындсы бойынша 582 қарыз алушы, 1040 қарыз 
шарты бойынша мақұлданды, негізгі қарыздың қалдығы - жалпы 30 257 млн теңге сома, 
2015 жылы субсидиялауға жататыны - 1 798 млн теңге және несиелеудің бүкіл мерзімінде 
– 7 748 млн теңге.
Негізгі үлесін (52,7%) лизинг шарттарын субсидиялауға өтінімдер құрайды, 47,3% неси-
елік шарттар. Қаржы институттары ішінде берілген өтінімдердің ең көп саны - (51,6%) 
 «ҚазАгроҚаржы» АҚ өтінімдері құрайды.
Қарыз алушылардың берілген және мақұлданған өтінімдердің көпшілігі Қарағанды, Ақтө-
бе, Ақмола, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан.
Мақұлданған шарттардың басым көпшілігінен субсидиялауға 644 техника бірлігі жатады. 
Лизингті алушылардың берілген және мақұлданған өтінімдерінің лизинг нысаны болып та-
былады: тракторлар (28%), жинағыштар (21,1%), комбайндар (11,2%), дәнсепкіштер (8,5%), 
шөп машиналары (6,0%), дестелегіш (4,3%), тіркемелер (1,4%) және ауыл шаруашылығы 
техникасы мен жабдығының басқа түрлері (19,5%).
51

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 
Өтінімтердің көп бөлігі мал шаруашылығы саласында берілді және субсидияланды, атап 
айт қанда – субсидиялардың жалпы сомасы 643,9 млн теңгеге 356 АӨК субъектілері, олар-
дың ішінде – берілген осы салада субсидиялардың жалпы көлемінен 33% малдың басқа 
тұқымдарын және енекелерді өсіруге, 28% - малдың сүтті тұқымдарын өсіруге бөлінді.
Өсімдік шаруашылығы саласында субсидиялардың жалпы сомасы 749 млн теңгеге АӨК 128 
субъектілерінің өтінімтері құпталды. Олардың ішінде негізгі үлесті, атап айтқанда 80%, дәнді 
дақылдарды өсіреді және 5% көкөністерді және бақша дақылдарын өсірумен айналысады.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша субсидиялардың жал-
пы сомасы 5 552 млн, теңгеге 88 қарыз алушының өтінімтері құпталды. Олардың ішінде:
• 81% қант өндіру;
• 15% ұн және ұн-жарма өнімдерін өндіру;
• 3% майларды өндіру;
• 1% қызметтің басқа түрлері.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет