Есептер жинағы Механика



бет1/57
Дата28.11.2023
өлшемі351,94 Kb.
#130693
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
Кинематика-emirsaba.org


Кинематика

Есептер жинағы

Механика
  1. Автомобиль жолдың бірінші жартысын υ1=10м/с, ал екінші жартысын υ2=15м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Автомобильдің орташа жылдамдығы (Ж:12м/с)


  2. Автомобиль жолдың бірінші жартысында 72 км/сағ жылдамдықпен, ал екіншісінде 30 км/сағ жылдамдықпен қозғалды. Автомобильдің барлық жолдағы орташа жылдамдығы (Ж:42,4 км/сағ)


  3. Пойыз жолдағы t уақыттың жартысын 70 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 30 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Орташа жылдамдығы(Ж:50 км/сағ)


  4. Катер көл бойымен солтүстік-шығысқа қарай 2км, сонан соң солтүстік бағытта тағы 1км жол жүзді. Катердің көл бойымен орын ауыстыруы: (Ж:2,8км)


  5. Спортшы 400 м қашықтықты жүгіріп өтіп қайтадан мәреге оралғандағы жолы мен орын ауыстыруы (Ж: 800 м; 0)


  6. Жылдамдығының проекциялары υх=4м/с және υу=3м/с болатын дененің қозғалыс жылдамдығы (Ж:5м/с)


  7. Автомобиль жылдамдығының уақытқа тәуелділігі υх=0,8t теңдеуімен берілген. Автомобильдің 5сек кейінгі жылдамдығы (Ж: 4м/с)


  8. Жылдамдықтары υ1=10м/с және υ2=-20м/с болатын, автобус пен мотоциклшінің арақашықтығы 600м. Олардың кездесу уақыты (Ж:20с)


  9. Жүк автомобилінің қозғалыс теңдеуі х1= -270+12t, ал осы тас жолдың жиегімен келе жатқан адамның қозғалыс теңдеуі х2=-1,5t. Олардың қозғалу жылдамдықтары.(Ж:12м/с;-1,5м/с)


  10. Жүк автомобилінің қозғалыс теңдеуі x1=-270+12t, ал осы тас жолдың жиегімен келе жатқан адамның қозғалыс теңдеуі x2=-1,5t. Олардың кездесу уақыты және орны




(Ж: 20с; -30м)
  1. Екі велосипедшінің қозғалысы х1=5t және х2=150-10t теңдеулерімен берілген. Олардың кездесетін жері және және кездесу уақыты (Ж: 50м;10с)


  2. Екі мотоциклшінің қозғалыстары х1= 15+t2 және х2=8t теңдеулері арқылы берілген. Олардың кездесу уақыты (Ж: 3с;5с)


  3. Материалық нүктенің қозғалыс теңдеуі х=-0,2t2. Нүктенің жылдамдық теңдеуі және 5с-та жүрген жолы ... (Ж:υх=-0,4t; 5м)


  4. Автобус маршрутқа шығып, кешке қайтып келді.Осы уақытта есептегішінің көрсеткіші 500 км-ге артты. Автобустың жүрілген жолы мен орын ауыстыру модулі (Ж:500 км; 0)


  5. Спортшы стадион жолымен 1200 км ара қашықтықты жүгіріп өтіп, бастаған сөре орнына қайтып келді. Спортшының жүрілген жолы мен орын ауыстыру модулі






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет