4- ДӘРІСТІҢ ТАҚЫРЫБЫ. 1.7 КЕҢІСТІКТЕГІ КҮШТЕР ЖҮЙЕСІ
Дәріс конспектісі
Әсер ету сызықтары кеңістікте әртүрлі тәртіппен орналасқан күштер жүйесі кеңістіктегі кез келген күштер жүйесі деп аталады. Бұл күштердің әсерінен дене кеңістікте орналасқан өстерге қатысты айналмалы қозғалыс жасауы мүмкін. Осыған байланысты мұндай күштер жүйесі үшін күштің өске қатысты моменті деген ұғым ендіру қажет.
1.7.1 Күштің өске қатысты моменті Күштің О нүктесіне қатысты моментінің векторының осы нүкте арқылы өтетін кез келген өске проекциясы күштің осы өске қатысты моменті деп аталады. (1.3.3) өрнектеріне орай күштің О нүктесіне қатысты моментінің векторының x, y, z өстеріне проекцияларын күшінің x, y, z координата өстеріне қатысты моментінің аналитикалық өрнектеріретінде жазуға болады:
(1.7.1)
Анықтама бойынша күштің өске қатысты моменті осы өстегі О нүктесінің орнына тәуелсіз.
Күштің өске қатысты моментін санау үшін оның басқа анықтамасын қолдануға болады: күштің өске қатысты моменті деп осы күштің өске перпендикуляр жазықтыққа проекциясынан өстің жазықтықпен қиылысу нүктесіне қатысты алынған алгебралық моментті айтады (1.29 сурет).
О сы анықтамаға сәйкес күш- тің өске қатысты моментін анық- тау үшін күшті өске перпенди- куляр жазықтыққа проекциялап, оң немесе теріс таңбамен алын- ған проекция модулін оның өстің жазықтықпен қиылысу нүктесіне қатысты иініне көбейту керек
(1.7.2)
мұндағы күшінің Оz өсіне перпендикуляр ху жазықтығына проекциясының модулі, h – күшінің Оz өсінің ху жазықтығымен қиылысу нүктесіне қатысты иіні.
Егер күші өстің оң ұшынан қарағанда денені сағат тіліне қарсы бағыт- та бұруға тырысса күштің өске қатысты моментінің таңбасы оң, сағат тіліне бағыттас бұруға тырысса – теріс болады.
Күштің өске қатысты моменті күш денені осы өске қатысты бұруға тырысқандағы күшінің айналдырушы әсерін сипаттайды.