Әсет мұҚашбеков


Кәсіпкер Жұматай Абылханның екінші толғауы



Pdf көрінісі
бет11/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,62 Mb.
#9523
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Кәсіпкер Жұматай Абылханның екінші толғауы.  
Тақырыбы:  Көрінбейтін  әлем  дегеніміз  не?  Көрінетін  әлем  қуатты  қайдан 
алады?  Көзге  көрінбейтін  жан  иелері.  Жұматайдың  айтуы  бойынша  әкесі 
Нұртаза  ақсақалдың  әңгімелері:  Қилыбас  нағашымның  сайтандарды  сабауы. 
Бақсы болып кете жаздауым. Кашпировскидің аяғымды кесіп алып емдеуі. 
 
 
Кім жүрер тіршілікке көңіл бермей, 
 
 
 
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей. 
 
 
 
Міні қайда екенін біле алмассың, 
 
 
 
Терең ойдың телміріп соңына ермей.   Абай 

 
117 
 
 
Сұрақ: – Жұматай Нұртазаұлы, көрінбейтін әлем деген не? 
 
Жауап: – Әсет Ризаұлы, адамдарды көзге көрінбейтін өмір барын сендіру 
қиын.  Себебі  біздің  сезу,  көру,  есту,  дәм  мен  иіс  сезу  мүшелеріміз  тек  пәндік 
(материалдық) әлеммен ғана байланысқа түсе алады. 
 
Өзіміз  күнделікті  араласып  жүретін,  көзге  көрінбейтін  тіршілікке  толы 
басқа әлем бар деген идеяның өзі шындыққа жанаспайтын ертегі сияқты. Қазіргі 
ғылымның  жетістігі  микроскоп,  телескоппен  көре  алмайтын,  қолымен  ұстай 
алмайтын  нәрселерді  жоқ  деп  ойлайды.  Біздің  алдымызда  қайтыс  болған 
адамның сүйегі жатыр делік, ол өлген – оны көзге көрінбейтін бірдеме тастап 
кетті,  ол  осының  арқасында  өмір  сүрді,  жүрді,  сүйді,  сөйледі,  ойлады  т.б.  сіз 
оның  жанына  тамақ  пен  дүниенің  түр-түрін  қойып:  «Бәрі  сенікі  бауырым,  іш-
же,  шалқы»  –  десең  де  жатқан  орнынан  тапжылмайды.  Осыдан  кейін  көзге 
көрінбейтін әлем барын қалай жоққа шығарып, сенбессің? 
 
 
 
Басында жоқты бар қылған, 
 
 
 
 
 
Жоқтықты жойып көр қылған. 
 
 
 
 
 
Есепсіз дене жаратып, 
 
 
 
 
 
Еріксіз жиып нәр қылған 
 
 
 
 
 
Жан емей енді немене?  
Шәкәрім 
 
 
Сұрақ: – Көрінетін әлем қуатты қайдан алады? 
 
Жауап:  –  Көрінетін  әлем,  көрінбейтін  әлемнен  қуат  пен  қолдау  алып 
тұрмаса  түкке  де  тұрмас  еді.  Көрінетін  әлемнің  негізін  көрінбейтін  әлемнен 
іздеуіміз  керек.  Күн,  аспан,  жер  біз  үшін  бар  болса  оны  көзіміз  арқылы 
қабылдаймыз, ал осының бастауы өзіміздегі көрінбейтінде. Көрінетін әлем – тек 
қана  көрінбейтін  әлемнің  қапшығы  ғана.  Ал  көрінетін  әлем  қуатты  сол 
көрінбейтін  әлемнен  алады.  Егер  бұл  болмаса  қоршаған  ортаның  нақтылығын 
түсіне алмас едік. Данышпан Абай бұл туралы: 
 
 
 
 
 
Өзгені ақыл ойға қондырады, 
 
 
 
 
Біле алмай бір тәңіріні болдырады. 
 
 
 
 
Талып ұйықтап, көзіңді ашысымен, 
 
 
 
 
Талпынып тағы да ойлап зор қылады. 
 
 
 
 
 
Көңілге шек, шүбәлі ой алмаймын, 
 
 
 
 
Сонда да оны ойламай қоя алмаймын. 
 
 
 
 
Ақылдың жетпегені арман емес, 
 
 
 
 
Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын.  
 
 
Адамдар ойланбағаннан кейін көрінбейтін әлемді жоққа шығарады. Олар 
өздерінің  ойын,  сезімдерін  көре  ала  ма?  Әрине  жоқ.  Онда  қалай,  сезімдерін, 
ойларының  бар  нәрсе  екеніне  шек  келтірмейді.  Ғашық  болғандар  бір-бірін 

 
118 
сүйетіндіктеріне  күмән  келтіре  ала  ма?  Олар  өздерінің  ғашықтығын  көре 
алмайды,  сезе  алмайды,  бірақта  ғашығы  үшін  отқа  да,  суға  да  түсуге  дайын. 
Жанды,  арды  көрген  кім  бар?  Кей  кезде:  «Жаныммен,  ар  ұятыммен  мен  ол 
адамды  кінәлаймын»  –  деп,  бірдемеге  бола  біреудің  тағдырын,  өзі  көрмеген 
нақтылы  екенін  білетін  бейнесізге  сүйеніп  шешіп  жатады.  Осыны  қалай 
қабылдауға болады? 
 
Сұрақ: – Адам көрінбейтін әлемді мойындай ма? 
 
Жауап:  –  Мойындағысы  келмесе  де,  көрінбейтін,  сезілмейтін  нәрселерге 
адам  баласы  сенеді,  себебі,  оны  жүрек  арқылы  сезеді.  Олар  ойлайды,  сезеді, 
сүйеді,  күйінеді,  жоқтан  өзгеге  жылайды,  онысымен  қоймай  кейбіреулер 
көрінбейтін  әлемге  сенгілері  келмейді,  жоққа  шығаруға  тырысады.  Неткен 
қарама-қайшылық  десеңізші!  Өзінің  басындағы  толқудың  әсерінен  қаншама 
қылмыстар жасап жатады. Қызғаншақ күйеуі : «әйелім көзіме шөп салды» – деп 
кінәсыз жанды өлтіріп тастайды, сондай-ақ енді біреу: « бәсекелесім маған ор 
қазып  жатыр»  –  деп  ойлап,  жазықсыз  тағы  бір  жанды  өлтіреді.  Адамдар 
өздерінің  ойы  мен  сезімдерінің  дұрыс  екеніне  күмән  келтірмейді,  ақиқат  осы 
деген  нық  сенімде  болады.  Оларға  сіз  өзіңіздің  кейбір  көзқарасыңызды  айта 
бастасаңыз: «Мен көремін, байқаймын, зерттеймін.... білетіндерден сұраймын» 
– 
деп  шұбалаңға  салып  ала  жөнеледі,  бірақта  өзінің  ойлағаны:  тексеруге, 
зерттеуге жатпайтын нақ шындық болып қала береді. Кейбір жағынан оныкі де 
дұрыс – егер ол қуаныштан шаттанып айғайласа, қайғыдан еңіреп жыласа, осы 
сезімін  қалай  өтірік  дей  алады?  Ішкі  шындыққа  дау  жоқ.  Бірақта,  көрінбейтін 
әлем мүлдем көрінбейді емес: ол көрінеді, сеземіз, ол жан иелері мен жарқылға, 
токқа, бояуға, иіске, тұлғаға толы болады. Осыларды рухани жоғары жетілген 
адамдар көре алады. Көрінбейтін әлемде де әрбір электрон есептелген, орнына 
қойылған – онда да ақиқат заңдылық бар. 
Сұрақ: – Адамның бес сезім мүшелері қалай дамыған? 
 
Жауап: – Адамда бес сезім мүшесі жетілмеген. Кейбір хайуандар біз көре, 
сезе,  ести,  ійіскей  алмайтын  нәзік  дыбыстарды,  толқындарды,  жарықтарды 
көреді,  сезеді.  Сондай-ақ  ауа-райын,  жер  сілкінісін,  апатты  т.б.  жайттарды 
алдын ала біледі.  
 
Сұрақ: – Көзге көрінбейтін жан иелері туралы не айтар ең? 
 
Жауап:  –  Қасиетті  Құран  кітабымызда  да,  басқа  да  рухани  кітаптарда 
көзге  көрінбейтін  періште,  жын-шайтан,  ібіліс  т.б.  жайлы  айтылған.  Қазіргі 
заманда медицинаның шамшырақтары көзге көрінбейтін жан иелерінің адамды 
жақсылыққа  не  жамандыққа  итермелейді  деген  түсініктің  өзінен  азар-безер 
болады.  Материалдық  ғылымның  пайымдауынша  барлық  іс-әрекет  химиялық 
элементтердің ағымының нәтижесінде іске асады. Бірақ осы элементтер қайдан 
пайда  болды?  Бұның  жауабын  рухани  ілім  беретін  кітаптардан  ғана  табамыз. 
Енді осының дәлелі ретінде әкем Нұртаза Абылханұлынан естіген кейбір болған 
оқиғаларды және өзімнің көргендерімнің біреуін ғана айта кетейін: 
 

 
119 
 
 
Қилыбас нағашымның сайтандарды сабауы. 
Өткен  ғасырларда  бақсылық  қазақтың  үлкен  бір  өнері  болған.  Бұл 
табиғатпен үндесіп жатқан тұрмыс-салтта қазақ сахарасына керек адам болған. 
Өткен  ғасырдың  30-шы  жылдары  үркінді  болып  қаймағы  бұзылмаған  Қытай 
жеріндегі қазақ ауылдарында тұрдық. Жас кезімде ауылға бір бақсы келді десе, 
әдейі  іздеп  баратынмын,  себебі  қыршаңқылау  болатынмын.  Сонда  не  бір 
зіркілдеп  ойнап  жатқан  бақсылар  дел-сал  болып  тоқтап  қалатын.  Ауылға  бір 
бақсы келді. Науқасты қарап жатқан кезде мен де барып тұрдым. Әлгі бақсы әрі 
алысып, бері алысып ойнай алмай қойды. Сөйтіп тұрған кезде біреу келіп мені: 
«Әй, Нұртаза!» – деп шақырып әкетті. Мен шығып кеттім. Біраздан кейін қайта 
келсем  әлгі  бақсым  ойнап  жатыр  екен.  Мені  көріп  қоя  қойды.  Маған  айтты: 
«Жаңа  сіз  шығып  кеткеннен  кейін  менің  жындарым  келіп  бәрін  айтты,  сіз 
келгеннен  кейін  болды.  Сізде  қасиет  бар  екен».  Бізге  бақсы  сөйлей  алмайды, 
жыны біз тұрған жерде ойнай алмайды», – деп. Неге? – деп сұраймын.  
– 
Біздің үлкен нағашымыз Қилыбас деген кісі. Біздің Абылхан атамыз 17 
жасында,  Мәмбет  ішіндегі  Қарақұрсақ  елінің  Қилыбас  деген  кісінің  қызына 
үйленеді.  Ол  кезде  Қилыбас  атамыз  батыр  болыпты.  Ол  заманда  батыр  адам 
жылқы күзетіп, барымтаға барады. Жортуылға көбінесе жалғыз аттанады екен.  
Бір  күні  түнде  –  елсіз,  жапан  далада  жалғыз  келе  жатса,  алыстан  бір 
ауылдың оты көрінеді. «Әке-ау, мына жерде ел жоқ еді ғой, бұл кімнің ауылы 
болды?!» – деп таңырқап келе жатса, әлгі от жақыннан жылтылдайды. «Мынау 
жақын  жерде  екен  ғой,  не  де  болса  көре  кетейін»,  –  деп  бұрылып  жақындап 
барса,  үш  келте  шашты,  тырбық  бойлы  кішкентай  қыздар  екен.  Үшеуі 
жылқының үш тезегін жағып, «Қилыбас келді – кісі келді, Қилыбас келді – кісі 
келді», – деп сықылықтап күліп отты айналып, өлеңдерін айтып жүр екен. «Е, 
мыналар екен ғой!», – деп осқырынған атын қарағанның түбіне мықтап байлап, 
олармен қол ұстасып, солардың әуеніне кіріп – өлеңдерін айтып, отты төртінші 
боп  айналады.  Мұндай  жерде  өзің  қорықсаң  мерт  қылады,  осы  жерде  нағашы 
атамыз өзін-өзі ұстап соларға қосылып кетеді. Сайтандар да анау-мынау адамға 
көріне бермейді, Қилыбас атамызда да қасиет бар болған. Бір уақытта ыңғайы 
келгенде үшеуінің де шаштарынан шап беріп ұстап, қолына орап-матап алыпты. 
Дырау  қамшысын  жұлып  алып:  «Мә  саған  Қилыбас,  мә  саған  Қилыбас!  Мә 
саған  кісі  келді!»,  –  деп  үшеуін  де  ұрып  ала  жөнеліпті.  Ұрып  жатыр,  ұрып 
жатыр.  Болмаған  құбылыс  қалмады  –  жылан  да  болып  ысқырды,  бүркіт  те 
болып шаңқылдады, не бір қорқынышты айуанаттың кейпіне келіп құбылды-ай 
дерсің!  Бір  уақытта  үшеуі  үрген  үш  тұлып  болып  тұрып  алыпты.  Қамшының 
өткені  қайссы,  өтпегені  қайссы  білінбейді,  торсылдатып  ұра  беріпті.  Әбдән 
шаршап  сілесі  қатқан  кезде  үшеуінің  сертін  алып  босатыпты:  «Ұрпағымның 
ұрпағына жолаймысың?», – деп. «Үрім бұтағыңа жоламаймыз», – деп аналар зар 
қағып, үшеуі үш жаққа қашыпты. «Сонда бір нәрсені – солардың теңгесін алуды 

 
120 
ұмытыппын»,  –  дейді.  Сайтанның  тілінің  астында  теңге  болады  екен,  сол 
теңгеге  ие  болған  адамға  көріпкелдік  қасиет  бітеді  екен.  Олармен  емін-еркін 
араласып  билігін  де  жүргізе  алады-мыс.    Қилыбас  атам  осыны  өкініш  қылып 
өмірден өтіпті дейді. 
 
 
Бақсы болып кете жаздауым 
 
Бала  кезім,  ауылда  үлкен  той  болып,  үйге  қонақ  көп  келді.  Үйде  жатар 
орын  болмай  апам:  «сен  көрші  үйге  барып  жат»,  –  деп  жіберді.  Ол  үйде  бір 
келіншек тұратын. Бал-бұл балалық шағым, күйеуі бар жоғын білмеймін. Кейде 
осы  келіншек  аузынан  сілекейі  ағып  өзімен-өзі  жүретін.  Сонда  үлкендер 
айтатын: «Әй, мына жас баланың қор болып жүргені-ай!» – деп.  
Ойымда  ештеңе  жоқ,  ымырт  жабыла  әлгі  үйге  барып  жатып  ұйықтап 
қаппын. Бір уақытта денем бір ысып, бір суып оянып кеттім. Бір мезетте аппақ 
бүркіт  келіп  шаңырақтан  түсті,  қараңғы  болса  да  бәрін  көріп  жатырмын.  Бір 
қанаты  керегенің  бір  ұшында,  екінші  қанаты  екінші  ұшында,  алты  қанат  үйді 
бірақ  алып  кетті.  Бүркіт  «ақпұштап»  шаңқылдай  бастады.  Сол  кезде  төсекте 
жатқан  келіншек  те  зарлады.  «Айналайын  ақ  бүркіт  айтқаныңа  көніп  ем, 
дегеніңді істеп ең, мені қинамашы!» – деп не бір зарлы әуенге салды. Денем бір 
ысыйды,  бір  суыйды.  Не  ұйықтаған  емес,  не  ояу  емес.  Қозғалайын  десем 
қозғала  алмаймын,  не  іштеңе  айта  алмаймын.  Тек  қана  көріп  жатырмын.  Әлгі 
бүркіт  кетті...  Бір  уақытта  ысылдаған  ақ  жылан  келді.  Бір  жақ  кереге 
шаңырақтан түскен кезде жаңағы келіншек бебеулеп зарлады. Ай не бір зарды 
айтты-ау! Ол да кетті... Енді бір мезетте аппақ сәуле келді. Әлгі келіншегім енді 
«ақ  сәуле,  ақ  жарық!»  –  деп  зарға  басты.  Бір  уақытта  ол  да  кетті...  Денем  бір 
ысып,  бір  суып  үндей  алмай  мен  жатырмын.  Бір  уақытта  жаңағы  келіншек 
тұрып шам жақты. Шырақ жағып алып шырақтың жарығымен: бет-аузын, қол-
басын  денесін  уқалап,  есінеп  біраз  отырды  да,  төсегіне  барып  жатты.  Мен  де 
ұйықтап  қалыппын.  Таң  атты,  тұрдық.  Қарасам  келіншек  жүр  екен.  Біраздан 
кейін келіншекке айттым: «Әй келіншек, сенің үш жының бар екен үшеуін де 
көрдім,  түнде  келді  ғой».  Келіншек:  «Қой  әрі,  ол  көрінбеуші  еді  ғой!»  –  деді. 
Жоқ,  алдымен  ақ  бүркіт  келді,  оған  былай  деп  айттың.  Ысылдаған  ақ  жылан 
келді, оған былай деп айттың. Ақ сәуле келді, оған былай деп айттың. «Е, онда 
көрген екенсің» – деді. Сөйтсем бұл келіншек тазалық сақтамай, өзін-өзі ұстай 
алмай  жүрген  қасиеті  бар  адам  екен.  Осындай  қасиеті  бар  адамдар  тазалық 
сақтамаса ауырып қалады. 
 
Ер  жетіп  14-15  жаста  бозбалалыққа  жеткен  шағым.  Ауылға  неше  түрлі 
бақсылар келеді. Әлгі бақсылар кеткеннен кейін өзім сияқты балаларды жиып 
алып  мен  де  бақсы  болып  ойнаймын.  Қолыма  бір  таяқты  алып  аламын  да, 
қобыздың әуеніне саламын. Сөйтіп жүріп қарағайды жағып қойып, үстінен ары-
бері  аттап  өтіп,  біртіндеп  әбден  белгілі  бір  әуенге  келген  кезде  –  қарағайдың 
аппақ  шоғын,  өзімнен-өзім  уыстап  ұстап  алып  қолымды  жуатын  дәрежеге 
жеттім.  Құрдастарым,  қыз-келіншектер  шілдеханада,  тойларда  бақсы  болып 

 
121 
ойна  деп,  бақсы  жоқта  мені  бақсы  қылып  алатын  болды.  Енді  жынды  кез, 
зіркілдеп  тұрып  ойнап  беремін.  Өзімді-өзім  бақсы  сияқты  сезінетін  күйге 
жеттім.  
Бір  күні  мынадай  жағдай  болды.  Үйде  ұйықтап  жатыр  едім,  күндізгі 
сияқты  жап-жарық  болып  кетті.  Оянып  кеттім...  Үйге  15...20-дай  қызылды-
жасылды киінген әйелдер кіріп келді. Ылғи сықылықтаған жас әйелдер. Төсекте 
жатқан мені көрсетті. «Мынау ма, мынау ма?», – деп жан жағымнан келемеждеп 
қоршай бастады. «Осы ма, осы ма?», – деп бір-біріне көрсетіп жатты. Өзімнің 
ояу  екенімді  және  нақ  көріп  жатқанымды  біліп  жатырмын.  Қозғалайын  десем 
аяқ-қолым, тілім мақта секілді, сөздерін естіп бәрін ұғып жатырмын. Бірақ үнім 
шықпайды,  жатқан  орнымнан  қозғала  алмаймын.  Көзім  бақырайып  қарап 
жатырмын. Бір уақытта арт жағынан саркідірлеу келген қартаң әйел келді. 
 
Өтіп барып: «Осы бала ма?», – деп айтты.  
– 
Осы бала, осы бала – деп жанындағылар сықылықтады.  
– 
Әй,  тым  жас  бала  екен.  Қоятын  шығар,  тимеңдер!  –  деп  әлгілерді 
қақпақайлап  үйден  шығарып  алып  кетті.  Олар  кете  салысымен-ақ  денемнен 
суық тер бұрқ ете түсті. Дел-сал болып жатырмын. Өңім бе, түсім бе? Сол күйі 
талқысып қайтадан ұйықтап кетіппін.  
Екі-үш күннен кейін Әжібай бақсы келді. 

 
Әй, осы үш-төрт күн бұрын, саған түн ішінде кісілер келді ме? 

 
Келді. 

 
Не деді? 
Болған  оқиғаның  бәрін  айтып  бердім.  Жастары  сықылықтап  мені 
айландырмақшы болды, ар жағынан бір саркідірлеу қартаңдау әйел келіп 
бәрін алып кетті дедім. 

 
Ә,  балам  бұл  жын  кім  нақ  әуеніне  келтіріп,  нақышына  салса  соның 
артынан еріп жүре береді. Бұл әркімде бар қасиет. Дамытып ары қарай 
алып  кетсең  жақсы  боп  шығасың.  Сен  өзің  бақсы  болғың  келе  ме? 
Маған ер, мен сені көп-көрім үлкен бақсы қылып жіберейін. Ол үшін 
мынауыңның бәрін тастап, менімен жүресің. Жын деген солай болады. 

 
Ойбай, ешқандай бақсы болмаймын, өзімнің жұмысым бар. 

 
Ә,  олай  болса  сен  мынауыңды  қой.  Мен  жоқта,  мен  болып  ойнайды 
екенсің  ғой?  Бақсы  болғың  келмесе  бұныңды  қой,  мерт  боп  кетесің. 
Немесе бір жерің кем болып қалады. Жын деген нәрсе ойнайтын нәрсе 
емес. Қауіпті де, қиындығы бар қатерлі жол. 

 
Ойбай  қойдым,  бұдан  кейін  ойнамаймын.  Жының  да  өзіңмен  кетсін, 
бақсылығың да өзіңмен кетсін! 
Содан кейін бақсы болып ойнағанды қойдым деп отырушы еді жарықтық деп, 
Жұматай әңгімесін аяқтай бере, Әс-аға осы әкем айтқан әңгімелерге біреу сеніп, 
біреу сенбес сондықтан өз басымнан нақтылы өткен тылсым оқиғаның біреуін 
ғана айтып берейін: 
 

 
122 
 
Кашпировскидің аяғымды кесіп алып емдеуі 
Бұл  1993  жылы  болған  оқиға.  Мен  өзіміздің  Науалы  ауылында  МТМ 
меңгерушісі болып орналастым. Әс-аға, өзің білесің – ол да күні бойы тыным 
таппайтын жүрісі мен жүгірісі көп мазасыз жұмыс. Ол кезде өзіңіз осында бас 
агроном болатынсыз.  
Сол  жылы  жазда  бір  ауру  жабысты,  тізем  қақсайды.  Ол  кезде  32 
жастамын.  Таңертең  жұмысқа  кетем,  ал  түстен  кейіннен  бастап  сол  аяғым 
тізеден зырқырып қақсайды, жүргізбейді. Кешке таман шойнаңдап жүре алмай 
қаламын.  Жұмыстан  келе  салысымен  төсекте  аяғымды  көтеріп  1-1,5  сағат 
қозғалмай жатамын.  
 
Жаз айы аяқталып, жайма-шуақ тамыз айының басы болатын. Менің бір 
әдетім,  өзім  ұйықтайтын  бөлмемнің  терезесін  ашып  тастайтынмын.  Бір  күні 
ұйықтап  жатыр  едім,  ол  кезде  ұлымыз  Әділет  үш  жаста,  Дина  екеуміздің 
ортамызға жатады. Мен әдеттегідей терезе жақта жатқанмын. Түннің бір уағы, 
терезе ашық тұрған. Бір кісілер күбірлеп терезенің сыртына кеп  қалды.  Кейде 
көшеде  өткен  кісілердің  даусы  естіліп  тұратын.  Қорада  малды  көп  ұстаймыз, 
қарамасаң  қағып  кетеді.  Жастықтың  да  желігі  шығар,  ит  үріп  сезікті  сықыр 
естілсе  терезеден  қарғып  түсіп,  мал  жақты  шолып  қайтатынмын.  Ұры-қары 
барма  дегендей.  Әгәрәкім  ешкім  жоқ  болса,  терезеден  қайта  секіріп  түсіп 
ұйқымды жалғастыра беретінмін.  
 
Түннің  бір  уағында,  өзім  күнде  секіріп  жүрген  терезеден  бері  қарай  үш 
кісі: алдымен біріншісі дүңк етіп, сонан кейін екіншісі, соңынан үшіншісі дүңк-
дүңк  етіп  үйдің  ішіне  секіріп-секіріп  түсті.  Қозғалайын  десем  қозғала 
алмаймын.  Қараңғы,  сұлбаларын  көріп  жатырмын.  Әлгі  үш  кісі  төсектің  аяқ 
жағына келді. Сол кезде үй қараңғы болса да бәрінің түрлерін көрдім. Ортада 
ұзын бойлы Кашпировский, қара водалазка киген, шашын дөңгелектеп кескен. 
Сол  кездерде  Кашпировскиді  теледидардан  жиі  көрсететін.  Жанында  ұзын 
бойлы  жіңішке  қара  сұр  екі  жігіт.  Түрлері  тәжік,  өзбектерге  келеді.  Біреуі  әй-
шәй  жоқ  көрпені  ашып  сол  аяғымды  көтеріп  алды  да,  тізеден  сәл  төмен  3  см 
жерден – бірдемемен тыз  еткізіп жіліншігімді кесіп бөліп тастады. Сол аяғым 
жеп-жеңіл болып қалды. Айналам тұманданып кетті, сөздерін естіп жатырмын. 
Өзара күбірлесіп жатыр, сөздері орысша. Сонан кейін Кашпировский орысша: 
«Костный  мозг  положите  на  место»,  –  деді.  Келіншегім  мен  ұлым  пыр-пыр 
ұйықтап  жатыр.  Бір  мезетте  аяғымды  қайта  көтеріп,  кесілген  жіліншігімді 
орнына  қойғандай  болды.  Көрпемді  қайтадан  жапты  да  жанымнан  өтті. 
Терезеден  үшеуі  ары  қарай  қайта  секіріп  кетті.  Сол  кезде  маған  қимыл  бітті. 
Жан-жағыма  қарадым,  Динаны  оятайын  ба,  оятпайын  ба  деп  ойланып:  «Қой 
шошып  кетер»  –  деп  оятпадым.  Біраз  жатқаннан  кейін  қолма-қол  ұйықтап 
кетіппін. Нақ болған оқиға екенін білемін, таңертең келіншегіме айттым.  

 
Түнде келген кісілерді көрдің бе? 

 
Қайдағыны айтады екенсің, ешкімді де көрген жоқпын. 

 
123 
Сонан кейін жұмысқа кетіп қалдым, жырлайтын уақыт жоқ. Түсте келдім. Әкем, 
келіншегім  үшеуміз  тамақ  ішіп  отырғанда  түндегі  көргендерімді  тәпіштеп 
айтып бердім. Әкеме айттым: 

 
Теледидердан  өзің  көріп  жүретін  Кашпировский  екі  көмекшісімен 
түнде келіп аяғымды кесіп алып, емдеп кетті. 

 
Е, келсе келген шығар. Онда аяғыңды емдеп кеткен ғой. Жақсы болған 
екен! Менің әкемді ешнәрсемен таңқалдыру мүмкін емес-ті болатын. 
Содан  бері  тіфә-тіфә  аяғым  ауырғанды  қойды.  Одан  бері  14  жылға  аяқ 
басты  аяғымның  қақсауы  сап  тиылды.  Қазір  ор  қояндай  орғи  басамын!  Осы 
айтып отырғаным нақ болған оқиға. Бұған өзім онша таң қалмағаным, осындай 
тылсым  оқиғалар  әкемнің  де,  аталарымның  да  бастарынан  жиі  өткен.  Жас 
күнімнен осы оқиғаларды естіп өскенімдіктен де болар. 
Жұматай бауырым, әңгімеміз қызықты болып бара жатыр. Ендеше мен де 
өзің  білетін  Өмірбек  Сүлейменұлы  Шоқпарбаевтің  екінші  анасы  Олжақан 
Хабарова апамыздан естіген бір тылсым оқиғаны айтып берейін: 
 
Олжақан апаның көріпкелдігі, көрген түсі 
 
Жұматай  бауырым,  Олжақан  апамыз  бақсылықты  ұстамағаннан  кейін, 
өзінің  айтуы  бойынша  аяғынан  кем  болып  кеткен.  Олжақан  апа  жүргенде  бір 
жағына  қарай  шойнаңдай  баса  жүретін,  аса  ақылды,  ізетті,  рухани  санасы  өте 
жоғары,  көкірегі  ашық  –  қазақи  ескілікті  әңгімелердің,  мақал-мәтелдердің, 
өлеңдердің  қоймасы,  сандығы  іспетті,  топыраққа  көміліп  жатқан  алтын  еді. 
Біздің  балалар  жас  күнінде  ауырып  қалса  осы  кісіге  Рахпар  екеуміз 
апаратынбыз.  Ең  кереметі  дәрігерлер  жаза  алмайтын  ауруларды  қазақи  ем  – 
үзеңгі,  жүген  т.б.  тұрмыстық  заттарды  қолданып,  үшкіріп  қолма-қол  жазып 
алатын.  Осы  емнен  кейін  кішкентай  шырақтарымыз  ойнақтап  шауып  кететін. 
Бірақ осы емдерді өзім ғана деп сенген адамдарына жасырын түрде істейтін. 
 
Көрші тұрдық. Ораза айында осы апаны басқа апа-әжелермен бірге ауыз 
аштыруға үзбей шақыратынбыз. Осындай отырыста бір әңгімесін айтты. 
 
– 
Әсет  балам,  жақында  түс  көрдім.  Түсімде  өзіңнің  ағаң  Ораз  Рахметов 
пен  жеңгең  Нұрқияның  үйінің  шатырынан  күн  мен  ай  қатар  шығып  көтеріліп 
нұрын шашып тұр екен. Ертеңіне көрген түсімді жақсылыққа жорып Нұрқияға 
барып  айттым.  Нұрқия  келінімнің  қуанышы  қойнына  симай,  асты-үсіме  түсіп, 
жақсылап  шәйін  беріп,  көйлек  кигізді.  Ол  кезде  Ораз  ағалар  Науалының 
орталығында  тұратын,  балаларының  аты  жөнді  шықпаған  кез.  Осы  Олжақан 
апамыздың  түсі  дәл  келіп,  Ораз  аға  мен  Нұрқия  жеңгеміздің  ұлдары  Ержан, 
Ерлан,  Ғабиден,  Нұрландар  қазіргі  заман  бизнесінің  алғашқы  қарлығаштары 
болып  жанар-жағар  маймен  айналысатын  «Сонар»  фирмасын  құрды.  Осы 
ағайынды азаматтардың арқасында бір ғана Науалы ауылынан 800 жас жігіттер 
мен қыздар Алматыға барып «Сонар» фирмасында жұмыс істеп, бастарына үй, 
астарына көлік дегендей бір-бір шаңырақ иелері болып шыға келді. Осы кезде 
ауылдың  халқы  дағдарысқа  ұшырап,  ел-жұрт  топалаң  тиген  қойдай  мәңгіріп 

 
124 
жүрген. Сол уақытқа дейін қазақ баласына Алматыдан гөрі аспандағы жұлдыз 
жақын болатын.  
– 
Жұматай  бауырым,  өзің  білесің  біздің  студент  шағымызда  мынандай 
қанатты  сөз  кең  тараған  болатын:  «Алматы  қазақтың  астанасы,  орыстың 
баспанасы, ұйғырдың асханасы» – деген. Осының бір мысалы институтты бітіре 
салысымен аспитантураға сынақ тапсырып ғылым жолына түсейін деген ойым 
болды.  Бірақ  прописка  керек  екен.  Ол  кезде  Рахпардың  әке-шешесі  Алматыда 
тұратын. Солардың үйінде прописқаға тұратын орын болды. Марқұм қайнағам 
Әсетолла екеуміз паспорт столының бастығы бір орыс полковникке кірдік. Ол 
отырғызбай қуып шықты: «Қазақтар Алматы сендердің не теңдерің?», – деп. 
 
Сол кезде «Сонарды» марқұм, топырағың торқа болғыр Ғабиден Оразұлы 
басқаратын – амал не, мезгілсіз орда бұзар отызда мезгілсіз ажал алып кетті ғой! 
Ғабиден  бауырымыз  өзінің  ел-жұртына  ауылымыздың  жастарына  керемет 
жақсылық пен шапағатын тигізіп кетті.  
Рахметов  Ғабиден  Оразұлы  –  нарық  заманының  туын  көтерген  нар 
тұлғасы, «SONAR» тұңғыш президенті, ақжарқын, ғасырдың азаматы еді.  
Рахметов  Ержан  Оразұлы  –  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің 
Мәжіліс депутаты. Ержан Оразұлы Парламентімізге екі қабат қайтара сайланды. 
Ержан бауырымыз маған айтып еді: «Әсет аға, халықтың қалаулысы болу үшін, 
халықты  құр  дүрліктірмей,  өтірік  уәдемен  тұлыпқа  қаратқызып  мөңіретпей, 
халқың  үшін  еңбегіңді  сіңіріп  жақсылық  жасай  білу  керек»  –  деп.  Осының 
дәлелі  ретінде  ұлы  Абай  атамыздың  150  жылдық  тойында  барлық 
шығармаларын  Лондонда  ағылшын  тіліне  аударып  шығып,  Абай  атамыздың 
ұлылығы арқылы қазақ халқымызда бүкіл әлемге паш етуінің өзі неге тұрады?! 
Ендігі  бір  мысал,  өзі  депутат  болып  сайланған  Абай  ауданында  мал 
ұрлығыны  тиым  болмай,  елдің  берекесі  кетіп  қапты.  Шыдамаған  көпшілік 
Ержанға  келіп  арыздарын  айтып,  мұңдарын  шағыпты.  Осы  әңгімені  Ержан 
бауырым маған былай деп баяндап беріп еді. 
– 
Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығын шақырып алып: «Осы ауданды 
не сен биле, не барымташы мен ұры-қарылар билесін. Бір аптаның ішінде ұрлық 
тиылмаса, мәнсәбіңмен қоштаса бер» – деп қысқа да нұсқа айттым. Сол-ақ екен 
басқа аудандарда, барымта мен ұрлық өрт боп жалыны бет қаратпай тұрғанда, 
Абай ауданында пышақпен кескендей сап тиылды. 
Жұматай  бауырым,  осыдан  шығатын  қортынды  Жаратушы  барлық 
болатын оқиғаны алдын ала білдіріп отыратынын қалай ғана мойындамассың! 
Тылсым  дүниені  біреу  арқылы  хабарлап,  енді  біреу  арқылы  халықты  соңынан 
ертіп  жүретін  серкені  де  халықтың  өз  ішінен  –  лайықты  дегенін  таңдап 
алатынына қалай ғана таңқалмассың! 
 
 
 

 
125 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет