жанама ерекшеліктерге жіктеледі?
Жауап: – Қастер Сарқытқанұлы, адамның дене бітіміндегі Ауа ерекшелігінің
өзі бес жанама ерекшеліктерге жіктеледі. Олардың әрқайсысы ағзамыздың
белгілі бір мүшесінің іс-әрекетіне жауап береді. Әрбір жанама ерекшелік
белгілі бір жерде орналасып, нақтылы іс-әрекет қылады. Оларды «дененің желі»
немесе толқыны деп атайды. Олар ақпаратты жүйкеге бергендіктен: бұлшық
еттердің, қан тамырлары мен түтіктердің т.б. қозғалатын мүшелердің бәрі де,
алынған бұйырыққа сәйкес – қимылға, әрекетке кіріседі.
Сұрақ: – Ауа ерекшелігінің Сезім жанама түрі дегеніміз не? Ол қайда
орналасқан?
Жауап: – Адамның дене бітіміндегі Ауа ерекшелігінің сезім жанама түрі
мида, баста, кеудеде орналасқан. Олар бес сезім мүшесінің жұмыстарын
қамтамасыз еткендіктен біз: естиміз, көреміз, тамақтың дәмін, топырақтың исін
сеземіз, өзіміздің терімізге жанасқан затты да көріп-сеземіз. Жанама ерекшелік
ойлау жүйемізге әсер етеді. Басымыздың сыңғырлап тұруы да ауаның бір
сапасы, осы кезде ойлау қабілетіміз жақсы ерекшеленіп, арта түседі. Егер де
осы жанама ерекшелік тепе-теңдікте болса, онда басымыз үнемі жақсы жұмыс
істеп, көңіліміз көтеріңкі, ойлауымыз анық, айқын, ойымыз мөлдір, таза болады.
Ауаның жанама ерекшелігі тыныс алуымыздың жиілігіне, жұтуымызға әсер
етіп, қалған төрт жанама ерекшеліктердің арасындағы бастысы болып саналады.
Ауаның жанама ерекшелігінің тепе-теңдігінің бұзылуы: қорқыныш, үрей,
әлсіздік, ұйқысыздық, дәм, иіс сезбеуге, көздің көруінің нашарлауына әкеп
соғады. Құлақтағы шуыл, көздің жасаурауы, былшықтануы, танау мен бас
қуыстарында шырыштың шоғырлануы да – осы сезім жанама түрінің тепе-
теңдігінің бұзылуының салдары.
Сұрақ: – Ауа ерекшелігінің сөз жанама түрі түрі дегеніміз не? Қай мүшеде
орналасқан?
Жауап: – Ауа ерекшелігінің сөз жанама түрі өңеш пен өкпеде орналасқан.
Бұл құлақпен байланысқан мидағы сөйлеу орталығы арқылы сөйлеу ағымының
жұмысын қадағалайды. Мысалы, сәбилердің сөзінің бұзылуы – өткен өміріндегі
есту мүшесінің бұзылуының салдары. Осы сөз жанамасы еске сақтау қабілеті
мен ойдың жетілуіне әсер етеді. Осының тепе-теңдігінің бұзылуы жөнді сөйлей
алмауға (тұтығу), құрғақ жөтелге (өкпедегі ауа алмасының бұзылуы), өңештің
құрғауына, баспаққа (тамақтың ауруы), жалпы әлсіреуге жол береді.
Сұрақ: – Ауа ерекшелігінің ас қорту жанама түрі дегеніміз не? Қай
мүшелерде орналасқан?
109
Жауап: – Ауа ерекшелігінің ас қорту жанама түрі асқазанда, ішекте,
төсіміздің айрық сүйегінде орналасқан. Ол жүректің, асқазанның, тік ішектің,
тоқ ішектің, асқазан астындағы бездердің, сондай-ақ ас қорту мен ішектердің де
жұмыстарын қамтамасыз етеді. Осы ас қорту жанамасының тепе-теңдігінің
бұзылуы ішкен тамақты баяу немесе өте жылдам қортып, асқазан мен
ішектердің ауруына, түйілуіне, желдің жиналуына, тамақтың жөнді сіңбеуіне
әсерін тигізеді.
Сұрақ: – Ауа ерекшелігінің жыныс жанама түрі дегеніміз не? Қай
мүшелерде орналасқан?
Жауап: – Ауа ерекшелігінің жыныс жанама түрі тік ішек пен қарынның
төмен жағында орналасқан. Ол жыныс мүшелерінің, етек кір ағымының
жұмыстарын ретке келтіріп отырады. Осы жыныс жанама түрінің тепе-
теңдігінің бұзылуы кіші дәрет шығаратын мүшенің, іштің маңының, белдің
ауруына, етек кір ағымының бұзылуына, ішектің қатуына, түйілуіне, газдың
жиналуына әкеп соғады.
Сұрақ: – Ауа ерекшелігінің жүйке жанама түрі дегеніміз не? Қай
мүшелерде орналасқан?
Жауап: – Ауа ерекшелігінің жүйке жанама түрі өзінің әсерін бүкіл
жүйке жүйесі мен қан айналу жүйесі арқылы береді. Біздің бес сезім
мүшелеріміз берген ақпаратты жүйке жүйесі арқылы қабылдайды, қан
тамырларының біресе кеңіп, біресе тарылуының да себебі осыдан. Осы жүйке
жанама түрі қан қысымы мен терлеуімізге жауапты. Осының тепе-теңдігінің
бұзылуы қан қысымының жоғарлауына не төмендеуіне, қан айналымының
бұзылуына, тахикардияға, жүйкенің ауруына ұрындырады.
Сұрақ: – Тепе-теңдік бұзылғанда қалай реттеуге болады?
Жауап: – Тепе-теңдіктің бұзылу салдары, Ауа ерекшелігінің тоқ ішектің
төменгі жағы мен тік ішектің ішіне шоғырлануына себепкер болады. Осыдан
құтылу және ауа алмасуын реттеу үшін, таңертең және кешке денедегі қуат
көздерін уқалап, ауаның денедегі тепе-теңдігін сақтауға болады. Осы ауаның,
тәніміздегі от пен судың да қалыпты қалпын сақтауға септігі тиеді.
Қуат көзінің бірінші нүктесі қабақтың екі арасына орналасқан, осыны екі
саусағыңызға май жағып алып, сағат жүрісі бойынша қатты батырмай күніне екі
қабат жылу пайда болғанша баяу 1-2 минут уқалаңыз, егер де қатты батырып,
жұлқып уқаласаңыз бас қуысыңызды кеулеп алған желіңіз ұлғая түседі.
Қуат көзінің екінші нүктесі төс сүйектің айрығының арасындағы ойыққа
орналасқан (солнечное сплетения). Осы нүктені екі не үш саусағыңызбен сағат
жүрісі бойынша 2-3 минут уқалаңыз. Уқалауды тек жатқан қалыпта ғана
жасаңыз.
Қуат көзінің үшінші нүктесі қарныңыздың ортасында болады, осы
аумақты уқалағанда, ауаның тепе-теңдік қалпының бұзылуының салдарынан
болған көптеген келеңсіздіктерден арыласыз.
110
От ерекшелігі
Сұрақ: – Әсет Ризаұлы, От ерекшелігі дегеніміз не?
Жауап: – Қастер Сарқытқанұлы, От ерекшелігі – денеміздегі от немесе
жалын, запыран. Бұл тәніміздің зат алмасу ағымының барысында пайда болған
жылу қуаты. От – ас қорту, сору, еріту, теріміздің жылуын бірқалыпта ұстау,
өңімізді, көз жанарымызды, теріміздің түрін және нәзік денелерімізге қоректі
тасымалдау жұмыстарына жауап береді. Осының тепе-теңдік қалпы бұзылған
кезде: ашу, ыза, көре алмаушылық, қызғану, тойымсыздық сезімдеріне жол
ашылады. Барлық құмарлықтар да оттың бақылауында болады. Ол сырттағы
оттан нәр алады, сондықтан да сырттағы от өзгеренде, осыған сәйкес тәніміздің
ішіндегі от та өзгереді. Көздің қырағылығы мен пайымдау да оттың қол астына
қарайды.
Сұрақ: – От ерекшелігі қалай жіктеледі?
Жауап: – От та бес жанама ерекшеліктерге жіктеліп денеміздің әр
жеріне орналасады. Ол асқазанда, тері бездерінде, қанда, майда, көзде,
терімізде, бірақта негізгі мекені ішек (тонкой и 12-перстной). Оттың тепе-
теңдігінің бұзылуы – терінің қабынуына, гастритке, іштегі жараға, шаншуға,
көздің, шаштың ауруына, вирустың, удың пайда болуына, қанның ауруына,
денеміздің қызуының жоғарлауына т.б. зардаптарға мұрындық болады. Оттың
ыстық, ылғалды, майлы, шалт, өткір, анық, жеңіл, сасық, сапасын біле отырып,
тәніміздегі оттың ұлғаю себебін анықтай аламыз. Оттың осы қасиеттері де
денеде молая береді. Осыны тепе-теңдік қалыпқа келтіру үшін, осыған қарама-
қарсы сапа қажет. Мысалы:
Оттың сапасы
(нашарлататыны)
Қарама-қарсы сапасы
(жақсартатыны)
Ыстық
Суық
Ылғалды
Құрғақ
Майлы
Майсыз
Шалт
Баяу
Өткір дәм
Тәтті
Жеңіл
Ауыр
Сасық
Хош иісті
Сұрақ: – От ерекшеліктерін тепе-теңдік қалыптан шығаратын себептер не?
•
дұрыс тамақтанбау
•
дұрыс ойламау
•
қоршаған ортаның нашарлығы
•
Тазалық сақтамау
111
Жауап: – Дұрыс тамақтанбау – Оттың сапасына тән тағамдарды ішіп-жеу.
Мысалы, дене бітімінде От ерекшелігі бар адам өте ыстық тамақты, сұйықты
көп ішуіне, майлы, өткір дәмді тағамды жеуіне, сасық иіспен дем алуына
болмайды, себебі кеудесіндегі ыстығы көтеріліп кетеді. Жеңіл тамақпен ғана
тамақтануына, 3,5 сағат бұрын пісірілген тағамды, тұрып қалған тамақтарды
жеуіне болмайды. От ерекшеліктермен сәйкес тамақтарды ішкенде,
денесіндегі от мөлшері ұлғайып, аузынан жаман иіс шығып, терлегенде
шыққан тері, кіші және үлкен дәреті сасып кетеді. Бұндай тағам: ойын
мазасыздыққа, ашу-ыза, көре алмаушылық, қызғаныш, тойымсыздық,
ашкөздік сезімдерін оятып, құмарлығы қозып, ойлау жүйесі жанжалдасуға
бейім тұрады.
Сұрақ: – Дене бітімінде от ерекшеліктері бар адамға қоршаған орта қалай
әсер етеді?
Жауап: – Дене бітімінде От ерекшеліктері бар адамдар қоршаған ортаға да
тәуелді, ыстық жазда, шілдеде сырттағы оттың қызуы көтерілсе, соған сәйкес
іштегі жалын да лапылдап жана бастайды, сондықтан да осындай адамдар
ыстық ауа райында бойкүйез, салғырт, маубас болып, жаман сезімдері ашу-
ыза т.б. белең алады. Ыстық, майлы, өткір, жеңіл тамақтардан денедегі от
лап етіп жанып, денедегі ауаны жағып жіберетіндіктен ас қортылмайды, ал
керісінше ылғалды тамақ денедегі отты сөндіреді. Оттың ұлғайып, тепе-
теңдігінің бұзылуының негізгі себебі, – Ауаның бұзылуы. Денедегі от та, су
да өз беттерімен қозғалмайды, оларды қозғалтатын ауа. Сондықтан да
денедегі ауаның тепе-теңдігі бұзылғанда, от пен судың да тепе-теңдіктері
бұзылады. Біздің тәнімізде оттың 13 түрі бар. Ең бастысы ас қорту оты
асқазанда болады, кесек асты ұсақтап бөлшектерге бөледі. Оттың бес түрі
бауырда (бауыр оты) болып, ішкен тамағымыздағы бізге жат элементтерді,
өзімізге тән элементтерге алмастырады. Оттың әсерімен бауыр келген суды
қанға айналдырады. Оттың жеті түрі нәзік денелерімізде болады, олар
қоректі бір денеден екінші денеге тасымалдайды.
Оттың бес жанама ерекшеліктері
Сұрақ: – Ас қорту жанама түрі дегеніміз не? Қай мүшеде
орналасқан?
Жауап: – Ас қорту жанама түрі – асқазанда және тоқ ішекте
орналасқан. Бұл жанама, қоректік заттардан уларды ажыратуда және ас қорту
ағымында өмірлік маңызы бар жұмыстар атқарады. Ас қорту барысындағы
жылу алмасуын реттеп, оны баяу не жылдам қылады.
Осының тепе-теңдігінің бұзылуы асқазан мен ішек жолдарын күйдіруге,
қыжылдатуға, жара шығуға, тамақтың мезгілімен қортылмауына, ауамен,
тамақпен, қышқыл кекірулерге, асқазанның қортпау азабына әкеп тірейді.
Сұрақ: – Қан жанама түрі дегеніміз не? Қай мүшелерде орналасқан?
112
Жауап: – Қан жанама түрі – қызыл қан түйіршіктерінде, бауырда және
көк бауырда шоғырланған. Бұл жанама қызыл қан түйіршектерінің құралуын
басқарады және ас қорту жанама түріне тәуелді, себебі тасымалдау ағымы
мен тамақты өңдеу толықтай ас қорту жанама түрінің жағдайына
байланысты. Қан жанама түрі, қанның құрамының тепе-теңдігін сақтап
отырады. Ағзадағы улар, қан жанама түрінің тепе-теңдігін бұзатын басты
себеп. Егер қан құрамында улар мен вирустар көп болса, онда осы қан
жанамасының әлсірегені және ауру әкелетін микробтарға қарсы тұра
алмайды, инфекциялық, сары ауру (гепатит), қан, тері, инфекциялық аурулар
да, осының салдары.
Сұрақ: – Жүрек жанама түрі дегеніміз не? Қай мүшеде орналасқан?
Жауап: – Жүрек жанама түрі – жүректе шоғырланған. Ол жүректің
жұмысы мен еске сақтау қабілетіне жауапты. Шешімсіздік, күмәндану, өзіне
сенімсіздік осы жанама түр әлсірегенде пайда болады. Осының тепе-
теңдігінің бұзылуы жүрек аурулары мен жүректің шаншуына себепкер.
Сұрақ: – Көз жанама түрі дегеніміз не? Қай мүшеде орналасқан?
Жауап : – Көз жанама түрі – көзде болады. Көздің жарқырауы, жақсы
көруі, нұрлануы тепе-теңдікті білдіреді. Осы тепе-теңдік бұзылған жағдайда:
ашу-ыза, кектену, көре алмау, жек көру сезімдері ушығып кетеді.
Сұрақ: – Тері жанама түрі дегеніміз не? Қай жерде орналасқан?
Жауап : – Тері жанама түрі – терімізде орналасқан. Осының арқасында
температура айырмашылығын, құрғақ пен ылғалды ажыратамыз. Осының
тепе-теңдік жағдайы бұзылған мезетте: тері ауруларына ұшырап, тері рагы,
әртүрлі бөрткендер мен қотырлар қаптап кетеді.
Ізденуші Мұқашбековтың сегізінші толғауы.
Тақырыбы: Су ерекшеліктері, Су ерекшеліктерін тепе-теңдік қалыптан
шығаратын себептер. Судың жанама ерекшеліктері. Неге таңертең ерте
тұруымыз керек?
Ей Алланың пенделері, аурудан емделіңдер, Алла тағала ешқандай ауруды әдейі
жаратпаған. Ал егер ауру келген болса, сол ауруға лайықты емді жаратқан.
Тек бір кеселдің ғана емі жоқ – ол кәрілік. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Су ерекшеліктері
Су ерекшеліктері – «биологиялық су» немесе шырыш. Су – денемізді
байланыстыратын элемент, тініміздің мықтылығы денеміздегі судың жағдайына
байланысты, жаңа жасаушалардың құрылуы, алмасуы ағзамыздағы су мен
шырыш арқылы іске асады. Денемізде су мен шырыш болмаса бізідің
сүйектеріміз морт және үлбіреп тұрған болар еді. Сүйегіміздің беріктігі
денеміздегі судың қуатына байланысты. Су қанымызды үнемі алмастырып,
сұйықтың деңгейін бірқалыпта ұстап тұрады да, теріміздің кеуіп кетуіне
113
мүмкіншілік бермейді. Қартаюымыздың себебі, денеміздегі судың сапасының
нашарлауынан. Су қанымызда, лимфте, плазмада, протоплазмада,
мүшелеріміздің шырыш қабықтарында болып, буындарды майлайды, терімізді
ылғалдандырады.Оның негізгі тұрағы кеуде сүйегіміздің асты мен асқазан.
Ауыр, суық, баяу, ылғалды, қою, қозғалмайтын, ылай – су мен шырыштың осы
сапаларын біле отырып, денедегі су мөлшерінің көбею себебін анықтауға
болады. Жоғарыда аталып өткен сапалар оның жағдайын , сапасын төмендетеді.
Осы кемшіліктерді теңестіру үшін басқа қарама-қарсы сапалар бар.
Судың сапасы
(нашарлататын)
Қарама-қарсы сапа
(жақсартатын)
Суық
Ыстық
Ауыр
Жеңіл
Баяу
Тез
Ылғалды
Құрғақ
Қою
Сұйық
Кір
Таза
Қозғалмайтын
Қозғалатын
Майлы
Майсыз
Су ерекшеліктерін тепе-теңдік қалыптан шығаратын себептер:
•
су ерекшелігінің тепе-теңдігін бұзу
•
дұрыс тамақтанбау
•
дұрыс ойламау
•
қоршаған ортаның кері әсері
Су ерекшеліктерінің тепе-теңдігі бұзылған кезде, арнасынан асып кетеді.
Дұрыс тамақтанбағанда су ерекшеліктеріне ұқсас ауыр тамақтар, денедегі су
ерекшелігінің жағдайын төмендетеді. Мысалы, дене бітімінде Су ерекшелігі
бар адам – ауыр, суық тағамды, балмұздақты, суық сусынды, сұйықты көп
ішіп-жемеуі керек және бірқалыпты қозғалмайтын өмір салтын ұстанбауы,
майлы тамақтарды, тұзды, ашты, шөлдететін тамақтарды жемеулері қажет,
әйтпесе ағзасына су жиналып, толғанның үстіне семіре түседі. Осылардың
сезім әсерлері тамаққа тікелей тәуелді. Су ерекшеліктерімен сәйкес тағамдар
оның – ашкөздігін, сараңдығын (аямшақтығын), дүниеқоңыздығын еселей
түсіп, ұзақ күйзеліске ұшыратады. Керісінше, су ерекшеліктеріне қарама-
қайшы – ыстық, жеңіл, жылы, құрғақ, сұйық, майсыз тағамдар дененің
жеңілдігін арттырып, ми жасаушаларының жұмысын жақсартып, уларды
жойып, жүрегін қуанышқа, көңілін күлкіге толтырады. Жеңіл тағам ақылды
байсалды қалыпқа түсіріп, ұйқы, жалқаулық шақырмайды, керісінше денені
114
қажырлы, ширақ қылып, жұмыскерлігін арттырады. Біздің қоршаған
ортамызда су кемерінен асқан мезетте, мысалы, ай толғанда адамның да су
ерекшелігі ұлғаяды. Жаңбырлы суық ауа райында дене бітімінде су
ерекшеліктері бар адамдар қызықсыз, ұйқы басып, барлық денесі ауыр
тартып, басы қазандай болып, денесіндегі су ерекшелігінің тепе-теңдігі
бұзылады, кеудесі сырылдап, өкпесі қабынып, тымау, жыныс аурулары
жағалай бастайды. Осы кезде көре алмаушылық, үнемшілдік, аямшақтық пен
ашкөздік т.б. жаман сезімдері бас көтереді.
Судың бес жанама ерекшеліктері
Асқазан жанама түрі – асқазан мен қарында орналасқан, ол асқазандағы
ылғалдық пен ас қортуға жауап береді. Кей кезде асқазанға шырыш көп
жиналып қалады, ал кейбір кезде өткір тағамдарды жегенде ылғал жетіспей
қалуы мүмкін, сондықтан асқазанның жағдайын бақылап отыру қажет.
Шырыштың көп жиналуының бірінші белгісі – тәбеттің жоғалуы және аш
екеніңді сезіну. Асқазан құрғап кетсе іш бұрап ауырады. Артық су асқазанда
шоғырланады. Асқазан жанама түрінің тепе-теңдігі бұзылса, тамақ сіңбей,
оның бөліну мен сіңіру ағымы бұзылады.
Күш жанама түрі – кеудеде, өкпеде, белде болады. Бұл жанама кеудеге,
өкпеге, белге күш беріп, қалыпты жағдайда бұлшық еттерді дамытып,
жүректі қорғайды. Дене бітімінде су ерекшеліктері бар адмадардың кеудесі
шалқақ, арқасы мен иығы жалпақ болады. Осы ерекшеліктің тепе-теңдік
қалпы бұзылған жағдайда шырыш кеудеге, өкпеге, қолқаға, өкпенің
қуыстарын бекітіп тастап, арқаның, іштің төмен жағына, жиналып, арқаның
төмен жағын ауыртып, кіші дәрет жолын қабындырады, жыныс мүшелерін
қызметін бұзады. Ентігеді, кеудедегі сырыл қозады, жүрегіне қан шапшиды,
осы жағдайда су ерекшелегі бар адамдар қалыпты қуаты мен сақтығынан
айырылады. Бұларға темекі шегу де зиян, онда тыныс жолдары ауырып,
бұлшық еттері болбырап, қолқасы бітеліп қалады.
Тіл жанама түрі – тілде орналасады. Ол дәм сезу мен анықтау жұмысын
атқарады. Егер де жиі және көп жей берсе дәм сезу жоғалып кетеді. Күні
бойы тамақты шайнаңдап жей беретін тамақсау адамдар тіл жанамасының
тепе-теңдігін бұзады, бұның бұзылуы дәм сезбеумен байланысты. Сіз
байқадыңыз ба, тәттіні не болмаса бүлдіргенді өте көп мөлшерде жегенде, тіл
сезбегеннен кейін ғана барып тойғаныңды сезесің.
Жұлын жанама түрі – мұрын тесігінде, баста және жұлын сұйығында
орын тепкен. Осы жанама мұрынды, ауызды, көзді сақтап, жұлын сұйығының
тепе-теңдігін сақтайды. Суық тиіп ауырғанда танауымыздан су ағып, таңертең
көзіміз былшықтанып, аузымыз кеуіп, немесе керісінше аузымызға сілекей
толуы осыған байланысты. Осының тепе-теңдігінің бұзылуынан бас қуысының
қабынып, басымызды ауыртады, бар денемізді әлсіретеді, басымыз шойын
115
құйғандай ауырлайды, кеңсірікке маңқа жинайды, иіс сезуіміз жоғалады,
орталық жүйке жүйемізді ауруға шалдықтырады.
Буын жанама түрі – түтікшелерде жайғасқан. Осы жанаманың
арқасында денеміздегі әр буын майланады. Азайып кетсе, мысалы,
буындардағы ауа азайып, ылғалы азаяды, тіземіздің, буындарымыздың
сықырлауына, артриттің белгісі білінеді, ал кемерінен асып кетсе буындарымыз
ісініп, ылғалы көбейіп кетеді. Буын жанама түрінің тепе-теңдігінің бұзылуы
буындарды әртүрлі ауруларға душар қылады.
Дұрыс тамақтану, қалыптасқан әдетімізді өзгерту арқылы қандай
болмасын ерекшеліктерді тепе-теңдік қалыпқа келтіруге мүмкіншілік бар. Дене
бітімінде Су ерекшеліктері бар адамдардың өмір бойы қалыптасқан әдеттерінен
құтылуы қиын, бірақта ескі қалыптасқан әдеттерін табиғатпен үндестіріп
өзгерте алса, үш ерекшеліктердің тепе-теңдік қалпының бұзылуы өте сирек
кездеседі.
Тәулік 4 сағаттан алты кезеңге бөлінеді. Бұл – жылдың төрт мезгілі
сияқты. Жылдың мезгілінің алмасуына байланысты, біздегі басым
ерекшеліктеріміз де өзгеріп тұрады. Мысалы, жазда От ерекшелігі, күзде Ауа
ерекшелігі басым болады. Сондай-ақ, біздің денемізде – ерекшеліктеріміз
тәулігіне алты қабат өзгеріп тұрады.
Ерте тұрған адамның несібесі артады, ал таңғы ұйқы – ризығыңды кемітеді.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Мысалы, түнгі сағат 2-ден таңғы сағат 6-ға дейін Ауа әрекет қылады. Ауа
жеңіл, анық, таза сондықтан таңғы 6-да, немесе күн шығардан бір жарым сағат
бұрын тұру өте пайдалы. Осы кезде ауа кеңістігі өзін күн қуатымен
қанықтырады, күн шығардан жарты сағат бұрын, күн өзінің ерекше жайлы
шуағын төгеді. Барлық дін ағымдарында, ғылми тұрғыдан да ерте тұруға кеңес
беретіні осыдан. Ауа тәнімізден – улардың шығуына, ішегіміздің босауына
жауапты, сондықтан да Ауа ерекшелігінің кезеңінде тұрсаңыз, ол жақсы жұмыс
атқарып денедегі уларды, қалдықтарды уақтылы шығарып тастайды. Ерте
тұрған адам күні бойы сергек жүреді. Таңғы сағат 8-ден кейін тұратын адамдар
өздерін нашар сезініп, күні бойы шаршап жүреді, бұндай ұйқы ағзаға жеңілдік
әкелмейді.
Таңғы сағат 6-дан күндізгі 10-ға дейін Су әрекет қылады. Су ауыр
болғандықтан осы аралықта тұрған адамдарды үнемі ұйқы басып жүреді. Осы
кезеңде тамақ ішпеуге тырысыңыз, себебі денеңізде Судың мөлшері
көбейгендіктен, ауа қозғалысы баяу болып, денеңіз ауырлап, іштегі отыңыз
маздап жана алмай бықсып тұрады, сондықтан да осы аралықта ішкен
тамағыңыз толық қортылмайды да қаныңызды былғайды. Таңғы 10-нан күндізгі
2-
ге дейін От әрекет қылады, сондықтан да тамақты күндізгі 11-12 аралығында
116
ішіңіз, ал келесі тамақты 5-6 сағат өткізіп барып, күн ұясына отырғанша
қабылдаңыз.
Күндізгі 2-ден кешкі 6-ға дейін Ауа әрекет қылады. Осы аралық жеңіл,
шабыт тудыратын кезең, адам жұмыс істеуіне, спортпен, үй шаруаларымен
шұғылдануға таптырмайтын кезең, осы кезде денеңіз жеңілдеп, қандай іске
болмасын құлшынып тұрасыз.
Кешкі 6-дан түнгі 10-ға дейін қайтадан Су әрекет қылады. Осы кезеңде
күні бойы тыным таппаған адам шаршағанын сезеді, ұйқысы келеді, сондықтан
да түнгі 10-нан кешіктірмей ұйқыға жатуыңыз керек, егер де өзін-өзі зорлап
түнгі 10-нан кейін жатса, бұл аралық қайтадан Оттың әрекет қылатын кезеңі
(түнгі 10-мен 2 аралығы), сағат түнгі 11-ден кейін адамның ұйқысы ашылып
кетеді, қайтадан қуат құйылғанын сезеді.
Түнгі 10-мен, түнгі 2 аралығы ұйықтауға ең жайлы уақыт, осы кезеңде
ішкен тамақтарыңыз ішегіңізде қортылып, адам тәтті ұйқының құшағында
болады.
Кей кездерде дене бітімінде От ерекшеліктері бар адам түн ортасында
тұрып алып тамақ ішуі мүмкін, себебі осы кезде От сырттан да, іштен де әрекет
қылып жатады, сондықтан осы қылықтарына қарап бұндай адамдарды сөгіп,
жазғыруға болмайды. Түнгі 2-ден кейін ұйқы үстіртін, түс көреді, мұндай ұйқы
адамның басы мен денесіне демалыс, мамыражайлық қалып бермейді. Тәулігіне
6-
сағаттан артық ұйықтамаңыз, ұзақ ұйқы маубастық пен жалқаулыққа
жетелейді. Жылдың төрт мезгілін, тәуліктің алты алмасуларын, ішетін
тамағыңызға сәйкестендіріп, бұрынғы әдеттеріңізді осыған сәйкес өзгертсеңіз,
дүркін-дүркін ашығып, ағзаңызды тазалап отырсаңыз, ажал жеткенше деніңіз
сау, ширақ та шырайлы қалпыңызды сақтай аласыз. Жаратушы өз
тағдырыңызды өз қолыңызға берген, жалындаған жастыққа толы ғұмыр да,
мезгілсіз қартайып, аурудың зардабын тарту да, арам өлу де, адал
Жаратушының өзіңізге берген ғұмырын салауатты, сыңғырлаған денсаулықпен,
бақытты өткізу де өз қолыңызда екенін жадыңыздан шығармаңыз, осыған жету
үшін осы оқып отырған, алдындағы жазылған «Жасару құпиясы» атты кітапті
үнемі оқып, түсініп, өзіңіздің рухани біліміңізді дамыта берсеңіз болғаны!
Достарыңызбен бөлісу: |