Әсет ризаұлы мұҚашбеков бақыт қҰСЫҢды басыңА Қондырудың ҚҰпиялары


Алла Тағала ғаламның ішінде, ғалам



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата06.03.2017
өлшемі1,25 Mb.
#8021
1   2   3   4   5   6   7   8

 

35
Алла Тағала ғаламның ішінде, ғалам  
Алла Тағаланың ішінде
«Алла тағалаға сыйынғанда, оны Алла тағала көріп 
тұрады деп біліңіздер. Себебі сен Алла тағаланы көрме-
сең де Алла тағала сені көріп тұрады».
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
 «Алла тағала ғаламның ішінде, ғалам Алла тағаланың 
ішінде». Алла тағала ғаламның ішінде деген ұғым,  Оның 
ғаламның әрбір бөлшегінің ішінде екенін көрсетеді. Ол 
әлемнің барлық бөлшегінде, әрбір атомның ішінде, әрбір 
жан иесінің жүрегінде. Ал «Ғалам Алла тағаланың ішін-
де» деген тұжырым Оның ғарыштық, әлемдік бейнесін 
көрсетеді, яғни бүкіл ғалам оның ішінде. Жүректегі Ал-
ланы қазақ Ғазиз жан дейді.
  Парсылық ұлы сопылардың бірі Айн әл – Кудата әл 
– Хамадани (1048 – 1138) жүректе Алланың орны барын 
былай деп ашық жазады:
«Алла  сіздің  түріңіз  бен  бейнеңізге,  сіздің  іс  –  әре-
кетіңізге  қарамайды,  Ол  сіздің  жүрегіңізге  қарайды.  О, 
достым, жүрек бәрін көріп отыратын Алланың орны бо-
лып табылады».
  Қазекемнің: «Адамнан жасырсаң да, Құдайдан жа-
сыра алмайсың» деген терең даналық ойы осыны білдір-
се керек. 
  Мәшһүр  Жүсіптің  енді  атағы  шыға  бастаған  кезі 
екен. Біреу Абайға келіп, мен Мәшһүр Жүсіппін депті. 
Сонда Абай: «Алла қайда, құбыла қайда?», – деп сұрап-

36
ІІІ БӨЛІМ
ты.  Анау:  «Алла  аспанда,  құбыла  Меккеде»,  –  деп  жа-
уап  беріпті.  «Жоқ  сен  Мәшһүр  Жүсіп  емессің»,  –  деп 
әлгі кісіні қуып жіберіпті. Күндердің бір күнінде Абай-
ға сәлем берем деп Мәшһүр Жүсіптің өзі келіпті. Сон-
да  Абай  өткендегі  сұрақтарын  қайта  қойыпты.  Сонда 
Мәшһүр Жүсіп: «Алла адамның жүрегінде, құбыла өзің 
туып  өскен  жерің  –  отаныңда»,  –  деп  жауап  беріпті. 
Сонда Абай разы болып: «Сен нақ Мәшһүр Жүсіптің өзі 
екенсің ғой», – деп құшағына басыпты.
Алла Тағаланың тұтас  «бiр» болуы
112–Ыхылас сүресі
Меккеде түскен
«Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен  
бастаймын.
(Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: 
Ол Алла біреу-ақ. (1) 
Алла мұңсыз. (Әр нәрсе Оған мұқтаж.) (2) 
Ол, тумады да туылмады. (3) 
Әрі Оған ешкім тең емес. (4)» 
Құран Кәрім, қазақша мағына және түсінігі. 604 бет. 
– Алла тағаланың тұтас  «бiр» болуы дегенді қалай 
түсінуге болады?
– Алла тағала әрбiр жан иесiнiң жүрегiнде және ға-
ламның әрбiр бөлшегiнде болатын болса, онда Оның көп 
болып бөлiнгенi ме? Себебi, Құранда «Алла бiр» деп жа-
зады ғой. Ендеше бұл қайшылықты қалай түсiнемiз? 

37
Әлемнiң барлық бөлшегiндегi Алла тағаланың тұтас  
«бiр»  болуы  –  бүкiл  әлемнiң  тұтастығының  кепiлi.  Ол 
тұтас болса – әлем де тұтас. Алла тағаланың жасаған түрлi 
әлем бөлшектерiнiң бiр-бiрiне  тартылу және итеру қаси-
еттерi бүкiл материалдық әлемнiң түрлi заңдылықтарын 
тудырады. Сөйтiп әлем бөлiктерi бiрiгiп, өзара байланы-
сып, түрлi қарым-қатынаста болады. Осының арқасында 
бүкiл  материалдық  әлем  адамның  санасы  түгел    қамти  
алмайтын    түрлi    құпия  заңдылықтарымен,  кереметтей 
күрделi құрылысы тұтасып, бiр Иенiң басқаруымен мүл-
тiксiз  өмiр  сүрiп  жатыр.  Абайдың  «Алла  тағала  ғалам-
ның  iшiнде»  деген  сөзiнiң маңызы осындай.
Жан мен тәннің көптігі
Адамзаттың  барлық  Ұлы  ұстаздары  Құдайдың  бер-
ген көріпкелдік қасиеті арқылы адам, ғарыш жайлы жет-
кілікті ақиқат білім алып бір тұжырымға келген: жан – 
шарт (принцип), адам құрылымының элементі. Атының 
өзі айшықтап тұрғандай адам тәнін тірілтеді. Бірақ, пен-
де жер бетіне шыр етіп туғанда жан бірден лақ еткізіп 
беріле салмайды, жан адам тәніне өмір бойы біртіндеп 
есейген сайын рет-ретімен қонады.
Сондықтан,  кейбір  философтар  мен  дін  ағымдары-
ның  өкілдерінің  адамда  көптеген  жан  бар  деген  тұжы-
рымдарына таң қалушы болмаңыз:
Біріншісі, қалықтап жүретін «өсімдік жаны» – тәндегі 
физиологиялық ағымдарды басқарады: ас қорту, тыныс 
алу, қан айналу т.б...;
Екіншісі,  жетілген  түрі  «жануарлар  немесе  жігер 

38
ІІІ БӨЛІМ
жаны»;
Үшіншісі, «сезім құбылыстарының жаны»;
Төртіншісі, «зерде немесе әлдеқайда жетілген жан»;
Бесіншісі, «Құдай жаны, таза нұр». Бұл жан тек қана 
өзінің  жер  бетіне  қайта-қайта  келуін  толық  аяқтаған 
адамзаттың  Ұлы  ұстаздарына,  пайғамбарларға,  әулие-
лерге қонады;
Адамның  тәні  тамшы  болып  анасының  жатырына 
түскенде «өсімдік жаны», жеті жасқа жеткенде «жануар 
жаны» немесе жігер жаны (воля) қонады.  Жанның то-
лық қонуы есі кіріп немесе «зердесі» оянған шағында то-
лығымен аяқталады деп есептелінеді. Бұл жерде әңгіме 
тек қана «жануар мен жігер жаны» ғана туралы болып 
отыр.  Себебі,  бала  жеті  жасында  өз  бетінше  толықтай 
қимылдап, тынымсыз жүгіріп, іс-әрекеттер жасап тыным 
таппай қозғалып өзін-өзі басқара алады. 
Біртіндеп  сезім  құбылыстары  белең  ала  бастағанда 
жаңа кезең басталады: бұл «сезім құбылыстарының жа-
ны»-ның қона бастағанының белгісі. Адам он төрт жа-
сында  жыныстық  жетілгенде  «сезім  құбылыстарының 
жаны»  толық  қонып  болағанда  пенде  өзінің  сезімдерін 
тізгіндеп  ұстауға  үйренеді.  Бірақта,  осы  кезеңде  оның 
ойлау  жүйесі  де  дами  бастайды  да,  жиырма  бір  жасқа 
толғанда «зерде немесе жетілген жан» тұрақтанады. Бұл 
дегеніңіз  адам  жиырма  бір  жасында  автоматты  түрде 
дана, кемеңгер, салиқалы болып кетті деген түсінік емес: 
жоқ,  осы  кезеңде  пенде  баласы  ойланбаған  қылықтар 
жасауы  мүмкін!  Тәп  осы  кезеңнен  бастап  адам  өзінің 

39
ақыл-ойын, ойлау жүйесін қалыпқа келтіре бастайды.
Енді «Құдай жаны, таза нұр»-ға келетін болсақ оның 
қонуы адамның таңдап алған өзінің өмір сүру салтына 
және  осы  жанды  қондырсам  деген  қалауына  байланы-
сты. Рухани жол дегеніміз осы жол. Рухани ілімді адам 
ыждағаттылықпен  ұзақ  жылдар  бойы  оқып  үйренгеде 
«Құдай жаны, таза нұр»-ды өзіне қондыру үшін шақыра-
ды, тартады. Рухани адам дегеніміз – «Құдай жаны, таза 
нұрды»  өзіне  тарту  үшін,  өзін-өзі  түбегейлі  толықтай 
өзгерте  білген  пенде:  оның  барлық  болмысы  өзара  үй-
лесімді  болып,  ғарышпен,  тылсым  дүниемен  тілдесіп, 
оны түсініп, басқа жандарды имандылық арқылы Құдай 
жолына жетелейтін, Оның сүйікті құлы бола білген адам. 
Яғни – Рухани ұстаз дегеніміз осы адам!
Ақиқатында, бұл жол жер бетіне көптеген рет қайта-
ланып келген, әр келген сайын бар өмірін  «Құдай жаны, 
таза нұр»-ды өзіне тарта білуге бағыштаған, жүрегі кір-
шіксіз таза, имандылығы аса жоғары, Құдайдың ерекше 
сүйген таңдаулы құлдарына ғана мүмкін. Олар ұзақ жыл-
дар бойы ойларын, ниеттерін Құдай жолына шоғырлан-
дырып, ұю (медитация) арқылы жүректерін тазалап, Жа-
ратушыға жалбарынып намаз оқып, заттық – материалық 
әлемнің  қызықтарынан  бас  тартып  Құдайлық  «Менін» 
яғни  «Құдай  жаны,  таза  нұр»-ды  өзіне  тарту,  қондыру 
үшін  дайындалған  адам.  Осы  деңгейге  жеткенде  оған 
Алланың нұры жауады.

40
ІІІ БӨЛІМ
Тән дегеніміз не?
Қазақта «Жан тәнге қонақ» деген мақал бар. Денеміз 
жанның сыртқы қабы. 
«Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес.
Мені мен менікінің айырылғанын,
Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес».      
Абай 
Табиғат деп денемізді айтып отыр. Ал біздің денеміз 
қысқаша  неден  тұрады?  Құран  кәрімде  Алла  тағала: 
«Мен адамды топырақтан жараттым», – деген. Топырақ 
дегеніміз сүйек, тіс, шаш, ет. Екінші адам судан тұрады. 
Су  біздің  денеміздің  80-90  пайызын  құрайды.  Үшінші 
адам оттан тұрады. Адамның бауырында 13 түрлі от бар. 
Адам бойындағы қан оның денесін тәулігіне екі жүз рет 
толықтай  айналып  шығады.  Сол  кезде  бауырдың  құра-
мындағы  13  түрлі  от  қанның  құрамындағы  микробтар 
мен вирустарды қырып, көзін жою арқылы қанды таза-
лап отырады. 
Асқазан кәдімгі жанып жатқан пештің ролін атқара-
ды. Пешке жақсы отын салсаң не болады? Жақсы отын 
салсаң,  жақсы  жанады.  Жаман  отын  салсаң,  бықсып, 
жанбайды. Сондықтан да адам тірі тамақ ішуі керек. Тірі 
тамақ дегеніміз жеміс-жидектер, сүт, қымыз, шұбат. Біз 
көбінесе өлі тамаққа жүгіреміз. Олар: қант, тұз, кәмпит. 
Қанттың орнына бал жеу керек. Бал көп дертке шипа бо-
лады. 
Адамның шегі өзінің бойынан 6 есе ұзын. Орташа 8 

41
– 10 метр болады. Ас қорыту процессі асқазанда, ішек-
те  жүреді.  Көбінесе  үлкен  дәрет  қатып  қалады.  Негізі-
нен  адамның  үлкен  дәреті  адам  тамақ  ішкеннен  кейін 
екі сағаттан соң шығуы керек. Сонда адам тепе-теңдікті 
сақтайды.  Кейбір  адамдар  апталап  үлкен  дәретке  бар-
майды. Ондай адамдардың түрі қап-қара боп кетеді, яғни 
олардың  ағзасы  уланып  жатыр.  Үлкен  дәрет  шықпаған 
соң қанды улай бастайды. Улы қан жүрекке барады. Одан 
қан қысымы көтеріледі. Қан қысымы көтерілген адам та-
мақтанбай тек қана су ішсе, қан қысымы қалпына келеді. 
Оған  ешқандай  дәрі  керек  емес.  Ал  дәрігерлер  болса, 
оған дәрі беріп, науқас адамды одан сайын улайды. Менің 
«Жасару құпиясы» деген кітабымды оқып, сол бойынша 
ашыққан адамдар маған хат жазып, он күннің ішінде қан 
қысымының реттелгенін үнемі айтады. Сондықтан ораза 
барлық діндерде орын алған.
«Адам тәнінде қарыннан жаман ыдыс жоқ. Бірнеше 
рет асаған тамақ адамға жеткілікті. Егер қажет бол-
са, қарынның үштен бірін тамаққа, тағы үштен бірін 
суға, калған үштен бірін тыныс алуға қалдырсын». 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Ал хайуандар неге уланбайды. Себебі, олардың ішегі 
өздерінен үш-ақ есе үлкен. Мәселен, итті алайық, оның 
бойы бір метр болса, ішегі үш метр. 45 жастағы жігіттер 
ауырма-сырқамай  бұл  дүниемен  қош  айтысып  жатыр. 
Ұйып қалған қан түйіршіктері жүректе қалып қойса, ин-
фаркт,  мида  қалса,  инсульт  болады.  Қан  таза  болмаса, 
адам осындай күрделі де ауыр дерттерге ұшырайды. 
Төртінші біздің ішімізде ауа денеміз бар. Байқасаңы-

42
ІV БӨЛІМ
здар  қырықтан  асқан  соң  кейбір  адамдардың  бетінде 
әжім жоқ, ал енді бірінің беті қатпар-қатпар әжім. Себебі, 
ауа  жетіспейді,  қимыл  аз.  Сондықтан  адам  ішпен  дем 
алуды үйрену керек. Жаңа туған нәрестеге қараңызшы, 
ол ішпен дем алады. Ал біз есейе келе тек кеудемізбен 
ғана дем алатындықтан ауа денеміздің тек 20 пайызына 
ғана барады. Содан адам қартайып кетеді. Сол үшін адам 
тыныс алу жаттығуларын жасап тұруы тиіс. Сондай-ақ 
таңертең, кешке таза ауада серуендеуді немесе жүгіруді 
әдетке  айналдырған  абзал.  Өкінішке  қарай  қазіргі  жас 
ұрпақ  компьютердің  алдында  күн  ұзақ  отыруға  қадет-
теніп кеткен.  
ІV БӨЛІМ
Ғазиз жан деген не?
Алла  адамның  жүрегінде  болады,  қазақ  оны  Ғазиз 
жан  дейді.  Барлық  киелі  кітаптарда  Құдай  адамды  өзі 
тектес етіп жаратқан дейді. Адамның жаны Алланың то-
заңдай  ғана  бөлініп  кеткен  бір  бөлшегі.  Сондықтан  да 
әрбір адамның бойында Алланың тозаңдай қасиеті бар. 
Қолыңа  қағаз  бен  қалам  ал  да  жаз.  Теология  деп  жаз.   
Тео – құдай деген сөз. Логия – ілім деген сөз. Мағынасы: 
құдай туралы ілім. 
Көп адам философия деген сөзді көп айтады, бірақ мағы-
насын түсінбейді. Фило – сүйемін, софия – даналық де-
ген  сөз.  Яғни,  даналық  ілімін  сүйемін  деген  сөз.  Енді 
күннің суретін сал да одан шапақ шығар. Күннің бір тал 
шапағының екі жағына стрелка қой да «Жан» деп жаз. 
Бұл біз Алланың бөлініп кеткен бір бөлшегі екендігімізді 

43
білдіреді. Ал стрелка біз қайдан келсек, дәм-тұзымыз та-
усылған күні сол жаққа кететінімізді білдіреді. Абай ата-
мыз былай дейді:
 «Ақыл мен жан – мен өзім, тән менікі,
«Мені» мен «менікінің» мағынасы екі
«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел баста, 
«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі». 
Енді осы сөздің мағынасына келейік. «Ақыл мен жан 
– мен өзім» дейді. Мен кім? Деген сұрақ туады. Мен жан-
мын.  «Тән  менікі»  дейді.  Тән  дегеніміз  біздің  денеміз. 
Ол әрбір мүшел сайын өзгеріп тұрады. Адамның денесі 
жылдар өткен сайын өзгеріске ұшырап, қартаяды. Ал жан 
мәңгілік. Сенде, тәннен басқа меншік жоқ. Киіп жүрген 
киімің, автокөлігің, қойыныңдағы қатының, бала-шағаң 
кімдікі? Сен оларды жаратқан жоқсың, соның бәрі жара-
тушыныкы. Алланікі. 
Мен  бірде  Парижге  барған  сапарымда  «Версаль» 
сарайына  бардым.  Корольдің  сарайы  ғой.  Тамашалап 

44
ІV БӨЛІМ
тұрған кезімде Абайдың бір өлеңі есіме түсті. 
«Адам ғапыл дүниені дер менікі,
Менікі деп жүргені бәрі онікі,
Жан кетіп, тән қалғанда, 
Ойлашы, не болады сенікі?» 
Сүйек қурап, жерде қалады. О дүниеге ешкім еш нәр-
се алып кетпейді. Александр Македонский, оны қазақтар 
Ескендір  Зұлқарнайын  дейді.  Өлерінде  былай  депті. 
«Мені табытқа салып жерлеуге апара жатқан  кезде екі 
қолымды  далаға  шығарып  қойыңдар»,  –  депті.  Неге 
деп сұрағанда: «Мен о дүниелік болдым. Жер дүниенің 
жартысын жауласам да, өзіммен бірге еш нәрсе әкеткен 
жоқпын», – депті.  
«Мені»  мен  «менікінің»  мағынасы  екі»  деген  өлең 
жолындағы «мен» – жан, «менікі» – тән. Қазақта: «Жұ-
мысты  найман  істемейді,  сайман  істейді»,  –  деген  сөз 
бар. Яғни, тән сенің сайманың. Мына материалдық дү-
ниеде  сөйлесеміз,  араласамыз,  қуанамыз,  қу  дүниеге 
жете алмай қарыз боламыз. Қайғы жұтамыз, қуанышқа 
бөленеміз.  Осының  бәрі  өткінші  дүние.  Қазекең  мұны 
қамшының сабындай-ақ өткінші дүние деген. Бұл дүни-
еде біз рухани надандықтың салдарынан: өмірімізді зар-
даппен, азаппен, бейнетпен өтеміз. 
Үшінші шумақ «Мен өлмекке тағдыр жоқ әуел баста» 
дейді. «Мен» деген жан ол мәңгілік, өлмейді. Алла мәң-
гілік, уақыт мәңгілік, қоршаған орта мәңгілік. Тек адам-
ның  тағдыры  оның  рухына,  қарымтасына  байланысты. 
Оны өзгертуге болады. Бұл жайлы менің «Өз тағдырың-
ды – өзің қалай түбірімен өзгертуге болады» деген кіта-

45
бымда айтылған. Төртінші шумаққа келсек, «Менікі өлсе 
өлсін оған бекі» дейді. 
Менікі деген тәніміз, әрине ол «өледі». Сен өлгеннен 
кейін сүйегің қурап, етің ағып қайта топыраққа, дене қы-
зуың қайта отқа, денең кеуіп, семіп су – суына, демің та-
усылып ауа – ауасына қайтады. Бәрі бастапқы қалпына 
келеді. Сонда өлетін не бар?! 
Алла адамның жүрегінде болады. Бұны қазақ Ғазиз 
жан деп атайды. Өзінің жанын шыбын жан дейді. Шы-
бын  жан  төсікте  орналасады.  Адамның  денесінің  сыр-

46
ІV БӨЛІМ
тында көзге көрінбейтін төрт нәзік дене бар. 
1. эфир денесі – күннен қуат алады. Бұл эфир денесі 
спортшыларда жақсы жетілген. 
2. Сезім денесі – ақындарда, әншілерде жақсы жетіл-
ген. Сезім денесі жақсы жетілген адам нәпсіге тез беріліп 
кетеді. 
3. Ақыл денесі – ғалымдарда, математиктерде, инже-
нерлерде жақсы жетілген. Бұлар тек қана ақылын тыдай-
ды. Жүректі тыңдамайды, тылсым дүниеге онша сенбей-
ді.
4. Таным денесі немесе интеллект – адамның дүние-
таным деңгейін көрсетеді.  
Осы төрт нәзік денені аура дейді. Қазақша ниет. Адам 
қайтыс болған кезде бірінші жан мен рух кетеді. Нәзік 
денелер  бір  жылдың  аралығында  толық  кетіп  болады. 
Дініне байланыссыз пенделер адам өлгеннен кейін үшін, 
жетісін, қырқын, жылын береді. Осы кезде нәзік денелер 
біртіндеп адамның тәнін тастап кетіп, жан мен рухқа қо-
сылады. Жақсы, иманды адамның нәзік денесі тез кетеді. 

47
Жан  мен  рухқа  аура  қосылғаннан  кейін  әруақ  болады. 
Әруақта тек дене ғана жоқ, қалғанының бәрі бар.
Нәпсі мүшелері:  
Көз көреді, құлақ естиді, мұрын иіс сезеді, тіл дәм се-
зеді, тері ауа-райының құбылысын сезеді. Мысалы, пен-
де жеміс салатын және арақты көрді.  Бес нәпсі мүшесі 
көрген, сезінген заттарын ақылға хабарлайды. Ақылдың 
жұмысы  тек  қана  жақсы  мен  жаманды  ғана  айырады. 
Ақыл салатты жақсы, ал арақты жаман дейді. Ақыл ек-
шелеп осы хабарды еске жібереді. Ес (разум) ақпаратты 
орын-орнына қояды да, осы ақпаратты санаға жібереді. 
Сана дегеніміз адамның өзінің шыбын жаны. Сана руха-
ни болса арақты ішпе дейді, ал надан болса пенде қуа-
на-қуана арақты ішіп алады.  Сана хабарды Жоғарғы са-
наға немесе Ғазиз жанға жібереді. 
«Жүректе қайрат (Алла) болмаса,
Ұйықтаған ойды кім түртпек?
Ақылға сәуле қонбаса, 
Хайуанша жүріп күнелтпек.»
Абай
Қайрат деген Алланың 99 атының біреуі. Яғни сенің 
ұйықтап жатқан ойыңды Алла түртіп оятып, ақылыңды 
нұрландырады. Осы сәттен бастап пенде рухани ілім із-

48
ІV БӨЛІМ
дей бастайды. Жүрегінің кірі аршылады. Өкінішке орай, 
біздің  қазақ  жастарының  70%    хайуанша  өмір  сүреді. 
Мысалы,  Алматы  қаласындағы  Сейфуллин  көшесінде, 
Алтын  Орда  базарында  жұмыссыз  жүрген  жастардың 
бәрі қазақтар. Басқа ұлт өкілдерін көрмейсің. Бұны «құл 
базар»  деп  атайды.  Бұлар  –  құлдар.  Көк  базардың  жа-
нындағы пәтер жалдайтын «Жетім бұрышта» үйсіз-күй-
сіз қаңғып жүрген тағы қазақтар!
Көрінбейтін әлем дегеніміз не?
«Анық қара жан өзің дене киім
Мақтан, бояу денеге берген сыйың,
Жанға мұндай алдауың азық емес,
Оған пайда не қылдың жалғыз тыйын». 
Шәкәрім әулие 
Бұл жерде айтып отырғаны сен – жансың, ал дене – 
киімің.  Тән  жанның  қабы.  Біз  материалдық  әлемде  бо-
янамыз,  неше  түрлі  қымбат  дүние  алуға  тырысамыз. 
Соның бәрін денеге береміз. Мысалы: қазақтың тойына 
барсақ. Қатындар үстіне бар жақсы көйлегін киіп, асыл 
бұйымадарын тағынады, күйеуі адам менсінбей мойны 
қатып қалып, екі иығынан әрең дем алып отырады. Тойға 
қуанып отырған бұлар жоқ. Олар тойға не үшін келетінін 
білесіз бе? Өздерін көрсету үшін келді. Бір қатын үлде 
мен бүлдеге оранып, келесі қатынның ішін күйдіру үшін 
келді. Соған олар ләззаттанады. Ал бұл жанға керек пе? 
Осы жайлы Шәкәрім: 
Жанға мұндай алдауың азық емес,
Оған пайда не қылдың жалғыз тыйын дейді. 
Ал жанның қасиеті не? Ол мәңгілік. Жанның қалауы 

49
мәңгілік рухани ілім үйрену, бақытқа шомылу. Ол үшін 
жанға рухани ілім беру керектігін ұқпайды. Жанның Ал-
ланың бір бөлшегі екенін де сезбейді. Мысалы, адамдар-
ды көзге көрінбейтін әлем барына сендіру өте қиын. Се-
бебі біздің сезу, көру, есту, дәм мен иіс сезу мүшелеріміз 
тек материалдық әлеммен ғана байланысқа түсе алады. 
Өзіміз  күнделікті  араласып  жүретін  көзге  көрінбейтін 
тіршілікке толы басқа әлем бар деген идеяның өзі шын-
дыққа жанаспайтын ертегі сияқты.
 Қазіргі ғылымның жетістігі микроскоп, телескоппен, 
қолмен ұстап, көзбен көре алмайтын нәрселерді жоқ деп 
ойлайды. Біздің алдымызда қайтыс болған адамның сүй-
егі жатыр делік. Ол өлген. Мүрдені көзге көрінбейтін бір-
деңе тастап кетті. Ол соның арқасында өмір сүрді, жүрді, 
сүйді,  сөйледі,  қуанды,  ренжіді,  ойлады  т.б.  Сіз  оның 
жанына дүние мен тамақтың түр-түрін қойып, осының 
бәрі  сенікі  бауырым  ішіп-же  десең  де  мүрде  орнынан 
тапжылмайды. Осыдан кейін қалайша көзге көрінбейтін 
әлем барын жоққа шағаруға болады. Көрінетін әлем қу-
атты  қайдан    алады?  Көрінетін  әлем  көрінбейтін  әлем-
нен қуат пен қолдау алып тұрмаса, түкке де тұрмас еді. 
Көрінетін әлемнің негізін көрінбейтін әлемнен іздеуіміз 
керек. 
Күн, аспан, жердің бар екенін қос жанарымыз арқылы 
көріп  білеміз.  Ал  осының  бастауы  көрінбейтін  әлем-
де.  Көрінетін  әлем  көрінбейтін  әлемнің  қапшығы  ғана. 
Егер ол болмаса қоршаған ортаның нақытылығын түсі-
не  алмас  едік.  Адамдар  ойланбағаннан  кейін  көрінбей-
тін әлемді жоққа шығарады. Олар өздерінің ойын, сезім-
дерін, ақылын көре ала ма?  Әрине жоқ. Олар сезімінің, 

50
ІV БӨЛІМ
ойының  бар  нәрсе  екеніне  шек  келтірмейді.  Ғашықтар 
бір-бірін  сүйетіндіктеріне  күман  келтіре  ала  ма?    Олар 
ғашықтық сезімін көре алмайды, бірақ сүйгені үшін отқа 
да суға да түсуге дайын.  
Қазақ «Жаным арымның садағасы» дейді. Осы жерде 
жанды, арды көрген кісі бар ма? Әрине жоқ. Дегенмен 
де  адам  осы  нәрселердің  бар  екендігін  жүрегі  арқылы 
сезеді.  Осыған  қарамастан  кейбір  адамдар  көрінбейтін 
әлемді  жоққа  шығарады.  Неткен  қарама-қайшылық  де-
сеңізші. Өзінің басындағы толқудан қаншама қылмыстар 
жасап жатады. Қызғаншақ күйеуі әйелін жөн-жосықсыз 
қызғанады. Сосын ұрып-соғып мүгедек қып тастайды не 
өлтіреді.  Енді  біреуі  бәскелесім  маған  ор  қазып  жатыр 
деп жазықсыз тағы бір жанды өлтіреді. 
Адамдар өздерінің сезімдері мен ойының дұрыс екен-
дігіне күман келтірмейді. Ақиқат деп нық сенімде бола-
ды.  Кейде  олардікі  де  дұрыс.  Егер  ол  қуаныштан  шат-
танып айқайласа, қайғыдан еңіреп жыласа, осы сезімді 
қалай өтірік дей алады. Ішкі шындыққа дау жоқ. Бірақ 
көрінбейтін әлем ол көрінбейді емес көрінеді және де біз 
оны сеземіз. Ол жан иелерімен жарқылға, тоққа, бояуға, 
иіске, тұлғаларға толы болады. Осыны рухани жетілген 
адамдар көре алады. Көрінбейтін әлемде де әрбір элек-
трон есептелген, орнына қойылған. Онда да ақиқат пен 
заңдылық бар. 
Ғазиз жанмен байланыс әдістері
Ғазиз  жанмен  байланыс  жасау  үшін,  Онымен  бел-
гілі  бір  тіл  және  белгі  қою  шарт.  Сіз  өзіңіздің  ойыңыз 
арқылы оған белгілі бұйрық бермеңіз, керісінше соның 

51
жетегінде жүруге тырысыңыз. Ғазиз жан – қандай бел-
гі, қандай тілмен сөйлесуді өзі біледі. Жайласып отырып 
өзіңіздің Ғазиз жаныңызға сұрақ қоюға іштей дайын бо-
лыңыз. Ол үшін дәретіңіз толық болуы шарт. Сұрақ қой-
ған соң, сіздің мақсатыңыз: өте мұқият, ыждағатты түрде 
ағзаңызда болатын өзгерістерді бақылау. Денеңіздің қай 
бөлігінде  өзгерістер  болып  жатқанын  ойша  –  ішкі  жан 
дүниеңізбен, ішкі даусыңызға құлақ түріңіз, бақылаңыз. 
Алған жауапты ойша өзгертуге тырыспаңыз. Ғазиз жан 
жауаптың  әдістерін  өзі  таңдап,  іріктеп  алады.  Сіздің 
істейтініңіз осы жауаптарды сезімталдықпен қабылдау.
«Менің  Ғазиз  жаным,  менімен  сана  деңгейінде  қа-
рым-қатынас, байланыс жасауға дайын ба?» - деп сұрай-
сыз.
Жауап  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Бұны  өзіңіздің  Ғазиз 
жаныңыз шешеді.
Мысалы, біраз уақыттан кейін асқазаныңыз қыжыл-
дай бастауы мүмкін. Бірақ, бұның «Иә» не «Жоқ» деген 
жауап екенін сіз әлі айыра алмайсыз. Сондықтан да, Ға-
зиз жаныңызға іштей алғыс айтып: «Ғазиз жаным, мен 
сенің жауабыңды түсінгім келеді. Егер де асқазанымның 
қыжылы «Иә» деген жауап болса – онда осы жауап қай-
талансын. Қайталанғанда нақтылы әрі анығырақ болсын. 
Егер де бұл жауап «Жоқ» мен әлі дайын емеспін деген 
жауап болса – онда керісінше саябырлап, мүлдем жоға-
лып кетсін.
Сонан  соң,  белгі  қайта  қайталанса.  Онда  «Иә»  де-
ген жауап болғаны. Ғазиз жаныңыз өзіңізбен сана дең-
гейінде қарым-қатынас, байланыс жасауға дайын. Әрбір 

52
ІV БӨЛІМ
жауап  алған  сайын  «Менің  Ғазиз  жаным!  Өзіңе  шексіз 
алғыс, шексіз рахмет!» деп Ғазиз жаныңызға алғыс айту-
ды ұмытпаңыз! Енді сізде Ғазиз жаныңызбен қарым-қа-
тынасқа, байланысқа түсетін арна бар. Ғазиз жаныңызға 
сұрақтар қоя беруіңізге болады, ол оған «Иә» не «Жоқ» 
деген жауап береді.
Егерде  «Жоқ»  деген  жауап  алсаңыз  қапаланбаңыз. 
Бәрібір  жауап  алдыңыз  ғой.  Мұндай  жағдай  сіз  шар-
шап-шалдығып  тұрғанда,  көңіл-күйіңіз  бәсең  болған-
да,  қоршаған  орта  жайсыз  жағдайда  болады.  Немесе 
өзіңізге,  өзіңіздің  Ғазиз  жаныңызға  көзқарасыңызды 
күрт  өзгертіңіз.  Өзіңізді-өзіңіз  құрметтеңіз,  силаңыз. 
Сүміреймей  кеудеңізді  шалқақ  ұстаңыз.  Бұл  жағдайда 
Ғазиз жаныңыздың алдында кешірім сұраңыз. Кешірімді 
өзіңізге сенбегеніңіз үшін және ауыруыңызбен күресіп, 
арпалысып, майдандасқаныңыз үшін сұраңыз.
Ғазиз  жаныңызды  аялаңыз,  мәпелеңіз.  Үнемі  осын-
дай қалыпты ұстаныңыз. Мүмкін сіздің Ғазиз жаныңыз 
үрейленіп қалған шығар, онда оны сабырлылыққа, бай-
салды қалыпқа түсіру шарт. Немесе, сіз осы айтып оты-
рғандарға  сенбейсіз.  Біраз  уақыт  күте  тұрыңыз,  кезде-
скен кедергілерді жеңіп, қайтадан байланысқа шығыңыз.
Ғазиз жан кей кезде сөзінің орнына елес, бейне беруі 
мүмкін. «Иә» деген жауапқа бір бейне, «Жоқ» деген жау-
апқа екінші бейне. Егерде жауап ойша дыбыс болса, онда 
оны күшейтіп азайтуға болады. Ғазиз жаныңызбен «ішкі 
дауыс»  арқылы  да  байланысуға  болады.  Онда  ойыңыз 
арқылы нақтылы жауаптар аласыз.
Мысалдар:

53
Кейбіреудің Ғазиз жанынан жауап алған кезде қолы 
өз-өзінен көтеріледі. Енді біреуінің қарны шұрылдайды. 
Келесі біреуі жазуды көріп оқиды. Осы кітаптың авторы 
жауапты оң қолының сұқ саусағының көтерілуі арқылы 
алады. «Иә» деген жауапта оң қолының сұқ саусағы кө-
теріледі, ал «Жоқ» деген жауапта саусағы қозғалмайды.
Кейбір  кезде  саусақтың  көтерілуі    арқылы  нақтылы 
жауап алуға болады. Есім ауып кеңкелес болып кетем бе 
деп қорықпаңыз. Біздің барлығымыз да, баяғыдан есіміз 
ауып кеткен жынды-сүрейміз, еселаңбыз.
Адамдар өздеріне ауру тауып, өзіне және басқаларға 
зардап, күйзеліс, бейнет әкелуі қалыпты жағдай ма?   Өз 
өмірінің жауапкершілігін өз мойнына алғысы, жүктегісі 
келмейтіні қалай? Бұл жерде айта кететін жайт, не жақ-
сы, не жаман Ғазиз жан болмайтындығы. Егерде нақ ақ 
ниетіңмен  қаласаң,  Ғазиз  жаныңыз  өзіңізбен  қайтсе  де 
қарым-қатынас, байланыс жасайды.
Ғазиз  жаныңыз  әруақытта.  әрқашанда  сізге  қамқор 
болады, бірақта бұны өзінше: сіздің ойлау жүйеңізге, қа-
лауыңызға, ниетіңізге сәйкес іс жүзіне асырады. Себебі, 
өзіңізді бала күніңізден осылай тәрбиеледіңіз. Ғазиз жа-
ныңызға  сеніңіз:  ол  жайлы  жағдайды,  жақсы  қалыпты 
өзінше жасайды.
Ғазиз жаныңыз бәріне бірдей әсер етеді. Оған сіздің 
білім, мәдениет деңгейіңіздің қажеті жоқ. Сіз қарапайым 
адамсыз ба, әлде ғалымсыз ба оған бәрібір. Қарапайым 
адамда бұл жағдай іс жүзіне жақсы асады, ал ғалымдар – 
оқыған пысақай, мәдениет деңгейіміз басқалардан жоға-
ры деп пайымдайтын адамдар, тек қана өмірдің өзін есеп 

54
ІV БӨЛІМ
көретін математиктер өздерінше паңсынып, өздерін кере-
мет білгішпіз деп санайтын даңғой пенделер, қарапайым 
әрі тамаша таңқаларлық жағдайларды қабылдай алмай-
ды. Қызғылықты талай нәрселерден құр қалады. Біз тағы 
қайталаймыз – адам тұтас бір тұлға. Өз Ғазиз жаныңызға 
көңіл бөле отырып, сіз адамның тылсым құпияларының 
пердесін ашуға талпынасыз, тырысасыз! 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет