Әсет ризаұлы мұҚашбеков бақыт қҰСЫҢды басыңА Қондырудың ҚҰпиялары



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата06.03.2017
өлшемі1,25 Mb.
#8021
1   2   3   4   5   6   7   8

Ауру дегеніміз не?
«Ауруды  жаратқан  –  Құдай,  ауыртқан  –  Құдай 
емес». 
Абай (28-ші қара сөз)
Өмірдің негізгі заңы – бірқалыпты тепе-теңдікті сақтау 
(гомеостаз). Қандай жан иесі болмасын, өзінің ішкі өмір 
заңдылығымен тепе-теңдікке ұмтылады. Бұл заң қандай 
жан  иесіне  болмасын,  алғашқы  жарық  дүниеге  келген 
сәтінен бастап әсер етеді. Бұл өмірдің тепе-теңдік қалпы 
қандай жағдайда болмасын мүлтіксіз сақталады. Тірі жан 
иесіне Ақиқат – сыртқы жағдаймен әсер етеді. Ол осыған 
жауап  береді.  Тірілер  мен  өлілердің  айырмасы  осында. 
Сау ағза – үйлесімділік пен тепе-теңдік сақталған қалып. 
Қазіргі өмір сүру жағдайында тепе-теңдікті сақтау оңай 
емес.  Егер  осы  тепе-теңдік  бұзылса,  оны  жөндеуге  бо-
лады. Ағзаның өзі де осы тепе-теңдікті үнемі бірқалып-
та ұстауға тырысады.  Ауру – тепе-теңдік қалпының бұ-
зылғанының белгісі. Жүйке жүйеміздің ұшы, белгілі бір 
мүшеде жағдайдың дұрыс болмай жатқанын білдіреді.
Ауырсыну  –  сау  қалыптың  бізге  айтқысы  келген 
әрекеті. «Ей, пенде! Сен назар аударатын бірдеме бар». 
Егер  адам  осыған  көңіл  бөлмей,  ауырсынған  мүшесін 
дәрі-дәрмектермен  тұншықтыра  берсе,  онда  адамның 
Ғазиз  жаны  ауырсынғанды  үдетіп,  қоздырып  жібереді. 
Осы белгінің көмегімен Ғазиз жан – өзінің қамқорлығын 
білдіріп, бізге жайлы жағдай жасау мақсатымен, «сенің 
бір мүшең дұрыс емес» деп жеткізеді. Сондықтан, өз ау-

70
V БӨЛІМ
руыңызға құрметпен қараңыз.
Емделерден бұрын, ауруға деген көзқарасыңызды 
өзгертіңіз
Емделерден  бұрын,  ауруға  деген  көзқарасыңызды 
өзгертіңіз.  Ауруыңыз  қатерлі  болса  да,  ешуақытта  ау-
руға  жаман  бірдеңе  ретінде  қарамаңыз.  Бұл  ауруды  – 
өзіңіздің Ғазиз жаныңыз тудырғанын ұмытпаңыз. Ғазиз 
жан – үнемі, қай жерде болмасын сіздің қамқоршыңыз, 
қорғаушыңыз. Ауру тудырғанда – осының нақты себеп-
тері  болды.  Өзіңіздің  ағзаңызды,  ауруыңызды  сөгуге, 
ұрсуға асықпаңыз. Аурумен арпалысудан бас тартыңыз. 
Керісінше,  осы  ауруды  берген  Жаратушыға,  Ғазиз  жа-
ныңызға алғыс айтыңыз. Аурудың өзіне алғыс айтыңыз. 
Тіпті бұлай істеу ыңғайсыз болса да істеңіз.
Қазіргі  қалыпты  медицинаның  ауруларды  жаза  ал-
майтын себебі, олар аурумен арпалысады, күреседі. Бы-
лайша  айтқанда  оны  тұншықтырып,  салдарын  жоюға 
тырысады.  Аурудың  пайда  болу  себебі,  Ғазиз  жанның 
тұңғиығында болып, өзінің талқандайтын ісін әрі қарай 
жалғастыра береді.
Енді мынандай көрініс пайда болады. Ғазиз жан ауру-
ды жасап, өз тілінде бізге белгілі бір ақпарат, ескерту бер-
мекші болуға талпынады. Бірақ, біз дәрігерге барып, осы 
ақпаратты  дәрі-дәрмектермен  тұншықтырамыз.  Өзіміз-
бен-өзіміз  арпалысып,  осының  құралы  ретінде  қымбат 
дәрі-дәрмектерді сатып аламыз. Ақылға қона ма?!
Дәрігердің міндеті – ағзаға бөгет жасамай, оның әре-
кетін тұншықтырмай, керісінше «ішкі дәрігерге» жәрдем 

71
беру ғой. Ойланатын, басы істейтін дәрігер өзін-өзі емде-
уді жандандыра, жани түседі. Өзін-өзі емдеу жайын ой-
ланыңыз. Сіздің ағзаңыздың өзі тепе-теңдікке ұмтылады. 
Сондықтан,  неге  сізге  осыған  көмекші  болмасқа?  Өйт-
кені, біздің әрқайсымызда «ішкі дәдігеріміз» бар. Біздің 
мәдениетімізде, ауруды бізге байланысы жоқ қасірет де-
ген пікір қалыптасқан. Осының себебін өздері түсінбей-
тін айдаладан іздейді. Осы жағдай өте ыңғайлы бекініске 
отыруға  мүмкіндік  береді:  «Мен  өз  ауруыма  жауапты 
емеспін.  Бұған  дәрігерлердің  басы  ауырсын».  Адам 
өзінің ауруының жауапкершілігін өзіне жүктемесе, онда 
жазылмайтын  созылмалы  түрге  ауысып,  келесі  ауруды 
тудыра  береді.  Осы  кезде  адам:  жағдайды,  жаман  ауа 
райын, туған-туысқандарын, жұмысын, дәрігерлерді т.б. 
кінәлай бастайды. Ол өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуді, 
өзіне-өзі көмектесуді ұмытады.
Енді  қазіргі  медицинаның  ауруға  деген  көзқарасы-
ның  байыбына  барайық:  Дәрігерлер  алдымен  ауруды 
анықтап( диагноз), оған белгілі атын қояды. Сонан кейін 
дәрі–дәрмектермен ауруды тұншықтыра бастайды. Олар 
зардапты жеңілдетеді, бірақ ауру баяғы «таз қалпында» 
қалып, созылмалы түрге ауысады. Бір мүшеден, екінші 
мүшеге  көше  бастайды.    Дәрігерлер  дәрі-дәрмектердің 
көмегімен жүріп-тұратын «балдақ» береді. Ол осы «бал-
дақпен»  жүруге  үйренеді.  Қалай  ойласаңыз,  солай  ой-
лаңыз  қазіргі  қалыпты  медицинананың  істеп  отырғаны 
ақылға қонбайды! Бұған дәрігерлер кінәлі емес. Медици-
налық оқу орындарында 6...8 жыл бойы, оларды белгілі 
бір  тәртіп  оқу  жүйесімен  оқытады.  Өзіңіз  ойлаңызшы, 
өткен  ғасырларда  қазақ  даласында  аурухана  дегендер 

72
V БӨЛІМ
атымен  болған  жоқ  қой.  Адамдарды  бақсы-оташылар, 
балгерлер: Ғазиз жанның, сананың көмегімен, сырқатқа 
басқа тәртіп бағдарламасын беріп, өзін-өзі жазып алуына 
қол үшін берген.
Ауру – біздің санамызға тепе-теңдіктің  
бұзылғаны жайлы хабар
«Басында жан мен дене екі басқа,
Жан шыдап тұра алмайды қозғалмасқа.
Дене сауыт сықылды жанның орны,
Оған да күту керек бұзылмасқа».             
Шәкәрім әулие
Ауру  –  біздің  санамызға  теп-теңдіктің  бұзылғаны 
жайлы  хабар.  Осыны  тәндік  деңгейде  теңестіруге  тал-
пынады. Мысалы, сусамырмен (қант диабеті) ауырғанда 
инсулин егеді, жүрек ауырғанда гликозидтерді. Бірақта, 
бұның  бәрі  уақытша  жеңілдетеді.  Тамақты  теңестіру, 
жаттығумен шұғылдану, физиотерапия, аштық ұстау, ты-
ныс алу жаттығуларын жасау, суық суға шомылу жақсы 
көмектеседі. Бірақ, барлық ауруларға бірдей емес.
Нәзік  денелердің  тұңғиығында  тығылып  жатқан  ау-
рулар  бар.  Ол  біздің  ойымыз,  сезіміміз,  қылығымыз, 
тәртібіміз,  әлемге  көзқарасымыз.  Адамның  санасы  мен 
тәні өзіне ақпараттардың 1...5 пайызын ғана ұстап тұра 
алады.  Негізгі  ақпараттар  оның  Ғазиз  жанында.  Адам-
ның Ғазиз жанында оның ата-бабасынан тұқым қуалап, 
атадан  балаға  беріліп  келе  жатқан  барлық  бағдарлама-
лар жиынтығы бар. Ауру тек қана бір мүшені ғана емес, 
бүкіл  ағзаны  ойсырата  бастайды,  оның  қорғаныс  жүй-

73
есін (имунная система) , сонан соң тұқымына беріледі. 
Адамның  нәзік  денелеріне  ықпал  ететін  қондырғылар 
уақытша  жақсартқанымен,  оның  тәнінің  негізгі  қорын 
құртады.  Сауатсыз,  надан  экстрасеанс,  бақсы-балгер, 
емшілер, қазіргі психогенератор қондырғылары аспирин 
т.б.  сияқты  дәрілерден  де  қауіпті.  Қалыпты  медицина 
әзірше ауруды тұншықтыратын неше түрлі әдістерді ой-
лап  тауып,  бүкіл  адамзат  баласын  азапты  да,  біртіндеп 
өлетін ажалға жетелейді.
Адамның Ғазиз жанында өзінің ата-бабалары жайлы 
барлық ақпарат тылсымдалып құлыптаулы жатыр. (Код). 
Осы құрылым адамның болашағын жасайды. Көріпкел-
дердің бал ашып болашақты болжай алуы осымен түсін-
діріледі.  Балгер  картаны,  алақандағы  сызықтарды,  құ-
малақты т.б. өзіне тән құралдардың көмегімен адамның 
Ғазиз жанындағы ақпаратты сана деңгейіне алып келеді. 
Бұнда тұрған тылсым ештеңе жоқ. Біз осы ілімді терең 
білсек,  өз  тағдырымызды  өзіміз  жасаймыз.  Балгерлер, 
көріпкелдер тек Ғазиз жаныңдағы өзіңді ұстау тәртібіңді, 
ойлау  жүйеңдегі  жазылған  ақпаратты  ғана  оқи  алады. 
Ғазиз  жанда  адамның  өзін  ұстау  тәртібінің  және  бүкіл 
Әлемнің  ақпарат  құрылымы  сақталған.  Егер  де,  адам 
өзінің тәртібімен, ойлау жүйесімен бүкіл Әлемдік ағзаға 
қарама-қайшы келсе, онда үйлесімділік пен тепе-теңдік 
бұзылады.  Осының  салдары  адамның  тағдырына  әсер 
етіп, ауру туғызады. Көз алдыңызға елестетіңізші, егер 
бір  жасауша  ағзаның  заңдылығымен  өмір  сүрмесе, 
онда  ағза  үшін  ауру  жасаушаға  айланады,  ағза  осыны 
алғашында  емдеуге  талпынады,  егер  нәтиже  болмаса 
– құртады. Ауру – өзіңіздің Ғазиз жаныңыздағы: сіздің 

74
V БӨЛІМ
бір  тәртібіңіз,  белгілі  бір  ойыңыз,  сезім  құбылысыңыз, 
қылығыңыз  бүкіл  Әлемдік  заңмен  қарама-қайшылыққа 
түскенін хабарлайды, осының хабаршысы. Қандай бол-
масын аурудан жазылу үшін, ең алдымен өзіңнің ойлау 
жүйеңді,  тәртібіңді,  қылығыңды,  сезім  құбылысыңды 
бүкіл Әлемдік заңдармен үйлестіру шарт.
 Қазіргі қалыпты медицинада дәрігер бір мүшеге не-
месе  жүйеге  ғана  жауапты.  Екінші  шырылдаған  шын-
дық – медицинаны ақшаның, сауданың көзі дәрі-дәрмек-
терге тәуелді етіп, матап тастаған. Олар ана дәрі, мына 
дәрі жақсы деп, адамның ашып жүрген миын, онан әр-
ман  ашытады.  Түкке  тұрмайтын  дәрілерін  жаңғыртып 
жарнамалап,  науқас  сорлының  қалтасындағы  қалған 
тиін-тепшігін  қақшып  алады.  Өздері  түк  болмағандай 
безірейіп отыра береді.
Хирургтер  пышақтарын  жалаңдатып,  ақша  үшін: 
«Сенің ана мүшең, мына мүшең артық, балаңды ішіңді 
жарып  алмасақ  өздігіңнен  туа  алмайсың»,  –  деп  төн-
діріп,  сау  адамды  сойып  кембағал,  жас  келіншектерді 
қайта бала көтермейтін бедеу етеді. Бұл да ұлтымыздың 
басына төнген бір қатер! Науқасқа ешкімнің жаны ашы-
майды,  адам  туралы  қамқорлық  ұмытылған!  Көпшілік 
хирургтардың өз дәріханасы бар. Дәріні тек өзінің дері-
ханасынан ғана сатып алуға мәжбүрлейді. Бәрінің ойлай-
тыны  – ақша, ақша, ақша! Науқас мүлдем ұмытылған. 
Жаңадан  жасалған  дәрі-дәрмектермен    алдымен  хайуа-
наттарға сынақ жасалады. Сондықтан,  дәрінің салдары 
өте қатерлі, қауіпті. 
Бұлай деп қазіргі медицинаны мүлдем жоққа шыға-

75
руға да болмайды. Медицина ауруды жеңілдетеді, бұның 
өзі жақсы. Адамның жүрегі қысса, басынан жарақат алса, 
апатқа түссе т.б. шұғыл жағдайларда тез арада медици-
налық жедел жәрдем қажет. Біздің ата-бабаларымыз та-
биғатпен үйлесіп, тепе-теңдік қалыппен өмір сүріп, жа-
рық дүниеге: Елубай, Алпысбай, Жетпісбай, Сексенбай, 
Тоқсанбайларды әкелді емес пе?! Өкінішке орай, қазіргі 
таңда қамал алар қырықтан кейін белден айырылып, атқа 
айланған азаматтарымыз жыртылып айырылады.
Пенде  ауруды  өзі  тудырып,  сонан  соң  осыны  басқа 
біреу жазса екен дейді. Дәрі-дәрмектер әсер етпеген соң 
дәрігерді кінәлайды. Дәрігер әлі бірде-бір адамды емде-
ген емес. Ұлы адамдардың біреуі айтқан екен: «Табиғат 
емдейді,  ал  дәрігер  марапатталып  атақ  алады»,  –  деп. 
Мысалы, дәрігер-психотерапевт маскүнемдерді емдейді, 
ал өзі ішімдік ішеді. Дәрігердің өзі ауру – екінші ауруды 
емдеуге тырысады. Көз дәрігері көзәйнек тағады. Көпте-
ген  экстрасеанс  жүргізетіндер өздерін-өздері емдей ал-
майды. Бірдеңе дұрыс емес! Олардың қолданып жүрген 
әдістері нағыз емдік әсер етпейді, әйтпесе өздерін емдеп 
алмай ма?!
VI БӨЛІМ
Аруақтар дегеніміз кімдер?
50 – ҚАФ СҮРЕСІ
Аса  қамқор,  ерекше  мейірімді  Алланың  атымен 
бастаймын!
1) Қаф. Биік дәрежелі Құран атымен ант етемін!
2) Өздерінің  арасынан  шыққан  ескертуші  келіп 

76
VI БӨЛІМ
сақтандырғанда, сенбеушілер: «Бұл – ерекше таңқалар-
лық екен!», – деді.
3) Қалайша біз өлгеннен кейін қайта тірілеміз? Бұлай 
болуы мүмкін емес!
4) Жердің олардан не алатынын Біз білеміз және бұл 
Кітапта сақтаулы. 
5) Бірақ,  олар  ақиқатты  өтірікке  балады,  ақиқат 
айқындалғанда естері шығып не істерлерін білмей жүр.
6) Біз төбелеріндегі аспанды қалай құрап әрлегеніміз-
ге қарамаған ба? Онда сызат жоқ.
7) Біз  жерді  жайғанда,  таңқаларлық  тауларды 
тұрғызып, жер бетіне түрлі-түрлі қайталанбас көркем 
өсімдіктерді жұптарымен өсірдік.
8) Бұл  Аллаға  бет  бұрған  әрбір  пендеге  түсіндірілу 
және есінде тұтып жүруі үшін. 
9) Біз бау-бақшаны өсіру және егістіктің өнімін жи-
нап алу үшін аспаннан берекетті жаңбыр жаудырдық.
10)  Жемістері  бұтақтарында  өсетін  биік  құрма 
ағаштарын.
11) Пенделерінің тамақтары осындай. Біз осылармен 
өлі жерді тірілттік. Көрден шығу да осылай болады!
12)  Осы  кезге  дейін  Нуһ  пайғамбардың  халқы,  Рәс 
тұрғындары және Сәмудттар оны өтірікші деді.
13)  Ғадтар,  Перғауын  елі  және  ағайынды  Лұттар 
да.
14)  Әйкеліктер  (адит)  Түббағ  елі  (Тобба).  Олардың 
барлығы  пайғамбарларды  өтірікшіге  есептеді,  сон-
дықтан Менің қаһарыма ұшырады.
15) Біз алғашқы жаратылысты жасағанда шарша-
дық  па?  Бірақ,  олар  жаңа  жаратылысқа  (өліктердің 
тірілуіне) күманданады.

77
16) Біз адамды жараттық, оған нәпсісі не деп сыбы-
рлап тұрғанын білеміз. Біз оған өзінің күре тамырынан 
да жақынбыз.
17) Екі періште оң және сол жағында отырып қылған 
қылықтарын жазып отырады.
18)  Әрбір  аузынан  шыққан  сөзге  дайын  бақылаушы 
бар.
19) Жантәсілім алдындағы азап ақиқатқа айналады. 
Сен осыдан қашып ең!
20)  Сырнай  шалынады.  Бұл  –  ескертілген  қауіптің 
іске асатын Күні!
21)  Әрбір  жан  иесі  айдаушысымен  және  куәсімен 
бірге келеді.
22) Сен қаннен-қаперсіз едің, Біз сенің жамылғыңды 
сыпырып жұлып алдық,  көзіңдегі шелің ашылып өткір-
ленді.
23)  Қасындағы  періште  айтады:  «Менде  дайын-
далғаны осы».
24)  Екеулеп  тоңмойын  сенбеушіні  тозаққа  та-
стаңдар.
25) Қайырымдылық жасамағанды, қылмыс істегенді 
және күмәнданушыны.
26)  Алладан  басқа  құдайды  мойындағанды.  Оларды 
да қатты азапқа салыңдар!
27) Оның сыбайласы (шайтан) айтады: «Біздің Жа-
ратушымыз! Мен оны тура жолдан тайдырған жоқпын. 
Оның өзі қатты адасып жүрген еді».
28) Ол айтады: «Мені алдымда сөз таластырмаңдар. 
Мен сендерді алдын-ала ескерткенмін».
29) Менің Сөзім өзгермейді, Мен өзімнің пенделеріме 
әділетсіздік жасамаймын.

78
VI БӨЛІМ
30)  Осы  күні  Біз  тозаққа  айтамыз:  «Сен  толдың 
ба?». Тозақ айтады: «Тағы бар ма?».
31) Жұмақ құдайдан қорқатындарға жақындап, қа-
сында болады.
32)  Аллаға  мойын  ұсынатындарға  осылар  уәде 
етіледі.
33) Оны көзімен көрмей жүрегімен сезетіндерге, Жа-
рылқаушыдан қорқатындарға.
34) Оларға айтылады: «Жұмаққа аман-есен кіріңдер. 
Бұл – мәңгілік Күні!».
35) Онда олардың қалағандарының бәрі бар, Біз та-
рапынан  қосымша  (Алланың  бейнесін  көруге  мүмкіндік 
болады).
36)  Біз  олардан  орасан  мықты  қаншама  нәсілдерді 
жойып  жібердік!  Олар  да  жер  бетінде  кезіп  жүрген. 
Бірақ, олар қашып құтыла алды ма?
37) Ақиқатында, жүрегін тыңдай білетін, қабылдай 
алатындарға ескерту.
38) Біз көкті, жерді екеуінің арасындағыларды алты 
күнде жараттық, шаршамадық.
39) Олардың айтқандарына сабыр ет, таң алдында 
және күн батарда өзіңнің Жаратушыңды мақта, дәріп-
те.
40) Оны намаз оқығанда, түннің бір сағаттарында 
мадақта.
41) Тыңда! Сол күні айғайшы жақыннан айқайлайды, 
оның үніне құлақ түр.
42) Бұл күні олар ақиқаттың даусын естиді. Бұл – 
қабірден шығатын Күн.
43) Ақиқатында, Біз тірілтеміз де өлтіреміз де, бар-
лығы бізге қайтады. 

79
44) Бұл күні олар үшін жер қақ айырылып, олар қай-
туға асығады. Біз осылайша оларды оңай жинап аламыз.
45)  Біз  олардың  айтқандарын  жақсы  білеміз,  сен 
оларды  зорлама.  Менің  қаһарымнан  қорқатындарға 
Құран арқылы хабарла.
Смысловой  перевод  СВЯЩЕННОГО  КОРАНА  на 
русский язык. Первое издание. Р. 2009-Х. 1430. Перевод 
с арабского Кулиева Эльмира. Сура «Каф» стр. 675-679 
Сура  50.  Часть  26.  ГРАС  кувейт-халдйе  п.я.  17012  код 
72451. (Орысшадан аударған Әсет Мұқашбеков)
Дін  басшылары  қарапайым  адамдар  қатарынан  аса 
алмай,  болмыстың  терең  сырларын  рухани  тұрғыдан 
дәлелдеуге  шамалары  жетпей,  тек  қана  соқыр  сенімді 
талап  ете  бастаған  кезде  молдалар  істің  мәнісін  түсі-
не алмай халықтың ежелгі ғасырлар бойы қалыптасқан 
әдет-дәстүріне кедергі болып, аруақтарды жоққа шыға-
руға ұмтылады. Өздерінің рухани надандығын түсінбей 
аруақтарды жоққа шығарып, халықтың жоғары әлеммен 
байланысын  үзуге  бола  ма?  Әрине,  жоқ.  Себебі,  дінді 
тек күн көріс көзі ретінде пайдаланып жүрген халық ал-
дында беделден жұрдай дін басшылары Жаратушының 
құдіретімен бата беріп, ел-жұртты жаппай имандылыққа 
жетелейтін,  құдайды  мойындаттыратын  ата-баба  ару-
ақтарын,  керісінше  Алла  тағаланы  ұмыттырады  деп 
қорқады.      
 Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: 
«Мен Елбасы болсам да қазақ деген атасын ардақтап, 
анасын  сыйлаған,  аруағын  қастерлеп,  Алласына  сый-
ынған елдің перзентімін. Аруақтың бар екені рас болса, 

80
VI БӨЛІМ
Атырау мен Алтай, Алатаудың арқасында талай төбе 
дөңбекшіп,  талай  ісімізге  орнынан  аунап  түсіп,  бүгін-
гі  біздің  ісімізге  ақ  батасын  беріп  жатқан  болар  деп 
білемін.  Лайым  сал  бабалардың  батасы  қабыл  болсын 
дегім келеді. Біз екі жарым ғасырдан астам уақыт Ре-
сейдің  боданы  болып  келдік.  Сондықтан  мен  санадағы 
құлдық  психологияны  өзгерту  үшін,  ата-бабалар  ару-
ағына сыйындым. Солардың қасиетті рухын тірілттім. 
Бүкіл қазаққа сауын айтып, оларға ас беріп, тойларын 
өткіздік. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дейді ха-
лық. Сол аруақтар риза болсын деп, жатқан жерлерін 
тауып,  басына  белгі  орнаттық.  Есімдері  ел  жадында 
жүрсін деп олардың аттарын, мектептерге, көшелерге, 
ауыл, село, аудандарға бердік. Ендеше сол аруақтар бізді 
қолдамады деп кім айта алады». 
Сіздерге  жан  мен  тән  туралы  түсінік  бердім.  Сонда 
тәнді қоршайтын бірінші эфир денесі, екінші сезім де-
несі, үшінші ақыл денесі, төртінші таным (интелект) де-
несі дедік. Адам қайтыс болды делік. Сонда ең бірінші 
тәннен бөлініп кететін оның жаны мен рухы.
 Содан кейін төрт нәзік дене – аурасы (қазақша оны 
ниет  дейміз)  кетеді.  Мәселен,  адамның  ұлтына,  дініне, 
құдайға  сенетініне,  сенбейтініне  қарамастан,  қайтыс 
болған адамды шығарып салу салты ұқсас. Жерлеу күні 
жаназасын  шығарады.  Сосын  кейбіреулер  үш  күндігін, 
жетісін,  тоғызын  береді.Міндетті  түрде  қырқын  және 
жылын береді. Неліктен? Себебі, адамның сыртқы нәзік 
денелері  біртіндеп  кетеді.  Мысалы  жақсы  адамның  ау-
расы бірден кетеді. Нашар адамдікі бір жылдың ішінде 
кетіп болады. 

81
Ең бірінші эфир денесі кетеді, жетісінде сезім денесі 
кетеді,  қырқында  ақыл  денесі,  жылында  таным  денесі 
кетеді. Олар жан мен рухқа қосылады да оны сыртынан 
қоршайды.  Мұны  біз  аруақ  дейміз.  Аруақта  дене  ғана 
жоқ қалғанының бәрі бар. 
Қысқаша  айтқанда  әлем  үшке  бөлінеді.  Біріншісі 
материалдық  әлем,  онда  бүкіл  жан  иелері  (өсімдіктер, 
жан-жануарлар, жәндіктер, пенделер) өмір сүреді. Уақы-
ты келгенде олар аруақтар әлеміне кетеді. Бұл айтылған 
екінші әлем. 
Үшіншісі  рухани  әлем.  Мұнда  өмір  сүретіндер 
періштелер,  пайғамбарлар,  әулиелер.  Әулие  дегеніміз 
кім?  Мәселен,  ауылда  қарапайым  ған  ата  мен  апа  өмір 
сүрді делік. Олардың ешкімде шаруасы жоқ бір құдай-
ға  ғана  сеніп,  дүние  де  қумастан,  өздерінің  қоңыр  тір-
шілігімен өмір кешеді. Олардың санасы жүректегі ғазиз 
жанмен үйлес болған кезде ондай адамдар әулие болып 
кетеді. Жан, рух, аура үшеуі қосылып, аруақ болады. Мен 
осының алдында аруақтар жайлы кітап жазғанмын. Қазір 
соны түсіндіріп өтуді жөн көрдім. 
Қазір  аруақтардың  сәлемін  жеткізетін  бақсы-бал-
герлер  көбейіп  кетті.  Меніңше,  олар  аруақпен  тілдесе 
алмайды. Олардың жүрегіне жын кіріп алып, сөйлейді. 
Оны  өзім  талай  байқып  жүрмін.  Мәселен,  қазақ  дала-
сында емхана, абақты деген болмаған. Бес уақыт намаз 
оқымаған қазақ «Құдай біледі» дегенді сеніммен айтқан. 
Қазақ халқы Алла жүрегінде екенін сезген. Бұны Ғазиз 
жан деп түсінген. Өзінің жанын шыбын жан деп атаған. 
Экологияны бұзбай, табиғатпен үндестікте өмір сүрген. 

82
VI БӨЛІМ
Күзеу, жайлау, қыстау жайлап, малды рет-ретімен бағып, 
жердің тозып кетпеуіне аса мән берген. Артық аң атпаған. 
Бай-қуатты боп өмір сүрген. Ру басына бағынған, ол өте 
иманды,  ел  жұртының  қамын  ойлаған  адам  болған.  Ел 
ішіндегі дау-дамайды билер әділ шешіп отырған. 
Атеизмді  санаға  сіңірген  Кеңес  одағы  адамдарды 
имансыз етті. Ленин азамат соғысында 22 миллион адам-
ды қырып тастады. Жазықсыз қан төккен ауыр қылмысы 
үшін жер оның тәнін әлі күнге өзіне қабылдамай жатыр. 
Күн көсем деп қолдан тірі пұт жасап алдық қой. Аруақтар 
қозғалысы дін ағамына қайшы келе ме? Жоқ, әрине. Бұл 
жерде ешқандай қайшылық жоқ.  
Әлемге мәшһүр атеистердің өлім алдындағы 
соңғы сөздері
13 – Рағыд сүресі: 31 аят.
«Олар,  егер  Құран  арқылы  таулар  жүргізіліп,  жер 
бөлшектеніп және өліктер сөйлестірілсе де (сенбейді.) 
Алайда барлық іс Аллаға тән. Мүміндер аңғармады ма? 
Алла  қаласа  еді,  адамдарды  тұтас  тура  жолға  салар 
еді.  Қарсы  болғандарға  Алланың  уәдесі  келгенге  дейін 
қылықтарының салдарынан үнемі соққы жетеді немесе 
жұрттарының маңына түседі. Күдіксіз Алла серттен 
таймайды».
Құран Кәрім, қазақша мағына және түсінігі. 253 бет.
Бірде ғалымдар тобы зерттеу жүргізді. Мақсаты: өлім 
алдында  әлемге  мәшһүр  атеисттердің  соңғы  сөздері,  іс 
әрекеттері қандай болғанын анықтау болатын.

83
ФРИДРИХ НИЦШЕ: 
Есінен ауған күйінде темір торда иттерше үріп қай-
тыс болды.
ВОЛЬТЕР - ұлы сайқымазақ. 
Оның  соңғы  сәттері  тіпті  қорқынышты.  Түні  бойы 
кешірім сұраумен азаптанды. Оның жеке медбикесі: «Еу-
ропаның барлық ақшасын берсе де, мұндай өлімді қайта 
көрмес ем… имансыздың өлімін» деген екен.
ДАВИД ХЬЮМ — атеист. 
Өлім алдында бір сөзді қайталаумен болды: 
«Мен алаулаған от ішіндемін!»
Оның зары өте қорқынышты болатын…
НАПОЛЕОН — император. 
Оның дәрігері өз естеліктерінде жазғаны осы: «Им-
ператор толық жалғыздықта жанын тапсырды. Өліммен 
айқасы тіпті үрейлі көрінді»
ВОЛЬФГАНГ ГЁТЕ: 
«Жарық жетіспеуде!»
ЛЕНИН: 
Толық ессіздікте қаза тапты. Миллиондаған адамдар 
үшін көсем болған ол, соңғы секундтарда үстелдер мен 
орындықтардан тізерлеп отырып кешірім сұраған.
УИНСТОН  ЧЕРЧИЛЛЬ  —  ағылшын  премьер- 
министрі: 

84
VI БӨЛІМ
«Неткен ақымақ едім!»
ЯРОСЛАВСКИЙ  —  атеисттік  халықаралық  ұйым-
ның  президенті:  «Өтінемін,  менің  бүкіл  кітаптарымды 
өртеңіздер! Мен қателестім».
Бразилия саятсаткері Танкредо ди Амейдо Невес сай-
лау алды бағдарламасында «Егер мен 500 000 дауыс жи-
насам, ҚҰДАЙДЫҢ өзі тақтан мені тайдырмас» деген. 
Әрине, ол бұл дауысты жинады, бірақ президенттікті қа-
былдауға бір күн қалғанда жасынан ерте озды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет