Әсет ризаұлы мұҚашбеков бақыт қҰСЫҢды басыңА Қондырудың ҚҰпиялары



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата06.03.2017
өлшемі1,25 Mb.
#8021
1   2   3   4   5   6   7   8

Саусақ белгілері
Алдында айтылған әдістер – сіздің Ғазиз жаныңызға 
байланысқа  шығу  үшін  берілген  таңдау  әдістері.  Ғазиз 
жан қажетті әдістерді өзі таңдайды. Кейбір кездерде Ғазиз 
жанға белгі беруді ұсынғаныңыз тіпті қарапайым. Бұны 
саусақтың көтерілуі, не мятниктің тербелісі арқылы іске 
асыруға  болады.  Ең  қарапайым  әдіс  –  саусақтарыңның 
біреуінің көтерілуі.
Мысалы,  оң  қолыңның  сұқ  саусағыңның  көтерілуі 
«Иә» деген жауап (егер оңқай болсаңыз) , сол қолыңыз-
дың сұқ саусағының көтерілуі «Жоқ» деген белгі.
Өзіңіз түсініп отырғандай, бұлай болуы шартты түр-
де ғана. Сондықтан да, қандай белгі болмасын өзіңіздің 
қалауыңыз шешеді. Саусақтардың көтерілуі саналы түр-
де емес, автоматты түрде болуы шарт. Саусақтарыңызды 
саналы  түрде  қозғалтуға  тырыспаңыз.  Өзіңіздің  Ғазиз 
жаныңызға толық сенім білдіріңіз.
Сұрақтарды нақтылы анық қысқа да, нұсқа қойыңыз. 
Сұрақтарыңыз бірқалыпты болсын. Себебі, Ғазиз жан не 
айтсаңыз, ойласаңыз соны ғана айнытпай қаз-қалпында 
қабылдайды.  Бірден  ескерте  кетейік  –  өзінің  Ғазиз  жа-

55
нымен байланысқа шыға алмайтын адам және нашар Ға-
зиз жан болмайды. Егер бір әдіс жұмыс жасамаса, басқа 
әдісті  көріңіз.  Барлық  әдістерді  қолданып  байқаңыз. 
Мүмкін ішінен өзіңізге жағатын әдісті таңдап аласыз. Ға-
зиз жаныңыздың тұңғиығынан жауап аламын деген нақ 
қалауыңыз болса, онда нәтиже сөзсіз болады.
Енді іске кіріселік
Жайласып  жұмсақ  орындыққа  не  төсекке,  диванға 
отырыңыз,  қолайлы  болса  жантайып  жатыңыз.  Екі  қо-
лыңызды бос қойыңыз. Ғазиз жаныңызбен қандай белгі 
беретінін бірден келісіп алыңыз. Немесе таңдауды Ғазиз 
жаныңыздың өзіне қалдырыңыз. Өзі таңдасын.
 Ойша немесе дауыстап өзіңіздің ішкі жан-дүниеңізге 
мына сұрақты қойыңыз: «Менің Ғазиз жаным, менімен 
сана  деңгейінде  байланысқа  шығуға  дайын  ба?  Егер 
«Иә» дайынмын десе – онда оң қолымның сұқ саусағын 
көтер, егер «Жоқ» десе сол қолымның сұқ саусағын са-
насыз түрде көтер», – деп айтыңыз. Жауапты табам деп 
әуре  болмаңыз,  тек  шыдамдылықпен  күтіңіз.  Бірнеше 
секундтан кейін денеңіздің белгілі бір бөлігінің шымыр-
лағанын,   ұйығанын, болмаса шанышқылап ауырғанын, 
не жансызданғанын сезесіз. Бұл белгілер – бұлшық ет-
теріңіз,  Ғазиз  жанның  хабарын  қабылдап  жатқанының 
айғағы. Енді бір қолыңыздың сұқ саусағы өзінін-өзі кө-
теріле бастайды. Бірер сәттен соң, саусағыңыздың ұшы 
аздап қозғалып көтеріледі. Жауап алғаныңызды сезген-
нен кейін, өзіңіздің Ғазиз жаныңызға алғыс айтып, сау-
сағыңызды түсіріңіз.
Егер де, «Жоқ» деген жауап алсаңыз, онда қоршаған 

56
ІV БӨЛІМ
ортада, не өз мінез-құлқыңызда жайлы жағдайдың болмай 
тұрғаны.  Өзіңізге-өзіңіз  сенбей,  болатын  байланыстан 
жасқанып,  қашқалақтап  тұрсыз.  Осы  келеңсіздіктерді 
жойып, байланысқа шығуды қайта-қайталап байқаңыз.
Маятник тербеліс әдісі
Маятник  –  сағаттың  тілі  сияқты  жіпке  асып  қойып 
шайқалтатын мыстан жасалған кішкене темір шар, ша-
рик. Бұл әдісті іске асыру үшін 20 см жіпке ілінген шарик 
қажет. Шариктің орнына неке сақинасын немес кәдімгі 
гайканы да қолдануға болады.
Шынтағыңызды орындықтың үстіне қойып, маятник-
тің жібін бас бармағыңыз бен сұқ саусағыңыздың арасы-
на қысып ұстаңыз. Шарик осы кезде әрі-бері тербеледі. 
Шарикті оңға-солға, артқа-алдыға, сағат бойымен және 
керісінше  айландырыңыз.  Осы  кезде  Ғазиз  жан  қандай 
бұлшық еттер іске қосылып тұрғанын анықтайды. Сонан 
соң  шариктің  тербелісін  тоқтатып:  «Ғазиз  жаным,  осы 
тербелістің төрт түрінің біреуін таңда. Таңдап алған тер-
белістің түрі «Иә» деген жауап болсын.
Маятниктің  қозғалысынан  көз  алмай  жауап  күтіңіз. 
Бірнеше секундтан кейін шарик қозғала бастайды. Тер-
беліске түсу үшін біраз уақыттың қажет болуы мүмкін. 
Оның  қозғалысы,  тербеліс  ауқымы  әр  түрлі  болады. 
Түсінікті болу үшін шарик неше түрлі қозғалысқа, тер-
беліске  түседі.  «Иә»  деген  жауап  алған  соң,  Ғазиз  жа-
ныңызға  алғыс  айтып,  қалған  үш  тербелістің  түрінен 
«Жоқ» деген жауапты таңдауын өтініңіз.
  Бұл  көне  тылсым,  тексерілген  әдіс.  «Қозғалып 

57
тұрған тірі маятник» адамды баурап алады. Бірақта, бұн-
да тұрған ешқандай тылсым күш, сиқыр жоқ. Ғазиз жан 
өз бетінше ойлап, белгілі бұлшық еттеріңізді бақылауға 
алып, өзіндік шешім қабылдауға қабілетті. Өзіңіздің Ға-
зиз жаныңызға сеніңіз.
Сұрақтарды қалай қоюға болады? 
Сұрақтарды дұрыс қоя білудің маңызы өте зор. Бұл 
деңгейге жету үшін, сізге біраз білім мен тәжірибе қажет. 
Ол үшін өзіңіздің талпынысыңыз, құштарлығыңыз, құл-
шынысыңыз, құмарлығыңыз, ынтаңыз қажет.
Ғазиз жан әр сөзді бұрмаламай қабылдайдындықтан 
сұрақтар нақ, анық, қарапайым болулары шарт. Екі ұшты, 
не астарлы сұрақ қоюға болмайды. Не сұрағалы тұрға-
ныңызды  ғана  айтыңыз.  Бастапқыда,  қойғалы  тұрған 
сұрақтарыңның  тізімін  қағазға  жазып  алыңыз.  Егерде 
түсініксіз жауап алсаңыз, онда сұрақты дұрыс қоймаға-
ныңыз. Сұрағыңызды басқаша қайта қойыңыз. Ғазиз жан 
–  судырап  тұрған  суайт  болмасаңыз  жауапты  әрқашан 
адал береді.
Ескерте  кететін  жағдай,  болашақ  оқиғаларды  сұра-
удан  сақ  болыңыз!  Бұнымен  ойнауға  болмайды.  Бола-
шақты ойлау жүйемізге орай, өзіміз құрамыз. Болашақты 
білу ауқымын сұрау үшін өте сақ болу шарт.
Ғазиз жанмен байланысқа түсу қауіпті емес пе? Әри-
не жоқ, қауіпті емес. Бұл өте керек, қажет. Қазіргі заман-
да адамның санасына ақпарат легінің толассыз құйылуы 
сонша, осы ақпараттардың легінде малтығып, тұншығып, 
есімізді жия алмай: қақалып-шашалып жүрміз.

58
ІV БӨЛІМ
Осыны  керек  етеміз  бе,  жоқ  па  –  Ғазиз  жанымыз 
өзімізді шыр етіп жерге түсісімен-ақ бағдарлайды, бағыт 
береді. Біз осы ақпараттар легін, өзімізді-өзіміз түсінген 
жағдайда ғана кәдеге жаратып, іске асыра аламыз. Сон-
дай-ақ,  өз  өміріміздің  жауапкершілігін  өз  мойнымызға 
жүктегенде ғана, ақпараттар легін дұрыс арнаға бұрып, 
рахатын көре аламыз.
Адамның санасын тазалау
«Ілімнің қасиеті адамды тура жолға бастау болса, 
діннің қасиеті адамды арамнан сақтандырады».           
  Пайғамбарымыз Мұхаммед (ғ.а.с.)
Сеанс жасайтын адам сеансқа түсетін адамның бой-
ында дәреті толық па соны тексереді. Сонан кейін  қабыл-
дауындағы адамның бойында қара дұға, тіл көз, ата-баба-
сынан келе жатқан қарғыс бар ма соны өзнің ғазиз жанының 
көмегімен    анықтайды  және  бойындағы  жын-шайтан, 
перілердің бар-жоғын анықтайды. Адамға қарғыс өзінің 
бесінші бабасынан және үшінші нағашы  атасынан келеді.      
Сеансқа түсу үшін адам өзіне ыңғайлы, жұмсақ жер-
ге отырсын. Көзін жұмып, екі санының үстіне екі қолын 
қойып, алақанын ашып отыруы тиіс. Адам сеанс кезінде 
ақылға, ойға салуға, «бұл не?» деген сұрақ қоюына бол-
майды.  Құдайдан  тілек  тілеп  отыруы  керек.  Осы  кезде 
құдай сенің тілегіңді қабыл етеді.   
Иа,  Алла  мына  пенденің  бесінші  бабасының  алған 
қарғысын кешіре гөрші. 
Иа, Алла мына пенденің үшінші нағашы атасы алған 

59
қарғысты  кешіре  гөрші.  Осы  сұрақтың  жауабы  сеанс 
жүргізіп отырған адамға белгілі болады. Сосын адамның 
басында отырған жындарды, бойына ұялап алған үйір-
лі шайтандарды қуалайды. Ескерту: Бойна шайтан ұялап 
алған қыздар ыржыңдап, тоқтай алмай күле береді. Егер 
сеанста отырған адам санасы арқылы көре алмай қалса, 
дәретінің бұзылғаны. Бұл жерде ол сенбей отыр немесе 
ақылға салып жіберді. Ол енді қайталап дәрет алып ке-
леді. Сосын «Иа, Алла менің біліп және білмей ақылға 
салғанымды кешіре гөрші», – деп Жаратушыдан кешірім 
сұрайды. Осыдан кейін адамның санасын тазалауға кө-
шеміз.  
Иа, Алла мына пенденің ... санасына ұялап алған иман-
сыздығын,  иттігін,  шошқа  қылықтарын,  кітап  оқымай-
тынын,  рухани  надандығын,  арамдығын,  сайқалдығын, 
екіжүзділігін,  нәпсіқұмарлығын,  қызғаншақтығын,  қу-
лығын, жалқаулығын, маубастығын, даңғойлығын есер-
соқтығын, жынды сүрейлігін, менмендігін, ақымақтығын, 
сумилығын,  тәкаппарлығын,  алкеуделігін,  өзімшілдігін, 
біреуді сыртынан сынайтындығын, өсек, өтірік айтатын-
дығын, уәдеде тұрмайтындығын, дүниеқоңыздығын, жа-
уыздығын,  іштарлығын,  біреуді  көре  алмайтындығын, 
жалғызбастылығын  (балаларының  есімін  атау  қажет), 
кедейшілігін,  қайыршылығын,  жоқшылығын,  мейірім-
сіздігін,  тасбауырлығын,  үлкенді  сыйламайтындығын, 
мәдениетсіздігін  және  санасына  ұялап  алған  жын-шай-
тан перілерді, төменгі әлемнің жан иелерін, қаралықтар-
ды мына пенденің санасынан толық қуалай көрші, мына 
пенденің  санасын  толық  тазалай  гөрші.  Осы  кезде  се-
анста отырған адамның санасынан қара бұлттар т.б. ке-

60
ІV БӨЛІМ
леңсіздіктер көше бастайды. Санасы толық тазаланғанда 
сеанста отырған адам санасы ағарып, жарқыраған күнді 
көреді. Төбеңе күн жарқырап шыққанда «Иә, Алла осы 
бергеніңе шексіз тәубе, шексіз шүкіршілік» деп айтасың. 
Адамның ойлау жүйесін тазалау
Иа,  Алла  мына  пенденің  ...  ойлау  жүйесіне  ұялап 
алған  имансыздығын,  иттігін,  шошқа  қылықтарын, 
кітап  оқымайтынын,  рухани  надандығын,  арамдығын, 
сайқалдығын,  екіжүзділігін,  нәпсіқұмарлығын,  қы-
зғаншақтығын,  қулығын,  жалқаулығын,  маубастығын, 
даңғойлығын есерсоқтығын, жынды сүрейлігін, менмен-
дігін, ақымақтығын, сумилығын, тәкаппарлығын, алкеу-
делігін, өзімшілдігін, біреуді сыртынан сынайтындығын, 
өсек,  өтірік  айтатындығын,  уәдеде  тұрмайтындығын, 
дүниеқоңыздығын,  жауыздығын,  іштарлығын,  біреуді 
көре  алмайтындығын,  жалғызбастылығын  (балалары-
ның  есімін  атау  қажет),  кедейшілігін,  қайыршылығын, 
жоқшылығын,  мейірімсіздігін,  тасбауырлығын,  үлкенді 
сыйлымайтындығын,  мәдениетсіздігін  және  осы  адам-
ның  (аты  жөнін  айтасыз)  ойлау  жүйесімен  тамақтанып 
жүрген жын-шайтан перілерді, төменгі әлемнің жан ие-
лерін, қаралықтарды мына (өз атын және әкесінің атын 
бұрмаламай  айтасыз)  ойлау  жүйесінен  толық  қуалай 
көрші, мына пенденің ойлау жүйесін толық тазалай гөр-
ші. Сеанста отырған адам сізді қайталап: «Менің ойлау 
жүйеммен  тамақтанып  жүрген  жын-шайтан  перілерді, 
төменгі әлемнің жан иелерін, қаралықтарды, менің ойлау 
жүйемнен толық қуа гөрші, менің ойлау жүйемді толық 
тазалай  гөрші.  (Отбасындағы  барлық  адамдардың  аты 
мен әкесінің атын айтып сұрауы қажет). 

61
Сол кезде сеанста отырған адам санасы арқылы неше 
түрлі  көре  бастайды.  Ойлау  жүйесінен  бақа-шаян,  жы-
лан, құрт-құмырсқалар кете бастайды. Сеанстың қанша 
уақытқа  созылатынын  бір  Жаратушы  ғана  біледі.  Егер 
адамның  жүрегі  таза  болса,  өзін  өзі  тазалайды.  Сеанс 
жүргізіп  отырған  адам  оның  жанын  жетелеп  отырады. 
Біраз уақыт өткен соң адам өзінің тазаланғанын сезеді. 
Себебі, күнді көреді. Айналасы жап-жарық болады. Осы 
әдіспен  отбасындағы  жарының,  бала-шағасының  есім-
дерін атап отырып, олардың ойлау жүйесін тазалай ала-
ды. 
Қара дұғадан тазару
«Иа,  Алла  маған  қара  дұға  жасаған  адамның  қара 
дұғасын  өзіне  қайтара  гөрші»,  –  деп  сұрау  қажет.  Сол 
кезде  сеанста  отырған  адамға  қара  дұға  жасаған  адам-
ның аты-жөні түседі не бейнесін көреді. Қара дұға жа-
саған адамның құлағанын көреді. Қара дұға оны жасаған 
адамның өзіне қайтқан кезде ол шыңғырып, қатты қый-
налады. Бұл Құдайдың оған берген жазасы. Еш уақытта 
қара дұғамен шұғылдануға болмайды. Қазіргі кезде қа-
зақтың қыз-келіншектері қара дұғаға әуес. Олар сығанға, 
емші-домшыларға қара дұға жасатады. Бірақ, оның бәрі 
өзіне қайтқанда жазасын алады. Тазарған кезде адамның 
көз алды жап-жарық болады. 
Адамның санасына жақсы бағдарлама ұялату
«Иа, Алла менің ойлау жүйеме Аллаға деген шексіз 
махаббат, бүкіл адамзатқа деген шексіз махаббат, бүкіл 
жан иелеріне деген шексіз махаббат, бүкіл қоршаған ор-
таға, табиғатқа, әлемге деген шексіз махаббат, бір-біріміз-

62
ІV БӨЛІМ
ге деген махаббат, өз жұртыма, нағашы жұртыма, қайын 
жұртыма, ел жұртыма, халқыма деген шексіз махаббатты 
ұялата гөрші», – дейді. Сосын тағы да бағдарлама қоюды 
жалғастырады. «Иа, Алла менің ойлау жүйеме батырлық, 
батылдық, жүректілік, ешкімнен, еш нәрседен қорықпа-
уымызды,  алған  мақсатымызға  жетпей  тынбауымызды, 
имандылық,  ізгілік,  адамгершілік,  көп  кітап  оқуымды, 
рухани  ілім  деңгейінің  жоғары  болуын,  парасаттылық, 
кемеңгерлік,  даналық,  адалдық,  (үйленбеген  адам  бол-
са) Иа, Алла құдай қосқан қосағымды тауып бере гөрші, 
өмірге жақсы балалар әкелуіме себепші бола гөрші», – 
деп тілейді. 
«Иа, Алла мені шексіз байлық иесі, шексіз дәулет иесі 
етіп, шексіз молшылыққа малындыра гөрші»– деп тілей-
ді. «Иа, Алла әдемі болуымды, сұлу болуымды, сымбат-
ты  болуымды,  сүйікті  болуымды,  сүйкімді  болуымды, 
денімнің  сау  болуын,  ғұмырымның  ұзақ  болуын,  ба-
ла-шаға, немерелерімнің қызығын көруімді, екі дүниенің 
қызығын көруімді, екі дүниенің қанатын тең ұстауымды, 
өзімнің (әйел адам болса) қыздарымның, келіндерімнің 
жақсы ана, кемеңгер әже болуымызды, күйеуімнің, күй-
еу балаларымның жақсы әке болуын, дана ата болуын, 
мейірімді де қайырымды болуларымызды, жомарт, бауы-
рмал, мәдениетті болуымызды Иа, Алла  санамызға ұяла-
та  гөрші», – деп тілейді. 
«Иа,  Алла  кейін  байып,  миллионер  болған  кезім-
де ел-жұртымды жұмыспен қамтамасыз етуімді, оларға 
баспана  салып  беруімді,  балалар  бақшасын  салып  бе-
руімді, ел-жұртыма, қазақ еліне әйгілі адам болуымды, 
ел-жұртыма, халқыма рухани ұстаз болуымды, менің ой-

63
лау жүйеме ұялата гөрші», – деп тілейді. Сеанс кезінде 
адамдар көздерін жұмып отыратынын естен шығармаға-
ны жөн. Сеанс кезінде олардың тілектері қабыл болып, 
санасына Алланың нұры құйылады. Нұр көбінесе сәуле, 
жаңбыр, қар түрінде жауады. Бұл оның тілектерін Алла 
қабылдап жатқанын және санасының толық жақсы жаққа 
өзгергенінің дәлелі.

64
ІV БӨЛІМ
Ойлау жүйесіне жақсы бағдарлама ұялату 
«Иа,  Алла  менің  ойлау  жүйеме  (отбасындағы  басқа 
адамдардың  да  аты-жөнін  атайды)  солардың  да  ойлау 
жүйесіне Аллаға деген шексіз махаббат, бүкіл адамзатқа 
деген шексіз махаббат, бүкіл жан иелеріне деген шексіз 
махаббат, бүкіл қоршаған ортаға, табиғатқа, әлемге деген 
шексіз  махаббат,  бір-бірімізге  деген  махаббат,  өз  жұр-
тыма,  нағашы  жұртыма,  қайын  жұртыма,  ел  жұртыма, 
халқыма деген шексіз махаббатты ұялата гөрші», – дейді. 
Сосын  тағы  да  бағдарлама  қоюды  жалғастырады. 
«Иа,  Алла  менің  ойлау  жүйеме  батырлық,  батылдық, 
жүректілік,  ешкімнен,  еш  нәрседен  қорықпауымыз-
ды,  алған  мақсатымызға  жетпей  тынбауымызды,  иман-
дылық, ізгілік, адамгершілік, көп кітап оқуымды, рухани 
ілім деңгейімнің жоғары болуын, парасаттылық, кемең-
герлік,  даналық,  адалдық,  (үйленбеген  адам  болса)  Иа, 
Алла өзіме лайықты құдай қосқан қосағымды тауып бере 
гөрші, өмірге жақсы балалар әкелуіме себепші бола гөр-
ші», – деп тілейді. 
«Иа, Алла мені шексіз байлық иесі, шексіз дәулет иесі 
етіп, шексіз молшылыққа малындыра гөрші»– деп тілей-
ді. «Иа, Алла әдемі болуымды, сұлу болуымды, сымбат-
ты  болуымды,  сүйікті  болуымды,  сүйкімді  болуымды, 
денімнің  сау  болуын,  ғұмырымның  ұзақ  болуын,  ба-
ла-шаға, немерелерімнің қызығын көруімді, екі дүниенің 
қызығын көруімді, екі дүниенің қанатын тең ұстауымды, 
өзімнің (әйел адам болса) қыздарымның, келіндерімнің 
жақсы ана, кемеңгер әже болуымызды, күйеуімнің, күй-
еу балаларымның жақсы әке болуын, дана ата болуын, 

65
мейірімді де қайырымды болуларын, жомарт, бауырмал, 
мәдениетті болуымызды Иа, Алла ойлау жүйемізге ұяла-
та  гөрші», – деп тілейді. «Иа, Алла кейін байып, миллио-
нер болған кезімде ел-жұртымды жұмыспен қамтамасыз 
етуімді, оларға баспана салып беруімді, балалар бақша-
сын салып беруімді, ел-жұртыма, қазақ еліне әйгілі адам 
болуымды, ел-жұртыма, халқыма рухани ұстаз болуым-
ды, менің ойлау жүйеме ұялата гөрші», – деп тілейді. Се-
анс кезінде адамдар көздерін жұмып отыратынын естен 
шығармағаны жөн. Сеанс кезінде олардың тілектері қа-
был болып, оның ойлау жүйесіне Алланың нұры құйы-
лады. Нұр көбінесе сәуле, жаңбыр, қар түрінде жауады. 
Бұл оның тілектерін Алла қабылдап жатқанын және ой-
лау жүйесінің толық жақсы жаққа өзгергенінің дәлелі.
Келесі қадам «Иә, Алла менің өмір жолымды (от-
басындағы  басқа  да  адамдардың  аты-жөнін  айтса 
болады)  және  солардың  да  өмір  жолын  аша  гөрші»
–  дейді.  Сонда  адам  санасы  арқылы  аппақ  жолдардың 
ашылғанын көреді.
  Келесі  қадам  «Иа,  Алла  менің  аяқ-қолымдағы 
кісенді шеше гөрші»,  – дейді. Солт кезде санасы арқылы 
аяқ-қолдарындағы кісеннің түсіп жатқанын көреді. 
Келесі қадам «Иа, Алла менің бизнес жолымды аша 
гөрші», – дейді. Сол кезде дәулет, байлық адамның тө-
бесінен алтын ақша, доллар, теңге түрінде құйылады. 
Бұдан кейін адам өзінің шаңырағын тазалауы қа-
жет. 
«Иа,  Алла  менің  шаңырағыма,  аулама,  әжетханама, 

66
ІV БӨЛІМ
автокөлігіме, бау бақшама т.б. құрлыстарға ұялап алған 
жын-шайтан  перілерді,  төменгі  әлемнің  жан  иелерін, 
қаралықтарды менің шаңырағымнан, ауламнан, әжетха-
намнан, автокөлігімнен, бау бақшамнан т.б. құрлыстар-
дан толық қуа гөрші, менің шаңырағымды толық тазалай 
гөрші»,  –  деп  тілейді.  Сол  кезде  санасы  арқылы  үйден 
қара  нәрселердің  шыққанын  көреді.  Сеансты  жүргізіп 
отырған адам санасына салса, қаралықтардың қай жерде 
тығылып отырғанын көре алады. Әр бөлмені санасымен 
қарап  шығады,  тазарған  кезде  бәрі  жап-жарық  болып 
кетеді. Сосын тазарған сайын: «Иа, Алла осы бергеніңе 
шексіз тәубе, шексіз шүкіршілік», – деп тәубе айтып оты-
руы тиіс. Мұны ұмытпаған абзал. 
Келесі қадам  «Иа, Алла  менің  шаңырағыма,  аула-
ма, әжетханама, автокөлігіме т.б. құрлыстарға қара 
дұғадан, тіл көзден, жын-шайтан перілерден, төмен-
гі әлемнің жан-иелерінен, қаралықтардан қорғайтын 
қорғау,  қоршау  салып  бере  гөрші»,  –  деп  тілейді.  Сол 
кезде  Алланың  құдіретімен  шаңырағына,  ауласына,  ав-
токөлігіне қорғау салынады.  Қорғау шаңырақ, пирамида 
т.б. бейнеде келіп түседі.
Кетіп қалған бақ құсың мен періштеңді басыңа 
қондыру
Сеанста  отырған  адам:  «Иа,  Аллам  менің  бой-
ымдағы кетіп қалған періштелерімді қайта қондыра 
гөрші»,  –  деп  айтуы  керек.    Сонда  бірнеше  секундтан 
кейін оның иығына періштелер қона бастайды. Періште 
қонған соң: «Иа, Алла осы бергеніңе шексіз тәубе, шексіз 
шүкіршілік»,  –  деп  жаратушыға  алғысын  білдіреді. 

67
Періштелер қанаттары бар кішкентай балалар кейпінде 
келеді. Сандары әр түрлі болады.
Екінші қадам: «Иа, Алла менің басыма бақ құсым-
ды қондыра гөрші», – деді.  Сол кезде оның басына қа-
лықтап  кеп,  аппақ  болып,  бақ  құсы  қонады.  Әр  кімге 
әртүрлі  құс  бейнесінде  көрінеді.  Сосын  тағы  да:  «Иа, 
Алла осы бергеніңе шексіз тәубе, шексіз шүкіршілік», –  
деп жаратушыға алғысын білдіреді. 
Осыдан кейін Алладан қорған сұрайды. «Иа, Алла 
менің  бойыма  (бүкіл  отбасы  мүшесінің  аты-жөнін 
атап шығуына болады) және болашақ жеті ұрпағыма 
дейін, қара дұғадан, тіл көзден, жын-шайтан перілер-
ден, төменгі әлемнің жан иелерінен, қаралықтардан 
қорғайтын,  қоршайтын  қорған  салып  бере  гөрші»
–  деп  сұрайды.  Осы  кезде  Алланың  құдіретімен,  аты 
аталған адамның бәріне жоғарыдан қорғау түседі. Қорған 
әр түрлі бейнеде түседі. Атап айтсақ: киіз үй, темір қақпа, 
қорған, пирамида т.б.  Көп адамды көрсе, ол оның жеті 
ұрпағы. Бұл да Құдайдың бір құдіреті. Сол сияқты үйіне, 
автокөлігіне де қорған қоюға болады. 
Сеанс арқылы адамды емдеу
«Емнің қону қонбасы тағдырдан (Алла тағала белгі-
леген). Алла тағаланың бұйырумен болады».  
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Кейбір адамның бойында дерт болады. Оны да алуға 
болады.  Мәселен,  басы  ауырса:  «Иа,  Алла  менің  ба-
сымдағы ауыртпалықты ала гөрші», – дейді. Емде оты-
рған адам басынан қап-қара бір нәрсенің кеткенін көреді. 

68
ІV БӨЛІМ
Көз алды жарық болып, күн шыққанда тағы да Аллаға 
тылай тәубе етесіз: «Иа, Алла осы бергеніңе шексіз тәу-
бе,  шексіз  шүкіршілік»,  –    деп.  Сосын  екі  иығындағы, 
екі білегіндегі ауыртпалықты алу керек. Ол оның өмірде 
тартып жүрген бейнеті. Сондай-ақ ер азаматқа өкпесі бар 
қыз-келіншектің көпшілігінің жатыры аурады. Адам бой-
ында өкпе-ренішті ұстауына болмайды. Адамды кешіріп, 
жүрегін  өкпе-реніштен  тазартуы  қажет.  Көбінесе  адам 
бойындағы  дерттің  туындауына  себепші  болатын  нәр-
се – ол адамның эмоциясы. Яғни, ашу-ыза, өкпе-реніш, 
уайым-қайғы,  қорқыныш-үрей,  қызғаныш,  көреалма-
ушылық. Менен ем алған жатырында миомасы бар келін-
шектер  бір  жұмада  жазылып  кеткен  оқиғалар  тәжіри-
бемде  көптеп  кездеседі.  Дәрігерлер  таң  қалып  жатады: 
«Бұлай болуы мүмкін емес», – деп. Сеанс жүргізіп оты-
рған адам өзінің Ғазиз жанынан сұрау арқылы, сеанста 
отырған адамның мүшелеріндегі бүкіл ауыртпалықтарды 
(ауруларын) көре алады. Құдайдың құдіретімен сеанста 
отырған адамның денсаулығын толық қалпына келтіреді. 
Өзінің бойындағы әр мүшесіндегі ауыртпалығының кетіп 
жатқанын сеанста отырған адам өзі санасы арқылы көріп 
отырады. Бүкіл аурудың себебі адамның ойлау жүйесін-
де бұғып жатыр.

69
V БӨЛІМ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет