Әсет ризаұлы мұҚашбеков бақыт қҰСЫҢды басыңА Қондырудың ҚҰпиялары



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата06.03.2017
өлшемі1,25 Mb.
#8021
1   2   3   4   5   6   7   8

О дүниеге барып қайтқан Қымбат 
Тел: (8727) 252-03-36, Алматы 8 701 326 58 38;
Қымбат  Қабдашқызы  екі  мәрте  өліп  тірілген 
адам.    Орынбаеваның  тозақта  көрген  сұмдықтары, 
жұмақта  көрген  туыстары,  болашақ  өмірге  келетін 
сәбилерімен жолығуы.  
«Кісінің  өз  өлімімен  өлгені  қандай  да  болса  жақсы 
өлім. (беймезгіл өлім шейіт)» 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Тұрмыс құрған бастапқы 1997 жылы күйеуім Марат 
екеуміз    Талғар  ауданы,  Әлмерек  ауылында    екі  қайын 
сіңіліммен бірге тұрдық. Пенде баласы болғаннан кейін, 
әсіресе қыздар арасында ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмай-
ды. Сондай бір кезекті «азамат соғысының» бірінде қай-
ын сіңілім ішімнен тепті, менің іш құрлысымда бірдеме 
үзіліп кеткендей болды. Үйде бір тәулік жатып қалдым. 
Ауырып болмағаннан кейін туған ағам Құрметтің жұ-

85
байы Шолпан мен бауырым Әділет Алматы қаласының 
орталық  емханасының  хирургия  бөліміне  алып  келеді. 
Дәрігерлер рентгенге түсіріп тексергеннен кейін: «Ішегің 
үзіліп гемотома болуы мүмкін, сенің тірі қалуыңа кепіл-
дік бере алмаймыз. Сондықтан операция жасамас бұрын 
өз қолыңнан колхат бересің», ¬– дейді. Жан керек, Қым-
бат қолхат береді.
Дәрігерлер  Қымбатты  операцияға  дайындап  іске 
кіріседі. Ұйықтататын дәрі еккеннен кейін Қымбат терең 
ұйқыға  шомады.  Өзі  былай  дейді:  «Ұйқыға  кеткеннен 
кейін жаным тәнімнен бөлініп, өзім әппақ жамылғы жа-
уып қойған тәніме төбеден қарап тұрмын. Дәрігер біде-
мені айтып, пышағымен мені кескілеп жатыр. Мен қарап 
тұрмын. Айтқан сөздерін түсінбеймін».
Осы  сәтте  құбыр-труба  сияқты  бірдеменің  ішімен 
ұша  жөнелдім.  Алдымнан,  өте  алыстан  кіп-кішкентай 
жарық көрінеді, жете алмаймын. Ұшып келемін, ұшып 
келемін...  Тынысым  тарылып  кетті,  құбырдың  ішінен 
тезірек шыққым келеді. Бір кезде мені дөңгелегі бар зем-
білге (каталка) салып екі есікке алып келеді. Есіктің ал-
дында гуманоидтарға ұқсайтын бір орта бойлы адам тұр. 
Тек жылтырап көзі ғана көрінеді. Көзі адамдікі сияқты. 
Бірақ, үлкен. Үсті-басына күміс тектес матадан жасалған 
кебінге  ұқсас  киім  киіп  алған.    Зембілге  салған  қалың 
нөпір адамдар кезекте тұр. Әлгі кебін киген адам оларды 
іріктеп жатыр. 
–  Мынаны  анда  жіберіңдер,  ал  мынаны  кері  қайта-
рыңдар!
Менің кезегім келгенде:

86
VI БӨЛІМ
– Мынау кері қайтарылмайды, – деп бір есікті ашып, 
итеріп кіргізіп жіберді.
Іші ойлы-қырлы сырғанаққа ұқсайтын қан түстес құ-
быр екен. Сол құбырдың ішінде айналып ұшып келемін, 
ұшып  келемін...  Бір  мезетте  жіп-жіңішке  қыл  көпірдің 
үстінен бірақ шықтым. Екі аяғыммен тұрмын. Қыл көпір 
шайқалақтап  тұр,  шайқап  тұр.  Артымдағы  үңгірге  ұқ-
сас құздан жалынышты ыңырсып қиналған дауыстарды 
естідім. 
– Қымба-а-ат, кешірші бізді! Кешір! Құтқа-а-ар бізді! 
Артыма қараймын. Кім ол?! Алдымда дуал. Есік көрі-
неді. Дуалдың ар жағында ана дүниенің адамдары мені 
күтіп тұр. Әкемнің шешесі әжем, Мараттың ата-анасы, 
әжесі, Мараттың түрік досы Яша әкесімен бәрі бірге тұр. 
Ол кезде Мараттың әкесінің ағасы Әшмұхаммед ата тірі 
болатын. Ол кісі де тұр екен. Мен:
– Ой ата! Сіз менен бұрын жетіп алғансыз ба? – деп 
қоямын. Ол кісі бауырына айтып жатыр:
–  Мынау Мараттың келіншегі Қымбат болады. Сенің 
туған келінің. 
Сонан соң әжемді көріп:
– Апа! Мен сізді таныдым, келдім міне,  мен келдім! 
Бәрі күлімдеп тұр.
Қыл көпірдің ортасында тұрмын. Арттағы дауыс қи-
налып мені шақырып жатыр. Ойладым: 
– Елдің бәрі тозақ дейді, соны көрейінші. Кім менен 

87
соншалықты кешірім сұрап жатыр, соны білейінші, – деп 
қыл көпірдің үстімен артыммен артқа жүрдім. Тоқымдай 
ғана  жер  бар  екен.  Сонда  тұрып  үңгірдің  ішіне  кірдім. 
Кірсем түрі қорқынышты: көздері, денесі күп болып ісіп 
кеткен бір әйелді тіліне дәу шеге қағып, тасқа іліп қой-
ған. Сөйлей алмайды, тек «ың» деп ыңырсыған дыбыс 
шығарып менен көмек сұрап тұр, бұлар өсекшілер. Мен  
оны танымаймын, түрі бұзылып кеткен. 
Мен:  «Бисимилаһи  рахманир-рахим»,  –  деп  тілімді 
кәлимаға келтіріп алып, ары қарай жүрдім. Қарасам  енді 
бір  әйелдің  басын  салбыратып,  шашын  қазыққа  бай-
лап, көтеріліп тұрған екі аяғына шеге қағып, қабырғаға 
жапсырып қойыпты. Тілі салақтап жерге жетеді. Ол да 
сөйлей алмайды, тек «а-а-а-а!!!» дейді. Үңгірдің ішінің 
ауасы ауыр, ниеті (аурасы) жаман. 
«Егер Адам баласына Алла Тағаладан басқа тағы да 
біреуге табынуға бұйыра алсам, әрбір әйелді өз еріне 
табындаруға бұйрық берер едім».    
 
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Одан  әрмен  жүрсем,  келесі  әйелдің  оң  көзіне  шеге 
қағып, қабырғаға оны да асып, жапсырып қойыпты. Ол 
не  әрі,  не  бері  қозғала  алмайды.  Лаулап  жанған  оттың 
ішінде жан дауысы шығып: «Қымба-а-ат! Қымба-а-ат!» 
– деп, бір әйел адам тірідей жанып жатыр. Алдында есті-
ген даусым осы тірідей жанып жатқан адамның дауысы 
екен. Түрін танымаймын. Бірақ дауысы таныс.
Одан әрі қарасу батпақта бір адам тұншығып, малтып 
шыға алмай жатыр. Кім екен деп қарасам, түсінбеймін. 
Бір кезде күйеуім Мараттың екі жездесі болған еді, со-

88
VI БӨЛІМ
ларға ұқсап кетеді. Екеуі де кезек-кезек тұншығып, мал-
тып шыға алмай жатыр. Қызығы, екі адам бір адам бо-
лып тұр. Бір батып шыққанда: «Өлдім, өлдім көмектес! 
Өлдім, өлдім көмектес! Құтқар бізді!», – дейді. Мен ол 
жаққа бара алмаймын. Сұмдық қорқынышты. Осыларды 
көргеннен соң кері қайтып қыл көпірдің үстіне барамын.
Сонан  кейін:  «Е,  баяғы  қыл  көпір  дейтін  осы  екен 
ғой!», – деймін. Қыл көпірдің үстімен жүріп келе жат-
сам дірілдеп тұрып лақтырып жібереді, үстіне қайта екі 
аяғыммен дік етіп түсе қаламын. Астыма қарасам, қап-қа-
раңғы құз. Мені осылай үш қабат лақтырды. Үшеуінде де 
дік-дік етіп, қыл көпірдің үстіне түсе қаламын. Үшінші 
қабат лақтырған соң жұмақтың есігіне бардым.  
Есіктің  сыртынан  айқайлаймын:  «Әже,  мен  келдім. 
Қазір сені құшақтап иіскеймін!». Есікті енді ашып кірей-
ін деп тұрғанымда, жоғары жақтан қанаты бар екі еркек 
күйеуім  Мараттың  анасын  көтеріп  ұшырып  әкеп,  тура 
жұмақтың есігінің алдына апарып қояды.
Мараттың анасы есікті жауып тұрып:
–  Қайда асықтың қызым? Менің жалғыз қарашығым 
Мәкенімді (Маратты) кімге тастап кеттің?! 
Мен айтамын:
–  Сіз  мені  жіберіңізші,  мен  әжемді  көрмегелі  қан-
шама  жыл  болды,  сағындым.  Барып  иіскеп  құшақтап  
келейін. 
Мараттың  анасына  қарасам,  үлкендеу  қыз  бала  мен 
кішкентай ұл бала, екеуі екі жағынан екі етегін ұстап тұр 

89
екен. Ол кезде қызым Азиза екі жарым жаста болатын. 
Мараттың анасы:
–  Мына екі бала сенің балаларың.
–  Менде мұндай балалар жоқ. Менде бір ғана бала 
бар – Азиза.
–  Жоқ  мыналар  –  Мараттың  дүниеге  келетін  бала-
лары.  Сендердің  балаларың.  Құдайдан  жалынып  сұрап 
алғанмын.
–  Жо-оқ! Сіз мені жіберіңіз, шаршадым. Өмір сүргім 
келмей кетті! Мұнда кіремін.
–  Жоқ! Сен кері қайтасың! Мен Алла Тағаладан Ма-
ратыма дұрыс келін бер деп жылап жалынып, жалбары-
нып жүргенде жүріп сұрағанмын. Сонда сені кездестірді. 
Ол сенімен ғана кемеңгер адам болады. Басқа адаммен 
ондай бола алмайды.
Сол кезде:
–  Е! Студент кезімде көк базарға жиі барушы едім, 
мүмкін сол кезде сізден бірдеме сатып алған шығармын, 
– деп ойымды айтып жатырмын. Ол кісі үндемейді. 
Сол  кезде  екі  баланы  көргенде  қызым  Азиза  есіме 
түседі.
–  Мәссаған! Мен не деген өзімшіл эгоистпін. Өзімді 
ғана  ойлап  тұрмын.  Азизаны  тастап  кеттім.  Кім  оған 
шеше болады?! Кімге қалдырып бара жатырмын? Жоқ! 
Мен өліспей беріспеймін! 
Тұрған  жерімнен  жоғары  жаққа  қарасам,  биікте  қа-

90
VI БӨЛІМ
уғадай сақалы беліне 
түсіп кеткен, аппақ киінген ақсақал малдас құрып үл-
кен кітапты ашып отыр екен. 
–  Әй, балам! Кімсің сен? 
–  Мен Қымбат Қабдашқызымын, ата! Сіз кім бола-
сыз?
–  Мен ажал боламын. Ажалмын!
Әлгі арада не айтарымды білмей сасқалақтап қалдым.
–  Е, е! Бұл өмірге асығып келген екенсің. Сені бұл 
жерге  асықтырып  жіберген  екен.  Сен  өз  еркіңмен  кел-
меген екенсің. Сені бұл өмірге зорлап, күштеп жіберген 
екен ғой. Сені өлтірген екен. Сен тіпті ұзақ өмір сүретін 
адамсың. Неғып бұл өмірге асықтың? 
Ақсақал кітапты ашып қарайды. Мен:
–  Қымбат  Қабдашқызымын!  Қымбат  Қабдашқызы-
мын!, – деймін.
–  Түсіндім, қарағым.
–  Қалсам бола ма? 
–  Сенің әлі дәм-тұзың таусылатын күн жеткен жоқ. 
–  Бірақ менің кері қайтқым да келіп, қызымды ойлап 
тұрмын. Ата, өліспей беріспеймін! 
Осы  сәтте  мені  жұмақтың  есігінен  шығарып  жібе-
реді. Келген құбырмен қайта кері бағытқа ұша жөнелдім. 
Алыстан жарық көрінеді. 

91
– Мына жарыққа жете алмаймын ғой!, – деп ойлаға-
нымда оң жаққа, қысқа жолға бұрып жібереді. Осы құбы-
рдың ішімен ұша жөнелдім.
 Оянып кетсем, операция үстелінің үстіндегі шамның 
жарығы  екен.  Дәрігер  бетімді  шапалақтап:  «Проснись, 
проснись!  Тұр,  тұр,  оян!»,  –  деп,  бетімді  ұрып  жатыр. 
Сандырақтап,  сандырақтап  үш  тәуліктен  кейін  есімді 
жиыппын. Мен:
– Болды ма, Азиза! Болды ма, Азиза!, – дей беріппін. 
Есімді  жиғанда  тұла  бойымның,  операция  жасаған  мү-
шелерімнің ауырғанын сездім. Ана жақта еш ауырғанды 
сезген жоқпын. Менің ойымша операция 20 минут жа-
салған сияқты.
–  Операция 20 минутта тез жасалды ғой, – деймін. 
Медбике қыз:
–  Ой, тәте! Сіздің системамен жатқаныңызға үш күн 
болды ғой, – деді.
Бұл оқиға 1997 жылдың тамыз айында болған. 
 Қымбат Орынбаеваның екінші рет өлуі
«Өлім алдында жатқан адамның алдына (Лә иллаһа 
иллаллаһу)  деп  калиманы  қайтаруды  естіртіп  айтып 
тұрыңдар».
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
1997    жылы  қараша  айының  19  күні  үш  айдан  кей-
ін, ішегім қайта түйіліп, операцияға екінші қабат түстім. 
Бұрынғы операция қайта қайталанады. 

92
VI БӨЛІМ
  Бұрынғы көргендерім айна қатесіз қайта көремін. 
Алдындағы көріп тілдескен ата (ажал) айтады:
– Неге келе бердің? Сен қазір қалғың келсе мүмкіндік 
бар. Қалуыңа болады.Сен келе бердің, келе бердің ғой, – 
дейді.
–  Мен емес қой, осылай болып қалды ғой.
Ата:
–  Ойлан.
Мен  жұмақтың  алдынан  екі  баланы  тағы  көремін. 
Мараттың анасы ішке кіргізбей былай дейді:
–  Қайт қызым, райыңнан қайт. Тезірек қайт! 
Мен айтамын:
–  Апа! Маған бір мүмкіндік бересіз бе? Мен әжемді 
ішіне кіріп бір иіскеп қайтсам болды. Сонан кейін қайта-
мын.
Мараттың анасы:
–  Ол есікке кірген адам, екінші қайтып шықпайды. 
Ойлан. Қалғың келсе қал.
Осы  көргендерімді  бірінші  қабат  көргенде  жан  ба-
ласына  айтқан  жоқпын.  Қорықтым.  Бұл  көргендерімді 
екінші қабат көргенімде ойландым. Тәуекелге бел буып, 
алдымен күйеуім Маратқа айттым.
–  Сенің анаң мені о дүниеден қайтарды. Қасында үл-
кендеу қызы мен кішкентай ұлы бар.

93
Кейін бір жылдан кейін аяғым ауыр болып екінші қы-
зым Әйгерімге босандым. Одан кейін үшінші балам Ела-
манды дүниеге алып келдім.
  Басынан өткен тылсым дүниеде көрген адам сен-
гісіз ғажайып оқиғасын шұрайлы тілмен баяндап берген 
Қымбат  Қабдашқызы  сөз  соңын  былай  аяқтады:  «Мен 
бұрын қыл көпір, о дүние жайлы естігенмін, газет жур-
налдардан, кітаптардан оқығанмын. Бірақ, сенбейтінмін. 
Мен өзім көзіммен көрмесем ештеңеге сенбейтін адам-
мын. Екі қабат тылсым дүнинің тура солай қайталанып 
көрінуі мүмкін емес қой!
 Бұдан бұрын да, осыдан кейін де тылсым дүние ту-
ралы неше түрлі қызық жайттарды көріп тұрамын. Қазір, 
бір Алланың құдіретінің шексіз екенін және о дүниенің, 
әруақтардың бар екеніне шек келтіре алмаймын».
Қымбаттың енесінің әруағы бір жыл бойы  
жанында қолдап жүруі
«Әр  нәрсенің  кілті  бар.  Пейіштің  кілті  кембағал 
мүсәпірлерді жақсы көруде». 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Алдыңғы тылсым дүниені көрмес бұрын, тағы бір қы-
зық тылсым құбылыс болды. Маратқа тұрмысқа шықтым. 
Ол  кезде  Мараттың  анасы  қайтыс  болып  кеткен.  1994 
жылы келін болып түскеннен кейін түс көремін. Түсім-
де қазақи той көйлек киіп ақ волгамен үйге келеміз. Есік 
ашық  тұр.  Биік  тұғыр  тұр  екен.    Соның  үстіне  шығып 
тұрмыз. Мараттың әкесі 1980 жылы дүниеден өткен. Сол 
кісі жақсы киімін киіп бөлек күлімсіреп бізге қарап отыр 

94
VI БӨЛІМ
екен.  Мараттың  анасы  шашу  шашып  тұр,  соны  теріп 
алып жатырмыз. 
Мараттың анасы Маратқа:
– О! Мен қызды болып жатырмын. Ей, шешек! Осы 
қыздың  шашынан  бір  тал  түссе  оңбайсың  сен!  Мына 
бала  менің  қызым!  Балам,  мына  үйге  қара!,  –  дейді  де 
мені үйге кіргізіп жібереді. Өзі кірмейді. 
Мен:
–  Сіз үйге кірмедіңіз бе?
–  Жооқ! Мен көршілерге той жасаймын. Менің Ма-
ратым үйленді. Келін түсірді. Той жасаймын, той жасай-
мын! 
Таңға жуық оянайын деп жатсам біреу сыбырлап:
–  Қымбат! Қымбат!, – дейді.
Көзімді ашсам аяқ жағымда Мараттың анасы кәдімгі-
дей тұр. Өңім бе, әлде түсім бе деп өзімді шымшимын. 
Өңім  сияқты.  Маратқа  қарап  қолымды  созып  оятайын 
десем,  денемді  игере  алмаймын.  Қозғалмайды.  Өзімді 
шымшыласам сезіп  тұрмын. Мараттың  анасы қабырға-
дағы ілулі тұрған суретіне артымен жылжып кетіп қала-
ды. Мен тұрамын да:
–  Марат! тұр, тұр!
–  Не болды, не болды?!
–  Мамаң  менің  аяқ  жағымда  тұр.  Мені  оятты.  Қы-
зым! Тұр!, – деді маған. Қарасам таңғы сағат 7 екен.

95
Марат:
–  Қойшы, мүмкін емес.
–  Сенің анаң ана суреттегідей киімімен келді, – деп 
анасын суреттеп бердім. 
Опеарацияға  түсер  кезімде  Маратты  анасының  әру-
ағы:
–  Бұл үйден тезірек, кетіңдер!, – деп аян берді. Со-
нан кейін екі айрық жолға алып келеді:
–  Мына  жолда  ылғи  зираттар,  мына  жол  ұзын  жол 
сенің жолың.
Мен айтамын:
–  Мен сіздің үйіңізге барайын.
–  Жоқ! Менің үйіме баруға болмайды. Ол жақта тек 
зираттар.  Мен  зираттар  жаққа  барамын,  сенің  жолың 
мына ұзын жол, – дейді.
Осы түс 1997 жылдың шілде айында 4-5 қабат көрі-
неді. Осының бәрі тылсым дүниенің ескертуі екенін кей-
ін түсіндім.
Мараттың  анасының  әруағы,  үлкен  қызым  Азизаға 
ауыр аяқ болғанымда қасымда тура бір жыл жүрді. Ма-
рат көбінесе іс сапарға шығып кетеді. Үйде жалғыз қа-
ламын. Күнделікті кешкісін үйге анау-мынауларды кір-
гіземін. Үйде бақа болады. Бақаны көрмеппін. Аяғымда 
көтеріп енді басайын десем:
–  Қызым,  абайла.  Аяғыңның  астында  бақа  жатыр, 

96
VІI БӨЛІМ
–  дейді.  Жан-жағыма  қарасам  ешкім  жоқ.  Дауыс  Ма-
раттың анасынікі. Сонан кейін: ««Бисимилаһи раххман 
аррахим», – десем, бақа секіріп-секіріп өтіп кетті. Ауыр 
бірдеме көтерсем: «Абайла!», – дейді. Қорқатын жағдай 
болса: «Абайла! Қорықпа!», – дейді. Содан кейін шам-
ның  бәрін  жағып  қорықпай  ұйықтайтын  болдым.  Бо-
санған кезде Мараттың анасының әруағы төбемде тұрды. 
Дәрігерлер:
–  О!  Қыз  босандың,  қыз  босандың!,  –  деп  айтып 
тұрғанда  Мараттың  анасының  әруағы  күлімдеп  қарап 
тұрды.  Сонан  кейін  Мараттың  анасының  әруағы  қайта 
қайтып келген емес.
VІI БӨЛІМ
БАУЫРҒА, ӨТКЕ, БҮЙРЕККЕ ТАСТАР ҚАЛАЙ 
БАЙЛАНАДЫ?
  Тас  қалай  байланады?  Кальций  –  фосфор 
қышқылымен қосылғанда – фосфат пайда болады.  Ша-
вел қышқылымен – оксалат, амин қышқылы (мочевой) – 
урат, запыран қышқылымен (желчной) – холат құралады. 
Сіздің БАУЫРЫҢЫЗДАҒЫ, ӨТІҢІЗДЕГІ, БҮЙРЕГІҢІЗ-
ДЕГІ ТАСТАР 30 жыл бойы біртіндеп пайда болды, сон-
дықтан да осы жұмыр тастарды операциясыз түсіру үшін 
белгілі әдіс қажет. Сабыр сақтаңыз, шыдаңыз, қазір осы 
әдістермен танысасыз.
  Біреулерге  өтіндегі,  бүйрегіндегі  тастарды  ульт-
родауысты  зеңбірекшемен  ұсатып,  талқандап  жіберген 

97
тиімді  болып  көрінеді.  Бірақта  тастар  бүйректе  орна-
ласқан  ғой!  Сіздің  бүйрегіңіздің  құрылымы  өте  нәзік. 
Нәтижесінде бүйрегіңіздің алқам-салқамы шығып кетуі 
мүмкін. Осындай операциядан кейін 3 тәулік бойы қан 
сиетін боласыз. 
Ал егер тастар оң жақ бүйректе болса, соққы бауырға 
тиеді.  Ал  бауыр  деген  үлбіреп  тұр  ғой!  Сізге  осы  бүй-
рекпен, бауырмен әлі талай жыл өмір сүруге тура келеді. 
Операцияға бармастан бұрын ойланыңыз, толғаныңыз... 
Оларды соққыға салмаңыз.
Тура осы жағдай – өтіңізде. Егер хирург оны сылып 
тастаса,  запыран  тұрақты  түрде  ұлтабарға  түсе  береді. 
Сусамырға  шалдыққыңыз  келе  ме?  Онда  операцияға 
барыңыз.  Үнемі  запыранның  құйылуынан  запа  шеккен 
ұлтабар, қалыпты инсулин бөлуден бас тартады. Себебі, 
Сіз өтіңіздегі тастан тез құтылуға асықтыңыз, ол аз болса 
– өтіңізден де айырылдыңыз. 
Қазіргі уақытта осы өтіңіздегі, бауырыңыздағы, бүй-
регіңіздегі, қуық жолдарындағы тастардан операциясыз, 
бейнетсіз құтылудың жолы төменде кеңінен баяндалады. 
Бұл әдіс басқа мүшелеріңізді де қалпына келтіреді. 

98
VІI БӨЛІМ
БАУЫРДАҒЫ, ӨТТЕГІ ТАСТАРДЫ ТҮСІРУ. 
ПЫШАҚСЫЗ ОПЕРАЦИЯ
«Дәрігерлік ілімді игермеген адам өтірік емшілік жа-
саса, ол адамдарға жасалған зұлымдық болады».  
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Бауыр  мен  өтті  –  тастардан  тазалау,  денсаулықты 
қалпына келтірудің ең маңызды және бірден-бір тиімді 
тәсілі.  Емге  кірісердің  адында  алты  күндік  дайындық 
керек. Ем 16-20 сағатқа созылады. Бауырдағы, өттегі та-
старды түсіру үшін, сізге мына нәрселер қажет:
Көк алманың шырыны, алты 
литр қажет. Күніне 1 л ішіп 
тұрасыз. 
Дүкендерде 1 литрлік 
пакеттермен не 1 л шыны 
шишалармен сатылады.
Іш өткізетін ағылшын 
тұзы. (Магний сульфаты, 
дәріханаларда сіресіп тұр).
Үш 200 граммдық  ыдысқа 
(стаканға) 4 үлкен қасық  
тұзды ерітесіз.
Табиғи оливко майы – 
оливковое масло. (Дүкендерде 
толып тұр).
1/2 стакан. 200 г үлкен стакан-
ның жартысына оливко майын 
құясыз.
Лимон, апельсин не грейпфрут 
(қызғылтымы жақсы).
Жемісті сыққанда стаканның 
2/3 бөлігін толтыратын шырын 
шығатын мөлшерде болса 
болғаны.
1 литрлік және жарты литрлік 
банка, жабылатын қақпағымен.
1 литрлік банкаға ерітілген 
тұзды, ал 0,5 л банкаға жеміс 
шырыны (лимон, апельсин) 
мен 0,5 жарты стакан оливко 
майын құйып араластырасыз.

99
ТАЗАЛАУҒА ЗӘЙТҮН МАЙЫНЫҢ ҚАЙ ТҮРІ 
ЖАРАЙДЫ
«Сендердің  жақсылықтарың  –  ұзақ  өмір  сүрумен 
бірге, кейінгіге игілікті іс қалдырғандарың».
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Зәйтүн  майы  суықтай  тығыздатылған  әрі  міндетті 
түрде 100 пайыз таза болуы тиіс. Дүкендерде сатылатын 
майлардың  «EXTRA VIRQIN»  деген  белгі  таңбасы  бо-
луы шарт. Ол үшін этикеткасын мұқият оқыңыз. Кейбір 
елдердің шығаратын майларының құрамында 80 пайыз 
сояның  майы  араласқан.  Нақтылы  таза  «оливко  майы» 
жасыл түстес болады. Алтын түстес болса алмаңыз. Се-
бебі, ол май 100 пайыз таза емес. 
ДАЙЫНДЫҚ
«Үмбеттерім  үшін  ең  қатты  алаңдайтын  жайла-
рым: қарын шығарып семіру, ұйқышылдық, жалқаулық 
және өзінің әлсіздігіне сенімді болу».  
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
АЛТЫ  КҮН  БОЙЫ  КӨК  АЛМАНЫҢ  ШЫРЫ-
НЫН  КҮНІНЕ  1  (БІР)  ЛИТРДЕН  ІШЕСІЗ.  (ұнаса 
бұдан да көп мөлшерде ішуге болады). Алма қышқылы 
запыран тастарын жұмсартып, запыран жүретін арналар-
дан  тастардың  өтуін  жеңілдетеді.  Алманың  қышқылы 
өте тамаша тазалағыш. 
  Кейбір  аса  сезімтал  адамдарда  шырынды  ішкен 
бастапқы  күндері  іші  кеуіп,  тіпті  тышқақтауы  мүмкін. 
Бұл  жағдайда  үлкен  дәретімен  бауырдан  және  өттен 

100
VІI БӨЛІМ
бөлінген запыран шығуы мүмкін (осы кезде үлкен дәрет-
тің түрі сары қоңырқай түстес болады). 
Алма  қышқылының  ферменттік  әсері  запыран 
жүретін  арнаны  кеңейтеді. (Егер  өзіңізді  жайсыз  сезін-
сеңіз, онда алма шырынына су қосып араластырып ішуге 
болады). Шырынды аз-аздап, там-тұмдап күні бойы та-
мақтану  аралығында ішіңіз. (Тамақ ішер алдында, тамақ 
ішкен кезде, тамақ ішкеннен кейін екі сағат уақыт өтпей 
алма шырынын ішпеңіз).
Алма  шырыны  сіздің  күнделікті  ішіп  жүрген  сұй-
ығыңызды  алмастыруға  тиіс  емес.  Бұл  оған  қосымша 
толықтыру. (Ескерту: Негізі табиғи шырын ішуге тыры-
сыңыз. Жоқ болса концентраттан дайындалғаны да жа-
рай береді).
Алма қышқылы тісіңізді бүлдірмес үшін, тісіңізді та-
залап  содамен күніне бірнеше қайтара шайыңыз. (Егер 
сізде  алма  шырынына  аллергия  болса,  онда  оны  алма-
стыратын жайттқа жүгініңіз. Осы тақырыптың соңында 
«Мүмкін  болатын  шырғалаңдар»  атты  тарауда  айтыла-
ды).
1.  ТАМАҚ МӘЗІРІНЕ ҰСЫНЫСТАР:
«Адам баласы жаратылғанда өлімнің 99 себебі бірге 
жаратылған.  Егер  осыдан  сақтанып  өмір  сүрсең  ғана 
кәрілікке жетесің». 
Пайгамбарымыз Мухаммед (с.г.с.) 
Емге  дайындық  аптасында  6  күн  суық  тамақ  пен 
тоңазытқыштан алынған сұйық ішпеңіз. Сіз бүйрегіңізді 

101
салқындатып  алсаңыз  тазалануға  бөгет  жасайды.  Ішіп 
жеміңіздің бәрі де бөлмеңіздің температурасынан төмен 
болмасын.  Бауырыңызды  толықтай  тазалау  үшін  апта 
бойы мал өнімдерінің тағамдары – ет, сүт, кілегей, сары 
май,  айран,  ірімшік,  құрт,  сүзбе  т.б.  және  қуырған  та-
мақтарды ішіп жемеңіз. Қалған жеміс-жидектерді, дән-
ді дақылдар өнімдерін қалыптағыдай жей беріңіз. Бірақ, 
тым қомағайланбай тартына жеңіз.
2.  ТАЗАЛАНУҒА ЫҢҒАЙЛЫ УАҚЫТ:
Ең  бастысы  тазалануды  демалыс  күні  өткізіңіз.  Се-
бебі,  ешқайда  асықпай  толық  демалуға  уақытыңыз  бо-
лады.  Тазалануға  барлық  кезең  қолайлы,  дегенмен  де 
жаңа ай туғаннан кейін бастасаңыз тіптен тамаша бола-
ды.  Бауырдағы  тастарды  түсіріп  тазалайтын  алдын  ала 
алты күндік дайындықты жаңа ай туарға 6-7 күн қалған-
да бастаңыз.
3.  ЕГЕР  СІЗ  ДӘРІ-ДӘРМЕК  ҚОЛДАНЫП  ЖҮР-
СЕҢІЗ
Тазалану  барысында  қандай  болмасын  дәрілерден, 
витаминдерден, биологиялық қарқынды тамақ қоспала-
рынан бас тартыңыз. Бауырға қосымша салмақ салудың 
қажеті жоқ. Бұл тазалануға бөгет жасауы мүмкін.
4.  ТАЗАЛАНУҒА  ДЕЙІН  ДЕ,  ТАЗАЛАНҒАННАН 
КЕЙІН ДЕ ІШЕГІҢІЗДІ ЖУЫҢЫЗ
Уақтылы үлкен дәретке отыруыңыз, сіздің ішегіңіздің 
ішінде  қатып  қалған  немесе  кептеліп  қалған  қоқыр-
соқыр  қалдықтардың  жоқтығына  кепіл  бола  алмайды. 
Тік ішекті алдын ала сумен жуып шайу, бауырды таза-

102
VІI БӨЛІМ
лау  барысында  жеңілдік  әкеледі.  Тазалану  барысында 
шыққан қоқыс-қалдықтардың ішек жолдарымен жоғары 
көтеріліп кетпеуінің, жүрегіңіздің айнымауының, өзіңізді 
жайсыз сезінбеуіңіздің алдын алады. Ағзаңыздың (орга-
низм) тастардан тазалануын тездетеді. 
Тік  ішекті  тазалаудың  жолы  –  мамандандырылған 
жуу. (профессиональная гидротерапия). 
Екінші жолы әр түрлі клизмалар қою. 
Үшінші ең төте әрі тиімді жолы – сұйықты өте көп 
мөлшерде ішіп, ішіңді сарылдатып өткізу  (Магний суль-
фаты, ағылшын тұзын кішкентай қасықпен алып, бір ста-
кан жылы суға ерітіп, таңерең ерте ішіңіз). Біраздан кей-
ін  ішіңіз  сарылдап  ағып,  10-12  метр  ішек  жолдарыңыз 
толық тазаланады. 
5.  ДАЙЫНДЫҚТЫҢ  СОҢҒЫ  АЛТЫНШЫ  КҮНІ 
НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Егер таңертең қарныңыз ашып тұрса жеңіл ғана та-
мақтаныңыз.  Ыстық  ботқа:  күріш,  қарақұмық,  тары. 
Сұлы  ботқасы  болса  тіптен  керемет.  Тәтті  жемеңіз. 
Қант, тәтті тоқаштар, қандай болмасын майлардың түрі 
(өсімдік  майы  да),  ет,  ірімшік,  макарон  өнімдері,  жұ-
мыртқа, жаңғақ, суық тамақ, сүт, май, құрт, кілегей, нан 
(нанды кептіріп барып 1-2 тілім сухарь жеуге болады), 
белок өнімдерін т.б. 
Жемістерді  жеп,  шырынын  ішуге  болады.  Түскі  та-
маққа  екі  жеміспен  күріштен  ботқа  жеңіз.  Бұл  ережені 
сақтамасаңыз бауырыңыз тазаланып, тасы түсіп жатқан 
кезде сізге ауыр болады. Қиналасыз. 

103
САҒАТ  14-ТЕН  КЕЙІН  АУЗЫҢЫЗҒА  НӘР  САЛ-
МАҢЫЗ. Ешнәрсе ішіп жемеңіз. Тек таза су ғана ішуге 
болады. Әйтпесе бауырыңыздағы тастар түспей қояды! 
Бауырыңызды толық тазалап, тастарын түсіргіңіз келсе 
төменгі нұсқауларды мұқият сақтап, көрсеткен  сағатын-
да істеңіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет