Әшімова гҥлназ бейсенбайқызы



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата22.01.2017
өлшемі1,15 Mb.
#2418
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1.2 
Әлеуметтік-экологиялық 
мәселелердің 
шиеленісуі: 
ауыр 
зардаптары мен салдары  
 
Адам  табиғат  пен  жер-ананың  перзенті.  Табиғат  пен  жер-ананы  сҥйе  білу, 
оны  аялау  адамның  азаматтық  борышы.  Халқымыз  табиғатты  анаға  теңеген,  
ӛйткені табиғатта тіршілік ӛсіп ӛнеді. 
«Байқоңыр космодромы да қоршаған ортаға ӛзінің жағымсыз әсерін тигізді. 
Ауқымды  кешеннің  кӛлемі  6717  шаршы  км  қҧрайды,  бҧл  Мәскеу  сияқты  12 
қаланың  жер  аумағына  тең  келеді.  Арнайы  зерттеулер  жерасты  сулардың 
қҧрамында  гептилдың  (ракеталық  жанармайдың  компоненті)  бар  екендігін  
және  онымен  егістік  шӛптің  залалданғанын  анықтады.  Нәтижесінде 
шаруашылық айналымнан 180 мың га егістік жер белгіленді» [78]. 
Ӛнеркәсіп 
орындарынан 
бӛлінген 
қалдықтармен 
ластанған 
республикамыздың  ең  ірі  аймақтарының  бірі  -  Оңтҥстік  Қазақстан  облысы. 
Ӛнеркәсіп  орындары  Шымкент  және  Кентау    қалаларында,  Ақсу,  Славянка, 
Шәуілдір,  Састӛбе  аудандарында  шоғырланған,  сонымен  қатар,  Қаратау 
тауларындағы  Ащысай,  Мырғалымсай,  Байжансай  қорғасын  кен  орындары 
бәрімізге мәлім. Облыс аумағында 7 мыңнан астам ластандыру кӛздері бар.  
Қоршаған  ортаны  ластандыру  кӛзі  болып  табылатын  ірі  кәсіпорындардың 
басым  бӛлігі  Шымкент  ӛнеркәсіп  ауданында  орналасқан.  Мысалы,  фосфор 
ШӚБ (Шымкент ӛндірістік бірлестігі) жҧмысы кезінде атмосфераға фосфорлық 
қосылыстар  шығарады.  Кезінде  технологиялық  регламентті  сақтамау 
салдарынан  зиянды  заттардың  дҥркін-дҥркін  шығарылуы  орын  алады. 
Бірлестіктен  атмосфераға  жыл  сайын  жҥздеген,  тіпті,  мыңдаған  тонна  қатты 

 
42 
заттар, кҥкірт  ангидриді, азот қышқылы, кҥкірт қышқылы, фтор қосылыстары 
және  т.б.  заттар  тарайды.  1989-жылдан  бастап  жылдық  қалдық  мӛлшері  137,8 
тоннадан 1084,2 мың тоннаға дейін ӛсті.
 
Ертіс ӛзенінің арнасы 3-4 есеге азайып, бҥгінгі кҥнде онда ӛсетін балықтың 
тҥрлері  барынша  кемігендігін  Семей  қаласында  2003-жылы  желтоқсан  айында  
«Экологиялық  мәселелер  және  оны  шешудің  жолдары»  атты  тақырыбында 
ӛткен 
халықаралық 
конференцияда 
эколог-ғалымдар 
республикадағы 
экологиялық  апаттың  кеңес  ӛкіметі  тҧсындағы  әкімшіл-әміршіл  саясаттың 
салдарынан  асыра  сілтеулері  мен  қателіктерін  атап  кӛрсетті.  Мҧндай  тандыры 
кепкен  ӛзен-кӛлдер  басқа  тың  облыстардың  территорияларында  кӛптеп 
кездеседі. 
Ауыл  шаруашылығын  дамыту,  ауылды  кӛтеру  бҥгінгі  кҥннің  де  ең  ӛзекті 
мәселелерінің  бірі.  1996-2005  жылдарға  арналған  міндеттердің  бірі  -  жаңа 
технологияны  игеріп,  «Экология»  бағдарламасын  жасау  және  оларды  орындау 
арқылы табиғатты ҧтымды пайдалануды қамтамасыз ету қажет. 
КОКП  Орталық  Комитетінің  Саяси  Бюросы  Арал  теңізі  ауданында 
экологиялық  жағдайды  тҥбірімен  жақсарту  жӛніндегі  КСРО  Министрлер 
Кеңесінің елдің, жетекші ғалымдары мен мамандарынан қҧралған комиссияның 
тҧжырымдары негізінде әзірленген ҧсыныстарын қарады. Арал ӛңірі ауданында 
бҧзылған экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру, Арал теңізін сақтап қалу 
жӛнінде  тҥбегейлі  іс-қимыл  жасау  қажеттігі  атап  кӛрсетілді.  Су  ресурстарын 
ҧтымды  пайдаланудың,  егіншіліктің  су  ҥнемдейтін  прогресті  жҥйелерін 
тәжірибеге  енгізудің  бірінші  дәрежелі  маңызы  бар  екеніне  айрықша  назар 
аударылды. 
1988-2000  жылдары  суару  және  коллектор-дренаж  жҥйелерін  қайта  қҧру 
жӛнінде  ірі  ауқымды  жҧмыстар  жҥргізу  кӛзделді.  Суармалы  жерлердің  ірі 
алқаптарын  қҧру  тоқтатылады.  Әмудария,  Сырдария  сағаларына  және  Арал 
теңізіне  судың  кепілді  ағуын  қамтамасыз  ету  ҥшін  суару  мақсаты  мен 
шаруашылық қажетке су пайдалануға лимит белгілеу дҧрыс деп табылды [79]. 
Арал  ӛңіріндегі  санитарлық  және  эпидемиологиялық  жағдайды  сауықтыру 
орасан  зор  саяси  және  әлеуметтік  маңызы  бар  міндет  болып  табылатыны  атап 
ӛтілді.  Барынша  қысқа  мерзім  ішінде  халыққа  медициналық  қызмет  кӛрсету 
сапасын  арттыру,  денсаулық  сақтау  мекемелерін,  сумен  жабдықтау 
объектілерін  салуды  жҥзеге  асыру,  поселкелердің,  аудан  орталықтарының, 
қалалардың санитарлық жағдайын жақсартуға қол жеткізу қажет болды. 
КОКП  Орталық  Комитеті  Саяси  Бюросының  1988-жылғы  1-қыркҥйегінде 
болған мәжілісінен 1988-жылы қыркҥйек айында КОКП Орталық Қомитеті мен 
КСРО  Министрлер  Кеңесі  «Арал  теңізі  ауданындағы  экологиялық  және 
санитарлық  жағдайды  тҥбегейлі  жақсарту,  оның  бассейніндегі  су  және  жер 
ресурстарын  пайдалану  тиімділігін  арттырып,  қорғауды  кҥшейту  жӛніндегі 
шаралар туралы» қаулы қабылдады. 
Арал  және  Балқаш  мәселелері  жӛніндегі  қоғамдық  комитеттің  тӛрағасы, 
ақын,  Бҥкілодақтық  Ленин  комсомолы  сыйлығының  лауреаты,  Қазақстан 
Жазушылар  одағы  басқармасының  секретары  Мҧхтар  Шахановпен  осы 

 
43 
қоғамдық  комитеттің  арқалар  жҥгі  қандай,  Арал-Балқаш  тағдырының  адамдар 
ерекше назар салар тҧстары қайсы деген арнайы тақырыптарға сҧхбатынан. 
-  XX  ғасырдың  қателігі,  адамзаттың  ӛз  қолымен  жасалған  қателік  -  Арал 
қасіреті. Бҧл біздің пенделік менмендігіміздің, әпербақандығымыздың, табиғат-
анаға бюрократтық, тоғышарлық, зорлық мінез кӛрсетуіміздің жемісі. Яғни кері 
тебу  заңымен  санаспағандығымыз.  Халықтың  екі  теңіз  тағдырына  елеңдеп 
отырғаны да осыдан. Ӛйткені Аралды да, Балқашты да дәл осы халге жеткізген 
халық  емес,  бір  кҥндігін  ғана  ойлаған,  «Алған  жомарт  емес,  берген  жомарт» 
деген  ҥркердей  топ  қана»  мен  еліміздегі  осы  су,  егін  шаруашылығына  жауап 
беретін арнаулы мекеменің басшылары мен мамандарын айтып отырмын.  
Арал мен Арал бойында отырған елдің ауыз суы жоқ. Ӛзендер де, кӛлдер де 
кешегі  тазалығына  тҧз  тастағандай,  бҥгінде  ішуге  жарамсыз  кҥйге  жетті! 
Тамақтан таза су ӛтпей, ӛкпеден таза ауа ӛтпей адам адам болған ба? Міне, бҧл 
маңдағы  адамдардың  ең  ауыр  ауруларға:  қатерлі  ісік,  инфекциялық  іш 
ауруларына,  бауыр  ауруларына  шалдығуы  да  осындай  себептерден.  Әсіресе, 
балалар  Аралдың  жағдайы  анадай,  ал  ҧлы  Сырдың  химикаттардан  ӛз  ағысын 
тоқтатуға  таяу  екенін  ескерсек,  балалар  денсаулығы  қыл  ҥстінде  тҧрғанын 
жасыра алмаймыз. Мҧны денсаулық сақтау министрлігі де мойындап отыр. Ӛз 
қолымызбен  істеген  «қылмыстар»  -  Аралдың  тҧзды  ауасы  мен  Сырдың 
«сырқат»  суы  сәбидің  ҥлпілдеген  ӛкпесіне,  уылжыған  асқазанына  қанжарша 
қадалып жатқанын ойлау ғана емес, білу, біле тҧрып білек сыбана әрекет етпеу 
тағы бір қылмысымыз...» [79, б. 26], - деді ол. 
Осы  Арал  мәселесі  жӛнінде  Даниил  Гранин,  КСРО  Мемлекеттік 
сыйлығының  лауреаты,  КСРО  Жазушылар  одағы  басқармасының  секретары: 
«Арал  трагедиясы  мен  ҥшін,  біздердің,  барлық ленинградтықтар  ҥшін,  ерекше 
жақын  да  жанға  батарлық  болатын  себебі  біздің  Ладогаға  байланысты  да 
осындай  кҥй  кешудеміз.  Мазасыздану  мен  қайғыру,  тағы  мазасыздану  және 
ызалану  мен  бірнәрсе  жасауға  кҧштарлану,  -  міне,  біздің  жалпы  кӛңіл-кҥйіміз 
осындай» - деп ӛз пікірін білдіреді. 
Ал  Вардгес  Петросян,  Армения  Жазушылар  одағы  басқармасының   
тӛрағасы,  КСРО  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты:  «Арал  -  Байкал  мен 
Севан сыңайлас, біздің жан жарамыз. Олар ғажайып апалы-сіңлілілер еді, енді 
бақытсыздықта  да  апалы-сіңлілілер  болып  отыр.  Арал  теңізін  қҧтқару  - 
әрбіріміздің ісіміз бен борышымыз. Оны қҧтқаратынымызға сенгім келеді» [80], 
- деді ол. 
Олжас  Сҥлейменов,  Қазақстан  Жазушылар  одағы  басқармасының  бірінші  
секретары: 
«Арал 

біздің 
бейқамдығымыздың, 
алысты 
болжай 
алмайтындығымыз  емес-ау,  болжауға  тырыспайтындығымыздың  бҧлтартпас 
дәлелі.  Арал  -  біздің  қоғамымызда  кҥні  кеше  болып  ӛткен  экономикалық, 
әлеуметтік  тоқырау  кезінің  тірі  куәсі.  Арал  -  біздің  пенделік  эгоизміміздің 
нәтижесі.  Жаратылыс  Орта  Азияның  осы  бір  хас  сҧлуын  ӛмірге  әкелу  ҥшін 
қандай жанқиярлықпен толғатқан болса, біз де оны соншалықты кҥш-жігермен 
қорғауға  міндеттіміз.  Оның  ҧлы  махаббаты  босқа  рәсуә  болмауға  тиіс. 
Махаббатқа махаббатпен жауап берер сәт туып отыр!...» [81] - деп айтты. 

 
44 
Сонымен қатар,  Ион Чобану, Молдавия Жазушылар одағы басқармасының 
тӛрағасы:  «Аралды  қҧтқару  керек.  Табиғаттың  мҧндай  екінші  кереметі  жоқ 
және  болмайды  да.  Жоғалғанның  бәрі  адамға  қайтып  келмейді.  Шӛлдің  бҧл 
кӛгілдір  кӛзі  мәңгі-бақи  жабылып  қалмау  ҥшін  барлығын  жасау  керек»  [82],  - 
деп пікірін білдірді. 
Ӛз  теңізінің  қҧдіретті  тынысына  қҧлақ  тҥрген  Арал  балықшыларының 
бабалары оны алып қолды батыр деп атапты. Сырдария мен Амударияның кең 
қҧшағымен ол Тҥркістан жерін ғасырлар бойы аялап келеді. Аралға апат  қаупі 
тӛнгенше осылай болды. Оның қҧдіретті «қолдары» - ӛзендердің бҥкіл аймаққа 
қҧт  береке  сыйлаған  қҧшағынан  кҥш  тайды.  Ирригациялық  жҥйелерге 
шырмалған қҧтты Сырдария әлсіреп, шӛл даланың ортасында ағысын тоқтатты. 
Осындай  бақытсыздықтан  кейін  жҧртшылықтың  кӛз  алдында  Арал  тартыла 
бастады, қартайып ащы тҧздың бҧлтына оранды. Теңіз ӛмірден ӛшіп барады, ал 
онымен бірге бҧл жерлердегі тіршіліктің де басынан бағы тая бастады. 
Жиырма  жыл  ішінде  қызылордалықтардың  су  шаруашылығы  мәселесінің  
ӛткірлігі  кҥрт  кҥшейе  тҥсті.  Егер  1970-жылы  теңізге  ӛзеннен  9,6  текше 
километр  су  қҧйылған  болса,  алты  жылдан  кейін-ақ  судың  қҧюы  кҥрт  азайды, 
сӛйтіп  Аманӛткел  селосынан  тӛменіректе,  теңізден  ондаған  километр 
қашықтықта  ӛзен  ағысын  тоқтатты.  Осының  ізінше-ақ  Арал  кҥрт  тартыла 
бастады: оның деңгейі 12 метр тӛмендеп кетті, бір литр судағы тҧздың қҧрамы 
24  грамға  дейін  кӛбейді.  Азияның  алып  ӛзені  қҧрып  кетті,  планетаның  ең  ірі 
континентальды  теңіздерінің  бірі  орасан  зор  сор  батпаққа  айналуда…  [79,  б. 
36]. 
Бҥгін былай деп кҥйінішпен атап ӛтуге тура келеді. Арал мен Сырдарияның 
қасіретті тағдыры - біздің техникалық прогресіміздің шҧғыл дамуының екінші 
жағы.  Әрине,  Орта  Азия  мен  Қазақстан  ирригаторларының  ӛндірістің  барған 
сайын  жетілдірілген  қҧралдарымен  қарулануын,  тек  қана  қҧттықтау  керек, 
бірақ  сірә,  бҧл  қҧралдар  мақсатты  барлық  уақытта  бірдей  ақтай  ала  ма?  Осы 
жӛнінде  де  ойланатын  кез  келді.  Олардың  бҥкіл  қуаты  ҧзақ  уақыт  бойы  қатаң 
тҥрде интенсивті шаруашылықты қамтамасыз етуге бағытталып келді: әуелгіде 
мҧны  объективті  экономикалық  қажеттілік  талап  етті,  сонан  соң, 
тоқыраушылық жылдары, - дағды кҥшімен сырғи берді.  
Бір  сәттік  жеңіл-желпі  табыстарды  кҥйттеушілік  неғҧрлым  кең  жалпы 
адамзаттық  ауқымдағы  ой-пікірлерге  қҧлақ  асқан  жоқ,  мҧның  қазір  аяусыз 
зардабын  шегуге  тура  келіп  отыр.  Осы  заманғы  техникамен  қаруланған  қара 
дҥрсін тҧтынушылық аймақтағы табиғи апаттардың бәрін қоса алғандағыдан да 
кӛп  зиян  келтірді.  Қазір  Арал  кейбір  жерлерде  бҧрынғы  жағалаудан  жҥз 
километр шегініп кетті. Теңіздің жалаңаш қалған табанынан жел миллиондаған 
тонна  ащы  тҧзды  тӛңірекке  кӛтеріп  әкетуде,  сӛйтіп  су  егін  алқаптары  ҥшін 
алынатын  болса,  соның  ӛзін  қҧрту  қатерін тӛндіруде.  Ҧлан-байтақ  территория 
сортаң  тартып,  жерасты  суы  азаюда; ӛсімдіктер  де,  олардың  ізінше  жануарлар 
дҥниесі қҧрып барады.  
Ормандар мен сексеуіл алқаптары екі миллион гектарға, шабындықтар тӛрт 
есе  азайды.  Бірақ  ең  алаңдатарлық жәйт  -  экологиялық жағдайдың  нашарлауы 

 
45 
Арал  ӛңірінің  ғана  емес,  сонымен  бірге  бҥкіл  облыстың  да  әлеуметтік-
экономикалық дамуын жҧрт тежеді, бҥкіл аймақтың ӛміріне теріс әсерін тигізді. 
1981-1985  жылдары  облыстан  қырық  екі  мыңнан  астам  адам  біржолата 
кӛшіп  кетті,  қазіргі  кезде  нақ  сонша  адам  қоғамдық  пайдалы  еңбекпен 
айналыспайды деуге болады.  Арал  тӛңірегіндегі  кең алқаптың бірте-бірте шӛл 
далаға айналуы тҧрмыс пен еңбек жағдайын кҥрт нашарлатты. Жазда аптаптың, 
қыста  ҥскірік  аяздың  кҥшейе  тҥсуі,  қҧм  ҥйірген  дауылдар  мен  қар 
бҧрқасындары тіпті поездардың жҥрісін де қиындатуда. Ал теңіз  жағасындағы 
«Аральск» портын барлық карталардан сызып тастауға болады, ӛйткені теңіздің 
кеуіп қалуы салдарынан ол енді жҧмыс істемейді [79, б. 36 ]. 
Сонымен  бірге  ғалымдардың  пікірінше,  аймақтағы  экологиялық  жағдайды 
жақсарту ҥшін шҧғыл да тҥбегейлі шаралар қолдану керек. Қызылорда облысы 
-  Арал  мен  Сырдария  тағдырындағы  ең  соңғы  буын,  мына  мағынада  алғанда: 
суды  пайдаланудың  тарихи  тҧрғыдан  қалыптасқан  Қырғызстан,  Тәжікстан, 
Ӛзбекстан,  Қазақстан  тізбегі  осы  жерде  тҧйықталады.  Су  жиналатын  негізгі 
буын  ағыстың  жоғарғы  жағында.  Шымкент  облысындағы  меншікті  тілші  В. 
Торский  ирригациялық  және  табиғат  қорғау  «майданындағы»  істің  жай-кҥйі 
қандай екенін ӛз алдына сипаттап берді. 
«Шымкент  облысы  -  Қазақстандағы  ең  ірі  суармалы  егіншілік  аймағы, 
мелиорацияланған  егістің  466  мың  гектарға  жуығы  осында  орналасқан.  Оның 
бәрі  Сырдария  және  оның  салалары  Арыс  пен  Шыршық  ӛзендерінің  суымен 
суарылады. Олардан жан-жаққа каналдар тартылған, бҧл каналдар тәулік сайын 
30  миллион  текше  метрден  астам  су  тартып  алады.  Рас,  олар  толық  жобалық 
қуатымен әлі ешқашан да жҧмыс істеген емес. Ал бҧл жағдай ондаған жылдар 
бойы  алаңдатып,  толғандырып  жҥрген  негізгі  себеп  болып  қалып  отыр. 
Облыстың  шаруашылық  басшыларына  әр  жаз  сайын  КСРО  Мелиорация  және 
су шаруашылығы министрлігіне: суды кӛбірек беріңдер! - деген бір ғана ӛтініш 
жедел хаттар жаудырып жатады» [83]. 
Ал суды нақ осылайша кӛбірек алу қажет пе? Озық шаруашылықтар мәселе 
судың  мӛлшерінде  емес,  оны  пайдалана  білуде  екенін  әлдеқашан  тҥсінген. 
Бҧған  «Мақтаарал»  совхоз-техникумының  тәжірибесі  мысал  бола  алады. 
Жердің  мелиорациялық  жағдайын  тәртіпке  келтіру  ісін  басты  мақсат  етіп 
қойғанға  дейін  мҧнда  техникалық  дақылдың  шығымдылығы  ҧзақ  уақыт  бойы 
жиырма  центнерлік  шӛптен  сәл-ақ,  асып  келген-ді.  Бес  жыл  бойы  барлық 
егістік  жер  дәйекті  тҥрде  тҥгел  тегістеліп,  органикалық  тыңайтқышпен 
байытылып  отырды.  Егіс  алқаптарына  су  аз-аздап,  бҧрынғысынша  жеті-сегіз 
рет емес, бҥкіл жаз бойы тек екі-ҥш дҥркін ғана жіберілді. Судың шығыны ҥш 
есе қысқартылды, ал шығымдылық гектарына 43 центнерден шитті мақта алуға 
дейін жетті. 
 «Біріккен  Ҧлттар  Ҧйымының  Бас  ассамблеясы  1980-жылы  қараша  айында 
«Тҧщы су мен санитариялық судың халықаралық онжылдығы» деп жариялады. 
Тӛменде  екінің  бірінің  есінде,  қала  берді  кез-келген  кісінің  қаперінде  жҥретін 
цифрларды  арнайы  беріп  отырмыз.  Мҧндай  цифрлардың  тҧла  бойы  толған 
толғаныс пен тебіреніс екенін жасыра алмаймыз» [79, б. 96]. 

 
46 
Алайда,  соңғы  жылдары  Арал  теңізінің  тартылуына  байланысты  Арал 
қаласының жағдайына айтарлықтай нҧқсан келе бастағанын ашып айтқан жӛн. 
Мҧнда бірқатар кәсіпорындар теңіз суы қашықтап кеткеннен бері ӛз жҧмысын 
тоқтатты.  Мҧның  ӛзі  ондағы  жҧмысшыларды  басқа  кәсіпорындарға 
шоғырландыруға мәжбҥр етті. 
Қала іргесінде толқындары тулап жатқан теңіз қазір 50-70 километрге дейін 
шегініп  кеткен.  Мҧның  ӛзі  тек  қалаға  ғана  емес,  оның  маңындағы  жайқалған 
жасыл  дҥниеге  де  қҧрып  кету  қаупін  тӛндіруде.  Теңіз  жағасындағы  тал-
теректер мен қамыс нулары қазір мҥлдем жойылып барады. Тартылған теңіздің 
жағалауларын  тҧз  басып-кетті.  Мҧның  адам  ӛміріне,  тіпті  бҥкіл  тіршілік 
атаулыға  зияны  орасан  екені  баршаға  мәлім.  Бір  кездері  қала  тірлігінің  сәні 
болған  және  балық  ӛнеркәсібінде  маңызды  роль  атқарған  кеме  жолы  ӛз 
жҧмысын  тоқтатты.  Кӛптеген  кемелер  Арал  маңында  жағалауда  қайраңдап 
қалды. 
Бҥкілдҥниежҥзілік 
Денсаулық 
Сақтау 
(Всемирная 
Организация 
Здравоохранения - ВОЗ) ҧйымының есептеулеріне қарағанда дерт тҥрлерінің 80 
пайызы  тікелей  суға  қатысы  бары  анықталды.  Шамамен,  әлемде  400  миллион 
адам  гастроэнтеритпен,  200  миллион  адам  шистосоматозбен,  30  миллионнан 
астам адам онхоцеркоз дертімен ауырады екен. 
Жер  бетінде  мекен  етуші  2  миллиардтан  астам  адамдар  қажетті  мӛлшерде 
тҧщы су ішу мҥмкіндігінен айырылған. 
Шынында  да,  Арал  мәселесі  Барсакелместің  табиғатын  едәуір  ӛзгертті. 
Экологиялық  апат  қаупі  жағалау  тӛңірегіндегі  балықшы  ауылдарынан  бҧрын 
Арал  қойнауындағы  аралға  айқын  сезіледі.  Адам  ӛз  денесіндегі  сырқатты 
жҥрегімен  сезінеді  ғой.  Теңіз  деңгейінің  тӛмендеуіне  байланысты  алдымен 
аралдағы  шағын  кӛлдер  қҧрғай  бастады.  Су  азайған  соң  оны  мекен  ететін 
қҧстар  да  біртіндеп  басқа  жаққа  қоныс  аударды.  Барсакелместі  бірінші 
«тастаған» да солар. Барлық кӛлдер қҧрғап қалған соң жауын-шашын, қар суы 
жиналған тоғаннан ішетін болды. Алғашқыда жануарлар оған жоламай қойған, 
кейін бірте-бірте ҥйреністі. Сонымен, жерді бҧрғылап, скважина қазу қажеттігі 
туды.  Су  жеті  жҥз  метрден  астам  тереңдіктен  ғана  табылды.  Жануарлар  теңіз 
суымен салыстырғанда, едәуір тҧщы кӛрінетін суды қанғанша ішіп, рахаттанып 
қалған.  
Қазақ  КСР  Денсаулық  Сақтау  министрі  Талапқали  Әбішҧлы  Ізмҧхамбетов 
ӛз  әңгімесінде  осы  мәселе  тӛңірегінде:  «Экологиялық  апат  аймағы...  Арал 
теңізінің  деңгейі  13  метрге  тӛмендеп,  оның  суы  бҧрынғы  жағалаудан  кей 
тҧстарда  70-80,  кей  тҧстарда  112  шақырымға  дейін  қашықтаған.  Теңіз 
тіршілігінің  тірегі  болған  қос  қолы  -  қос  ӛзеннен  (Сырдария,  Әмудария)  қуат 
кеткелі  жағдай  тіпті  қиындады.  Қазіргі  таңда  Арал  теңізінің  деңгейін  кӛтеру 
емес,  тек  осы  қалпында  сақтап  қалу  ҥшін  ғана  жыл  бойы  оған  45  текше 
километр  су  қҧйылуы  керек.  1956-жылы  Әмудария  мен  Сырдария  Аралға 
жылына  56-58  текше  километр  су  берген  екен.  Айналасы  30  жылдың  ішінде 
Сырдария теңізге нәр тамызбай, ал Әмудария бар болғаны жылына 5-ақ текше 
километр су қҧятын халге жеткен», - деді ол. 

 
47 
Сонда  әлгі  45  текше  километр  суды  аспаннан  аламыз  ба  деген  сауал 
мазалайды.  Әзірге  нақты  жауап,  батыл  болжам  бола  қойған  жоқ.  Әлі  де  болса 
қоғамдық пікірдің мемлекеттік шешімге ҧласуына қанша уақыт кетері белгісіз. 
Арал  мәселелері  жӛнінде  Ӛзбекстанда,  Тҥркменстанда  және  Қазақстанда 
қҧрылған қоғамдық комитеттердің жҧмысына халық қызу қолдау білдіруде. Бҧл 
қорымдық комитеттердің мҥшелері кҥн тәртібіне қоятын ӛзекті мәселелердің оң 
шешімін  табуы  ғана  апаттың  алдын  алуға  апарары  сӛзсіз.  «Ақ  алтын»  деп  - 
мақтаны, «ақ маржан» деп - кҥрішті айрықша әспеттеп, тым қымбатқа бағалап 
келдік.  Ал  табиғаттың  тӛл  перзенті  Арал  теңізінің  тағдыры  одан  да  қымбат 
екенін  ескермеген  едік.  Енді,  міне,  Аралдан  айрылсақ  алда  не  кҥтіп  тҧрғанын 
болжаудың ӛзі қиын. 
Шҧғыл  шара  қолданылмаса  -  1990-жылға  дейін  Арал  теңізінің  суы  63 
пайызға  азаяды  екен  де,  одан  кӛтерілген  тҧз  тозаңы  500  шаршы  шақырым 
аумақты  тҧтас  жабатын  кӛрінеді.  Сол  кездің  ӛзінде  Аралдың  жағалауынан 
ҧшқан  ақ  тозаңның  сонау  Солтҥстік  мҧзды  мҧхитқа  дейін  жеткенін  американ 
ғалымдары анықтап отыр. Ал «алтынға» балаған мақта мен кҥріш қана емес, ақ 
тозаң  жапқан  аймақта  тіршіліктің  тамыры  қиылатынын  енді  ғана  бағамдай 
бастадық.  Экологиялық  зардаптың  алдын  алу  мақсатында  әр  тҥрлі  жоба-
ҧсыныстардың ӛмірге келе бастауы заңды. Соның бірі - Арал теңізін ҥшке бӛліп 
-  «Ҥлкен  Арал»  «Кіші  Арал»,  «Батыс  Арал»  деп  сақтау  жӛніндегі  пікір.  Бҧл 
теңіздің  деңгейін  қазіргі  қалпынан  да  кӛп  тӛмендетеді  деген  сӛз.  Оның 
қаншалықты  тиімді  болатынына  кӛз  жеткізу  қиын.  Егер  Қызылқҧм  мен 
Қарақҧм бірігіп кетсе, -  қҧмды дауыл  ойнақ салған  ҧланғайыр шӛл дала пайда 
болмақ.  Арал  тағдырына  алаңдаушылық  дабылы  кҥшейе  тҥскен  сайын  бір 
нәрсеге айқын кӛз  жете бастады. Ол  - табиғат пен адамның кіндіктес екендігі, 
бірінен бірін ҥстем  қоюға болмайтындығы, біріне бірі тәуелді екендігі»  [79, б. 
231]. 
Су  қҧбырлары  жҥйесінің  жҧмыстары  да,  каналдандыру  жҥйесінің 
дамытылу  жоспары  да,  ет,  сҥт,  тамақ,  балық  ӛнеркәсібі,  сауда,  қоғамдық 
тамақтандыру  мекемелерінің  санитарлық  жағдайын  жақсарту  да  кӛрсетілген 
деңгейден  тӛмен.  Аталған  шараның  аяқсыз  қалуына  ең  алдымен  республика 
Агроӛнеркәсіптік комитеті, Қазақ КСР Тҧрмыстық-коммуналдық шаруашылық, 
мелиорация  және  су  шаруашылығы,  Қҧрылыс,  Сауда  министрліктері  және 
басқа да бірқатар мекемелер кінәлі. 
Осының  салдарынан  жергілікті  тҧрғындар  арасында  әр  тҥрлі  жҧқпалы 
аурулар  кӛбейіп  кетті.  1972-1986  жылдар  аралығында  облыста  су  арқылы 
таралған аурудың 36 тҥрі пайда болғаны тіркелген (21 рет - іш сҥзегі, 8 - бауыр 
ауруы, 6 - паратифқылау, бір - дизентерия). 
Бҧл жҧқпалы аурулардың тигізген экономикалық зияны - 43,5 миллион сом. 
1974-жылдан  бері  аталған  ауру  тҥрлері  облыстың  барлық  елді  мекендерінде 
тіркелген. 
Арал аймағы бойынша алғанда (Арал және Қазалы аудандары) іш сҥзегінің 
100 мың адамға шаққандағы кӛрсеткіші облыстық кӛрсеткіштен 4,5 есе артық, 
ал  республикалық  кӛрсеткіштен  37  есе  асып  тҥседі.  Ал  салыстырмалы  тҥрде 
қарайтын  болсақ,  облыстың  басқа  аймақтарында  (Жаңақорған,  Шиелі 

 
48 
аудандарында)  жаңағы  кӛрсеткіш  облыстық  деңгейден  17  есе  тӛмен,  бірақ 
республикалықтан 5 есе жоғары [79, б. 211]. 
Бҧл  жерде  жабайы  кеміргіштер  -  ҥлкен  және  қызыл  қҧйрықты 
қҧмтышқандар  ауру  тарату  кӛздері  болып  табылады  және  де  олардың  індерін 
қҧмды алқаптар мен бархандардан, соқа тісі тҥспеген учаскелерден; жолдар мен 
ірі  канал  жағалауларынан,  кейде  ауылдың,  поселке  маңдарынан  кӛптеп 
ҧшыратуға  болады.  Тері  лейкоманиозын  бәкене  шыбындар  (москиттер) 
таратады,  алайда  оның  бӛлек  тҥрі,  олар  аталған  кеміргіштердің  індерінде 
кӛптеп  ӛсіп-ӛнеді.  Сондықтан  бҧл  ауруды  да адамдар  жаз  айларында бақшаға, 
дала қҧстарына, шӛп шабуға, жайлауға шыққан кездерінде жҧқтырып алады. 
Кейінгі  10  жылда  осы  облыста  онымен  2245  адам  науқастанды,  оған  қоса 
кӛптеген  ауру  адамдар  ресми  санаққа  тіпті  де  кірмей  қалған  болуы  керек. 
Қышыма  (қоздырғышы  -  ӛте  ҧсақ  қышыма  кенесі,  адам  терісін  жарақаттайды) 
негізінен  сау  адамның  ауру  адаммен  тығыз  байланыста  болғанында  оған  қоса 
ортақ  тӛсек,  іш  киім,  заттар  арқылы,  моншада,  ҥй  жануарларында,  бала 
мекемелерінде,  жатақханаларда  санитарлық  қағидаларды  дҧрыс  сақтамаған  
жағдайларда  жҧғады.  Қышымаға  ошақтық  қҧбылыс  тән,  яғни,  отбасында 
немесе ҧжымда бірнеше адам қатарынан ауырады, мҧның  ӛзі  жеңіл  жҧқтырып  
алуға  болатындығын  кӛрсетеді.  Жануарлардан  да  жҧғу  оқиғалары  кездесуі 
мҥмкін [84]. 
Балқаш  мәселесі  жайында  айтатын  болсақ,  бҧл  кӛл  Қазақстандағы  ең  ірі 
экожҥйелердің  бірі  болып  табылады.  Ҧзақ  жылдар  тіршілігі  тҧрақты  болып 
келген  су  айдынының  қалыпты  жағдайы  ӛзгере  бастады.  Балқаш  кӛлінің 
экологиялық  жағдайының  нашарлау  себебі  Қаратал,  Лепсі,  Ақсу  ӛзендерінің 
мол суының Балқаш кӛліне жетпей суармалы егістіктерге жҧмсалуынан. Оның 
ҥстіне бҧрынғы кездерде Аягӛз, Биен, Сарқанд және Басқан ӛзендері Балқашқа 
қҧйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бҧл ӛзендер Балқашқа 
қҧймайды. 
Іле-Балқаш  алабының  ауыл  шаруашылығында  барынша  пайдалануымен 
1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа қҧятын судың кӛлемі 25 %-ға азайды. 
Іленің  орта  ағысы  мен  тӛменгі  сағасында  Шарын  кҥріш,  Шеңгелді  кӛкӛніс, 
Ақдала  кҥріш  алқаптары  пайда  болды.  Осының  бәрі  Іле-Балқаш  су  алабының 
табиғи жҥйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бҧзды. 
Бҧл  ӛңірдегі  экологиялық  ірі  мәселелер  қатарына  Балқаш  кӛлі  бойындағы 
Балқашмыс  комбинаты,  Приозер,  Ақсҥйек  кен  рудаларын  байыту  кешендері, 
Сарышаған  полигоны  және  Текелі  қорғасын-мырыш  комбинаттары  осы 
аймақта  тҧратын  тҧрғындарға  ӛз  зардабын  тигізіп  отыр.  1999-жылы  «Балқаш 
кӛлін  қҧтқару,  оның  бҥгінгісі  мен  болашағы»  атты  халықаралық  деңгейде 
экологиялық  форум  ӛтті.  Онда  Балқаш  кӛлін  қҧтқару  мәселелері  қаралып, 
нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері:  
1.  Іле  ӛзені  бойындағы  ӛндіріс  орындарында  уды  тиімді  пайдалануды 
реттеу. 
2. 
Қапшағай  суқоймасынан  Балқашқа  жіберілетін  судың  ҥлесін 
тҧрақтандыру. 
3. Ақдала және Шарын массивтеріндегі кҥріш алқаптарын азайту. 

 
49 
4. Жер асты суларын пайдалануды жҥзеге асыру. 
5. Суармалы жерлердің кӛлемін шектеу. 
Балқаш  кӛлін  қҧтқару  бҥгінгі  кҥннің  талабы.  Арал  мен  Балқаш  сияқты  су 
экожҥйелерінен  айырылу  Қазақстанды  ғана  емес  Еуразияны  да  бҧрын-соңды 
болмаған экологиялық апаттың ошағына айналдыруы мҥмкін. Сондықтан әрбір 
табиғи экожҥйені  кӛздің  қарашығындай сақтау мен  қорғау адамзат баласының 
парызы. 
Табиғи  жайылым  -  Қазақстанның  ҧлттық  байлығы.  Осы  жайылымдық 
жерлерден  қоғамдық  және  жеке  меншіктік  мал  шаруашылығы  ҥшін  50 
пайыздан  аса  мал  азығын  алуға  болады.  Жайылымдық  жер  сонымен  қатар 
аймақтың  экологиясы  деуге  болады,  ӛйткені  бҥкіл  республика  жерінің  67,4 
пайызын мал жайылымы қҧрайды. 
Республика  бойынша  шӛлді  және  шӛлейтті  жайылымдар  122,6  млн. 
гектарды  қҧрайды.  Сонымен  қатар  мал  ӛрістеріне  пайдаланылатын 
жайылымдық  жерлердегі  азық  сыйымдылығы  жылдан-жылға  нашарлауда. 
Жайылымның  шамамен  21  млн.  гектары  толығымен  тозуы  салдарынан 
шаруашылықта  пайдаланудан  қалып,  миллиондаған  гектарын  желінбейтін  улы 
және арамшӛп ӛсімдіктер басып кетуде. 
Жекешелендірудің  бастапқы  жылдарында  мал  ӛлімі  кӛп  болды  және  мал 
иелеріне  малын  кӛптеп  союға  тура  келді.  Себебі  малды  қыстан  шығару  қиын 
болды,  бірсыпыра  мал  бӛлігі  бартер  саудасына  тҥсіп,  қолда  қалған  шағын 
малды  ҧстауға  жҧмсалды.  Осының  әсері  барлық  ауылдық  жерлерде  мал 
басының  кҥрт  азаюына  әкелді.  Қой  саны  қазіргі  кезде,  жеке  меншікке  тҥспей 
тҧрған  кезбен  салыстырғанда  ҥштен  бірін  қҧрайды,  ал  ірі  қара  саны  екі  есе 
азайды.  Жеке  меншік  мал  саны  мемлекеттік  шаруашылықтардың  таралуынан 
кейінгі уақытта ӛсті, бірақ барлық мал саны бҧрынғы кездегіден тӛмендеді. 
Халықтың,  мал  басының,  ӛндірістің,  тау-кен  шикізаттарының  және  жер 
суландыруды меңгерудің қарқынды ӛсуіне байланысты жайылымдық экология 
жҥйесіне антропогендік әсер жоғарылап ӛсе береді [85]. 
Табиғатты 
пайдаланудағы 
бҥтіндей 
теріс 
іс-әрекет 
себептерінің 
нәтижесінде  нәзік  және  жеңіл  жараланатын  жайылымдық  экология  жҥйелері 
қҧлдилауға  душар  болады.  Олардың  қалпына  келуі  баяу  ӛтетінін  есте  сақтау 
керек. 
Дҥниежҥзілік 
жайылымдардың 
бҥгінгі 
кҥнгі 
жағдайлары 
қанағаттанарлықсыз  ретінде  бағаланады.  Қатты  шӛлдену  (топырақ  пен 
ӛсімдіктердің  азуы)  Солтҥстік  Америкада  жердің  27  пайызын,  Оңтҥстік 
Америкада  -  22,  Азияда  -  20,  Африкада  -  18,  Австралияда  -  8  пайызын 
қамтыған.  Республиканың  қҧрғақ  аудандарында  да  жайылымдық  экология 
жҥйелерінің қарқынды қҧлдилауы жҥріп жатыр. Сӛйтіп, топырақ қыртысы мен 
ӛсімдіктердің  азуы  Тҥрікмен  Республикасы  жерінің 38  пайызын  қамтыды.  Тек 
Орталық Қарақҧмдарда  ғана  қҧдық маңдарында  диаметрі  орташа  есеппен  1,32 
шақырым  болатын  200-ден  аса  шӛлдену  ошағы  бар.  Кейбір  «дақтардың» 
диаметрі  5  шақырымнан  асады.  Ӛзбекстанның  қҧмды  шӛлдерінде  қҧм  тӛбелі 
қҧмдар 15 пайызды алып жатыр. Қазақстанда ластанған және желінбейтін улы 
ӛсімдіктер ӛскен жайылымдар алаңы 15 млн. гектардан асады [85, б. 35]. 

 
50 
Адамзат баласының сана-сезімі, ақыл-ойы, мінез-қҧлқы айналаны қоршаған 
сыртқы  табиғи  ортаның  туындысы.  Айналаны  қоршаған  сыртқы  табиғи  орта 
олардың  жоғары  деңгейдегі  реттеушісі.  Ол  адамзат  баласының  мақсатты, 
міндетті,  іс-әрекетін жҥзеге асырады. Оның шығармашылық ойлау  жҥйесі мен 
қызметінен  кӛрініс  табады.  Жеке  ҧлттық  тҧлға  санасы  «қоғам  жемісінің» 
туындысы  болғандықтан,  айналаны  қоршаған  сыртқы  табиғи  ортаға  деген 
кӛзқарас жҥйесі, басқа да  іс-әрекеттері  оның ойлау  (патогенді және саногенді) 
ойлау қабілетінен туындайтыны ғылыми тҧрғыда дәлелделінген болатын [86].  
Бҥгінгі  қоғам  алдында  тҧрған  негізгі  мәселелердің  бірі  -  экологиялық 
мәселелер,  табиғатты  қорғау  және  табиғи  байлықтарды  ҥнемді  пайдалану 
болғандықтан  Республикада  қоршаған  ортаны  қорғау  ҥкіметіміздің  саяси, 
экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады. 
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  2030-жылға  дейінгі  стратегиялық  даму 
бағдарламасында  қоршаған  ортаны  ластауға,  экологиялық  қалыпты  жағдайды 
бҥлдіруге жол бермеуге зор кӛңіл бӛлгендіктен, жас жеткіншекке экологиялық 
білім  беріп,  табиғатты  қорғауға  тәрбиелеу  бҥгінгі  кҥннің  кезек  кҥттірмейтін 
ӛзекті мәселелерінің бірі болып табылады [87]. 
Экология  -  бҥкіл  адамзат  баласының  шалыс  басқан  әрбір  іс-әрекетіне 
келешекте  шек  қоятын,  оның  тыныс-тіршілігіне  тікелей  атсалысатын 
ғылымның  жаңа  саласы.  Ол  қоршаған  ортаны  кесапат  жағдайлардан,  кейбір 
кӛлденең  оқиғалардан  сақтауға,  табиғатпен  арадағы  тепе-теңдікті  қалпына 
келтіруге бағытталған маңызды мемлекеттік және әлеуметтік шара. 
Бҥгінгі таңда шегіп отырған экологиялық зардаптар бҥкіл адамзат қауымын 
алаңдатып  отыр.  Қазақстандағы  Арал,  Балқаш  мәселелерін,  Семей  полигонын 
және  тағы  басқаларды  адам  қолымен  жасалған  залалдар  деп  тҥсінуге  болады. 
Кӛптеген  ғалымдардың  пікірі  бойынша,  табиғаттағы  кҥрделі  ӛзгерістерді 
болдырмау  ҥшін  экологияның  адам  психологиясындағы  экологиялық 
мәдениетті  дамытып,  қалыптастырудан  бастау  қажет  деген  ҧсыныстары  ӛте 
орынды. 
Қазіргі кезде экологиялық мәселелер қоғамдық мәні жағынан дҥние жҥзінде 
ауқымы  кең  басты  мәселелердің  біріне  айналды,  ӛйткені  мыңдаған  жылдар 
бойы  қалыптасқан  табиғи  жҥйелердің  топырақты,  су  кӛздерін,  ауаны  ластау 
орны  толмас  зардаптар  қалдырды.  Оның  себебі  -  жер  шарындағы  елдердің 
индустриалды  дамуы,  халық  санының  жедел  ӛсіп  табиғи  қорларды 
пайдалануды  еселеп  арттырып,  адамдардың  табиғатқа  әсерінің  кҥшеюі.  Бҧл 
бҥкіл дҥниежҥзінде экологиялық дағдарыс қаупін тудыруда [88]. 
Жер  -  планета,  оның  жасы  бҧдан  4,5  млрд.  жыл  бҧрын  анықталған.  Осы 
кезеңнен  біздің  дәуірімізге  дейін  жер  беті  кӛптеген  ӛзгерістерге  ҧшырады 
(мысалы, ауа райының әсерінен). Қазіргі кезде жер бетінің ауданы 148 млн. км² 
(аралдар  мен  барлық  континент  бойынша)  қҧрайды.  Осы  ауданның  10  %-ы 
мҧздықтарды  қҧрайды.  Қалған  жердің  бӛлігі  қазіргі  адамзат  қоғамының  ӛмір 
сҥруіне берілген. Оның ішінде ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және 
т.б. жерлер кіреді.  
Жер  -  табиғат  ананың  берген  баға  жетпес  сыйы.  Адам  қоғамы  топырақ 
қҧнарын  осы  ӛсімдіктер  мен  жануарлар  арқылы  ӛз  мҧқтажына  пайдаланады. 

 
51 
Жер  сомдықтан  ауыл  шаруашылығының  қай  саласы  болсын,  егіншіліктің  де, 
мал шаруашылығының да негізі. Қазақстан Республикасы - әлемдегі жер кӛлемі 
ҥлкен  елдердің бірі.  Оның  34  млн.  гектары  егістік  жер  және  186  млн.  гектары 
шабындық және жайылым жер. 
Қоршаған  ортаның  қиын  жағдайы  қазір  кҥллі  әлемге  тән  дегенімізбен 
экологиялық қыспақты кҥштірек кӛріп  отырған Қазақстан жері. Ӛйткені, оның 
экологиялық  шырғалаңның  шырмауына  оранып,  әлем  биігінен  аянышты  сӛз 
болатындай ӛзгелерден оқшау тҧрған Аралы бар. Сайып келгенде, ӛмір сҥргіміз 
келсе,  аталмыш  жай  табиғатты  қорғау  жолында  ат  салысуға  кімді  болса  да 
итермелейді. Бҧл бҥгінгі кҥннің ӛзекті мәселесі. 
Туған табиғатымыздың керемет сыйы - жан-жануарлар мен ӛсімдіктерді кӛз 
қарашығындай  сақтап  және  кӛбейтіп  отыру  -  адам  баласының  азаматтық 
борышы.  Табиғат  -  біздің  меншігіміз  емес,  ол  бізге,  ата-бабамыздың  келер 
ҧрпаққа кӛркейтілген кҥйде жеткізуге сеніп тапсырған қазынасы. 
«Халықаралық  қызыл  кітапты»  табиғатты  және  оның  ресурстарын 
қорғаудың  халықаралық  одағы  (МСОП)  белгілейді.  Алғашқы  «Халықаралық 
қызыл  кітаптың»  бірінші  томы  1963-жылы  жарық  кӛрді,  ал  1972-жылы  бес 
томдық «Қызыл кітап» шықты. «Қызыл кітап» - табиғатты, оның байлықтарын 
қорғаудың  бағдарламасы,  мемлекеттік  қҧжат.  «Қызыл  кітапқа»  енген  аса 
бағалы,  не  қҧрып  кету  қаупі  бар  жануарлар  мен  ӛсімдіктерді  қорғау,  олардың 
санын  кӛбейтуге  қамқорлық  жасау  жауапкершілігі  сол  аңдар  мен  ӛсімдіктер 
мекендейтін елге жҥктеледі [89]. 
Кӛптеген  мемлекеттер  ӛздерінің  ҧлттық  «Қызыл  кітаптарын»  шығаруда. 
КСРО және Қазақ КСР «Қызыл кітабы» 1974 және 1978-жылдары жарық кӛрді. 
«КСРО  Қызыл  кітабына»  сирек  кездесетін,  саны  кҥрт  азайып  бара  жатқан 
сҥтқоректілердің  62,  қҧстардың  63,  бауырымен  жорғалаушылардың  21, 
қосмекенділердің  8  және  ӛсімдіктердің  444  тҥрі  енгізілсе,  Қазақ  КСР  «Қызыл 
кітабына» жан-жануарлардың 87 тҥрі, ӛсімдіктердің 306 тҥрі тіркелген. 
Табиғатты  қорғаудың  халықаралық  ассоциациясының  мәліметі  бойынша 
соңғы  60  жылда  жер  бетінен  жануарлардың  76  тҥрі,  бірнеше  жҥздеген 
ӛсімдіктердің  тҥрі  жоғалып  кеткен.  Сҥтқоректілердің  132  тҥрі,  қҧстардың  26 
тҥрі қҧрып кету қаупінде тҧр [89, б. 87]. 
«Қызыл кітап» - мемлекеттік қҧжат. Сондықтан оны шығару және одан әрі 
жҥргізу  жауапкершілігі мемлекет сеніп тапсырған арнаулы министрліктер мен 
табиғат қорғау қоғамдарына жҥктеледі.  
Біздің  елімізде  жануарлар  мен  ӛсімдіктерге,  қоршаған  ортаға  қамқорлық 
жасау  -  маңызды  мемлекеттік  міндет.  Табиғатты  қорғау  мәселесі  республика 
Конституциясында, 
ӛкіметтің 
кӛптеген 
қаулы-қарарларында 
аталып 
кӛрсетілген. «Қызыл кітаптың» тҥпкі мақсаты - оған енгізілген барлық тҥрлерді 
келешекте біртіндеп қалпына келтірілгендер дәрежесіне жеткізу. 
Тарих  ӛлшемі  бойынша,  еліміз  егемендік  алғаннан  бергі  тым  қысқа  уақыт 
аралығында,  бҧқаралық  ақпарат  кӛлемінде  қыруар  жетістіктерге  жеткенімізге 
еш талас жоқ. Дегенмен, алда бҧл салада оң бағытта шешілуге тиісті мәселелер 
бар  екенін  мойындаған  абзал.  Қазірде  республикада  жҥргізіліп  жатқан 

 
52 
реформалар  -  соның  айғағы.  Солардың,  санатында  табиғат  қорғау,  яғни 
экология мәселелері де елеулі орын алады. 
Н.Ә.  Назарбаев  «Қазақстан  -  2030.  Барлық  қазақстандықтардың  ӛсіп-
ӛркендеуі,  қауіпсіздігі  және  әл-ауқатының  артуы»  атты  Жолдауында  осы 
мәселенің  мән-мағынасын  айқындап  берген.  Онда:  «2030  жылғы  Қазақстан 
ауасы таза, мӛлдір сулы, жасыл желекті елге айналуга тиіс. Ӛндіріс қалдықтары 
мен  радиация  бҧдан  былай  біздің  ҥйлеріміз  бен  бақтарымызға  енбейтін 
болады»,  -  деп  атап  кӛрсетілген.  Сонымен  қатар  Президент  «Ҧзақ  мерзімді 
басылым  мақсаттар  мен  оларды  іске  асыру  стратегиясы»  санатына  «Барлық 
қазақстандықтардың  ӛмір  сҥру  жағдайларын,  денсаулығын,  экологиялық 
ортаны  жақсарту»  мәселелерін  қосқаны  белгілі.  Барлық  елдерге  тән,  заман 
талабына  сәйкес,  Қазақстанда  да  айналадағы  қоршаған  ортаны  таза  ҧстау, 
табиғатты  қорғау  мәселесіне  қатысты  әрекет  жасауға  қоғамдық  қҧрылымдар 
кӛптеп  пайда  қолымыздан  жасап  отырған  қатерге  белгілеумен,  қауіптің алдын 
алу мен шҧғылданып келе жатқанын байқаймыз [90]. 
Бҧл  мәселе  баспасӛз  беттерінде  де  басты  бір  тақырып  болып  табылады. 
Кешегі баспасӛз ӛзінің басты назарын Аралдың тартылуына аударуымен болса, 
енді тағы бір қасіретті мәселе туа келді. Ол - теңіз ортасындағы «Возрождение» 
аралы.  Ондағы  далалық  ғылыми-сынақ  лабораториясы,  «Егемен  Қазақстан» 
газеті «Қазақстандағы қҧпия нҥктелер» айдарымен «Ажал сепкен жҧмбақ арал» 
деген  жалпы  тақырыппен  екі  мәрте  топтама  материалдар  берген.  Оларға 
аннотация  есебінде  Ақпарат  бӛлімі  Арал  теңізіндегі  «Возрождение»  аралы 
жайында  «Егемен  Қазақстан»  кӛптен  бері  сӛз  қозғап  келе  жатқандарын,  бірақ 
бҧл  қҧпия  аралдың  бар  сыры  әзірше  ашылмай  жатқанын  жазады.  Редакция 
аталмыш  жасырын  тақырыптың  кҥллі  кескін-келбетін  айқындай  қоймаса  да, 
соған ҧмтылыс жасау жолында екі материал береді [91]. 
Хат  тҥрінде  жергілікті  тілшілер  ҧйымдастырған  ол  материалдардың 
біріншісі  -  «Кеше:  Балық  тҥгіл,  бас  қайғы»  (авторы  -  Ақтӛбе  облысы,  Шалқар 
ауданының тҧрғыны  Р.  Пірмағамбетов), екіншісі  -  «Бҥгін: Сынақ  тоқтағанмен, 
зардап  толастар  емес»  (авторы  -  «Егемен  Қазақстанның»  штаттан  тыс  тілшісі, 
майор А. Жақанов) деген тақырыптармен жарияланған.  
Қҧпия  аралдағы  мекеменің  толық  аты  -  Далалық  ғылыми-зерттеу 
лабораториясы.  Бҧрынғы  Қорғаныс  министрлігінің,  қазір  ТМД  елдері  Біріккен 
стратегиялық  кҥштерінің  15-ші  басқармасына  қарайды.  «Возрождениенің» 
қысқаша атауы - Арал-7. Осылай десеңіз, онымен таныс әскерилер әңгіменің не 
жайында екенін тҥсіне қояды. Бҧл қос мақала-хатта олардың иелері қҧпия арал 
тақырыбына  қатысты  ешқандай  мәселе  кӛтеріп  жатқан  жоқ.  Оны  редакция  да 
талап  етпейді.  Бҧлардың  басты  мақсаттары  -  аралдың  әскери  объект  есебінде 
туу тарихымен таныстыру. Сол мақсат орындалған [92]. 
Осы мәселеге «Жас Алаш» газеті «Экология» айдарымен «Аралдағы сынақ 
аралы»  деген  тақырыппен  екі  топтама  арнаған.  Жергілікті  тілшілердің 
хаттарынан  қҧралған  бҧл  топтамалардың  бір  материалы  -  Арал  қаласының 
тҧрғыны  Н.  Тҧржановтың  «Кӛңілімде кауіп бар» деп аталады. Арал  халқының 
қасіреті  тек  теңіздің  тартылуында  емес,  осы  тӛңіректегі  қҧпия  әскери  сынақ 

 
53 
алаңдарына  да  тікелей  қатысты  екенін,  оның  бірі  -  Возрождение  аралындағы 
бактериологиялық лаборатория екенін айтады.  
Ӛз  елінің  осы  тҧстағы  жалпы  келеңсіз  кҥй-жайын  суреттей  келе:  «Осы 
жерде  ардақты  ақын  ағамыз  Олжас  Сҥлейменовтің  «Қазақстан  халқына 
жасырын соғыс жарияланған» деген сӛзі еске тҥседі... Біз ӛзі кӛп боп барамыз, 
ағайын,  қазақтың  бір-біріне  деген  туысқандығы,  бауырмалдығы,  қысылғанда 
қол  ҧшын  беретін  кӛпшілдігі  қайда;  ӛзіміздің  заңды  қҧқымызды  қорғай 
алмайтын  бейшаралық  кейіптен  қашан  арылар  екенбіз?...»,  -  деп  ӛзі  де 
қапаланып,  оқырманын  да  ауыр  ойға  қалдырады.  Аталмыш  материал  қҧр  ғана 
риторикалық  сҧрақтардан  тҧрмайды.  Мҧнда  жергілікті  жердегі  де  теңіз  емес, 
«жығылғанға-жҧдырық»  дегендей,  бактериологиялық сынақтардың  да  тигізген 
зардаптарының мысалдары, деректері келтіріледі [93]. 
«Аралдағы  апат  ошақтарының  бірі  -  Возрождение  аралында  орналасқан 
далалық  ғылыми-сынақ  лабораториясы.  Жалпы  аумағы  216  шаршы  шақырым 
болатын осы арал мен ондағы лаборатория соңғы кезге дейін қҧпия ҧсталып, ол 
жерде не болып, не қойып жатқанын ешкім білмей келді. Жҧрт аузында алып-
қашпа  сӛздермен  әр  тҥрлі  лақаптар  тарады»,  -  деп  басталады  келесі  бір 
материал. Ол  -  «Жанайқай» айдарымен  берілген газеттің ӛз тілшісі Қ.  Исаның 
«Оқшау  аралдың  қҧпиясы»  деген  корреспонденциясы.  Тілші  1949-жылы 
обаның  кесірінен  Кӛкаралдың  Ауа  балықшылар  мекенінің  қҧрып  кетуін  одан 
екі-ақ  жыл бҧрын бастаған бактериологиялық сынақ лабораториясының алаңы 
кӛреді. Одан кейін де әлсін-әлсін оба ауруының эпидемиясы «бҧрқ» ете қалып 
отыратыны  да  соның  салдары  екенін  айтады  автор.  Корреспонденция  тек  сол 
сәттегі уақиғаларды сипаттай қоймайды, сонымен қатар мәселенің тарихи тҥп-
тӛркініне  бойлаған  лаборатория  тәжірибелерінің  залалды  нәтижелеріне 
деректер береді [94]. 
Екінші дҥниежҥзілік соғыс аяқталысымен, әлем тіршілігіне ҥрей мен қауіп-
қатер  әкелген  «айдаһар»  -  «Бӛбек»  пен  «Қортық»  аталған  атом  бомбалары  - 
дҥниеге келіп, ӛз екпінімен маңайын зар еңіреткен болатын. Ал енді жаңа туған 
аждаһа  қайтадан  талай  тіршілікке  тажал  болып  тӛнді.  Бҧл  сынақ  Мыржық-
Дегелең  тауларында  басталса,  аждаһа  тҧқымы  Невада,  Муруроа,  Жаңа 
Зеландия,  Лоб-Нор  аймағынан  тарады.  Олардан  кейінгі  Капустин  Яр,  Жаңа 
Жердегі  ядролық,  термоядролық  жарылыстарды  санаулы  адамдар  ғана  біліп, 
кӛпшілік  бейхабар  болды.  Әуеліде  бҧл  қарудың  қуаты  20  килотоннадан 
басталып, қазірде 550 килотоннаға жетіп отыр. 
Тағы  бір  алаң  ол  «Атомды  кӛл».  «Атом  кӛлі»  1960-жылы  пайда  болды, 
ғалымдар  ядролық  жарылыс  арқылы  қуаң  жерлерде  жасанды  су  қоймасын 
салуды  ойластырды,  тәжірибеде  сынауды  жӛн кӛрді.  Алдымен  полигонда,  150 
метрлік  тереңдікке  ядролық зарядтарды  кӛміп  жарды.  Сегіз  миллион  куб  метр 
жер  жан-жаққа  шашылып  кетті.  Бҧл  1965-жылы  болған.  Жарылыс  орнында 
диаметрі  500  метрлік  шҧңқыр  пайда  болды.  Біртіндеп  ол  жер  астындағы  кӛк 
жиек  ылғалымен  толды.  Сол  жерде  «Атомды  кӛл»  пайда  болды.  Кезінде 
депутат  Петрушенко  шомылған  кӛл.  Ол  шҧңқырдағы  судың  ешқандай 
радиактивтілігі  жоқ  деген  болатын...  Бҥкіл  радиациялық  зиян  судың  астында, 

 
54 
тҧнбасында және кӛлдің шетінде жатады. Сондықтан да, ең кӛп сәуле қабылдау 
мӛлшерін суға тҥскен адамдар емес, жағада тҧрғандар қабылдайды [95].  
1990-жылы  24-27  мамырда  ӛткен  ядролық  қаруға  қарсы  Халықаралық 
конгресс  мәлімдемесіне  жҥгінсек,  Семей  сынақ  полигонының  радиациялық 
эквиваленттер жиынтығы 42 мың Хиросимаға пара-пар екен. Ал осы жҧмыспен 
айналысушы ғалымдардың есебі бойынша, ауаға 6 290 000 000 кюри радиация 
тараған. Енді сутегі бомбасының атасы А.Д. Сахаровтың 1990-жылғы есептеуін 
салыстырсақ, ядролық және термоядролық жарылыстардың тікелей зиянынан 6 
миллион  адам  жарық  дҥниемен  қоштасқан.  Әзірше  кӛздері  тірі  кемтарымен, 
радиациядан зардап шеккендері одан асып тҥседі.  
Жергілікті  журналистердің  «Семей  ядролық  сынақ  полигонын  жабу 
туралы»  Қазақ  Кеңес  Республикасы  Президентінің  1991-жылдың  29-
тамызындағы  Жарлығы  шыққаннан  кейін  шығармашылық  тынысы  кеңи 
бастады. Осы кезге дейін 72 жыл бойы «қолынан келгесін, қонышынан басып» 
қалға  тегеурінді  деген  мәскеуліктердің  ӛктемдіктері  саябырсыды.  Облыстық 
газет номер қҧрғатпай солардың іс-қылықтарын тынымсыз жазумен болды. 
«Семей таңы» мынандай бір ситуацияны әшкерелеген. Жарлық шыққаннан 
соң  діңкелері  қҧрып,  сҧс  кӛрсету  заманы  ӛткеніне  кӛзі  жеткен  полигоншылар 
енді  қулыққа  басып,  тағы  да  екі  жарылыс  жасау  ҥшін  198  миллион  сом 
тӛлемақы  ҧсынған.  Оған  Облыстық  кеңес  тӛрағасы  К.  Бозтаев,  Облыстық 
атқару  комитетінің  тӛрағасы  А.  Еременко,  аудандық  партиялық  комитеттің 
бірінші  хатшысы  Х.  Матаевтар  халық  атынан  келісімдерін  берген.  Газет  осы 
арандатушылыққа  дер  кезінде  араласып,  1991-жылғы  15-тамызда  «Абай  елі 
жарылысқа қарсы» деген хабар жариялады. 
Хабар:  «Осы  тҧста  ауыл  ақсақалы  Талғат  Сламбеков  Қарауыл  селосы 
халқының  атынан  хаттама  жасап,  жарылысқа  келісіп  қойған  Х.  Матаевтың 
атына қатты-қатты сындар айтты. Кездесу соңында Х. Матаев қызметтен босату 
жӛніндегі ӛтінішін бҥкіл елдің алдында облыс басшыларына табыс етті»,  - деп 
аяқталады.  Осы  жылдары  мҧндай  қимыл  -  халық  ҥшін  жеңіс  еді.  Сол  жеңісте 
облыстық  газет  редакциясының  да,  жергілікті  журналистердің  де  ҥлесі  елеулі 
[96]. 
Семей  қасіреті  жӛнінде  осы  уақытқа  дейін  кем  жазылып,  аз  айтылып 
жҥрмегенін  жоғарыда  қарастырылған  жарияланымдардан  да  байқауға  болады. 
Халық басына тҥскен ауыр зауал арада қаншама уақыт ӛтсе де, әлі кҥнге дейін 
ҧмытылмақ  емес.  Осы  мақала  жарияланған  1992-жылғы  29-тамызда  Семей 
ядролық  сынақ  полигонында  атом  бомбасы  ең  алғаш  рет  жарылғанына  -  45 
жыл,  ал  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.  Назарбаевтың  Жарлығымен 
оның жабылғанына да 5 жыл толды.  
Дегенмен,  1989-жыл  Семей  полигоны  ҥшін  бетбҧрыс  жылы  болды.  26-
ақпанда  ақын  Олжас  Сҥлейменов  Қазақ  теледидарында  эфирде  тікелей  сӛз 
алып,  ақпан  айының  12-17-кҥндері  арасында  жасалған  кезекті  жер  асты 
сынақтарының  салдарынан  атмосфераға  радиациялық  газдардың  тарағанын 
мәлімдеді.  Халықты  Семей  полигонын  жабуға  ҥн  қосуға  шақырды.  Ол  ҥшін 
«Невада-Семей» антиядролық қозғалысын ҧйымдастыруды ҧсынды. 

 
55 
1989-жылдың  ақпан  айында  «Невада-Семей»  антиядролық  қозғалысы 
дҥниеге  келді.  Қайта  қҧру  мен  жариялылықтың  арқасында  аталмыш  қозғалыс 
кӛп ҧзамай бҥкіл халықтық қолдауға ие болып, кҥллі әлемге танылып ҥлгірді.  
1991-жылғы  29-тамыздағы  «Семей  ядролық  сынақ  полигонын  жабу 
туралы» Жарлықта Қазақ КСР-інің территориясындағы Семей облысында 1949- 
жылдан  бері  ядролық  қаруды  сынау  жҥзеге  асырылып  келгені  айтылған.  Осы 
уақыт  аралығында  500-ге  жуық  ядролық  жарылыс  мыңдаған  адамдардың 
денсаулығы  мен  ӛміріне  нҧқсан  келтірген.  Жарлықты  КСРО  мен  АҚШ 
арасындағы  стратегиялық,  әскери  тепе-теңдікті  қамтамасыз  еткен  ядролық 
потенциалды жасау жӛніндегі ӛз борышын Қазақстанның орындағаны ескеріліп 
және республика жҧртшылығының талаптарына қҧлақ асқандығы атап ӛтілген. 
Семей  ядролық  сынақ  полигонын  мерзімді  баспасӛзде  алғаш  қозғала 
бастағаны  хақында  талдау  жасалған  тарауды  қорытындылай  келгенде,  ӛз 
тарапымыздан тӛмендегідей басты-басты тенденцияларды байқадық. 
Біріншіден, «қылышынан қан тамып тҧрған» Кеңес империясының дҥрілдеп 
тҧрған  кезінде-ақ,  «атомдық  сынақ  алаңына»  қарсы  баспасӛзде  Президент 
Жарлығынан  едәуір  бҧрын  Семей  полигонына  қарсы  дауыс  кӛтерген 
жарияланымдардың жарық кӛре бастағанына кӛз жеткіздік. 
«Осыдан  тура  44  жыл  бҧрын  Семей  полигонында  жасалған  алғашқы 
ядролық  жарылыстан  кейін  біздің  халқымыздың  «атомдық  ӛмірінің»  қайғылы 
кезеңі  басталды.  Жыл  ӛткен  сайын адамдардың  денсаулығының  негізі  кҥйреп, 
нәзік  табиғи  орта  бҧзыла  берді.  Тән  азабы  да,  рухани  қасірет  те  біздің 
жҥрегімізді әлі кҥнге сыздатуда. Ядролық есуастықтың бҥкіл адамзат баласына 
қандай  қисапсыз  шығындар  мен  орны  толмас  қҧрбандықтар  әкелгенін  біз 
білеміз [97].  
«Оны  тоқтату  планетаның  саясатшыларының,  жҧртшылығының,  бҥкіл 
демократиялық  кҥштерінің  аса  маңызды  міндеті.  Нақ  сондықтан  да  егемен 
Қазақстанның алғашқы халықаралық актісі Семей полигонын жабу болды».  
Бҧл  -  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.  Назарбаевтың  ядролық 
қаруға  қарсы  Халықаралық  Конгреске  қатысушыларға  жолдауынан  ҥзінді. 
Әлемдік  антиядролық  ынтымақ  Конгресінің  1993-жылғы  тамыздың  соңғы  екі 
кҥнінде  ӛткен  осы  мәжілісінде  Н.  Назарбаев  сӛз  сӛйледі.  Онда  да  Президент: 
«Аса  ауыр  экономикалық,  әлеуметтік,  рухани  сілкіністер  -  ҧзақ  жылдарға 
созылған  адамгершілікке  жатпайтын  ядролық  сынақтардың  қорытындысы  - 
осындай.  Олар  халықтың  иығына  ауыр  жҥк  болып  тҥсті.  Оның  салдарын  біз 
тҥпкілікті  әлі  сезініп  білмесек  те,  халық  наразылығы  әлдеқашан-ақ  пісіп-
жетілді. Семей полигонын жабу туралы жарлық ішкі мәселелерін дербес шешу 
туралы  айқын  мәлімдеген  жас  мемлекеттің  алғашқы  актілерінің  бірі  болуы 
тегін  емес.  Оның  ҥстіне,  дҥниежҥзілік  тәжірибеде  мҧндай  қадам  алғаш  рет 
қабылданды, - дей келе, алдағы  тҧрған  зор мәселелерінің біршамасының бетін 
айқындап  береді.  -  Біз  қалдықтарымызды  ӛз  жерімізге  кӛмуге  мәжбҥр 
екендігімізді  тҥсінуге  тиіспіз,  тек  ғалымдар  мен  жобалаушылар,  жҧртшылық 
ӛкілдерімен  бірлесіп,  жобаның  экологиялық  қауіпсіздік  кӛзқарас  тҧрғысынан 
ҧтымды нҧсқаларын табуға тиіс» [98]. 

 
56 
«Ӛлгеннің артынан ӛлмек жоқ»  - деген  халық даналығына салып, олардың 
артында  қалғандарға  қамқорлық  жасау  -  тірінің  мойнындағы  міндет.  Осыған 
орай біздің мемлекетіміз радиация залалын ерекше еске алып, 1992-жылдың 22- 
желтоқсанында  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Кеңесінің  «Ядролық 
сынақтардан  зардап  шеккен  азаматтарды  әлеуметтік  қорғау  туралы»  қаулы 
шығарды. Алайда, мҧны жҥзеге асыруда алда бірталай бӛгеттер баршылық еді. 
Полигон  ойрандаған  жер  -  Мыржық  тауы  мен  Дегелең  тауының  айналасы. 
Онда бҧрындары халық мекендеген. Сол полигон тӛңірегі бес аймаққа бӛлініп, 
олар  «Тӛтенше  қауіпті  аймақ»,  «Ең  жоғары  радиациялық  қауіпті  аймақ»,  «Ең 
тӛмен  радиациялық  қауіпті  аймақ»,  «Жеңілдікті  әлеуметтік-экономикалық 
мәртебесі бар аймақ» деп аталды.  
Айта  кетсек,  Семей  полигоны  18,5  мың  шаршы  километр  аймақты 
қамтыған.  40  жыл  ішінде  (1949-1989  жж.)  полигонда  473  ядролық  жарылыс 
болған  екен,  оның  90-ны  атмосферада,  26-сы  жер  бетінде,  354-і  жер  астында 
жҥргізілген.  Бҧған  қоса,  әр  тҥрлі  химиялық  қоспасы  бар  175  жарылыс  ӛткен. 
Олардың  44-інде  10  тоннадан  аса  тҧтанғыш  улы  зат  болған.  Осының 
салдарынан 1,7 млн. халық тҧратын 304 мың шаршы километр аймаққа әр тҥрлі 
мӛлшерде радиоактивті, химиялық шӛгінді тҥскен [99].  
1970-1980-жылдары  жануарлар  организмін  радиация  әсерінен  қорғайтын 
заттар  (радиопротекторлар)  ашылды.  Алайда,  ғылымның  қазіргі  жетістіктері 
радиацияның  тіршілік  ӛмірге  әкелер  зардабымен  кҥрестің  жедел  ӛскенімен 
оның қасіретін тартып отырғандардың саны азаяр емес. Кӛптеген қасіреттердің 
ауқымын жеңілдетуге толық мҥмкіндік болмай отыр. 
Чернобыль  апатынан  келген  тажал  Қазақстандағы  40  жыл  бойы  ӛткен 
ядролық  сынақтан  келген  зардаптың  тек  мыңнан  бір  бӛлігі  дейді  білетін 
ғалымдар.  Семей  полигонының  сынақ  ӛткен  кейбір  аумақтарында,  әлі  кҥнге 
дейін 1000 рентген сәулесін шашатын ошақтар бар екен. 
Соңғы  кездері  Арал  тенізінің  ортасындағы  «Барсакелмес»  аралшығында 
биохимиялық,  бактериологиялық  қару  жасайтын  зауыт  болғаны  туралы 
хабарлар  кӛбейіп  отыр.  Аңызда  шындық  та  болуы  мҥмкін.  «Барсакелмес»  ӛз 
қҧпиясын  қойнына  қанша  сақтағанымен  ақиқатқа  тіреліп  отыр.  Мҧны,  кезінде 
Қазақстанды, Ӛзбекстанды мекендеген халықтардың еркінен тыс, аса қҧпиялық 
жабық  жағдайда  бактериологиялық,  биохимиялық  қару  жасайтын,  әрі  оны 
сынайтын  полигонға  айналдырған  КСРО-дан  қалған  мҧра  деуге  болады.  1939- 
жылдан бастап 20 мың гектарлық бҧл арал «Барсакелмес қорығы» деп аталған 
екен. 
Табиғаттың  зиянды  қоспалармен  кӛп  мӛлшерде  ластануы  экологиялық 
ахуалдың  кҥнделікті  ӛмірге  қолайсыз  әсерін  кҥнбе-кҥн  туғызып  отыр. 
Қазақстан жерінде орын тепкен «Байқоңыр» ғарыш айлағы, оған қоса «Азғыр», 
«Капустин  яр»,  «Сарышаған»,  «Сарыӛзек»  т.б.  ракеталық  полигондар  сол 
қолайсыздықтың ең - бір себепшілері. 
«Байкоңыр»  ғарыш  айлағы  Ҧлы  Отан  соғысынан  кейінгі  елуінші 
жылдардың  басында  қҧрыла  бастаған.  Бҧл  айлақ  батыстан  шығысқа  -  115, 
солтҥстікке  қарай  -  85  шақырымға  созылып,  бірнеше  мың  шаршы  километр 
аумақты алып жатыр. 

 
57 
Радиоэкологиялық  кҥйінің  қыры  мен  сырын  тану  ҥшін  жан-жақты  терең, 
ҧзақ мерзімдік зерттеулер  қажет.  Бҥгінгі кҥні қол жеткен табыстар қатарында: 
осы аймақтың табиғи-климаттық жағдайы мен экологиялық кҥйіне шолу жасау, 
радиоэкологиялық  зерттеу  мен  мониторинг  ҧйымдастыру  жҧмыстарының 
ғылыми-әдістемелік  негізін  қҧру,  олардың  кҥнделікті  тіршілік  ортасымен 
байланысын нығайту тҧрғысындағы істерді айтуға болады [100]. 
Табиғат  адам  іс-әрекетімен  ӛте  қатты  ӛзгеріске  тҥседі.  Адам  табиғат 
байлығы  арқылы  кҥн  кӛретіндіктен,  оның  табиғатқа  деген  әсері  кҥннен  кҥнге 
кеңейіп  келеді.  Табиғат  ресурстарын  ретсіз  пайдалану,  ӛсімдік  пен  жануарлар 
дҥниесіне жасалынған шығындар - мҧның бәрі ақиқатқа айналып отыр. 
«Табиғат-адам-ӛндіріс» жҥйесінде басты тҧлға адам болғандықтан экология 
ғылыми  саласы  ғылыми  зерттеулер  арқылы  адамдардың  табиғатпен  ара-
қатынасын  дҧрыс  ҧйымдастыру,  ӛндірісті  табиғи  ортаға  зиянсыз  ету  жӛнінде 
жинақты  ҧсыныстар  даярлауға,  тиімді  жолдармен  әдістер  табуға  міндетті. 
Табиғат  байлығы  қазіргі  ӛмір  сҥріп  отырған  адамдарға  ғана  емес,  келешек 
ҧрпаққа да керек екендігін тҥсіну қажет [101]. 
Шығыс 
Қазақстан, 
Қарағанды, 
Павлодар 
облыстарында 
ауыр 
индустрия  кәсіпорындары  шоғырланған.  Ақтӛбе,  Атырау,  Батыс  Қазақстан 
және  Маңғыстау  облыстарында  газ-мҧнай  ӛндіруші  кешендер  шоғырланған. 
Оңтҥстік аймақта мҧнай ӛңдеуші кәсіпорындар орналасқан. 
1988-жылы  гидрометрология  жӛніндегі  Мемлекеттік  мамандарымен 
жҥргізілген  Кеңес  Одағының  600  қаласы  бойынша  атмосфера  жағдайы 
мониторингінің  мағлҧматтарына  сәйкес  ауаға  шығарулар  мӛлшері  Теміртау 
қаласынан  -  937  мың  тоннаны,  Балқаш  қаласы  -  384  мың  тоннаны,  Қарағанды 
қаласынан  -  245  мың  тоннаны  қҧраған.  Бҧл  ҧзын  тілімде  4-орынды  алған 
Теміртау қаласы, 25-орынды Павлодар, 3-орынға ие Балқаш, ал Қарағанды - 50- 
ші орында [102]. 
Осылайша,  Қарағанды  облыстық  аумақтың  қоршаған  орта  басқармасы 
мәліметтері  бойынша  кеңестік  тізімде  бірінші  орындарда  болған  қалалар 
Қазақстандық  қалалар  тізбесінде  де  сол  қалпында  қалған.  Бірқатар  болған 
ӛзгерістер, ӛкінішке орай, жақсы жағынан емес. 
Павлодар ӛз орнын Балқашқа беріп, сонымен, Қазақстанның индустриалдық 
қатынастағы  ең  ірі  қалалары  -  Балқаш,  Теміртау,  Қарағанды,  Жезқазған  ең 
«техногендік зияндылар» болды. 
Келесі  ластаушы  автокӛлік  болып  табылады.  Автокӛлік  атмосфераға 
шығаратын  зиянды  заттардың  негізгі  тҥрлеріне  жататындар:  кӛмірсутегілер, 
кҥйе,  қорғасын  қоспасы,  кӛміртегі,  азот  тотықтары.  Автомобиль  кӛлігінде 
пайдаланылған 
газдардағы 
заттар 
концентрациясы 
кӛп 
жайларда 
қозғалтқыштардың 
модификациясының, 
жҧмыс 
тәртібіне 
және 
сол 
қозғалтқыштарда  қолданылған  отынның  техникалық  жағдайына  байланысты, 
Жезқазған  қаласына  қарағанда  Сәтбаев  қаласы  қҧрылысында  «жел  ҥйірілуі»  
ескерілмеген.  Сондықтан  да  қалаға  жақын  аудандардан  тҥрлі  шаңдар  мен 
газдардың желмен ҧшырылған орасан зор мӛлшері борайды [102, б. 45]. 
Ӛсімдік  -  тіршілік  тірегі.  Ғаламшардағы  ӛсімдіктер  жылына  ауа  қабатына 
400 
млн. 
тонна 
оттегін 
бӛліп 
шығарады. 
Жылына 
бір 
адам 

 
58 
тыныс  алу  ҥшін  173  мың  литр  оттегін  қабылдайтыны  анықталған.  Жасыл 
желектер  ауаны  улы  газ  бен  шаңнан  тазартады.  Ӛсімдіктер  ауада  ауру    
тудыратын  бактерияларды  жоятын  ерекше  зат  болып  шығарады,  медицинада 
алатын  орны  ҧшан-теңіз.  Сондықтан  ӛсімдіктің  қызметін  бірде-бір  жетілген 
механизм атқара алмайды [103]. 
Бірінші «кҥлден» шығатын ӛлім сәулесінің қаншалықты қауіпті екеніне бір 
мысал  келтірейін.  Чернобыль  АЭС-інде  болған  апатты  бәріміз  білеміз.  Міне, 
сол  апат  кезінде  АЭС-тің  кҥл-талқан  боп  қираған  «пешінде»  «жанып»  жатқан 
уранды  ӛшіру  ҥшін  Жапонияның,  Германияның,  Ресейдің  адамсыз  (радио 
арқылы)  жҧмыс  істейтін  жарақтары  (роботтары)  қолданылған.  Бірақ,  бір  де 
біреуі  іске  ден-деп  кірісе  алмаған.  Оның  себебі  олар  «ӛліп  қала  беріпті». 
Адамның  басқаруынсыз,  ӛз  бетінше  жҥріп,  ӛз  бетінше  жҧмыс  істейтін  әлгі 
жарақтар,  уран  «жанып»  жатқан  «пешке»  жақындай  бере  тоқтап  қалады  екен. 
Алыстан радио толқыны арқылы басқарып отырған адамдар қанша әуре болса 
да, олар орындарынан тырп етіп қозғалмапты. Сонда бҧл не? Темірдің «тілін»  
байлаған  осындай  радиацияға,  дәлдеп  айтсақ,  шетелден  келмек  радиациялық 
қалдықтарға тірі адам қалай тӛтеп бере алмақ? [104]. 
1987-жылы  КСРО  мен  АҚШ  арасындағы  орта  және  шағын  қолданыстағы 
зымырандарды 
жою 
келісіміне 
орай, 
Қазақстан 
мойнына 
алған 
міндеттемелерінің  бәрін  орындап  шыққан.  1998-жылы  АҚШ-тың  Қорғаныс 
министрлігінің  мамандары  мен  мемлекеттік  департамент  ӛкілдері  бҧрынғы 
кеңестік  зымыран  базасына  келіп,  соңғы  тексеріс  жасап  кеткен.  Қазақстанға 
келісімге  кірген  5  нысан  бар.  Келісім  негізінде  бҧрынғы  КСРО  қҧрамына 
кіретін  мемлекеттер  тарапынан  1846  зымыран  жойса,  АҚШ-қа  тиесілі  846 
зымыран  қҧртылған.  КСРО-ға  тиесілі  зымырандардың  кӛпшілігі  Сарыӛзекте 
жарылған.  Келісім  шарты  бойынша,  келіскен  жақтар  шағын  және  орта 
қашықтықта қолданылатын зымырандарды ӛз аймақтарыңда шығаруға, ҧстауға 
иелік етуге тыйым салынады. 
Сарыӛзекте цеолит деген минерал ӛндіріледі. Оны мемлекет басшысы Н.Ә. 
Назарбаев  «XXI  ғасырдың  минералы»  деп  атапты.  Компьютерлердің  жанына 
қойса  зияндылығын  азайтады.  Қҧрылыста  цеолит  пигментке  қосылып,  мықты 
бетон  жасауға  да  жҧмсалады.  Мҧндай  қасиеттері  ӛте  мол.  Адам  ағзасына 
пайдалылығы - оны суға салып қойып, белгілі уақытта, мӛлшермен суын ішсе, 
асқазандағы  жара  жазылып,  бҥйректегі  тас  тҥсіп,  ӛт  жолдары  тазаланып, 
демікпе  ангина  секілді  аурулардан  арылтады.  Тіпті,  оны  таздың  басына 
жаққанда қаулап шаш шыққан жағдай да болған. 
Цеолит  ашық  ӛндіріспен  ӛндіріледі.  «Таза  су»  ЖШС  мамандарының 
айтуына  қарағанда,  цеолиттің  ӛзіндік  қҧны  қымбат,  сондықтан  тапсырыс  аз 
кӛрінеді. 
Сарыӛзектегі  жоспарлы  тҥрде  зымырандарды  жою  міндеттемелері  2001 
жылы  толығымен  аяқталған.  Ондағы  ел-жҧрт  бірауыздан:  «Жарылыстың 
болғанын білеміз. Бізге зиянсыз, залалсыз деді. Жарылыстың әсері болатынын 
да  сеземіз.  Бірақ,  қаншалықты?  Бізге  бҧл  туралы  ешкім,  ештеңе  айтпайды.  Ол 
туралы  ашық  ақпарат  жоқ»,  -  дейді.  Жергілікті  халықтың  айтуына  қарағанда, 

 
59 
Сарыӛзекке осы жарылыстардан кейін бірде-бір ғалым, эколог бармаған. Оның 
залалын тексеріп, зерттеп жатқан және ешкім жоқ [105]. 
Маңғыстау  ҥшін  бҥгінгі  кҥн  тәртібінде  тҧрған  ең  басты,  тым  ӛткір,  аса 
шетін,  әрі  ӛте  нәзік  те  кҥрделі  мәселе  -  Каспий  теңізі  маңында  мҧнай 
операцияларын жҥргізу. Экологтар кӛзімен қарағанда бҧл әлемдік масштабтағы 
қауіпті мәселе болып саналады. 
Қазақстан  басқа  теңіз  жағалаған  кӛрші  елдермен  бірге,  бірінші  кезекте, 
Каспийдің  биоресурстарын  кӛздің  қарашығындай  сақтау  жолында  барлық 
қолдан  келер  шараларды  жасауы  тиіс.  Себебі,  оны  жойып  алу  ағаттығы 
ешқандай бір экономикалық аспектімен ақталмайды. 
Кез-келген,  тіпті,  қиял-ғажайып  мҧнай  қоры,  ең  әрі  кеткенде  100-150 
жылдан  соң  сарқылады.  Ал,  қария  Каспийді  аймалап,  аялай  білсек,  оның 
биоқоры  сәт  сайын  жаңара  толығып,  жаһанда  жер  атты  ғаламшар  жайбарақат 
жҥзіп  жҥрген  кезеңдерде  біздің  мың-сан  жаутаңкӛз  ҧрпағымызды  алаламай 
асырары анық... 
Атыраудың  экологиясы  кҥн  санап  қҧлдырап  барады.  Жергілікті  халық 
қоршаған ортаның ластануынан  туындаған әртҥрлі адам айтқысыз аурулардың 
қҧрбанына айналды. Ана мен бала ӛлімі ӛршіп тҧрғандығын кҥні кеше Біріккен 
Ҧлттар  Ҧйымының  ӛкілдері  алдында  айтылған.  Біріккен  Ҧлттар  Ҧйымының 
ӛкілдері  мәселеге  қабақтарын  сәл  шытып,  «шешу  керек»  деген  де  кеткен. 
Атырау  облысының  перзентханасында  бір  айдың  ішінде  дене  мҥшелері  кем 
(қоянжырық,  таңдайсыз,  кӛтеншегі  бітпей  қалған,  жҧлыны  арқасымен  бірігіп 
кеткен)  тӛрт  сәби  дҥниеге  келді.  Мамандар  мҧның  бірден-бір  себебі 
экологиялық ахуалдың нашарлығынан деп қана отыр [106]. 
Арал  ӛңірі  экологиялық  апат  аймағы  бола  тҧра  оны  мекендеген 
тҧрғындардың  сан  жағынан  ӛсімталдығын  ежелден  жанҧяда  бала  санын 
шектемеуге  әдеттенген  тарихи  әлеуметтік  сипатынан  болып  тҧр  деп  тҥсінген 
дҧрыс болатын сияқты. Болжам бойынша 1991-2006-жылдары облыс кӛлемінде 
тҧрғындардың саны - 154,1 мың адамға кӛбейіп, жалпы саны - 756 мың адамға 
жетеді.  Оның  -  56,7  пайызы  еңбекке  жарамды  адамдар.  Алайда,  облыстың 
тҧрғындарын  жҧмыспен  қамтамасыз  ету  жағы  нашар.  Былайша  айтқанда 
жҧмыссыздық кең етек алған жағдайда.  
Облыстық  экономикалық  салаларында  жҧмыс  істейтін  адамдардың  саны 
республиканың  орташа  кӛрсеткішінен  тӛмен.  Сол  себепті  еңбекке  жарамды 
адамдардың  кӛпшілігі  ӛздерінің  ҥй  шаруашылығымен  және  қосалқы  жеке 
шаруашылығымен 
айналысады. 
Бҧл 
жағынан 
республиканың 
орта 
кӛрсеткішінен екі есе артық. 
Соңғы  жылдары  табиғатты  қорғау  органдарының  бақылау  жҧмыстарының 
нәтижесінде  және  ӛндірістің  қҧлдырауы  себептерімен  қоршаған  ортаға 
техногендік әсерлер біршама азайды, бірақ шаруашылық механизмі қызметінде 
жаңа  әлеуметтік-экономикалық  аспект  пайда  болды;  ол  меншік  тҥрінің 
ӛзгеруіне,  жекешелендіру  процесінің  қарқын  алуына,  бҧған  шетелдік 
инвесторлардың  барған  сайын  кеңінен  қатысуына  байланысты  экологиялық 
жағдайға жауапкершілік мәселесі кҥн тәртібіне ӛткір қойылып отыр. Бюджеттік 
инвестиция  ең  тӛменгі  мӛлшерге  дейін  қысқарды,  қаржы  тапшылығына  тап 

 
60 
болған  кәсіпорындар  табиғат  қорғау  шараларына  жҧмсалуға  тиісті  шығын 
кӛлемін  кемітуге  кӛшті.  Ал  шаруашылықты  жҥргізудің  осындай  жағдайында 
баяндалған экологиялық мәселелер ӛз шешімін баяу табуда [107].  
Қазақстан  Республикасының  Ҥкіметінің  1996-1998-жылдарға  арналған 
реформасын  тереңдету  жӛніндегі  Бағдарламасы  экобиоқорлар  Министрлігі 
жергілікті  органдарын  «Экологиялық  жағдай»  бӛлімінің  негізгі  атқарушысы 
ретінде  танып  отыр.  Бҧл  бірер  сағаттың  шаруасы  емес.  Ҧзақ  уақыт  алатын 
осынау  ерекшелігі  бар  процеске  жҧртшылықтың  белсене  қатысуы  сӛзсіз 
табысқа  бастар  еді,  бҧған  облыстық  экобиоқорлар  басқармасының  ҧжымы  да 
ынталы. Облыс әкімінің кӛмегімен, бірінші кезектегі мәселені шешу орайында, 
негізгі  бағыт  ретінде  мынадай  перспективалық  жҧмыстарды  жҥзеге  асыру 
жоспарлануда: 
-  ҥздіксіз  экологиялық  мониторинг,  яғни  табиғи  ортаның  ӛзгерістерін, 
тҧрақты бақылайтын және тексеретін жҧмыс жҥйесін қалыптастыру; 
-  Сырдария  ӛзені  суының  ластануына  жан-жақты  баға  беру,  оның  арнасын 
қайта жӛндеу, суын тазалау жӛнінде Ҥкіметаралық Бағдарлама жасау; 
-  Байқоңыр  кешенінің  мҥмкіндіктері  мен  кҥш-қуатын  пайдалану  арқылы 
топырақтың  бҥлінуіне,  радиациялық  фонға,  радиациялық  ауытқу  мӛлшеріне 
сапалық және сандық баға беру; 
-  жануарлар  мен  ӛсімдіктер  әлемі  қҧрамынан  ӛзгерістеріне  және  олардың 
ӛсіп-ӛну қабілетіне (зоогеоботаникалық) зерттеу жҥргізу; 

облыстық 
табиғат 
қорғау 
объектілері 
қҧрылысын 
аяқтау 
жҧмыстарын жандандыру; 
-  экологиялық  және  экономикалық  факторларды  есептей  отырып  табиғат 
қорларын пайдалану концепциясын жасау; 
-  Сырдария  ӛзенінің  бҥкіл  арнасы  бойынша  залалды  заттардан  келген 
зиянның 
орнын 
толтырудың 
экономикалық 
механизмін 
анықтауды 
ҥкіметаралық деңгейде шешу; 
-  кҥл  мен  шлакты  қайта  ӛңдеу  және  одан  ӛнім  алу  технологиясын  жасап, 
оны ӛндіріске ендіру [107, б. 67]. 
Соңғы  50  жылда  адамзат  баласы  табиғатты  бҥлдіріп,  біздің  планетамызға 
орын толмас ӛте зор залалдар келтірді. Жердің экожҥйесін зерттеген ғалымдар 
осындай  қорытындыға  келіп  отыр.  Экологиялық  зерттеулер  жобасымен 
айналысқан  ғалымдар  бҧған  ауылшаруашылығында  қолданылатын  қазіргі 
заманғы  технологиялар  кінәлі  дейді.  Бҧл  жерде  әңгіме  таза  суды  ретсіз 
пайдалану,  орманды  жаппай  кесу,  ауылшаруашылығы  жерлері  мен 
энергетикалық ресурстарды ӛте интенсивті пайдалануға тырысуда болып отыр. 
95  елдің  1300  зерттеушісі  әзірлеген  екі  жарым  мың  беттен  астам  зерттеу 
баяндамасының тҥйінді қорытындылары осыған саяды. 
Бҥгінгі  таңда  адамдардың  қолында  табиғатқа  зиянды  әсерін  тигізетін 
қҧралдардың  орасан  мол  болып  отырғанын  ескерсек,  мҧның  ӛзі  ӛзіміз  ӛмір 
сҥріп  отырған  географиялық  ортаны  кӛзді  ашып  жҧмғанша  ӛзгертіп  жібере 
алатыны  ақиқат.  Мысалы,  қазір  бірқатар  мемлекеттер  термоядролық  қарудың 
орасан  зор  қорына  ие.  Ал  бҧл  қор  жерді  бірнеше  минуттың  ішінде-ақ,  тып-
типыл етіп жібере алады. 

 
61 
Арал  маңындағы  экологиялық  ӛзгерістің  әсері  де  осал  емес.  Ол  кҥннен 
кҥнге ӛзінің шеңберінен ҧлғайып, бҥкіл әлемдік дәрежеге кӛтеріліп отыр. Қазір 
Аралдан  ҧшқан  тҧз  аралас  шаң  табиғи  қоршаған  ортаға  қандай  әсер  етіп 
жатқанын  бҥкіл  әлем  халқы  кӛріп  отыр.  Әсіресе,  Арал  теңізіндегі 
«Возрождение»  аралын  жҧрттың  бәрі  біледі.  Бҧл  атышулы  арал  жӛніңде 
бҧқаралық ақпарат қҧралдары соңғы жылдары кӛп жазуда. Оның 1945-жылдан 
бастап биологиялық сынақ полигоны болғаны белгілі [108].  
Мҧнда  кҥйдіргі,  оба,  шешек,  туляремия,  сарын  т.б.  аса  қауіпті  жҧқпалы 
аурулардың  қоздырғыштарын  сынаған.  Олар  табиғи  емес  зертханаларда 
генетикалық және басқа да әдістермен алынған қоздырғыштар болатын. Табиғи 
қоздырғыштарға  қарағанда  олардың  уыттылығы  кҥшті.  Дәрі-дәрмекке  тӛзімді. 
Тағы басқа біз білмейтін ерекшеліктері де болуы мҥмкін. Кезінде полигонда аса 
қауіпті  жҧқпалы  аурулардың  қоздырғыштарын  тек  жануарларға  ғана  емес, 
адамдарға да сынаған.   
Рас,  кеңес  ӛкіметі  кезінде  полигон  жабық  мекеме  болды.  Ол  жерге  ешкім 
аяғын  баса  алмады,  ешкім  еш  нәрсе  айта  алмады.  Бәрі  қҧпия  болды.  Ал  кейін 
осы  ӛңірде  талай  рет  оба,  сарын,  т.б.  бҧрын  болмаған  трансмассивтік  ауру 
тҥрлері кӛбейіп кетті. Мҧның 12 жыл кӛлемінде оба ауруы осы ӛңірде тӛрт рет 
шығып, екі жас ӛлді. 
1991-жылдары  осы  «Возрождение»  аралының  ӛте  қауіпті  екенін  айтып 
алғаш  дабыл  кӛтерген  сол  кездегі  «Жалын»  журналының  бас  редакторы,  ақын 
Мҧхтар  Шаханов  болатын.  Шыны  керек,  ол  кісі  жаға  ҧстатар  талай  қҧпияның 
бетін  ашты.  Осының  әсері  ме  кейін  талай  рет  комиссия  қҧрылып, 
«Возрождение»  аралын  зерттеді.  Ӛзбекстан  еліне  тіпті  АҚШ  мамандары 
кӛмектесті.  Бірақ  неге  екені  белгісіз  кейін  бҧл  мәселе  аяқсыз  қалды.  Мҧхтар 
Шаханов  Қырғызстанға  елші  болып  кетті.  Ол  жақтан  келген  соң  да  бҧл 
мәселеге қайтып оралмады [109].  
«Возрождение»  аралының  қаупі  мен  қатері  ӛте  орасан.  Бҧл  туралы  2001- 
жылы  «Егемен  Қазақстан»  ҥлкен  екі  мақала  жариялады.  Оны  оқығанда  тӛбе 
шашымыз тік тҧрып, зәреміз зәр тҥбімізге жетті. Ал осыны кӛріп, біліп отырған 
біздің ғалымдар неге ҥнсіз қала береді деген сауал туындайды. 
Мҧның зардабы Арал теңізіне де тиіп жатыр. Онсыз да соңғы 20-30 жылдың 
ішінде  аумағы  6  миллион  гектардан  астам  теңіз  тартылып  кетті.  Бір  жағы 
Қарақҧм, бір жағы Қызылқҧм екі жақ қысымына ғасырлар бойы берілмей бҥкіл 
Орта  Азия мен Қазақстан аралығындағы Інжу-маржан аталып келген айдынды 
Арал  енді  тҧз  бен  соры  қабаттаса  пайда  болған.  Бҧған  ара  тҥспесек 
жанашырлық  жасамасақ  бҧл  аждаһа  оны  бҥтіндей  жҧтып  жібермек.  Аралдан 
ҧшқан тҧзды қҧм Каспий мен Кавказдан асып Грузияның шай плантацияларын 
басып жатса, мҧны айтасыз сонау Солтҥстік Мҧзды мҧхитына дейін жетіп, әлгі 
мҧзды  таудың  еруіне  әсер  етіп  жатса  бҧл  сҧмдықтан  аман  қаламыз  деуге  кім 
кепіл? Кепкен теңіздің тҧзды шаңдары әлемнің тҥкпір-тҥкпіріне тарауда [110].  
Қашыртқы  сулар,  коллекторлар  жҥйесін  жетілдіру,  суармалы  жерлердегі 
артық  суларды  бақылауға  алу  қажет.  Мҧны  іске  асыру  ҥшін  Әмудария  мен 
Сырдария арқылы теңізге келетін мемлекетаралық келісім жасалуы қажет. Егер 
Орталық  Азия  мен  Қазақстан  аймағындағы  жалпы  қоры  110  мың  текше 

 
62 
шақырымдай  жер  асты  суының  1-2  пайызын  алса,  Аралды  қалпына  келтіруге 
жетіп жатыр. Аралға сырттан су жеткізу ҥшін осы айтылған жәйттер іске асқан 
кезде  теңіздің  қалпына  келері  сӛзсіз.  Әрі  қазір  әлемнің  кейбір  кӛлдері  Арал 
мәселесіне кӛмектесу және қол ҧшын беруге әзір екенін білдіруде. Бҥгінгі таңда 
аймақта  жҥзеге  асырылып  жатқан  «Сырдария  ӛзенінің  арнасын  реттеу  және 
Арал  теңізінің  солтҥстік  бӛлігін  сақтап  қалу»  жобасы  да  осындағы  жанашыр 
ниеттен  туған  іс.  Егер  Арал  қалпына  келсе  «Возрождение»  аралын  тегіс  су 
басып, апат ошағы жойылар еді. Әйтпесе қауіп те қатер де кҥшейе береді. 
Ірі 
ӛзен 
алқаптарының 
техногендік 
қалдықтармен 
ластану 
қарқындылығының  артуы,  соңғы  уақытта,  ең  қиын  да,  кҥрделі  мәселелердің 
бірі болып отырғаны белгілі. Қазақстанның осындай ірі ӛзен алқаптарының бірі 
болып  табылатын  Ертіс  ӛзені,  республиканың  шығысы  мен  солтҥстік-
шығысында  орналасқан  аймақтарды,  яғни  тҥсті  металлургияның  дамыған 
орталықтарын басып ӛтеді [111]. 
Сонымен Ертіс ӛзені алқабы - Қазақстан арқылы ағып ӛтетін аймақтарының 
ӛнеркәсіптік,  ауыл  шаруашылық,  ауыз  суы  және  тҧрмысқа  қажетті  сулармен 
қамтамасыз  ететін  негізгі  кӛзі.  Ӛзен  алқабына  Қазақстан  аймағында  53 
ӛнеркәсіптің  пайдаланған  сулары  ағызылады.  Бір  жылда  тҥсетін  қалдық 
сулардың  мӛлшері  1,3  млрд.  м³-ді  қҧрайды,  оның  шамамен  10  %-ы  ешқандай 
тазаланбай,  ал  30  %-ға  дейінгісі  жартылай,  толық  тазалаудан  ӛтпеген  кҥйде 
тҥседі. Жҧмыс істеп тҧрған ӛнеркәсіптерден басқа аймақтың су ресурстарының 
жағдайына  тау-кен  ӛнеркәсібінің  бос  қалған  рудниктері  мен  шахталары, 
сонымен  қатар  Шығыс  Қазақстандағы  орманды  кесу  де,  елеулі  әсерін  тигізеді 
[111, б. 56]. 
Сарыарқа,  Оқжетпес,  Сҧңқар-қия,  Қосбҥйрек,  Қызбел,  Айнакӛл,  Балқаш! 
Даланың  мҧңлы  болатын  себебі  -  оның  табиғи  тҧтастығына  адамның  қолы 
қатты  тиді.  Аралға  сарқырап  қҧйылатын  асау  ӛзендердің  ағысына  бӛгет 
салынды. Қҧдіретті табиғатта бӛрі - есептеулі. Бір жеріне зақым келсе, айналып 
келіп  екінші  жағындағы  тепе-теңдік  бҧзылады.  Қазақстанның  қай  ӛңірі  де 
қҧйқалы.  Әттең,  кҥш  жетпей,  игерілмей  жатыр.  Бірақ,  тастап  кете  беруге  бола 
ма? 
ЮНЕСКО-ның  бақылауына  алынып,  Рамсай  конвенциясында  бекітілген 
Торғай  қорығы  -  әлемдік  қҧс  жолы.  Оның  ҥстінен  қиқулап  миллиондаған  қҧс 
ӛтеді, қонақтайды, жҧмыртқалайды, балапан салады. Кҥн суытқанда оңтҥстікке 
бет алады. 
1998-жылы  ЮНЕСКО-ның  штаб  пәтерінде  жҧмыс  істейтін  биолог-
ғалымдардың  бір  тобы  қорықта  болып,  аймақты  зерттеді.  Мҧның  алдында 
республика  Ҧлттық  Ғылым  Академиясының  зоология  ғылыми  институтының 
орнитолог  ғалымдары  кӛп  жылғы  зерттеулерінің  қорытындысын  жариялады. 
Олар  Торғай  қорығында  қҧстардың  21  отрядының  251  тҥрі,  батпақты  сулы 
алқапта  тіршілік  ететін  қҧстардың  49  тҥрі,  жыртқыш  қҧстардың  30  тҥрі, 
торғайлардың 50 тҥрі, шағаланың 14 тҥрі, қоянның 2 тҥрі, жыртқыш аңдардың 
9  тҥрі,  ондатрдың  12-15  мыңдайы,  ӛзен-кӛл  суында  балықтың  4  тҥрі  ӛсіп-
ӛнетінін  есептеп  шығарды.  Сонымен  бірге,  ӛсімдіктер  дҥниесінің  110ға-жуық 
тҥрі  ӛседі.  Қорықта  жер  бетінен  жойылып  кету  қаупі  тӛнген,  сондықтан  да 

 
63 
арнаулы  Қызыл  кітап  тізбесіне  енген  32  тҥрлі  қҧс  тіршілік  етеді.  Бҧлардың 
қатарында  қызыл  қаз  (фламинго),  аққудың  екі  тҥрі,  бірқазанның  екі  тҥрі, 
безгелдек,  лашын,  жалбағай,  қаршыға,  су  бҥркіті,  ақбас  ҥйрек,  аққҧтан  мен 
кӛкқҧтан бар [112]. 
Шу-Мойынқҧм,  Балқаш-Алакӛл  аймақтарының  да  экологиясы  мәз  емес. 
Әсіресе, Қапшағай, Тасӛткел су қоймаларының салынуы, суды кӛп қажет ететін 
кҥріш,  т.б.  техникалық  дақылдарының  ӛсірілуі  елеулі  суармалы  жерлердің 
тозуына  әкеліп  соқты.  Әсіресе,  Іле  ӛзені  суының  10-15%ын  Қытай 
Республикасының  бҧрын  ӛздеріне  тартуы    бҧл  ӛңірде  қауіпті  жағдайлар 
туғызуы әбден мҥмкін. 
Шығыс Қазақстан жағдайында да экологиялық мәселелер жеткілікті. Тҥрлі-
тҥсті  металлургия,  вольфрам,  уран,  қорғасын,  мырыш  ӛнеркәсіптері  елді 
мекендер мен қала тҧрғындарына ажал оттарын тҧтатуда.  
1949-1996-жылдар 
аралығында 
Қазақстан 
жерінде 
503 
ядролық 
қару  сыналды.  Ол  20  млн.  га  жердің  тоз-тозығын  шығарып,  тіршіліксіз 
экожҥйелерге  айналды.  Соның  нәтижесінде,  3,4  млн.  адам  тҧратын  елді 
мекендер қамтылды, олар әлі зардап шегіп отыр [113]. 
Қазақстанда  қазіргі  кезде  20  млн.  тонна  қатты  радиоактивті  қалдықтар 
жинақталған.  Мамандардың  зерттеуі  бойынша  Қазақстанда  тҧратын  2,6  млн. 
адам  мутагенез  ауруына  шалдығып  отырғаны  анықталды.  Егерде  соңғы 
келісімдер  бойынша  шетелдердің  радиоактивті  қалдықтарын  біздің  жерімізде 
сақтауға рҧқсат етсек не боламыз? Бҧған ешбір жол беруге болмайды! 
Қазақстандағы жоғарыда қысқаша тоқтаған экологиялық жағдайлар туралы 
ақпараттар  жайлы  мәліметтер  кӛпшілікке  жетпейді.  Тіпті,  полигондар  қамтып 
отырған  аймақтардың  тҧрғындары  ӛзінің  ауруының  неден  болғаны  туралы 
хабарсыз.  Оның  ӛзі  «адам  қҧқығын»  бҧзғандық  және  ҥкіметіміздің 
жариялылық-демократиялық мемлекетті қҧрудағы ағаттықтары деп білу керек. 
Табиғаттағы  ӛзгерістерге  байланысты  болжамдар  жайлы  айтатын  болсақ, 
кез  келген  архитектуралық,  шаруашылық  объектілерін,  ірі  ӛндіріс  орындарын 
салуда  жобалау  кезінде  олардың  экологиялық  шығынның  бағасын  есептеумен 
қатар,  табиғат  кешендеріне  тигізетін  әсерін  ескеру  қажет.  Бҧл  ретте  бірнеше 
назарда  олардың  жергілікті  тҧрғын  халқының  денсаулығына  тигізетін  зардабы 
болуы тиіс. 
Экологиялық  жағдайлардың  бәріне  талдау  жасау  қажет.  Оның  зардабынан 
сақтану,  шаралар  қолдану,  қоғамдық пікір  туғызу  ҥшін  кӛпшіліктің білімі  мен 
тәрбиесін,  мәдениетін  кӛтеру  керек.  Ол  ҥшін  Елбасының  қолдау  кӛрсетіп 
отырған  экологиялық  саясатын  яғни,  кӛпшілікке  ҥздіксіз  экологиялық  білім 
беруді жҥйелі тҥрде іске асыру керек.  
Адам  баласы  жануарлар  мен  ӛсімдіктер  туралы  мәліметтерді,  ғылыми-
фактілерді саралап келіп, ендігі жерде оларды қорғау қажеттігі туралы тоқтамға 
келді. Кейбір ӛркениетті елдерде жануарларды, ӛсімдіктерді, ормандарды, ӛзен-
кӛлдерді  қорғау  туралы  мемлекет  деңгейінде  қҧжаттар  қабылдана  бастады. 
Орыс патшасы I Петр Мәскеу маңындағы ормандар мен оның қойынауындағы 
табиғат  байлықтарының  бәрін  «патша  қазынасы»  деп  жариялап,  жарлық 

 
64 
шығарған.  Тіпті,  ӛзен  бойынан  3  км  жерге  дейін  ағаш  кескендерді  қатаң 
жазалаған [114]. 
Мҧндай  кӛзқарастар  кейіннен  басқа  да  елдерде  қолдау  тауып,  Еуропа, 
Ресей,  Қытай,  Ҥндістан,  Жапон  елдері  табиғат  қорғауға  кӛп  кӛңіл  бӛлген. 
Кейбір  мемлекеттерде  қорықтар,  ҧлттық  саябақтар  қҧрылған.  Осындай 
шаралардың бірі Халықаралық табиғатты қорғау ҧйымы  (ХТҚҦ) еді. Ол 1948- 
жылы қҧрылды. Ҧйымның мақсаты - дҥние жҥзіндегі сиреп немесе қҧрып бара 
жатқан  аң  мен  қҧстарды  және  ӛсімдіктердің  «Қызыл  кітабын»  ҧйымдастыру 
болатын.  Оған  дейін  халықаралық  «Қара  кітаптың»  тізімі  жасалды.  Оған  жер 
бетінен біржола қҧрып кеткен аңдар мен қҧстар енгізілді. 
Ағынды  суды  тазартудың  химиялық  әдістерінің  ең  кӛп  қолданылатын  тҥрі 
нейтралдау.  Ӛнеркәсіп  орындарының  ағынды  сулардың  кӛпшілігінің 
қҧрамында  кҥкірт  қышқылы,  тҧз  және  азот  қышқылдары  кӛп  кездеседі.  Осы 
қышқылдар  болатын  суларды  нейтралдау  ҥшін  магнезит,  доломит,  ізбестастар 
қолданылады.  Әдетте  химиялық  тазартудан  соң  биологиялық  тазарту  жҥзеге 
асырылады. 
Ағынды  суларды  тазартуға  жҧмсалатын  шығын  ӛндіріс  орындарының 
жалпы  сметалық  қҧнының  10-15  %  ын,  кейде  20-25  %ын  қҧрайды.  Ағынды 
суларды  тазарту  қондырғыларының  ӛте  қымбатқа  тҥсуі,  сол  сияқты  кӛбінесе 
тек  қана  тазарту  қондырғылары  арқылы  ҥздіксіз  даму  ҥстіндегі  ӛндіріс 
орындарының  зиянды  әсерінен  биосфераны  қорғау  мәселесін  шешу  мҥмкін 
еместігі,  су  кӛздерін  ластанудан  қорғаудың  неғҧрлым  тиімді  жолдарын 
іздестіруді  қажет  етіп  отыр.  Ал  мәселені  шешу  ҥшін  экологиялық  жағынан 
қауіпсіз,  аз  қалдық  шығаратын,  тіпті  кейбір  жағдайларда  қалдықсыз 
технологиялық процестерді енгізу қажет [115]. 
Сондықтанда,  экология  ғылыми  табиғатты  қорғауда  және  оның 
байлықтарын  ҥнемді  пандалануда,  адам  баласының  табиғатты  ӛзгертуіне 
ғылыми  жол  кӛрсететін  ең  бір  маңызды  практикалық  қҧралы  ретінде  қараған 
жӛн.  Экология  мәселесі  қазіргі  дәуірде  халықаралық  саяси  мәселеге  айналып 
отыр.  Себебі  биосфераның  мемлекеттік  шекарасы  жоқ.  Жер  бетіндегі  тіршілік 
ететін тірі жанға ауа да, су да, жер де ортақ. Сондықтан да жер бетіндегі барлық 
табиғатта  болып  жатқан  кризистерді,  адамзат  болып  бірдей  ат  салыса  отырып 
қорғау керек. 
Экологиялық білімді ауылшаруашылығында қолдана отырып, дақылдардың 
ӛнімін  кӛбейтуге  болады,  сонымен  қатар  қоршаған  ортаға  зиянды  аз  тигізуге 
болады.  Соңғы  жылдары  техниканың  дамуы,  әртҥрлі  химиялық  әдістердің  
даму процесстері табиғатқа кері әсерін тигізіп отыр. Оның себебі табиғаттағы  - 
экологиялық  тепе-теңдіктің  бҧзылуынан,  болған    себебі  экология  ілімінің 
заңдылықтарын  дҧрыс  пайдаланбаудан.  Тек,  егіс  кӛлемін  арттырып,  мол  ӛнім 
алу. Ал оны қалай алу керек, қандай ғылыми негіздерге сҥйену керек. Ол жағы 
артта қалып отырды. [116]. 
Ауыл  шаруашылығын  экологизацияландыру  дегеніміздің  ең  негізгі  жолы 
биоценологиялық және экологиялық принциптерді пайдалану.  
Еліміздегі  экологиялық  дағдарысқа  химия,  мҧнай,  металлургия,  отын 
ӛнеркәсібінің жедел және кӛп мӛлшерде дамуы да әсерін молайтып отыр. Ауыл 

 
65 
экологиясының    нашарлауы  негізінен  шаруашылық  кӛзінің  қалыптасқан 
жҥйесінің  бҧзылуына  байланысты  болып  отыр.  Арал  теңізінің  экологиялық 
жағдайы  мен  Каспий  теңізі  деңгейінің  кӛтерілуі  осы  аймақтарда  қатерлі  ісік, 
жҧқпалы,  жҥйке,  тері,  ақыл-естің  ауытқуы  сияқты  ауруларды  ӛршіте  тҥсуде. 
Ал,  полигондар  болған  жердегі  халық  қан  аздық,  сәуле  ауруларынан  және 
қатерлі ісіктен зардап шегіп отыр. 
Каспий  теңізінің  экологиялық  жағдайы  соңғы  жылдары  су  деңгейінің 
кӛтерілуімен  байланысты.  Каспий  теңізінің  кӛтерілуі  оның  маңындағы 
мемлекеттерге  кӛптеген  проблемалар  туғызып  отыр.  Оның  бастысы  - 
экологиялық жағдайлар. 
Біріншіден,  су  деңгейінің  кӛтерілуі  теңіз  жағалауындағы  табиғи 
жайылымдардың  кӛлемін  тарылтып,  қҧстар  мен  жануарлардың  мекенін  басып 
қалды.  Суға  тосқауыл  ҥшін  соғылған  бӛгеттер  жағалаудың  фаунасы  мен 
флорасына  зор  шығын  келтірді.  Балықтардың  уылдырық  шашу  аясы  мен 
қҧстардың  ҧя  салу  тығыздығы  кеміп,  биокӛптҥрліліктің  азайып  кету 
проблемасын туғызып отыр. 
Екіншіден,  теңіз  деңгейінің  кӛтерілуі  судың,  ауа  мен  топырақтың 
ластануына,  одан  әрі  экологиялық  апатқа  апарады.  Судың  мҧнай  ӛнімдерімен 
ластануы 1980 жылдан бастап кҥшейе тҥсті. Су қҧрамында пестицид және ауыр 
металдардың кӛбеюі бекіре сияқты бағалы балықтар, теңіз мысығы, қҧстардың 
жаппай ауруларға ҧшырап, қырылып қалу фактілерін 40 %-ға азайды. 
Ҥшіншіден,  су  деңгейінің  кӛтерілуі  теңіз  жағалауларындағы  мҧнай 
ҧнғыларын,  мҧнай  қоймаларын,  мҧнай  ӛңдейтін  ӛнеркәсіп  орындарын,  балық 
комбинаттарын, елді мекендерді су басып, орасан зор шығын келтіре бастады. 
Тӛртіншіден,  мҧнай  игеруге  шетелдік  инвесторларды  тарту  Каспий 
теңізінің  экологиясын  одан  әрі  шиеленістіре  тҥсуде.  Мҧнай  ӛндірумен  бірге 
ауаға  шығатын  ілеспе  газдардың  кӛтерілуі  аймақтың  ауа  ағынында  зиянды 
газдар  ҥлесін  кӛбейтіп  отыр.  Теңіз  жағалауларының  тозуы  техногендік 
процестерді жылдамдатып, аумақтың шӛлге айналуына себепші болып отыр. 
Каспий  мәселесі  бҥгінгі  таңда  кҥрделі  аймақтық  экологиялық  проблемаға 
айналды. Каспий мҧнайын игеру жоғары қарқынмен жҥргізіліп, ҧзақ жылдарға 
жоспарлануда.  Бҧл  мәселе  тек  Қазақстанға  ғана  емес  Ресей,  Әзірбайжан, 
Тҥркменстан және Иран республикаларына да тән ортақ іс. Ең бастысы Каспий 
теңізінің фаунасы мен флорасының әр тҥрлілігін сақтап қалу. Каспий мәселесі 
Біріккен  Ҧлттар  Ҧйымының  деңгейінде  кӛтерілуде.  Соның  бірі  1999  жылы 
Кӛкшетау  қаласында  «Каспий  теңізінің  биокӛптҥрлілігін  сақтаудың 
белсенділігін  бағалау»  тақырыбында  ӛткен  бірінші  аймақтық  семинар  болды. 
Мемлекетаралық деңгейде ӛткен кеңестік мақсаты  - Каспий жағалауларындағы 
мемлекеттермен  бірге  отырып,  Каспий  теңізінің  экологиялық  мәселелерін 
шешудің ең  тиімді  жолдарын қарастыру.  Теңіз экожҥйесінде  туындап отырған 
мәселелерді  саралап  және  баға  бере  отырып,  экологиялық  апаттарға  жол 
бермеуге  және  оны  тез  арада  шешуге  мақсат  қойылды.  Бҧл  игі  істер  адам 
баласының  дҥниежҥзілік  маңызы  бар  Каспий  сияқты  су  айдынын  сақтап  қалу 
шараларының бастамасы. 

 
66 
«Мҧнай  компаниялары  ӛндіріс  қалдықтарының  атмосфераны  ластауының 
мӛлшерінен  асты  деген  мынадай  мәліметтер  қазақстандық  басылымдарда 
бірнеше  рет  келтірілді.  1997-жылы  Шеврон  компаниясы  химиялық 
уландырылған  заттардың  18000  тоннасын  ауаға  тастайды  (осы  сияқты 
ластандырудың  әрбір  тҥрлерінің  мӛлшері  АҚШ-та  жылына  10  тоннаны 
қҧрайды).  Ал  1998-жылы  Шеврон  бҧл  ӛндіріс  қалдықтарының  шығындарын 
80000  тоннаға  жеткізетіні,  сонымен  қатар  бҧл  жасалған  шараларының 
зардаптарына  және  қоршаған  орта  мен  адамдардың  денсаулығына  тигізген 
залалдарына  ешқандай  кепілдік  бермейтіндігі  жӛнінде  қазақстандық  билікті 
хабардар етті» [117]. 
Адамдардың  ауыр  металдардан  зардап  шегуі  дҥниежҥзілік  мәселе 
деңгейінде қалып отыр. Сынап кадмий, қорғасын, мырыш,  т.б. металдар азық-
тҥлік  арқылы  адам  организміне  тҥсіп,  тҥрлі  аурулар  әкеледі.  Этилендірілген 
бензинді пайдалану кезінде адам организміне тҥсетін қорғасын да ӛте қауіпті. 
Сонымен  қатар,  қазіргі  таңда  әлеуметтік  және  экологиялық  мәселелердің 
шиеленісу  жағдайының  тарихи  негіздемесі  эволюциялық  сипатқа  ие.  Бҧл  
жерде  қоршаған  ортаны  қорғау  мәселелерін  шешу  бойынша  маңызды 
теориялық және практикалық аспектілері талданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет