Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы:
- Қазақстанның әлеуметтік-экологиялық дамуы тарихи аспектілері
тҧрғысынан алғаш рет зерттеліп отыр.
- қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің қалыптасу және дамуының негізгі
кезеңдері анықталды;
- егеменді Қазақстанның әлеуметтік қорғау мәселелерінің негізгі бағыттары
зерттелді;
- әлеуметтік және экологиялық мәселелердің аясында Қазақстанның Орта
Азия республикаларымен қарым-қатынасы қарастырылды;
-
тәуелсіз Қазақстанның экологиялық саясатының мазмҧны мен
бағыттарына талдау жасалды;
- тарихи-әлеуметтік процестердің мазмҧны мен формаларын, ӛтпелі
қоғамның әлеуметтік жҥйесінің ерекшеліктерін терең айқындайтын
тҧжырымдар қалыптасты.
Сонымен қатар, Қазақстан және Оңтҥстік Қазақстан аумағының мҧрағат
қорларынан бҧрын қолданылмаған жаңа қҧжаттар ғылыми айналымға енгізілді.
Диссертациялық зерттеудің методологиялық және теориялық негізі
ретінде отандық және ресейлік ғалымдардың іргелі теориялық пікірлері
қолданыс тапты. Ғылыми зерттеудегі жалпы тарихи-салыстырмалы, тарихи-
жҥйелеу әдістері пайдаланылды. Теориялық-методологиялық негіз ретінде,
сондай-ақ тарих, география мен әлеуметтанудың іргелі тҧжырымдары
басшылыққа алынды. Тарихи оқиғаларды баяндау кезінде әлеуметтік және
логикалық бірліктің айқындамасына сҥйеніп, қоғамдық, саяси-тарихи және
әлеуметтік процестерді қарастыруда зерттеу жҧмысында сыннан ӛткен
диалектикалық амал қолданылды.
Диссертацияның деректік негізі. Диссертацияда қоршаған ортаны және
әлеуметтік қорғау мәселелеріне қатысты нормативты-қҧқықтық актілер
пайдаланылды. Олардың ішінде Қазақстан Республикасының қҧжаттары мен
нормативтік актілері, декларация мен келісім-шарттар негізгі деректерді
қҧрайды. Осы фактілер мен материалдар зерттеліп отырған кезеңде Қазақстан
Республикасындағы әлеуметтік-экологиялық ҥдерістер жҥйесінің, саяси
ілімдердің, әлеуметтік дамудың негізін қалады.
Кӛрсетілген кезеңдегі Қазақстанның әлеуметтік-экологиялық жҥйесінің
негізгі бағыттарының дамуын анықтайтын салыстырмалы статистикалық
мәліметтері кӛрсетілген анықтамалық басылымдар, статистикалық жинақтар,
ақпараттық бюллетендер де қҧжаттық дерек болып табылады.
Автор Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың талдап
отырған мәселеге қатысты еңбектерінен қҧнды мәліметтер алып, пайдаланды.
Қарастырылып отырған мәселенің жеке аспектілерін қарастыруда
мҧрағаттық материалдар пайдаланылды. Сонымен қатар, Қазақстан
Республикасы Президентінің мҧрағат қҧжаттары пайдаланылды (Қор - №5-H -
Қазақстан Республикасының Президенті, №7 - Қазақ Кеңестік Социалистік
Республикасының
Президенті); Қазақстан Республикасының Орталық
11
мемлекеттік мҧрағаты (Қор - №2258 - Табиғатты қорғау бойынша Қазақ КСР
Мемлекеттік комитеті, Табиғатты пайдалану және экология бойынша Қазақ
КСР Мемлекеттік комитеті, Қазақстан Республикасының экология және
биоресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының экология және
қоршаған ортаны қорғау министрлігі, №2259 - Қазақстан Республикасы
экология және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, Қазақстан
Республикасы Биоресурстар министрлігінің «Казглавживохрана» жануарлар
әлемін қорғау бойынша Басқарма), Оңтҥстік Қазақстан облысы мемлекеттік
мҧрағаты (Қор - №86 - Оңтҥстік Қазақстан облысының Білім беру департаменті
(Шымкент облыстық еңбекші депутаттар кеңесінің Атқарушы комитетінің
Білім беру бӛлімі), №771 - Әйелдер ісі бойынша комитет, №161 - Шымкент
облыстық еңбекші депутаттар кеңесінің Атқарушы комитетінің әлеуметтік
қамтамасыздандыру бӛлімі). Жоғарыда аталған мҧрағаттардың қорларынан
Қазақстан Республикасының (Қазақ КСР) Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
баяндамалары мен жолдаулары, Семей полигоны және Арал аймағының
экологиялық жағдайына, әлеуметтік қорғау мәселелеріне қатысты анықтамалар,
ҧсыныстар мен ақпараттар пайдаланылды.
Ресейлік және қазақстандық басылымдардың негізінде ауқымды
материалдар қоры жинақталған болатын. Бҧқаралық ақпарат қҧралдарының,
шетелдік
және
отандық,
ресми
және
тәуелсіз
басылымдардың
жарияланымдары, сонымен қатар интернет материалдары қолданылды.
Диссертацияның қолданыстық маңызы. Осы еңбек қазіргі таңда қайта
қаралып жатқан тарихи мәселелерге ӛз ықпалын тигізеді деп ойлаймыз. Біздің
зерттеуіміз 1991-2009 жылдарда Қазақстандағы әлеуметтік-экологиялық даму
тарихымен таныстыра отырып, қазіргі кезеңде жҥргізіліп отырған экологиялық
саясаттың мәні мен Отан тарихындағы орнын кӛрсетеді. Зерттеу жҧмысының
мазмҧны, тҧжырымдары Отан тарихына байланысты ғылыми еңбектер
жазуында, Қазақстанның қазіргі заман тарихына арналған мемлекет тіліндегі
оқулық пен оқу қҧралдарын дайындауда қолданыс таба алады. Сонымен бірге
жоғары оқу орындарында, колледждерде Отан тарихы, әлеуметтану салалары
бойынша дәрістер оқуда, арнайы курстар мен семинар дәрістерін жҥргізу
барысында қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- жаңа экономикалық жағдайда еліміздің әлеуметтік-экологиялық даму
тарихын зерттеу барысында кеңестік жҥйе кезеңінде қалыптасқан экологиялық
апаттардың салдары мен зардаптарын тәжірибе ретінде зерттеу тәсілдері,
концептуалды-әдістемелік тҧжырымдары мен қазіргі кезеңде оларды шешу
жолдарын, тенденцияларын анықтау - ғылыми зерттеуді қажет ететін ӛзекті
мәселелер;
- нарықтық жағдайда әлеуметтік-экологиялық саясатты және қоршаған
ортаны қорғау мәселесін шешудің тиімді жолдары - экологиялық қауіпсіздікті
сақтау заңының, экологиялық кодекстің және т.б. қҧқықтық заңдардың
мемлекет тарапынан қабылдануы;
12
- қазіргі кезеңдегі Қазақстанның әлеуметтік жағдайы мен ахуалына қатысты
мәселелер қатарына жататын халықты әлеуметтік қорғау заңдары және басқа да
қҧқықтық заңнамалар зерттелген;
- Қазақстандағы экологиялық мәселелерді халықаралық қауымдастықта іске
асырудың жолдарын айқындауға мемлекетіміздің ішкі саясаты себепкер болды;
- қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдары мен ҧйымдары
экологиялық мәселелерді қазіргі деңгейде жоғары әрі сапалы шешуді кӛздеп
отыр;
- Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралардың ҧлттық
жоспары және экологиялық мәселелерді тиімді шешуде жаңа зерттеу жобасын
дайындау әдістері мен жолдары анықталды. Олар: адам экологиясын,
экологиялық сақтандыру, экологиялық қауіпсіздік мәселелерін және т.б.
қарастыру.
Зерттеу жұмысының сыннан ӛтуі. Диссертацияның материалдары
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ш.Ш. Уәлиханов
атындағы Тарих және этнология институтының «Қазіргі заман тарихы және
ғылыми ақпарат» бӛлімінің мәжілісінде талқыланып, қорғауға ҧсынылды.
Диссертацияның жеке тҧжырымдары мен қағидалары Қазақстан
Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы
бақылау комитетінің талаптарына сәйкес автордың 4 ғылыми мақалаларында
және Халықаралық ғылыми-практикалық, республикалық конференцияларда
жасаған 4 баяндамада оқылып, материалдарының жинақтарында жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертациялық жҧмыс қысқартылған
сӛздер тізімінен, кіріспеден, екі бӛлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тҧрады.
13
1
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ,
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Экологиялық мәселелердің тарихи аспектісі
Қазіргі кезде адам мен қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы
ерекше кҥрделене тҥсті. Жер шарындағы халық санының жедел ӛсуі және
кӛптеген елдердің ӛндіріс орындарының кҥрт дамуы, ІІ-дҥниежҥзілік соғыстан
кейін ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде табиғи ресурстарды тиімсіз
пайдалануы және адамның табиғатқа ықпалы еселеп ҧлғаюда.
Соңғы жылдары пайдалы қазбалар қорларының сарқылуы жер бетіндегі
ӛсімдік пен жануарлар дҥниесінің кӛптеген ӛкілдерінің азайып кетуі, сол
сияқты табиғи ортаның шектен тыс ластануы кҥрделі мәселеге айналуда.
Әлемдік кеңістікті, компьютерді, интернетті игеру - осының барлығы адам
баласына, денсаулығына, ӛркендеуіне қауіп тӛндіріп, табиғат пен қоғам
арасында қайшылық тудырып қана қоймай, сондай-ақ, адам баласының ӛзіне
қатерлі қауіпті алып келді. Әсіресе, кейбір ӛндіріс орындары жақсы дамыған
елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық, бҧл жағдай
адамдардың денсаулығына әсер ете бастады [39].
Осы мәселелерді шешудің негізгі кӛзі - табиғаттың даму заңдылығын,
қарама-қайшылығының болу себептерін, салдарын талдап, табиғат ӛзгерістерін
ҧзақ жылдар бойы жиналған ғылыми-практикалық тәсілдерді қолдана отырып,
қоғамды, қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше кӛңіл бӛлу және оны
қалпына келтіру мәселелерімен айналысу, сондай-ақ, табиғи ресурстарды
игеруде тек қана адамның сҧранысын қанағаттандыру емес, оны қорғау, тиімді
пайдалану ҥшін дәйекті де нақты жолдарын анықтау. Сондықтан жыл сайын
жерлерді суландыру, ормандарды қалпына келтіру, ӛндірістік қалдықтар мен
техникалық лас суларды тазарту, топырақтың қҧнарлығын сақтау және топырақ
эрозиясына жол бермеу шаралары бойынша жҧмыстар жҥргізілуі керек.
Атмосфераның ластануы, литосфераның пішінінің ӛзгеруі, биосферадағы
тіршіліктің жҧтаңдауы т.б. осы сияқты кҥрделі ӛзгерістер адам баласының
болашағына, тіршілігіне, денсаулығына кері әсерін тигізуде. Бҧл аса қатерлі
мәселеге орай, экология ғылымының негізін - «адам экологиясы» бағытында
қҧру. Бірақ экология - ҧзақ уақытты қамтитын ғылым [40].
Бҥгінгі таңда жер шарымыздағы табиғи экологиялық апаттар саны еселеніп
ӛсіп отыр. Сондай ҥлкен апаттың біріне ҧшырап отырған - Арал теңізі. «Мақта
тәуелсіздігі» желеуімен мақта егістіктерін кеңейтіп, кӛптеген су қоймаларын,
суару каналдарын салып, оларды толтыру ҥшін Аралға келіп қҧятын ӛзендер -
Әмудария мен Сырдария суын ысырапты пайдаланғанның нәтижесінде теңіз
суы тартылып, кӛлемі кішірейді.
Қазір теңіз деңгейінің кҥрт тӛмен тҥсіп, ӛсімдік және жануарлар дҥниесі
ӛзгеріп, жҥздеген мың адам жҧмыссыз қалған кезде, Арал теңізі апаты туралы
сӛз естіліп, бҧрынғы теңіз деңгейін қҧтқару ҥшін шарасыздық жағдайындағы
ҧмтылыстар жасалуда. Мақта және кҥріш егістерінің кӛлемін қысқарта отырып,
суды кӛп пайдаланатын ҧсақ бӛгендерді жоюда. Бҧл да тҥбегейлі шешім емес.
14
Себебі, Ӛзбекстан ӛзіне қарасты Әмудария суын мақта егісіне кӛп қолданады.
Аралға қатысты мемлекеттер арасында ауызбірлік, мәселені шешетін ортақ
іргелі жоспарлар жоқ. Бҧл жерде Әмудария мен Сырдария ӛзендері суларын
тиімді пайдалану арқылы теңіздің деңгейін сақтап қалуға болмас па еді деген
сҧрақ туады.
Әрине, мҧндай мҥмкіндіктер болған, алайда ол кезде теңіздің болашағы,
қоршаған ортаға келтіретін зияны, осы аймақта тҧрып жатқан халықтың
тағдыры туралы ескерілмеді. Енді дабыл қағылуда, бірақ уақыт ӛтіп кетті.
Аралды қалпына келтіру ҥшін миллиардтаған қаржы жҧмсау керек, алайда оған
Қазақстанның да, Ӛзбекстанның да шамасы жоқ. Ал осында ӛсірілген шикізат
кӛздері - мақта, кҥріш дақылдарын пайдаланған ТМД елдері ӛздерін Аралды
қҧтқаруға міндетті деп санамайды [41].
1990-жылғы
14-маусымдағы
«Аралдың
кҥттірмейтін
әлеуметтік-
экономикалық және экологиялық мәселелерін тездетіп шешу бойынша шаралар
жайында» Қызыл-Орда қаласындағы Қазақ КСР ҒА Президиумының
мәжілісіндегі Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаев ӛз баяндамасында: «Арал
маңындағы қасірет - ҧр да жық әдісін қолданатын қҧбылыс емес. Сонымен
қатар, іс-тәжірибесіндегілер ғылымға арқа сҥйемей, әзірге осы тиімсіз жолмен
жҥруге мәжбҥр. Сіздерге белгілі, 1988-жылы КСРО-ның КОКП ОК және
Министрлер Кеңесі Арал теңізі аймағындағы экологиялық және санитарлық
жағдайды жақсартуға, оның бассейнінде су және жер ресурстарын қорғауды
кҥшейтуге бағытталған ӛкім қабылдады. Сондай-ақ, одақтық және
республикалық органдардың осыны қарастырған шешімдерімен іс-шаралар
баяу, толық мӛлшерде емес іс жҥзінде асырылуда және сезінетіндей нәтижелер
бермеді», [42] - деді.
Арал апаты планетарлық сипат алды. Оның зиянды әсерін қазірдің ӛзінде
кӛптеген мемлекеттер басынан кешіруде. Міне, сондықтан Германия, АҚШ,
Жапония және басқалары Аралды қҧтқаруға байланысты шараларға қатысуға
келісімін берді.
Арал теңізінің апаты жайында ӛткізілген мемлекетаралық конференциялар
мен қабылданған шешімдердің кҥні бҥгінге дейін нәтижесі жоқтың қасы.
Арал қасіреті республика аумағынан асып, бҥкіл планетаның бас ауруына
айналып отыр. Оны сауықтыру бағытында Орта Азиядағы бес мемлекет
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ӛзбекстан және Тҥркіменстанның
Президенттері бірнеше рет кездесті. Мемлекет басшыларының шешімін Арал
бассейнін қалпына келтіру жобаларына қолдау туралы шаралар айқындалады.
...Экологиялық апат аймағында отырған ел ең алдымен, ауыз су тапшылығын
кӛріп отыр, теңізбен қоса арал тӛңірегіндегі жергілікті тҧрғындарды да қҧтқару
керек. Ӛйткені, елді мекендердің тек 15-20 пайызы таза су ішіп отыр, ал қалған
тҧрғындар стандартқа мҥлдем қайшы келетін ауыз суды пайдалануда. Соның
ӛзінде ауылдық жерде су бір адамға бір шелектен келеді. Ал ӛркениетті елдерде
оның шамасы 200-400 литрге жетіп отыр. Мҧның ӛзі тҥрлі жҧқпалы
аурулардың ӛршуіне, ӛңір халқының денсаулығына кері әсерін тигізуде [43].
Арал мен Каспийдің аянышты тағдыры біздің бәріміз ҥшін табиғатқа жәй
кӛзбен қарауға болмайтынын, қоршаған ортамен қарым-қатынас кезінде әрбір
15
жан жасаған іс-әрекетінің нәтижелері жайлы жиі ойлау керектігін ҥйрететін
маңызды сабақ, қатал ескерту болып табылады.
1992-жылы 18-қаңтарда тәуелсіз Қазақстан елінің Жоғарғы Кеңесі «Арал
аймағы тҧрғындарының тҧрмыстық жағдайларын тҥбегейлі жақсартудың
бірінші кезектегі шаралары туралы» жарлық шығарса, сол жылдың 11-сәуірінде
Ресей Федерациясының Пезиденті Б. Ельцин «Биологиялық қару жӛніндегі
халықаралық келісімді орындауды қамтамасыз ету туралы» № 390-жарлыққа
қол қойды. Ажал аралына айналған Возрождение әскери сынақ нысаны осыдан
кейін барып қана жабылған еді. Бірақ, әскери нысанды жапқанмен, басты қауіп
әлі алда болатын: ол - аралдың мҥлде қараусыз қалып, ондағы бактериялар мен
вирустардың ауа арқылы жан-жаққа таралу қатерінің зор екендігі байқалатын.
...Ӛзбекстан жағы американдық мамандарды шақырып, 1995-жылы олар
Возрождение аралына жасырын келіп, әлгі жерасты моласындағы антракс
ҧнтағын алып, соған тәжірибе жасаған. Сӛйтсе, антракс споралары жер астында
10 жыл кӛміліп жатқанына қарамастан, ӛз кҥшін әлі жоймаған болып шығыпты.
АҚШ бактериологтары сол ӛзбек жағының шақыруымен аралға тағы да екі рет
(1997, 1999 жылдары) келіп, әлгі антракс спораларына американ вакциналары
тӛтеп бере ала ма, жоқ па, соны тексеріп, тәжірибе оң нәтиже бергеннен кейін
ғана барып кемелденсе керек» [44].
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992-жылы Біріккен
Ҧлттар Ҧйымының Бас Ассамблеясының 47-сессиясында сӛйлеген сӛзінде
әлемдік қоғамдастықтың назарын Семей ядролық полигонының салдары
проблемасына аударды. Ол «бҧл ӛңірді сауықтыру, адамдарды емдеу, жаңа
туған балаларды қауіпсіздендіру ҥшін ӛте кӛп қаржы қажеттігін» атады және
Біріккен Ҧлттар Ҧйымының мҥше мемлекеттерін Қазақстанға халықаралық
кӛмек беруге шақырады [45].
1993 жылдың наурызында Президент Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен
Қызылорда қаласында Арал мәселелеріне арналған алғашқы Халықаралық
конференция ӛтті. Жаңадан тәуелсіздік алған Орта Азия мемлекеттері -
Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы,
Тҥркіменстан және Ӛзбекстан Республикасының мемлекет басшыларының
шешімімен мемлекетаралық координациялық су шаруашылығы комиссиясы
қҧрылды [46].
Конференцияда Халықаралық Аралды сақтап қалу қоры қҧрылып, оны
Қазақстан Президенті Нҧрсҧлтан Назарбаев басқарды. Орта Азия
мемлекеттерінде жаһандық экологиялық қордың Арал теңізі бассейнінде су
ресурстары және қоршаған ортаны басқару ҧлттық топтары жҧмыс істей
бастады.
Арал теңізінің деңгейі тҥскеннен кейін оның кепкен табанының кӛлемі 23
мың шаршы шақырымға жетті. Бҧл кеңістікте жиі болатын дауыл 150-500
шақырымға дейін 15-75 мың тонна тҧзды шаңды дҥние жҥзіне таратуда [47].
Теңіздің тартылу салдарынан ауаның орташа ылғалдығы 18 пайызға
тӛмендесе, ауа райының жылы кезеңі бір айға дейін қысқарды. Бҧл ӛлкедегі
бҧрынғы 3-мың кӛлден қалғаны - 85. Аралдықтардың қазіргі жоспары кіші
16
теңізді суға толтырып оны бҧрынғы қалпына келтіру, «Кӛк арал» бӛгетінің
қҧрылыс жҧмыстарын аяқтау.
1990-жылғы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Президентінің
Қазақ КСР Жоғарғы кеңесіне жолдауынан: «Қазақ КСР және Орта Азия
республикаларының сҧранысы бойынша Арал маңындағы экологиялық және
санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың ӛте мҥшкіл халын ескере отырып,
КОКП-ның ОК және КСРО-ның Министрлер Кеңесі Арал теңізі ӛлкесіндегі
экологиялық және санитарлық жағдайын жақсартуға, оның бассейніндегі су
мен жер ресурстарын пайдаланудың тиімділігін жоғарылатуға және оларды
қорғауды кҥшейтуге бағытталған қаулы қабылдады. Арал мәселесі 1992-жылы
ӛткізілуі жоспарланған Біріккен Ҧлттар Ҧйымының қоршаған орта бойынша
Бҥкіләлемдік конференциясында оң шешімін табуға қол жеткізуіміз қажет.
Экологиялық апаттың алдын алу шынайы жолдарының бірі - планетаның
ежелгі теңізін қҧтқару бойынша Халықаралық қорды қҧру» [48].
Дҥние жҥзінде адам ҥшін қолайсыз экологиялық жағдайдың қалыптасқаны,
экологиялық дағдарыс турасында жиі әңгімелер айтылуда. Алайда, мҧндай
жағдай бірден емес, бір жыл сайын тіпті он жылдың ішінде емес, бірте-бірте
қалыптасқан. Адам баласы әр уақытта табиғатқа белгілі бір деңгейде әсер етіп
келген. Мысалы, ауыл шаруашылығын дамыту барысында жерді игергенде
ормандардың кӛлемі азайды, ҥздіксіз каналдар мен жолдар салынды.
Осындай қарбалас тіршілік кезінде олар табиғатқа орасан зиян келтіргенін
білмеген. Яғни, табиғаттың тепе-теңдігін ӛзгерткен. Әрине, бҧл зиянның
мӛлшері тҥкке тҧрмайтын, ӛте аз еді. Ӛйткені, табиғи орта ӛзін-ӛзі реттеп
қалпына келтіріп отырған. Яғни, табиғаттың тепе-теңдігі толық сақталынды
немесе ол ӛте аз ӛзгерді [41, б. 82].
XX ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың ӛзара қарым-
қатынасына жаңа сападағы жағдай қалыптасты. Материалдық ӛндірістің кӛлемі
кӛп еселеп ӛсті, шикізатқа сҧраныс еселене тҥсті. Дҥниежҥзілік мҧхитпен жер
қойнауы жеделдетіліп игерілді. Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде
жасалынған табиғатқа әсер, жер бетінің ӛзгеруі, дауылдар, су тасқындары, жер
сілкіністері сияқты табиғи қҧбылыстардың әрекетімен тепе-тең, тіпті олардан
асып тҥсетіндей жағдайға келді. Мысалы, бҧл табиғи ортаға келеңсіз әсерді
шҧғыл кҥшейтіп, биосферадағы табиғи жағдайдағы энергия мен зат алмасуды
бҧзды. Адамның табиғатты ӛзгертуі ӛте қауіпті жағдайға айналды. Дҥние
жҥзіндегі экологиялық апаттарға, әсіресе, XX ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі
объективтік жағдайлардың әсері кҥшті болды.
Біріншіден, екінші дҥниежҥзілік соғысқа дейін тек 10-15 ӛнеркәсібі
дамыған мемлекеттер болды. Соғыс аяқталған соң және отаршылдық жҥйе
жойылғаннан кейін кӛптеген елдер тәуелсіздік алып, индустриалды даму
жолына тҥсті. Осы мақсатта олар ӛздерінің табиғи ресурстарын игеріп,
зауыттар, фабрикалар және жолдар жҥйесін сала бастады. Ӛнеркәсіптің жаппай
дамуы табиғатқа тигізетін әсер ауқымын кеңейтіп, пайдалы қазбаларды
пайдалануды ҧлғайтып және қоршаған ортаның ластануын кҥшейтті.
Екіншіден, дҥниежҥзіндегі демографиялық жағдай кҥрт ӛзгерді. Жер шары
халқының саны тез ӛсіп кетті. Біріккен Ҧлттар Ҧйымының болжамы бойынша
17
2050-жылға қарай планета халқының саны 11,9 млрд. болады немесе жаңа
еселену ҥшін тағы да сол уақыт мӛлшері қажет. Халық санының жылдам ӛсуі
табиғатқа деген «тҧтыну қысымының» ӛсуіне алып келеді, қазірдің ӛзінде
табиғат ресурстарын (су, топырақ, пайдалы қазбалар, отын қорлары) қалпына
келтіре алмайтындай дәрежеге жеттік. Одан әрі жоспарсыз пайдалануды
кӛбейту - бірден табиғаттың тозып, бҥлінуін (деградация) жылдамдатуы әбден
мҥмкін.
Ҥшіншіден, қалалардың, қала тҧрғындарының саны тез ӛсуде. 1980-жылы
18000 млн. адам тҧрса халықтың жалпы санының қалаларға тиесілі бӛлігі 20-
дан 51,5%-ке ӛседі. Осынша кӛп адамның салыстырмалы тҥрдегі шағын
территорияларда жиналуы бҧл территорияларға тҥсірілетін салмақты ҧлғайтып,
қала және оған жақын орталардың қатты ластануын тудырады. Әрине, ешкім
ресурстарды пайдаланудан бас тарту керек деп есептемейді де, ойламайды да,
ӛйткені адамзаттың алға жылжуы табиғат пен қоғам арасында болатын «зат
алмасусыз» мҥмкін емес. Алайда бҧл алмасу қоршаған ортаға зиянсыз,
байыпты болуы керек. Адамзат әр уақытта табиғатқа бағынышты болды, оның
ресурстарын ӛз қажеттіліктеріне жҧмсады. Алайда, ӛкінішке орай, адамдарда
«бәрін де жеңемге» саятыны, табиғатқа қожайындық қылатыны, оны
«бағындыру» мҥмкіндіктеріне ие болатын қиял пайда болды [41, б. 83].
Табиғат ресурстарына байлықпен пайда табудың қайнар кӛзі ретінде
Достарыңызбен бөлісу: |