Әшімова гҥлназ бейсенбайқызы


  «Жаңа  экологиялық  саясаттың»  қазіргі  моделіне  ӛтудің  мазмұны



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата22.01.2017
өлшемі1,15 Mb.
#2418
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2.2  «Жаңа  экологиялық  саясаттың»  қазіргі  моделіне  ӛтудің  мазмұны 
және ерекшеліктері  
 

маусым-бҥкілдҥниежҥзілік  қоршаған  ортаны  қорғау  кҥні  деп 
жарияланған. Қазіргі Қазақстанда да осы кҥн қоршаған ортаны қорғау кҥні деп 
атап  ӛтіледі.  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың:  «Бҧл  арада  біз  бірқатар 
мәселелерді, атап айтқанда, экологиялық жағынан зардап шеккен аудандардың 
экономикалық даму  мәселелерін  шешуде  халықаралық ынтымақтастық  пен  іс-
қимылды  ҥйлестіруді,  қоршаған  ортаны  қорғауды  жақсарту  жӛніндегі 
заңнамалық  нормаларды  енгізуді,  экологиялық  қауіпсіздіктің  басқа  да 
элементтерін  шешуіміз  керек»  -  деген  сӛзі  қазіргі  кезде  осы  мәселенің  
мемлекеттік деңгейде қаралып жатқанының дәлелі [182]. 
Экологиялық  талаптарды  реттейтін  арнаулы  нормалар  біршама.  Олардың 
қатарына: 
Қазақстан 
Республикасының 
1997-жылғы 
18-наурыздағы 
«Экологиялық  сараптама  туралы»;  Қазақстан  Республикасының  1997-жылғы  15-
шілдедегі  «Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  туралы»;  Қазақстан 
Республикасының  1997-жылғы  15-шілдедегі  «Қоршаған  ортаны  қорғау  туралы»; 
Қазақстан  Республикасының  1993-жылғы  21-қарашадағы  «Жануарлар  дҥниесін 
қорғау,  ӛнімін  молайту  және  пайдалану  туралы»;  Қазақстан  Республикасының 
1999-жылғы  11-ақпанындағы  «Ӛсімдіктер  карантині  туралы»  заңдары,  сондай-ақ 
жер қатынастары, атмосфералық ауаны қорғау туралы т.б. заңдар жатады [183]. 
3-желтоқсан 
2003-жылы 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 
Жарлығымен  мақҧлданған  «Қазақстан  Республикасының  2004-2015  жылдарға 
арналған экологиялық қауіпсіздігі тҧжырымдамасы» бекітілді. Онда  жаһандық 
және  ҧлттық  экологиялық  мәселелер  шеңбері  белгіленген.  Жаһандық 
мәселелерге:  климаттың  ӛзгеруі,  озон  қабатының  бҧзылуы,  биологиялық 
әралуандылықты сақтау, ал ҧлттық эқологиялық мәселелерге экологиялық апат 
аймақтары,  Каспий  ресурстарын  игеру  барысында  туындаған  мәселелер,  су 
ресурстарының сарқылуы мен ластануы, байырғы ластанулар, транс-шекаралық 
сипаттағы  мәселелер,  әскери-ғарыш  және  сынақ  кешендері  полигондарының 
табиғатқа  тигізген  әсері,  ауаның  ластануы,  қоршаған  ортаның  радиоактивті, 
бактериологиялық  және  химиялық  заттармен  ластануы,  ӛнеркәсіптік  және 
тҧрмыстық  қалдықтардың  зиянды  әсері,  табиғи  және  техногендік  сипаттағы 
тӛтенше жағдайлардың әсері жатқызылған [184].  
Жоғарыда аталған тҧжырымдамада белгіленген шараларды орындау мерзімі 
ҥш кезеңге бӛлінген: I кезең - 2004-2007 жж., II кезең - 2008-2010 ж.ж. және III 
кезең - 2011-2015 ж.ж. 
I- кезең жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ҥкіметінің 6-желтоқсан 
2004-жылы  қабылданған  №  1278  Қаулысымен  «Қазақстан  Республикасындағы 
қоршаған  ортаны  қорғаудың  2005-2007  жж.  арналған  бағдарламасы»  бекітілді. 
Онда  қоршаған  ортаны  қорғау,  экологиялық  сақтандыру,  ӛндіріс  пен  тҧтыну 
қалдықтары,  экологиялық  аудит  туралы  заң  актілерін  әзірлеу,  қоршаған  орта 
мен  табиғи  ресурстар  мониторингінің  бірыңғай  жҥйесін  қҧру  кӛзделген.  Осы 
аталған  шараларды  іске  асыру  мақсатында  «Қазгидромет»  Республикалық 

 
103 
мемлекеттік  кәсіпорны  аясында  Республикалық  қоршаған  орта  мониторинг 
орталығы қҧрылды.  
2005-жылғы  желтоқсан  айында  Қазақстан  Республикасының  «Міндетті 
экологиялық  сақтандыру  туралы»  Заңы  бекітілді.  Сонымен  қатар  бҧл  кезеңде 
табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы суды ҥнемдеу, 
шӛлейттенуге  қарсы  кҥрес,  байырғы  ластануларды  жою,  ӛнеркәсіп  және 
тҧрмыс  қалдықтарын  басқаруды  жетілдіру,  қоршаған  ортаның  мониторингі 
жӛніндегі бірқатар бағдарламаны іске асыру кӛзделген. 
II  кезеңде  қоршаған  ортаны  қорғаудың  2008-2010  жж.  арналған 
бағдарламасын  іске  асыру  арқылы  тҧрақты  дамуды  қамтамасыз  ету  және 
қоршаған ортаның жай-кҥйі сапасын жақсарту қарастырылған. 
III  кезеңде  барлық  белгіленген  бағдарламаларды  іске  асыруды  аяқтап, 
табиғи  ортаның  сапасын  басқару  жҥйесін  қалыптастыру  және  оған  тигізілетін 
зиянды әсерлерді барынша азайту арқылы қоршаған орта нысандарының тиісті 
сапасы  мен  қоғамның  экологиялық  тҧрақты  дамуының  қажетті  деңгейіне  қол 
жеткізу кӛзделген [185]. 
Егеменді Қазақстанда саяси демократияландыру кезеңінде қоршаған ортаны 
қорғау  саласында  қоғамдық  қатысудың  жаңа  ҧйымдастырушылық  формалары 
пайда  болды,  оларға  мыналар  жатады:  ерікті  қоғамдар:  Ҧлттық  экологиялық 
қоғам  (Алматы),  «ЭКОС»  Шымкент  экологиялық  қоғамы,  «Жабайы  табиғат» 
Тҥлкібас экологиялық қоғамы (Оңтҥстік Қазақстан), «Кӛкжиек» арал маңының 
мәселелерін  шешуге  кӛмек  беретін  қоғам  (Орал),  Қҧстармен  әуестенушілер 
қоғамы (Алматы), Табиғатты қорғау қоғамы (Талдықорған)  және т.б.;  
комитеттер:  Балқашты  қҧтқару  бойынша  қоғамдық  комитет  (Балқаш), 
«Радиация.  Экология.  Денсаулық»  проблемалық  комитет  (Алматы),  Аралды 
қҧтқару бойынша комитет; 
одақтар:  «ИРИС»  ядролық  сынақтардан  жапа  шеккендер  одағы  (Семей), 
«Табиғат»  ассоциациялар  мен  кәсіпорындардың  экологиялық  одағы  (Алматы), 
«Ас-Салям» рухани-экологиялық интеграциясы; 
ассоциациялар:  «Қорық»  қорықтар  мен  ҧлттық  саяжайлар  ассоциациясы 
(Алматы), 
ізденуші-ғалымдар 
ассоциациясы, 
экологиялық 
сауаттану 
ассоциациясы  (Орал),  экология  және  әлеуметтік  прогресс  ҥшін  студенттер 
ассоциациясы (Алматы); 
орталықтар:  Қарағанды  экоорталығы,  «Жасыл  Алтай»  әлеуметтік-
экологиялық  орталығы  (Риддер),  «Наурзум»  Қостанай  экоорталығы, 
экологиялық  және  рухани  сауаттандыру  орталығы,  «Тау»  экологиялық 
орталығы (Алматы), «ЭКОС» экологиялық бірлестік (Кӛкшетау); 
қоғамдық  қорлар:  «Феникс»  ядролыққа  қарсы  экологиялық  қор, 
«Қазақстанның фермері» қоры, Экологиялық сақтандыру қоры (Алматы), «ХХІ 
ғасыр»  қоғамдық  қор,  «Сатей»  тҥйе  шаруашылығын  қолдау  және  қалпына 
келтіру Шымкент аймақтық қоры; 
қоғамдық  экологиялық  ҧйымдар:  «Каспий  табиғаты»  Ғылыми  ӛндірістік 
басқармасы  (Атырау),  «Исток»  Ғылыми  ӛндірістік  басқармасы  (Семей), 
«Биосфера  экологиясы»  Ғылыми  ӛндірістік  басқармасы  (Алматы),  «ХХІ  ғасыр 
және  Каспий»  Ғылыми  ӛндірістік  басқармасы,  «ЭКОМ»  Ғылыми  ӛндірістік 

 
104 
басқармасы  (Павлодар),  «ЭкоОбраз»  Ғылыми  ӛндірістік  басқармасы 
 (Қарағанды),  «Жасыл  республика»  жас  экологтардың  балалар  ҧйымы  
(Алматы); 
әуесқой  ҧйымдар:  экологиялық  клубтар  (Риддер  мен  Қарағандыдағы 
«Беловодье»  және  «Эдельвейс»),  Петропавл  қаласындағы  жастар  экоклубы 
«Беркана»,  Кӛкшетаудағы  «Горизонт»  экологтық-ӛлкетанушылық  жастар 
клубы,  Тараздағы  «Киванис»  және  «Ваганты»,  Қапшағайдағы  «Берендей» 
экоклубтары);  патрульдер  («Экопатруль»  клубы  және  Талғар  мен  Тараздағы 
қоршаған  ортаны  қорғау  бойынша  дружиналар);  балалар  экологиялық 
кружоктар (Қазақстанның кӛптеген мектептерінде); 
жасыл  қозғалыстар:  «Табиғаттың  жасӛспірім  қорғаушылары»  (Талғар),  
«Жасыл  қҧтқарылу»  (Алматы),  «Жасыл  қозғалыс»  (Тараз),  «Экош»  ғылыми 
жастар  жасыл  қозғалысы  (Балқаш),  «Жайық  Орал»  экологиялық  қозғалысы 
(Орал) және т.б. [186]. 
Тәуелсіз  даму  жылдарында  Қазақстанда  экологиялық  Ғылыми  ӛндірістік 
басқармалардың саны он есе кӛбейді және 2004-жылы 170-тен астам тіркелген 
ҧйымдардың  санына  жетті,  сол  уақытта  Қырғызстанда  -  117,  Ӛзбекстанда  -  22 
(300 тіркелмегендер). 
Интернетте 
жеке 
«парақтарды» 
(сайттарды) 
қалыптастырудағы 
экологиялық  Ғылыми-ӛндірістік  бірлестіктердің  негізгі  мақсаттары  мынадай: 
қоғамдық  ҧйымдардың  жарнамасы;  жеке  ақпаратты  тарату;  серіктестер  мен 
қоғамдастық  тарапынан  ҧйымдастыру  әрекеті  бойынша  шынайы  бағалануы; 
электронды  конференцияларды,  анкеталық  әдіс,  сауалнама  және  т.б.  жҥргізу 
арқылы  қажетті  ақпаратты  алу.  Қазақстандық  экологиялық  ғылыми-ӛндірістік 
бірлестіктердің  бір  қатар  сайттарына  сипаттама  берейік:  «Феникс»  қоғамдық 
қордың  сайты  (Алматы);  Интернет  Тренинг  Орталығының  сайты  (Алматы); 
Қарағанды  экологиялық  орталықтың  сайты;  «Тенгри-Умай»  және  «Ангел» 
Алматылық  қоғамдық  қорлардың,  Қарағанды  экологиялық  мҧражайының 
сайттары [187]. 
Егеменді  Қазақстан  Республикасының  қоршаған  ортаны  қорғау  туралы 
заңы  -  табиғат  пен  оның  байлықтары  Қазақстан  Республикасы  халықтарының 
ӛмірі  мен  қызметінің,  олардың  тҧрақты  әлеуметтік-экономикалық  дамуы  мен 
әл-ауқатын арттырудың табиғи негізі болып табылады. 
Осы  Заң  қазіргі  және  болашақ  ҧрпақтардың  мҥдделері  ҥшін  қоршаған 
ортаны  қорғаудың  қҧқықтық,  экономикалық  және  әлеуметтік  негіздерін 
белгілейді,  сонымен  бірге  экологиялық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуге, 
шаруашылық  және  ӛзге  де  қызметтің  табиғи  экологиялық  жҥйелерге  зиянды 
әсерін  болғызбауға,  алуан  тҥрлілікті  сақтау  мен  табиғатты  ҧтымды 
пайдалануды ҧйымдастыруға бағытталған [188].
 
Осы заңда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 
-  қоршаған  орта-табиғи  объектілердің,  оның  ішінде  ӛзара  қарым-
қатынастағы  атмосфералық  ауаны,  суды,  топырақты,  жер  қойнауының 
жануарлар  мен  ӛсімдіктер  дҥниесін,  сондай-ақ  климатты  қоса  алғанда,  табиғи 
ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы;  

 
105 
-  қоршаған  ортаны  қорғау-табиғат  пен  адамның  ӛзара  ҥйлесімді  іс-
қимылына,  қоршаған  ортаның  сапасын  жақсартуға,  табиғи  ресурстарды 
ҧтымды  пайдалану  мен  молықтыруға  бағытталған  мемлекеттік  және  қоғамдық 
шаралар жҥйесі; 
-  қоршаған  ортаны  қорғау  объектілері-қоршаған  ортаның  заңдармен 
қорғалатын қҧрамдас бӛліктері; 
- табиғи ресурстар - қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін 
қанағаттандыру  ҥшін  қоршаған  ортаның  шаруашылық,  т.б.  қызмет  процесінде 
пайдаланылатын қҧрамдас бӛліктері; 
-  табиғатты  пайдалану-адамның  шаруашылық  және  ӛзге  де  қызметінде 
табиғи ресурстарды пайдалануы; 
-  қоршаған  ортаның  сапасы  -  қоршаған  ортаның  қҧрамы  мен  қасиеттерінің 
сипаттамасы; 
-  қоршаған  ортаның  мониторингі  -  адамды  қоршаған  табиғи  ортаның  жай-
кҥйін  бақылау  және  адамдардың  денсаулығы  мен  ӛзге  де  тірі  организмдерге 
зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдар туралы ескерту; 
-  экологиялық  жҥйе-организмдердің  және  олар  мекендейтін  жансыз 
ортаның ӛзара байланысты біртҧтас функционалдық жиынтығы [188, б. 254]. 
Жаңа  терминдердің  пайдаланылуы  заманы  мен  уақытына  сай  жҥрудің 
белгісі.  Сонымен  қатар  қоршаған  ортаны  қорғау  заңында  (3-бап)  қоршаған 
ортаны қорғаудың мынадай негізгі принциптері қарастырылған: 
-  адамның  ӛмірі  мен  денсаулығын  қорғаудың  басымдылығы,  халықтың 
ӛмірі,  еңбегі  мен  демалысы  ҥшін  қолайлы  қоршаған  ортаны  сақтау  және 
қалпына келтіру; 
-  экологиялық  жағдайы  қолайсыз  аумақтардағы  экологиялық  қауіпсіздікті 
қамтамасыз ету және бҧзылған табиғи экологиялық жҥйелерді қалпына келтіру; 
-  биологиялық  алуан  тҥрлілікті  және  экологиялық,  ғылыми,  мәдени 
жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз 
ету; 
-  халықтың,  қоғамдық  бірлестіктер  мен  жергілікті  ӛзін-ӛзі  басқару 
органдарының  қоршаған  ортаны  қорғау  саласына  белсенді  тҥрде  және 
демографиялық жолмен қатысуы; 
-  жер,  оның  қойнауы,  су,  атмосфералық  ауа,  ормандар  мен  ӛзге  де 
ӛсімдіктер, жануарлар дҥниесі; 
-  табиғи  экологиялық  жҥйелер,  климат  және  жердің  озонды  қабаты 
қорғалуға тиіс. 
Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше қҧнды қоршаған орта 
объектілері,  сондай-ақ  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  ерекше  қорғалуға 
тиіс [188, б. 255]. 
Қоршаған ортаны  қорғау заңының тҥпнҧсқасында азаматтар мен қоғамдық 
бірлестіктердің  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  қҧқықтары  мен 
міндеттері кӛрсетілген. 
Мысалы,  әрбір  азаматтың  және  Қазақстан  Республикасының  аумағында 
тҧратын  азаматтығы  жоқ  адамдардың,  сондай-ақ  шетелдіктердің  ӛз 
ӛмірі  мен  денсаулығына  қолайлы  қоршаған  ортаға,  оның  жай-кҥйі  туралы 

 
106 
дҧрыс  ақпарат  алуға,  қоршаған  ортаны  қорғау  туралы  заңдардың 
бҧзылуы  салдарынан  ӛз  денсаулығы  мен  мҥлкіне  келтіретін  залалдың 
ӛтеуін алуға қҧқығы бар. 
Азаматтар  мен  қоғамдық  бірлестіктердің  қоршаған  ортаны  қорғау 
саласындағы  қҧқықтары  мен  қатар  мынадай  міндеттері  де  бар:  әрбір  азамат 
қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарға ҧқыпты қарауға, қоршаған 
ортаны қорғау туралы заңдарды орындауға, ӛзінің экологиялық білім деңгейін 
арттыруға  және  жеткіншек  ҧрпаққа  экологиялық  тәрбие  беруге  жәрдемдесуге 
міндетті [188, б. 255]. 
Қоршаған  ортаны  қорғау  заңының  тҥпнҧсқасында  (7-бапта)  мемлекеттік 
ӛкімет  пен  жергілікті  ӛзін-ӛзі  басқару  органдарының  қоршаған  ортаны  қорғау 
саласындағы қҧзіреті жайлы кӛрсетілген:  
Қазақстан  Республикасы  Ҥкіметінің  қоршаған  ортаны  қорғау  саласында: 
мемлекеттік  саясаттың  негізгі  бағыттары,  оны  жҥзеге  асыру  жӛніндегі 
стратегиялық және тактикалық шараларды әзірлейді; 
министрліктердің,  мемлекеттік  комитеттердің  Ҥкімет  қҧрамына  кірмейтін 
орталық  атқарушы  органдардың  және  жергілікті  атқарушы  органдардың 
қызметіне  басшылықты  жҥзеге  асырады,  олардың  заңдарды,  Қазақстан 
Республикасының Президенті мен Ҥкіметінің актілерін орындауын бақылайды; 
қоршаған  ортаны  ластағаны  ҥшін  және  табиғи  ресурстарды  қорғау  мен 
кӛбейту ҥшін ақы алу тәртібін белгілейді; 
заңдарды  белгіленген  жағдайда  табиғи  ресурстарды  табиғат  пайдалануға 
беру  туралы  қаулылар  шығарады,  табиғат  пайдалану  шарттарын  (келісім-
шарттарын) жасайды, лимиттер мен квоталар белгілейді; 
табиғат  пайдаланудың  әр  алуан  тҥрлері  бойынша  тҧжырымдамаларды 
бекітеді, 
табиғат  пайдаланудың 
мемлекеттік  қҧрылымының,  табиғи 
ресурстарды  кешенді  пайдалану,  молықтыру  және  қорғау  кестелерін  бекіту 
және  жҥзеге  асыру,  табиғи  ресурстардың  мемлекеттік  есебі  мен  мемлекеттік 
кадастрларын жҥргізу тәртібін белгілейді; 
экологиялық, ғылыми  және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған 
ортаны қорғау объектілерінің тізбесін бекітеді, ӛз қҧзіреті шегінде мемлекеттік 
қорықтар,  мемлекеттік  ҧлттық  және  табиғи  парктер,  басқа  да  ерекше 
қорғалатын табиғи аумақтар ҧйымдастырады; 
қоршаған  ортаны  қорғау  саласында  ақпарат  беру  мен  мемлекеттік 
статистиканы жҥргізу тәртібін белгілейді; 
Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес  ӛзге  де  ӛкілеттікті  жҥзеге 
асырады [188, б. 255]. 
Жергілікті  ӛкілді  органдар  тиісті  аумақтарда  қоршаған  ортаны  қорғау  мен 
табиғатты  пайдалану  жӛніндегі  бағдарламаларды  бекітеді;  ӛз  қҧзіреті  шегінде 
қоршаған  ортаны  сауықтыру,  табиғи  ресурстарды  қорғау,  молықтыру  және 
ҧтымды пайдалану, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше қҧнды 
қоршаған  орта  объектілерін  қорғау  мәселелері  жӛніндегі  жолсыздықтар  ҥшін 
әкімшілік жауапкершілік кӛзделген міндетті ережелер қабылдайды. 
Жергілікті  атқарушы  органдар  қоршаған  ортаны  қорғау  саласында 
мемлекеттік  бақылауды  жҥзеге  асырады,  ӛз  қҧзіреті  шегінде  табиғатты 

 
107 
пайдалануды  реттейді;  қоршаған  ортаны  ластағаны  ҥшін  ақы  мӛлшерін 
бекітеді,  теріс  экологиялық  сараптама  берілген  кәсіпорындарды,  қҧрылыстар 
мен  ӛзге  де  объектілерді  салуға  және  қайта  қҧруға  тыйым  салу  туралы 
қорытындылар  дайындайды,  экологиялық  талаптар  бҧзылған  жағдайда 
шаруашылық  және  ӛзге  де  қызметті  тоқтату  туралы  және  тиісті  шаралар 
қолданады;  экологиялық,  ғылыми  және  мәдени  жағынан  ерекше  қҧнды 
қоршаған  орта  объектілерін  қорғау  туралы  ерекше  қорғалатын  табиғи 
аумақтарды  ҧйымдастыру  туралы  шешімдерді  қабылдайды  немесе  жоғары 
тҧрған органдарға ҧсыныстар енгізеді [188, б. 255]. 
Қоршаған ортаны қорғау заңының тҥпнҧсқасында (24-бапта) қоршаған орта 
мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингі туралы былай кӛрсетілген: 
қоршаған  орта  мен  табиғи  ресурстардың  мемлекеттік  мониторингі 
қоршаған  ортаны  қорғау  мен  табиғатты  пайдалануды  басқару  міндеттерін 
атқаратын арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдар жҥзеге асырады және 
онда: 
қоршаған  орта  мен  табиғи  ресурстардың  жай-кҥйіне,  сондай-ақ 
оларға  антропогендік  ықпал  жасау  кӛздеріне  белгілі  бір  бағдарлама 
бойынша  жҥргізілетін  бақылау;  аталған  бақылау  объектілерінің  жай-кҥйін 
бағалау; олардағы ӛзгерістерді болжау қамтылады [188, б. 255]. 
Жоғарыда  келтірілген  жағдайлармен  қатар  экологиялық  сараптама  және 
оның  тҥрлері  қарастырылады.  Экологиялық сараптама  -  шаруашылық және  де 
қызметтің қоршаған орта сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарға 
сәйкес  келуінің,  осы  қызметтің  қоршаған  ортаға  жасалуы  мҥмкін  теріс 
әсерлерінің  және  соларға  байланысты  зардаптардың  алдын  алу  мақсатында 
сараптама объектісін іске асыруға жол берілуінің анықтамасы. 
Қазақстан  Республикасында  мемлекеттік  экологиялық  және  қоғамдық 
экологиялық  сараптама  жҥзеге  асырылады.  Мемлекеттік  экологиялық 
сараптаманы  арнайы  уәкілетті  мемлекеттік  органдар  жҥргізеді.  Қоғамдық 
экологиялық  сараптаманы  қоғамдық  бірлестіктер  немесе  халықтың  ӛзге  де 
топтары қоғамдық экологиялық сараптама жҥргізе алады. 
Қоғамдық  экологиялық  сараптаманы  жҥзеге  асырудың  ҧйымдастыру 
нысандары және қоғамдық бірлестіктердің экологиялық сараптама саласындағы 
ӛкілетті  экологиялық  туралы  заңдармен  белгіленеді.  Қоғамдық  сараптаманың 
қорытындысы ақпараттық және ҧсыныс жасау сипатында болады [188, б. 262]. 
Сан жылдар бойы Семей ядролық сынақ полигонында жҥргізілген сынақтар 
ол  жерде  тҧратын  адамдар  денсаулығы  мен  қоршаған  ортаға  орасан  зор  зиян 
келтірді. Қазақстанның ӛзге аймақтарымен салыстырғанда бҧл жақта халықтың 
жалпы  аурулар  саны  мен  ӛлімі  кӛп,  балалар  мен  жануарлардың  дамуында  әр 
тҥрлі  аномалиялық  ӛзгерістер  жиі  орын  алады,  1996-жылға  дейін  Семей 
облысының  бҥкіл  аумағы,  Павлодар,  Шығыс  Қазақстан  және  Қарағанды 
облыстарының  полигонға  жақын  жатқан  аудандары  сынақ  аймағы  болып 
есептелді.  Осы  аумақтардағы  қоршаған  табиғи  ортаның  тоқырауға  ҧшырауы 
әлеуметтік-экономикалық  және  экологиялық  жағдайларды  ушықтырып, 
нәтижесінде  жергілікті  халықты  әлеуметтік  қорғауды  арнайы  заңдастыру  мен 
қҧқықтық реттеуге бағытталған шаралардың керек екендігін кӛрсетті. Ӛйткені, 

 
108 
бҧл аймақ тҧрғындарының ӛмір сҥруі мен еңбек етулері азаматтардың еңбекке 
қабілеттіліктері  мен  денсаулықтарын  қолдауын  қажетсінетін  қосымша 
шығындарды талап етті [189]. 
Кеңес  уақытында  аталмыш  аймақта  қызмет  етушілердің  жалақысына 
арнайы  аудандық  коэффициенттер  тӛленген.  Қазақстанның  егемендік  алуына 
байланысты  ядролық  сынақтардың  салдарларын  жою,  зардап  шеккен 
азаматтарды  әлеуметтік  қорғау,  емдеу,  сауықтыру  және  реабилитациядан 
ӛткізуге  бағытталған  арнайы  мемлекеттік  жоспарлы  шара  қолға  алынды.  Осы 
мақсатта 1992-жылдың 18-желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Семей 
ядролық  сынақ  полигонындағы  ядролық  сынақтардың  салдарынан  зардап 
шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңы қабылданды. Бҧл заңның 
1949-1990  жылдар  аралығында  Семей  полигонындағы  ядролық  сынақтар 
аймағында  тҧрған  және  тҧратын  азаматтарға  тікелей  қатысы  бар.  Заңға  сәйкес 
аталмыш  санаттағы  азаматтарға  республикалық  бюджеттен  ӛтемақылық 
тӛлемдер жасалады. 
Заң  кӛп  жылдық  ядролық  жарылыстар  әсерінен  зардап  шеккен 
азаматтардың  мәртебесі  мен  аумақтардың  тҥр-тҥрін  белгілейді,  ӛтемдер, 
жеңілдіктер  тҥрлерін  және  аумақты  әлеуметтік-экономикалық  дамыту 
жӛніндегі шараларды айқындайды. 
Алматы тоғыз жолдың торабы. Мҧнда екі темір жол вокзалы, әуежай, ҥлкен 
екі автовокзал бар. Қалада еліміздегі коммерциялық банктердің 75 пайызы, 25 
сақтандыру компаниялары, тауарлы және қорлар биржалары орналасқан [190]. 
Алматы  қаласы  соңғы  жылдары  табиғат  ерекшеліктерімен  және 
индустриялық, спорттық тез дамуымен туристерді ӛзіне кӛптеп тартуда. Мҧнда 
1000-ға  жуық  әртҥрлі  спорт  қҧрылымдары,  бассейн,  теннис  корты,  спорт 
залдары мен клубтары бар. Тҥрлі мәдени орталықтар жақсы дамып келеді. Қала 
ірі қаржы доноры болып қала береді, себебі барлық жиналған салықтардың 68,8 
пайызы  республикалық  бюджетке  аударылады.  Жергілікті  бюджеттің 
қиындығына  қарамастан  әлеуметтік  жағдайларға  кӛп  кӛңіл  бӛлінеді,  қала 
тҧрғындарының  17,6  пайызы  зейнеткерлер.  Олар  қажетті  әлеуметтік  кӛмекпен 
қамтамасыз  етілген,  тҧрмысы  ауыр  отбасыларына  да  тҥрлі  кӛмек  кӛрсетіліп 
отырады. 
Еліміздің ірі мегаполисінің табиғаты мен қоршаған ортасын қорғауда елеулі 
жҧмыстар  атқарылуда.  Әсіресе,  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар,  су  және 
орман  қорларын  қорғау  басты  назарымызда  ҧсталып  келеді.  2002-жылы 
жергілікті  бюджеттен  Бауман  бағы  мен  «Медеу»  табиғат  паркінің  орман 
белдеулерін жӛндеу мен қорғауға 1,5 млн. теңге бӛлінді. 
Қаланың экологиялық жағдайын  жақсартудың  бізде  арнайы  бағдарламасы, 
2000-жылдың  наурыз  айынан  бастап  атмосфералық  ауаның  ластануын 
тексеретін ҥш бекет бар. 
Қала  ауасын  бҥлдіріп  жатқан  кәсіпорындар  мен  қатар  автокӛліктердің 
кӛпшілігі  біраздан  әңгіме  болып  келеді.  Алдағы  уақытта  бҧған  тосқауыл 
қойылатын  болады.  Жақында  Алматының  ауасының  тазаруына  кепіл  болатын 
ҥш  жақты  Алматы  қаласы  әкімшілігі,  «ҚазТрансГаз»  ЖАҚ  және  Қоршаған 
ортаны  қорғау  министрлігі  арасында  жаңа  замандық,  автогаз  толтырғыш 

 
109 
компрессорлық  стансалар  қҧру  туралы  тҥсіністік  пен  ӛзара  сенім 
меморандумына  қол  қойылды.  Қазір  Алматы  қаласы  мен  облысында  газ  қҧю 
стансалары  желісін  салу  жоспарлануда.  «ҚазТрансГаз»  ЖАҚ-ына  қарайтын 
«ҚазТрансГаз»  дистрибьюшн»  компаниясы  қалада  15  автомобильдік 
газтолтырғыш  компрессорлық  стансасын  салып,  алғашқы  кезеңде  мың 
автомобильді  баламалы  жанармайға  ауыстырмақ.  Сонымен  қатар  Алматы-
Бішкек-Тараз-Шымкент  трассасы  бойында  осындай  АГТКС  салу  жобасы  ӛз 
кезегін  кҥтуде.  Ал,  Алматыда  қҧны  1,7  миллион  АҚШ  долларын  қҧрайтын  2 
АГТКС стансасы салынғалы отыр [190, б. 3]. 
Бҧл  кҥндері  Алматыда  250  мың  автокӛлік  бар.  Қалаға  келіп-кететіндерін 
қоса  есептелгенде  320  мыңнан  асады.  Оған  ҥлкенді-кішілі  жылу  жҥйелерінің 
қҧбырлары мен ӛндіріс орындарының мҧржаларынан будақтаған қою тҥтін мен 
улы  газдарды  қосыңыз.  Алматыда  соңғы  жылдары  жанар  май  қҧю  стансалары 
да  кӛбейіп  кетті.  Мәселен,  бір  ғана  Алматы  мен  Қаскелеңнің  арасында  40 
шақты  жағар-жанар  май  қҧю  стансасы  бар.  Ҥлкен  жолдың  бойында  немесе 
тҧрғын  ҥйлерден  алысырақ  қауіпсіз  жерде  салынуға  тиіс  мҧндай  стансаларды 
азуы мықты, ақшалылар белден басып, кез-келген бос жерге орнатып алатыны 
екінің  біріне  аян.  Егер  бір  автокӛлік  кҥніне  7-10  текше  метрге  дейін  улы  газ 
шығарады  десек  жоғарыда  айтқан  бензин  және  дизель  отынымен  жҥретін  250 
мыңдай  автокӛлік  қала  арқылы  ӛтетін  70  мыңдай  кӛліктің  ауаға  қанша  тонна 
улы қоспалар шығарып жатқаны белгілі болар [190, б. 3]. 
Біздің  қолда  бар  деректер  бойынша  Алматы  қаласының  ластану  деңгейі 
ӛзінің  шырқау  шегіне  (ИЗА-13,1)  жеткен.  Кӛбінесе  Алматы  ауасын 
ластайтындар:  кӛмірқышқыл  газы,  кҥкірттің  қос  оксиді,  кӛмірсутегілер,  кӛмір 
оксиді, азоттың оксиді мен тҥтін шаңдар. Ал тҧрақты жылу кӛздерінің қатарына 
жататын  АӚК  ОЭО  (ТЭЦ)  -  1  жҥйесі  8253  тонна  зиянды  қалдықтар  бӛліп 
шығарады.  Осы  зиянды  қалдықтар  ауада  химиялық  реакцияға  тҥсіп, 
бҧрынғыдан да қауіпті жаңа қосылыстар тҥзеді. 
Сҧлу 
Алатаудың 
бауырында 
жатқан 
кӛркем 
қала 
шҧңқырға 
орналасқандықтан ауа алмасуы қиын. Оңтҥстік астананың ауасының нашарлай 
тҥсуіне  ең  басты  техникалық  ақаулары  бар  автокӛліктер  кінәлі.  Ал  мамандар 
автокӛліктердің  моторларында  жанар  май  толық  жана  алмағандықтан, 
кӛмірсутегілердің  басым  бӛлігі  қара  кҥйеге  айналатынын,  әсіресе  техникалық 
ақаулы автокӛліктерден қара тҥтін кӛп бӛлінетінін айтады [190, б. 4]. 
Алматы  -  жасыл  қала,  оған  ешкімнің  таласы  жоқ.  Алайда  соңғы  жылдары 
кала  ағаштарының  кӛбі қартайып,  бҧталары  қурап  жатыр.  Жазда  бар  ағаштың 
жапырақтары  тҥтін  мен  кҥйеге  малынып,  кірден  кӛз  ашпай  тҧрады.  Қалада 
шамадан  тыс  кӛбейіп  кеткен  автокӛліктің  тҥтінін  тазартуға  олардың  шамасы 
келмейді. Сондықтан қаптаған жанар-жағар май қҧю стансаларын азайтып, жас 
кӛшеттерді отырғызуға кӛңіл бӛлу қажет.  
Экологиялық  қылмыс  дегеніміз-қоршаған  ортаға,  оның  ресурстарына, 
халықтың экологиялық қауіпсіздігіне қол сҧғатын қоғамға қауіпті,  қылмыстық 
заңдарға қайшы іс-әрекеттер болып табылады. 
Экологиялық  талаптарды  реттейтін  арнаулы  нормалар  біршама.  Олардың 
қатарына: 
Қазақстан 
Республикасының 
1997-жылғы 
18-наурыздағы 

 
110 
«Экологиялық  сараптама  туралы»;  Қазақстан  Республикасының  1997-жылғы 
15-шілдедегі  «Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  туралы»;  Қазақстан 
Республикасының  1997-жылғы  15-шілдедегі  «Қоршаған  ортаны  қорғау 
туралы»; Қазақстан Республикасының 1993-жылғы 21-қарашадағы «Жануарлар 
дҥниесін  қорғау,  ӛнімін  молайту  және  пайдалану  туралы»;  Қазақстан 
Республикасының 1999-жылғы 11-ақпанындағы «Ӛсімдіктер карантині туралы» 
заңдары, сондай-ақ жер қатынастары, атмосфералық ауаны қорғау туралы және 
заңдар жатады [191]. 
Ғалымдардың  айтуы  бойынша,  бақылаусыз  және  келешекті  ойламай 
жасаған  ғалымдардың  шаруашылық  қызметі  салдарынан  жер  планетасы 
болашақта  адам  тіршілігіне  жарамсыз  болып  қалуы  мҥмкін.  Улы  газдардың 
әсерінен  озон  ойығы  тереңдеп,  жылудың  арту  әсерінен  мәңгі  мҧзарттар  еріп, 
теңіздерде судың деңгейі кӛтеріліп, топан су басу қаупі артуда. 
Каспий  теңізі  деңгейінің  жыл  сайын  кӛтерілуі,  Чернобыль  атом  электр 
станциясының  және  Арал,  Семей  апаттары  бірнеше  мемлекеттердің  халқын 
абыржытуда,  сондықтан,  осы  аталған  қауіп-қатерлердің  барлығы  қазір 
дҥниежҥзілік  сипат  алуда.  Барлық  елдер  бірлесіп,  табиғатты  қорғау  жҧмысын 
ҧйымдасқан тҥрде қолға алуға міндетті болып отыр. 
Қоршаған  ортаны  қорғау  заңының  тҥпнҧсқасында  (68-бапта)  тӛтенше 
экологиялық  ахуал  және  экологиялық  апат  аймақтары  жӛнінде  айтылады. 
Тӛтенше  экологиялық  ахуал  -  адам  қызметінің  немесе  табиғаттың  дҥлей 
кҥштерінің  салдарынан  белгілі  бір  аумақта  пайда  болған,  қоршаған  ортаны, 
адамдардың ӛмірі мен денсаулығы, ӛсімдіктер мен жануарлар дҥниесін  қорғау 
ҥшін  қауіпті,  терең  және  тҧрақты  теріс  ӛзгерістермен  сипатталатын  қолайсыз 
экологиялық ахуал [188, б. 265 ].
  
Сонымен  қатар  экологиялық  апат  аймақтары  -  егер  қолайсыз  экологиялық 
ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулі нҧқсан келтірсе және табиғи 
экологиялық  жҥйелер  бҧзылып,  ӛсімдіктер  мен  жануарлар  дҥниесі  азып-тозса, 
экологиялық  ахуал  тӛтенше  аумақтар,  экологиялық  апат  аймақтары  деп 
жарияланады. 
Экологиялық  апат  аймағында:  қолайсыз  экологиялық  жағдайдың  пайда 
болуына  себепші  болған  шаруашылық  объектілерінің  қызметі  тоқтатылады; 
адамның  денсаулығы  мен  қоршаған  ортаға  зиянды  ықпал  ететін 
ҧйымдардың,  цехтардың,  агрегаттар  мен  жабдықтардың  қызметі  тоқтатыла 
тҧруы  мҥмкін;  қажет  болған  жағдайда  адамдарды  кӛшіру  жӛнінде  шаралар 
жҥргізіледі. 
Ал  тӛтенше  экологиялық  ахуал  салдарынан  зардап  шеккен,  сондай- 
ақ  экологиялық  апат  аймақтарында  тҧратын  азаматтар  ӛтемақылардың, 
жеңілдіктер  мен  әлеуметтік  қорғаудың  басқа  да  тҥрлерін  қоса  алғанда 
ӛздеріне келтірілген зиянды ӛтеттіруге қҧқығы бар. 
Қазақстан  Республикасының  белгілі  бір  аумағында  тӛтенше  экологиялық 
ахуалды  Ҥкімет  жариялайды.  Экологиялық  апат  аймақтары  Қазақстан 
Республикасының заңдарымен жарияланады [188, б. 265]. 
Заңға  сәйкес  қоршаған  ортаның  жай-кҥйі,  ластануы  және  сауықтырылуы 
туралы,  қаржыландыру  (қаржыландыру  кӛздері)  туралы,  қоршаған  ортаны 

 
111 
қорғау  мен  сауықтыру  жӛніндегі  шараларға  қаражат  жҧмсау,  табиғи 
ресурстардың  жай-кҥйі,  пайдаланылуы,  қоршаған  ортаға  жасалатын  әсерлері, 
оның  сапасын  нормалау  мен  шаруашылық  және  ӛзге  де  қызметке  қойылатын 
экологиялық талаптар туралы мәліметтер қоршаған ортаны қорғау саласындағы 
ақпарат  болып  табылады.  Ол  ашық  және  жария  болып,  бҧқаралық  ақпарат 
қҧралдары арқылы жариялануға тиіс [188, б. 265]. 
Лауазымды  адамдардың  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  ақпаратты 
жасыруына,  дер  кезінде  бермеуіне  немесе  жалған  ақпарат  беруіне  жол 
берілмейді. 
Халық  арасында  экологиялық  білім  беруді  мемлекеттік  органдар  және 
қоғамдық  бірлестіктер  бҧқаралық  ақпарат  қҧралдары  арқылы  және  заңдарға 
қайшы келмейтін ӛзге де тәртіппен жҥзеге асырады. 
Қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  бақылау  қоршаған  ортаның 
жай-кҥйін, шаруашылық және ӛзге де қызметтің ықпалымен оның ӛзгерістерін 
байқап отыруды, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды 
ҧтымды  пайдалану  жӛніндегі  жоспарлар  мен  шаралардың  орындалуын, 
қоршаған  ортаны  қорғау  туралы  заңдардың,  оның  сапа  нормативтері  мен 
экологиялық талаптардың сақталуын тексеруді ӛзіне міндет етіп қояды. 
Қазақстан  Республикасында  қоршаған  ортаны  қорғау  саласында 
мемлекеттік,  ведомстволық,  ӛндірістік  және  қоғамдық  бақылау  жҥзеге 
асырылады. 
Қоршаған 
ортаны 
қорғау 
саласындағы 
мемлекеттік 
бақылауды 
ӛз  қҧзыреті  шегінде  арнайы  уәкілеттік  мемлекеттік  органдар  мен  жергілікті 
атқарушы органдар жҥзеге асырады [188, б. 266]. 
Қоршаған  ортаны  қорғау  саласында  арнайы  уәкілеттік  мемлекеттік 
органдардың лауазымды адамдарының: 
меншікті  нысаны  мен  бағыныштылығына  қарамастан,  ҧйымдарға  және 
басқа  да  объектілерге  (соның  ішінде  белгіленген  тәртіппен  кӛрсету  арқылы) 
кіріп  кӛруге,  мемлекеттік  бақылауды  жҥзеге  асыруға  қажетті  қҧжаттаманы, 
талдамалардың  нәтижелері  мен  ӛзге  де  материалдарды  сҧратуға  және  танысу 
ҥшін тегін алуға; 
-табиғи  ресурстарды  пайдалану  лицензияларында  белгіленген  ережелердің 
сақталуын  және  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  жекелеген  қызмет 
тҥрлерінің  жҥзеге  асырылуын,  табиғатты  пайдалану  шараларының  (келісім-
шарттарының)  және  табиғатты  пайдалануға  берілген  рҧқсаттың  орындалуын 
тексеруге,  белгіленген  тәртіппен  олардың  кҥшін  жоюға,  жою  жӛнінде 
нҧсқамалар беруге немесе ҧсыныс енгізуге; 
-заңды  және  жеке  тҧлғаларға  талаптар  қоюға,  қоршаған  ортаны  қорғау 
саласындағы жолсыздықты жою жӛнінде нҧсқамалар шығаруға; 
-кәсіпорындардың,  қҧрылыстар  мен  объектілердің  жҧмысын  шектеумен 
тоқтата  тҧру,  оларды  пайдалана  беруге  тыйым  салу,  экологиялық  талаптарды 
бҧза  отырып  жҥзеге  асырылатын  шаруашылық  және  де  ӛзге  қызметті  шектеу 
туралы  нҧсқамалар  шығаруға,  немесе  осы  қызметті  тоқтату  туралы  ҧсыныс 
енгізуге; 

 
112 
-қоршаған  ортаны  қорғау  туралы  заңдарды  бҧзу  салдарынан  келтірілген 
залал мӛлшерін анықтауға  және соның негізінде кінәлі адамдарға осы залалды 
ерікті тҥрде ӛтеу туралы талаптар қоюға немесе сотқа талап-арыз беруге; 
қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  ведомстволық  және  ӛндірістік 
бақылаудың  нормалары  мен  ережелерін  сақтауды  тексеруге  қҧқы  бар  [188,  б. 
266]. 
Заңға  сәйкес  79-бапта  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  қоғамдық 
бақылау жӛнінде тӛмендегідей қарастырылған. Қоғамдық бақылауды қоғамдық 
бірлестіктер ӛз бастамасы, табиғат пайдаланушылармен және қоршаған ортаны 
қорғау  саласындағы  арнайы  уәкілетті  мемлекеттік  органдармен  шарттар 
бойынша жҥзеге асырады. 
Қоғамдық  бақылаудың  жҥргізу  тәртібін  қоғамдық  бірлестіктер  ӛз 
жарғыларына сәйкес белгілейді. 
Қоршаған  ортаны  қорғау  туралы  заңдарды  бҧзу  салдарынан  азаматтардың 
денсаулығы мен мҥлкіне келтірілген зиян зардап шегушінің еңбекке қабілетінен 
айырылу  дәрежесін,  оны  емдеуге  және  денсаулығын  қалпына  келтіруге 
жҧмсалған  шығындарды,  науқасты  кҥту  жӛніндегі  шығындарды,  ӛзге  де 
шығындар мен залалдарды ескере отырып толық кӛлемінде ӛтеуге тиіс. 
Қоршаған  ортаны  қорғау  туралы  заңдарды  бҧзу  салаларынан  келтірілген 
моральдық  зиян  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  кодексінде 
белгіленген тәртіппен ӛтеуге тиіс [188, б. 267]. 
Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  мен  қорғауға  алынған  жерлер 
экологиялық,  ғылыми  және  мәдени  жағынан  ерекше  қҧнды,  Қазақстан 
Республикасының ҧлттық байлығы болып табылады. 
Осы  Заң  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  қызметінің  қҧқықтық, 
экономикалық, әлеуметтік және ҧйымдық негіздерін белгілейді. 
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар  - ерекше қҧқықтық қорғау тәртібі бар 
немесе  мемлекеттік  табиғи  қорық  қорын  сақтау  мен  қалпына  келтіруді 
қамтамасыз  ететін  шаруашылық  қызметі  тәртібімен  реттелетін  жер,  су,  орман 
және жер қойнауы учаскелері. 
Мемлекеттік  табиғи-қорық  қоры-қоршаған  ортаның  табиғи  (калаондар, 
уникумдар  мен  реликтер,  ғылыми  зерттеулерге,  ағарту,  білім  беру  ісіне, 
туризмге және рекреацияға арналған зат-болмыс ретінде экологиялық), ғылыми 
және  мәдени  жағынан  ерекше  қҧнды,  мемлекеттік  қорғауға  алынған 
объектілерінің жиынтығы [188, б. 267]. 
Қазақстан  Республикасында  мақсатына,  қорғау  тәртібіне  және  пайдалану 
ерекшеліктеріне  қарай  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтардың  мынадай 
тҥрлері кӛрсетіледі:  
- биоӛрістік аумақтарды қоса алғанда, мемлекеттік табиғи қорықтар; 
- мемлекеттік ҧлттық табиғи парктер; 
- мемлекеттік табиғи парктер; 
- мемлекеттік табиғи ескерткіштері; 
- мемлекеттік қорық ӛңірлері; 
- мемлекеттік табиғи тапсырыстар; 
- мемлекеттік зоологиялық парктер; 

 
113 
- мемлекеттік ботаникалық бақтар; 
- мемлекеттік дендрологиялық парктер; 
- мемлекеттік қорғалатын табиғи аумақтардың ормандары; 
-ерекше  мемлекеттік  маңызы  бар  немесе  ғылыми  жағынан  ерекше 
қҧнды су қоймалары; 
- халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар; 
-  жер  қойнауының  экологиялық,  ғылыми,  мәдени  және  ӛзге  де 
жағынан ерекше қҧнды учаскелері [188, б. 268]. 
Ерекше  қорғау  қҧқықтық  тәртібі:  қорық  тәртібі,  тапсырыс  тәртібі  болып 
бӛлінеді. 
Қорық тәртібі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар немесе арнайы бӛлінген 
аймақтарда  кез  келген  шаруашылық  қызметке,  сондай-ақ  қоршаған  ортаның 
табиғи жай-кҥйін бҧзатын ӛзге де қызметке тыйым салуды кӛздейді. 
Тапсырыс  тәртібі  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  немесе  арнайы 
бӛлінген аймақтарда шаруашылық және ӛзге де қызметті белгілі бір маусымда, 
белгілі  бір  мерзімде  ғана,  мҧның  ӛзі  мемлекеттік  табиғи-қорық  объектілерінің 
сақталуына  қауіп  тӛндірмейтіндей  және  олардың  кӛбеюін  нашарлатпайтындай 
мӛлшерде ғана жҥргізуді кӛздейді. 
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды пайдаланудың мақсаттарында: және 
ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар:  ғылыми;  мәдени-ағартушылық;  оқу; 
туристік  және  рекреациялық;  шектелу  шаруашылық  мақсаттарында 
пайдаланылуы мҥмкін [188, б. 268]. 
Қоршаған  ортаға  және  тҧрақты  дамытуға  қатысты  Біріккен  Ҧлттар 
Ҧйымының  Конференциясы  Преамбула  ӛткізе  отырып,  1992-жылы  3-14- 
маусым  аралығында  Рио-де-Жанейрода,  мақсат  қыла  отырып,  мемлекеттер, 
қоғамның негізгі секторлары мен адамдар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа 
деңгейлеріне шығу жолдары арқасында жаңа, глобальдық әділетті серіктестікті 
орнату  ҥшін;  кҥш  сала  отырып,  барлығының  мҥдделерін  қҧрмет  тҧтып  және 
қоршаған ортамен дамытудың глобальдық біртҧтастығын қорғауды қамтамасыз 
ететін  халықаралық  келісімдерге  қол  жеткізу  ҥшін  мойындай  келіп,  ортақ 
ҥйіміз  жер  сипатының  тҧтастығы  және  ӛзара  байланыстылығын  27  принцип 
арқылы жариялады. 
Мемлекеттер Біріккен Ҧлттар Ҧйымының жарғысы мен халықаралық қҧқық 
принциптеріне,  қоршаған  орта  мен  дамуға  қатысты  ӛздерінің  дербес 
саясаттарына  сай  ресурстарын  игеруге  егеменді  кҧқыққа  ие  және  олардың 
қҧзыр  немесе  бақылау  аясында  сол  қызмет  атқару  жауапкершілігі  ӛзге 
мемлекеттердің немесе ҧлттық юрисдикция шеңберінен тыс жататын жерлердің 
қоршаған ортасына зардап әкелуге себепші болмайды. 
Мемлекеттер  қоршаған  орта  саласында  тиімді  заң  жҥзіндегі  актілер 
қабылдайды.  Мемлекеттер  қоршаған  ортаға  қатысты  дауларын  бейбіт  жолмен 
және  Біріккен  Ҧлттар  Ҧйымы  жарғысына  сәйкес  тиесілі  әдіспен  шешіп 
отырады. 
Мемлекеттер  мен  халықтар  осы  декларацияға  енген  принциптердің 
орындалуы  жолында,  сондай-ақ  орнықты  даму  бағытында  халықаралық 

 
114 
қҧқықты одан әрі жетілдіріп отыру ҥшін ниетті еріктілік пен серіктестік рухына 
ынтымақтасады. 
Экологиялық  қауіпсіздік  тҧжырымдамасын  іске  асырудан  кҥтілетін 
нәтижелер:  Осы  қҧжаттың  ережелерін  іске  асыру  республикалық  деңгейде  іс-
шаралар  жоспарын  әзірлеуді,  сондай-ақ  коршаған  ортаны  қорғау  мен  ҧтымды 
табиғат  пайдалану  саласындағы  мемлекеттік  қолдау  және  реттеу  шараларын 
әзірлеуді және іске асыруды кӛздейді. 
Осы  қҧжаттың  ережелерін  қоғам  мен  мемлекет  қызметінің  жекелеген 
салаларына  және  экология  саласындағы  мемлекеттік  саясатты  жҥргізу 
ерекшеліктеріне  қатысты  нақтылау  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 
ӛңірлік  және  салалық  бағдарламаларын  әзірлеу  кезінде  жҥзеге  асырылуы 
мҥмкін [188, б. 268]. 
Бірінші кезеңде (2004-2007 жылдар) қоршаған ортаны қорғаудың 2005-2007 
жылдарға  арналған  бағдарламасы  қабылданып,  іске  асырылатын  қоршаған 
ортаны  қорғау,  экологиялық  сақтандыру,  ӛндіріс  және  тҧтыну  қалдықтары, 
экологиялық  аудит  туралы  мәселелерді  реттеуге  бағытталған  заң  актілері 
әзірленетін,  қоршаған  орта  мен  табиғи  ресурстар  мониторингінің  бірыңғай 
жҥйесі қҧрылатын болады. 
Бҧдан басқа келесі бағдарламалар:  
-  тӛтенше  жағдайлардың  алдын  алу  мен  жоюдың  мемлекеттік  жҥйесін 
дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған;  
-  2015-жылға  дейін  Қазақстан  Республикасында  қызған  газдардың 
қалдықтарын азайту жӛніндегі; 
- су ҥнемдеу жӛніндегі; 
- шӛлейттенумен кҥрес жӛніндегі іс-қимылдар; 
-  халықтың  ішкі  кӛші-қоны  және  экологиялық  апат  аймақтарының 
аумақтарын шаруашылық мақсатқа пайдалану; 
- байырғы ластануларды жою жӛніндегі; 
- ӛнеркәсіп және тҧрмыстық қалдықтарды басқаруды жетілдіру жӛніндегі; 

әскери-ғарыш  және  сынақ  кешендері  полигондары  аумағының 
экологиялық  жай-кҥйінің  мониторингі  жӛніндегі  бағдарламаларды  іске  асыру 
жоспарлануда. 
Мҧның  бәрі  бірінші  кезеңде  қоршаған  ортаға  тӛңірегінділер  мен 
шығарындыларды  тҧрақты  деңгейде  сақтауға  және  ӛндіріс  пен  тҧтыну 
қалдықтарын жинақтауға мҥмкіндік береді. 
Екінші кезеңде (2008-2010 жылдар) қоршаған ортаны қорғаудың 2008-2010 
жылдарға  арналған  бағдарламасын  іске  асыру  жолымен  тҧрақты  даму 
қағидаларына  сәйкес  келетін  және  қоршаған  ортаның  жай-кҥйін  сапалы 
жақсартудың ҥшінші кезеңінің басталуын қамтамасыз ететін қоршаған ортаны 
қорғаудың жҥйесін қҧру процесі толық аяқталуы тиіс. 
Ҥшінші  кезеңде  (2011-2015  жылдар)  барлық  белгіленген  бағдарламаларды 
аяқтау  нәтижесінде  қоршаған  орта  объектілері  сапасының  нормативтік 
кӛрсеткіштері  және  қоғамның  экологиялық  тҧрақты  дамуының  қолайлы 
деңгейіне  қол  жеткізілуі,  қоршаған  ортаның  қамтамасыз  етілуі  мен  сапасын 
басқару жҥйесінің қалыптастырылуы тиіс [188, б. 268].  

 
115 
Бҧл  бағдарламалардың  бәрі  ресми  қҧжатта  Қазақстан  Республикасының 
Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  қолымен  3-желтоқсан  2003-жылы  №1241 
бҧйрықпен бекітілген. 
Бҥгінгі таңда экологиялық мәселеге аса мән беріліп отыр. Қоршаған ортаны 
қорғау заңдылықтарының сақталуына мемлекеттік бақылауды кҥшейтуде, жаңа 
міндеттер  жҥктеуде.  Мәжілістен  кейін  ӛткен  баспасӛз  мәслихатында 
Қауіпсіздік  Кеңесінің  хатшысы-Омархан  Ӛксікбаев  кӛп  жылдардан  бері  кен 
орындарды  қазу,  ядролық  қаруларды  сынау  салдарынан  елімізде  кҥрделі 
экологиялық 
ахуалдың 
сақталып 
отырғандығын 
жеткізді. 
Ӛндіріс 
салаларындағы  қалдықтардың  да  кӛп  жиналуы  қоршаған  ортаға  залалын 
тигізуде. 
Қауіпсіздік  Кеңесі  хатшысының  айтуынша,  елімізде  мҧндай  ӛндіріс 
қалдықтарының  кӛлемі  20  миллиард  тоннаға  жуық.  Оның  5  миллиардтан 
астамы токсиндік  қалдықтар. Қоршаған ортаны негізгі ластаушылар мҧнай-газ 
ӛндірісі саласындағы кәсіпорындар, қара және тҥсті металдар, жылу энергиясы 
мен  тау-кен  орындары  болып  отыр.  Каспий  шельфін  игерудің  де  қоршаған 
ортаға  залалы  айрықша  алаңдаушылық  туғызуда.  Теңіздегі  мҧнайды  игеру 
кезінде  қоршаған  ортаны  қорғау  шараларының  сақталмауынан  Каспий 
теңізіндегі  биоресурстарға  келер  кері  әсерінің  де  ықтималдығына 
алаңдаушылық  туып  отыр.  Сондықтан  да  елімізде  экономиканың  даму 
қарқынының экологияға кері әсері болмау шаралары жҥзеге асырылмақ [192]. 
Бҧл  мәселелерді  шешу  барысында  Мемлекет  басшысы  Ҥкіметке  тҧрақты 
даму жӛніндегі Ҧлттық комиссияның ережесінің жобасын, сондай-ақ еліміздің 
тҧрақты  дамуының  Ҧлттық  бағдарламасын  дайындау  жӛніндегі  ҧсыныстарды 
енгізуді  тапсырды.  Бҧл  қҧжатта  экономикалық  ӛсу  мен  қоршаған  ортаны 
қорғаудың  тепе-теңдігінің  сақталуына  ҥлкен  маңыз  берілмек.  Сондай-ақ, 
Елбасы  тарапынан  тӛтенше  жағдайлардың  алдын  алуда  және  экологиялық 
қауіпсіздікті  сақтауды  қамтамасыз  етуде  елдегі  қҧқықтық-нормативтік  қорды 
жетілдіру  жайында  міндеттер  жҥктелді.  Қауіпсіздік  Кеңесінің  отырысында 
елдегі  ғылыми-техникалық  әлеует  және  басым  салалардағы  технологиялық 
даму мәселелері қаралды. 
Қоршаған  ортаны  қорғау  министрі  Айткҥл  Самақованың  айтуынша,  елдегі 
экологиялық жағдайды жақсартуда ИСО 9000 ИСО 14000 сияқты халықаралық 
ӛлшемдерді  енгізудің  ықпалы  мол  болмақ-деді.  Министр,  экономикада  және 
қоғамдық  экологияны  сауықтыру  саласында  бетбҧрыс  жасау  мәселесіне  назар 
аударды [192, б. 3].  
Қоршаған ортаның тазалығын  сақтау- әрбір азаматтың парызы. Сондықтан 
да  қоршаған  ортаның  тазалығын  сақтау  мәселелерінде  білім  берудің  барлық 
кезеңінде ҥйрету және экология мәселелері бойынша білім берудің мемлекеттік 
бағдарламасын  әзірлеу  қажеттілігіне  назар  аударылды.  Қоршаған  ортаның 
тазалығын  сақтауда  облыс  әкімдерінің  де  атқарар  міндеттеріне  назар 
аударылып отыр. 
«Оңтҥстік  Қазақстан  арнайы  табиғатты  қорғау  прокуратурасы  таяуда 
Оңтҥстік Қазақстан облысы аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының 
қызметкерлерімен  бірлесе  отырып,  Оңтҥстік  Қазақстан  облысы  кӛлемінде 

 
116 
Қазақстан 
Республикасы 
«Экологиялық 
Кодексінің» 
талаптарының 
орындалуына  тексерулер  жҥргізді.  Тексеру  нәтижелері  Оңтҥстік  Қазақстан 
облысында  кҥл-қоқыс  орналастыратын  полигондардың  ахуалы  бҥгінгі  таңда 
ешқандай  сын  кӛтермейтінін  айғақтап  берді.  Аталған  полигондарда 
экологиялық  заңнамалар  сақталмайды  және  «Жер  Кодексінің»  талаптары 
ӛрескел бҧзылады [193]. 
Ал, қоршаған ортаны қорғау басқармасының қызметкерлері және жергілікті 
жердегі  уәкілетті  инспекторлар  бҧл  келеңсіз  жағдайларға  тҥбегейлі  іс-шара 
қолданбаған. Ілуде бір шара кӛріле қалса оның да формальдылығы басым. Олар 
әрі кеткенде кҥл-қоқыс тасымалдайтын мекемелерді әкімшілік жауапкершілікке 
тартумен  ғана  шектелген.  Аудан,  қалаларда  орналасқан  полигондар  жергілікті 
атқарушы органдардың тарапынан заң талабы бойынша рәсімделмеген. Кейбір 
аудандарда аталған полигондар  тиісті мекемелердің қҧзіретіне берілмеген. Ал, 
берілген  жағдайда  жер  бӛлу  туралы  келісім-шартта  полигон  залалын 
рекультивация жасау жӛнінде міндеттеме кӛрсетілмейді. 
Қазақстан Республикасы «Жер Кодексінің» 140-бабында меншік иелері мен 
жер  пайдаланушылар  бҥлінген  жерді  рекультивация  жасауға,  оның 
қҧнарлылығын  және  басқа  да  пайдалы  қасиеттерін  қалпына  келтіру  мен  оны 
шаруашылық  айналымға  уақытша  тартуға,  жер  бҥлінгенде  топырақтың 
қҧнарлы қабатын сыдырып алуға, сақтауға міндеттелген [193, б. 2].  
Мысалы,  «Спецавтотранспорт»  ЖШС-іне  Шымкент  қаласы  әкімінің  2005- 
жылғы 9-тамыздағы № 323 қаулысының негізінде кҥл-қоқыс тастайтын 21,7960 
гектар  жер  учаскесі  полигон  ретінде  10  жылға  келісім-шартпен  берілген. 
Алайда,  аталған  ЖШС  санитарлық-эпидемиологиялық  және  экологиялық 
талаптарды ӛрескел тҥрде бҧзуда.  
Атап айтқанда, экологиялық сараптамадан ӛтпеген полигонда ең қарапайым 
талаптардың  бірі-санитарлық  ара  қашықтық  сақталмауда.  Кҥл-қоқысы 
шашылып  жатқан  полигоннан  маңайындағы  тҧрғын  ҥйлер  зардап  шегуде. 
Қалдықтардан бӛлінетін улы заттар табиғи ортаға кері әсер етіп, ол ӛз кезегінде 
тҧрғындар денсаулығына залалын тигізуде. Тҥсініктірек болу ҥшін айта кетсек, 
сол кҥл-қоқыстан газдар мен озон қабаты бҥлінуде [193, б. 2].  
Мамандардың тҧжырымына сенсек, полигонда 5 миллион тонна кҥл-қоқыс 
жиналған. Ал, қала әкімімен жасасқан  жоғарыдағы келісім-шартта полигоннан 
келетін  залал  бойынша  рекультивация  жасау  жӛнінде  жер  пайдаланушының 
міндеттемесі  ретінде  кӛрсетілмеген.  Бҧл  ӛкінішке  қарай,  жалғыз-жарым  факті 
емес,  мҧндай  мысалдарды  Оңтҥстік  Қазақстан  облысындағы  барлық  аудан, 
қалалардан  табуға  болады.  Полигондардың  іс-қҧжаттары  осы  уақытқа  дейін 
рәсімделмеген, жер пайдаланушының қҧқықтық актілері заңды тҥрде бекітіліп 
берілмеген. 
Мҧның 
ӛзі 
жер 
пайдаланушылардың 
экологиялық 
жауапкершіліктен жалтарып кетуіне жол береді, ал, жер қыртыстарына келетін 
зиян мӛлшерін жан-жақты жетілдірілген бҥгінгі заманғы машина да дәл есептеп 
бере алмайды. 
Аталған  тексеруге  қатысқан  қоршаған  ортаны  қорғау  басқармасының 
аудандық  уәкілетті  инспекторлары  тексеру  жҧмыстарын  тым  орынсыз  созып 
жібергенін  де  айтуға  тура  келеді.  Ӛз  учаскесіндегі  полигонды  тексермеген 

 
117 
инспекторлар  да  табылады.  Соның  салдарынан  прокуратураға  сапасыз  толық 
емес  мәліметтер  жолданған.  Кейбір  инспектор  тексеру  қорытындысында 
ешқандай  заң  бҧзушылық  анықталмағанын  кӛрсеткен.  Мҧның  ӛзі  қоршаған 
ортаны қорғау басқармасының инспекторлары ӛз қызметтік міндеттеріне салақ 
қарағандығын, 
басшылары 
тарапынан 
ведомстволық 
қадағалау 
мен 
бақылаудың қажетті деңгейде болмағандығын кӛрсетеді [193, б. 2]. 
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кҥрес туралы» 
Заңының  12-бабының  4-тармағы  бойынша  мемлекеттік  міндеттерді  атқаруға 
уәкілеттік берілген адамдардың немесе соларға теңестірілген лауазым иелерінің 
шешімдер  әзірлеу  мен  қабылдау  кезінде  заңды  және  жеке  тҧлғаларға  заңсыз 
артықшылық  кӛрсетуі  сыбайлас  жемқорлыққа  жағдай  туғызатын  қҧқық 
бҧзушылық ретінде таңбаланады. Осынау қҧқық бҧзушылық барлық жоғарыда 
кӛрсетілген  аудандық  қоршаған  ортаны  қорғау  басқармасының  уәкілетті 
инспекторларының жҧмысында орын алған.  
Қазақстан  Республикасының  «Экологиялық  Кодексінің»  301-бабында 
сҧйық 
қалдықтарды, 
полигон 
жағдайында 
жарылатын, 
коррозиялы, 
қышқылданатын,  ӛрт  қаупі  жоғары  немесе  ӛрт  қаупі  бар  қауіпті  қалдықтарды, 
сумен  реакцияға  тҥсетін  қалдықтарды  полигондарға  қабылдауға  және 
орналастыруға тиым салынатынын да ескерте кеткеннің артықтығы болмас деп 
ойлаймыз...  
«Экологиялық 
Кодекстің» 
288-бабында 
ӛнеркәсіп 
және 
тҧтыну 
қалдықтарымен  жҧмыс  істеу  кезінде  жеке  және  заңды  тҧлғалар  олармен 
қауіпсіз  жҧмыс  істеу  шараларын  кӛздеуге,  экологиялық  және  санитарлық-
эпидемиологиялық  талаптарды  сақтауға  міндеттелген.  Ал,  тексеру  барысында 
барлық  қала,  аудандарда  орналасқан  полигондардың  қоршаған  ортаға  әсерді 
бағалау  іс-қҧжаттары  міндетті  мемлекеттік  экологиялық  сараптамадан 
ӛтпегендігі анықталды [193, б. 3].    
Қазақстан  Республикасының  Президенті  3-желтоқсан  2003-жылы  бекіткен 
«Қазақстан  Республикасының  2004-2015  жылдарға  арналған  экологиялық 
кауіпсіздігінің  тҧжырымдамасы»  жылдың  басты  қорытындысы  болып 
табылады.  Онда  еліміздің  экологиялық  қауіпсіздігін  қазіргі  жағдайдағы 
стратегиялық  мақсаттардың  дамуына  сәйкес  қамтамасыз  етудің  алғышарттары 
нақтыланған және кеңейтілген [194].    
Осы тҧжырымдамада кӛрсетілгендей, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз 
етудің негізгі тетіктері: 
- экономиканы экологияландыру; 
-  табиғат  пайдалану  және  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы 
мемлекеттік бақылау жҥйесінің экономикалық тетіктерін жетілдіру; 
-  табиғат  пайдалану  мен  экологиялық  сараптама  жасауда  рҧқсат  беру 
жҥйесін оңтайландыру; 
-  қоршаған  ортаның  жағдайына  мониторинг  жасаудың  тиімді  жҥйесін 
енгізу;  
- Қазақстан Республикасының заңдарын экологияландыру; 
- қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарды жетілдіру және жҥйелеу; 

 
118 
-  қоршаған  ортаны  қорғаудың  ИСО-14000  халықаралық  стандартын  енгізу 
[194, б. 15].    
Кез  келген  қҧқықтық  мемлекеттегі  сияқты,  бҧл  мәселелердің  бәрі  осы 
салаға  қатысты  заңдарды  қабылдау  және  жетілдіру  арқылы  жҥзеге  асады.  Бҧл 
кҥндері  республикада  экологиялық  жағдайға  әсер  ететін  қҧқықтық  қатынас 
субъектілерінің қызметін реттейтін қажетті заңдық актілер біршама қамтамасыз 
етілген.  Ол  заңдар  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  ережелеріне    
сәйкес  қабылданған  және  мына  тӛмендегі  негізгі  мақсаттарды  шешуге 
бағытталған:  
- қоршаған ортаны қорғау; 
-
 
табиғи ресурстарды тиімді пайдалану; 
-
 
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету [194, б. 15].    
Қазіргі  қолданыстағы  заң  актілерінде  азаматтардың  конституциялық 
қҧқықтарын қамтамасыз етудің тетіктері былайша нақтыланған: 
- қолайлы қоршаған орта; 
- қоршаған ортаның жағдайы жайлы нақты хабарлама; 
- азаматтардың денсаулығы мен мҥлкіне келген зиянды қайтару. 
Сонымен  бірге  қҧқықтық  қатынастар  субъектілерінің  міндеттері  де 
айқындалған: 
- табиғат байлықтарына ҥнемділікпен қарау; 
- қоршаған ортаның сақталуы мен қорғалуы [194, б. 15].    
Тҧтастай  алғанда,  казіргі  кезде  Қазақстан  Республикасының  экологиялық 
қҧқық саласының заңдық негіздері заңдардың бес тобынан тҧрады. 
Бірінші  топ -  қоршаған ортаны қорғау  және табиғи ресурстар саласындағы 
заңдар:  «Қоршаған  ортаны  қорғау  туралы»;  «Жер,  орман  және  су  кодекстері»; 
«Жер  қойнауы  және  жер  қойнауын  пайдалану  туралы»;  «Мҧнай  туралы»; 
«Атмосфералық  ауаны  қорғау  туралы»;  «Жануарлар  әлемін  қорғау,  қалпына 
келтіру  және  пайдалану  туралы»;  «Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар 
туралы», т.б. 
Екінші топ - қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік бақылау және басқару 
мәселелеріне қатысты заңдар: «Экологиялық сараптама туралы»; «Радиациялық 
қауіпсіздік  туралы»;  «Азаматтардың  денсаулығы  мен  тҧрғындардың 
санитарлық-эпидемиологиялық 
салауаттылығы 
туралы»; 
«Азаматтық, 
әкімшілік, қылмыстық және кеден кодекстері». 
Ҥшінші  топ  -  қоршаған  ортаны  қорғауды  қаржылай  қамтамасыз  ететін 
заңдар:  «Әр  жылғы  республикалық  және  облыстық бюджеттер»;  «Салық  және 
бюджетке  тӛленетін  ӛзге  де  тӛлемдер  туралы»;  «Инвестициялар  туралы»; 
«Кәсіпкерлікті қолдау туралы», т.с.с. 
Тӛртінші  топ  -  адам  ӛмірінің  сапасы  туралы  заңдар:  «Халықтың 
денсаулығын  қорғау туралы»; «Азаматтардың санитарлық-эпидемиологиялық 
салауаттылығы  туралы»;  «Тамақ  ӛнімдерінің  сапасы  мен  қауіпсіздігі  туралы», 
т.с.с. [194, б. 14].    
Бҧл  заңдар  тобына  азаматтарды  әлеуметтік  қорғау  туралы  заңдарды,  атап 
айтқанда,  Арал  ӛңірі  мен  Семей  полигонының  зардабын  тартқандарға 
әлеуметтік кӛмек жайлы заңдарды да жатқызуға болады. 

 
119 
Бесінші  топқа  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  халықаралық 
конвенциялар мен келісімдер жатады. 
Қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасының  Парламенті  20-дан  астам 
халықаралық  конвенцияларды,  келісімдер  мен  хаттамаларды  бекіткен. 
Қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  заңдарды  жетілдіру  біздің  мемлекетіміз 
ҥшін  оң  фактор  деп  санаймыз.  Сонымен  қатар,  қоршаған  ортаны  қорғау 
саласындағы заңдарды жетілдіруде кемшіліктер де бар. 
Атап айтқанда, біріншіден, қоршаған ортаны қорғау саласында базалық заң 
болып  табылатын  «Қоршаған  ортаны  қорғау  туралы»  заң  мен  оны  орындауға 
бағытталған  Ҥкімет  пен  министрліктердің  50-ге  жуық  нормативтік  актілері 
ескірген, оларды қайта қарап, заманға сай ӛзгерту керек. 
Екіншіден,  кейбір  заң  актілерінің  жоқтығынан  қоршаған  ортаны  қорғауға 
байланысты  қоғамдық  қатынастардың  реттелуі  қиындап  отыр.  Мәселен, 
елімізде 20 млрд. тоннадан астам ӛндірістік және тҧрмыстық қалдықтар ашық-
шашық  жатқанда  және  олардың  кӛлемі  жыл  сайын  1  млрд.  тоннаға  кӛбейіп 
жатқанда,  «Қалдықтар  туралы»  заң  жобасы  Ҥкімет  тарапынан  дайындалмай 
отыр.  Ал  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігі  бҧл  қатынастарды  реттеуді 
«Қоршаған  ортаны  қорғау  туралы»  заңға  ӛзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу 
арқылы шешуді ҧсынады. Біздің ойымызша, ол жеткіліксіз [194, б. 15].    
Сонымен  қатар  экологиялық  аудит  туралы,  экологиялық  кәсіпкерлік 
туралы,  экологиялық  сақтандыру  туралы  заңдар  керек.  Қоршаған  ортаны 
қорғау министрлігі Ҥкімет тарапынан әр жылдарға жоспарлаған заң жобаларын 
кӛбіне  ҧсынбайды,  ҧсына  қалса  кешіктіреді.  1997-жылдың  соңынан  бері 
министрлік  бірде-бір  жаңа  заң  жобасын  жасап,  ҧсынған  емес.  Қайта,  олардың 
бҧл  кемшілігін  депутаттар  толықтыруға  тырысу  жолында  еңбектеніп, 
«Атмосфералық  ауаны  қорғау  туралы»,  «Тамақ  ӛнімдерінің  сапасы  мен 
қауіпсіздігі туралы» заң жобаларын дайындап ҧсынды, олар қабылданды. Енді 
«Қалдықтар  туралы»  және  «Ауыз  су  туралы»  заң  жобаларын  ҧсынып  жатыр 
[194, б. 15].    
Сондай-ақ,  «Экологиялық  ақпарат  туралы»,  «Экологиялық  сараптама 
туралы»  заң  жобалары  да  депутаттар  тарапынан  дайындалып,  ҧсынылды. 
Осының  бәрі  Парламент  депутаттарының  қоршаған  ортаны  қорғау,  халықтың 
денсаулығына  экологиялық  әсерлерді  қҧқықтық  реттеу  ісінде  ӛз  ҥлестерін 
қосып отырғанын дәлелдейді. 
Экологиялық  қауіпсіздікті  сақтау  ҧлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етудің 
және  еліміздің  халықаралық  интеграциялық  процестердегі  мҥдделері  мен 
басымдылықтарының  басты  негіздерінің  бірі.  Табиғи  ресурстарды  кӛптеп 
пайдалану  оның  азайып,  сапасының  тӛмендеуіне  әкеледі,  сондай-ақ, 
экологиялық  тоқырау  жағдайына  тап  боламыз.  Экологиялық  қиыншылықтар 
бір  аймақта  немесе  бір  салада  басталып,  аймақтық  және  мемлекеттік,  тіптен 
халықаралық  қиындықтарға  ҧшыратады.  XXI  ғасыр  басында  жер  бетіндегі 
табиғи,  ресурстық  және  биосфералық  жҥйе  бір-біріне  байланысты  ғана  емес, 
олардың  тағдыры  да  бір-біріне  тәуелді.  Бҧл  жҥйелердің  экологиялық 
қауіпсіздігінің  деңгейін  қалыпты  жағдайда  сақтау  және  планеталық 
ресурстарды реинвестициялау ҥшін солардың мҥмкіндіктеріне сҥйене отырып, 

 
120 
ӛздерінің экономикалық ӛсуін жасайтын мемлекеттер мен геосаяси жҥйелердің 
ӛзара келісімді іс-әрекеті керек [195].    
Жоғарыда 
аталған 
мәселелер 
Парламент 
Мәжілісінің 
экология 
және  табиғат  пайдалану  жӛніндегі  комитетінің  басты  назарында  тҧр. 
Парламент  аясында  қоршаған  ортаны  қорғау  мен  табиғи  ресурстарды 
пайдалану жӛніндегі басындағы жағдайы мен мәселелері: 
-  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  жҧмыс  істеп  тҧрған  заңдардың 
тиімділігіне  талдау жасау;  
- экологиялық заңдар жҥйесінің моделін жетілдіру; 
-  экологиялық  кодекс  жобасын  жасап,  заңға  айналдыру  ісіне  белсене 
араласу; 
- Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тҧрғысынан  табиғи 
ресурстар, табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды ҥйлестіру; 

экономикалық 
заңдардың 
экология 
талаптарына 
сәйкестігін 
қамтамасыз ету;  
-  азаматтар  мен  ӛсіп  келе  жатқан  ҧрпақтың  экологиялық-қҧқықтық 
санасының қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етуге атсалысу [195, б. 6].    
Заң шығарушылық  ісінің нақты шараларына келер болсақ  1999-жылдың 1- 
желтоқсанынан  бастап  екі  жыл  ішінде  «Табиғи  және  техногендік  сипаттағы 
тӛтенше  жағдайлар  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңына  ӛзгерістер 
мен толықтырулар енгізу туралы (23.06.2000); 
«Орталық  Азия  аймақтық  экологиялық  орталығы  жҧмысының  жағдайлары 
жӛніндегі келісімді бекіту туралы» (05.07.2000); 
«Қазақстан  Республикасының  Шекара  аралық  тҧрғыдан  қоршаған  ортаға 
жасалатын әсерді бағалау туралы конвенцияға қосылуы туралы» (21.10.2000); 
«Ақпаратқа  кіру,  шешімдер  қабылдау  процесіне  жҧртшылықтың  қатысуы 
және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігінше қол жеткізу 
туралы конвенцияны бекіту туралы» (23.10.2000); 
«Қазақстан  Республикасының  Ӛнеркәсіптік  авариялардың  шекарааралық 
әсері туралы конвенцияға қосылуы туралы» (23,10.2000); 
«Қазақстан Республикасының Шекарааралық су арналары мен халықаралық 
кӛлдерді қорғау және пайдалану конвенциясына қосылуы туралы» (23.10.2000); 
«Қазақстан  Республикасының  ауаның,  алыс  қашықтықта  шекарааралық 
ластануы туралы конвенцияға қосылуы туралы» (23.10.2000); 
«Қоршаған  ортаны  қорғау  туралы»  Қазақстан  Республикасының 
Заңына ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (04.06.2000); 
«Қазақстан  Республикасы  Ҥкіметі,  Қырғызстан  Республикасы  Ҥкіметі, 
Тәжікстан  Республикасы  Ҥкіметі  және  Ӛзбекстан  Республикасы  Ҥкіметі 
арасындағы  гидрометеорология  саласындағы  ынтымақтастық  туралы  келісімді 
бекіту туралы» (05.10.2000); 
«Қазақстан  Республикасының  кейбір  заң  актілеріне  ерекше  қорғалатын 
табиғи  аумақтар  мәселелері  бойынша  ӛзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу 
туралы» (23.10.2001); 

 
121 
«Атмосфералық 
ауаны 
қорғау 
туралы», 
«Қауіпті 
ӛнеркәсіп 
объектілеріндегі  ӛнеркәсіп  қауіпсіздігі  туралы»  Қазақстан  Республикасының 
заңдары қабылданды [195, б. 6]. 
Қазіргі  таңда  Парламентте  бір  топ  депутаттар  бастамашы  болған  «Балық 
аулау және балық қорларын қорғау туралы» және «Қазақстан Республикасының 
кейбір заң актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша ӛзгерістер 
мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобалары талқылану ҥстінде. 
Парламентте  «Экология»  атты  депутаттық  топ  қҧрылды,  оның  қҧрамында 
23  депутат  болды.  Олардың  мақсаты  Парламенттегі  заң  шығару  ісінде 
экологиялық  жобалардың  ӛтуіне  жәрдемдесу,  экономикалық  және  әлеуметтік 
заңдардың экология талаптарын бҧзбауын қадағалау және экология саласының 
мәселелеріне жҧртшылық назарын аудару болып табылады. Ол топты  комитет 
мҥшесі Тӛлен Тоқтасынов басқарады. 
Бҧлардан 
басқа 
парламенттік 
қызметтің 
кӛпқырлы 
іс-шаралары 
ҧйымдастырылды.  Атап  айтқанда,  2000-жылы  9-наурызда  Парламент 
депутаттары  «Қазақстандағы  қоршаған  ортаны  қорғау  мемлекеттік  қорының 
жҧмысын  және  қоршаған  ортаны  қорғауға  арналған  инвестициялар  жасаудың 
қаржылық  кӛздеріне  шолу»  жобасын  жҥргізетін  халықаралық  сарапшылар 
тобымен кездесті.  
13-наурыз  2000-жылы  Байқоңыр  ғарыш  айлағын  пайдалануға  байланысты 
туындаған  әлеуметтік-экономикалық  және  экологиялық  мәселелер  жӛнінде 
Ҥкімет сағаты ӛткізілді.  
26-сәуір  2000-жылы  Комитет  «Қазақстан  Республикасындағы  экологиялық 
мәселелер,  жай-кҥйі,  оны  шешу  мен  басқарудың  тиімділігін  арттыру»  деген 
тақырыпта кеңейтілген отырысын ӛткізді.  
5-6-маусым 
2000-жылы 
комитет 
мҥшелері  Кӛкшетау  қаласында 
ОБСЕ  тарапынан  ҧйымдастырылған  «Ақпаратқа  кіру,  шешімдер  қабылдау 
процесіне  жҧртшылықтың  қатысуы  және  қоршаған  ортаға  қатысты  мәселелер 
бойынша  сот  әділдігіне  қол  жеткізу»  деген  тақырыптағы  Семинарға  қатысты. 
Семинар  барысында  Парламент,  Табиғи  ресурстар  және  қоршаған  ортаны 
қорғау  министрлігі мен  экологиялық  қоғамдық бірлестіктер  арасында  бірлесіп 
жҧмыс істеу жайлы меморандумға қол қойылды [195, б. 6].  
2-қыркҥйек  2000-жылы  Парламентте  «Ақпаратқа  кіру,  шешімдер  қабылдау 
процесіне  жҧртшылықтың  қатысуы  және  қоршаған  ортаға  қатысты  мәселелер 
бойынша  сот  әділдігіне  қол  жеткізу»  туралы  Ҥкімет  сағаты  ӛткізіліп,  Табиғи 
ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі хабарлама жасады. 
26-қыркҥйек  2000-жылы  Парламенттегі  «Экология»  депутаттық  тобының 
қатысуымен  Балқаш  кӛлін  қорғауды  қҧқықтық  реттеу  мәселелері  жайлы 
комитеттің кеңейтілген отырысы ӛтті.  
14-желтоқсан  2000-жылы  комитет  мҥшелері  әріптестік  бағдарламасы 
мҥшелері-ОКИОК 
және 
американдық 
энергетикалық 
қауымдастық 
мҥшелерімен кездесті.  
10-15-мамыр  2001-жылы  комитет  Атырау  облысының  экологиялық 
жағдайымен танысып, соның қорытындысын ӛзінің кӛшпелі отырысында облыс 
басшыларымен,  облыстағы 
қоршаған 
ортаны 
қорғау 
саласының 

 
122 
мамандарымен,  экологиялық  қоғамдық  бірлестіктермен  және  жергілікті 
тҧрғындар ӛкілдерімен бірге талқыланды. 
2001-жылы 
26-29-қыркҥйек  аралығында  Семей  қаласында  «Сирек 
кездесетін  жолақты  қарағайлы  орманының  жай-кҥйі,  мәселелері  мен  оларды 
шешудің  жолдары  туралы»  мәселе  бойынша  комитеттің  кӛшпелі  отырысы 
болды. 
26-қазан  2001-жылы  комитет  «Қазақстан  Республикасының  халқын  ауыз 
сумен  қамтамасыз  ету  туралы»  деген  мәселе  бойынша  Парламенттік  тыңдау 
ӛткізді.  16-17-қараша  2001-жылы  Балқаш  қаласы  мемлекеттік  органдары 
ӛкілдерінің,  ӛнеркәсіп,  білім  беру  мен  ғылым  салаларының  басшылары  мен 
мамандарының  және  кәсіпкерлердің,  жҧртшылықтың  қатысуымен:  «Іле-
Балқаш  бассейнінің  экологиялық  жай-кҥйі,  Балқаш  кӛлін  қорғау  мәселелері» 
деген тақырыпта комитеттің кеңейтілген отырысы ӛткізілді. 
23-қараша  2001-жылы  комитет  Табиғи  ресурстар  және  қоршаған  ортаны 
қорғау  министрлігімен  бірлесе  отырып  Білім  және  Ғылым  министрлігінің, 
Мәдениет,  Ақпарат  және  Қоғамдық  келісім  министрліктерінің  қатысуымен 
«Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жҧртшылықтың қатысуы және 
қоршаған  ортаға  қатысты  мәселелер  бойынша  сот  әділдігіне  қол  жеткізу 
туралы» Орхус конвенциясы шеңберінде бірлескен алқа мәжілісін ӛткізді [195, 
б. 6]. 
Алдағы мерзімде комитет мынадай заң  жобаларын дайындауды жоспарлап 
отыр:  «Ғарыштық  қызмет  туралы».  Бҧл  заң  экономиканы,  ғылым  мен 
техниканы  дамытуға,  еліміздің  қорғанысы  мен  қауіпсіздігі  жолында 
ғарыштық  қызметті  қҧқықтық  жағынан  қамтамасыз  етуге,  ғарыш  айлағы 
тҧрғындарының қорғалуын жақсартуға бағытталған. 
«Міндетті  экологиялық  сақтандыру  туралы»  айтатын  болсақ,  бҧл  заң 
міндетті экологиялық сақтандырудың қҧқықтық негізін жасайды, азаматтар мен 
заңды  тҧлғалардың  қоршаған  ортаға,  адамдардың  денсаулығын  сақтауға 
келтірген  зияндарын  ӛтеу  шараларын  мықтылауды,  «Сақтандыру  қызметі 
жайлы»  Қазақстан  Республикасының  Заңды  экология  саласы  бойынша 
дамытатын болады. 
«Ӛндіріс  және  тҧрмыстық  қалдықтары  туралы»  айтып  ӛтейік.  Бҧл  заң 
ӛндіріс 
және 
тҧрмыстық 
қалдықтарды 
жинау, 
сақтау, 
пайдалану, 
залалсыздандыру  және  кӛму  мен  жою  секілді  шаралар  арқылы  қалдықтардың 
қоршаған  орта  мен  адамдардың  денсаулығына  зиянын,  оны  болдырмау 
шараларын  реттейтін  болады,  қалдықтарды  шаруашылық  ісінде  пайдаланудың 
қҧқықтық негіздерін жасайды. 
«Жануарлар әлемін  қорғау, кӛбейту және пайдалану туралы» Заңның жаңа 
редакциясы  туралы  айталық,  бҧл  мәселе  жануарлар  әлемін  қорғау  мен 
кӛбейту  мәселесін  жақсарту,  жануарлардың  бір  ӛңірде  кӛп  болып 
кетіп,  бір  ӛңірде  болмай  қалуын  болдыртпай,  артық  жерін  пайдалану, 
жоқ  жерін  толықтыру  мәселелерін  қайта  реттеу  қажеттігіне  байланысты 
туындап отыр.  
«Балқаш  кӛлін  қорғау  туралы»  заң  арқылы  Балқаш  кӛлі  экологиялық  апат 
шегіне жетпей тҧрғанда оны қорғау шараларын белгілейді.  

 
123 
Қазіргі жҧмыс істеп тҧрған Орман кодексі 1993-жылы қабылданғандықтан, 
одан  бергі  жылдары  Конституция  мен  Азаматтық  кодекс  жаңадан 
қабылданғандықтан  және  орман  қорғау  мен  орманға  қатысты  қоғамдық 
қатынастарды қҧқықтық реттеуді жақсарту мақсатында жасалады. 
«Су  кодексі»  заңы  1993-жылы  қабылданған.  Содан  бері  ӛткен  жылдар 
арасында  нарық  қатынасына  кӛшуге  және  мемлекеттің  ауыл  шаруашылығы 
кәсіпорындарды  тҥгелдей  дерлік  жеке  меншік  кәсіпорындарға  айналуына 
байланысты заңды жаңа талаптарға сай қайта жасау қажеттігі туындады. 
«Экологиялық  кодекс»  заңы  бір  жылдың  жҧмысы  емес.  Табиғи  ресурстар 
және  қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігі  заңның  жобасын  жасау  ниетімен 
Парламент  депутаттары  мен  қоғамдық  бірлестіктердің  қатысуымен  жҧмыс 
бастады [195, б. 6]. Мақсат барлық экологиялық мәселелерге қатысты басты заң 
жасау болып табылады. Мҧндай тәжірибе кӛптеген елдерде бар. ТМД  елдерінің 
Парламентаралық  Ассамблеясы  да  осындай  модельдік  заң  жобасын  әзірлеп 
жатыр.  Осы  заң  жобаларымен  қатар  комитет  алдағы  мерзімде  де  Ҥкімет 
сағаттары,  Парламенттік  тыңдаулар,  семинарлар  мен  дӛңгелек  ҥстел 
кездесулері секілді тҥрлі шаралар ҧйымдастыруды жалғастыра беретін болады. 
2005-жылы  наурызда  Шығыс  Қазақстан  облысында  «Жер  қойнауы  және 
жер  қойнауын  пайдалану  туралы  заңдардың  қҧқық  қолдану  тәжірибесінің 
тиімділігі,  мәселелері  және  оларды  шешу  жолдары»  деген  тақырыпта 
комитеттің кӛшпелі отырысы ӛткізілді. 
Сондай-ақ  жақын  мерзімде  радиация  қалдықтарын  тасымалдау  мен  сақтау 
мәселесі  жӛнінде  дӛңгелек  ҥстел  ӛткізіп,  оны  жақтаушылар  мен  қарсы 
болушыларды жолықтырамыз деген ойдамыз. 
Бҧрыннан  жасалып  келе  жатқан  ашық  талқылау,  хабарлама  берудің 
жеңілдігі  секілді  Орхус  конвенциясына  сай  келетін  ақпарат  беру  мен  бірлесіп 
жҧмыс жҥргізу саясаты жалғаса беретін болады. 
Экологиялық  сақтандыру  қоршаған  ортаға,  ӛмірге,  денсаулыққа  немесе 
басқа  тҧлғалардың  мҥлігіне  зиян  келгенде,  келісім-шартта  кӛрсетілген 
міндеттемелерге  жауапкершілік  қатері  тӛнгенде  жеке  немесе  заңды  тҧлғаның 
(сақтандырылған)  мҥліктік 
қҧқығын  қорғаумен  байланысты  қарым-
қатынастардың кешені болып табылады [196]. 
Экологиялық  сақтандыру  -  ӛзіндік  белсенді  дамуды  талап  ететін  маңызды 
бағыт.  Нарықты  жіті  реттеу  аясында  сақтандыру  тӛлемдері  келтірілген 
шығынның  мӛлшерін  немесе  тазалау  жҧмыстарының  қҧнына  тең  келеді, 
сонымен  қатар  қайталанып  тиюі  мҥмкін  зиянын  есепке  алады.  Мҧндай 
жағдайда,  қоршаған  ортадағы  шығынды  экологиялық  сақтандыру  жҥйесін 
дамыту  мақсатында  ластаушы-кәсіпорындарын  ынталандыру  қарастырылған, 
демек  олардың  жҥзеге  асырып  жатқан  ӛндірістік  процестері  қоршаған  ортаны 
ластау  немесе  апат  тудыруға  аз  қауіп  келтіретін  болса,  кәсіпорындар  аз 
мӛлшердегі сақтандыру тӛлемдерін тӛлейді. 
Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты апатты ластану салдарынан 
қоршаған  ортаға  және  (немесе)  ҥшінші  тҧлғалардың  ӛміріне,  денсаулығына, 
мҥлкіне келтірілген зиянның орнын толтыру болып табылады.  

 
124 
Қазақстан  Республикасының  «Міндетті  экологиялық  сақтандыру  туралы» 
Заңына   сәйкес  шаруашылықтың  немесе  басқа  қызметтің  экологиялық  қауіпті 
тҥрлерімен  айналысатын  жеке  және  заңды  тҧлғалар   міндетті  тҥрде 
экологиялық  сақтандыруға  жатады.  Заң  экологиялық  қауіпті  шаруашылық 
тҥрімен айналысатын және ӛзге де қоршаған ортаға зияны бар қызметті жҥзеге 
асырушы 
жеке 
және 
заңды 
тҧлғалардың 
азаматтық-қҧқықтық 
жауапкершіліктерін  міндетті  сақтандырудың  қҧқықтық,  экономикалық  және 
ҧйымдастырушылық негіздерін анықтайды. 
Аталмыш  Заңды  іске  асыру  мақсатында  Қазақстан  Республикасы 
Ҥкіметінің  2006-жылғы  18-мамырдағы  №423  «Қазақстан  Республикасы 
Ҥкіметінің  2004-жылғы  8-қаңтардағы  №19  қаулысына  ӛзгертулер  мен 
толықтырулар енгізу туралы» қаулы қабылданды [197]. 
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі қоршаған ортаны қорғау 
саласындағы  лицензияланатын  қызмет  тҥрлерін  қысқартуды,  соның  ішінде 
экологиялық  қауіпті  шаруашылық  қызметті  лицензиялауды  алып  тастау 
қарастырылған.   
Қазақстан  Республикасы  Экологиялық  кодексінің  95  бабына  сәйкес  (ары 
қарай - Экологиялық кодекс) экологиялық сақтандыру қоршаған ортаны қорғау 
мен  табиғатты  пайдалануды  экономикалық  реттеу  механизмдерінің  бір  тҥріне 
жатады [197, б. 27]. 
Экологиялық  зиян  келтірген  ҥшін  жауапкершілікке  тарту  жҥйелері 
экологиялық  реттеу  мәселелеріне  альтернативті  тҥрде  қарайды.  Реттеу 
мақсаттарына  келсек,  мҧндай  жҥйелер  орнаған  жағдайға  байланысты 
экономикалық  стимул  қҧру  мақсатында,  сонымен  бірге  бюджеттік  кіріс  алу 
мақсатында  пайдаланылады.  Экологиялық  зиян  келтіргеніне  қатаң  жауапқа 
тартылу  жҥйесі  ластаушы  келтірген  зияны  ҥшін  қаржылай  жауапкершілікке 
тартылған  кезде,  мҧндай  зиян  тигізгені  ҥшін  қауіпті  азайту  бойынша  шаралар 
қолдануға ерекше стимул қалыптастырады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет