Әшімова гҥлназ бейсенбайқызы



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата22.01.2017
өлшемі1,15 Mb.
#2418
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
 
1.3 
Қазақстан 
Республикасының 
экологиялық 
мәселелерге 
байланысты әлеуметтік жағдайы мен ахуалы 
 
Қазіргі  кезде  Қазақстан  -  бҥкіл  дҥниежҥзі  мойындаған  дамушы  елдердің 
бірі,  біздің  ел  Тәуелсіз  мемлекеттер  достастығы  кеңістігіндегі  әлеуметтік-
экономикалық реформаларды лайықты жҥргізе білген және оның жемісін кӛріп 
келе  жатқан  жалғыз  ел  десек  артық  айтқандық  емес.  Сондықтан  біз  енді-енді 
еңсемізді  кӛтеріп,  етегімізді  жиып  келе  жатқан  кезде  еліміздің  қол  жеткізген 
осы жетістіктерін ҧрпақтан-ҧрпаққа аманат етіп, оның ары қарай жалғасын таба 
беруіне қолда бар мҥмкіндіктің бәрін жасауымыз керек деп ойлаймыз. Бҧл ҥшін 
қандай  іс-шаралар  атқарылуы  керек?  Біздің  пікірімізше,  бҧл  ҥшін  ең  алдымен 
еліміздің  тәуелсіздігі  сақталып,  халықтар  арасындағы  достық  пен 
ынтымақтастық  нығаюы  керек,  еліміз  әлеуметтік-экономикалық  салада 
халықтың  тҧрмыс  деңгейін  жақсарта  алатын  реформалар  жҥргізілуі  тиіс, 
сонымен  бірге  еліміздің  барлық  салада  бәсекеге  қабілетті  болуы  ҥшін  білім 
және  ғылым  деңгейі  әрқашан  жоғары  болуы  керек,  адамның  шымыр  да 
шыдамды,  жинақы  да  жігерлі  болуы  ҥшін  салауатты  ӛмір  салтының 
принциптері  қалыптасып,  дене  тәрбиесі мен  спорттың  кеңірек  насихатталғаны 
абзал.  
Біздің  еліміздің  келешегі  -  жастардың  қолында,  сондықтан  Қазақстанның 
қарқынды  дамып,  оның  әлеуетті  мҥмкіндігін  арттыру  ҥшін  жоғарыда  аты 
аталған  іс-шаралармен  бірге  біз  ӛскелең  ҧрпақтың  тәрбиесіне,  оның  бойында 
отансҥйгіштік сезімді қалыптастыруға баса назар аудара жҧмыс істеуіміз керек. 
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев ӛзінің   «Сындарлы 
он  жыл»  атты  еңбегінде  былай  деп  жазады:  «Сонымен  біз  тәуелсіз  мемлекет 
қҧрдық.  Ӛз  тарихымызда  тҧңғыш  рет  осындай  қалыпта,  осындай  аумақта 

 
67 
қҧрдық.  Біздің  уақытымыздың  бҧлжымас  фактісі,  міне  осы!  Сонымен  бір 
мезгілде  біздің  экономика  негіздерінің  ӛзін  тҥбірінен  ӛзгертуімізге  тура  келді. 
Дҧрыс  шешімін  таппаған  экономика  терең  дағдарысқа  ҧшырады.  Инфляция 
шарықтады.  Банк  жҥйесінің  кембағалдығы  сауданы  тҧқыртып,  тӛлем 
тапсырмаларын орындау айларға созылып кетті. 
Ахуалды ауырлатып тҧрғаным жоқ, расы сол, 1990-жылдардың басында біз 
қҧздан  қҧлауға  шақ  тҧрдық.  Қазақстанда  1990-1994-жылдары  ӛнеркәсіп  ӛнімі 
ӛндірісінің  кӛлемі  тең  жартысына  кеміп  кетті.  Ауыл  шаруашылығында 
қҧлдырау ҥштің біріне дейін жетіп, ал кӛлік тасымалы тіпті ҥштен екіге кеміді. 
Ӛнеркәсіп  алыптары  тоқтап,  жҧмыссыздық  ӛршіді,  жаппай  экономикалық 
қоныс  аудару  басталды.  Мемлекеттің  ӛз  кәсіпорындарын  басқаруға  дәрмені 
жетпей, олар ӛнім сатуға емес, қоймаға жҧмыс істеп жатты» [118]. 
Егемендікті  жария  еткен  мемлекет  социализмнен  капитализмге  ӛтуге 
мәжбҥр  болды.  Дамудың  нақты  тҥзілген  бағдарламаларының  арқасында 
бҧрынғы «кеңестік» мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстан бірінші қатарға 
шықты. Қазіргі таңда Қазақстанның алға шығуға арналған старттық алаңы бар. 
Тәуелсіз 12 жыл ішінде осыған платформа жасады [119]. 
Бәсекеге  барынша  қабілетті  50  ел  қатарына  ену  жӛніндегі  стратегияда 
мемлекет  басшымыз:  «Шетелдіктер  қатысатын  ғылыми  орталықтарды  дамыту 
жӛн.  Шетелдік  мемлекеттерді,  корпорациялар  мен  академиялық орталықтарды 
Қазақстанда жаңа ғылыми орталықтар қҧру ҥдерісіне тарту керек», - дейді. Бҧл 
да  уақыт  талабы  және  еліміздің  жаңа  тынысын  ашатын  шара.  Еуразия  ҧлттық 
университеті  инженерлік-экологиялық  бірлескен  жобаны  болашақта  ғылыми 
орталық  қҧру  ісіне  бағыттап  келеді.  Сонымен  бірге  біз  қҧрылысы  бітуге  даяр 
елордалық  Ядролық  орталықты  (Ауыр  иондарды  жеделдету  базасындағы 
пәнаралық  орталық)  әлемге  әйгілі  Ресей  Ядролық  орталығымен,  Ғарыштық 
мониторинг және сәулелену орталығын дҥние жҥзіне  танымал ресейлік ғарыш 
саласының орталықтарымен бірлесе дамытуды кӛздеп отырмыз. Қазірдің ӛзінде 
Еуразия университетінде Елбасы тапсырмасына сәйкес жаратылыстану-техника 
саласының  білікті  мамандары  біршама  толық  топтасты.  Енді  осы  ғалымдар 
шоғырын  мемлекеттік  инновациялық  бағдарламаларды  жҥзеге  асыруға  тарту  - 
кҥн тәртібінде тҧрған ӛткір мәселе [120]. 
«Адам  оқып  та  жетіледі,  тоқып  та  жетіледі»  дейді  халқымыз. 
Қоғамымыздың  толық  жаңаруы  бізден  ағымдағы  ӛмір  сҧранысына  икемді 
болуды  талап  етіп  отыр.  «Кеңес  кезеңі  керемет  еді»  деп  артқа  шегінудің  реті 
жоқ,  ӛйткені  ол  дәуірдің  жетістігі  ӛз  ӛресіне  сай  болды.  Ол  жетістік  қоғамды 
алға  сҥйреді  деп  тағы  да  айта  алмаймыз.  Сондықтан  Елбасымыз  айтқандай: 
«Қазақстан - тек қана алға!». Бҧл бастама-ҧранның астарында кӛп мән бар. Осы 
Стратегиядағы  «кадрларды  қайта  даярлау»  ҧсынысы  -  алға  жылжудың  ӛзегі.  
Қоғамға, ортаға, отбасыңа, тіпті ӛзіңе керексіз болып қалған жаман. Сондықтан 
қоғам  жақсылыққа  қарай  ӛзгергенде  адам  да  жақсылыққа  қарай  ӛзгеруі  тиіс. 
Тәуелсіздіктің  арман-мҥддесі,  философиясы  -  тек  қана  жақсылық.  Олай  болса, 
мәселен,  тәуелсіз  мемлекеттің  әр  азаматы  сол  мемлекеттің  қай  ісіне  жарай 
аламын деп ӛмір сҥруі қажет. Азаттық жеңісінің мәні осында.  

 
68 
Егер  біз,  Н.Ә.  Назарбаев  нҧсқағандай,  қоғамымыздың  зерделі  бӛлігін  аз 
уақытта  жаңа  қоғам  қажетіне  керек  мамандықтарға  қайта  даярласақ,  кӛп 
олжаны  қанжығамызға  байлар  едік.  Осы  ретте  жауапкершіліктің  кӛп  салмағы 
жоғары мектепке тҥсері сӛзсіз. Біз сан  қумауымыз керек, сапа қууымыз  керек. 
Ойлы  іс  атқарып,  орайлы  қадам  жасасақ,  Қазақстанда  да  Ҥндістандағыдай 
инженерлік-технологиялық  орталықтарға  қол  жеткізуге  болады.  Жаңа  бағыт 
осыны нҧсқап отыр. Бҧл - әрі сенім, әрі жауапкершілік арту. Еліне, мемлекетіне 
әрқашан ҥміт артатын және ол ҥмітінің ақталатынына толық сенетін Нҧрсҧлтан 
Әбішҧлы дәл осы жолы Ҥндістанның бҥгінгі жетістігіне тоқталды. Бодан елден 
бостан  елге  айналып,  30-40  жылдың  ішінде  технология,  инженерия  саласында 
миллиардтан  астам  халқының  ғана  емес,  әлемнің  қажетіне  жарар  пайдалы 
ісімен  кӛрінген  Ҥнді  мемлекетінің  ҥлгісі  ӛркендеуге  бағыт  алған  Қазақстанға 
жат  болмауы  тиіс.  Бҧл  мәселеде  де  еліміздің  жоғары  мектебі  және  ғылыми 
орталықтары кӛп ойлануы керек және батыл іс-әрекетке баруы қажет [121]. 
Сонымен,  мемлекет  басшысы  еліміздің  алдына  Қазақстанды  әлемге 
танытатын  шараларға  бағыттаған  жаңа  міндеттер  қойды.  Мол  мҥмкіндікті 
байыптатқызды,  әлеуетімізді  салмақтатқызды.  Байқасақ,  озық  50  елдің 
қатарына  кіруге  мҥмкіндік  те,  әлеует  те  бар  екен.  Бас  жоспар  жасалды, 
атқарылуға  тиіс  жӛн-жоба  да  кӛрсетілді.  Ендеше  ел  болып  жауапкершілікті 
сезініп, тізе қосып бірігіп, қойылған міндеттерді орындау - бәрімізге сын. 
Қай қоғамның болсын жедел жаңаруы сол қоғамның талап-тілегіне, арман-
мҥддесіне байланысты екені мәлім. Жедел жаңару, немесе халықаралық тілмен 
айтқанда  модернизация  -  опық  жегеннің  қҧр  дҥрмекке  еруі  емес,  бҧл  - 
мемлекеттің  жаңа  жағдайға  сай  дамуы  мен  ӛркендеуіне  себепші  кешенді  іс-
шаралардың жҥйесі.  
Әлем жҧртшылығы «амбициялық шешім деп айтып жататын ҧғым бар. Бҧл 
-  талап  пен  жҥректілікті  аңғартатын  тіркес.  Бейнелі  сӛйлейтін  халқымыз  мҧны 
«тәуекел тҥбі - жел қайық», «бар болсаң - нар бол» ҧғымдарына сыйдырған. Ал 
енді  осы  сӛздердің  мәні  тәуелсіздігіміздің  18  жыл  ішінде  толық  ашылды  дей 
аламыз.  Қай  ӛлшеммен  қарасаңыз  да  бір  ақиқат  нәрсе:  Қазақстан 
Республикасының  барша  табыстары  Н.Ә.  Назарбаевтың  есімімен  тығыз 
байланысты.  Жеңістердің  ҧйытқысы  да,  дәнекері  де  -  халық  аманатын 
арқалаған  Елбасы.  Қазақстан  ҥшін  мәні  айрықша  осы  бір  қҧбылысты  әлем 
бҥгінде «Нҧрсҧлтан Назарбаев феномені» [122] дейтін болды.  
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  азаматтары  ҥшін  ӛмір  сҥрудің  жоғары 
стандарттарын  жасай  отырып,  әлемнің  тиімді  дамып  келе  жатқан  елдерінің 
қатарына  қосылуға  тиістілігін,  мҧны  ҧлтымыз  бен  экономикамыз  бәсекеге 
қабілетті  болған  жағдайда  ғана  істей  алатынымызды  атап  кӛрсетіп,  бәсекеге 
қабілеттілікке  қалайша  жетуге  болатынын  жҥйелеп  берген  болатын.  Атап 
айтқанда, олар: инновациялық экономика қҧру және шикізаттық емес секторды 
дамыту; шағын және орта бизнесті ӛркендету; аграрлық іс-шараларды жҥйелеу; 
қаржылық  секторды  ӛрістету;  жаңаша  білім  беру  мен  кәсіптік  даярлауды 
жетілдіру;  әлеуметтік  қамсыздандыру  мен  мәдениетті  барынша  сапаландыру. 
Бҧл  ретте  Елбасы  саяси  реформалар  да  экономикалық  және  әлеуметтік 
жаңарумен қатар жҥру керектігін алға тартып отыр. 

 
69 
Сӛз  бен  істің  бірлігі  -  жедел  жаңаруға  бет  тҥзеген  Қазақстанның  бҥгінгі 
шындығы.  Ӛмір  бір  орында  тҧрмайды:  заман  да  қҧбылмалы,  әлемдік 
қҧбылыстар  да  ӛзгермелі.  Бірақ  әрбір  мемлекет  ҥшін  жақсылық  пен 
ӛркендеудің  бастауы  -  халық.  Олай  болса,  халықтың  арман-тілегі,  талғам-
таразысы басты назарда болуы тиіс. 
Біз осындай парасатты пайымды Президент Н.Ә. Назарбаевтың 2006-жылғы 
18-қаңтарда  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  палаталарының  бірлескен 
отырысында сӛйлеген сӛзінен тағы да ҧқтық. Еліміздің әрбір тҧрғыны ҥшін аса 
маңызды  бҧл  тҧжырымдама  «Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  барынша 
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деген атқа ие болды. 
Аталған  Стратегияның  мән-маңызын  тҥсіндірген  кіріспе  сӛзінде  Елбасы: 
«Бҧл  стратегияның  негізінде  ҧлттық  тауарлар  мен  қызметтердің  бәсекеге 
қабілеттілігін арттыру есебінен Қазақстанның халықаралық нарықтарға шығуы 
ҥшін  ӛңірлік  және  жаhандық  экономиканың  артықшылықтарын  пайдалану 
алынған», - деп атап кӛрсетті.  Расында, кезең-кезеңмен жҥзеге асырылып  келе 
жатқан  толық  бәсекелестікке  жету  бағытындағы  іс-шаралар  заман  талабымен 
санасқан осындай кешенді жҧмыстарды талап етеді. 
Стратегияда  алты  басымдық  айқындалып,  оны  орындаудың  нақты  жӛн-
жобасы кӛрсетілген. Бҧл ретте экономикамызға соны серпін, жаңа кҥш беретін, 
нарықтық қағидаттарды мейлінше жҥйелі орнықтыратын, әлеуметтік даму мен 
кәсіпкерліктің  ӛрістеуіне  қолайлы  жағдай  туғызатын,  индустрия  мен  тҥрлі 
инфрақҧрылымдарды  одан  әрі  жетілдіретін  мемлекеттік  іс-шаралар  жете 
талданып-таразыланған. Сӛйтіп, бҥгінгінің міндеті мен жақын болашақтың алар 
биігі сабақтастықта қарастырылған. 
Әрине,  Стратегиядағы  әрбір  басымдық  мемлекетіміздің  тиісті  әрбір 
саласына  жауапкершілік  жҥгін  артады.  Осы  орайда  білім  және  ғылым  саласы 
ӛкілдеріне  «Әлсіздерді  қорғайтын  және  экономика  мен  елдің  дамуын 
қолдайтын  осы  заманғы  әлеуметтік  саясат»  аталынатын  ІІІ  басымдықтың 
тӛртінші  және  бесінші  тармақтары,  атап  айтқанда,  «Осы  заманғы  білім  беру 
және білікті кадрларды дайындау жҥйесін дамыту», «Кадрларды қайта даярлау» 
міндеттері тапсырма ҥдесінен шығуды аманаттайды [123].  
Сабақтастық, мәмілегерлік, ҥйлесімділік қағидаттарын ҥнемі назарда ҧстап 
келе жатқан Елбасы 2005-жылғы сайлау алды бағдарламасында тарихымыздағы 
елінің ертеңі ҥшін аянбай кҥрескен тҧлғалар аманатына адал болуды айрықша 
айтып  еді.  Біз  ешқашан  тақыр  жерде  пайда  болдық  деп  айтуға  тиіс  емеспіз: 
барды  байытуға,  жоқты  ӛз  дәстҥрімізге  сай  орнықтыруға  тиіспіз.  Елбасымыз 
отандық  білім  мен  ғылым  бойына  әлемдік  тәжірибе  негізінде  қан  жҥгіртуді 
ойлағанда, сӛзсіз мәселені тереңінен қарастырады, байыпты жӛн-жоба сілтейді. 
Жаппай  саяси  қуғын-сҥргіндерден,  Семей  ядролық  сынақ  полигонындағы 
ядролық  сынақтардан  зардап  шеккен  адамдарға  біржолғы  ӛтемақы  тӛлеу 
жалғастырылуда.  2004-жылға  арналған  республикалық  бюджетте  ақталған 
азаматтарға  ӛтемақы  тӛлеуге  854,1  млн.  теңге,  Семей  ядролық  сынақ 
полигонындағы  ядролық  сынақтардан  зардап  шеккен  зейнеткерлер  мен 
мҥгедектерге біржолғы тӛлемге - 197,1 млн. теңге кӛзделген [124]. 

 
70 
Белгілі  тҧратын  жері  жоқ  адамдарды  әлеуметтік  қолдау  шаралары 
қабылданды. «Белгілі тҧратын жері жоқ адамдарды оңалту орталықтарын қҧру 
туралы» 2000-жылғы 16-наурыздағы Қазақстан Республикасы Ҥкіметінің №408 
қаулысына сәйкес қазіргі кезде 20 Орталық жҧмыс істейді. Осы Орталықтардың 
қызметін  жетілдіру  мақсатында  Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау 
министрі  Орталықтың  қызметін  ҧйымдастыру  ережесіне,  белгілі  тҧрағы  жоқ 
адамдардың  Орталықта  болу  мерзімін  ӛзгерту  бӛлігінде  ӛзгеріс  енгізу  туралы 
бҧйрық шығарды.  
Кесте  1.  Тӛленген  атаулы  әлеуметтік  кӛмектің  орта  айлық  мӛлшері 
және алатындардың саны 
 
 
2003 
2004 
2005 
2006 
 
алатын-
дардың 
саны, 
адам 
орта 
айлық 
мӛлшер
і, теңге 
алатын-
дардың 
саны, 
адам 
орта 
айлық 
мӛлше 
рі, теңге 
алатын-
дардың 
саны, 
адам 
орта 
айлық 
мӛлше 
рі, теңге 
алатын-
дардың 
саны, 
адам 
орта 
айлық 
мӛлше 
рі, теңге 
Қазақстан 
Республикасы 
899538 
706,0 
634085 
762,3 
516876 
827,4 
349413 
805,1 
Ақмола 
35643 
741,6 
25865 
802,9 
20453 
916,4 
14964 
852,4 
Ақтӛбе 
69221 
664,8 
30494 
839,2 
24167 
991,6 
16834 
974,4 
Алматы 
122024 
586,2 
58938 
592,0 
36164 
756,7 
26588 
664,5 
Атырау 
64648 
1002,7 
42028 
972,9 
29392 
919,2 
17968 
952,2 
Батыс 
Қазақстан 
40488 
781,6 
28811 
849,3 
27502 
969,5 
22038 
811,6 
Жамбыл 
70082 
414,9 
60308 
425,1 
56887 
426,4 
14782 
360,5 
Қарағанды 
63744 
732,5 
49576 
770,3 
38333 
861,1 
29842 
855,6 
Қостанай 
30457 
506,2 
26509 
591,2 
21192 
723,3 
17505 
771,8 
Қызылорда 
69491 
750,9 
49144 
778,4 
35128 
736,0 
21564 
648,9 
Маңғыстау 
26752 
988,0 
17909 
1108,8 
13766 
1176,8 
11255 
1264,4 
Оңтҥстік 
Қазақстан 
120640 
569,2 
91783 
623,0 
76896 
629,1 
49950 
453,9 
Павлодар 
45512 
879,6 
29304 
954,9 
24556 
1098,6 
21590 
1167,8 
Солтҥстік 
Қазақстан 
35199 
599,9 
32122 
688,2 
28238 
770,9 
21806 
846,0 
Шығыс 
Қазақстан 
89094 
884,5 
78984 
973,3 
72856 
1066,4 
54410 
874,9 
Астана қаласы 
2651 
957,0 
2763 
1032,5 
2315 
1275,5 
1758 
1239,4 
Алматы қаласы 
13892 
985,5 
9547 
1271,0 
9031 
1271,5 
6559 
1644,9 
 
Сондай-ақ,  1-ші  кестеде  Қазақстан  Республикасындағы  тӛленген  атаулы 
әлеуметтік  кӛмектің  орта  айлық  мӛлшері  және  алатындардың  саны  бойынша 
негізгі кӛрсеткіштері кӛрсетілген [125]. 
Кестеде  кӛрсетілгендей,  2003-жылы  тӛленген  атаулы  әлеуметтік  кӛмектің 
орта  айлық  мӛлшері  Қостанай  облысында  506,2  теңгені  қҧрады.  Ал,  кестеден 
байқағанымыздай,  атаулы  әлеуметтік  кӛмекті  алатын  адамдардың  аз  бӛлігін 
қҧрайтын Астана қаласының тҧрғындары болып есептеледі. 
2004-жылы Министрлік Қазақстан Республикасының Статистика  жӛніндегі 
агенттігімен,  «Қазақ  тамақ  академиясы»  ЖАҚ-мен,  БҦҦДБ,  ХЕҦ,  еңбек 
Ғылыми-зерттеу  институтымен  бірлесіп,  азық-тҥлік  және  азық-тҥлік  емес 
тауарлар мен қызметтер кӛрсетуге арналған нақты шығындарды ескере отырып, 

 
71 
ең  тӛмен  кҥнкӛріс  деңгейінің  деңгейі  мен  қҧрылымын  талдады,  ең  тӛмен 
кҥнкӛріс  деңгейін  анықтаудың  халықаралық  тәжірибесін  зерттеді.  Жҧмыс 
қорытындылары бойынша 2004-жылғы 19-қазанда Министрлік Біріккен Ҧлттар 
Ҧйымының 
Даму 
Бағдарламасымен, 
ХЕҦ-мен 
бірлесіп 
«Қазақстан 
Республикасындағы  кедейлік  және  әлеуметтік  стандарттар:  ең  тӛмен  кҥнкӛріс 
деңгейін анықтаудың әдісін жетілдіру» тақырыбына семинар ӛткізді.  Ең тӛмен 
кҥнкӛріс деңгейінің қҧрылымын азық-тҥлік емес тауарлардың бекітілген ҥлесін 
кӛбейту жағына жетілдіру жӛніндегі жҧмыс жҥзеге асырылуда.  
Ең тӛмен тҧтыну себетінің азық-тҥлік қҧрылымын ҧлғайту жӛнінде жҧмыс 
жҥргізілуде.  Азық-тҥлік  мӛлшерін  20-дан  43  атауға  дейін  кӛбейту  кӛзделіп 
отыр. 
Бҧл 
жҧмыс 
2005-жылы 
одан 
әрі 
жалғастырылады.  
2005-2007-жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасындағы  әлеуметтік 
реформаларды  одан  әрі  тереңдету  бағдарламасын  іске  асыру  мақсатында, 
алғашқы  медициналық-әлеуметтік  кӛмек  деңгейінде  халыққа  медициналық-
әлеуметтік  кӛмекті  сапалы  және  тиімді  кӛрсетуді  одан  әрі  дамыту  ҥшін  2004- 
жылы  9-желтоқсанда  Министр  Қазақстан  Республикасының  Еңбек  және 
халықты  әлеуметтік  қорғау  министрлігі  мен  Денсаулық  сақтау  министрлігі 
және  Америка  халықаралық  денсаулық  сақтау  одағы  арасындағы  ӛзара 
тҥсіністік туралы меморандумға қол қойды. 2005-жылғы қаңтардан бастап Орал 
және  Семей  қалаларында  медициналық  және  әлеуметтік  қызметтер  кӛрсетудің 
пилоттық жобалары қолданылуда [126].   
2005-жылдың  1-қаңтарынан    бастап  «Міндетті  әлеуметтік  сақтандыру 
туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңына  сәйкес  Қазақстанда  міндетті 
әлеуметтік  сақтандыру  жҥйесі  енгізілді.  Міндетті  әлеуметтік  сақтандыру  
жҥйесінің    басты    мақсаты  -  әлеуметтік    қатерлердің,  атап  айтқанда  еңбек  ету 
қабілетінен,  асыраушысынан  және  жҧмысынан  айырылу  қатерлерінің   
туындауы нәтижесінде жоғалған  табыстың бӛлігін  ӛтеу.  
Қазақстан  Республикасының  халқын  әлеуметтік  қорғау  тҧжырымдамасына 
сәйкес,  әлеуметтік  қорғау  жҥйесін  одан  әрі  реформалаудың  негізгі 
аспектілерінің бірі әлеуметтік қатерлердің туындауы кезінде  әлеуметтік қорғау 
жҥйесінің ҥш деңгейлі  жҥйесін енгізу болып табылады.  
Кӛрсетілген    тҧжырымдама    шеңберінде  әзірленген  «Міндетті  әлеуметтік 
сақтандыру туралы» Заң  екінші  деңгейді енгізуді  кӛздейді және ол әлеуметтік 
қатерлер  туындағанда  заңды  сектор  қызметкерлерін  қосымша  қорғау  жҥйесін  
қҧруға бағытталған. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жҥйесінің  енгізілуі  әрбір 
азаматтың  ӛзінің  болашағы  мен  ӛз  отбасының  әл-ауқатына  деген  
жауапкершілігін ынталандыруға, заңды еңбек нарығының кеңеюіне және еңбек 
қатынастарының заңдастырылуына ықпал ететін болады.  
Міндетті  әлеуметтік  сақтандыру  жҥйесі  жҧмыс  берушілер  ӛздерінің 
қызметкерлері  ҥшін  Мемлекеттік  әлеуметтік  сақтандыру  қорына  әлеуметтік 
аударымдарды есептеу нысанынан: 2005-жылы - 1,5 %, 2006-жылы - 2 %, 2007-
жылы  -  3  %  мӛлшерінде  ай  сайын  [127]  аударып  отыратын  аударымдардан 
қалыптасатын  болады.  Аударымдардың  осы  тҥрі  жҧмыс  берушіге  қосымша  
ауыртпалығын  тҥсірмейді,  себебі,  жарналар  әлеуметтік  салық  мӛлшерлемесін 
тӛмендету есебінен  жҥргізіледі.  

 
72 
1997-жылдың  15-шілдесіндегі  №  160-1  «Қоршаған  ортаны  қорғау  туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының басқа 
да  территорияларындағы  экологиялық  жағдай  Ҥкіметпен  жария  етіледі. 
Экологиялық  зардап  аймағы  Қазақстан  Республикасы  заңымен  бекітіледі. 
Экологиялық  зардап  шекарасын  анықтау  қоршаған  ортаны  қорғау  мен 
денсаулық  сақтау,  ғылым  аясындағы  арнайы  ӛкілеттік  органдардың  жағымды 
қорытындысы болса Ҥкіметпен жҥзеге асырылады [125, б. 81]. 
Семей  ядролық  полигонында  40  жыл  бойы  ядролық  қаруларды  сынақтан 
ӛткізудің  соңы  дені  сау  адамдардың  орны  толмас  ауруға  шалдығып,  қоршаған 
ортаның бҥлінуіне әкеп соқтырды,  халықтың арасында ӛлім мен ауру кӛбейді. 
Семей  полигоны  территориясына  жататын  Павлодар,  Шығыс  Қазақстан  және 
Қарағанды облыстары экологиялық апат аймағына жатқызылды.  
Ядролық  сынақтың  ҧрпақтан  ҧрпаққа  жалғасатын  мҧңлы  нәтижесін 
айтпасқа болмайды. Осы салдарды жоюда, халықты емдеу, сауықтыру, қалпына 
келтіру  мен  территорияның  әлеуметтік-экономикалық  дамуын  әлеуметтік 
қорғауда  арнайы  мемлекеттік  бағдарлама  жасалды.  (1992-жылдың  18- 
желтоқсанындағы «Семей ядролық сынақтан ӛткізу аймағында сынақтан ӛткізу 
салдарынан  зардап  шеккен  азаматтарды  әлеуметтік  қорғау  туралы»  Қазақстан 
Республикасының Заңын қараңыз).  
Ядролық сынақтан зардап шеккендерге мыналар жатады:  

 
 әуе  және  жер  асты  ядролық  жарылыстары  кезеңінде  радиактивті 
қалдықтармен былғанған территорияда тҧрған, жҧмыс істеген, қызметте болған 
азаматтар;  

 
 1966-1990 жылдар аралығында әуе және жер асты ядролық жарылыстары 
кезеңінде  радиактивті  қалдықтармен  былғанған  территорияда  тҧрған,  жҧмыс 
істеген, қызметте болған азаматтар;  

 
 1949-1990 жылдары әуе және жер асты ядролық жарылыстары кезеңінде 
радиактивті  қалдықтармен  былғанған  территорияда  тҧрған,  жҧмыс  істеген, 
қызметте болған азаматтар;  

 
 Қазақстан  Республикасының  1992-жылдың  18-желтоқсанындағы  «Семей 
ядролық  полигонын  сынақтан  ӛткізу  кезінде  зардап  шеккен  азаматтарды 
әлеуметтік  қорғау  туралы»  Заңының  баптарында  кӛрсетілгендей,  сынақ 
кезеңінде сол аймақта ата-анасының біреуі болғандардың балалары [125, б. 82]. 
Ядролық  сынақтан  зардап  шеккендерге  жеңілдіктер  мен  тӛлемдерге 
мҥмкіндік  беретін  арнайы  куәлік  беріледі.  Куәлікті  алу  ҥшін  Семей  ядролық 
қаруды  сынақтан  ӛткізу  аймағындағы  сынақ  салдарынан  зардап  шеккендерге 
тӛленетін  бір  реттік  мемлекеттік  ақшалай  тӛлемдерін  тӛлеуге  байланысты 
азаматтарды тіркеу ережесіне сәйкес міндетті тіркелу қажет.  
Ядролық сынақ салдарынан зардап шеккендерге олардың тҧрған аймақтары 
бойынша жеңілдіктер беріледі. Оларды мынадай аймақтарға бӛледі:  

 
тӛтенше  радиациялық  қауіпті  аймақ  Саржал  ауылдық  кеңесінің  Абай 
ауданы,  Долон  және  Бӛденелі  ауылдық  кеңесінің  Бесқарағай  ауданы,  Семес 
облысының Сарапан елді мекені мен Иса Жаңасемей ауданы;  

 
73 

 
жоғары  радиациялық  қауіпті  аймақ  Абай,  Абыралы,  Бесқарағай  елді 
мекендері,  Семей  облысының  Жаңасемей  ауданы,  Ақжар  және  Павлодар 
облысының Малдар ауылдық кеңесінің Май ауданы; 

 
ӛте  жоғары  радиациялық  аймақ  Шҧбартау,  Жаңа  шҥлбі,  Бородулиха, 
Шар, Жарма, Аягӛз аудандарының елді мекендері, Семей облысының Курчатов 
қаласы, Қарағанды облысының Егіндібҧлақ ауданы, Павлодар облысының Май 
ауданы,  Шығыс  Қазақстан  облысындағы  Лениногорск  және  Ӛскемен  қаласы, 
Таврия, Глубоковский, Шемонаиха аудандары; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет