Бейнелеу жанрлары да бірнеше түрге бөлінеді. Тарихи, баталдық, маринист, анималистік. Тарихи жанр д/з – белгілі бір оқиғалармен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығарма. Баталдық жанрда – соғыс оқиғалары мен бейнеленеді. Маринист – теңіз, көл сияқты табиғат көріністерін бейнелейтін шығарма.
Бейнелеу жанрлары да бірнеше түрге бөлінеді. Тарихи, баталдық, маринист, анималистік. Тарихи жанр д/з – белгілі бір оқиғалармен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығарма. Баталдық жанрда – соғыс оқиғалары мен бейнеленеді. Маринист – теңіз, көл сияқты табиғат көріністерін бейнелейтін шығарма.
Графика д/з – қағаз немесе картон бетіне карандаш, қылқалам немесе басқада құралдармен орындалатын сурет. «Графика» атауы гректің «жазамын, сурет саламын» деген сөзінен шыққан. Кескіндеме д/з – әр түрлерімен жазықтық бетінде ороындалатын көркем шығарма. Кескіндеме суреттері қағазға, картонға, тақтайға, кенепке т.б. салынады. Негізінен қолданылатын бояу түрлері: акварель, гуащь, майлы бояу, пастель, сангина және т.б. Кескіндеме монументтік, станокты болып екіге бөлінеді.
Өткен жолыңды қорытындылау, жете түсіну және бағалауға деген ұмтылыс әр саналы тұлғаға тән. Сондықтан, адамның осы қасиеті оның ұлттық рухани түсінігінің жалпылама процестерін де анықтайды. Өнердің көркемдік кейіпкерлеріне дүниетанымының қандай идеялары, сезімдері мен принциптері жүзеге асырылатынын түсінуге бағытталған ұмтылыс, әсіресе дәуірлер тоғысында, мәдениет кезеңдері алмасар сәттерде ерекше орын алады. Сол себепті ХХІ ғасырдың табалдырығын аттар сәтте, біз өткен ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстанның көркем өнеріне не әкелгені, оған біздің қандай үлесіміздің бар екендігі туралы ойланбай тұра алмаймыз. Өткен жүзжылдықта түрлі инновациялармен қатар дербес мәдени феномен ретінде кәсіби көркемөнер мен мүсін өнерінің ұлттық мектебі қалыптасты және өмірден өз орнын тапты. Әр тарихи дәуір ғажайып көріністерін сақтаған қазақ халқының көркемөнерлік ғұламасы ХХ ғасырда әр қырынан көрінудің жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. 20-30 жылдары Қазақстандағы кәсібі бейнелеу өнерінің дамуының негізгі терігі, республика үшін жаңа. Еуропадан келген ақсүектік станоктық мүсін өнері мен майлы боямен кенепке сурет салудың техникасы, технологиясы, әдістері болды. Көрекемөнер мектебінің аяқтан тұруының негізгі парадоксы өнердің сырттан келген түрлерінің дербес үлттық мәдениеттің рухани ұясында біртіндеп қайта оралуы, толығу дәрежесінде 90 жылдары жеткен сана сезімнің ұлттық типіне пара-пара көркемөнер тілін құру болды.